Инфоурок География КонспектыКонспекты по географий 7 класс

Конспекты по географий 7 класс

Скачать материал

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Кеңес негізгі жалпы білім беру мектебі

САБАҚ ЖОСПАРЛАРЫ

Сынып: 7

Мұғалім: Саян Қасенұлы Баужанов

Сағат саны: 68 сағат

Аптасына: 2 сағаттан

Оқулық: Бейсенова Ә. География. Материктер мен мұхиттар: Жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған оқулық/Ә. Бейсенова, К. Каймулдинова, С. Әбілмәжінова 2 басылымы, өңделген. – Алматы: Атамұра, 2007. – 256 бет.

2011-2012 оқу жылы

Сабақ: 1

Күні: Кеңес мектебі – 03.09.2011                         Ямышев мектебі – 06.09.2011                        

Тақырыбы: Материктер мен мұхиттар географиясы

Мақсат-міндеттер:

Білімділік мақсаты – Жалпы географиялық білім беру, материктер мен мұхиттар географиясы түсінігін, оның зерттеу пәні мен зерттеу объектілері туралы, зерттеу салалары туралы білімді ашу.

Дамытушылық мақсаты – Оқушылардың географиялық ой-өрісін дамыту. Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, танымдық қызығушылығын дамыту, географиялық ойлауын қалыптастыру.

Тәрбиелік мақсаты – Экологиялық тәрбие беру, еңбек тәрбиесін, патриоттық тәрбиесін беру, оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.

Оқу құралдары: Оқулық, 7 сынып Атлас, Материктер мен мұхиттардың физикалық картасы

Сабақ түрі: Кіріспе сабақ

Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс

Сабақтың жоспары:

І кезең – ұйымдастыру (2 мин)

ІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (20 мин)

ІІІ кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (19мин)

ІV кезең – бағалау кезеңі (2 мин)

V кезең – қорытынды (2 мин)

Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

І

Мұғалім оқушылармен амандасып, тыныштыққа орнатады. Сосын балалармен танысып, өзінің жұмыс тәртібін орнатады. Балалардың кім-жоғын сұрайды.

Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Сәлемдеседі, тәртіпке келеді де, сабаққа даяр отырады. Сосын мұғаліммен танысады.

ІІ

Мұғалім балаларға сұрақтар қояды:

1. 6-сыныптағы физикалық географиясы курсында немен таныстыңдар?

Ал ендігі 7-сыныпта сендер елтану бағытындағы Жер табиғатының ерекшеліктерімен оның алуан түрлілігі, ондағы елдер мен халықтардың әлеуметтік жағдайы туралы білім аласыңдар. Жеке-жеке мұхиттар мен материктерге тоқталамыз.

Сосын мұғалім келесі фронтальді сұрақтарды қояды.

1. Неше материк, неше мұхит бар?

2. Материк пен дүние бөлік арасындағы айырмашылығы қандай?

Сосын материктер, мұхиттар, аралдар тақырыбын өз беттерінше оқып шығындар деген тапсырманы береді.

Оқушылар мұғалімді тыңдап, сұрақтарға жауап береді.

ІІІ

Тақырыпты бекіту үшін балаларға материк, мұхит және дүние бөліктері аудандарының арақатынасы диаграмаларын сызғызады.

Сосын арал деген не және оның түрлерін атап (материктік, жанартаулық, маржандық) және оларды картадан көрсетеді. Балалармен бірге аралдардың пайда болуын талқылайды.

Сосын параграф соңындағы сұрақтарды қояды.

Оқушылар кескін картаға мұхиттарды, теңіздерді және аралдарды түсіреді.

Балалар материк, мұхит және дүние бөліктері аудандарының арақатынасы диаграмаларын сызады. Сосын балалар бұл аралдарды атластарынан өздері тауып есіңе сақтайды.

Сосын параграф соңындағы сұрақтарға жауап береді.

ІV

Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды және неге солай бағалағанын айтады.

Мұғалімді тыңдап, бағаланады.

V

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушыларды үзіліске жібереді.

Үзіліске шығады.

Сабақ: 2

Күні: Кеңес мектебі – 05.09.2011                         Ямышев мектебі – 07.09.2011                        

Тақырыбы: Материктер мен мұхиттар жердің ірі табиғи кешені

Мақсат-міндеттер:

Білімділік мақсаты – Географиялық білімнің қалыптасу, даму кезеңдерімен таныстыру. Материктер мен мұхиттардың ашылуы мен зерттелуіндегі басты кезеңдермен, ұлы географиялық ашулармен, көрнекті зерттеушілердің маңызды саяхаттары мен олардың ғылыми нәтижелерін оқып үйрену.

Дамытушылық мақсаты – Оқушылардың географиялық ой-өрісін дамыту. Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, танымдық қызығушылығын дамыту, географиялық ойлауын қалыптастыру.

Тәрбиелік мақсаты – Оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру. Саяхатшылардың батыл да табандылығы мысалында оқушыларды Отансүйгіштікке, батылдық пен табандылыққа тәрбиелеу.

Оқу құралдары: Оқулық, 7 сынып Атлас, Дүниежүзінің физикалық картасы, Ұлы географиялық ашулар картасы, глобус, кескін карталар

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс

Сабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру (2 мин)

ІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (20 мин)

ІІІ кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (15мин)

ІV кезең – үйге тапсырма беру (4 мин)

V кезең – бағалау кезеңі (2 мин),

VІ кезең – қорытынды (2 мин)

Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

І

Мұғалім оқушыларды тыныштыққа орнатады.

Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Тәртіпке келеді де, сабаққа даяр отырады.

ІІ

Мұғалім оқушылардың алдыңғы сыныптардан алған білімдеріне негізделіп, ежелгі дәуірдегі географиялық мәліметтердің жинақталуы, алғашқы жер шарын айналып шығу саяхаттары, Ұлы географиялық ашулар, материктер мен мұхиттар тарихындағы маңызды зерттеулер, дүние жүзіне әйгілі атақты саяхатшылар мен зерттеушілер туралы мәліметті береді.

Географиялық мәліметтердің жинақталуы сонау ежелгі дәуірден қазіргі зерттеулерге дейін кезең-кезеңге бөлінген.

Сосын мұғалім балаларды 4 топқа бөліп, бірінші топқа ежелгі заман зерттеулері, екінші топқа орта ғасырлар зерттеулері, үшінші топқа Ұлы географиялық ашулар мен төртінші топқа қазіргі заманғы географиялық зерттеулерді бөліп береді. 

Оқушылар мұғалімді тыңдап, тақырыпты бірге талдайды.

Оқушылар топтарға бөлініп, өз тақырыптарын қорғайды, сосын бір-біріне сұрақтарды қояды.

ІІІ

Материалды бекіту кезеңінде мұғалім оқушыларға балалармен бірге сұрақтарды қояды.

1. Ежелгі заман зерттеулері немен ерекшеленді?

2. Орта ғасырлар зерттеулері қандай ғасырларды қамтиды және олардың атақты зерттеушілері нені ашты?

3. Неге үшінші кезең Ұлы географиялық ашулар кезеңі деп аталады?

4. Қазіргі заман зерттеулерінің маңызы неде?

Оқушылар білімдерін бекіту үшін сұрақтарға жауап береді. Бір бірін тыңдап білімдерін бекітеді.

ІV

Үй жұмысы:

1. Кіріспе, §1, 2 оқып, қысқаша конспект жазу.

2. Кескін картаға материктер, мұхитттар мен аралдарды түсіру.

3. Қосымшадағы 1, 2, 3 кестелерді сызу және жаттау.

Оқушылар үй жұмысын жазып алады, түсінбеген сұрақтарды сұрайды.

V

Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды және неге солай бағалағанын айтады.

Мұғалімді тыңдап, бағаланады.

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушылардың тәртібіне тоқталады. Қоштасады.

Қоштасады.

Сабақ: 3

Күні: Кеңес мектебі – 10.09.2011                         Ямышев мектебі – 13.09.2011                        

Тақырыбы: Материктер мен мұхит шұңғымаларының пайда болуы

Мақсат-міндеттер:

Білімділік мақсаты – материктер мен мұхиттар табиғатын оқып үйрену барырысында қолданылатын карталар жайында, оларды мазмұны мен қамтитын аумағына қарай топтастыруы туралы, сонымен қатар бұл карталарда пайдаланылған проекциялар мен оларда болатын бұрмалану туралы қысқаша мағлұмат беріледі.

Дамытушылық мақсаты – Оқушылардың географиялық ой-өрісін дамыту. Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, танымдық қызығушылығын дамыту, географиялық ойлауын қалыптастыру. Сондай-ақ бұндай карталарды қалай пайдалану жолдары мен жұмыс істеудің қарапайым әдіс-тәсілдері түсіндіріледі.

Тәрбиелік мақсаты – Географиялық карта жасаудың өте көп уақыт пен тереңде тиянақты білімді және асқан қажырлылық пен төзімділікті талап ететіндігін түсіндіру арқылы, оқушыларды ғалым-картографтар еңбегін бағалауға, еңбекқорлыққа тәрбиелеу, оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.

Оқу құралдары: Оқулық, 7 сынып Атлас, жарты шарлар физикалық картасы, глобус

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс

Сабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру (2 мин)

ІІ кезең – үй тапсырмасын тексеру (15 мин)

ІІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (19 мин)

ІV кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (5 мин)

V кезең – бағалау кезеңі (2 мин)

VІ кезең – қорытынды (2 мин)

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

І

Мұғалім оқушылармен амандасып, тыныштыққа орнатады. Сосын тәртібін орнатып, балалардың кім-жоғын сұрайды. Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Сәлемдеседі, тәртіпке келеді де, сабаққа даяр отырады.

ІІ

Мұғалім үй тапсырмасын тексергенде ең бірінші кескін карталарын тексереді. Сосын әрбір баланы тақта алдына шығарып, материктер мен мұхиттарды, олардың ауданы мен ең терең жерлерін, аралдардың түрлері мен орналаласқан жерлерін сұрайды.

Оқушылар мұғалімге кескін карталарын көрсетеді, сұрақтарға жауап береді.

ІІІ

Ең алдымен карта мен глобус деген не деген сұрақтарды қояды. Сосын айырмашылығын айтып болған соң, картографиялық проекция дегеніміз не деген сұрақ қойып, оның жауабын картадан іздеңдер дейді. Сосын проекция мен оның негізгі түрлерін түсіндіреді. Нәтижесінде балалар глобус пен жарты шарлар, дүние жүзі мен материктер карталарының географиялық торларын салыстырып, айырмашылықтарын анықтайды. Бұдан кейін картаны оқып үйренудің негізгі құралы шартты белгілермен өздері танысыңдар деп айтады. 

Келесі кезекте мұғалім карталарды қамтитын аумағына, мазмұнына, масштабына және қолданылу сипатына қарай топтастырылуымен таныстырады.

Сұрақтара жауап береді және проекция, оның түрлерін дәптерге сызып жаттайды.

Сосын картаны оқып үйренудің негізгі құралы шартты белгілермен танысады.

ІV

Тақырыпты бекіту үшін мұғалім балалармен бірге тақырып соңындағы сұрақтарға жауап береді және қорытынды шығарады.

Тақырыпты бекіту үшін сұрақтарға жауап береді.

V

Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды және неге солай бағалағанын айтады.

Мұғалімді тыңдап, бағаланады.

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушыларды үзіліске жібереді.

Үзіліске шығады.

Сабақ: 4

Күні: Кеңес мектебі – 12.09.2011                         Ямышев мектебі – 14.09.2011                        

Тақырыбы: Жер бетіндегі құрлық пен судың ара қатынасы, олардың жарты шарларда таралуы

Мақсат-міндеттер:

Білімділік мақсаты – Литосфералық тақталар және олардың қозғалыстары, геологиялық жыл санау, геохронологиялық кесте, материктік және мұхиттық жер қыртыстары, геосинклинальдар мен платформалар, материктер мен мұхиттардың пайда болу жолдары туралы білім беру.

Дамытушылық мақсаты – Оқушылардың географиялық ой-өрісін дамыту. Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, танымдық қызығушылығын дамыту, географиялық ойлауын қалыптастыру.

Тәрбиелік мақсаты – Оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру. Саяхатшылардың батыл да табандылығы мысалында оқушыларды Отансүйгіштікке, батылдық пен табандылыққа тәрбиелеу.

Оқу құралдары: Оқулық, 7 сынып Атлас, Дүниежүзінің физикалық картасы, глобус, кескін карталар

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс

Сабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру (2 мин)

ІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (20 мин)

ІІІ кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (15мин)

ІV кезең – үйге тапсырма беру (4 мин)

V кезең – бағалау кезеңі (2 мин),

VІ кезең – қорытынды (2 мин)

Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

І

Мұғалім оқушыларды тыныштыққа орнатады.

Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Тәртіпке келеді де, сабаққа даяр отырады.

ІІ

Сабақты өткен сыныптардан алған білімді еске түсіруден бастауға болады. Одан әрі жер қыртысының түрліше бөліктері мен олардың арасындағы айырмашылықтарды 10-сурет бойынша ажыратады.

Содан кейін геологиялық жыл санау мен геохронологиялық кестені түсіндіре бастайды. Оны мұғалім 11-сурет көмегімен геологиялық жыл санаудың кезеңдері мен басты оқиғалармен таныстырады.  

Сосын Литосфералық тақталар мен олардың қозғалыстарын түсіндіру үшін 12, 13-суреттерді пайдаланады. Барлық литосфералық тақталарды картадан көрсетеді.

Сосын бұл тақырыпты өздерін оқып шығып, талқылаңдар деген тапсырманы береді.

Оқушылар мұғалімді тыңдап, тақырыпты бірге талдайды.

Оқушылар топтарға бөлініп, өз тақырыптарын қорғайды, сосын бір-біріне сұрақтарды қояды.

ІІІ

Материалды бекіту кезеңінде оқушылар оқыған тақырыпты айтып, бір-біріне сұрақтарды қояды. Әрбір литосфералық тақта мен ежелгі материктерді мұғалім картадан көрсетіп, балаларды толықьырады.

Оқушылар білімдерін бекіту үшін сұрақтарға жауап береді. Бір бірін тыңдап білімдерін бекітеді.

ІV

Үй жұмысы:

1. §3, 4 оқып, қысқаша конспект жазу.

2. Кескін картаға литосфералық тақталарды түсіру. 

3. Аралдардың орналасқан жерлерін жаттау және картадан көрсету.

Оқушылар үй жұмысын жазып алады, түсінбеген сұрақтарды сұрайды.

V

Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды және неге солай бағалағанын айтады.

Мұғалімді тыңдап, бағаланады.

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушылардың тәртібіне тоқталады. Қоштасады.

Қоштасады.

Сабақ: 5

Күні: Кеңес мектебі – 17.09.2011                         Ямышев мектебі – 20.09.2011                        

Тақырыбы: Материктік және мұхиттық жер қыртысы

Мақсат-міндеттер:

Білімділік мақсаты – Литосфералық тақталар және олардың қозғалыстары, геосинклинальдар мен платформалар, материктер мен мұхиттардың пайда болу жолдары туралы қазіргі түсініктер, материктер мен мұхиттар бойынша жер бедері ірі пішіндерінің орналасу заңдылықтары туралы түсінік беру. Жер бедері ірі пішіндерінің орналасу заңдылықтарын дәлелдейтін нақты мысалдарды, жер сілкіну мен жанартау атқылау аудандарын картадан көрсете білуі.

Дамытушылық мақсаты – Оқушылардың географиялық ой-өрісін дамыту. Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, танымдық қызығушылығын дамыту, географиялық ойлауын қалыптастыру. Сондай-ақ бұндай карталарды қалай пайдалану жолдары мен жұмыс істеудің қарапайым әдіс-тәсілдері түсіндіріледі.

Тәрбиелік мақсаты – Географиялық карта жасаудың өте көп уақыт пен тереңде тиянақты білімді және асқан қажырлылық пен төзімділікті талап ететіндігін түсіндіру арқылы, оқушыларды ғалым-картографтар еңбегін бағалауға, еңбекқорлыққа тәрбиелеу, оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.

Оқу құралдары: Оқулық, 7 сынып Атлас, жарты шарлар физикалық картасы, глобус

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс

Сабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру (2 мин)

ІІ кезең – үй тапсырмасын тексеру (15 мин)

ІІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (19 мин)

ІV кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (5 мин)

V кезең – бағалау кезеңі (2 мин)

VІ кезең – қорытынды (2 мин)

Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

І

Мұғалім оқушылармен амандасып, тыныштыққа орнатады. Сосын тәртібін орнатып, балалардың кім-жоғын сұрайды.

Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Сәлемдеседі, тәртіпке келеді де, сабаққа даяр отырады.

ІІ

Мұғалім үй тапсырмасын тексергенде ең бірінші кескін карталарын тексереді. Сосын әрбір баланы тақта алдына шығарып, аралдар мен архипелагтардың орналаласқан жерлерін сұрайды. Сосын балалардан географиялық диктант алады. 

1. Картографиялық проекция деген не? 2. Проекциялардың негізгі түрлерін атаңдар. 3. Карталар мазмұнына қарай нешеге бөлінеді және олардың түрлерін атаңдар. 4. Литосфера деген не, ол қандай бөліктерден құралады? 5. Геологиялық жыл санау деген не? 6. Жер қыртысының түзілгеннен бері неше эраларға бөлінеді? 7. Ең ұзаққа созылған эра. 8. Неше литосфералық тақталар бар, оларды атаңдар. 9. Жер қыртысының қозғалмалы бөліктері қалай аталады? (геосинклинальдар) 10. Ежелгі заманда бүкіл құрлықтарды біріктірген біртұтас қандай материк болды?

Оқушылар мұғалімге кескін карталарын көрсетеді, аралдар мен архипелагтарды картадан көрсетеді. Сосын географиялық диктант жазады.

ІІІ

Ең алдымен жер бедері деген не, жер бедерінің негізгі пішіндерін атаңдар, жер бедері абсолюттік биіктігіне қарай нешеге бөлінеді деген сұрақтарды қояды. Сосын жер бедері ішкі және сыртқы күштердің қатар әсер етуі нәтижесінде өзгеріп отырады деп айтады. Сосын мұхит табанының жер бедерін 21-сурет арқылы түсіндіріп, суретті сызып  алыңдар деген тапсырманы береді. 

Сұрақтара жауап береді және мұғалімді тыңдап, түсінбеген жерлерін сұрайды. Сосын мұхит табанындағы жер бедері суретін сызып алады.

ІV

Тақырыпты бекіту үшін мұғалім келесі тапсырмаларды береді:

1. 4, 5-кестелердегі мағлұматтарды картадан тауып алыңдар.

2. «Жер қыртысының құрылымы» мен дүние жүзінің физикалық картасын салыстырып, қорытынды шығарыңдар.

Тақырыпты бекіту үшін тапсырмаларды орындайды.

V

Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды және неге солай бағалағанын айтады.

Мұғалімді тыңдап, бағаланады.

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушыларды үзіліске жібереді.

Үзіліске шығады.

Сабақ: 6

Күні: Кеңес мектебі – 19.09.2011                         Ямышев мектебі – 21.09.2011                        

Тақырыбы: Геологиялық жыл санау және геохронологиялық кесте

Мақсат-міндеттер:

Білімділік мақсаты – Оқушыларға атмосфераның Жердегі тіршілік үшін маңызын түсіндіру. Климаттық жағдайлардың географиялық ендік пен Күн сәулесінің түсу мөлшеріне тәуелділігін, жер бетінде ауа температурасы мен қысымның таралуы арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды климаттық карталар мен географиялық білімге сүйене отырып негіздеу..

Дамытушылық мақсаты – Проблемалық жағдай туғыза отырып, оқушылардың ойлау қабілетін дамыту. Климаттық картаны қолдана білуге, ол арқылы белгілі бір жердің климаттық жағдайын сипаттай білуге үйрету. Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын, танымдық қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік мақсаты – Оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру. Саяхатшылардың батыл да табандылығы мысалында оқушыларды Отансүйгіштікке, батылдық пен табандылыққа тәрбиелеу.

Оқу құралдары: Оқулық, 7 сынып Атлас, Дүниежүзінің физикалық картасы, глобус, кескін карталар

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс

Сабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру (2 мин)

ІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (20 мин)

ІІІ кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (15мин)

ІV кезең – үйге тапсырма беру (4 мин)

V кезең – бағалау кезеңі (2 мин),

VІ кезең – қорытынды (2 мин)

Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

І

Мұғалім оқушыларды тыныштыққа орнатады.

Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Тәртіпке келеді де, сабаққа даяр отырады.

ІІІ

Ең алдымен мұғалім атмосфера дегеніміз не, ол қандай қабаттардан тұрады, климат деген не, жер шарында қандай климаттық белдеулер бар деген сұрақтарды қояды.

Сосын атмосфераның жердегі тіршілік үшін маңызы қандай екенін балаларға еске түсіріп, оның қабаттарына тоқталады.

Сосын балаларды үш топқа бөліп, климаттық белдеулер,  ауа температурасы мен қысымның таралуы, атмосфералық қысым белдеулері тақырыптарын бөліп береді.

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, мұғалімді тыңдайды, білген білімдерін еске түсіреді.

Оқушылар топтарға бөлініп, өз тақырыптарын қорғайды, сосын бір-біріне сұрақтарды қояды.

ІV

Материалды бекіту кезеңінде оқушылар оқыған тақырыпты айтып, бір-біріне сұрақтарды қояды.

Сосын балаларға келесі тапсырманы береді: Атластағы климаттық карталарды пайдаланып, Еуразиядағы 600ш.б. меридианы бойымен, 400  және 600 с.е. бойынша қандай изотермалар өтетінін анықтаңдар.

Оқушылар білімдерін бекіту үшін сұрақтарға жауап береді. Бір бірін тыңдап білімдерін бекітеді.

V

Үй жұмысы:

1. §5, 6 оқып, қысқаша конспект жазу.

2. 29 беттегі 1 тапсырма, 33 беттегі 1,2,3 тапсырмаларды жазбаша орындау.

Оқушылар үй жұмысын жазып алады, түсінбеген сұрақтарды сұрайды.

Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды және неге солай бағалағанын айтады.

Мұғалімді тыңдап, бағаланады.

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушылардың тәртібіне тоқталады. Қоштасады.

Қоштасады.

Сабақ: 1

Күні: Кеңес мектебі – 10.09.2011                         Ямышев мектебі – 06.09.2011                        

Тақырыбы: Бастапқы бақылау жұмысы

Мақсат-міндеттер:

Білімділік мақсаты – балалардың 6 сыныпта алған білімдерін еске түсіру және бекіту

Дамытушылық мақсаты – Проблемалық жағдай туғыза отырып, оқушылардың ойлау қабілетін дамыту. Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын, танымдық қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік мақсаты – Оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.

Оқу құралдары: Оқулық, 7 сынып Атлас, Дүниежүзінің физикалық картасы, глобус, кескін карталар

Сабақ түрі: Қайталап, қорытындылау сабағы

Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс

Сабақ жоспары:

І кезең – ұйымдастыру кезеңі (3 мин)

ІІ кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (40 мин)

ІІІ кезең – қорытынды кезеңі (2 мин)

Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

І

Мұғалім оқушылармен амандасып, тыныштыққа орнатады да, кім-жоғын сұрайды.

Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді. Оқушылардың бақылау дәптерлері немесе қағаздардың бар-жоқтығын тексереді. Балаларды нұсқаларға бөледі.

Оқушылар мұғаліммен амандасады және сабаққа дайындалады.

ІІ

І нұсқа

1 тапсырма. План мен географиялық картаның ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көрсетіңдер.

Ортақ белгілері

Айырмашылығы

План

Карта

2 тапсырма. Дүниежүзілік мұхит және оның бөліктерін атаңдар.

3  тапсырма. Терминдерге анықтама бер: план, меридиан, литосфера, биосфера,  желбағар (флюгер).

4 тапсырма. Жарты шарлар картасын пайдаланып, берілген объектілердің географиялық координаталарын анықтаңдар: Джомалунгма (Эверест) тау шыңы, Астана қаласы, Анхель сарқырамасы, Килиманджаро жанартауы, Қарақия ойысы.

ІІ нұсқа

1 тапсырма. Глобус пен географиялық картаның ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көрсетіңдер.

Надпись: Ортақ белгілері	Айырмашылығы
	Глобус	Карта

2 тапсырма. Мұхит түбіндегі жер бедері пішіндерінің сызбасын сызыңдар.

3 тапсырма. Терминдерге анықтама бер: карта, атмосфера, гидросфера, тау, жер сілкіну.

4 тапсырма. Жарты шарлар картасын пайдаланып, берілген объектілердің географиялық координаталарын анықтаңдар: Хаңң-Тәңірі шыңы, Мәскеу қаласы, Виктория сарқырамасы, Ключевская жанартауы, Аконкагуа шыңы.

Тапсырмаларды орындайды. 

ІІІ

Мұғалім жалпы сабақ барысын қорытындылайды. Сосын оқушыларды үзіліске жібереді.

Оқушылар үзіліске шығады.   

Сабақ: 7

Күні: Кеңес мектебі – 24.09.2011                         Ямышев мектебі – 27.09.2011                        

Тақырыбы: Литосфералық тақталардың қозғалысы. Жер бедері

Мақсат-міндеттер:

Білімділік мақсаты – Оқушыларға климаттық жағдайлардың географиялық ендік пен Күн сәулесінің түсу мөлшеріне тәуелділігін, жер бетінде ауа температурасы мен қысымның, ауа массалары мен желдердің, жауын-шашынның таралуы арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды климаттық карталар мен географиялық білімге сүйене отырып негіздеу.

Дамытушылық мақсаты – Проблемалық жағдай туғыза отырып, оқушылардың ойлау қабілетін дамыту. Климаттық картаны қолдана білуге, ол арқылы белгілі бір жердің климаттық жағдайын сипаттай білуге үйрету. Сондай-ақ бұндай карталарды қалай пайдалану жолдары мен жұмыс істеудің қарапайым әдіс-тәсілдерін жетілдіру. Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын, танымдық қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік мақсаты – Оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру. Саяхатшылардың батыл да табандылығы мысалында оқушыларды Отансүйгіштікке, батылдық пен табандылыққа тәрбиелеу.

Оқу құралдары: Оқулық, 7 сынып Атлас, Дүниежүзінің физикалық картасы, глобус, кескін карталар

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс

Сабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру (2 мин)

ІІ кезең – үй тапсырмасын тексеру (10 мин)

ІІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (10 мин)

ІV кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (15 мин)

V кезең – үйге тапсырма беру (4 мин)

VІ кезең – бағалау кезеңі (2 мин),

VІІ кезең – қорытынды (2 мин)

Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

І

Мұғалім оқушыларды тыныштыққа орнатады.

Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Тәртіпке келеді де, сабаққа даяр отырады.

ІІ

Ең алдымен мұғалім оқушылардың дәптерлерін тексеріп, сосын орындаған тапсырмаларды тексереді. Қателіктерін айтады.

Мұғалімге өз дәптерлерін тексеруге береді.

ІІІ

Ең алдымен мұғалім жел деген не? Оның қандай түрлерін білесіңдер? Атмосфералық жауын-шашын деген не? Оның қандай түрлерін білесіңдер?

Сосын ауа массалары мен желдерге анықтама беріп, олардың өзара айырмашылығын айтып береді. Ауа массаларының түрлерін айтып, олардың қайда таралғанын көрсетеді.

Сосын балаларды екі топқа бөліп, тақырыпты бөліп береді. 

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, мұғалімді тыңдайды, білген білімдерін еске түсіреді.

Оқушылар топтарға бөлініп, өз тақырыптарын қорғайды, сосын бір-біріне сұрақтарды қояды.

ІV

Материалды бекіту кезеңінде оқушылар оқыған тақырыпты айтып, бір-біріне сұрақтарды қояды.

Сосын балаларға келесі тапсырманы береді: Атластағы климаттық карталарды пайдаланып, Еуразияның, Африка мен Аустралияның ең көп және ең аз жауын-шашын түсетін аймақтарды анықтаңдар.

Оқушылар білімдерін бекіту үшін сұрақтарға жауап береді. Бір бірін тыңдап білімдерін бекітеді.

V

Үй жұмысы:

1. §7 оқып, қысқаша конспект жазу.

Оқушылар үй жұмысын жазып алады.

Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды және неге солай бағалағанын айтады.

Мұғалімді тыңдап, бағаланады.

VІІ

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушылардың тәртібіне тоқталады. Қоштасады.

Қоштасады.

Сабақ: 8

Күні: Кеңес мектебі – 26.09.2011                         Ямышев мектебі – 28.09.2011                        

Тақырыбы: Ішкі және сыртқы күштердің жер бедерін қалыптастырудағы ролі мен мұхиттар карталары.

Мақсат-міндеттер:

Оқушыларға климаттық жағдайлардың географиялық ендік пен Күн сәулесінің түсу мөлшеріне тәуелділігін, жер бетінде ауа температурасы мен қысымның, ауа массалары мен желдердің, жауын-шашынның таралуы арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды климаттық карталар мен географиялық білімге сүйене отырып негіздеу.

Дамытушылық мақсаты – Проблемалық жағдай туғыза отырып, оқушылардың ойлау қабілетін дамыту. Климаттық картаны қолдана білуге, ол арқылы белгілі бір жердің климаттық жағдайын сипаттай білуге үйрету. Сондай-ақ бұндай карталарды қалай пайдалану жолдары мен жұмыс істеудің қарапайым әдіс-тәсілдерін жетілдіру. Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын, танымдық қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік мақсаты – Географиялық карта жасаудың өте көп уақыт пен тереңде тиянақты білімді және асқан қажырлылық пен төзімділікті талап ететіндігін түсіндіру арқылы, оқушыларды ғалым-картографтар еңбегін бағалауға, еңбекқорлыққа тәрбиелеу, оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.

Оқу құралдары: Оқулық, 7 сынып Атлас, жарты шарлар физикалық картасы, глобус

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс

Сабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру (2 мин)

ІІ кезең – үй тапсырмасын тексеру (15 мин)

ІІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (19 мин)

ІV кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (5 мин)

V кезең – бағалау кезеңі (2 мин)

VІ кезең – қорытынды (2 мин)

Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

І

Мұғалім оқушылармен амандасып, тыныштыққа орнатады. Сосын тәртібін орнатып, балалардың кім-жоғын сұрайды.

Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Сәлемдеседі, тәртіпке келеді де, сабаққа даяр отырады.

ІІ

Мұғалім үй тапсырмасын тексергенде ең алдымен дәптерлерін тексереді, сосын балаларға келесі сұрақтарды қояды.

1. Ауа массасы дегеніміз не? Оның қандай түрлері бар?

2. Мұхиттық және континенттік ауа массаларының бір-бірінен қандай айырмашылығы бар?

3. Жел дегеніміз не?

4. Өзіміздің тұрған жерінде ауа массаларының қандай түрлері бар?

Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап береді.

ІІІ

Жаңа сабақты түсіндіру алдында ауа массаларының орын ауыстыруының себебі неде? Климаттың ауа райынан қандай айырмашылығы бар? деген сұрақтарды қояды.

Одан кейін мұғалім климаттық белдеулерге анықтама жазыңдар деп айтады да, климаттық белдеулер негізгі және өтпелі болып бөлінетінін айтады. Негізгі (экваторлық, тропиктік, қоңыржай және арктикалық немесе антарктикалық), өтпелі («суб» деген сөзі қосылады).

Сосын климат қалыптастырушы факторларға анықтама беріп, 27-сурет арқылы түсіндіреді.   

Сұрақтара жауап береді және мұғалімді тыңдап, түсінбеген жерлерін сұрайды. Сосын климат қалыптастырушы факторлар суретін сызып алады.

ІV

Тақырыпты бекіту үшін мұғалім келесі тапсырмаларды береді:

1. Оқулық мәтіні мен климаттық белдеулер картасын пайдаланып, арктикалық, субарктикалық және антарктикалық, субантарктикалық климаттық белдеулерге сипаттама беріңдер.

Тақырыпты бекіту үшін тапсырманы орындайды.

V

Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды және неге солай бағалағанын айтады.

Мұғалімді тыңдап, бағаланады.

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушыларды үзіліске жібереді.

Үзіліске шығады.

Сабақ: 10

Күні: Кеңес мектебі – 03.10.2011                         Ямышев мектебі – 05.10.2011                        

Тақырыбы:  №1 сарамаңдық жұмыс 

Мақсат-міндеттер:

Білімділік мақсаты – оқушылардың жалпы географиялық білімдерін одан әрі меңгеру және бекіту.

Дамытушылық мақсаты – Проблемалық жағдай туғыза отырып, оқушылардың ойлау қабілетін дамыту. Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын, танымдық қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік мақсаты – Оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру. Дүниежүзілік мұхит суларында тіршіліктің таралу ерекшелігі, мұхит табиғатын зерттеу жолдары, мұхит табиғатын қорғау шаралары туралы экологиялық білім беру.

Оқу құралдары: Оқулық, 7 сынып Атлас, Дүниежүзінің физикалық картасы, глобус, кескін карталар

Сабақ түрі: Қорытынды қайталау сабағы

Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс

Сабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру (3 мин)

ІІ кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (40 мин)

ІІІ кезең – қорытынды (2 мин)

Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

І

Мұғалім оқушыларды тыныштыққа орнатады.

Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Тәртіпке келеді де, сабаққа даяр отырады.

ІІ

Тапсырмалармен таныстырып, оларды орындауға бағыт-бағдар береді.

1 тапсырма. Физикалық карта мен жер қыртысының құрылысы картасын салыстыра отырып, әр байланыс түріне үш мысалдан келтіріңдер:

а) платформа – жазық;

ә) ерте қатпарлы аймақ – орташа биіктегі таулар;

б) жаңа қатпарлы аймақ – биік таулар.

2 тапсырма. Солтүстік тропик ауданындағы Африканың климатын төмендегі жоспар бойынша сипаттап беріңдер:

а) қаңтар айының орташа температурасы;

ә) шілде айының орташа температурасы;

б) тіркелген максимальды және минимальды температура;

в) қаңтар және шілде айларындағы басым желдер;

г) жылдық жауын-шашын мөлшері.

3 тапсырма. Климат белдеулері картасы бойынша анықтаңдар:

а) экваторлық климат белдеуі қай материктер арқылы өтеді?

ә) Австралия қандай климат белдеулерінде орналасқан?

б) қай материкте барлық климат белдеулері кездеседі?

в) қай материкте климат белдеулерінің саны аз?

Оқушылар тапсырмаларын орындайды. Түсінбеген жерлерін мұғалімнен сұрайды. 

ІІІ

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушылардың тәртібіне тоқталады. Қоштасады.

Қоштасады.

Сабақ: 9

Күні: Кеңес мектебі – 01.10.2011                         Ямышев мектебі – 04.10.2011                        

Тақырыбы: Солт. жарты шар материктері табиғатындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтар

Мақсат-міндеттер:

Білімділік мақсаты – Солтүстік жарты шар материктерінің (Еуразия мен Солтүстік Америка) қазіргі кездегі бір-бірінен қашық орналасқанына қарамастан олардың табиғат жағдайларындағы ұқсастықтарын түсіндіру. Әр материктің табиғат жағдайларындағы өзіндік ерекшеліктерін ашып көрсету.

Дамытушылық мақсаты – Проблемалық жағдай туғыза отырып, оқушылардың ойлау қабілетін дамыту. Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын, танымдық қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік мақсаты – Оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.

Оқу құралдары: Оқулық, 7 сынып Атлас, Дүниежүзінің физикалық картасы, глобус, кескін карталар

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс

Сабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру (2 мин)

ІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (20 мин)

ІІІ кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (15мин)

ІV кезең – үйге тапсырма беру (4 мин)

V кезең – бағалау кезеңі (2 мин),

VІ кезең – қорытынды (2 мин)

Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

І

Мұғалім оқушыларды тыныштыққа орнатады.

Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Тәртіпке келеді де, сабаққа даяр отырады.

ІІІ

Сабақты жаңа материалды оқып үйренуден бастайды. Географиялық қабықтың ең ірі кешендері – материктер мен мұхиттар, олардың табиғатының қалыптасуы мен дамуы,материктер солтүстік және оңтүстік жарты шар материктеріне топтастырылып қаралатындығы жайлы айтып өтеді. Мұғалім материктерді жарты шарларға бөліп қарастыруда тек қана географиялық орындарына байланысты емес, олардың ұзақ уақыт бірге дамыған тарихи жағынан да байланысты топтастырылатынын айтады.

Одан кейін мұғалім солтүстік жарты шар материктері табиғатындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды ашып көрсетуге береді.

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, мұғалімді тыңдайды, білген білімдерін еске түсіреді.

Оқушылар топтарға бөлініп, өз тақырыптарын қорғайды, сосын бір-біріне сұрақтарды қояды.

ІV

Материалды бекіту кезеңінде мұғалім параграф соңындағы сұрақтарды қояды және мына кестені толтыруға тапсырма береді.

Ұқсатықтары

Айырмашылықтары

Еуразия

Солтүстік Америка

Географиялық орны

Жер бедері

Мұз басулар

Климаты

Табиғат зоналары

Оқушылар білімдерін бекіту үшін сұрақтарға жауап береді. Кестені толтырады.

V

Үй жұмысы:

1. §11, 12, 13 оқып, қысқаша конспект жазу.

2. Оқулықтағы берілген тақырыптары бойынша реферат жазу.

Оқушылар үй жұмысын жазып алады, түсінбеген сұрақтарды сұрайды.

Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды және неге солай бағалағанын айтады.

Мұғалімді тыңдап, бағаланады. Күнделіктерін береді.

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушылардың тәртібіне тоқталады. Қоштасады.

Қоштасады.

Сабақ: 10

Күні: Кеңес мектебі – 03.10.2011                         Ямышев мектебі – 05.10.2011                        

Тақырыбы: Физикалық-географиялық орны

Мақсат-міндеттер:

Білімділік мақсаты – материктердің географиялық орнының ұғымын қалыптастыру. Еуразия материгінің географиялық орнының ерекшелігін көрсету, Еуразияның қоныстануы мен зерттелу тарихымен таныстыру.

Дамытушылық мақсаты – Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын, танымдық қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік мақсаты – оқушыларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу, өз ойларын жеткізе білуіне, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.

Оқу құралдары: Оқулық, 7 сынып Атлас, жарты шарлар физикалық картасы, глобус

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс

Сабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру (2 мин)

ІІ кезең – үй тапсырмасын тексеру (15 мин)

ІІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (19 мин)

ІV кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (5 мин)

V кезең – бағалау кезеңі (2 мин)

VІ кезең – қорытынды (2 мин)

Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

І

Мұғалім оқушылармен амандасып, тыныштыққа орнатады. Сосын тәртібін орнатып, балалардың кім-жоғын сұрайды.

Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Сәлемдеседі, тәртіпке келеді де, сабаққа даяр отырады.

ІІ

Мұғалім үй тапсырмасын тексергенде ең алдымен дәптерлеріндегі кестені тексереді, сосын келесі сұрақтарды қояды:

1. Географиялық қабық қандай компоненттерден тұрады? Олардың өзара қандай байланысы бар екенін өз жерлерінің табиғаты мысалында сипаттаңдар.

2. Ең ірі табиғат кешенге не жатады?

3. Географиялық қабық дегеніміз не? Оның қандай заңдылықтары бар?

4. Табиғаттағы зоналылық дегеніміз не? Сендер тұратын жерлерде қандай табиғат зонасы бар?

5. Солтүстік жарты шар материктеріне қандай материктер жатады және неге?

Сосын балалардың рефераттарын жинап алады және әрбір балаға тақырып бойынша сұрақ қояды.

Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап береді және өз рефераттарын қорғайды.

ІІІ

Жаңа сабақты түсіндіру алдында материктерді оқып үйрену Еуразия материгінен басталатынын айтады. Еуразияның географиялық орнын оқығанда оқушылар «материктің географиялық орны» ұғымымен алғаш рет танысады. Кез келген материктің географиялық орнын сипатау жоспарын береді:

а) материктің экваторға байланысты орналасу;

ә) бас меридианға қатысты орналасу;

б) тропиктік және поляр шеңберлерге қатысты орналасу;

в) градус торабына қатысты орналасу;

г) басқа материктерге қатысты орналасу;

ғ) мұхиттар мен теңіздерге қатысты орналасу;

д) географиялық белдеулерге қатысты орналасу.

Сосын материктің шеткі нүктелерін анықтауды үйретеді және оларды дәптерге жазып алуды ұсынады.

Бұдан кейін Еуразия ең ірі материк, бүкіл құрлықтың 1/3 бөлігін алып жатыр, басқа материктермен салыстырғанда үлкен екенін, материктің ішкі аймақтары өте алыс жатып, бұның өзі климаттың қатаң континентті, құрғақ болып келетінін қорытында жасайды. Сосын Еуразияның қоныстану тарихы тақырыбын балаларға бөліп береді.

«Материктің географиялық орны» ұғымымен танысып, мұғаліммен бірге оқулық мәтіні мен жарты шарлар физикалық картасын пайдаланыпы Еуразияның географиялық орнын сипаттайды.

Сосын Еуразияның қоныстану тарихы тақырыбын өз беттерінше оқып, талқылайды.

ІV

Тақырыпты бекіту үшін балаларға тақырыпты өз беттерінше оқып шығуға және кескін картаға Еуразияның шеткі нүктелерін түсіруге тапсырма береді

Тақырыпты бекіту үшін балалар бір-біріне Еуразияның қоныстану тарихы бойынша сұрақтарды қояды және шеткі нүктелерін кескін картаға түсіреді.

V

Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды және неге солай бағалағанын айтады.

Мұғалімді тыңдап, бағаланады.

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушыларды үзіліске жібереді.

Үзіліске шығады.

Сабақ: 13

Күні: Кеңес мектебі – 15.10.2011                         Ямышев мектебі – 18.10.2011                        

Тақырыбы: Материктің ашылу және зерттелу тарихы

Сабақ: 11-12

Күні: Кеңес мектебі – 08-10.10.2011                               Ямышев мектебі – 11-12.10.2011                        

Тақырыбы: Материктің пішіні мен жағалау сызығы, жағасындағы мұхиттар мен теңіздер, олардың материктер табиғатына тигізетін әсері

Мақсат-міндеттер:

Білімділік мақсаты – Еуразия материгін қандай мұхиттар мен теңіздер шайып жатқандығын анықтау және жағалық сызықтары материктің қай бөлігінде көбірек тілімдегенін анықтау, мұхиттар мен теңіздерді сипаттау.

Дамытушылық мақсаты – оқушылардың жалпы оқу іскерліктерін үйрету, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын, танымдық қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік мақсаты – Оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.

Оқу құралдары: Оқулық, 7 сынып Атлас, Дүниежүзінің физикалық картасы, глобус, кескін карталар

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдістері: Репродуктивті әдіс

Сабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру (2 мин)

ІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (10 мин)

ІІІ кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (25 мин)

ІV кезең – үйге тапсырма беру (4 мин)

V кезең – бағалау кезеңі (2 мин),

VІ кезең – қорытынды (2 мин)

Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

І

Мұғалім оқушыларды тыныштыққа орнатады.

Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Тәртіпке келеді де, сабаққа даяр отырады.

ІІІ

Ең алдымен, Еуразияны қандай мұхиттар шайып жатқанын сұрайды. Сосын осы мұхиттарға сипаттама беруді оқулық соңындағы жоспар бойынша үйретеді.

а) географиялық орны мен ауданы;

ә) орташа тереңдігі мен ең терең жері;

б) мұхит табанының жер бедері;

в) Жағалауының тілімденуі, теңіздері мен аралдары;

г) Мұхиттағы беткі ағыстар, олардың материк табиғатына тигізетін әсері;

ғ) мұхит байлықтары және оларды игеру жолдары;

д) Мұхиттардың экологиялық жағдайы.

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, сипаттама беру жоспарын жазып алып, оны жаттап алады.

Оқушылар топтарға бөлініп, өз мұхиттарын жоспар бойынша сипаттайды.

ІV

Материалды бекіту кезеңінде мұғалім келесі тапсырманы береді.

1. Оқулық мәтіні мен атлас карталарын пайдаланып, Еуразия материгін шайып жатқан мұхиттарына жоспар бойынша сипаттама беру.  

Оқушылар білімдерін бекіту үшін тапсырманы орындайды.

V

Үй жұмысы:

1. §14, 15 оқып, қысқаша конспект жазу, мазмұнын айту.

2. Кескін картаға материктің қиыр нүктелерін, оны шайып жатқан мұхиттар мен теңіздерді, шығанақтар мен бұғаздарды және Еуропа мен Азияның шартты шекарасын түсіру.

3. Тапсырманы аяқтау.

Оқушылар үй жұмысын жазып алады, түсінбеген сұрақтарды сұрайды.

Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды және неге солай бағалағанын айтады.

Мұғалімді тыңдап, бағаланады. Күнделіктерін береді.

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушылардың тәртібіне тоқталады. Қоштасады.

Қоштасады.

Сабақ: 14-15

Күні: Кеңес мектебі – 17-22.10.2011                               Ямышев мектебі – 19-25.10.2011                        

Тақырыбы:Еуразияның жер бедері және оның басты ерекшеліктері

Мақсат-міндеттер:

Білімділік мақсаты – Құрлықтың жер бедері туралы бұрынғы алған теориялық білімдері негізінде Еуразияның жер бедерінің ерекшеліктерін ашу, материктің пайдалы қазбалары мен олардың орналасу заңдылықтарымен таныстыру.

Дамытушылық мақсаты – Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын, танымдық қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік мақсаты – оқушыларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу, өз ойларын жеткізе білуіне, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.

Оқу құралдары: Оқулық, 7 сынып Атлас, жарты шарлар физикалық картасы, глобус

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс

Сабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру (2 мин)

ІІ кезең – үй тапсырмасын тексеру (15 мин)

ІІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (19 мин)

ІV кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (5 мин)

V кезең – бағалау кезеңі (2 мин)

VІ кезең – қорытынды (2 мин)

Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

І

Мұғалім оқушылармен амандасып, тыныштыққа орнатады. Сосын тәртібін орнатып, балалардың кім-жоғын сұрайды.

Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Сәлемдеседі, тәртіпке келеді де, сабаққа даяр отырады.

ІІ

Мұғалім үй тапсырмасын тексергенде ең алдымен дәптерлеріндегі тапсырманы тексереді, сосын келесі сұрақтарды қояды:

1. Еуразияның ең биік нүктесі? Ең төмен жатқан нүктесі?

2. Еуразияның географиялық орнына сипаттама беріңдер.

3. Еуразияның шеткі нүктелері, қоныстану мен зерттелу тарихынан не білесіңдер.

4. Еуразияны шайып жатқан мұхиттары туралы не білесіңдер?

Сосын балалардың кескін карталарын тексеріп, бағалайды.

Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап береді және өз дәптерлер мен кескін карталарын тексеруге береді.

ІІІ

Жаңа сабақты түсіндіру барысында Еуразияның жер бедері алуан түрлі екенін айтып, орташа биіктігі 840 м, жартысынан астамы таулар, ең биік шыңы Джомолунгма (8848м) мен ең төмен нүктесін Өлі теңіз (-403м) айтады. Сосын балаларға биіктік ауытқуын анықтаңдар деп тапсырма береді.

Материктің негізін құрайтын Еуразия тақтасы әр түрлі жастағы құрылымдарынан тұрады (Шығыс Еуропа, Сібір, Қытай-Корей, Оңтүстік Қытай платформалар). Оңтүстігінде өте күшті тау жасалу жүрді (Кавказ таулары, Армян және Иран таулы қыраты, Памир, Тибет таулы қыраты, Гималай таулары). 

Еуразия арқылы д.ж-де аса ірі екі сейсмикалық белдеу өтеді (Альпі-Гималай белдеуі, Тынық мұхиттық геосинклинальді белдеу). Еуразияда ең биік жанартау – Ключи шоқысы (4750м).

Сосын балаларға жер бедерінің негізгі түрлері тақырыпшасын оқушыларға бөліп береді: Сосын еуразия пайдалы қазбаларға өте бай екенін айтып, олар түзілу жағдайларына байланысты магмалық және шөгінді болып бөлінетінін айтады.

Оқушылар мұғалімді тыңдап, сабақты бірге талдайды. Сосын балалар Еуразия материгінің биіктік ауытқуын анықтайды. 

Сосын балалар жер бедерінің негізгі түрлері тақырыпшасын өз беттерінше оқып талдайды.

ІV

ақырыпты бекіту үшін балаларға келесі тапсырманы береді:

1. Кестені толтырыңдар.

Магмалық пайдалы қазбалар

Шөгінді пайдалы қазбалар

Пайда болу жолы

Шоғырланған жері

Таралған аймақтары

Пайдалы қазба түрлері

2. Кескін картаға Еуразия аумағындағы ежелгі платформаларды және оларға сәйкес келетін ірі жазықтарды, геосинклиналдық белдеулер мен олардағы тау жоталарының жату бағыттарын белгілеп, аттарын жазыңдар.

Тақырыпты бекіту үшін балалар тапсырмаларды орындайды.

V

Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды және неге солай бағалағанын айтады.

Мұғалімді тыңдап, бағаланады.

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушыларды үзіліске жібереді.

Үзіліске шығады.

Сабақ: 19

Күні: Кеңес мектебі – 14.11.2011                         Ямышев мектебі – 15.11.2011                        

Тақырыбы: Материктің ашылу және зерттелу тарихы

Мақсат-міндеттер:

Білімділік мақсаты – Ең үлкен материктің климат жағдайларының ерекшеліктері жөніндегі білімді қалыптастыру: Еуразия климатына қатысты әрбір климат қалыптастырушы

Дамытушылық мақсаты – оқушылардың жалпы оқу іскерліктерін үйрету, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын, танымдық қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік мақсаты – Оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.

Оқу құралдары: Оқулық, 7 сынып Атлас, Дүниежүзінің физикалық картасы, глобус, кескін карталар

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдістері: Репродуктивті әдіс

Сабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру (2 мин)

ІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (10 мин)

ІІІ кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (25 мин)

ІV кезең – үйге тапсырма беру (4 мин)

V кезең – бағалау кезеңі (2 мин),

VІ кезең – қорытынды (2 мин)

Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

І

Мұғалім оқушыларды тыныштыққа орнатады.

Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Тәртіпке келеді де, сабаққа даяр отырады.

ІІІ

Ең алдымен, Еуразияны қандай мұхиттар шайып жатқанын сұрайды. Сосын осы мұхиттарға сипаттама беруді оқулық соңындағы жоспар бойынша үйретеді.

а) географиялық орны мен ауданы;

ә) орташа тереңдігі мен ең терең жері;

б) мұхит табанының жер бедері;

в) Жағалауының тілімденуі, теңіздері мен аралдары;

г) Мұхиттағы беткі ағыстар, олардың материк табиғатына тигізетін әсері;

ғ) мұхит байлықтары және оларды игеру жолдары;

д) Мұхиттардың экологиялық жағдайы.

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, сипаттама беру жоспарын жазып алып, оны жаттап алады.

Оқушылар топтарға бөлініп, өз мұхиттарын жоспар бойынша сипаттайды.

ІV

Материалды бекіту кезеңінде мұғалім келесі тапсырманы береді.

1. Оқулық мәтіні мен атлас карталарын пайдаланып, Еуразия материгін шайып жатқан мұхиттарына жоспар бойынша сипаттама беру.  

Оқушылар білімдерін бекіту үшін тапсырманы орындайды.

V

Үй жұмысы:

1. §14, 15 оқып, қысқаша конспект жазу, мазмұнын айту.

2. Кескін картаға материктің қиыр нүктелерін, оны шайып жатқан мұхиттар мен теңіздерді, шығанақтар мен бұғаздарды және Еуропа мен Азияның шартты шекарасын түсіру.

3. Тапсырманы аяқтау.

Оқушылар үй жұмысын жазып алады, түсінбеген сұрақтарды сұрайды.

Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды және неге солай бағалағанын айтады.

Мұғалімді тыңдап, бағаланады. Күнделіктерін береді.

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушылардың тәртібіне тоқталады. Қоштасады.

Қоштасады.

Сабақ: 20-21-22

Күні: Кеңес мектебі – 19,21,26.11.2011                          Ямышев мектебі – 16,22,23.11.2011                        

Тақырыбы: Материктің ішкі сулары. Ішкі ағын аумағы. Өзендер режимі мен қоректенуінің негізгі типтері. Қазіргі мұз басу, көпжылдық тоң

Мақсат-міндеттер:

Білімділік мақсаты – Құрлықтың ішкі суларының жер бедері мен климатқа байланыстылығын көрсете отырып,  Еуразия өзендерінің жалпы ерекшеліктерін, сондай-ақ Солтүстік Мұзды, Атлант, Тынық және Үнді мұхиттарының су алаптарының ерекшеліктерін көрсету.

Дамытушылық мақсаты – Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын, танымдық қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік мақсаты – оқушыларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу, өз ойларын жеткізе білуіне, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.

Оқу құралдары: Оқулық, 7 сынып Атлас, жарты шарлар физикалық картасы, глобус

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс

Сабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру (2 мин)

ІІ кезең – үй тапсырмасын тексеру (15 мин)

ІІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (19 мин)

ІV кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (5 мин)

V кезең – бағалау кезеңі (2 мин)

VІ кезең – қорытынды (2 мин)

Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

І

Мұғалім оқушылармен амандасып, тыныштыққа орнатады. Сосын тәртібін орнатып, балалардың кім-жоғын сұрайды. Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Сәлемдеседі, тәртіпке келеді де, сабаққа даяр отырады.

ІІ

Мұғалім үй тапсырмасын тексергенде ең алдымен дәптерлерін және кескін карталарын тексереді және бір-екі баланы тақта алдына шығарып, шеткі нүктелері мен шайып жатқан теңіздері мен шығанақтарын көрсеткізеді, сосын келесі сұрақтарды қояды:

1. Еуразияда қандай климаттық белдеулер кездеседі? Бір белдеуден екінші белдеудің айырмашылығы қандай?

2. Материк көлемінің үлкендігі климатқа қалай әсер етеді?

3. Материктің батыстан шығысқа қарай кең көлемде созылып жатуы әсерінен ажыратылатын климаттық сипаттарды атап шығыңдар.

4. Еуразия мен Солтүстік Американың климаттық белдеулеріндегі ұқсастық пен айырмашылығы неде?

Оқушылар мұғалімге өз дәптерлер мен кескін карталарын тексеруге береді. Бір-екі бала тақта алдына шығып, Еуразияның шеткі нүктелерін, оны шайып жатқан теңіздері мен шығанақтарын, бұғаздар мен Еуропа мен Азияның шекарасын көрсетеді.  Сосын оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап береді. Жауаптарын тақта алдында дәлелдейді.

ІІІ

Жаңа сабақты түсіндіру барысында мұғалім келесі сұрақтарды қояды: материктің көлемі өзеннің ұзындығына қалай әсер етеді? Оқушылардың жауаптарын жинақтап, Еуразияның басты ерекшелігі – ірі өзендердің көп екенін айтады. Одан кейін өзендердің орналасуына жер бедері қалай әсер етеді?

Өзендерлің климатқа байланыстылығын анықтау үшін өзендердің су жинауына және олардың суының молдығына, режиміне климат қалай әсер етеді?

Келесі кезекте мұғалім оқулықтағы «Мұхиттар мен ішкі тұйық алаптары» деген сурет бойынша Еуразияның су алаптарын және олардың шекараларын анықтайды. Сосын оқушыларды бес топқа бөліп, оларға су алаптары өзендерінің ерекшелігін анықтаңдар деген тапсырманы береді.

Одан кейін балаларға Еуразиядағы көлдер, қазіргі заманғы мұз басу, көпжылдық тоң, батпақтар мен жер асты сулар тақырыпшаларын бөліп береді.

Оқушылар мұғалімді тыңдап, сабақты бірге талдайды. Материктің көлемі өзеннің ұзындығына әсер етеді, сондықтан да Еуразия ең үлкен материк болғасын, ондағы ірі өзендері өте көп екенін айтады.  

Оқушылара өзендердің орналасуына жер бедері қалай әсер етеді деген сұраққа Еуразия мен Солтүстік Американың өзендерін мысалға ала отырып, бұл байланыстылықты көрсетеді.

Оқушылар Еуразия өзендері режимінің өте алуан түрлі болып келеді деп өздері қорытынды шығарады. Оқушылар одан әрі ішкі тұйық алап көлемінің үлкен болып келу себептерін анықтайды.

Балалар сурет бойынша өзен алаптарын шекарасын анықтайды да, оларды физикалық картадан көрсетеді.

Оқушылар Еуразиядағы көлдер, қазіргі заманғы мұз басу, көпжылдық тоң, батпақтар мен жер асты сулар тақырыпшаларын бөліп беріп, оларды оқиды, қорғайды және бір-біріне сұрақтарды қояды. 

ІV

Тақырыпты бекіту үшін балаларға келесі тапсырманы береді:

1. Картаны пайдаланып, оқулық соңындағы жоспар бойынша материктің бір өзеніне сипаттама беру.

2. Оқулықтағы 42 суретті пайдаланып, Янцзы өзеніндегі су деңгейінің жыл ішінде өзгеруін талдап, себебін түсіндіріңдер.

Тақырыпты бекіту үшін балалар тапсырмаларды орындайды. Сосын балалар жоспар бойынша бір өзенге сипаттама береді.

Сосны балалар оқулықтағы 42 суретті пайдаланып, Янцзы өзеніндегі су деңгейінің жыл ішінде өзгеруін талдап, себебін түсіндіреді.

Сабақтың соңында екі бала сынап алдында орындалған жұмыстар туралы есеп береді.

V

Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды және неге солай бағалағанын айтады.

Мұғалімді тыңдап, бағаланады.

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушыларды үзіліске жібереді.

Үзіліске шығады.

Сабақ: 23-24

Күні: Кеңес мектебі – 28.11.- 03.12. 2011                                   Ямышев мектебі – 29,30.11.2011                        

Тақырыбы: Материктің табиғат зоналары. Альпі мен Гималайдағы биіктік белдеулік

Мақсат-міндеттер:

Білімділік мақсаты – Табиғат зоналары туралы жалпы ұғымды жете түсіндіру, материктегі табиғи зоналылық ерекшеліктерінің климат жағдайларына байланыстылығын, зоналардың орналасу ерекшеліктерін ашып көрсету.

Дамытушылық мақсаты – оқушылардың жалпы оқу іскерліктерін үйрету, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын, танымдық қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік мақсаты – Оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.

Оқу құралдары: Оқулық, 7 сынып Атлас, Дүниежүзінің физикалық картасы, глобус, кескін карталар

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдістері: Репродуктивті әдіс

Сабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру (2 мин)

ІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (10 мин)

ІІІ кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (25 мин)

ІV кезең – үйге тапсырма беру (4 мин)

V кезең – бағалау кезеңі (2 мин),

VІ кезең – қорытынды (2 мин)

Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

І

Мұғалім оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Тәртіпке келеді де, сабаққа даяр отырады.

ІІІ

Жаңа материалды бастағанда мұғалім тақырыпқа кіріспен әңгімелесуге арналған Табиғат зонасы деп нені айтады? Неліктен барлық табиғат зоналары солтүстіктен оңтүстікке қарай ауысады? деген сұрақтарға жауап алудан бастайды.

Табиғат зоналарын оқып үйрену арктикалық шөл зонасынан басталады. Ең бірінші табиғат зоналарының географиялық орны және климаттық ерекшеліктері, арктикалық шөл зонасының жылуды аз алу себептерін анықтайды. Мұғалім алғашқы қорытынды жасайды, табиғат зоналарының орналасуы климатқа, ең алдымен температураға байланысты. Табиғат зоналары күннен алатын жылу мөлшерінің арту шамасы бойынша солтүстіктен оңтүстікке ауысады.

Бұдан кейін оқушылар табиғат зоналары картасынан 80 ш.б. бойымен табиғат зоналарының солтүстіктен оңтүстікке қарай таралу ретін анықтайды. Табиғат зоналары ішінен қоңыржай климаттық белдеудің көпшілік бөлігін тайга зонасы алып жатқанын айтады.

Келесі кезекте оқушылар тундра мен орманды тундра зоналарын сипаттап, ондағы өсімдік пен жануар дүниесінің тіршілік ету ортасына бейімделуіне көңіл аударады.

ІV

Материалды бекіту кезеңінде мұғалім параграф соңындағы сұрақтарды қояды және келесі тапсырманы береді.

1.                Оқулықты пайдаланып, кестені толтырыңдар.

Табиғат зоналары

Негізгі ерекшеліктер

Оқушылар білімдерін бекіту үшін параграф соңындағы сұрақтарға жауап береді және оқулық мәтіні мен атластағы тақырыптық карталарды, Дүние жүзінің физикалық картаны пайдаланып, кестені толтырады.

V

Үй жұмысы:

1. §20, 21-22 оқып, қысқаша конспект жазу, мазмұнын айту.

2. Кескін картаға Еуразияның ірі өзендері мен көлдерін түсіру.

3. Бір  табиғат зонасына оқулық соңындағы жоспар бойынша сипаттама беру. 

Оқушылар үй жұмысын жазып алады, түсінбеген сұрақтарды сұрайды.

Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды және неге солай бағалағанын айтады.

Мұғалімді тыңдап, бағаланады. Күнделіктерін береді.

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушылардың тәртібіне тоқталады. Қоштасады.

Қоштасады.

Сабақ: 25-26

Күні: Кеңес мектебі – 05,10.12.2011                               Ямышев мектебі – 06,07.12.2011                        

Тақырыбы: Еуразия материгіндегі халықтар мен елдер. Халықтың саны және географиялық орналасу ерекшеліктері

Мақсат-міндеттер:

Білімділік мақсаты – Еуразия халқы, саны мен орналасуы, Еуразияның ұлттық және тілдік құрамы туралы білімді қалыптастыру. «Халықтары және халық тығыздығы» деген картамен жұмыс істеу дағдыларын молайту.

Дамытушылық мақсаты – Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын, танымдық қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік мақсаты – оқушыларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу, өз ойларын жеткізе білуіне, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.

Оқу құралдары: Оқулық, 7 сынып Атлас, жарты шарлар физикалық картасы, глобус

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс

Сабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру (2 мин)

ІІ кезең – үй тапсырмасын тексеру (15 мин)

ІІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (19 мин)

ІV кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (5 мин)

V кезең – бағалау кезеңі (2 мин)

VІ кезең – қорытынды (2 мин)

Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

І

Мұғалім оқушылармен амандасып, балалардың кім-жоғын сұрайды. Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Сәлемдеседі, тәртіпке келеді де, сабаққа даяр отырады.

ІІ

Мұғалім үй тапсырмасын тексергенде ең алдымен сұрақтар қояды: Материкте кездесетін табиғат зоналарың атаңдар. Олардың пайда болуын қандай жағдайлармен түсіндіруге болады? Кесте бойынша саванналар мен экваторлық ормандарды салыстырыңдар.

Сосын балалардың кескін карталарын және дәптердегі конспектілерін тексеріп, бағалайды.

Оқушылар үйде толтырып келген кестенің негізінде физикалық географияның негізгі мәселелерінің бірә – табиғат зоналары жөніндегі себеп-салдар байланыстарын қалай түсінгендігін айтады.

ІІІ

Жаңа сабақты түсіндіру барысында Еуразияның халқы, орналасуымен танысумен бастамас бұрын Жер шары халқы санының қанша екенін, халықтың тығыздығы деген не екенін, оны қалай анықтау керек екенін оқушыларға түсіндіреді. Оқушыларға халықтың орналасу ерекшеліктері мен себептерін түсіндіреді. Еуразияда 4 млрд-тан астам халық тұрады, бұл жер шары халқының ¾ бөлігі. Тек Қытай мен Үндістанның халқы 2 млрд-тан астам.

Сосын «Халықтары және халықтың тығыздығы» картасымен таныстырады. Мұғалім халық тығыздығы тек табиғат жағдайларына ғана емес, сонымен қатар тарихи жағдайларға және халықтың шаруашылық іс-әрекетіне де байланыстылығын түсіндіріп өтеді.

Одан әрі мұғалім Еуразия халықтарының ұлттық құрамы мен тілдік құрамын өз беттерінше меңгеріңдер деген тапсырманы береді.

Сосын мұғалім Еуразия елдерінің мемлекеттік құрылымы мен ұстанған саясатына қарай республикалық және монархиялық болып бөлінетіні туралы айтып, бұл құрылымдарға жеке-жеке тоқталып, олардың ерекшеліктері туралы айтады.

Жаңа сабақты меңгергенде оқушылар мұғалімді тыңдап, сабақты бірге талдайды, түсінбеген жерлерін мұғалімнен сұрайды.

Оқушылар картадан халықтың тығыздығы қай жерде қандай екенін және қай жерде қандай халықтар тұратындығын анықтайды. Картаны пайдалана отырып оқушылар мынадай сұрақтарға жауап береді: Еуразияның қай бөлігінде халық өте тығыз орналасқан? Халықтың сирек қоныстанғана аумақтарын көрсетіңдер, халықтың сирек қоныстануын немен түсіндіруге болады?

Оқушылар оқулық мәтіні мен атластарындағы тақырыптық карталарды пайдаланып, Еуразия материгінің халықтың ұлттық құрамы мен тілдік құрамына талдау жасайды.

Оқушылар саяси картамен жұмыс істеу отырып, Еуразия материгінде орналасқан ірі мемлекеттерді картадан көрсетеді.

ІV

Тақырыпты бекіту үшін мұғалім балаларға келесі тапсырманы береді:

1. Кестені толтырыңдар.

Тіл топтары

Оған кіретін халықтар

Тақырыпты бекіту үшін оқушылар оқулық мәтіні мен атластарындағы тақырыптық карталарды пайдаланып, Еуразия материгінің халықтың тілдік құрамы бойынша кесте толтырады.

V

Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды және неге солай бағалағанын айтады.

Оқушылар бір-біріңді жауап беру мен жұмыс істеу деңгейлері бойынша бағалайды.

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушыларды үзіліске жібереді.

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін мұғаліммен бірге талдайды. Үзіліске шығады.

Сабақ: 27

Күні: Кеңес мектебі – 12.12.2011                         Ямышев мектебі –13.12.2011                        

Тақырыбы: Нәсілдер мен этностар

Мақсат-міндеттер:

Білімділік мақсаты – Еуропа елдерінің географиялық орны мен табиғат ерекшеліктеріне сәйкес, тарихи-географиялық аймақтарға топтасу ерекшеліктерін көрсету. Осы аймақтарда орналасқан елдер, табиғаты мен халықтары олардың шаруашылық қызметтері туралы білімдерін қалыптастыру.

Дамытушылық мақсаты – оқушылардың жалпы оқу іскерліктерін үйрету, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын, танымдық қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік мақсаты – Оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.

Оқу құралдары: Оқулық, 7 сынып Атлас, Дүниежүзінің физикалық картасы, Дүние жүзінің саяси картасы, Еуропаның саяси картасы, глобус, кескін карталар

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдістері: Репродуктивті әдіс

Сабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру (2 мин)

ІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (10 мин)

ІІІ кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (25 мин)

ІV кезең – үйге тапсырма беру (4 мин)

V кезең – бағалау кезеңі (2 мин),

VІ кезең – қорытынды (2 мин)

Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

І

Мұғалім оқушыларды тыныштыққа орнатып,  оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Тәртіпке келеді де, сабаққа даяр отырады.

ІІІ

Ең алдымен мұғалім Еуропа елдерінің географиялық орны мен табиғат ерекшеліктеріне сәйкес Солтүстік Еуропа, Батыс Еуропа, Шығыс Еуропа, Оңтүстік Еуропа деп бөлінетіндігін баяндап, осы аймақтарды картадан көрсетеді.

Бұдан кейіні мұғалім жеке аймақтарды өз беттерінше оқып үйренуге тапсырма береді. Әрбір аймаққа сипаттама берудің жоспарын ұсынады.

1. Шекаралары мен құрамы

2. Аймаққа кіретін мемлекеттер

3. Табиғат жағдайлары

4. Халқы, олардың тұрмыс жағдайлары

5. Шаруашылығы

Оқушылар мұғалімді тыңдап, сабақты бірге талдайды.

Оқушылар берілген жоспарды Дүние жүзінің физикалық картасы, Дүние жүзінің саяси картасы, Еуропаның саяси картасы мен оқулық мәтінін пайдалана отырып, Еуропаның аймақтарына сипаттама береді.

ІV

Тақырыпты бекіту кезеңінде мұғалім оқушыларға келесі тапсырманы береді.

1. Оқулық мәтіні мен атлас карталарын пайдаланып, төмендегі кестені толтыру.

Аймақ

Осы аймаққа кіретін елдер

Мекендейтін халықтар

Шаруашылығы

Оқушылар Еуропаның аймақтарына сипаттама беріп, мына кестені толтырады.

Аймақ

Осы аймаққа кіретін елдер

Мекендейтін халықтар

Шаруашылығы

Солтүстік Еуропа

Норвегия, Швеция, Финляндия, Дания, Исландия

Норвегтер, финд

р, исландиялықтар, шведтер

Металлургия, мұнай өндіру, ағаш өңдеу, машина жасау

Батыс Еуропа

 Оқушылар кестені толтырып болған соң, қорытынды жасайды.

V

Үй жұмысы:

1. §23, 24 оқып, қысқаша конспект жазу, мазмұнын айту.

2. Тапсырманы аяқтау және қорытынды шығару.

Оқушылар үй жұмысын жазып алады, түсінбеген сұрақтарды сұрайды.

Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды және неге солай бағалағанын айтады.

Мұғалімді тыңдап, бағаланады. Күнделіктерін береді.

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушылармен қоштасады.

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін мұғаліммен бірге талдайды. Мұғаліммен қоштасады.

Сабақ: 28

Күні: Кеңес мектебі – 24.12.2011                         Ямышев мектебі – 14.12.2011                        

Тақырыбы: Материалдық және рухани мәдениеті

Мақсат-міндеттер:

Білімділік мақсаты – Шығыс Еуропа елдерінің географиялық орны мен табиғат ерекшеліктеріне сәйкес, тарихи-географиялық аймақтарға топтасу ерекшеліктерін көрсету. Осы аймақтарда орналасқан елдер, табиғаты мен халықтары олардың шаруашылық қызметтері туралы білімдерін қалыптастыру.

Дамытушылық мақсаты – Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын, танымдық қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік мақсаты – оқушыларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу, өз ойларын жеткізе білуіне, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.

Оқу құралдары: Оқулық, 7 сынып Атлас, жарты шарлар физикалық картасы, Еуропаның саяси картасы

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс

Сабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру (2 мин)

ІІ кезең – үй тапсырмасын тексеру (15 мин)

ІІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (19 мин)

ІV кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (5 мин)

V кезең – бағалау кезеңі (2 мин)

VІ кезең – қорытынды (2 мин)

Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

І

Мұғалім оқушылармен амандасып, балалардың кім-жоғын сұрайды. Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Сәлемдеседі, тәртіпке келеді де, сабаққа даяр отырады.

ІІ

Мұғалім үй тапсырмасын тексергенде ең алдымен сұрақтар қояды: Еуропа елдері неше топқа топтастырылады? Солтүстік және Батыс Еуропа елдері аймақтағы жетекші елдерді және олардың шаруашылығының басты салаларын атаңдар.

Сосын балалардың дәптердегі тапсырмаларды тексеріп, бағалайды.

Ең алдымен оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап береді: Еуропа елдері ежелден-ақ географиялық орны мен табиғат ерекшеліктеріне сәйкес төрт тарихи-географиялық аймаққа топтастырылады. Олар Солтүстік Еуропа, Батыс Еуропа, Шығыс Еуропа, Оңтүстік Еуропа. Солтүстік Еуропаның жетекшәі елдері - Норвегия, Швеция, Финляндия, Дания, Исландия, ал жетекші сала металлургия, мұнай өндіру, ағаш өңдеу, машина жасау екенін айтады. Сосын үйде орындаған тапсырмаларды көрсетеді. 

ІІІ

Ең алдымен мұғалім Шығыс Еуропа елдерінің географиялық орны мен табиғат ерекшеліктеріне сәйкес Еуропаның шығысын алып жатқандығын айтып, бұл аймақты картадан көрсетеді.

Бұдан кейін мұғалім жеке аймақтарды өз беттерінше оқып үйренуге тапсырма береді. Шығыс Еуропа аймағына сипаттама берудің жоспарын ұсынады.

1. Шекаралары мен құрамы

2. Аймаққа кіретін мемлекеттер

3. Табиғат жағдайлары

4. Халқы, олардың тұрмыс жағдайлары

5. Шаруашылығы

Оқушылар мұғалімді тыңдап, сабақты бірге талдайды.

Шығыс Еуропа аймағына кіретін мемлекеттерді картадан тауып, көрсетеді.

Оқушылар берілген жоспар бойынша Дүние жүзінің физикалық картасы, Дүние жүзінің саяси картасы, Еуропаның саяси картасы мен оқулық мәтінін пайдалана отырып, Еуропаның Шығыс Еуропа аймағына сипаттама береді.

ІV

Тақырыпты бекіту кезеңінде мұғалім оқушылардың сипаттамаларын тыңдап, сұрақтар қою арқылы олармен бірге аймақты жан-жақты талдайды.

Сосын оқушыларға келесі тапсырманы береді.

1. Кескін картаға Еуропаның тарихи-географиялық аймақтарын түсіру.

Тақырыпты бекіту кезеңінде оқушылар жоспар бойынша Шығыс Еуропа аймағына сипаттама берген соң, бір-екі бала тақта алдында сипаттама береді. Қалғандары оларға сұрақтар қою арқылы білімдерін бекітеді, бір-бірін толықтырып, білімдерін кеңейтеді. Сосын оқулық мәтіні мен атлас карталарын пайдаланып, оқушылар Еуропаның тарихи-географиялық аймақтарын кескін картаға түсіреді.

V

Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды және неге солай бағалағанын айтады.

Оқушылар бір-біріңді жауап беру мен жұмыс істеу деңгейлері бойынша бағалайды.

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушыларды үзіліске жібереді.

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін мұғаліммен бірге талдайды. Үзіліске шығады.

Сабақ: 29

Күні: Кеңес мектебі – 24,12.2011                         Ямышев мектебі – 20.12.2011                        

Тақырыбы:

Еуразия материгінде діндердің таралуы

Мақсат-міндеттер:

Білімділік мақсаты – Азияның жеке аймақтары мен елдерінің өзіндік ерекшеліктері туралы оқушылардың білімін қалыптастыру және оның табиғатындағы ерекшеліктердің себептерін көрсету.

Дамытушылық мақсаты – оқушылардың жалпы оқу іскерліктерін үйрету, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын, танымдық қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік мақсаты – Оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.

Оқу құралдары: Оқулық, 7 сынып Атлас, Дүниежүзінің физикалық картасы, Дүние жүзінің саяси картасы, Оңтүстік-Батыс Азия картасы, кескін карталар

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдістері: Репродуктивті әдіс

Сабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру (2 мин)

ІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (10 мин)

ІІІ кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (25 мин)

ІV кезең – үйге тапсырма беру (4 мин)

V кезең – бағалау кезеңі (2 мин),

VІ кезең – қорытынды (2 мин)

Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

І

Мұғалім оқушыларды тыныштыққа орнатып,  оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Тәртіпке келеді де, сабаққа даяр отырады.

ІІ

Мұғалім сабақты Еуропаның қандай аймақтарға бөлінетінін және жеке аймақтарға сипаттама берудің жоспарын естеріне түсіруден бастайды.

Бұдан кейін мұғалім мұғалім Азияның табиғаты мен шаруашылық сипатына қарай Оңтүстік-Батыс Азия, Оңтүстік Азия, Орталық және Шығыс Азия, Солтүстік Азия, Оңтүстік-Шығыс Азия болып бөлінетінін атап көрсетеді. Бұл аймақтарды дәптерлеріне жазғызып, шекарасын картадан көрсетеді.

Жеке аймақтарға сипаттама беруді Оңтүстік-Батыс Азия елдерінен бастайды. Аймақтағы сипаттама беруде Еуропа елдерінде берілген жоспар бойынша жұмыс істеуді одан әрі жалғастырады. Оңтүстік-Батыс Азия елдері шекарасы Кіші Азия, Арабия түбектері мен Иран таулы қыраттары арқылы өтеді. Құрамына Түркия, Кипр, Иран, Ирак, Ауғанстан, Сирия, Израиль, Ливан, Палестина, Иордания, Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірлігі, Йемен, Оман, Катар, Бахрейн, Кувейт мемлекеттері кіреді. Аталған мемлекеттерді Дүние жүзінің саяси картасынан қарап, табуды ұсынады.

Сосын мұғалім бұл аймақтың халқының ерекшелігі ұлттық құрамы өте күрделі екенін айтып, тақырыптық картадан бұл аймақта қандай халықтар тұратынын анықтаңдар деп айтады. 

Шаруашылығы жөнінен аймақ мұнай өндіру және мұнай өңдеумен әлемге әлгілі. Еуразияда кездесетін пайдалы қазбаларын анықтаңдар деп тапсырма береді.

Оқушылар мұғалімді тыңдап, сабақты бірге талдайды. Еуропа елдерінің географиялық орны мен табиғат ерекшеліктеріне сәйкес Солтүстік Еуропа, Батыс Еуропа, Шығыс Еуропа, Оңтүстік Еуропа деп бөлінетіндігін баяндап, осы аймақтарды картадан көрсетеді.

Жаңа материалды оқып-үйренуде оқушылар оқулықпен жұмыс істей отырып Азия көлемінің 44 шаршы шақырым, халқының саны 3,5 млрд асатынын анықтайды.

Оқушылар физикалық картамен және оқулық мәтінімен жұмыс істей отырып, Оңтүстік-Батыс Азия елдері аймағының табиғаты мен оның ерекшеліктеріне сипаттама береді.

Сосын оқушылар дүние жүзінің саяси картасынан Түркия, Кипр, Иран, Ирак, Ауғанстан, Сирия, Израиль, Ливан, Палестина, Иордания, Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірлігі, Йемен, Оман, Катар, Бахрейн, Кувейт мемлекеттерді тауып көрсетеді.

Оқушылар тақырыптық карта мен оқулық мәтінін пайдаланып, Арабия түбегі мен Месопотамия ойпатында, Жерорта теңізінің кейбір жағалық елдерінде арабтар тұрады. Кіші Азия түбегінде түріктер мен курдтар, Иран таулы қыратында парсылар, ауғандар мен тәжіктер, Арабия түбегінің Жерорта теңізі жағалауында еврейлер қоныстанған айтады. Ал Кавказда көптеген ұлттардың өкілдері тұрады, саны жағынан әзірбайжандар, грузиндер мен армяндар басым.

Келесі кезекте оқушылар Еуразияның кешенді картасын пайдалана отырып, аймақтың пайдалы қазбаларын анықтайды.

ІІІ

Тақырыпты бекіту кезеңінде мұғалім оқушыларға келесі тапсырманы береді.

1. Оқулық мәтіні мен атлас карталарын пайдаланып, төмендегі кестені толтыру.

Аймақ

Осы аймаққа кіретін елдер

Мекендейтін халықтар

Шаруашылығы

Оқушылар Еуропаның аймақтарына сипаттама беріп, мына кестені толтырады.

Аймақ

Осы аймаққа кіретін елдер

Мекендейтін халықтар

Шаруашылығы

Оңтүстік-Батыс Азия

 Оқушылар кестені толтырып болған соң, қорытынды жасайды.

ІV

Үй жұмысы:

1. §25, 26 оқып, мазмұнын айту.

2. Тапсырманы аяқтау.

3. Кескін картаға Еуропаның тарихи-географиялық аймақтарды түсіру.

Оқушылар үй жұмысын жазып алады, түсінбеген сұрақтарды сұрайды.

V

Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды және неге солай бағалағанын айтады.

Мұғалімді тыңдап, бағаланады. Күнделіктерін береді.

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушылармен қоштасады.

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін мұғаліммен бірге талдайды. Мұғаліммен қоштасады.

Сабақ: 10

Күні: Кеңес мектебі – 03.10.2011                         Ямышев мектебі – 05.10.2011                        

Тақырыбы: №1 сарамаңдық жұмыс

Мақсат-міндеттер:

Білімділік мақсаты «Еуразия» тарауы бойынша өткен білімді жүйелеу, оқушылардың жалпы географиялық білімдерін одан әрі меңгеру және бекіту.

Дамытушылық мақсаты – Оқушылардың географиялық ой-өрісін дамыту. Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, танымдық қызығушылығын дамыту, географиялық ойлауын қалыптастыру.

Тәрбиелік мақсаты – қушыларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу, өз ойларын жеткізе білуіне, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.

Оқу құралдары: Оқулық, 7 сынып Атлас, жарты шарлар физикалық картасы, Дүние жүзінің саяси картасы, Азияның саяси картасы, Еуропаның саяси картасы

Сабақ түрі: Практикалық сабақ

Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс

Сабақтың жоспары:

І кезең – ұйымдастыру кезеңі (3 мин)

ІІ кезең – білім мен икемділіктерін бекіту кезеңі (40 мин)

ІІІ кезең – қорытынды кезеңі (2 мин)

Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

І

Мұғалім оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Оқушылар сабаққа даяр отырады. Әр балада сарамаңдық жұмыс дәптері мен атласы, кескін картасы болады.

ІІ

Тапсырмалармен таныстырып, оларды орындауға бағыт-бағдар береді.

1 тапсырма. Төмендегі жоспар бойынша Еуразияның бір өзенін сипаттаңдар:

а) материктегі орны;

ә) бастауы, сағасы, алабы;

б) өзеннің бағыты мен ағысының жер бедеріне тәуелділігі;

в) қоректену көздері, режимі;

г) шаруашылық маңызы;

ғ) экологиялық жағдайы.

2 тапсырма. Кескін картаға берілген географиялық объектілерді түсіріңдер.

1. Пиай, Дежнев мүйістері

2. Беринг, Гибралтар бұғаздары

3. Үндістан, Араб түбектері

4. Жапон, Ұлыбритания аралдары

5. Орта Сібір таулы үстірті

6. Батыс Сібір, Ұлы Қытай жазықтары

7. Тянь-Шань, Гималай таулары

8. Карпат таулары

9. Ключи шоқысы, Кракатау жанартаулары

10. Амудария, Рейн өзендері

11. Балқаш, Байкал көлдері

12. Өлі теңіз, Джомолунгма шыңы

13. Тар шөлі

Оқушылар берілген жоспар бойынша қалауы бойынша бір өзенді таңдап, кескін карталар мен оқулықтағы қосымша мәліметтері көмегімен сипаттама береді. Яғни, өзеннің қай жерде орналасқанын, қандай таулар оның бастауы, қайда құятынын, қандай мұхит алабына жататынын анықтайды. Сосын өзен қай жаққа ағады, ағысы күшті ме, жоқ па, өзен немен қоректенеді және өзеннің тасуы, қатуы, деңгейінің ауытқуы т.б. туралы жазады. Сосын өзенді адамдар қалай пайдаланады және соның салдарынан өзеннің экологиясына тоқталады.

Екінші тапсырманы орындағанда ең алдымен берілген объектілерді дүние жүзінің физикалық картасынан тауып, сосын Еуразияның кескін картасына түсіреді.

ІІІ

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушылармен қоштасады.

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін мұғаліммен бірге талдайды. Мұғаліммен қоштасады.

Сабақ: 30-31

Күні: Кеңес мектебі – 26.09.01.2012                               Ямышев мектебі – 21.-27.12.2012                        

Тақырыбы: Солтүстік Америка. Материктің географиялық орны. Ашылу мен зерттелу тарихы.

Мақсат-міндеттер:

Білімділік мақсаты – Солтүстік Американың географиялық орнының ерекшеліктері, зерттелу тарихы туралы білімдерін қалыптастыру. Оқушыларға материктің жер бедері құрылысының ерекшелігін және пайдалы қазбаларының орналасуындағы ерекшеліктерді көрсету.

Дамытушылық мақсаты – Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын, танымдық қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік мақсаты – оқушыларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу, өз ойларын жеткізе білуіне, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.

Оқу құралдары: Оқулық, 7 сынып Атлас, жарты шарлар физикалық картасы, Солтүстік Американың физикалық картасы, Азияның саяси картасы

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс

Сабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру (2 мин)

ІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (40 мин)

ІІІ кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (40 мин)

ІV кезең –  үй тапсырманы беру  (3 мин)

V кезең – бағалау кезеңі (3 мин)

VІ кезең – қорытынды (2 мин)

Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

І

Мұғалім оқушылармен амандасып, балалардың кім-жоғын сұрайды. Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Сәлемдеседі, тәртіпке келеді де, одан сабаққа дайындалып отырады.

ІІ

Мұғалім жаңа сабақты оқып-үйренуді «материктің географиялық орны» ұғымының не екенін, нені қамтитынын сұраудан бастау керек. Ұғымды естеріңе түсіргеннен кейін, мұғалім материктің географиялық орнын оқып үйренуге қажетті тапсырманы береді. Мұғалім берілген тапсырмада қандай карталармен жұмыс істейтіндерін және нені анықтайтындығы жөнінен қысқаша нұсқау береді.

Мұғалім материктің ашылуы мен оны еуропалықтардың қалай игергендігі туралы оқушыларға әңгімелеп береді.

Материктің ашылу және зерттелуі туралы фактілер:

- 10 ғ-ң аяғында нормандықтар Гренландия жағалауларына, одан кейін Лабрадор түбегіне жетеді.

- 15 ғ-ң аяғында ағылшын қызметіндегі итальяндық теңізде жүзуші Джон Кабот Атлант мұхиты арқылы Солтүстік Америка жағаларына жетіп, Ньюфаунленд аралы мен Лабрадор түбегі жағалауын ашты.

- 1519ж испандық жаулап алушы Эрнан Кортес басқарған экспедиция қазіргі мексика жерін жаулап алып, испан билігін орнатады.

- 17 ғ-да ағылшын саяхатшылары Генри Гудзон және Александр Макензи материктің солтүстік және шығыс жағалауларын ашады.

- 1741ж орыс саяхатшылары Витус Беринг пен Алексей Чириков Солтүстік Американың солт-батыс жағалауларын зерттеп, Алеут аралдары мен Аляска жағалауларына келеді.

- 20 ғ-ң басында норвег поляр зерттеушісі Рауль Амундсен алғаш рет материктің солтүстік жағалауымен жүзіп өтіп, Жердің солтүстік магниттік полюстің орнын анықтады.

Солтүстік Американың жер бедері тақырыбын физикалық картадан Солтүстік Американың жер бедерінің қандай пішіндері басым екенін және «Жер қыртысының құрылысы» картасы бойынша материк ежелгі қандай платформада орналасқанын анықтауға тапсырма беруден бастайды.

Кордильера тауларының пайда болуын мұғалім литосфералық тақталар теориясына сәйкес Солтүстік Америка тақтасы мен Тынық мұхит тақтасының соқтығысу нәтижесінде пайда болғанын түсіндіреді.  Мұғалім оны Канаданың Арктикалық архипелагы, Гудзон шығанағы мен бұғаздар жүйелері қалыптасуы мысалында түсіндіреді.   Келесі айтылатын мәселелер материктегі пайдалы қазбалардың таралуындағы заңдылықтарды ашу. Кен орындарының пайда болуындағы жер қыртысының қалыптасу тарихы мен жер бедері пішіндерінің арасындағы байланыстарды анықтау. Яғни, Орталық және Ұлы жазықтардың шөгінді жыныстарында және Миссисипи ойпатында мұнай мен газ, тас көмірдің, ал Аппалач пен Кордильера тау жүйесінің қойнауларының магмалық жолмен пайда болған түсті металдарға, алтын мен уранға бай болып келетіндігін түсіндіреді.

Жарты шарлар және Солтүстік Американың физикалық карталарын пайдалана отырып, Солтүстік Американың географиялық орнын анықтайды: Солтүстік Американың экваторға, бас меридианға және Солтүстік тропикке қатысты орнын; материктің шеткі нүктелерінің геогафиялық координаталарын; басқа материктерге, мұхиттар мен теңіздерге қатысты орнын анықтайды.

Оқушылар Солтүстік Американың географиялық орнын анықтағаннан кейін, оны Еуразия материгінің географиялық орнымен салыстырады. Олардың ұқсас белгілерін анықтайды. Ұқсас белгілері: екі материк те солтүстік жарты шарда орналасқан, аумағының үлкен бөліктерінің қоңыржай белдеуде жатқандығы, солтүстігінде Солтүстік Мұзды мұхитының суларымен шайылып жатқандығын атап көрсетеді.

Бұдан кейін оқушылар оқулықтың суретін пайдаланып, Солтүстік Америка материгінің көлемін басқа материктер көлемімен салыстырады.

Оқушылар Солтүстік Американың жер бедерін негізінен жазықтар алы жатқанын, бұл жазықтар Солтүстік Америка тақтасына  сай келетінін анықтайды, ал материктің батыс жағалауын ұзына бойы таулар алып жатыр.

Оқушылар бұл тақырыпта жер бедерінің қалыптасуына ежелгі мұз басудың әсерінінің қалай орындалғанымен де танысады.

Бұдан кейін материктің жер бедеріне жалпы сипаттама беріледі. Оқушылар картадан ірі жер бедері орналасуындағы себеп-салдар байланыстарын анықтайды.

Материктегі кездесетін ірі жазықтар мен тауларға физикалық, жер қыртысы құрылысы карталарын, оқулық мәтінін пайдалана отырып сипаттама береді.

ІІІ

Сабақ соңында өтілген материалды бекіту мақсатында мынадай кескін картамен сарамаңдық жұмыстарды жүргізуге болады: Солтүстік Америка материгі жағалауларын шайып жатқан мұхиттарды, теңіздерді, түбектерді, аралдарды тауып және материктің шеткі нүктелерін, Кордильера, Аппалач тауларының жату бағыттарын, таулардың, таулы қыраттар мен жазықтардың аттарын және шартты белгілер арқылы пайдалы қазбалардың орындарын белгілеңдер.

Сабақ барысында оқушылар өз беттерінше орындаған жұмыстарын, яғни жағалауларын шайып жатқан мұхиттарды, теңіздерді, түбектерді, аралдарды тауып және материктің шеткі нүктелерін картадан анықтап, оларды кескін картаға түсіреді. Сонымен қатар Кордильера, Аппалач тауларының жату бағыттарын, таулардың, таулы қыраттар мен жазықтардың аттарын және шартты белгілер арқылы пайдалы қазбалардың орындарын белгілейді.

ІV

Үй жұмысы:

1. §29, 30 оқып, мазмұнын айту.

2. Тапсырмаларды аяқтау.

Оқушылар үй жұмысын жазып алады, түсінбеген сұрақтарды сұрайды.

V

Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды және неге солай бағалағанын айтады.

Мұғалімді тыңдап, бағаланады. Күнделіктерін береді.

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушылармен қоштасады.

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін мұғаліммен бірге талдайды. Мұғаліммен қоштасады.

Сабақ: 32-33

Күні: Кеңес мектебі – 14-16.01.2012                               Ямышев мектебі – 28-10.01.2012                        

Тақырыбы: Жер бедері және мұз басулардың жер бедерінің қалыптасуына әсері. Пайдалы қазбалары.

Сабақ: 34-35

Күні: Кеңес мектебі –16-21.01.2012                                Ямышев мектебі – 13-17.01.2012                        

Тақырыбы: Климат. Климат қалыптастырушы факторлар. Материктің ішкі сулары. Материктің табиғат зоналары

Мақсат-міндеттер:

Білімділік мақсаты – Солтүстік Америка материгінің климат жағдайларының ерекшеліктерін көрсету және Еуразия климатымен салыстырып, жалпы сипаттама (климат қалыптастырушы факторлар, климаттық белдеулер) беру. Солтүстік Америка ішкі суларының ерекшеліктерін, Атлант, Солтүстік Мұзды және Тынық мұхиттар алаптары өзендерінің ерекшеліктерін көрсету, өзен сипаты мен көлдер торын анықтау.             

Дамытушылық мақсаты – Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын, танымдық қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік мақсаты – оқушыларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу, өз ойларын жеткізе білуіне, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.

Оқу құралдары: Оқулық, 7 сынып Атлас, жарты шарлар физикалық картасы, Солтүстік Американың физикалық картасы

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс

Сабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру (2 мин)

ІІ кезең – үй тапсырмасын тексеру (20 мин)

ІІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (30 мин)

ІV кезең –  білім мен икемділіктерін бекіту (30 мин)

V кезең – үй тапсырманы беру  (3 мин)

VІ кезең – бағалау кезеңі (3 мин)

VІІ кезең – қорытынды (2 мин)

Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

І

Мұғалім оқушылармен амандасып, балалардың кім-жоғын сұрайды. Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Сәлемдеседі, тәртіпке келеді де, одан сабаққа дайындалып отырады.

ІІ

Үй тапсырмасын тексергенде мынадай сұрақтар мен тарсырмалар береді: Солтүстік Американың жер бедері ерекшеліктерін атаңдар. Таулары мен жазықтарының жату бағыттары қандай? Солтүстік Америка мен Еуразияның жер беті құрылыстарын салыстырыңдар. Солтүстік Американың негізгі тау жүйелерін, таулы қыраттарын, үстірттерін атап, оларды картадан көрсетіңдер. Солтүстік Америка материгінде қандай пайдалы қазбалар кездеседі? Картадан олардың орналасқан жерлерін көрсетіңдер.

Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап беріп, тапсырмаларды орындайды. Солтүстік Американың жер бедері ерекшеліктерін атайды. Таулары мен жазықтарының жату бағыттары солтүстіктен оңтүстікке қарай. Солтүстік Америка мен Еуразияның жер беті құрылыстарын салыстырады. Солтүстік Американың негізгі тау жүйелерін, таулы қыраттарын, үстірттерін атап, оларды картадан көрсетеді. Солтүстік Америка материгінде кездесетін пайдалы қазбаларды атайды. Картадан олардың орналасқан жерлерін көрсетеді.

ІІІ

Мұғалім оқулықтағы параграфтың басында берілген тақырыпқа кіріспе әңгімелесу сұрақтарын пайдалана отырып, климаттың қалыптасуына қандай факторлардың әсер ететіндігін анықтайды.

Бұл тақырыпта өткенде оқушылардың климаттық картамен жұмыс істеу дағдылары қалыптасқандықтан картаны пайдалана отырып әңгімелесу әдісі арқылы өткізуге болады.

Солтүстік Америка материгі қандай ендіктердің аралығында орналасқан? Солтүстік Америка материгінің жер бедерінің ерекшеліктерін естеріңе түсіріңдер.

Материктің Солтүстік полярлық шеңбері мен Солтүстік тропиктің аралығында орналасуы күн сәулесінің әр түрлі түсуіне және әр түрлі ауа массаларының қалыптасуына себеп болады.

Шығысы мен батысында таулармен қоршалып жатуы Тынық және Атлант мұхиттарынан келетін ылғалды ауаны ішке енгізбейді.

Материктің орта бөлігіндегі кең байтақ жазықтар арқылы солтүстіктен оңтүстікке және оңтүстіктен солтүстікке қарай ауа еркін қозғала алады. Осының салдарынан ауа массалары арасында температура мен қысымның үлкен айырмашылықтары туып, құбылмалы ауа райын қалыптастырады.

Солтүстік Американың ішкі сулары тақырыбын мүмкіндігінше оқулықпен және карталарды пайдаланып өз беттерінше оқып үйренуге болады. Мұғалім өзендер мен көлдерге алаптары бойынша сипаттама жасау үшін картаны пайдалана отырып, әңгімелесу өткізеді. Ол үшін мынадай сұрақтар қояды: Солтүстік Америка өзендері қай мұхиттарға құяды? Атлант мұхиты алабына жататын ірі өзендерді көрсетіңдер.

Солтүстік Америка өзендер жүйесі климаттық жағдай мен жер бедеріне байланысты біркелкі таралмаған. Олардың басым бөлігі Солтүстік Мұзды мұхит пен Атлант мұхитына бағытталған.  Тынық мұхит алабындағы өзендер ұзындығы қысқа болып келеді. Мұғалім оқушыларға атлас карталарын және кескін картаға түсірген мұхит алаптары шекараларын көрсете отырып, өзен жүйелерінің бұлай орналасу себептерін анықтауларына тапсырма береді.

Мұғалім өзендерге жеке алаптары бойынша сипаттама беруді Атлант мұхиты алабынан бастайды. Оқушыларға мынадай әңгімелесу сұрақтарын қояды: Атлант мұхиты алаптары суайрық жоталары қай жермен өтеді? Атлант мұхиты алаптарына жататын ірі өзендерді атап, оларды картадан көрсетіңдер. Бұл өзендердің қоректену ерекшеліктерін анықтаңдар.

Атлант мұхиты алаптары өзендері мен көлдерін оқып үйренгенде, мұғалім жалпы сипаттамадан басқа, Миссисипи өзені жүйесін сипаттауға тоқталады.

Мұғалім Солтүстік Американың көлдеріне сипаттама бергенде көл қазаңшұңқырларының пайда болу жолдарына олардың өзіндік ерекшеліктеріне тоқталады. Ұлы көлдер туралы оқушыларға әңгімелеп береді.

 Мұғалім Солтүстік Американың көлдеріне сипаттама бергенде көл қазаңшұңқырларының пайда болу жолдарына олардың өзіндік ерекшеліктеріне тоқталады. Ұлы көлдер туралы оқушыларға әңгімелеп береді.

Мұғалімді тыңдап, параграфтың басында берілген тақырыпқа кіріспе әңгімелесу сұрақтарына жауап береді. Осы сұрақтарға жауап алу негізінде Солтүстік Америка климатының қалыптасуының өзіндік ерекшеліктері мынадай себептерге байланысты болатынын анықтайды:

а) солтүстік полюске жақын орналасуы;

ә) солтүстіктен оңтүстікке қарай ұзына бойы созылып жатуы;

б) оңтүстікке қарай сүйірленуі;

в) тау жоталарының меридиан бағытында жатуы;

г) материктің орталық бөлігін кең көлемді жазықтардың алып жатуы.

Оқушылар Солтүстік Америка материгінің климатының қалыптасу ерекшеліктерін анықтағаннан кейін оқулық мәтінін және карталарды пайдалана отырып, Еуразия мен Солтүстік Американың климаттық белдеулеріне салыстырмалы түрде сипаттама береді.

Климаттық белдеу

Солтүстік Америка

Еуразия

Арктикалық

Субарктикалық

Қоңыржай

Субтропиктік

Тропиктік

Субэкваторлық

Экваторлық

Оқушылар оқулық мәтінінде кездескен өзендер мен көлдердің аттарын дәптерлеріне жазып отырады. Кескін картаға Солтүстік Мұзды, Атлант және Тынық мұхиттары алаптары шекараларын сызып, өзендер аттарын жазады.

Оқушылар кескін картаға Солтүстік Американың

ірі өзендері мен көлдерін түсіреді.

V

Үй жұмысы:

1. §31, 32 оқып, мазмұнын айту.

2. Тапсырмаларды аяқтау.

Оқушылар үй жұмысын жазып алады, түсінбеген сұрақтарды сұрайды.

Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды.

Мұғалімді тыңдап, бағаланады. Күнделіктерін береді.

VІІ

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушылармен қоштасады.

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін мұғаліммен бірге талдайды. Мұғаліммен қоштасады.

Сабақ: 36-37

Күні: Кеңес мектебі – 23-28.01.2012                               Ямышев мектебі – 20-24.01.2012                        

Тақырыбы: Табиғаттағы қауіпті құбылыстар. Қорықтар мен ұлттық саябақтар. Солтүстік Америка материгіндегі халықтар мен елдер

Мақсат-міндеттер:

Білімділік мақсаты – Солтүстік Американың табиғат зоналар туралы білімді беру, олардың таралу заңдылықтары мен ерекшеліктерін анықтау және сипаттау, материктің табиғат зоналарына талдау жасау. Солтүстік Америка халқына (саны, аумақ бойынша біркелкі таралмауы, нәсілдік құрамы) сипаттама беру. Америка Құрама Штаттары мен Канадаға кешенді сипаттама беру. Бұл елдердің ерекшеліктері туралы айтып беру.

Дамытушылық мақсаты – Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын, танымдық қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік мақсаты – оқушыларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу, өз ойларын жеткізе білуіне, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.

Оқу құралдары: Оқулық, 7 сынып Атлас, жарты шарлар физикалық картасы, Солтүстік Американың физикалық картасы

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс

Сабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру (2 мин)

ІІ кезең – үй тапсырмасын тексеру (20 мин)

ІІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (30 мин)

ІV кезең –  білім мен икемділіктерін бекіту (30 мин)

V кезең – үй тапсырманы беру  (3 мин)

VІ кезең – бағалау кезеңі (3 мин)

VІІ кезең – қорытынды (2 мин)

Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

І

Мұғалім оқушылармен амандасып, балалардың кім-жоғын сұрайды. Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Сәлемдеседі, тәртіпке келеді де, одан сабаққа дайындалып отырады.

ІІ

Үй тапсырмасын тексергенде параграф соңындағы сұрақтарды қояды. Сұрау барысында кім сабаққа дайын екенін парта бойы жүріп қарап шығып, соңынан жазған балалардын бір бірлеріне сұрақ қойғыздыртып толықтырулар жүргізеді.

Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап беріп, үйде орындаған тапсырмаларды көрсетеді. Солтүстік Америка климатының негізгі ерекшеліктерін атап, материкті кесіп өтетін климаттық белдеулерді атап көрсетеді. Сосын материктің ішкі суларына тоқталып қорытындылайды.

ІІІ

Жаңа тақырыпты бастамас бұрын мұғалім картамен жұмыс жасауды ұсынады. «Географиялық белдеу және табиғат зоналары» деген картадан қарастырады:

-          Солтүстік Америка материгінде қандай табиғат зоналары бар?

-          Табиғат зоналары қалай таралған? деген сұрақтарды қояды. Картаға қарап отыра табиғат зоналарының таралуын климаттық белдеулермен салыстырып отырады. Сонда табиғат зонаның таралуы климаттық белдеуге байланысты ма екенін анықтайды.

Оқушыларға адамның шаруашылық әрекеті табиғатқа қалай әсер етіп, қандай өзгерістер әкелгенін түсіндіреді. Және табиғатты қорғау жөнінде адамзаттың атқарылып жатқан істері жөнінен айтады. Мысал келтіру: ең әйгілі дүние жүзіндегі бірінші болып ашылған ұлттық паркті сипаттап кетеді.

Сосын оқулықтың 137-беттегі «Солтүстік Американың халқы мен елдері. Америка Құрама Штаттары» тақырыбын ашып, мұғалім жаңа тақырыпты Солтүстік Американың халық санын түсіндіруден бастайды. Одан кейін материкке қоныстанған елдер және тұрғылықты халқының жағдайы туралы әңгімелейді.

Солтүстік Америкада халықтың әркелкі таралуын түсіндіре отырып, ірі қалаларды көрсетіп, картадан табыңдар деп тапсырманы береді.

Оқушылар ең алдымен атластарындағы Солтүстік Американың географиялық белдеулер мен табиғат зоналары деген картаны ашып материкті кесіп өтетін географиялық белдеулерді атайды және материкте кездесетін табиғат зоналарды көрсетеді. Одан кейін табиғат зоналарының таралу екекшеліктерін анықтайды.  Картаға қарап отыра табиғат зоналарының таралуын климаттық белдеулермен салыстырып отырады. Сонда табиғат зонаның таралуы климаттық белдеуге байланысты екенін анықтайды.

Сосын адамның шаруашылық әрекеті табиғатқа қалай әсер етіп, қандай өзгерістер әкелгенін өз түсініктерін айтады

Солтүстік Америкада халықтың әркелкі таралғанын біліп, ірі қалаларды тауып, картадан көрсетеді.

Америка Құрама Штаттары мен Канада тақырыпшаларын оқушылар өз бетінше оқиды

ІV

Сабақты бекітуге кесте түрінде беріледі.

Табиғат зонасы

Жануарлар дүниесі

Өсімдік дүниесі

Табиғи парктер мен қорықтар

АҚШ пен канада мемлекеттерін бір-бірімен салыстыру үшін  балалар сұрақтар қояды.

Оқушылар табиғат парктері мен қорықтарын кітаптың соңында берілген 244 беттегі ақпаратты қолданып, соңғы беттегі картадан карап тауып табиғат зоналар кестесін толтырады.

V

Үй жұмысы:

1. §33, 34, 35 оқып, мазмұнын айту.

2. Кескін картаға материктің табиғат зоналары мен елдерді түсіру.

3. Солтүстік Американың халқы мен елдері тақырыбына сөзжұмбақ құрастыру.

Оқушылар үй жұмысын жазып алады, түсінбеген сұрақтарды сұрайды.

Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды.

Мұғалімді тыңдап, бағаланады. Күнделіктерін береді.

VІІ

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушылармен қоштасады.

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін мұғаліммен бірге талдайды. Мұғаліммен қоштасады.

Сабақ: 38

Күні: Кеңес мектебі – 30.01.2012                         Ямышев мектебі – 27.01.2012                        

Тақырыбы: Материкте халықтың орналасуы және саны. Этностар. Материалдық және рухани мадениеті.

Мақсат-міндеттер:

Білімділік мақсаты «Солтүстік Америка» тарауы бойынша өткен білімді жүйелеу, оқушылардың жалпы географиялық білімдерін одан әрі меңгеру және бекіту.

Дамытушылық мақсаты – Оқушылардың географиялық ой-өрісін дамыту. Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, танымдық қызығушылығын дамыту, географиялық ойлауын қалыптастыру.

Тәрбиелік мақсаты – қушыларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу, өз ойларын жеткізе білуіне, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.

Оқу құралдары: Оқулық, 7 сынып Атлас, жарты шарлар физикалық картасы, Дүние жүзінің саяси картасы, Солтүстік Американың физикалық және саяси картасы

Сабақ түрі: Өткен материалды бекіту сабағы

Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс

Сабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру (2 мин)

ІІ кезең – үй тапсырмасын тексеру (3 мин)

ІІІ кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (35 мин)

ІV кезең –  бағалау кезеңі (3 мин)

V кезең – қорытынды (2 мин)

Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

І

Мұғалім оқушылармен амандасып, балалардың кім-жоғын сұрайды. Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Оқушылар мұғаліммен амандасады да, сабаққа дайындалып отырады.

ІІ

Ең алдымен мұғалім балалардың кескін карталарын тексереді және материкті табиғат зоналарын сұрайды. Сосын балаларға параграф соңындағы сұрақтарды қояды.

Балалар мұғалімге кескін карталарын көрсетіп, материкте кездесетін табиғат зоналарды көрсетеді. Сосын сұрақтарға жауап береді.

ІІІ

Одан кейін мұғалім оқушыларды топтарға бөліп, 5 топ құрайды, оның ішінде 2 оқушыдан болады. Әрбір топқа ат береді.

І топ «Географтар»

ІІ топ «Климатолог»

ІІІ топ « Гидролог»

IV топ «Биолог»

V топ «Этнограф»

Ойынның бірінші кезегінде мұғалім топ мүшелеріне сұрақтар қояды, сұраққа жауап беруіне байланысты топ ұпай жинайды. Егер топ жауап бере алмайтын болса, онда келесі топқа жауап беріп, ұпай жинауға болады.

1. Солтүстік Америка материгінің экваторға қатысты орны? 2. Материктің солтүстік шеткі нүктесі 3. Кордилера тау жүиесінің пайда болу себебі не? 4. Атлант мұхит алабына қандай басты өзен құяды? 5. Солтүстік Американың ең ұзын өзені 6. Көлемі жағынан ең үлкен арал? 7. Ұлттық табыс ең жоғарғы мемлекет?

8. АҚШ тың ауданы? 9. Арктикалық шөл зонасында мұз дәуірінен сақталған қандай  жануар тіршілік етеді? 10. Материктің байырғы халқы? 11. Солтүстік Американың ең биік нүктесі? 12. Солтүстік Америка материгінде қандай климаттық белдеу кездеспейді? 13. Солтүстік Америкада прерий деп нені атайды? 14. Ұлы көлдер қалай пайда болған? 15. Солтүстік Американың халқы қанша? 16. Ауқымы жағынан нешінші орында және қай мемлекеттерден кейін? 17.  Маретиктің шығыс шеткі нүктесі? 18. Материктің ең теңіз деңгейінен төмен жатқан нұктесі? 19. «Бионг» ұшағы қай қалада жасалады және сол қаланы картадан көрсет? 20. Ұлттық саябақтар саны? 21. Материктің оңтүстік шеткі нүктесі? 22. Солтүстік Американың негізгі алаптарын ата? 23. Солтүстік Америкада тау жүйесі қай бағытта орналасқан? 24. Өзінің табиғи ерекшелігімен әигілі сарқырама? 25. Тундра зонасында Солтүстік бұғылардың қандай айрықша түрі мекен етеді?

26.  АҚШ тың халқының саны канша? 27. Әкімшілік құрлымы неше штаттан тұрады  және орталығы? 28. ҒТП жетілуі қандай пайдалы қазбаларды игеруде қолданып отыр? 29. Ең жетекші саласы? 30. АҚШ тың әлемдегі туристерді өздеріне тартатын әйгілі орталықтарды атандар?

Сосын әрбір топ өз мамандықтарына сай ақпарат береді.

Оқушылар топтарға бөлініп, мұғалімнің сұрақтарына жауап береді.

1. (тек оңтүстік жарты шарда)

2. (Мерчисон м.)

3. (литасфералық тақталардың соқтығысу нәтижесі)

4. (Миссисипи өзені)

5 (Миссисипи өзені)

6. (Гренландия)

7. Ұлттық табыс ең жоғарғы мемлекет? (АҚШ)

8. ( 9 млн 336мың км )

9. (қой өгізі)

10. (үндістер мен эскимостар)

11. (Мак Кинли)

12. (экваторлық белдеу)

13. (         )

14. (Мұздықтардың әсерінен пайда болған ойыстарда)

15. (450млн)

16. (4 орында, Ресей, Канада, Қытайдан кейін)

17 (Сент Чарльз м.)

18. (Өлім аңғары)

19. (Сиэтл)

20. (50 ден астам)

21. (Мариято)

22. ( Тынық, Атлант, Солтүстік Мұзды Мұхит алаптары)

23.

24. (Ниагара сарқырамасы)

25. (Карибу)

26.  (275 млн адам)

27. (50 штаттан тұрады, орталығы Вашингтон қаласы)

28. (мұнай, табиғи газ, тас көмір, металдар тәрізді пайдалы қазбалар)

29. (машина жасау)

30.

Географ» тобы Солтүстік Американың географиялық орнын, ашылу және зертелу тарихын, пайдалы қазбаларын зерттейді.

«Климатолог» тобы Солтүстік Америка құрлығының климатының басты ерекшелігін, күшті желдер, құйын жауындар, торнадо және климат белдеулерін зерттеп баяндайды.

«Гидролог» тобы материктің өзен жүйелерін, экологиясын, Колорадо каньонын, Ниагара сарқырамасын, көлдерін зерттеп сипаттайды.

«Биолог» тобы әр табиғат белдемінің өсімдіктерін, жануарларды, топырағын, ерекше өсімдік пен жануарларын зерттеп сипаттайды.

«Этнограф» тобы Солтүстік Американың халқын зерттеп, саяси картадағы елдерге талдау жасайды.

ІV

Мұғалім оқушыларды сабаққа қатысуына, біліміне, топтық ынтымақтастығына  байланысты бағалайды.

Оқушылар мұғалімді тыңдап, бағаланады.

V

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушыларды үзіліске жібереді.

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін мұғаліммен бірге талдайды. Оқушылар үзіліске шығады.

Сабақ: 39

Күні: Кеңес мектебі – 04.02.2012                         Ямышев мектебі – 31.01.2012                        

Тақырыбы: Оңтүстік жарты шар материктерінің географиялық орны, жер бедері, климаты, ішкі сулары мен табиғат зоналаларындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтар.

Мақсат-міндеттер:

Білімділік мақсаты – Жалпы Оңтүстік жарты шар материктері табиғатының ортақ белгілері мен өзіндік ерекшеліктерін, даму тарихын оқушыларға өз күшімен ашуға тырыстырту. Оңтүстік жарты шарлар материктеріне талдау жасау.

Дамытушылық мақсаты – Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын, танымдық қызығушылығын арттыру. Оқушылырдың географиялық ой-өрісін дамыту, еске түсіру қабілетін арттыру.

Тәрбиелік мақсаты – оқушыларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу, өз ойларын жеткізе білуіне, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.

Оқу құралдары: Оқулық, 7 сынып Атлас, дүние жүзінің физикалық картасы, Оңтүстік Американың физикалық картасы

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс

Сабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру (2 мин)

ІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (19 мин)

ІІІ кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (20 мин)

ІV кезең – бағалау кезеңі (2 мин)

V кезең – қорытынды (2 мин)

Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

І

Мұғалім оқушылармен амандасып, балалардың кім-жоғын сұрайды. Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Сәлемдеседі, тәртіпке келеді де, сабаққа даяр отырады.

ІІ

Сосын мұғалім бүгінгі сабақтың мақсатын айтады: оңтүстік жарты шарлар материгінің даму тарихы мен құрылуының өзіндік ерекшеліктерін түсіну.

Оңтүстік жарты шар материктері деп аталатын Оңтүстік Америка, Африка, Аустралия, Антарктида ұзақ уақыт бойы ежелгі Гондвана материгінің құрамында болды. Одан кейін Гондванна материгінің ажырау схемасын көрсетіп материктердің орналасуын түсіндіреді. Сосын Гондвана материгінің бірнеше плиталарға бөлінуін 25 беттегі 16-сурет арқылы түсіндіреді.

Сосын оңтүстік жарты шар материктерінің жер бедері тақырыпшасын оқып, қалқандар мен плиталар деген сөздерге анықтама жазыңдар деген тапсырманы береді.

Оқушылар мұғалімді тыңдап, сабақтың мақсатын ашады.

Сосын параграфты оқып шығып, тақырыпты мұғаліммен бірге талдайды.

 Оқушылар 25 бет 16-суреттегі Гондвана материгінің бірнеше плиталарға бөлінуін сызып алады.

Оқушылар оңтүстік жарты шар материктерінің географиялық орнын оқып алып, материктердің географиялық орнындағы қазіргі айырмашылықтарға қарамастан табиғи жағдайлары ұқсас болып келеді деген қорытындыға келеді.

Сосын оңтүстік жарты шар материктерінің жер бедері тақырыпшасын оқып, қалқандар мен плиталар деген сөздерге түсінік береді. Қалқандар – платформаларда іргетасын құрайтын кристалды жыныстары жер бетіне шығып жатқан бөлігі. Ойыстар - платформаларда іргетасын құрайтын кристалды жыныстардың өте қатты майысқан бөліктері. Одан кейін Гондваналық плиталар мен жанартаулық белдеулер туралы оқып шығады.

ІІІ

Тақырыпты бекіту кезеңінде мұғалім оқушыларға келесі сұрақтарды қояды және кестені толтыру жұмысын береді.

1. Оңтүстік жарты шарлар материктері деп қай материктерді айтамыз?

2. Ұзақ уақыт бойы қай ежелгі материктің құрамында болды?

3. Ежелгі Гондвана материгінен материктердің ажырау бағыттарын тақтаға сызып сипаттама беру?

4. Картадан географиялық белдеулердің оңтүстік жарты шардағы материктерде қалай кесіп өтеді екенін сипаттау?

5. Жер бедеріне сипаттама беріндер;

Материктерді бір бірімен салыстырып, сабақтың қортындысын шығару.

Тақырыпты бекіту кезеңінде оқушылар сұрақтарға жауап береді және жоспар бойынша материктерді бір-бірімен салыстырып, кестені толтырады.

Ортақ ұқсастық белгілері

Оңтүстік Америка

Африка

Австралия

Антарктида

1

Географ. орны

2

Жер бедері

3

Мұз басуы

4

Климаты

5

Климаттық белдеулері

ІV

Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды және неге солай бағалағанын айтады.

Оқушылар бір-біріңді жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды.  Күнделіктеріне баға қойғызады.

V

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушыларды үзіліске жібереді.

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін мұғаліммен бірге талдайды. Үзіліске шығады.

Сабақ: 40-41

Күні: Кеңес мектебі – 06,11.02.2012                               Ямышев мектебі – 03,07.02.2012                        

Тақырыбы: Физикалық-географиялық орны. Материктің пішіні мен жағалау сызығы, жағасындағы мұхиттар мен теңіздер, олардың материктер табиғатына тигізетін әсері. Материктің ашылу және зерттеу тарихы.

Мақсат-міндеттер:

Білімділік мақсаты – Оңтүстік Американың географиялық орнының ерекшеліктері, материкті шайып жатқан мұхиттар туралы оқушыларға білім беру, материктің ашылу және игерілу тарихымен таныстыру Оңтүстік Америка материгінің игерілуіне  талдау жасау.

Дамытушылық мақсаты – оқушылардың жалпы оқу іскерліктерін үйрету, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын, танымдық қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік мақсаты – Оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.

Оқу құралдары: Оқулық, 7 сынып Атлас, Дүниежүзінің физикалық картасы, Оңтүстік Американың физикалық картасы,  кескін карталар

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдістері: Репродуктивті әдіс

Сабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру (2 мин)

ІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (10 мин)

ІІІ кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (25 мин)

ІV кезең – үйге тапсырма беру (4 мин)

V кезең – бағалау кезеңі (2 мин),

VІ кезең – қорытынды (2 мин)

Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

І

Мұғалім оқушыларды тыныштыққа орнатып,  оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Тәртіпке келеді де, сабаққа даяр отырады.

ІІ

Оқушылар материктің аталуының географиялық орнын анықтауға оқушылар дағдыланып алғандықтан, мұғалім оларға Оңтүстік Американың географиялық орнына өз беттерімен сипаттама беруді ұсынады.

Одан кейін мұғалім материктің шеткі нүстелерінің координаталарын анықтауға тапсырма береді. Солтүстік нүктесі – Гальинас, оңтүстік нүктесі – Фроуэрд, батыс нүктесі – Париньяс, шығыс нүктесі – Кабу Бранку.

Оқушылар мұғалімді тыңдап, сабақты бірге талдайды. Оңтүстік Американың географиялық орнын анықтап алғаннан кейін, оқушылар Оңтүстік Америка жерінің оңтүстікке қарай сұғыныңқырап жатқанын, материктің енді бөлігі ыстық белдеуде, ал оңтүстігінің қоңыржай белдеуде екенін, басқа материктерден шалғай жатқанын, әр жағалық сызықтарының аз тілімденгенін атап көрсетеді.  Оқушылар кезектесіп тақтаға шығады да, материктің шеткі нүктелерін анықтайды.

ІІІ

Тақырыпты бекіту кезеңінде мұғалім оқушыларға келесі тапсырманы береді.

1. Кескін картаға материкті шайып жатқан мұхиттары, теңіздерін, ең шеткі нүктелерін түсіру. 2. «Саяхатшылар туралы қысқаша мағлұмат» деген кестені толтыру.

Саяхатшы

Қашан

Нені зерттеп ашты?

1

2

Тақырыпты бекіту кезеңінде кескін картаға материкті шайып жатқан мұхиттары, теңіздерін, ең шеткі нүктелерін түсіреді. Сосын «Саяхатшылар туралы қысқаша мағлұмат» деген кестені толтырады.

ІV

Үй жұмысы:

1. §36, 37 оқып, мазмұнын айту.

2. Кескін картаға материктің картаға материкті шайып жатқан шығанақтар мен бұғаздарды түсіру.

Оқушылар үй жұмысын жазып алады, түсінбеген сұрақтарды сұрайды.

V

Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды.

Мұғалімді тыңдап, бағаланады. Күнделіктерін береді.

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушылармен қоштасады.

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін мұғаліммен бірге талдайды. Мұғаліммен қоштасады.

Сабақ: 42-43

Күні: Кеңес мектебі – 13,18.02.2012                               Ямышев мектебі – 10,14.02.2012                        

Тақырыбы: Жер бедері және пайдалы қазбалары. Климат және климат қалыптастырушы факторлар

Мақсат-міндеттер:

Білімділік мақсаты – Оқушыларға материктің жер бедері құрылысының ерекшелігін және пайдалы қазбаларының орналасуындағы ерекшеліктерді көрсету. Оңтүстік Америка материгінің климат ерекшелігін айту, климат қалыптастырушы факторлардың маңыздылығы туралы ұғым түсініктерін қалыптастыру, жеке аймақтарда климатты сипаттап қорытынды жасау.

Дамытушылық мақсаты – Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын, танымдық қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік мақсаты – оқушыларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу, өз ойларын жеткізе білуіне, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.

Оқу құралдары: Оқулық, 7 сынып Атлас, жарты шарлар физикалық картасы, Оңтүстік Американың физикалық картасы

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс

Сабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру (2 мин)

ІІ кезең – үй тапсырмасын тексеру (20 мин)

ІІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (30 мин)

ІV кезең –  білім мен икемділіктерін бекіту (30 мин)

V кезең – үй тапсырманы беру  (3 мин)

VІ кезең – бағалау кезеңі (3 мин)

VІІ кезең – қорытынды (2 мин)

Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

І

Мұғалім оқушылармен амандасып, балалардың кім-жоғын сұрайды. Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Сәлемдеседі, тәртіпке келеді де, одан сабаққа дайындалып отырады.

ІІ

Үй тапсырмасын тексеру үшін дәптерлер мен кескін карталарын тексереді және оқушыларға фронтальді сұрақтарды қояды:

1. Жерінің ауданы (аралдармен қосып есептегенде)?

2. Қай материктерден кейін, көлемі жағынан алып жатқан орны?

3. Д.ж. ең суы мол және су жинау алабы өте үлкен өзен?

4. Д.ж. ең биік сарқырама?

5. Қай тауда д.ж. биік тау көлдерінің ең ірісі Титикака орналасқан?

6. Материктегі аса ірі тау жүйесі?

7. Қандай мұхиттар шайып жатыр?

8. Шеткі нүктелерін атап, көрсет?

9. Теңіз деңгейінен ең биік нүктесі?

10. Теңіз деңгейінен ең төмен нүктесі?

Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап беріп, үйде орындаған тапсырмаларды көрсетеді.

1. 18,3 млн км2.

2. Еуразия, Африка, Солтүстік Америкадан кейін 4 орын.

3. Амазонка.

4. Анхель сарқырамасы.

5. Анд тауларында.

6. Анд таулары.

7. Тынық мұхиты мен Атлант мұхиты.

8. Солтүстік нүктесі – Гальинас, оңтүстік нүктесі – Фроуэрд, батыс нүктесі – Париньяс, шығыс нүктесі – Кабу Бранку.

9. Аконкагуа – 6960 м.

10. Валдес түбегі – (-40 м).

ІІІ

Жаңа тақырыпты бастамас бұрын мұғалім картамен жұмыс жасауды ұсынады. Оңтүстік Америка материгінің өзіндік ерекшеліктерін атап көрсетіңдер деп тапсырманы береді.

Сосын Оңтүстік Америка жер бедерінің сипаты жөнінен екі бөлікке бөлінеді: батыс таулы, шығыс жазықты. Платформалық бөлік ұзақ уақыт бойы бірнеше рет көтерулерге ұшырап, кей бөліктері керісінше қатты майысқан, Ла-Плата, Ориноко, Амазонка ойпаты. Ал жазықтар аралығында платформа қалқандарына сәйкес келетін Гвиана, Бразилия таулы үстірттері орналасқан. Оңтүстік Америка платформасының Анд қатпарлы белдеуімен жалғасқан бөлігінде Анд тауларына қарай биіктейтін ішкі жазықтар – Гран-Чако, Маморе, Пантанал орналасқан.

Келесі кезекте пайдалы қазбалар тақырыпшасын оқып шығыңдар деп айтады.

Сосын мұғалім Оңтүстік Американың климатына тоқталады. Балалардан қанша климаттық белдеулер кесіп өтетінін сұрайды.

 Климатына әсер етуші факторларды айтады.

Оқушылар Оңтүстік Американың физикалық картасына қарап, материгінің өзіндік ерекшеліктерін атап көрсетеді:

- Солтүстіктен оңтүстікке қарай сүйірленіп келеді;

- Батысы биік таулы, ал шығысы аласа болады;

- Таулар меридиан бойынша созылады;

Оқушылар өз беттерінше Оңтүстік Американың пайдалы қазбалар деген тақырыпшасын оқып шығып, мазмұнын айтады.

Балалар атластағы тақырыптық карталарды қарап, Оңтүстік Американы кесіп өтетін климаттық белдеулерін атап, оларды картадан көрсетеді:

  1. Субэкваторлық белдеу
  2. Экваторлық белдеу
  3. Тропиктік белдеу
  4. Субтропиктік белдеу
  5. Қоңыржай белдеу

ІV

Сабақты бекіту үшін мұғалім балаларға келесі тапсырмаларды береді:

1. Анд тауларындағы биік шыңдар мен жанартауларды анықтап, олардың аттары мен биіктігін кескін картаға түсіріңдер.

2. Физикалық картадан материктегі ірі кен орындарын анықтап, кескін картаға шартты белгілермен түсіріңдер.

3. Оқулық мәтіні мен тақырыптық карталарды пайдаланып, төмендегі кестені толтырыңдар.

Климат. белдеу

Географ.  орны

Климат типі

Орташа  t0

Орташа ж-ш мөлшері

Сабақты бекіту кезеңінде оқушылар келесі тапсырмаларды орындайды:

1. Анд тауларындағы биік шыңдар мен жанартауларды анықтап, олардың аттары мен биіктігін кескін картаға түсіреді.

2. Физикалық картадан материктегі ірі кен орындарын анықтап, кескін картаға шартты белгілермен түсіреді.

3. Оқулық мәтіні мен тақырыптық карталарды пайдаланып, төмендегі кестені толтырады.

Клим. белдеу

Географ.  орны

Климат типі

Орташа  t0

Орташа ж-ш мөлшері

Экваторлық белдеу

Амазонка ойпаты мен Тынық мұхитының экватор сызығынан солтүстікке қарай

Экваторлық ылғалды

Жыл бойы +250-тан төмен түспейді.

Жыл бойы мол, амазонкада 1500-3000 мм, Тынық мұхит жаңалауында 3000 мм-ден артық

V

Үй жұмысы:

1. §38, 39 оқып, мазмұнын айту.

2. Кескін картаға материктің климаттық белдеулерін түсіру.

3. Торнадо, шаңды дауылдар, ураган сөздеріне анықтама беру және Оңтүстік Американың климаты тақырыбына сөзжұмбақ құрастыру.

Оқушылар үй жұмысын жазып алады, түсінбеген сұрақтарды сұрайды.

Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды.

Мұғалімді тыңдап, бағаланады. Күнделіктерін береді.

VІІ

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушылармен қоштасады.

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін мұғаліммен бірге талдайды. Мұғаліммен қоштасады.

Сабақ: 44

Күні: Кеңес мектебі – 20.02.2012                         Ямышев мектебі – 21.02.2012                        

Тақырыбы:Материктің ішкі сулары. Материктің табиғат зоналары. Анд тауындағы биіктік белдеулік.

Мақсат-міндеттер:

Білімділік мақсаты – Оңтүстік Америка ішкі суларының ерекшеліктерін, Атлант және Тынық мұхиттар алаптары өзендерінің ерекшеліктерін көрсету, өзен сипаты мен көлдер торын анықтау. Солтүстік Американың табиғат зоналар туралы білімді беру, олардың таралу заңдылықтары мен ерекшеліктерін анықтау және сипаттау, материктің табиғат зоналарына талдау жасау.

Дамытушылық мақсаты – Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын, танымдық қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік мақсаты – оқушыларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу, өз ойларын жеткізе білуіне, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.

Оқу құралдары: Оқулық, 7 сынып Атлас, жарты шарлар физикалық картасы, Оңтүстік Американың физикалық картасы

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс

Сабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру (2 мин)

ІІ кезең – үй тапсырмасын тексеру (15 мин)

ІІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (25 мин)

ІV кезең –  білім мен икемділіктерін бекіту (40 мин)

V кезең – үй тапсырманы беру  (3 мин)

VІ кезең – бағалау кезеңі (3 мин)

VІІ кезең – қорытынды (2 мин)

Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

І

Мұғалім оқушылармен амандасып, балалардың кім-жоғын сұрайды. Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Сәлемдеседі, тәртіпке келеді де, одан сабаққа дайындалып отырады.

ІІ

Үй тапсырмасын тексеру үшін дәптерлер мен кескін карталарын тексереді және оқушылардан үйге берген терминдердің анықтамаларын сұрайды: Торнадо, шаңды дауылдар, ураган дегеніміз не?

Сосын балалардан сөзжұмбақтарды жинап алып, тексеріп, және оларды ауыстырып, жауап беріңдер деп балаларға қайта таратып береді.

Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап беріп, үйде орындаған тапсырмаларды көрсетеді.

Сосын терминдерге анықтама береді:

Торнадо – жылдамдығы сағатына 800 км-ге жететін және кенеттен пайда болатын мен құйын тәрізді қозғалатын дауыл.

Шаңды дауылдар –  шаңмен бірге жүретін күшті желдер.

Ураган – Атлант мұхиты жағалауындағы тропиктік ендіктерде жаздың аяғы мен күздің басында мұхиттан соғатын өте күшті апатты дауылдар. 

Одан кейін сөзжұмбақтарға жауап береді. 

ІІІ

Жаңа материалды оқытуда әңгімелесу әдісі арқылы жүргізеді.

1. Оңтүстік Американы қандай мұхиттар шайып жатыр?

2. Материктің қандай ірі өзендерін білесіңдер?

Оңтүстік Америка материгін молы сулы өзендерге, тұщы сулы терең көлдерге бай екенін, алаптар жайында айтып береді.

Атлант мұхитына құятын өзендердің ерекше басым болатынын, Атлант мұхитына құятын өзендер ағынынан 12 есе асып түсетінін оқушыларға айтып береді. Анд тауларындағы ішкі тұйық ағын алабы шамалы ғана ауданды қамтиды. Өзендердің су жинау ерекшеліктері мен маусымдық құбылыстарға байланыстылығын білу үшін оқушыларға атластағы және  оқулықтағы климаттық карталар бойынша жауын-шашын мөлшері мен олардың өзендерінің су жинау алаптарында қандай маусымда жауатынын анықтау қажет.

Мұғалім үндістер тілінен аударғанда «Парана» - теңіздің анасы, «Ориноко» - өзен деген мағыналарды білдіретінін айтады.

Гвиана таулы үстірттіндегі Ориноко өзеніне келіп құятын Чурун өзенінің тармағы Карониде д.ж. ең биік сарқырама Анхель (биіктігі 1054м), ал Парананың саласында д.ж.тағы бір ірі сарқырама Игуасу (80м) бар. Оңтүстік Америка өзендері су энергиясының қорына өте бай. Амазонка өзеніне толығырақ сипаттама беру керек.

Амазонканың су жинау алабының ауданы Аустралия жерінен аз ғана кем екенін айтқан жөн, оның 5 млн.км2-ден астамын Амазонка ойпаты алып жатқанын айтады. Амазонка өзенінің су жинау алабына Амазонка ойпатынан басқа, Анд тауларының шығыс беткейі, Гвиана таулы үстіртінің оңтүстік беткейлері және Бразилия таулы үстіртінің солтүстігі мен орталығы жатады. Өзеннің негізгі ағысы экватор және 50 о.е. аралығында жатыр, онда жылына 1500-3000 мм жауын-шашын жауады. Амазонканың ең ірі салалары – Мадейра мен Риу-Негру. Амазонканың суы сарғыш және үнемі майлы келеді. Мұхитқа құйған тұсында өзен суы сағадан 300 км ұзағанға дейін сарғайып көрінеді. Өзен бір жыл ішінде мұхитқа 1 млрд тонна шамасында тұнба жыныстар алып келеді. Мұхитқа құяр жерде өзен арнасы ұлан-байтақ атырауға айналып қалады.

Мұнан кейін мұғалім Оңтүстік Америкада көлдердің аз екенін айтады. Солтүстікте бөлініп қалған тұйық көлдер Анд тауларының оңтүстігінде мұз бен жанартаулардан пайда болған шаығн көлдер бар. Материкте тектоникалық жолмен пайда болған аса ірі көл – Титикака (үндістер тілінен аударғанда «қорғасынды немесе қалайлы тау» деген сөз) орналасқан. Көл ағынды болғандықтан суы тұщы келеді. Титикака көлінің түбінде қалған қазына жөніндегі инктердің аңызы бар. Инктердің бір аңызы бойынша қазынаны испан конкистадорларының қолына түсірмеу үшін үндістер барлық алтынды жинап алып, орасан зор шынжыр құйған да, өздері түбі жоқ деп есептеген көлге тастаған. Жак Ив Кусто бастаған техника жағынан жақсы жабдықталған француз экспедициясы екі шағын қайықпен сегіз апта бойы іздеп, Титикака көлінің ешқандай да құпиясы жоқ екенін анықтады. Экспедиция «түпсіз» көлдің тереңдігі 320м екенін дәлелдеді.

Сосын айтылатын барлық көлдерін, өзендерді, сарқырамаларды картадан оқушыларға көрсетеді.

Сосын материктің табиғат зоналары туралы айтқанда мұғалім оқушыларға өз беттерінше меңгеріңдер деген тапсырманы береді.

Оқушылар мұғалімді тыңдап, сұрақтарға жауап береді. 

Оқушылар жауын-шашынның Амазонка өзені ағып өтетін экваторлық бөлігінде ғана мол жауып қоймай, сонымен қатар өзеннің бүкіл өн бойында да жыл бойы жауатынын айтып көрсетеді. Парана мен Ориноко өзендерінің алаптары үшін жауын-шашын ең көп жауатын мезгілі жаз екенін айтады

Өзендердің су жинау жолдарын анықтау үшін, оқушылар климаттық карталар бойынша шілде(қысқы) изотермаларының барысын тексереді. Өйткені өзендер жаңбырдан жеткілікті су жинайды, ал қар мен мұздық суы тек сол, қар сызығынан жоғары жатқан тау өзендерін ғана сумен қамтамасыз ететін қиыр оңтүстікке ғана тән келеді. Оқушылар физикалық картадан өзендер орта және төменгі ағыстарында ойпат арқылы ағатынын көреді. Бұл тұстарда өзен ағыстары баяу, құламасы шамалы, болып келеді. Жоғарғы ағысында өзендер таулар мен таулы үстірттерді жарып өтіп, терең шатқалдар жасайды.

ІV

Сабақты бекіту кезеңінде мұғалім оқушыларды табиғат зоналардың санына қарай бөледі. Әрбір топтың есеп беру жоспары:

1. Зонаның атауын айту және оны анықтау.

2. Оның шекарасын картадан көрсету.

3. Берілген табиғат зонаны сипаттау.

Топтың басшысы оқушыларды келесі атауларға бөлу:

1. Басшы (берілген табиғат зонаның атауын айту, оны  картада көрсету).

2. (берілген табиғат зонаның климатын сипаттау).

3. Топырақтанушы

4. Зоолог (жануарлар дүниесін сипаттау).

5. Ботаник (өсімдік жамылғысын сипаттау)

Сабақты бекіту кезеңінде оқушылар айтылатын барлық көлдерін, өзендерді, сарқырамаларды картадан тауып іздейді.

Сосын оқушылар материктің табиғат зоналардың санына қарай бөлініп, өздерінің табиғат зоналары тақырыпаларын өз беттерінше меңгереді. Топ мүшелерін сайлайды: топ басшысы, климатолог,  топырақтанушы, зоолог, ботаник. Соңында әрбір топ қарастырылған тақырыптық сұрақтар бойынша есеп береді.

V

Үй жұмысы:

1. §40, 41-42 оқып, мазмұнын айту.

2. Кескін картаға материктің өзендері мен көлдерін, табиғат зоналарын түсіру.

3. Гилея, пампа, кебрачо, кампос, льянос, гаруан сөздеріне анықтама жазыңдар.

Оқушылар үй жұмысын жазып алады, түсінбеген сұрақтарды сұрайды.

Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды.

Мұғалімді тыңдап, бағаланады. Күнделіктерін береді.

VІІ

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушылармен қоштасады.

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін мұғаліммен бірге талдайды. Мұғаліммен қоштасады.

Сабақ: 45

Күні: Кеңес мектебі – 25.02.2012                         Ямышев мектебі – 24.02.2012                        

Тақырыбы: Оңтүстік Америка материгіндегі халықтар мен елдер.

Білімділік мақсаты – Оңтүстік Америка материктің халқы қалай қалыптасқандығын, байырғы халқы – үндістердің тағдырын көрсету, оқушыларды Оңтүстік Американың қазіргі саяси картасымен таныстыру, халықтың әркелкі орналасу себебін қарастыру.

Дамытушылық мақсаты – Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын, танымдық қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік мақсаты – оқушыларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу, өз ойларын жеткізе білуіне, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.

Оқу құралдары: Оқулық, 7 сынып Атлас, жарты шарлар физикалық картасы, Оңтүстік Американың физикалық картасы

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс

Сабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру (2 мин)

ІІ кезең – үй тапсырмасын тексеру (10 мин)

ІІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (15 мин)

ІV кезең –  білім мен икемділіктерін бекіту (15 мин)

V кезең – бағалау кезеңі (1 мин)

VІ кезең – қорытынды (2 мин)

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

І

Мұғалім оқушылармен амандасып, балалардың кім-жоғын сұрайды. Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Сәлемдеседі, тәртіпке келеді де, одан сабаққа дайындалып отырады.

ІІ

Үй тапсырмасын тексеру үшін дәптерлер мен кескін карталарын тексереді және оқушылардан үйге берген терминдердің анықтамаларын сұрайды: гилея, пампа, кебрачо, кампос, льянос, гаруан дегеніміз не?

Сосын параграф соңындағы сұрақтарды қояды.

Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап беріп, үйде орындаған тапсырмаларды көрсетеді. Сосын терминдерге анықтама береді: Гилея – жылдамдығы сағатына 800 км-ге жететін және кенеттен пайда болатын мен құйын тәрізді қозғалатын дауыл. Пампа – Ла-Плата жазығын алып жатқан құнарлы шымды қызғылт топырақта таралған субтропиктік дала зонаның жергілікті атауы. Кебрачо – арасында бұтағы өте қатты, қабағынан тері илеуге қажетті шикізат алынатын балта сынар ағашы. Кампос – Оңтүстік Америка материктегі Бразилия саваннасы мен сирек ормандары. Льянос – Оңтүстік Америка материктегі Ориноко саваннасы мен сирек ормандары. Гаруан – Ауа температурасы тәулік ішінде 25-300С-қа ауытқиды, соның салдарынан мамыр мен қараща аралығында бриз желдері салқын, «соқыр» тұмандар.

ІІІ

Жаңа материалды оқытуда әңгімелесу әдісі арқылы жүргізеді.

Біздің жыл санауымыздан 20-30 мың жыл бұрын Оңтүстік Америкаға адамдар Солтүстік Америка арқылы Азиядан қоныс аударды деген жорамал бар.

Үндістер – материктің байырғы тұрғындары – монғол типтес нәсілдің америкалық тармағына жатады. Мұғалім еуропалықтар келгенге дейін үндістердің едәуір дамыған өркениеті мен мәдениетінің болғандығын дәлелдейтін мысалдар келтіреді. Отарлаушылардың үндістерді қырып-жоюы әрі аяусыз езуі нәтижесінде олардың өркениеті мен мәдениетіне көп нұқсан келді. Плантацияларда жұмыс істету үшін Африкадан ұзақ жылдар бойы құл-негрлер әкелінген, соның нәтижесінде араласқан халықтар (метистер, самболар, мулаттар) пайда болғандығы туралы айтып береді. Америка  халқының көпшілігі латын тілдеріне жататын испан және португал тілдерінде сөйлейді. Сондықтан материкті Орталық Америкамен біргі Латын Америка деп атайтынын айтады.

Мұғалім еңбекшілердің тұрмыс жағдайын жақсарту жолындағы күресінен, сондай-ақ баспасөздің ең соңғы хабарларынан мысалдар келтіреді.

Материктің елдеріне көшкенде Оңтүстік Американың саяси картасы мен физикалық картасы мысалында елдері Анд елдері мен шығыстағы жазық елдері деп бөлінетінін айтады.

Оқушылар мұғалімді тыңдап, сұрақтарға жауап береді. 

Халықтың тығыздығы картасы бойынша оқушылар адамдардың тіршілік етуі үшін аса қолайлы аудандар мен ондағы халықтың ұлттық құрамын, олардың ұрпақтарының басым қоныстанған аймақтарын анықтайды.

Мемлекеттерге сипаттама бергенде атластағы карталарды, әрі оқушыларға бұрынғы өткен сабақ материалдарынан мәлім мағлұматтарды пайдаланады. Оқушылар жауап берген кезде естеріңе түскен объектілерді қабырғадағы картадан көрсетеді. 

ІV

Сабақты бекіту кезеңінде мұғалім оқушыларға келесі сұрақтарды қояды:

1. Оңтүстік Американың нәсілдік және ұлттық құрамы қандай?

2. Материктегі ежелгі өркениет орталықтарын атаңдар.

3. Оңтүстік Америка елдері қандай аймақтарға топтастырылады?

Сосын келесі тапсырманы береді:

1. Оқулық мәтіні мен қосымша мәліметтерді, пайдаланып, Бразилия еліне оқулық соңындағы жоспар бойынша сипаттама беріңдер. 

Сабақты бекіту кезеңінде оқушылар сұрақтарға жауап береді.

1. Материктің байырғы тұрғындары – монғол типтес нәсілге жататын үндістер 10% алып жатыр, метистер, мулаттар, самболар, негрлер.

2. Биік таулы өңірдегі егіншілікті жоғары дәрежеде дамытқан инктер империясы.

3. Оңтүстік Америка елдері Анд елдері мен шығыстағы жазық елдері деп бөлінеді.

Сосын оқушылар оқулық мәтіні мен қосымша мәліметтерді, атластағы тақырыптық карталарды пайдаланып, Бразилия еліне оқулық соңындағы жоспар бойынша сипаттама береді де. 

V

Үй жұмысы:

1. §43 оқып, мазмұнын айту.

2. Кескін картаға материктің саяси картасын түсіру.

3. Оқулық мәтіні мен қосымша мәліметтерді, пайдаланып, Венесуэла, Аргентина, Перу елдерінің біріне оқулық соңындағы жоспар бойынша сипаттама беріңдер. 

Оқушылар үй жұмысын жазып алады, түсінбеген сұрақтарды сұрайды.

Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды.

Мұғалімді тыңдап, бағаланады. Күнделіктерін береді.

VІІ

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушыларды үзіліске жібереді.

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін мұғаліммен бірге талдайды. Үзіліске шығады.

Сабақ: 46

Күні: Кеңес мектебі – 27.02.2012                         Ямышев мектебі – 28.02.2012                        

Тақырыбы: Материкте халықтың орналасуы және саны. Этностар. Материалдық және рухани мәдениеті.

Білімділік мақсаты «Оңтүстік Америка» тарауы бойынша өткен материктің ашылуы мен зерттеу тарихы, жер бедері мен пайдалы қазбалары, климаты, өзендері мен көлдері, табиғат зоналары, халқы мен елдері туралы білімдерді жүйелеу, оқушылардың жалпы географиялық білімдерін одан әрі меңгеру және бекіту.

Дамытушылық мақсаты – Оқушылардың географиялық ой-өрісін дамыту. Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, танымдық қызығушылығын дамыту, географиялық ойлауын қалыптастыру.

Тәрбиелік мақсаты – қушыларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу, өз ойларын жеткізе білуіне, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.

Оқу құралдары: Оқулық, 7 сынып Атлас, жарты шарлар физикалық картасы, Дүние жүзінің саяси картасы, Оңтүстік Американың физикалық және саяси картасы

Сабақ түрі: Өткен материалды бекіту сабағы

Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс

Сабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру (2 мин)

ІІ кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (38 мин)

ІІІ кезең – бағалау кезеңі (3 мин)

ІV кезең –  қорытынды (2 мин)

Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

І

Мұғалім оқушылармен амандасып, балалардың кім-жоғын сұрайды. Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Оқушылар мұғаліммен амандасады да, сабаққа дайындалып отырады.

ІІ

Ең алдымен мұғалім балалардың кескін карталарын тексереді және материкті табиғат зоналарын сұрайды. Сосын балаларға параграф соңындағы сұрақтарды қояды.

Балалар мұғалімге кескін карталарын көрсетіп, материкте кездесетін табиғат зоналарды көрсетеді. Сосын сұрақтарға жауап береді.

ІІІ

Оңтүстік Америка бойынша білімдерді бекіту үшін мұғалім  ең алдымен балалардан геодиктант алады.

1. Оңтүстік Американың жер көлемі...........

2. .........материктегі аса ірі тау жүйесі.

3. Атлант және .....    мұхиттары материкті шайып жатыр.

4. Фроурд Оңтүстік Американың ең .....   шеткі нүктесі.

5. Амазонка  Жер шарындағы ең .... мол өзен.

6. Дүние жүзіндегі ең биік ...... сарқырамасы.

7. ...... – Жер шарындағы ең ылғалды, ең жасыл материк.

8. Ағыстардың ықпалы нәтижесінде ........ шөлі қалыптасқан.

9. Оңтүстік Америка жер бедері сипатына қарай ..... және .... болып ажыратылады.

10. Материктің оңтүстістігіндегі жіңішке бөлікті ...... климаттық белдеуі алып жатыр.

11. Амазонканың қалың ормандарын.... деп атайды.

12. Оңтүстік Америкадағы мекендейтін колибри құсы әлемдегі ең .... құс.

13. Оңтүстік Америка материгінде қазіргі кезде ....астам халық тұрады.

14. Табиғат жағдайларына байланысты материктегі елдер ......  және......  болып ажыратылады.

15. Материктегі ең ірі мемлекет..... 

Сосын балалардан номенклатураны сұрайды.

І. Тау, үстірт, жазық, шөл, арал.

Анд тауы                                              Амазонка ойпаты

Ла-Плата жазығы                                Отты жер.

Ориноко жазығы                                 Гвиана таулы үстірті

Бразилия таулы үстірті                       Аконкагуа ең биік нүктесі

Атакама шөлі

ІІ. Шеткі нүктелері

Гальинас м.                                         Фроурд м.

Париньяс м.                                         Кабу – Бранку м

ІІІ. Өзен – көл, теңіз

Амазонка өзені                                  Ориноко өзені

Магдалена өзені                                Сан-Франсиску өзені

Парана өзені                                      Титикака көлі

Поопо көлі                                         Морокайбо көлі

Анхель сарқырамасы                        Игуасу сарқырамасы

Паулу – Афонсу сарқырамасы          Кариб теңізі

ІV. Шығанақ, бұғазы.

Магелан бұғазы                                Венесуэла шығанақ      

Оқушылар Оңтүстік Америка бойынша білімдерді бекіту үшін географиялық диктант жазады:

1. 18,3 млн км2.

2. Анд таулары.

3. Тынық мұхиты.

4. Оңтүстік.

5. Суы.

6. Анхель (1054м).

7. Оңтүстік Америка.

8. Атакама шөлі.

9. Таулы және жазықты.

10. Шөлейт зонасы.

11. Гилея.

12. кішкентай.

13. 320 млн. астам.

14. Анд елдері мен шығыстағы жазық елдері.

15. Бразилия.

Сосын балалар Оңтүстік Америка бойынша номенклатураны қайталап, қабырға картасынан көрсетеді.

ІV

Мұғалім оқушыларды сабаққа қатысуына, біліміне, топтық ынтымақтастығына  байланысты бағалайды.

Оқушылар мұғалімді тыңдап, бағаланады.

V

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушылармен қоштасады.

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін мұғаліммен бірге талдайды. Мұғаліммен қоштасады.

Сабақ: 47-48-49-50

Күні: Кеңес мектебі – 03,05,10,12.03.2012                     Ямышев мектебі – 02,06,09,13.03. 2012                        

Тақырыбы: Африка. Физикалық-географиялық орны. Материктің пішіні мен жағалау сызығы. Материктің ашылу және зерттелу тарихы. Жер бедері. Пайдалы қазбалары.

Білімділік мақсаты – Африканың географиялық орнының ерекшеліктері көрсету, Африканы зерттеу тарихындағы финиялықтар мен гректердің ұғымы, португалдықтардың ашқан жерлері мен Д. Ливингстон және В. Юнкердің зерттеулеріне тоқталу. Оқушыларға материктің жер бедері құрылысының ерекшелігін және пайдалы қазбаларының орналасуыжайлы білімдерін қалыптастыру және ерекшеліктерді көрсету.

Дамытушылық мақсаты – Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, оқушыларды жер бедерінің даму тарихын, пайдалы қазбалардың жер бетіндегі орналасу заңдылықтарын ұғынуға жетелеу, пәнге деген қызығушылығын, танымдық қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік мақсаты – оқушыларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу, өз ойларын жеткізе білуіне, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.

Оқу құралдары: Оқулық, 7 сынып Атлас, жарты шарлар физикалық картасы, Африканың физикалық картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс

Сабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру (2 мин)

ІІ кезең – үй тапсырмасын тексеру (15 мин)

ІІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (25 мин)

ІV кезең –  білім мен икемділіктерін бекіту (40 мин)

V кезең – үй тапсырманы беру  (3 мин)

VІ кезең – бағалау кезеңі (3 мин)

VІІ кезең – қорытынды (2 мин)

Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

І

Мұғалім оқушылармен амандасып, балалардың кім-жоғын сұрайды. Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Сәлемдеседі, тәртіпке келеді де, одан сабаққа дайындалып отырады.

ІІ

Ең алдымен мұғалім балалардың кескін карталарын тексеріп, Оңтүстік Америка материгінің саяси картасын жатқа сұрайды.

Сосын оқушылардың Венесуэла, Аргентина, Перу елдеріне жасаған сипаттамаларын тыңдайды.  

Оқушылар өздерінің кескін карталарын көрсетіп, Оңтүстік Америка материгінің саяси картасын жатқа айтып көрсетеді.

Сосын Венесуэла, Аргентина, Перу елдеріне жасаған сипаттамаларын айтады.   

ІІІ

Бұл бөлімге оқушылардың көңілін аудару үшін мұғалім олардың материктің табиғаты жөнінде не білетінін сұрайды.

Одан кейін мұғалім қай материк Африкадан үлкен, ал қай материк кіші деген сұрақтарды қояды.

Мұғалім материктің шеткі нүктелерін оқушыларға анықтатады:

Африка жан-жағынан бірнеше мұхиттар мен олардың теңіздерімен шайылып жатыр. Тек қана солт-шығысында жіңішке мойнақ арқылы Азиямен жалғасқан. Бұл қандай мойнақ деп сұрайды. Мойнақ арқылы ұзындығы 161 км канал қазылған. Суэц каналының іске қосылуы дүние бөліктерінің өзара байланысын жақсартып, Атлант және Үнді мұхиты арасындағы су жолын қысқартты. Мысалы, канал салынбай тұрған уақытта Үндістанға бару үшін Африканы айналып өту керек болса, канал салынған соң, Еуропадан Үндістанға бару үшін жол 6000-8000 км-ге, сол сияқты Аустралияға баратын жол 10000 км-ге қысқарды. Суэц каналы 19ғ ортасынан басталып, 10 жыл бойы салынған. Канал Египет Араб Республикасына қарайды.

Теңіздер мен мұхиттарға сипаттама бергенде Қызыл теңіздің, Атлант және Үнді мұхиттарының жағаға таяу бөліктерінің географиялық орнын, ұзындығын, енін суреттеу үшін картамен жұмыс жасайды.

Сосын мұғалім Солтүстік Африканың ежелгі мемлекеттері, материктің табиғат байлықтары туралы нені білетінін айқындап алады. Сонымен бірге мұғалім Африканың Еуропадан онша алыс еместігіне қарамастан, еуропалықтардың оған бара алмағандығының себебін түсіндіреді. Оның ішкі аймақтарына апарар жолды солтүстікте Сахара шөлі, ал батысы мен шығысында материкке енуге қиындық келтіретін тік жағалар бөгеп жатты және еуропалықтарды Африканы зерттеуге құлшындырған себептерді көрсетеді, оқушыларға ең алдымен алғашқы саяхатшылар мен зерттеушілердің қандай жағдайда жұмыс істегенін баяндайды, отарлаушы елдердің басқыншылық саясат жүргізгеніне және африкалықтарды 400 жыл бойы аяусыз қырғынға ұшыратқанына ерекше көңіл бөледі.

Еуропалықтарға материк туралы ұғым 15ғ аяғында ғана белгілі бола бастады. Португалдықтардың ашқан жерлерін сипаттағаннан кейін мұғалім адамзат тарихындағы масқара оқиға – құл саудасы туралы айтып береді. Африканың байырғы халқының қариялар мен ауру адамдар өлтіріліп, еркектер, әйелдер мен балалар аяусыз құлдыққа салынған. Бұдан кейін мұғалім Д.Ливингстон, В.В.Юнкер, Н. И. Вавиловтың зерттеулері жөнінде айтып береді. Материктің табиғат байлықтарын пайдалы қазбаларын, жер асты суларын зерттеуде кеңестік мамандар көп еңбек сіңірді.

Мұғалім Африка жер бедерін анықтау алдында оқушылармен бірге Африканың физикалық картасының қай топқа жататынын, онда табиғаттың қандай компонеттері бейнеленгенін сұрайды. Африканың жер бедерін оқып үйрену карта бойынша жүзеге асырады. Бұл үшін оқулық соңындағы жоспарды пайдаланады.    

Оқушылар Африка жайлы радиодан естіді, теледидар хабарлдарын көрді, көп оқыды. Өзіндік ерекшелігі бар мол Африка жайында көптеген қызықты кітаптар жазылғанын айтады.

Оқушылар мұғалімнің тапсыруы бойынша экватордың нөлдік меридианның, тропиктің қай арадан өтетінін, параллельдер мен меридиандардың неше градус аралықта жүргізілгенін, карта масштабы қандай екендігін анықтайды. Оқушылар «материктің географиялық орны» ұғымын кеңейтеді, материктің ендік пен бойлықтағы орнының оның табиғат жағдайының қалыптасуына қандай маңызы болатынын анықтайды.

Сосын материктің шеткі нүктелерін және олардың координаталарын анықтайды.

Солт.-те Эль-Абьяд мүйісі – 370 с.е 100 ш.б.

Оңт.-те Игольный мүйісі– 350 о.е 200 ш.б.

Батыста Альмади мүйісі – 150 с.е 180 б.б.

Шығыста Хафун  мүйісі – 100 с.е 510 ш.б.

Кескін картаға материк жағалауындағы жылы және суық ағыстардың бағыттарын белгілеп, олардың пайда болуын түсіндіреді. Ағыстардың материк табиғатына тигізетін әсерлеріне нақты мысал келтіреді.

Балалар Солтүстік Африканың ежелгі мемлекеттері, материктің табиғат байлықтары туралы білгендерін айтып береді.

Оқушылар олардың саяхат маршруттарын картадан қадағалап отырады.

Одан кейін оқушылар жер қыртысының түрлері және жер шары бедерінің ірі элементтерінің орналасу заңдылықтары туралы білімдерін еске түсіру үшін оқулықтағы мәтіннің алдында тұрған сұрақтар бойынша әңгімелер өткізіледі. Африканың жер бедерін оқып үйренгенде карта бойынша және оқулық соңындағы жоспар бойынша жүзеге асырады.     

ІV

Сабақ соңында өтілген материалды бекіту мақсатында мынадай жұмыстарды береді:

1. Африка материгінің жер бедеріне жоспар бойынша сипаттама беру.

2. Кескін картаға Африка материгі жағалауларын шайып жатқан мұхиттарды, теңіздерді, түбектерді, аралдарды тауып және материктің шеткі нүктелерін, Кап, Атлас тауларының жату бағыттарын және салыстырмалы жасын анықтап, таулардың, таулы қыраттар мен жазықтардың аттарын және шартты белгілер арқылы пайдалы қазбалардың орындарын белгілеңдер.

Сабақ барысында оқушылар өз беттерінше орындаған жұмыстарын, яғни Африка материгінің жер бедеріне жоспар бойынша сипаттама береді және кескін картаға Африка материгі жағалауларын шайып жатқан мұхиттарды, теңіздерді, түбектерді, аралдарды тауып және материктің шеткі нүктелерін, Кап, Атлас тауларының жату бағыттарын және салыстырмалы жасын анықтап, таулардың, таулы қыраттар мен жазықтардың аттарын және шартты белгілер арқылы пайдалы қазбалардың орындарын белгілейді.

V

Үй жұмысы:

1. §44, 45 оқып, мазмұнын айту.

2. Тапсырмаларды аяқтау.

Оқушылар үй жұмысын жазып алады, түсінбеген сұрақтарды сұрайды.

Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды және неге солай бағалағанын айтады.

Мұғалімді тыңдап, бағаланады. Күнделіктерін береді.

VІІ

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушылармен қоштасады.

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін мұғаліммен бірге талдайды. Мұғаліммен қоштасады.

Сабақ: 38

Күні: Кеңес мектебі – ..2012                                 Ямышев мектебі – ..2012                        

Тақырыбы: Аралық бақылау жұмысы

Білімділік мақсаты – балалардың 1-ші жартыжылдықта алған білімдерін еске түсіру және бекіту

Дамытушылық мақсаты – Проблемалық жағдай туғыза отырып, оқушылардың ойлау қабілетін дамыту. Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын, танымдық қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік мақсаты – Оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.

Оқу құралдары: Оқулық, 7 сынып Атлас, Дүниежүзінің физикалық картасы, глобус, кескін карталар

Сабақ түрі: Қайталап, қорытындылау сабағы

Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс

Сабақ жоспары:

І кезең – ұйымдастыру кезеңі (3 мин)

ІІ кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (40 мин)

ІІІ кезең – қорытынды кезеңі (2 мин)

Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

І

Мұғалім оқушылармен амандасып, балалардың кім-жоғын сұрайды. Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Сәлемдеседі, тәртіпке келеді де, одан сабаққа дайындалып отырады.

ІІ

Тапсырмалармен таныстырып, оларды орындауға бағыт-бағдар береді.

Оқушылар нұсқаларға бөлініп, барлық тапсырмаларды орындайды.

ІІІ

Мұғалім жалпы сабақ барысын қорытындылайды. Сосын оқушыларды үзіліске жібереді.

Оқушылар үзіліске шығады.   

Сабақ: 51

Күні: Кеңес мектебі – 17.03.2012                         Ямышев мектебі – 16.03.2012                        

Тақырыбы: Климат. Климат қалыптастырушы факторлар

Білімділік мақсаты – Африка материгінің климат ерекшелігін айту, климат қалыптастырушы факторлардың маңыздылығы туралы ұғым түсініктерін қалыптастыру, жеке аймақтарда климатты сипаттап қорытынды жасау.

Дамытушылық мақсаты – Проблемалық жағдай туғыза отырып, оқушылардың ойлау қабілетін дамыту. Климаттық картаны қолдана білуге, ол арқылы белгілі бір жердің климаттық жағдайын сипаттай білуге үйрету. Сондай-ақ бұндай карталарды қалай пайдалану жолдары мен жұмыс істеудің қарапайым әдіс-тәсілдерін жетілдіру.

Тәрбиелік мақсаты – Оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.

Оқу құралдары: Оқулық, 7 сынып Атлас, Африканың физикалық картасы, дүние жүзінің физикалық картасы, кескін карталар

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс

Сабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру (2 мин)

ІІ кезең – үй тапсырмасын тексеру (10 мин)

ІІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (10 мин)

ІV кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (15 мин)

V кезең – үйге тапсырма беру (4 мин)

VІ кезең – бағалау кезеңі (2 мин),

VІІ кезең – қорытынды (2 мин)

Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

І

Мұғалім оқушыларды тыныштыққа орнатып,  оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Тәртіпке келеді де, сабаққа даяр отырады.

ІІ

Ең алдымен мұғалім оқушылардың дәптерлерін тексеріп, сосын орындаған тапсырмаларды тексереді. Қателіктерін айтады.

Одан кейін балаларға келесі сұрақтарды қояды: 1. Африканың жер бедерінің қандай өзіндік ерекшеліктері бар?

2. Африкада қандай пайдалы қазбалар бар?

3. Африканың шайып жатқан мұхиттары қандай?

Мұғалімге өз дәптерлерін тексеруге береді. Сосын Африканың таулар мен жазықтарын көрсетіп, тауларды жату бағыттарын анықтайды. Одан кейін сұрақтарға жауап береді:

1. Материкте 200-1000м болатын үстірттер басым, солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай көтеріңкі болып келеді, т.б.

2. Мыс, мырыш, қалайы, уран, алтын, алмас, тұз, боксит, марганец, темір, көмір, т.б.

3. Атлант пен Үнді мұхиты.

ІІІ

Ең алдымен мұғалім Африка қандай ендіктер арасында орналасқан? Географиялық орнына қарай Африканың қандай қысым белдеулері кесіп өтеді? деген сұрақтарды қояды. Одан кейін Африканың географиялық орнының ерекшелігіне сәйкес экватордан басқа климаттық белдеулер екі реттен қайталанады. Сосын балаларды топтарға бөліп, климаттық белдеулер тақырыпшасын оқып шығыңдар деген тапсырманы береді.

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, мұғалімді тыңдайды, білген білімдерін еске түсіреді.

Тақырыптық карта көмегімен Африканы кесіп өтетін климаттық белдеулерді атап, оларды картадан көрсетеді.

Сосын топтарға бөлініп, оқулық мәтінін оқып, тақырыптық карталарды пайдаланып, білімдерінді өз беттерінше меңгереді, және басқаларға сұрақтарды дайындайды.

ІV

Материалды бекіту кезеңінде оқушылар оқыған тақырыптарын, яғни, климаттық белдеулерді белгілі жоспар бойынша тақта алдында сипаттайды, және бір-біріне сұрақтарды қояды.

Сосын мұғалім балаларға келесі тапсырманы береді: Оқулықтағы қалалардың климаттық диаграммалардың біреуіне оқулық соңындағы жоспар бойынша сипаттама беріңдер.

Білімдерін бекіту үшін оқушылар оқыған тақырыптарын, яғни, климаттық белдеулерді белгілі жоспар бойынша тақта алдында сипаттайды, және бір-біріне сұрақтарды қояды. Бір-бірін тыңдап білімдерін бекітеді. Оқулықтағы қалалардың климаттық диаграммалардың біреуіне оқулық соңындағы жоспар бойынша сипаттама береді.

V

Үй жұмысы:

1. §46-47 оқып, қысқаша конспект жазу.

2. Кескін картаға климаттық белдеулерді түсіру

Оқушылар үй жұмысын жазып алады. Түсінбеген жерлері бар болса, сұрайды.

Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды және неге солай бағалағанын айтады.

Мұғалімді тыңдап, бағаланады. Күнделіктеріне бағаларын қойғызады.

VІІ

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушылармен қоштасады.

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін мұғаліммен бірге талдайды. Мұғаліммен қоштасады.

Сынып:   7                                                                                         Күні:

Тақырыбы:          Aфриканың  табиғат зоналары

Мақсат-міндеттер:

Білімділік мақсаты – Африканың ішкі суларының ерекшеліктерін, Атлант және Үнді мұхиттар алаптары өзендерінің ерекшеліктерін көрсету, өзен сипаты мен көлдер торын анықтау. Африканың табиғат зоналар туралы білімді беру, олардың таралу заңдылықтары мен ерекшеліктерін анықтау және сипаттау, материктің табиғат зоналарына талдау жасау.

Дамытушылық мақсаты – Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын, танымдық қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік мақсаты – оқушыларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу, өз ойларын жеткізе білуіне, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.

Оқу құралдары: Оқулық, 7 сынып Атлас, жарты шарлар физикалық картасы, Африканың физикалық картасы

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс

Сабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру (2 мин)

ІІ кезең – үй тапсырмасын тексеру (15 мин)

ІІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (25 мин)

ІV кезең –  білім мен икемділіктерін бекіту (40 мин)

V кезең – үй тапсырманы беру  (3 мин)

VІ кезең – бағалау кезеңі (3 мин)

VІІ кезең – қорытынды (2 мин)

Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

І

Мұғалім оқушылармен амандасып, балалардың кім-жоғын сұрайды. Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Сәлемдеседі, тәртіпке келеді де, одан сабаққа дайындалып отырады.

ІІ

Үй тапсырмасын тексеру үшін дәптерлер мен кескін карталарын тексереді және оқушылардан үйге берген оқулықтағы қалалардың климаттық диаграммалардың біреуіне оқулық соңындағы жоспар бойынша сипаттамаларын тексереді. 

Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап беріп, үйде орындаған тапсырмаларды көрсетеді.

Сосын оқулықтағы қалалардың климаттық диаграммалардың біреуіне оқулық соңындағы жоспар бойынша сипаттамаларын көрсетеді. 

ІІІ

Жаңа материалды оқытуда әңгімелесу әдісі арқылы жүргізеді.

1. Африканы қандай мұхиттар шайып жатыр?

2. Материктің қандай ірі өзендерін білесіңдер?

Африка материгін молы сулы өзендерге, тұщы сулы терең көлдерге бай екенін, алаптар жайында айтып береді.

Атлант мұхитына құятын өзендердің ерекше басым болатынын, Атлант мұхитына құятын өзендер ағынынан 12 есе асып түсетінін оқушыларға айтып береді. Ішкі тұйық ағын алабы шамалы ғана ауданды қамтиды. Өзендердің су жинау ерекшеліктері мен маусымдық құбылыстарға байланыстылығын білу үшін оқушыларға атластағы және  оқулықтағы климаттық карталар бойынша жауын-шашын мөлшері мен олардың өзендерінің су жинау алаптарында қандай маусымда жауатынын анықтау қажет.

Мұнан кейін мұғалім Афркада көлдердің аз екенін айтады. Солтүстікте бөлініп қалған тұйық көлдер Анд тауларының оңтүстігінде мұз бен жанартаулардан пайда болған шаығн көлдер бар. Материкте тектоникалық жолмен пайда болған аса ірі көл – Титикака (үндістер тілінен аударғанда «қорғасынды немесе қалайлы тау» деген сөз) орналасқан. Көл ағынды болғандықтан суы тұщы келеді. Титикака көлінің түбінде қалған қазына жөніндегі инктердің аңызы бар. Инктердің бір аңызы бойынша қазынаны испан конкистадорларының қолына түсірмеу үшін үндістер барлық алтынды жинап алып, орасан зор шынжыр құйған да, өздері түбі жоқ деп есептеген көлге тастаған. Жак Ив Кусто бастаған техника жағынан жақсы жабдықталған француз экспедициясы екі шағын қайықпен сегіз апта бойы іздеп, Титикака көлінің ешқандай да құпиясы жоқ екенін анықтады. Экспедиция «түпсіз» көлдің тереңдігі 320м екенін дәлелдеді.

Сосын айтылатын барлық көлдерін, өзендерді, сарқырамаларды картадан оқушыларға көрсетеді.

Сосын материктің табиғат зоналары туралы айтқанда мұғалім оқушыларға өз беттерінше меңгеріңдер деген тапсырманы береді.

Оқушылар мұғалімді тыңдап, сұрақтарға жауап береді. 

Оқушылар жауын-шашынның экваторлық бөлігінде ғана мол жауып қоймай, сонымен қатар өзеннің бүкіл өн бойында да жыл бойы жауатынын айтып көрсетеді. Парана мен Ориноко өзендерінің алаптары үшін жауын-шашын ең көп жауатын мезгілі жаз екенін айтады

Өзендердің су жинау жолдарын анықтау үшін, оқушылар климаттық карталар бойынша шілде(қысқы) изотермаларының барысын тексереді. Өйткені өзендер жаңбырдан жеткілікті су жинайды, ал қар мен мұздық суы тек сол, қар сызығынан жоғары жатқан тау өзендерін ғана сумен қамтамасыз ететін қиыр оңтүстікке ғана тән келеді. Оқушылар физикалық картадан өзендер орта және төменгі ағыстарында ойпат арқылы ағатынын көреді. Бұл тұстарда өзен ағыстары баяу, құламасы шамалы, болып келеді. Жоғарғы ағысында өзендер таулар мен таулы үстірттерді жарып өтіп, терең шатқалдар жасайды.

ІV

Сабақты бекіту кезеңінде мұғалім оқушыларды табиғат зоналардың санына қарай бөледі. Әрбір топтың есеп беру жоспары:

1. Зонаның атауын айту және оны анықтау.

2. Оның шекарасын картадан көрсету.

3. Берілген табиғат зонаны сипаттау.

Топтың басшысы оқушыларды келесі атауларға бөлу:

1. Басшы (берілген табиғат зонаның атауын айту, оны  картада көрсету).

2. (берілген табиғат зонаның климатын сипаттау).

3. Топырақтанушы

4. Зоолог (жануарлар дүниесін сипаттау).

5. Ботаник (өсімдік жамылғысын сипаттау)

Сабақты бекіту кезеңінде оқушылар айтылатын барлық көлдерін, өзендерді, сарқырамаларды картадан тауып іздейді.

Сосын оқушылар материктің табиғат зоналардың санына қарай бөлініп, өздерінің табиғат зоналары тақырыпаларын өз беттерінше меңгереді. Топ мүшелерін сайлайды: топ басшысы, климатолог,  топырақтанушы, зоолог, ботаник. Соңында әрбір топ қарастырылған тақырыптық сұрақтар бойынша есеп береді.

V

Үй жұмысы:

1. §48, 49-50 оқып, мазмұнын айту.

2. Кескін картаға материктің өзендері мен көлдерін, табиғат зоналарын түсіру.

Оқушылар үй жұмысын жазып алады, түсінбеген сұрақтарды сұрайды.

Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды.

Мұғалімді тыңдап, бағаланады. Күнделіктерін береді.

VІІ

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушылармен қоштасады.

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін мұғаліммен бірге талдайды. Мұғаліммен қоштасады.

Сабақ: 54-55

Күні: Кеңес мектебі – ..2012                                 Ямышев мектебі – ..2012                        

Тақырыбы: Африка материгіндегі халықтар мен елдер. Материкте халықтың орналасуы және саны

Білімділік мақсаты – Африканың халқы мен елдерін, олардың орналасу ерекшеліктері мен тұрмыс-жағдайын, Африканың тарихи-географиялық аймақтары мен елдерінің өзіндік ерекшеліктері туралы оқушылардың білімін қалыптастыру және оның табиғатындағы ерекшеліктердің себептерін көрсет

Дамытушылық мақсаты – Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын, танымдық қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік мақсаты – оқушыларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу, өз ойларын жеткізе білуіне, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.

Оқу құралдары: Оқулық, 7 сынып Атлас, жарты шарлар физикалық картасы, Африканың физикалық картасы

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс

Сабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру (2 мин)

ІІ кезең – үй тапсырмасын тексеру (15 мин)

ІІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (25 мин)

ІV кезең –  білім мен икемділіктерін бекіту (40 мин)

V кезең – үй тапсырманы беру  (3 мин)

VІ кезең – бағалау кезеңі (3 мин)

VІІ кезең – қорытынды (2 мин)

Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

І

Мұғалім оқушылармен амандасып, балалардың кім-жоғын сұрайды. Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Сәлемдеседі, тәртіпке келеді де, одан сабаққа дайындалып отырады.

ІІ

Үй тапсырмасын тексеру үшін дәптерлер мен кескін карталарын тексереді және оқушылардан үйге берген оқулықтағы қалалардың климаттық диаграммалардың біреуіне оқулық соңындағы жоспар бойынша сипаттамаларын тексереді. 

Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап беріп, үйде орындаған тапсырмаларды көрсетеді.

Сосын оқулықтағы қалалардың климаттық диаграммалардың біреуіне оқулық соңындағы жоспар бойынша сипаттамаларын көрсетеді. 

ІІІ

Ең алдымен мұғалім Солтүстік Африка елдерінің географиялық орны мен табиғат ерекшеліктеріне сәйкес Африканың солтүстігін алып жатқандығын айтып, бұл аймақты картадан көрсетеді.

Бұдан кейін мұғалім жеке аймақтарды өз беттерінше оқып үйренуге тапсырма береді. Солтүстік Африка аймағына сипаттама берудің жоспарын ұсынады.

1. Шекаралары мен құрамы

2. Аймаққа кіретін мемлекеттер

3. Табиғат жағдайлары

4. Халқы, олардың тұрмыс жағдайлары

5. Шаруашылығы

Одан кейін балаларды топтарға бөліп, әр топқа Солтүстік Африка елдері, Батыс Африка елдері, Шығыс Африка елдері және Оңтүстік Африка елдері тақырыпшаларын бөліп береді. Бұл аймақтарға берілген жоспар бойынша сипаттама беруді ұсынады.

Оқушылар мұғалімді тыңдап, сабақты бірге талдайды.

Солтүстік Африка аймағына кіретін мемлекеттерді картадан тауып, көрсетеді.

Оқушылар берілген жоспар бойынша Дүние жүзінің физикалық картасы, Дүние жүзінің саяси картасы, Африканың саяси картасы мен оқулық мәтінін пайдалана отырып, Африканың Солтүстік Африка аймағына сипаттама береді.

Одан кейін балалар топтарға бөлініп, әр топ Солтүстік Африка елдері, Батыс Африка елдері, Шығыс Африка елдері және Оңтүстік Африка елдері тақырыпшаларын оқып, бұл аймақтарға тақырыптық карталар мен оқулық мәтіні пайдаланып, берілген жоспар бойынша сипаттама бере бастайды.

ІV

Тақырыпты бекіту кезеңінде мұғалім оқушылардың сипаттамаларын тыңдап, сұрақтар қою арқылы олармен бірге аймақты жан-жақты талдайды.

Сосын оқушыларға келесі тапсырманы береді.

1. Кескін картаға Африканың тарихи-географиялық аймақтарын түсіру.

2. Оқулық мәтіні мен атлас карталарын пайдаланып, төмендегі кестені толтыру.

Аймақ

Осы аймаққа кіретін елдер

Мекендейтін халықтар

Шаруашылығы

Тақырыпты бекіту кезеңінде оқушылар жоспар бойынша Солтүстік Африка, Батыс, Шығыс және Оңтүстік Африка аймақтарына сипаттама берген соң, бір-екі бала тақта алдында сипаттама береді. Қалғандары оларға сұрақтар қою арқылы білімдерін бекітеді, бір-бірін толықтырып, білімдерін кеңейтеді. Сосын оқулық мәтіні мен атлас карталарын пайдаланып, оқушылар Африканың тарихи-географиялық аймақтарын кескін картаға түсіреді. Сосын келесі кестені толтырады.

Аймақ

Осы аймаққа кіретін елдер

Мекендейтін халықтар

Шаруашылығы

V

Үй жұмысы:

1. §51, 52 оқып, мазмұнын айту.

2. Кескін картаға Африканың тарихи-географиялық аймақтарын түсіру..

Оқушылар үй жұмысын жазып алады, түсінбеген сұрақтарды сұрайды.

Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды.

Мұғалімді тыңдап, бағаланады. Күнделіктерін береді.

VІІ

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушылармен қоштасады.

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін мұғаліммен бірге талдайды. Мұғаліммен қоштасады.

Сабақ: 56

Күні: Кеңес мектебі – ..2012                                 Ямышев мектебі – ..2012                        

Тақырыбы: Нәсілдер мен этностар. Материалдық және рухани мәдениеті.

Мақсат-міндеттер:

Білімділік мақсаты «Африка» тарауы бойынша өткен білімді жүйелеу, оқушылардың жалпы географиялық білімдерін одан әрі меңгеру және бекіту.

Дамытушылық мақсаты – Оқушылардың географиялық ой-өрісін дамыту. Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, танымдық қызығушылығын дамыту, географиялық ойлауын қалыптастыру.

Тәрбиелік мақсаты – қушыларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу, өз ойларын жеткізе білуіне, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.

Оқу құралдары: Оқулық, 7 сынып Атлас, жарты шарлар физикалық картасы, Дүние жүзінің саяси картасы, Африканың физикалық картасы

Сабақ түрі: Өткен материалды бекіту сабағы

Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс

Сабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру (2 мин)

ІІ кезең – үй тапсырмасын тексеру (3 мин)

ІІІ кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (35 мин)

ІV кезең –  бағалау кезеңі (3 мин)

V кезең – қорытынды (2 мин)

Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

І

Мұғалім оқушылармен амандасып, балалардың кім-жоғын сұрайды. Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Оқушылар мұғаліммен амандасады да, сабаққа дайындалып отырады.

ІІ

Ең алдымен мұғалім балалардың кескін карталарын тексереді және қандай мемлекеттер қандай тарихи-географиялық аймаққа кіретінін сұрайды. Сосын балаларға параграф соңындағы сұрақтарды қояды.

Балалар мұғалімге кескін карталарын көрсетіп, қандай мемлекеттер қандай тарихи-географиялық аймаққа кіретінін айтады және картадан тарихи-географиялық аймақтары мен мемлекеттерді көрсетеді. Сосын сұрақтарға жауап береді.

ІІІ

Одан кейін мұғалім оқушыларды топтарға бөліп, 5 топ құрастырады. Әрбір топқа ат береді.

І топ «Географтар»

ІІ топ «Климатологтар»

ІІІ топ « Гидрологтар»

IV топ «Биологтар»

V топ «Этнографтар»

Ойынның бірінші кезегінде мұғалім оқушыларға 10 минут дайындалуға береді. Сосын топ мүшелеріне тарау соңындағы сұрақтарды қояды, сұраққа жауап беруіне байланысты топ ұпай жинайды. Егер топ жауап бере алмайтын болса, онда келесі топқа жауап беріп, ұпай жинауға болады.

Ойынның екінші кезегінде әрбір топ өз мамандықтарына сай ақпарат береді. Ал басқа топтың мүшелері оларға сұрақтар қою арқылы ұпайларын жинап, білімдерін бекітеді. 

Оқушылар топтарға бөлініп, мұғалімнің сұрақтарына жауап береді.

Географ» тобы Солтүстік Американың географиялық орнын, ашылу және зертелу тарихын, пайдалы қазбаларын зерттейді.

«Климатолог» тобы Солтүстік Америка құрлығының климатының басты ерекшелігін, күшті желдер, құйын жауындар, торнадо және климат белдеулерін зерттеп баяндайды.

«Гидролог» тобы материктің өзен жүйелерін, экологиясын, Колорадо каньонын, Ниагара сарқырамасын, көлдерін зерттеп сипаттайды.

«Биолог» тобы әр табиғат белдемінің өсімдіктерін, жануарларды, топырағын, ерекше өсімдік пен жануарларын зерттеп сипаттайды.

«Этнограф» тобы Солтүстік Американың халқын зерттеп, саяси картадағы елдерге талдау жасайды.

ІV

Мұғалім оқушыларды сабаққа қатысуына, біліміне, топтық ынтымақтастығына  байланысты бағалайды.

Оқушылар мұғалімді тыңдап, бағаланады.

V

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушыларды үзіліске жібереді.

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін мұғаліммен бірге талдайды. Оқушылар үзіліске шығады.

Сабақ: 51

Күні: Кеңес мектебі – ..2012                                 Ямышев мектебі – ..2012                        

Тақырыбы: №3 сарамаңдық жұмыс

Мақсат-міндеттер:

Білімділік мақсаты «Африка» тарауы бойынша өткен білімді жүйелеу, оқушылардың жалпы географиялық білімдерін одан әрі меңгеру және бекіту.

Дамытушылық мақсаты – Оқушылардың географиялық ой-өрісін дамыту. Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, танымдық қызығушылығын дамыту, географиялық ойлауын қалыптастыру.

Тәрбиелік мақсаты – қушыларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу, өз ойларын жеткізе білуіне, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.

Оқу құралдары: Оқулық, 7 сынып Атлас, жарты шарлар физикалық картасы, Дүние жүзінің саяси картасы, Африканың физикалық картасы

Сабақ түрі: Практикалық сабақ

Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс

Сабақтың жоспары:

І кезең – ұйымдастыру кезеңі (3 мин)

ІІ кезең – білім мен икемділіктерін бекіту кезеңі (40 мин)

ІІІ кезең – қорытынды кезеңі (2 мин)

Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

І

Мұғалім оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді. Оқушыларға сарамаңдық жұмыс дәптерлерін таратып береді.

Оқушылар сабаққа даяр отырады. Әр балада сарамаңдық жұмыс дәптері мен атласы, кескін картасы болады.

ІІ

Тапсырмалармен таныстырып, оларды орындауға бағыт-бағдар береді.

1 тапсырма. Төмендегі жоспар бойынша Африка қалаларының климаттық диаграммалардың біреуін сипаттаңдар (Триполи, Антананариву, Фритаун, Виндхук, Хартум, Алжир):

1) температураның жыл ішіндегі өзгерісін талдау;

2) ең суық және ең ыстық айдың орташа температурасын анықтау;

3) жылдық температураның айырмашылығын анықтау;

4) жылдық жауын-шашын мөлшерін және түсу мерзімін анықтау;

5) температура мен жауын-шашынның жыл ішіндегі өзгерістерінің себебін түсіндіру;

6) берілген диаграммаға сәйкес келетін климаттық белдеу мен климат жағдайын анықтау.

2 тапсырма. Кескін картаға берілген географиялық объектілерді түсіріңдер.

1. Бен-Секка, Альмади, Рас-Хафун, Игольный мүйістері

2. Гвинея, Аден шығанақтары

3. Сомали түбегі

4. Мадагаскар аралы

5. Эфиопия таулы қыраты

6. Сахара, Калахари шөлдері

7. Атлас, Айдаһар, Кап таулары

8. Виктория, Ньяса көлдері

9. Ніл, Конго өзендері

10. Ассаль көлі, Килиманджаро жанартауы

Оқушылар берілген жоспар бойынша қалауы бойынша Африка қалаларының климаттық диаграммалардың біреуін (Триполи, Антананариву, Фритаун, Виндхук, Хартум, Алжир) таңдап, атластар мен оқулықтағы қосымша мәліметтері көмегімен сипаттама береді. Яғни, температураның жыл ішіндегі өзгерісін талдайды, ең суық және ең ыстық айдың орташа температурасын анықтайды, жылдық температураның айырмашылығын анықтайды, жылдық жауын-шашын мөлшерін және түсу мерзімін анықтайды, температура мен жауын-шашынның жыл ішіндегі өзгерістерінің себебін түсіндіреді және берілген диаграммаға сәйкес келетін климаттық белдеу мен климат жағдайын анықтайды.

Екінші тапсырманы орындағанда ең алдымен берілген объектілерді дүние жүзінің немесе Африканың физикалық картасынан тауып, сосын оларды Африканың кескін картасына түсіреді.

ІІІ

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушылармен қоштасады.

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін мұғаліммен бірге талдайды. Мұғаліммен қоштасады.

Сабақ: 57-58

Күні: Кеңес мектебі – ..2012                                 Ямышев мектебі – ..2012                        

Тақырыбы: Аустралия. Географиялық орны. Жер бедері мен пайдалы қазбалары. Климаты.

Білімділік мақсаты – Аустралияның географиялық орнының ерекшеліктерін, зерттелу тарихын, теңізде жүзушілер А. Тасман мен Д. Куктың зерттеу жұмыстарын және еуропалықтардың қоныстануын зерттеу, жер бетінің құрылысы туралы білімді қалыптастыру, Аустралияның климат жағдайы мен ішкі суларының ерекшеліктерін көрсету, климат белдеулері, сондай-ақ тропиктік шөлдердегі ішкі сулардың ерекшелігі жөніндегі жалпы ұғымдарды қалыптастыруды жалғастыра беру.

Дамытушылық мақсаты – Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын, танымдық қызығушылығын арттыру, картамен жұмыс істей оку шеберлігін жалғастыра беру.

Тәрбиелік мақсаты – оқушыларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу, өз ойларын жеткізе білуіне, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.

Оқу құралдары: Оқулық, 7 сынып Атлас, жарты шарлар физикалық картасы, Аустралияның физикалық картасы,"Үлкен Тосқауыл рифі" қабырға суреті

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс

Сабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру (2 мин)

ІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (40 мин)

ІІІ кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (40 мин)

ІV кезең –  үй тапсырманы беру  (3 мин)

V кезең – бағалау кезеңі (3 мин)

VІ кезең – қорытынды (2 мин)

Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

І

Мұғалім оқушылармен амандасып, балалардың кім-жоғын сұрайды. Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Сәлемдеседі, тәртіпке келеді де, одан сабаққа дайындалып отырады.

ІІ

Жаңа материалды оқып үйрену үшін мұғалім әуелі оқушылардың Аустралия жөніндегі түсінігін анықтайды, бұл олардың жаңа материкті ықылас қойып, оқып үйренуін қалыптастыру үшін қажет. Мұғалім оқушылардан Аустралия туралы қандай кинофильм, теледидар  хабарларын көргенін сұрайды. Бұдан кейін мұғалім Аустралияның ғажайып материк екенін, біздің елімізбен салыстырғанда, онда бәрі керісінше екенін, солтүстігіне карағанда оңтүстігінің суық болатынын, жазы желтоқсанда, қысы шілдеде басталатынын айтады. Онда басқа материктерде мүлдем кездеспейтін жануарлар сақталған.

Аустралияның географиялық орнын қарастырғанда "Материктің географиялық орны" деген ұғымның нені қамтитынын оқушылармен бірге еске түсірген жөн.

Аустралияның географиялық орнына өз бетімен ауызша сипаттама жасауды ұсынуға болады. Аустралия мен Оңтүстік Африканың географиялық орнындағы ұқсастық белгілерді атап өтуі керек.

Жағалық сызықтар жөнінде айтқанда мұғалім Үлкен Тосқауыл рифіне сипаттама беруге тоқталады. Осыған орай қабырғаға ілінетін "Үлкен Тосқауыл рифі" қабырға суретіне талдау жасалады. Мұғалім оқушыларға мынадай сұрақ қояды: Маржанның пайда болуына қандай жағдай қажет? Маржан шоғырлары ерекше әдемі көрінеді. Олар қызыл, көгілдір реңді болып келеді, ашық түстілері, ал қызылдары және қызыл күреңдері де кездеседі. Бұлардың бәрінің пішіні бұтаға ұксайтындықтан оларды маржанды бақтар деп те атайды. Үлкен Тосқауыл рифін теңіз жұлдыздары, теңіз кірпісі, үлулар мен бақалшақтар да мекендейді. Бақалшақтардың ішіндегі ең құндысы - меруертті ұлу, бұлардың ұзындығы бір метрге жетеді, одан да асып түседі. Олардың қабырғаларында аса құнды меруерттер пайда болады.

Материктің ашылуы және зерттелу тарихын қарастырған кезде Аустралияның Еуропадан тым шалғайда болуына байланысты өзге материктерден кейініректе ашылғаны атап айтылады.

Табиғат байлықтарын (жайылым, пайдалы қазбалар) іздестіру оның ішкі бөліктерін зерттеуге себепкер болды.

Аустралияның жер бедерін Африка жер бедерімен салыстыру арқылы оқуға үйрену керек. Мұғалім "Жер қыртысының құрылысы" картасы бойынша сұрақтар мен тапсырмалар береді. Ауетралияның да Африка платформасы сияқты ежелгі Гондвана материгінің бір бөлігі екені айтылады. Одан кейін мұғалім оқушыларға Аустралияның физикалық картасын "Жер қыртысының құрылысы" картасымен салыстырып, мына сұрақтарға жауап беруін өтінеді:

1.Материктің ең ескі бөліктері қайсылары?

2. Осы бөліктердің жер бедері қандай?

3.Материктің қай бөлігі кейініректе пайда болған және оған қандай жер бедері сәйкес келеді?

Бұдан соң мұғалім кристалды фундаменттің неғүрлым кәтеріңкі болатын батыс бөлігін ерекше атап өтеді. Ол жер бедерінің таулы үстіртті пішіндерінен айқын көрінеді, кристалды жыныстар дәл осы тұста жердің үстіңгі бетіне таяу немесе тура үстіне шығып жатады. Шығысқа жүрген сайын кристалды фундамент аласара береді де, біртіндеп ойпатқа айналады. Ал материктің қиыр шығысында Үлкен Суайрық жотасы созылып жатады.

Аустралияның жер бедерінің бір ерекшелігі мұнда биік және жас таулардың жоқтығы, сөнбеген жанартаулар мен осы заманғы мұзданудың болмайтыны.

Аустралияның климатын, жер бедері сияқты, Африканың климатымен салыстыра отырып, оқып үйрену ұсынылады.

Аустралия мен Оңтүстік Африканың екеуінің де бір ендіктерде орналасуы климат жағдайларының ұксас келуіне себепші болады.

Осыған байланысты мұғалім оқушыларға мынадай сұрақтар қояды:

1.                   Оңтүстік тропикте күн қашан тас төбеде тұрады?

2.                   Оңтүстік жарты шардың атмосфералық қысым белдеуі жазғы маусымда қалай ауысады?

3.                    Аустралияда атмосфералық қысым жазда қалай таралады?

4.                    Осылай таралу себебін қалай түсіндіруге болады?

Аустралияның әр түрлі бөліктерінде жазда қандай желдер басым болады? Олар қандай ауа райына себепкер болады?

Мұғалім одан әрі ішкі сулардың таралу ерекшелігін анықтату үшін, оқушыларға мынадай тапсырмалар мен сұрақтар қояды:

1.                   Картадан Аустралияның өзендерін табыңдар.

2.                   Өзендері суын қалай толықтырады?

3.                   Олардың су режимі қандай?

4.                   Қай жерде өзендердің суы жыл бойы мол болады?

Оқушылары Аустралия материгінің осындай ерекшеліктерінің себептерін анықтауға тура келеді.

Оқушылар карта бойынша шеткі нүктелерін тауып, географиялық координаттарын анықтайды.

Солтүстігінде - Йорк -10° о.е. 142° ш.б.

Оңтүстігінде - Оңтүстік-Шығыс 39° о.е. 147° ш.б.

Батыста - Стип-Пойнт 26° о.е.  113° ш.б.

Шығыста - Байрон 28° о.е.  153° ш.б.

Африка мен Аустралия жер бедерін салыстыру нәтижесінде оқушылар мына ұқсастық белгілерді атап шығуы керек: екі материктің жер бедерінде де таулы үстірт көп таралған; олардың негізінде платформалар жатыр; себебі өте ежелгі кезеңде материктердің фундаменттері Гондвана құрамында біртұтас болған болатын; материктердің көп жерлерінде ежелгі кристалды жыныстар жер бетіне таяу   немесе ашық шығып жатады.

Айырмашылық белгілері: Африкада шыңдарын мәңгі қар басып жатқан биік таулар бар; Аустралия тауларының биіктігі орташа келеді, күшті бұзылған; Африкада сөнбеген жанартаулар көп, ал Аустралияда жоқ; Африкада қатпарлы жас таулар бар,   ал Аустралияда жоқ.

Бұл айырмашылықтар жер бедері даму тарихының әр түрлі болуына баланысты қалыптасқан.

Табиғат байлықтарын қарастырғанда оқушылардың назарын кенді пайдалы қазбалардың басым болатынына аударған жөн.

Картаға қарап оқушылар Аустралияның Оңтүстік Африка сияқты үш климат белдеуінде: солтүстігі субәкваторлық белдеуде, орта шені тропиктік белдеуде, ал оңтүстігі субтропиктік белдеуде жатқанын анықтайды. Осыған орай оның климаты ыстық келеді. Климатына географиялық ендіктің тигізетін әсерін анықтап алғаннан соң, басқа да климат қалыптастырушы факторларды: жер бедерінің рөлін, мұхиттарды жөне олардың ағыстарын, пассаттарды қысқаша қарастырады.

"Материктің батыстан шығысқа қарай тым созылып жатуы" факторы проблемалық жағдай жасау үшін пайдаланылады. Оқушылар атластағы климат картасын талдау арқылы Оңтүстік, Африка мен Аустралия біріңғай климаттық белдеулерде жатқанымен Аустралияда қысымның жоғары екенін анықтайды. Бұдан кейін оқушылар қысымның неғүрлым жоғары болуының себептерін айқындайды (материктің батыстан шығысқа қарай тым созылып жатуы) проблемалық жағдайды шешу үшін оқушылар екі картамен және олармен жұмыс істеудің тәсілдерімен та-нысады.

Материктің жауын-шашын режимін және басым болатынын ауа райын түсіндіру үшін оқушылар бірлесе отырып, жазғы және қысқы кезеңдерде ауа массаларының, басым желдер мен жауын-шашынның таралуы туралы сызбаны талдайды.

Оқушылар қыс кезіндегі басым ауа райына талдау жасайды. Оқулықтағы Аустралияның климаттық картасын пайдалана отырьш, климаттық белдеулерге төмендегі жоспар бойынша сипаттама береді: географиялық орны, басым ауа массалары, қыс және жаз кезіндегі температура, температураның жылдық амплитудасы, жауын-шашынның жылдық мөлшері және олардың режимі, климат айырмашылықтары.

Сабақ жоспарының төртінші пункті бойынша оқушылар физикалық және климаттық карталармен жұмыс істейді.

Соңынан мұғалім оқушыларға "крик" деген ұғымды түсіндіреді. Осындай жоспар бойынша оқушылар көлдердің ерекшеліктерін оқып үйренеді, жер асты суларының адамның шаруашылық әрекетіндегі рөлін айқындайды.

ІІІ

Тақырыпты бекіту кезеңінде мұғалім оқушылардың сипаттамаларын тыңдап, сұрақтар қою арқылы олармен бірге аймақты жан-жақты талдайды.

Сосын оқушыларға келесі тапсырманы береді.

1. Кескін картаға Аустралияның шеткі нүктелері мен оны шайып жатқан мұхит бөліктерін түсіріңдер.

2. Оқулық мәтіні мен атлас карталарын пайдаланып, төмендегі кестені толтыру.

Климаттық белдеу

Субэкв.

Троп.

Субтроп.

географиялық орны

басым ауа массалары

қыс және жаз кезіндегі температура

температураның жылдық амплитудасы

жауын-шашынның жылдық мөлшері

климат айырмашылықтары

Тақырыпты бекіту кезеңінде оқушылар жоспар бойынша Аустралияның жер бедері мен климатына сипаттама берген соң, бір-екі бала тақта алдында сипаттама береді. Қалғандары оларға сұрақтар қою арқылы білімдерін бекітеді, бір-бірін толықтырып, білімдерін кеңейтеді. Сосын оқулық мәтіні мен атлас карталарын пайдаланып, оқушылар Аустралияның шеткі нүктелері мен оны шайып жатқан мұхит бөліктерін кескін картаға түсіреді. Сосын келесі кестені толтырады.

Климаттық белдеу

Субэкв.

Троп.

Субтроп.

географиялық орны

басым ауа массалары

қыс және жаз кезіндегі температура

температураның жылдық амплитудасы

жауын-шашынның жылдық мөлшері

ІV

Үй жұмысы:

1. §53, 54 оқып, мазмұнын айту.

2. Кескін картаға Аустралияның жер бедерін, ішкі сулары мен климаттық белдеулерді  түсіру.

Оқушылар үй жұмысын жазып алады, түсінбеген сұрақтарды сұрайды.

V

Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды.

Мұғалімді тыңдап, бағаланады. Күнделіктерін береді.

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушылармен қоштасады.

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін мұғаліммен бірге талдайды. Мұғаліммен қоштасады.

Сабақ: 59-60-61

Күні: Кеңес мектебі – ..2012                                 Ямышев мектебі – ..2012                        

Тақырыбы: Материктің ішкі сулары. Материктің табиғат зоналары. Органикалық дүниесінің өзіндік белгілері. Аустралияның халқы.

Білімділік мақсаты – Материктің тіршілік дүниесінің өзіндік ерекшелігін және оның себебін, сондай-ақ табиғат зоналарының орналасу заңдылықтарын көрсету, материктің эндемик жануарларының қазіргі сақталу дәрежесі мысалында оқушыларға экологиялық тәрбие беру. Халқының орналасуын, құрамы мен аустралиялық аборигендердің жағдайын баяндау.

Дамытушылық мақсаты – Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын, танымдық қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік мақсаты – оқушыларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу, өз ойларын жеткізе білуіне, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру. Материктің эндемик жануарларының қазіргі сақталу дәрежесі мысалында оқушыларға экологиялық тәрбие беру.

Оқу құралдары: Оқулық, 7 сынып Атлас, жарты шарлар физикалық картасы, Аустралияның физикалық картасы

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс

Сабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру (2 мин)

ІІ кезең – үй тапсырмасын тексеру (15 мин)

ІІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (25 мин)

ІV кезең –  білім мен икемділіктерін бекіту (40 мин)

V кезең – үй тапсырманы беру  (3 мин)

VІ кезең – бағалау кезеңі (3 мин)

VІІ кезең – қорытынды (2 мин)

Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

І

Мұғалім оқушылармен амандасып, балалардың кім-жоғын сұрайды. Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Сәлемдеседі, тәртіпке келеді де, одан сабаққа дайындалып отырады.

ІІ

Сабақ үйге берілген тапсырманы тексеруден басталады. Ол үшін мұғалім мына төмендегі  сұрақтарды қояды:

1.Тропиктік белдеудің батыс және орталық бөлігінде жауын-шашынның өте аз болатыны неліктен, тропиктік континенттік шөл климатының қалыптасатыны неліктен?

2. Тасманияда қай желдер басым болады және неліктен басым болады?

Ішкі сулар жөніндегі алған білімдерін тексеру үшін мынадай сұрақтар беруге болады:

1.Аустралия өзендерінің ерекшеліктері қандай?

2.Оны қалай түсіндіруге болады?

3.Аустралия көлдерінің ерекшелігі қандай?

4. Африкадағы қай көлдің су режимі Эйр көлінің режиміне ұқсас, неліктен?

Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап беріп, үйде орындаған тапсырмаларды көрсетеді.

Оқушылар карта бойынша, климат белдеулеріне сипаттама береді. Климаттық айырмашылықтарды сипаттағанда, оларға қатысты диаграмманы көрсетеді. Аустралияның солтүстігінде жел бағытының жылына екі рет ауысатынын және жауын-шашынның оңтүстік жарты шардың жазғы маусымында ғана түсуінің себебін ұғынып алады.

Кезеңнің соңында оқушылар Аустралия климатын қалыптастырушы факторларының бәрін атап шығады.

ІІІ

Мұғалім сабақты "Материкте қандай табиғат зоналары бар, олар қалай орналасқан?" деген сұрақтан бастауына болады. Одан кейін тіршілік дүниесінің өзгешелігі қарастырылады. Мұғалім оқушыларға тиісті картаны пайдалана отырып, Аустралияның табиғат зоналарын атап  шығуларын талап етеді. Оқушылардың табиғат зоналарының бірін-бірі ауыстырып отыруының неліктен екенін жақсы түсінуі үшін, оларға Аустралияның әр түрлі тақырыптық карталарын (физикалық, климаттық, топырақ және табиғат зоналары) салыстыру жұмысы, сондай-ақ Аустралия мен Онтүстік Африка табиғат зоналарын салыстыру ұсынылады. Мұғалім Аустралияның табиғат зоналары Оңтүстік Африканың табиғат зоналарымен ұқсас болғандықтан (саванналар мен шөлдер басым), онда жануарлар мен өсімдіктердің қандай түрлері болуы мүмкін деп сұрайды.

Аустралияның өсімдіктер дүниесі туралы айтқанда, мұғалім түрлер құрамының тапшылығына және эндемиктер ара салмағының көптігіне тоқталады. Эвкалипт ағаштарына сипаттама беруге толық тоқталу қажет. Эвкалипттердің ауыр әрі тығыз сүрегінің өте берік болатынын айтқан дұрыс. Ол, әсіресе, кеме жасау ісінде жоғары бағаланады. Эвкалипт ағашынан жасалған телеграф бағалары ұзаққа шыдайды. Жапырақтары дәрі-дәрмектік май алу үшін пайдаланылады. Эвкалипт тез өседі және ылғалды көп қажет етеді. Олар топырақ қабатындағы суды сорапша сорады, сондықтан топырақты жақсы құрғатады. Эвкалипті "безгекке қарсы" ағаш деп те атайды, эвкалипт өскен жерде батпақ болмайды, сондықтан да безгек қоздыратын маса ұрығының өсуіне жағдай жоқ. Батпақты жерлерді құрғату үшін көп елдерде эвкалипт отырғызады.

Жануарлар дүниесіне сипаттама бере келе, мұғалім мұнда тіршілік ететін түрлердің көпшілігінің тек Аустралияға ғана тән болатынын атап өтеді. Азиямен құрлық арқылы жалғасып жатқан сонау ертедегі кезде Аустралияның мұндай өзіндік ерекшелігі болмаған. Материк  оқшауланғаннан соң бұл өңірге жоғары сатыдағы сүт қоректілер өте алмаған. Соның ішінде Жер шарынын басқа жерлеріндегі қалталыларды жойып жіберген жыртқыштар да келе алмады. Сейтіп, мұнда тіршілік дүниесінін даму жолы басқа материктердегіден өзгешелеу болды. Бұдан кейін мұғалім аустралиялықтардың жақсы көретіні, плюштен жасалған бала аюға ұқсас келетін қалталы аю - коала, вомбат, қалталы ақ тиін, кускус екенін айтады. Тасмания аралында тіршілік ететін қалталы пері жайында, үйректұмсық пен ехидна туралы әңгімелейді, қос тынысты (желбезекті және өкпе тынысты) цератод балығына тоқталып өтеді. Бұл - амфибия мен балық аралығындағы өтпелі жәндік. Бұдан соң мұғалім Аустралия құстарын (эму түйеқұсы, лирақұйрық, тотықұс, жұмақ құстары) қысқаша сипаттайды.

Аборигендер - Аустралияның байыргы тұрғындары -ата-бабалары сияқты көшіп-қонып жүреді, резервацияларда тұрады немесе фермаларда жалшы болып жұмыс істейді. Нақты мысал келтіре отырып, аборигендер ішінде қабілетті, дарынды адамдардың - суретшілер мен ақындардың бар екенін керсеткен жөн. Аустралияның белгілі суретшісі Альберт Наматжир туралы айтқан орынды. Ол 32 жасында суретшіге жүк тасушы болып жалданады да, оның жұмысына зер сала жүріп, екі аптадан кейін сурет салуды үйреніп алды. Осы суретші акварельмен салган пейзаждарының көрмесін ұйымдастырады, ол ойдагыдай өтті. Наматжирдің акварельдері жоғары бағаланып, экранға "Наматжир" деген деректі фильм шығарылады. Бірақ Наматжир өз көрмчсіне қатынасу үшін Сидней қаласына бара алмады, қалага 5 км-дей жақындауына құқы болмады, өйткені Жаңа Оңтүстік Уэльс штатының заңы бойынша, аборигендерге қалаға бұдан жақын келуге тыйым салынған болатын, мұғалім материкте бір ғана мемлекет орналасқанын атап өтеді.

Оқушылар мұғалімді тыңдап, сабақтың мақсатын ашады және мұғалімнің сұрақтарына жауап береді. Сосын өздеріне күнделікті өмірден таныс мәліметтер негізінде (теледядар, күнделікті баспасөз хабарлары) оқушылар Аустралия мен Африканың жануарлары, өсімдіктері арасішда мол айырмашылық бар екенін айқындайды. Аустралия басқа материктерде құрып кеткен көптеген өсімдіктердің, сондай-ақ Жер шарында тым ертеде мекендегсн жануарлардың сақталып қалған бірден-бір орасан зор қорық екендігін баса айту керек.

Өсімдіктерді оқып үйренгенде Аустралияның өсімдік дүниесі жөнінде толық мәлімет беретін кесте дайындалады.

Одан әрі оқушылар жануарлар жайына жеке тоқталады, алуан түрлі қалталылардың көптігін, оның ішінде кенгурудің аса көптігін атап өтеді. Далада және бұталы тоғайларда аса ірі жирен кенгуру, орман ішінде сұр кенгуру кездеседі - бұл да аса ірі болады. Ұсақ кенгурулер де кездеседі. Өте ірі кенгурулердің балалары кіп-кішкене болып туады, небары 3 см-дей ғана. Ұрғашы кенгуру өз балаларын қалтасында жарты жыл немесе одан да көп уақыт салып жүреді. Кенгуру нашар көреді, бірақ есту қабілеті күшті дамыған. Кенгуру бұрын Аустралияда өте көп болған, елтірісіне қызыққандар оны қырып, азайтып жіберген. Бұл жануардың осылай аталуы қызықты жайт. Кукпен бірге жүрген теңізшілер Аустралия жеріне аяқ басканда қарғып жүретін ғажайып аңдарды керген. Олар Аустралияның байырғы тұрғындарынан бұлар қалай аталады деп сұрағанда, "кенгуру" деп жауап қайтарған, мұнысы "түсінгенім жоқ" дегені еді.

Аустралияның жануарлар дүниесін қарастырғанда, оны адамның тым өзгертіп жібергенін айту қажет.

Материктің халқын оқып үйрену үшін, оқушылар атлас және кітаппен өз бетімен жұмыс жүргізуіне болады.

Оқушылар материк халқының байырғы және келімсек халықтардан құралғанын білуі қажет. Мұғалім байырғы, келімсек халықтар не екенін еске түсіреді. Африкадан өзгешелігі сол, Аустралияның байырғы тұрғындары халықтың аз бөлігін құрайды, еуропалықтар келген кезде де, қазірде де олар дамудың төменгі сатысында тұр. Байырғы халықтыд қазіргі жағдайы туралы әңгімелеп беруге ерекше назар аударған жөн.

ІV

Тақырыпты бекіту кезеңінде мұғалім оқушыларды тыңдап, сұрақтар қою арқылы олармен бірге аймақты жан-жақты талдайды.

Сосын оқушыларға келесі тапсырманы береді.

1. Кескін картаға Аустралияның табиғат зоналарын түсіріңдер.

2. Оқулық мәтіні мен атлас карталарын пайдаланып, Аустралия Одағына оқулық соңындағы жоспар бойынша сипаттама беріңдер.

Тақырыпты бекіту кезеңінде оқушылар жоспар бойынша Аустралияның табиғат зоналарына сипаттама берген соң, бір-екі бала тақта алдында сипаттама береді. Қалғандары оларға сұрақтар қою арқылы білімдерін бекітеді, бір-бірін толықтырып, білімдерін кеңейтеді. Сосын оқулық мәтіні мен атлас карталарын пайдаланып, оқушылар Аустралияның табиғат зоналарын кескін картаға түсіреді. Сосын оқулық мәтіні мен атлас карталарын пайдаланып, Аустралия Одағына оқулық соңындағы жоспар бойынша сипаттама береді. 

V

Үй жұмысы:

1. §55, 56 оқып, мазмұнын айту.

2. Кескін картаға Аустралияның саяси картасын түсіру.

Оқушылар үй жұмысын жазып алады, түсінбеген сұрақтарды сұрайды.

Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды.

Мұғалімді тыңдап, бағаланады. Күнделіктерін береді.

VІІ

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушылармен қоштасады.

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін мұғаліммен бірге талдайды. Мұғаліммен қоштасады.

Сабақ: 62-63

Күні: Кеңес мектебі – ..2012                                 Ямышев мектебі – ..2012                        

Тақырыбы: Физикалық-географиялық орны және материк пішіні. Материктің ашылу және зерттелу тарихы. Антарктида табиғаты. Антарктида мұзы, мұз астындағы жер бедері Климат. Органикалық дүниесі.

Білімділік мақсаты – Антарктиданың географиялық орнының ерекшеліктері көрсету, материктің ашылуы мен зерттелу тарихына тоқталу, оқушыларға материктің жер бедері құрылысының ерекшелігін және пайдалы қазбаларының орналасуы жайлы білімдерін қалыптастыру және ерекшеліктерді көрсету.

Дамытушылық мақсаты – Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын, танымдық қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік мақсаты – оқушыларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу, өз ойларын жеткізе білуіне, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру, экологиялық тәрбие беру.

Оқу құралдары: Оқулық, 7 сынып Атлас, жарты шарлар физикалық картасы, Антарктиданың физикалық картасы, 7 сынып Атласы

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс

Сабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру (2 мин)

ІІ кезең – үй тапсырмасын тексеру (15 мин)

ІІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (25 мин)

ІV кезең –  білім мен икемділіктерін бекіту (40 мин)

V кезең – үй тапсырманы беру  (3 мин)

VІ кезең – бағалау кезеңі (3 мин)

VІІ кезең – қорытынды (2 мин)

Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

І

Мұғалім оқушылармен амандасып, балалардың кім-жоғын сұрайды. Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Сәлемдеседі, тәртіпке келеді де, одан сабаққа дайындалып отырады.

ІІ

Сабақ үйге берілген тапсырманы тексеруден басталады. Ол үшін мұғалім мына төмендегі  сұрақтарды қояды:

1. «Абориген» ұғымы қайда ншықты?

2. Аустралияның қащіргі халқы қалай қалыптасқан?

3. Материкте халық неге сирек қоныстанған?

Одан кейін балалардың кескін карталарын тексеріп, Аустралияның астанасы мен ірі қалаларын сұрайды.

Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап беріп, үйде орындаған тапсырмаларды көрсетеді.

Оқушылар карта бойынша, Астралия Одағына сипаттама береді. Аустралия Одағының географиялық орнын, табиғат жағдайлары мен табиғат ресурстарын, халқын және шаруашылығын сипаттайды.

Одан кейін кескін карталары мен Аустралияның астанасы мен ірі қалаларын көрсетеді.

ІІІ

Мұғалім сабақты "ең үлкен және ежелгі мұхит қайсы деген сұрақтан бастауына болады. Одан кейін Тынық мұхиттың негізгі бөлігі батыс жарты шарда, экватордың екі жағын ала орналасқанын айтады. Тынық мұхитының зерттелуі 19ғ арнайы жасақталған Ресейдің «Витязь», ағылшындардың «Челленджер» ғылыми-зерттеу кемелері Тынық мұхит табиғаты туралы мәлімет берді. Алғашқы саяхатын 1947ж бальс ағашынан жасалынған жеңіл «Конь-Тики» салымен Перуана жағалауларынан бастаған атақты норвег саяхатшысы Тур Хейердал Тынық мұхит пен Мұхит аралдары табиғатының құпияларын ашуға арналған өз зерттеулерін әлі күнге дейін жалғастыруда. 1943ж француз әскери теңізшісі Жак Ив Кусто басшылығымен алғашқы аквалангтың жасалынуы мұхит табиғатын зерттеудегі зор жетістігі еді. Акваланг киген ғалымдар су астында ұзақ уақытын емін-еркін жүзіп, зерттеулер жүргізуге мүмкіндік алды. 1957ж Ресейдің «Витязь» ғылыми-зерттеу кемесі Тынық мұхитта зерттеулер жүргізіп, ең терең бөлігі – Мариана шұңғымасын ашты.

Сосын мұғалім оқушыларға Тынық мұхит пен Мұхит аралдарының географиялық орнын, табиғатын, табиғат ресурстарын, жануарлары, өсімдіктері арасында мол айырмашылықтарды анықтап, оқулық мәтіні мен тақырыптық карталарды пайдаланып, Тынық мұхит пен Мұхит аралдарына жоспар бойынша сипаттама беріңдер деген тапсырманы береді. 

Мұхит аралдарына келсек, олардың 7 мыңнан астам арал бар. Ірі аралдар Жаңа Гвинея, Жаңа Зеландия, Гавай, ФИджи, т.б. Тарихи-геогарафиялық ерекшеліктеріне байланысты Мұхит аралдары Меланезия («қара аралдар»). Микронезия («ұсақ аралдар»), Полинезия («көп аралдар») және Жаңа Зеландия болып бөлінетінін айтады.

Ең үлкен және ежелгі мұхит Тынық мұхиты екенін айтып, оның ең терең бөлігін атап көрсетеді және оның географиялық орнын бірден көрсетеді.

Сосын Тынық мұхиттың зерттелу тарихы туралы қысқаша конспект жазып алады.

Оқушылар мұғалімді тыңдап, сабақтың мақсатын ашады және мұғалімнің сұрақтарына жауап береді. Сосын өздеріне күнделікті өмірден таныс мәліметтер негізінде (теледидар, күнделікті баспасөз хабарлары) оқушылар Тынық мұхит пен Мұхит аралдарының географиялық орнын, табиғатын, табиғат ресурстарын, жануарлары, өсімдіктері арасында мол айырмашылық бар екенін айқындайды. Оқулық мәтіні мен тақырыптық карталарды пайдаланып, Тынық мұхит пен Мұхит аралдарына жоспар бойынша сипаттама береді.

 Оқушылар мұхит аралдардың жіктелуін жазып алып, оларды картадан көрсетеді.

ІV

Тақырыпты бекіту кезеңінде мұғалім оқушыларды тыңдап, сұрақтар қою арқылы олармен бірге аймақты жан-жақты талдайды.

Сосын оқушыларға келесі тапсырманы береді.

1. Кескін картаға отты шеңберді және ірі аралдар мен олардың аттарын түсіріңдер.

2. Оқулық мәтіні мен атлас карталарын пайдаланып, Тынық мұхитқа жоспар бойынша сипаттама беріңдер.

Тақырыпты бекіту кезеңінде оқушылар мұғалімді тыңдап, сұрақтар қою арқылы олармен бірге аймақты жан-жақты талдайды.

Сосын келесі тапсырманы орындайды.

1. Кескін картаға отты шеңберді және ірі аралдар мен олардың аттарын түсіреді.

2. Оқулық мәтіні мен атлас карталарын пайдаланып, Тынық мұхитқа жоспар бойынша сипаттама береді.

V

Үй жұмысы:

1. §59, 60 оқып, мазмұнын айту.

 2. Физикалық карта бойынша Антарктиданы шайып жатқан теңіздерді, шығанақтарды, бұғаздарды кескін картаға түсіру.

Оқушылар үй жұмысын жазып алады, түсінбеген сұрақтарды сұрайды.

Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды.

Мұғалімді тыңдап, бағаланады. Күнделіктерін береді.

VІІ

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушылармен қоштасады.

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін мұғаліммен бірге талдайды. Мұғаліммен қоштасады.

Сабақ: 60

Күні: Кеңес мектебі – ..2012                                 Ямышев мектебі – ..2012                        

Тақырыбы: №4 сарамаңдық жұмыс

Білімділік мақсаты «Аустралия, Тынық мұхиты және мұхит аралдары, Антарктика» тарауы бойынша өткен білімді жүйелеу, оқушылардың жалпы географиялық білімдерін одан әрі меңгеру және бекіту.

Дамытушылық мақсаты – Оқушылардың географиялық ой-өрісін дамыту. Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, танымдық қызығушылығын дамыту, географиялық ойлауын қалыптастыру.

Тәрбиелік мақсаты – оқушыларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу, өз ойларын жеткізе білуіне, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.

Оқу құралдары: Оқулық, 7 сынып Атлас, жарты шарлар физикалық картасы, Дүние жүзінің саяси картасы, Африканың физикалық картасы

Сабақ түрі: Практикалық сабақ

Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс

Сабақтың жоспары:

І кезең – ұйымдастыру кезеңі (3 мин)

ІІ кезең – білім мен икемділіктерін бекіту кезеңі (40 мин)

ІІІ кезең – қорытынды кезеңі (2 мин)

Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

І

Мұғалім оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді. Оқушыларға сарамаңдық жұмыс дәптерлерін таратып береді.

Оқушылар сабаққа даяр отырады. Әр балада сарамаңдық жұмыс дәптері мен атласы, кескін картасы болады.

ІІ

Тапсырмалармен таныстырып, оларды орындауға бағыт-бағдар береді.

1 тапсырма. Климат картасы мен климат белдеулері картасын пайдалана отырып, Австралияның бір климат белдеуіне сипаттама беріңдер.

        а) географиялық орны

        ә) басым ауа массалары

        б)  қаңтар мен шілде айларының орташа температуралары

        в) жылдық жауын-шашынның мөлшері және оның режимі

        г) жыл маусымдарының анықталуы және оның ерекшеліктері

2 тапсырма. Кескін картаға берілген географиялық объектілерді түсіріңдер.

1. Йорк мүйісі, Оңтүстік шығыс мүйісі

2. Үлкен Австралия шығанағы

3. Үлкен Суайрық жотасы

4. Муррей өзені

5. Косцюшко, Винсон таулары

6. Тасмания аралы

7. Арнемленд, Антарктикалық түбектері         

8. Үлкен құмды шөлі          

9. Бассов бұғазы

10. Эребус жанартауы

11. Шмидт жазығы                                             

12. Бентли ойысы

13. Уэдделл теңізі                                

14. Оңтүстік полюс

15. Оңтүстік поляр шеңбері

16. «Восток», «Мирный» станциялары             

Оқушылар берілген жоспар бойынша қалауы бойынша климат картасы мен климат белдеулері картасын пайдалана отырып және оқулықтағы қосымша мәліметтері көмегімен Австралияның бір климат белдеуіне сипаттама сипаттама береді. Яғни, географиялық орнын анықтайды, басым ауа массалары мен қаңтар мен шілде айларының орташа температураларын анықтайды, сосын жылдық жауын-шашынның мөлшері және оның режиміне тоқталып, соңында жыл маусымдарының анықталуы және оның ерекшеліктерін анықтайды.

Екінші тапсырманы орындағанда ең алдымен берілген объектілерді дүние жүзінің немесе Аустралияның физикалық картасынан тауып, сосын оларды кескін картасына түсіреді.

ІІІ

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушылармен қоштасады.

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін мұғаліммен бірге талдайды. Мұғаліммен қоштасады.

Сабақ: 64

Күні: Кеңес мектебі – ..2012                                 Ямышев мектебі – ..2012                        

Тақырыбы: Табиғат пен қоғам арақатынасы мен өзара байланысы

Мақсаты

Оқушылардың табиғат байлықтары жайлы ұғымдарын толықтыру.Оларды ұтымды пайдалану,айналадағы ортаны қорғау жайлы білімдерін қалыптастыру.Табиғат пен қоғам арасындағы байланыстың әр қырларын ашу.

Құрал жабдықтары

Оқулық.Атлас.Табиғат байлықтарының сызбасы.Табиғат байлықтарының суреттері.

                                              Барысы

Қызығушылықты ояту

1.Табиғат байлықтары деген сөзді естігенде ойларыңа не келеді соны жазу

                                  Табиғат байлықтары

2.Әр оқушы дәптеріне жеке жазады. Белгіленген уақыт өткеннен соң мұғалім не жазғандарын сұрайды.Оқушылар айтады мұғалім (не оқушы) әр оқушының айтқанын жазып отырады.

3.→Жазылған Т.ь қатысты жазбаларды топтастыру.

→Не Т.б. қалай топтастыруға болады?

а) Бұл жұмыс әрекетін топпен орындайды.

ә) Сосын әр топ бөліседі.

б) Табиғат байлықтарына өздерінше анықтама береді.

Мағынаны ажырату

1.Оқушылар өздерінің білетіндерін толықтыру мақсатында §61 танысады,оқиды.

2.Жаңа алған білімдерін қағаз бетіне ,дәптеріне түсіріп алады,яғни өз жазбаларын толықтырады,түзету жасайды.

3.Жазған,жаңадан меңгерген білімдерімен бөліседі.

Ой-толғаныс

а) Бұрын табиғат адамды қорқытатын, «Қазір адам табиғатты қорқытады».

ә) «Біз ата-бабаларымыздан жерді мұраға алған жоқпыз,біз оны ұрпақтарымыздан қарызға алдық» деген сөйлемді топшылайсың?

Үйге

§61. 231-236  б.б.

236 бет 1-4 тапсырмалар

Сабақ: 68

Күні: Кеңес мектебі – ..2012                                 Ямышев мектебі – ..2012                        

Тақырыбы: Қазіргі кезеңдегі Жер шарының экологиялық жағдайы. Қорытынды бағалау жұмысы

Білімділік мақсаты балалардың жыл бойы өткен білімді жүйелеу, оқушылардың жалпы географиялық білімдерін одан әрі меңгеру және бекіту.

Дамытушылық мақсаты – Оқушылардың географиялық ой-өрісін дамыту. Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, танымдық қызығушылығын дамыту, географиялық ойлауын қалыптастыру.

Тәрбиелік мақсаты – оқушыларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу, өз ойларын жеткізе білуіне, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.

Оқу құралдары: Оқулық, 7 сынып Атлас, жарты шарлар физикалық картасы

Сабақ түрі: Өткен материалды бекіту сабағы

Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс

Сабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру (2 мин)

ІІ кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (40 мин)

ІІІ кезең – бағалау кезеңі (1 мин)

ІV кезең –  қорытынды (2 мин)

Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

І

Мұғалім оқушылармен амандасып, балалардың кім-жоғын сұрайды. Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексеріп, балаларға бақылау парақтарын таратып береді.

Оқушылар мұғаліммен амандасады да, сабаққа дайындалып отырады. Сосын бақылау парақтарын алып, олардың сыртын толтыра бастайды.

ІІ

Мұғалім балаларға келесі тапсырмаларды береді.

І нұсқа

1. Литосфера және жер бедері

2. Еуразия материгіне кешендік сипаттама бер:

1. Географиялық орын

2. Жер бедері мен пайдалы қазбалары

3. Климаты

4. Ішкі сулары

5. Табиғат зоналары

6. Халқы және елдері

3. Антарктика материгінің ерекшеліктері

4. Мына терминдерге анықтама бер: Дүние бөліктері, геосинклиналь, эндогенді, сельвас, метис,оазис.

ІІ нұсқа

1. Оңтүстік  Америка материгіне  кешендік сипаттама бер:

1. Географиялық орын

2. Жер бедері мен пайдалы қазбалары

3. Климаты

4. Ішкі сулары

5. Табиғат зоналары

6. Халқы және елдері

2. Африка материгінің тарихи-географиялық аймақтары мен оған кіретін елдер

3. Аустралия материгінің ерекшеліктері

4. Мына терминдерге анықтама бер: Архипелаг, платформа изотерма, экзогенді, пампа, мулат, крик.

Оқушылар нұсқаларға бөлініп, тапсырмаларды орындай бастайды.

І нұсқа

1. Литосфера және жер бедеріне анықтама береді.

2. Еуразия материгіне кешендік сипаттама береді:

1. Географиялық орын

2. Жер бедері мен пайдалы қазбалары

3. Климаты

4. Ішкі сулары

5. Табиғат зоналары

6. Халқы және елдері

3. Антарктика материгінің ерекшеліктерін атайды.

4. Мына терминдерге анықтама береді: Дүние бөліктері, геосинклиналь, эндогенді, сельвас, метис,оазис.

ІІ нұсқа

1. Оңтүстік  Америка материгіне  кешендік сипаттама береді:

1. Географиялық орын

2. Жер бедері мен пайдалы қазбалары

3. Климаты

4. Ішкі сулары

5. Табиғат зоналары

6. Халқы және елдері

2. Африка материгінің тарихи-географиялық аймақтары мен оған кіретін елдерін атайды.

3. Аустралия материгінің ерекшеліктерін айтады.

4. Мына терминдерге анықтама береді: Архипелаг, платформа изотерма, экзогенді, пампа, мулат, крик.

ІІІ

Мұғалім оқушыларды орындаған тапсырмалардың деңгейі бойынша бағалайды.

Оқушылар мұғалімді тыңдап, бағаланады.

ІV

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушыларды үзіліске жібереді.

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін мұғаліммен бірге талдайды. Оқушылар үзіліске шығады.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Конспекты по географий 7 класс"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Научный сотрудник музея

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 528 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 21.11.2016 645
    • DOCX 248.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Зейноллова Жаркын Канаткызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Зейноллова Жаркын Канаткызы
    Зейноллова Жаркын Канаткызы
    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 37606
    • Всего материалов: 16

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Методика обучения географии для детей с ОВЗ с использованием туристических приемов

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 63 человека

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету «География» в условиях реализации ФГОС СОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 220 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ОГЭ по географии в условиях реализации ФГОС ООО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 77 человек из 38 регионов
  • Этот курс уже прошли 442 человека

Мини-курс

Теория и практика инвестиций в контексте устойчивого развития

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология детей и подростков с дромоманией

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 14 человек

Мини-курс

Литература и культура

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 11 человек