Инфоурок Другое КонспектыКонспекты "Отбасы тәрбиенің бастауы"

Конспекты "Отбасы тәрбиенің бастауы"

Скачать материал

 

"Қаракөл жалпы орта білім беретін мектеп-балабақшасы"

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тәрбие сағаты:

 

 Отбасы - тәрбие бастауы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сыныбы: 3

Өткізген: Ж.Қобландиева

 

 

 

 

 

 

 

2015-2016 оқу жылы

 

Күні:

Бекітемін:

Тақырыбы: "Ұстаз - халық анасы"

Мақсаты:  Оқушыларға ұстаз—екінші ана екендігін түсіндіру.Мұғаліммен оқушы арасындағы байланысты  нығайту.Айналасына білім мен тәрбие  шашып,адамгершілік нұрын төгетін  ұлы тұлға ұстазға құрмет көрсету,лебіз білдіру,адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.
 
Әдіс-тәсілі:Өлеңдер оқу,ән шырқау.
 Көрнекілігі:Ұстаздар туралы жазылған нақыл сөздер,өлеңдер, шарлар.
                                                                           Б
арысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі. 2.ҚРмемлекеттік Әнұраны.

   Балалардың бағы болып басты әні,
   Ұстаз елді болашаққа бастады. 
   Нұрын шашып ұстаздықтың дастаны,
   Ашық болсын туған елдің аспаны.

   Аспандағы жұлдыздардай жанды үміт,
   Арайлап ата берсін таң күліп.
   Жақсы ойлары жүректерді жаңғыртып, 
   Ұстаз ісі жасай берсін мәңгілік.

    Ұстаз!Осы  бір  сөздің  өзінде  қаншама  мән-мағына ,қасиетті  ұғым жатыр.Ұстаз  алдынан өтпейтін  ешкім  жоқ.«Жақсы  мұғаліммектептің  жүрегі»деген  Ы.Алтынсарин  атамыз.Жүрексіз  өмір

болмаса ,мұғалімсіз білімнің,тәрбиенің іске аспайтыны белгілі.Небір данышпан адамдар,қарапайым еңбеккерлер,тіпті арман қуған жеткіншектер де бәрі бір адамға қарыздар.Ол-ұстаз!Ұстазсыз өмірдің нақты тұтқасын ұстау мүмкін емес.Адамды тәрбиелеп,оны азамат етудің өзі бір үлкен күш,сондықтанда ұстаздың еңбегі -ұлы еңбек.Сонымен «Ұстаз-халық анасы» атты тәрбие сағатымызды ашық деп кезекті оқушыларға беремін.    
   
       Мұғалім деген-ерекше тұлға дара шың,
           
Ұмытылмастай өмірде мәңгі қалатын.
     
      Мұғалім деген –аяулы адам асыл жан,
   
       Шәкірт көңіліне күй болып жайнап жанатын.

   Хормен барлығы:                        
           Құрметіне ұстаздың тік тұрайық.
          Алаңдап басқаға біз бас бұрмайық
         
Аяулы  ұстаздардың  бұл  мерекесін  
           Барлығымыз  қуанып  қарсы  алайық!
Жанбота
   Жадыраған жаздай жылы жаны бар,
   Жақсылықтың шырағы болып шағылар.
   Қадірлі ұстаз гүлмен бірге жолдаған,
   Шәкірттеріңнің жүрек сөзін қабыл ал.
Бақтияр

  Армысыздар,мұғалімдер –әз жандар,
  Білім іздеп инемен құдық қазғандар. 
  Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді
  Би-билеп,әнде бүгін шырқалар.
Ақнұр

   Әр жүйенің еңбекте   тірегісің,
   Тәрбиенің мектепте жүрегісің.
   Жасыл баққа сән берген бағбандай-ақ 
   Жас ұрпаққа үлгі боп жүрер ісің.
Нұрбаулы

  Ғылым иесі ғалым да,ел қорғаған батыр да,тілінен бал тамған ақын да, мал бағып терін төккен шопан да,ғарышкерде бәрі-бәрі ұстаздан тәлім- тәрбие алған,сондықтан барлық құрмет ұстаздарға арналады.
Ән:Хор. «Мұғалім ол біздің»
Ақбота

 Әдетте оқушының бойына білім-білік дағдыларын дарытып,зердесіне ғылым негіздерін тоқитын,алған білімдерін өмірде қолдана білуге үйрететін—ұстаз.                                                                
 Анадай бесік тербеткен  
 
Түн қатып,сансыз дәптерге ғана түнейсің.

 Суарып білім шәрбетпен
 Дүниеден бізге жақсылық қана тілейсің.

 

Фархат       

                  Шәкірттерін  азамат  қып  саналы,
                          Ұстаз  ана –дана  бола  алады,
                          Ең  бастысы  ұстаз  мына  өмірде
                          Ұлағат боп,ұлылық  боп  қалады.
Мұғалім:Ендеше  ұстаз  сөзінің  формуласы  қандай?(сол  сәтте  бес  оқушы  шығып ұстаз  сөзінің   формуласын  көрсетіп  айтады)
Ұ – ұлағатты
  С – салмақты
 Т – тапқыр
 А – ардақты
 З – замандастай  зиялы
      Ән: «Ұстазым» (хор)
Мұғалім:

Сүйікті ,парасатты мұғалімім
Өзіңдей жанымды ұғады кім?
Бас иіп,шәкіртіндей құрмет тұтып 
Алдыңнан алғыс өлең шығар бүгін.
Қолыңнан әр шәкіртің ұшқан түлек
Сыйлайды еңбегіңе алғыс, құрмет
Мақтан!Мақтан!Мұғалім армиясы!--
деп,Мұзафар Әлімбаев атамыз өлең шумақтары арқылы өзінің ұстазына деген сезімін осылай білдірген екен.
   Мұғалім:Келесі кезекті
ұстаз ұлылығы жайлы айтылған ұлағатты сөздерге береміз.
Ақбота

Ұстаздық—ұлы  құрмет, себебі ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді.Болашақтың басшысын да,данасын да,ғалымын да,еңбекқор егіншісін де ұстаз өсіреді.
Фархат
Мұғалім—оқушы  үшін ең жоғарғы адамгершіліктің үлгісі.Сондықтан да,ол оқушы жүрегінде ұмытылмас із қалдырады.
Ақнұр.

Мұғалім—өзінің  білімділігімен,жүріс-тұрысымен,жайдары мінезімен,тіпті сырт- пішіні, киген киімімен оқушысына жақсы әсер етеді.
Нұрбаулы

Мұғалім—өзінің  бойындағы,барлық жігерін,білімін,бойындағы барлық бағалы қасиетін өзінің оқушыларына,халқына беріп отырады.
Жанбота

Әдетте оқушы бойына білім-білік дағдыларын дарытып,зердесіне ғылым негіздерін тоқитын,алған білімдерін өмірде қолдана білуге үйрететін—ұстаз!
 
Бақтияр

Көрдім де соларды-қызықтым  ісіне 
Сан сұрақ оралды-ұстаздың ісіне
Ұстаз кім?Ұстаз ба, ол—Ана! 
Өмірдесеніде,мені де ешкімге қаққызбай,
Ұстаз кім?Мұғалім ол—дана!
Жасқа да,қартқа да қамқоршы сол ғана
Ұстаз ба?Ұстаз ол—ер диқан.
Сондықтан да ұлағатты ұстаздар,сіздерге бүкіл адам баласы бас иеді.

Бәрі (Хор)
Ұстаздарға мың алғыс! Мерекелеріңіз құтты болсын!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: «Ұстаз –ұлағатты  тұлға».

Мақсаты: Ұстаздың адам өмірінде алатын орын зор екендігін, ұстаздарды құрметтеу, сыйлау және қадірлеу қасиеттерін оқушылардың бойына дамыту әрі дарыту.

 Көрнекілігі: Ұстаздар туралы нақыл сөздер, өлең үзінділері жазылған көрнекіліктер, әр түрлі шаралар.

Барысы:

Мұғалім: Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар. Бүгінгі ұстаздар мерекесі қарсаңында өткелі отырған. «Ұстаз - ұлағатты тұлға» атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

Оқушылардың өлеңдері тыңдалады:

1-оқушы: Оқушы алға ұмтылып, шегінбей мен,

                 Сен ұялдың кір болса менің жейдем.

                 Жақсылыққа бастайтын күлімсіреп,

                 Көз алдыма қазір тұр сенің бейнең

2-оқушы: Алғаш рет оятқансың санамды,

                 Алғаш рет ұстатқансың қаламды.

                Сол үшінде мәңгі сыйлап өтермін

                Түсіндірген жақсы менен жаманды.

3-оқушы: Ұстаз бізді білім беріп өсірген

                 Қатемізді әрқашанда кешірген

                «Өмір жолы-қиын жол» деп әрдайым

               Тәрбиелеп, ақылды ғып өсірген.

4-оқушы: Анамдайсыз, менің асыл ұстазым,

                Өтті бізбен көктем, күз, қыс, жазың

                Жылдар бойы тәрбиелеп, аялап,

                Болашаққа байтақ бір жол нұсқадың.

Мұғалім: Балалар қазақтың тұңғыш ұстазын білесіңдер ме?

-         Әрине Ыбырай Алтынсарин. Қазақтың ұлы ағартушысы, педагог, ғалым-жазушы Ыбырай Алтынсарин тұңғыш ағартушы, қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы, көркем әдеби тілдің тазалығы үшін күресуші, балаларға таза  ана тілін үйрету арқылы халықтың бай тілін меңгеріп, өнер-білімге бастаушы. Ыбырай Алтынсарин туған халқына оқу-білімге шақырып, кенжелеген қараңғылықтағы еліне білімнің жарық сәулесін таратты. Тұңғыш қайраткер жас ұрпақ тәрбиелеуде жаңа ғылымның іргетасын қалады. Өзі бас болып, бірнеше жерде кездескен кедергі қарсылыққа қарамастан, 1864 жылы мектеп ашты.

Оқушылардың өлеңдері тыңдалады:

5-оқушы: Кем көрмеймін сізді асыл анамнан,

                Сізге ұқсап қудық біз де сан арман

                Сіздей адам дүниеде көп болсын

                Балалардың бақыты үшін жаралған

  6-оқушы: Ең аяулы есім ғой «Ұстаз» деген,

                Бар тіршілік бақытты ұстазбенен.

               Ұстазды жеткізгенше мұратына

               Білім іздеп лапылдап жаңа берем

7-оқушы: Ұстаздың оттай ыстық алақаны,

                Болған соң ойлайтыны-бала қамы

               Баладан ұстазыма мың сан алғыс

               Өйткені ол ұстазымның ақ арманы.

8-оқушы: Нұрын төккен көк аспан күмбезінен

                Күлімдеуің ұқсайды күн көзіне.

                Қолда болса ұстаздарға сыйлар ем,

               Бар байлығын әлемнің бір сіздерге.

 Мұғалім: Біз ата-анамызды қалай қадірлеп құрметтесек, ұстазды да солай құрметтеу -парызымыз.

Ән: «Білімнің бұлағы».

Нақыл сөздер:

9-оқушы: «Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан басталады»         Абай Құнанбаев

 

10-оқушы: Ұстаз деген ұлағатты атауды естігенде, күні бүгінге дейін өзімді шәкірттей сезінемін.

                                                                                                     С.Қожамқұлов

11-оқушы: Мұғалім бәріненде қымбат, өйткені мұғалім мектептің жүрегі.

                                                                                                          Ы.Алтынсарин

12-оқушы: Ақырын жүріп, анық бас,

                  Еңбегің кетпес далаға.

                  Ұстаздық қылған жалықпас

                  Үйретуден балаға.

                                            Абай Құнанбаев

13-оқушы: Қайратсыз ашу-тұл,

                   Тұрлаусыз ғашық-тұл,

                   Шәкіртсіз ғалым-тұл.

                                             Абай Құнанбаев

14-оқушы: Ұстаздық ету - өзінің  уақытын аялау, өзгенің бақытын аялау.

15-оқушы: Нашар ұстаз шындықты қайталайды, жақсы ұстаз сол шындықты іздеп табуға үйретеді.

                                                                                     Д.Дистерверг

16-оқушы: Оқушы жастардың ең сенімді ұстазы, сыр жасырмай ашық айтатын адамы – мұғалім.

Ғ.Мүсірепов

17- оқушы: Мұғалім - оқушы үшін ең жоғарғы адамгершіліктің үлгісі. Сондықтан да ол оқушы жүрегінде ұмтылмас із қалдырады.               Н.А.Добролюбов

Қорытынды: Ұстаз ақыл-ойы мен күш-қуатын балаларға арнап, жан аямай еңбек етеді. Өйткені ол, оның көкірек көзін ашып, дүниетанымен кеңейтіп қияға қанат қақтырады. Сондықтан болар кейбір дарынды ойшылдар да, тіпті арман қуған балалар да ұстазды ерекше пір тұтып қадірлейді. Сондықтан ұстазды қадірлейік, ренжітпейік деген қорытынды жасай келе бүгінгі тәрбие сағатымызды тәмәмдаймыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: «Ұстаз –ұлы  тұлға».

Мақсаты: Ұстаздың адам өмірінде алатын орын зор екендігін, ұстаздарды құрметтеу, сыйлау және қадірлеу қасиеттерін оқушылардың бойына дамыту әрі дарыту.

 Көрнекілігі: Ұстаздар туралы нақыл сөздер, өлең үзінділері жазылған көрнекіліктер, әр түрлі шаралар.

Барысы:

Мұғалім: Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар. Бүгінгі ұстаздар мерекесі қарсаңында өткелі отырған. «Ұстаз - ұлы тұлға» атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

Оқушылардың өлеңдері тыңдалады:

Назира:Мұғалім деген-ерекше тұлға дара шың,
           
Ұмытылмастай өмірде мәңгі қалатын.
     
      Мұғалім деген –аяулы адам асыл жан,
   
       Шәкірт көңіліне күй болып жайнап жанатын.

 Дәулет:  Жадыраған жаздай жылы жаны бар,
                 Жақсылықтың шырағы болып шағылар.
                 Қадірлі ұстаз гүлмен бірге жолдаған,
                 Шәкірттеріңнің жүрек сөзін қабыл ал.

Ислам: Кем көрмеймін сізді асыл анамнан,

                Сізге ұқсап қудық біз де сан арман

                Сіздей адам дүниеде көп болсын

                Балалардың бақыты үшін жаралған

  Баянсұлу: Ең аяулы есім ғой «Ұстаз» деген,

                Бар тіршілік бақытты ұстазбенен.

               Ұстазды жеткізгенше мұратына

               Білім іздеп лапылдап жаңа берем

Мұғалім: Балалар қазақтың тұңғыш ұстазын білесіңдер ме?

            -  Әрине Ыбырай Алтынсарин. Қазақтың ұлы ағартушысы, педагог, ғалым-жазушы Ыбырай Алтынсарин тұңғыш ағартушы, қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы, көркем әдеби тілдің тазалығы үшін күресуші, балаларға таза  ана тілін үйрету арқылы халықтың бай тілін меңгеріп, өнер-білімге бастаушы. Ыбырай Алтынсарин туған халқына оқу-білімге шақырып, кенжелеген қараңғылықтағы еліне білімнің жарық сәулесін таратты. Тұңғыш қайраткер жас ұрпақ тәрбиелеуде жаңа ғылымның іргетасын қалады. Өзі бас болып, бірнеше жерде кездескен кедергі қарсылыққа қарамастан, 1864 жылы мектеп ашты.

Ән:Хор. «Мұғалім ол біздің»
 Сұлтан:

Көрдім де соларды-қызықтым  ісіне 
Сан сұрақ оралды-ұстаздың ісіне
Ұстаз кім?Ұстаз ба, ол—Ана! 
Өмірдесеніде,мені де ешкімге қаққызбай,
Ұстаз кім?Мұғалім ол—дана!
Жасқа да,қартқа да қамқоршы сол ғана
Ұстаз ба?Ұстаз ол—ер диқан.
Арайлым:

 Әдетте оқушының бойына білім-білік дағдыларын дарытып,зердесіне ғылым негіздерін тоқитын,алған білімдерін өмірде қолдана білуге үйрететін ұстаз.                                                                
 Анадай бесік тербеткен  
 
Түн қатып,сансыз дәптерге ғана түнейсің.

 Суарып білім шәрбетпен
 Дүниеден бізге жақсылық қана тілейсің.

Нақыл сөздер:

Бекзат: Ақырын жүріп, анық бас,

                  Еңбегің кетпес далаға.

                  Ұстаздық қылған жалықпас

                  Үйретуден балаға.

                                            Абай Құнанбаев

 

Таңшолпан: Қайратсыз ашу-тұл,

                      Тұрлаусыз ғашық-тұл,

                      Шәкіртсіз ғалым-тұл.

                                             Абай Құнанбаев

Дәулет: Ұстаздық ету - өзінің  уақытын аялау, өзгенің бақытын аялау.

Арайлым: Нашар ұстаз шындықты қайталайды, жақсы ұстаз сол шындықты іздеп табуға үйретеді.

                                                                                     Д.Дистерверг

Ислам: Оқушы жастардың ең сенімді ұстазы, сыр жасырмай ашық айтатын адамы – мұғалім.

Ғ.Мүсірепов

Назира: Мұғалім - оқушы үшін ең жоғарғы адамгершіліктің үлгісі. Сондықтан да ол оқушы жүрегінде ұмтылмас із қалдырады.               Н.А.Добролюбов

 

Қорытынды:   Ұстаз!Осы  бір  сөздің  өзінде  қаншама  мән-мағына ,қасиетті  ұғым жатыр.Ұстаз  алдынан өтпейтін  ешкім  жоқ.«Жақсы  мұғаліммектептің  жүрегі»деген

 Ы.Алтынсарин  атамыз.Жүрексіз  өмір болмаса ,мұғалімсіз білімнің,тәрбиенің іске аспайтыны белгілі.Небір данышпан адамдар,қарапайым еңбеккерлер,тіпті арман қуған жеткіншектер де бәрі

 бір адамға қарыздар.Ол-ұстаз!Ұстазсыз өмірдің нақты тұтқасын ұстау мүмкін емес.Адамды тәрбиелеп,оны азамат етудің өзі бір үлкен күш,сондықтанда ұстаздың еңбегі -ұлы еңбек



 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Конспекты "Отбасы тәрбиенің бастауы""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по выставочной деятельности

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 660 710 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 29.01.2016 486
    • DOCX 27 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Қобландиева Жайнагүл Қобландықызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 3048
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой