Инфоурок Другое КонспектыКонспекты «Менің Отаным - Қазақстан»

Конспекты «Менің Отаным - Қазақстан»

Скачать материал

Тақырыбы: «Менің  Отаным - Қазақстан»

Мақсаты: өскелең  ұрпақты патриотизм мен тағаттыққа тәрбиелеу, адамгершілік-рухани қалыптастыру, өзі дүниеге келген туған жеріне сүйіспеншілікті тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Қазақстанның картасы,республикалық рәміздер, суреттер, мақалдар.

Түрі: ойын сабақ

Барысы:

Жоспары:

І. «Тәуелсіз ел Қазақстан» (жыр шашу)

ІІ. «Қазақстан  картасы» (танымдық ойын сайысы)

ІІІ. «Астана – еліміздің бас қаласы» ( жыр шашу)

ІҮ. «Астана айшықтары» (сурет көрмесі)

Ү. Қорытынды                                       

 

            (Сыныпқа оқушылар «Астана туралы» ән ырғағымен кіріп отырады. «Шаттық шеңберін» құрып құттықтайды.)

Кіріспе сөз.

«Өмір өткен күндер емес,есте қалған күндер» деп бір ойшыл айтқандай, біздің де еске түсіреріміз бар.  Биыл бізде ерекше жыл.Қазақстандағы Ассамбля жылы , Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл, Ата заңымыздың қабылданғанына 20 жыл, Ұлы жеңіске 70 жыл толып отыр. Баршаңызды осы ұлы мерекемен шын жүректен құттықтаймын. Бақыт, шаттық, бейбіт өмір тілеймін.Елбасымыз еліміздің рухын көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын жариялады. «Мәңгілік ел» идеясы – елімізді өз мақсатына талай дәуір сыннан сүріндірмей жеткізетін тұғырлы идея. Осының барлығы дамыған 30 елдің қатарына кіруімізге жаңа серпін беретіні сөзсіз. «Қазақстан - 2050» - Мәңгілік елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол.

Қазақстан Республикасының әнұранын айту.

І бөлім:

 «Тәуелсіз ел Қазақстан» (жыр шашу)

1-оқушы:

 Менің елім – Қазақстан жүрегім,

Тек өзіңсің Отан-Ана, тірегім.

Аман болсын елім,жерім,ұрпақтар,

Тәңірден осы менің тілерім.

Менің елім – Қазақстан, Отаным,

Жырлар жазып,өзіңді әнге қосамын.

Мәңгілікке қымбаттысың туған ел,

Арта берсін абыройың,атағың.

Жаса елім,жаса достық ,бірлікпен,

Көштен қалма,қалма және тірліктен.

Елім менің Қазақстан – Отаным,

Алға өрле үшінші мыңжылдықпенен.

2-оқушы: Астанам – бағы биік асқарымсың,

Астанам -  мәңгі жарық аспанымсың.

Астанам – пейіш қала, ел арманы,

Астанам – қайда жүрсем мақтанышым.

Астанам – шапағаттың шуағындай,

Астанам махаббаттың тұрағындай,

Астанам – періштелер мекенісің,

Астанам Қазақстан тұрағындай.

                                                                              ІІ бөлім:

  «Қазақстан  картасы» (танымдық ойын сайысы)

Картасына қарасаң,

Ұқсайды алып балыққа.

Өзі ірі ел санасаң,

Ол алғашқы ондықта.

Таулы дені, жазық та,

Ортасында алып құрлықтың.

Өзенді,көлді болса да,

Мұхиттан қашық алыс тым.

«Бұл қай ел?» деп сұрасаң,

Жүздеген ұлт өкілі,

Мал,егіс,ғылым мекені,

Өндірісті кәсіп етеді,

Ол – Қазақстан Республикасы.

(Оқушылармен Қазақстан картасын құрастырып танымдық ойын өткізу. Жасырынған сұрақтарға жауап беру)

1.Қазақстан Республикасының Президенті кім? (Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев)

2.Елбасымыздың туған жері (Алматы облысы, Қаскелең ауданы,Шамалған ауылы)

3. «Менің Қазақстаным » әні мемлекеттік әнұран ретінде қай жылы қабылданды? (2006 жылы, 7-қаңтар)

4. Қазақстанның тұңғыш ғарышкері кім? ( Тоқтар Әубәкіров)

5. Қазақстанның ұлттық валютасының туған күні? (16 қараша,1993 жыл)

6.Қазақстанда неше облыс бар? (14 облыс)

7.Қазақстан неше елмен шектеседі? (5 ел)

8. «Балалық шағымның аспаны» атты фильмінде Елбасымыздың жастық шағын кім сомдайды? (Нұрлан Әлімжанов)

9.Қазақстанның Конститутциясы қай жылы қабылданды? (30 тамыз, 1995 жыл)

10. Қай елде Елбасымызға ескерткіш орнатылды? ( Түркия астанасы Анкарада)

ІІІ бөлім:

 «Астана – еліміздің бас қаласы» ( жыр шашу)

Тәуелсізбін! Бар ма мұң?        

Тәләйім болсын талғамым!

Өркені өссін қазақтың,

Осы менің арманым!

Күн тұрғанда тұратын,

Жұрты сайран құратын,

Қала болсые Астана,

Осы менің мұратым,- деп Елбасымыз жырға қосқандай Сарыарқа төрінде Астана қаласы бой көтерді.

(Астана туралы слайдпен көрсетіп баяндап өту)

3-оқушы Алтыншы шілде – Астана күні,

Жадыңда,шырақ,тастама мұны.

Жаңа шаңырақ көтеріп биік,

Жаңа дәуірге бастама күні.

Астана, құтты болсын туған күнің,

Тыңдашы Тәуелсіздік, шаттық күні.

Бақытты ел бірлігін паш етуге,

Мерекеге жиналды халқың бүгін.

4-оқушы

 Астана – қазағымның бас қаласы,

Арқада бой көтерген жас қаласы.

Көшірген астананы орталыққа-

Елбасы Нұрсұлтанның бастамасы.

Астана-бар қазақтың айбарысың,

Мерейін асқақтатар айдарысың.

Қаншама ұлт-ұлысты достастырған

Елордам – қонақжайсың,жайдарысың.

ІҮ бөлім:

«Астана айшықтары»  сурет байқауы.

Оқушылар өздері Астана қаласы туралы сурет салып, таныстырады.

Ән: «Есіл ағады»

Ү бөлім:

Қорытындылау.

Арманның асқарындай Астанамыз,

Елорда,алтын орда – бас қаламыз.

Жыл сайын жеткен жеңіс, асқан асу,

Ерен ерлік үлгісі – дастан-аңыз!

Сананы түйіткілдерден тазартайық,

Айтпаған шындық сөзді тартар айып.

Авторы, сәулетшісі Астананың-

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев!

Бүгінгі сынып сағатымызды «Астана» әнімен аяқтаймыз.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Конспекты «Менің Отаным - Қазақстан»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Главный бухгалтер

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 554 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 29.01.2016 657
    • DOCX 16.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Қобландиева Жайнагүл Қобландықызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 3049
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой