Инфоурок Начальные классы КонспектыКонспекты на тему "психологиялық кеңес"

Конспекты на тему "психологиялық кеңес"

Скачать материал

                                   Қобда аудандық білім бөлімі

                                        Бұлақ негізгі мектебі

 

 

 

 

             Тақырыбы: Психологиялық кеңес беру жолдары

 

 

                                                                                   Дайындаған:Есенова Шарипа

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қобда
2015жыл

Психологиялық кеңес - адамдарды толғандырып жүрген мәселелерді шешуде, алдыңғы зерттеу нәтижелеріне негізделе отырып, ақыл-кеңес беру арқылы психологиялық көмек көрсету. Психологиялық кеңес жайлары психологиялық кеңесті ұйымдастырып жүргізетін уақытты, тәсілдерді, құралдарды және соны атқаратын орнын, психолог-кеңесшінің клиентпен қарым-қатынас стилін т.б. ескере қамтиды. Психологиялық кеңес — қарастырылатын мәселелер сипатына қарай бөлінетін психологиялық кеңес берулердің әртүрлілігі. Мысалы, интимді-тұлғалық, отбасылық, психологиялық-педагогикалық, қызметтік т.с.с.
            Психологиялық кеңес — психологиялық кеңес қызметкерлері үшін жасалынған жұмыс кестесі, психологиялық кеңес қызметкерлерінің атқаратын жұмыс түрлеріне қарай уақытқа бөлуін жасау.
                   Психолог кеңесі қай кезде қажет:
- сіз проблеманы шешудің барлық мүмкін болар тәсілдерін сынап көрдіңіз, алайда жағдай тек нашарлайды, сізде тұйық шеңбер бойымен жүргендей ғана сезім бар.
- сіз күшті стрессті (жақын адамның дүниеден өтуін, денелік немесе моральдық зорлықты, ажырасуды және с.с.) бастан кешірдіңіз.
Дегенмен уақыт бәрін емдейтініне үміт артуға болмайды. Кейде уақыт ұзақ мерзім емдейді, ал кейде онша сапасыз емдейді.
- сізді «өмірде бірдеме ойдағыдай емес», «өзгеріс қажет» деген көмескі сезім қуалайды, бірақ сіз қай тұсқа қозғалуды және нені өзгертуді білмейсіз.
- сіздің жан дүниеңізде онша анық көрінбейтін себепсіз ұзақ уақыт нашарлау бар: уайым, қайғы, бір сөзбен айтқанда торығу, жабығу (депрессия).
Егер сіз мыналарды сезсеңіз:
- жан дүние жайсыздығын;
- өмірдің мәнінің, мағынасының жоғалуын;
- сізді өзіңіздегі сенімсіздік мазаласа және өзіңізді сенімді ұстау қиын болса;
- сіз өзіңізді бейтаныс адамдар арасында ыңғайсыз сезінсеңіз;
- сізге өз мүдделеріңізді қорғау қиын болса;
- сізге айналадағылар өзіңізді нашар түсінетіндей көрінсе;
- сізге басқа адамдардың және өз жеке мінез-құлқыңыздың түрткілерін жақсырақ түсінгіңіз келсе;
- сіз өз жеке күйзелістеріңізге ден қойсаңыз және айналадағылар сізді аз қуантса;
- сіз туындайтын өмірлік қиындықтарды жеңуге күшіңіздің, тәжірибеңіздің, біліміңіздің жетпейтініне мазасыздансаңыз;
- сіз өзіңізді түсінгенді қаласаңыз.
Бұл жағдайда сізге психологиялық кеңес (консультация) алу қажет. Ол сізге күйзеліс өткірлігін алып тастауға, өзіңізді түсінуге, өтіп жатқандардың себептері мен салдарын түйсінуге, саналы ұғуға және өзіңізге сенімді нығайтуға көмектеседі және оңтайлы шешім іздеуге ықпал етеді.
                 Психологиялық  кеңестің  мақсаты  мен  міндеттері
            Кеңес  алушының  туындаған  мәселесін  тез  арада  шешуге  көмек  жасау.мәселен, бала  мәселесіне  байланысты ата ананың  ренжісіп  қалуы, екі  адамның  бір біріне  ренжуі т.б.
           Бір  мәселе  қайталана  берсе, онда  кеңес алушыны  психопрофилактикаға  шақыру  қажет. Мұнда  шешімін  таба  алмай  жүрген  мәселелерді  өздері шешуге  талпынады.
            Адамдардың  психологиялық  білімдерін  жетілдіру  үшін  пайдалы  психологиялық  кеңестер  беріп  отыру  керек.
             Кеңес  алушы  бірден  табысқа  жетпеуі  мүмкін, бірнеше  рет  кеңес  алудың  нәтижесінде  қол  жеткізетіндігін  түсіндіру.
              Кеңес  алушының  алғаш  келген  кездей  ойы мен  кеіес алғаннан  кейінгі  ойын  салыстыру. Кейбір  жағдайда  психологтың  ойы мен кеңес  алушының  ойы  бір  бірімен  сәйкес  келіп  жатады, ал  кей  кезде  мүлдем  алшақ  болуы  мүмкін.

Кеңес  алушының  туындаған  мәселесіне  жеңіл  қарамай, оған  шын  мән  беріп  шешу  керектігіне  көз  жеткіз.
                        Психологиялық кеңес жұмыстары
Психологиялық  қызметте  кеңес  беру  бағыты  бойынша  қызметкерлер  нақты  міндеттерді  шешеді:

1.Оқу-тәрбие  мекемелерінің  әкімшілігіне,  мұғалімдерге,  тәрбиешілерге,  ата-аналарға,  мастерлерге  балаларды  оқыту  және  тәрбиелеу  және  бірлесіп  жұмыс  істеу  мәселесі  бойынша  кеңестер  береді.

2.Балаларға  оқу,  жетілу,  өмірлік  және  кәсіби  өз-өзін  анықтау,  ересектермен  және  құрбыларымен  өзара  қарым-қатынас,  өз-өзін  тәрбиелеу  және т.б.  мәселелері  бойынша  жеке  және  топтық  кеңес  беріледі.

3.Жеке  және  топтық  кеңес  беру  арқылы   педагогикалық кеңестерге,  әдістемелік  бірлестіктерге,  жалпы  мектептік  және  кластық  ата-аналар  жиналысына  қатысып,  дәріс  оқу  арқылы  педагогтардың,  ата-аналардың,  мастерлердің,  қоғамдық  өкілдердің  психологиялық  мәдениетінің  жоғары-лауына  септігін  тигізеді.

4. Бала  тағдырында  мүмкін  болатын  өзгерістерді  (арнайы  оқу-тәрбие  мекемелеріне  жіберу,  ата-ана  құқығынан  айыру,  бала  асырап  алу  ж.т.б.) анықтауға  байланысты сәйкес  инстанциялардан  дұрыс  шешім   шығару  мақсатында,  халықтық  соттың,  қамқорлық  көрсету  ұйымдарының  сұранысы  бойынша  баланың  психикалық  жағдайы,  психикалық  даму  ерекшеліктері  туралы  сұрақтар  бойынша  шешім  қабылдаған  кезде  кеңесші-сарапшы ретінде  кеңес  береді.

5.Өзін-өзі басқаруды  ұйымдастыру  сұрақтары  бойынша  нақты  балалар мекемесіндегі тәрбиелеу жағдайларын балалардың жас  ерекше-ліктеріне  сәйкестендіріп,  психологиялық  ерекшеліктерінің  негізінде  оқу-тәрбие  шараларын  жоспарлауға  кеңесші  ретінде  қатысады.

                Психологиялық  кеңес  және  оны  ұйымдастыру
          Психологиялық  кеңес дегеніміз  рухани  жағынан  көмекке  мұқтаж  адамдарға  ақыл- кеңес беру, жол  көрсету. Психологиялық  кеңес  арнайы  жабдықталған  орында, бөгде  адамдардан  оңашаланған  жерде  өткізіледі, кеңесті  өткізуге  арнайы  уақыт  белгіленеді.
              Психологтың  кеңес  алушымен  алғашқы  кездесу  кезіндегі  әңгімесі.
10 минуттан  2 сағатқа  дейін  созылуы  мүмкін. Кеңес алушы  адам  психологқа  өзі  туралы, өзін  мазалап  жүрген  мәселесі  туралы  толық  айтуы  керек. Психолог  зейін  қоя тыңдайды. Психологиялық  кеңес  адамдарға  психологиялық  көмек  берудің  ең  күрделі түрі. Кеңес  алушы  адамға  өз  проблемасын  психологтың  көмегінсіз  шеше  алатындай  болғанға  дейін  беріледі.
                Психологиялық  кеңес:
           1.Туындаған  мәселенің   күрделілігіне  байланысты 1-2 рет         немесе  оданда  да  көп  кеңес  берілуі  мүмкін.
           2.Кеңес  алушының бір  ғана мәселесі  емес  жеке жеке  кеңесті  талап  ететін  бірнеше  мәселелері  болуы  мүмкін.
          3.Мәселе  бірден  шешілуі  мүмкін. Тек  ғана  кеңес  алушыға  қосымша  қолдау, қолпаштау, ерік, жігер  қажет  болған  жағдайда  психологиялық  кеңес  қысқа  уақыт  мерзімді  қамтиды.
               


         Психологиялық кеңес берудің негізгі кезеңдері

Кеңес берудің алғашқы кезеңі. Мақсаты – психологиялық контакт орнату, мұғалім немесе оқушымен  кеңесші арасындағы психологиялық контакттың қорытындысы.  Кезеңнің негізгі мазмұны: клинтті қабылдау, танысу, клиент туралы алғашқы мәліметтерді жинау, келісім-шарт қорытындылау (мақсаты, әдістерді, ұзақтығын, кеңес берудің бағасын, жауапкершілікті болу, клиенттің құқықтары туралы және міндеті туралы мәлімет беру, талқылау, конфиденциалдық сұрақтарын және оның шегі туралы талқылау).

Клиентті сұрау кезеңі. Кезеңнің мақсаты – раппорт (өзара жағымды) орнату және мәселесін, мағынасын анықтау. Белсенді тыңдау техникасы – вербалды және вербалды емес компоненттері. Қайталау (парафраз) және үзіліс. Клиенттің мәселесінің мағынасын анықтау. Мәселелердің түрлері: орталық мәселе, мәселе-қорғаныс, терең мәселе. Мәселе кеңесші мен клиенттің біріккен іс-әрекетінің нәтижесі  ретінде. Келісім-шарт жасау. Кеңесші пайдаланатын негізгі тәсілдер: тікелей сұрақтар, рефлексифті емес және белсенді тыңдау, эмпатикалы түсіну, клиентті вербалды және вербалды емес тұрғыда жігерлендіру.

Жұмыс кезеңі. Психологиялық әсер ету. Мақсаты: клиентпен психологиялық қиыншылықтарды түсіну, жеңіп шығу жетістіктері. Кезеңнің негізгі мазмұны: клиенттің психологиялық қиыншылықтарды жеңіп шығуына көмектесу үшін әр түрлі психотехникалық тәсілдерді қолдану. Қарсыласу мен трансфермен жұмыс істеу. Қарсыласу түсінігі. Клиенттік қарсыласумен сәтті жұмыс істеу шарты ретінде даярлығы. Қарсыласумен жұмыс істегендегі нәтиже. Позитивті және негативті контртрансфер. Трансфермен жұмыс істеудегі тиімділік. Контртрансфермен жұмыс істеу. 1referat.kz

Қорытынды кезең. Трансферден шығу және суверенитетті алу. Кеңес беруден кейін жүріс-тұрысты қадағалау. Осы кезеңдегі жұмыстың негізгі принциптері.

Псиологиялық сабақтың міндеті – адами психиканың потенциалды мүмкіндіктерін өзекті ету, оның қалыпты қызмет етуіне кедергі келтіретіннің бәрінен арылу.
Адамға сырттан мүлдем аз ғана демеу қажет және ол өзін-өзі аша бастайды: Психолог бар болғаны зерттеуші және басқа зерттеушінің-клиенттің көмекшісі ғана, сондай-ақ олар бірлесіп қалаулы нәтижеге жетеді.
                          

                         Ата-аналарға психологиялық кеңес
1. Балаларыңызды жетістік пен дәрежесі үшін емес, сол қалпында сөзсіз қабылдап жақсы көретініңізді сездіріңіз.
2. Қателескені үшін баланы кекетіп, бетінен алмаңыз, басқа балалармен оны салыстырмаңыз.
3. Баланың сұрақтарына жауап берген кезде шын және шыдамдылықпен жауап беріңіз.
4. Күнде балаңызбен жеке сөйлесуге уақыт бөліңіз.
5. Жас мөлшері әртүрлі адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасауға үйретіңіз.
6. Баланың әрбір жетістігі үшін мақтап отырыңыз.
7. Балаға баға бермеңіз, оның іс-әрекетін бағалаңыз.
8. Табысқа күшпен жетуге болмайды, сондықтан балаңызға күш көрсетіп, тапсырманы орында деп талап етпеңіз.
9. Баланың қателік жіберуге құқығы бар екенін айтыңыз.
10. Үлкендер балаға қалай қараса, бала да өзіне солай қарайды. Ата-аналарға психологиялық кеңес
11. Жалпы, өзіңізді баланың орнына қойып отырыңыз.

 

                          Психолог-кеңес берушіге қойылатын жалпы талаптар:

 - Психолог-кеңес беруші өзінің клиентке берген ұсыныстарына толық жауапкершілікте болуы керек.

 - Психолог-кеңес берушінің практикалық қызметі моральді этикалық және заңгерлік негіздерге сүйенілуіі керек.

 - Психолог-кеңес беруші қызметі адамгершілік мақсаттарға және клиенттің интелектуалды және тұлғаның даму жолындағы кедергілерді жоюға, көмектесуге бағытталады.

 - Психолог-кеңес беруші өзінің жұмысын клиенттің жеке тұлғасын, құндылықтарын сыйлау арқылы жүзеге асырылады.

 Психолог-кеңес беруші адамгершілік құқықтарды сыйлауы керек.

 - Клиентпен жұмыс барысында психолог-кеңес беруші шыншылдық пен ашықтық принциптерін басшылыққа алады. Сонымен қатар ол өзінің берген ұсыныстарында өте сақ болуы қажет.

                        Психолог-кеңес берушінің міндеті:

1. Клиенттің проблемасын анықтау, яғни клиентте туындаған мәселе қандай жағдайда екенінен құлағдар болу.

2. Клиентті өзіндегі пайда болған проблемаларымен құлақтандыру яғни, түсіндіру.

3. Психолог-кеңес беруші клиенттің өз проблемасын шеше алатынын немесе шеше алмайтынын анықтау.

 4. Клиент проблемасының шешу жолдарын қарастыру.

5. Психолог-кеңес беруші элементарлы, өмірлік қажет кеңестерін беру.

              Психологиялық кеңес беру - адамға, яғни клиентке өзінің өмірлік қиындығына сырт көзбен қарауға, өзінің жағымсыз қылығы мен іс-әрекетін сырт көзбен көруге жағдай туғызады. Ол клиенттің жеке өмірін дұрыстауға, өзінше шешім қабылдауға, өз тағдырына жауап беретіндей сенімділік туғызады.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тренинг;   «Оның есесіне мен...» жаттығуы.

Барлық қатысушыларға аяқталмаған сөйлемдері бар карточкалар таратылады. Сөйлемдерді әр қатысушы өз ойымен аяқтайды.
- Мен бәліш пісіре алмаймын, оның есесіне ..... .
- Мен шаршадым, оның есесіне ...... .
- Мен жақсы билей алмаймын, оның есесіне .... .
- Мен көп үндемейтін адаммын, оның есесіне .... .
- Мен көп ұйықтаймын, бірақ оның есесіне .... .
- Мен жұрттың бәріне құрметті бола алмаймын, оның есесіне ... .
- Мен еден жууды ұнатпаймын, оның есесіне ... .
- Мен Үндістанда болған жоқпын, оның есесіне .... .
- Мен пәлендей батыл емеспін, оның есесіне ..... .
- Мен өзім туралы көп ойламаймын, оның есесіне...... .
- Мен тез ашуланғыш адаммын, оның есесіне..... .
- Мен соншалықты сымбатты емеспін, оның есесіне .... .
- Мен тым толықпын, оның есесіне.... .
- Менің аяқтарым ұзын емес, оның есесіне ... .
- Менің кемшіліктерім көп, оның есесіне ... .
- Менің жазуым әдемі емес, оның есесіне ..... .

Мәне сіздің қолыңыздан барлығы келетінін дәлелдедіңіздер.Осындай сенімділікпен Психологтың кеңес беру

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Конспекты на тему "психологиялық кеңес""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Шеф-повар

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 702 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 20.11.2015 7330
    • DOCX 64.5 кбайт
    • 61 скачивание
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Есенова Шарипа Ахмедьяровна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Есенова Шарипа Ахмедьяровна
    Есенова Шарипа Ахмедьяровна
    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 41489
    • Всего материалов: 12

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности на уроках математики у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 75 человек

Курс повышения квалификации

Методика преподавания курса «Шахматы» в общеобразовательных организациях в рамках ФГОС НОО

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 273 человека из 56 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 593 человека

Курс повышения квалификации

Особенности введения и реализации обновленного ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1102 человека из 81 региона
  • Этот курс уже прошли 19 288 человек

Мини-курс

Стратегии клиентоориентированного бизнеса

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

От романтизма к современности: шедевры и новаторство

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы изучения творческих дисциплин: введение в пропедевтику дизайна и изобразительного искусства

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 12 человек