Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Доп. образование / Конспекты / Конспекты по казахский язык и литературу "Қашаған Күржіманұлы өмірі мен шығармашылығы" (10 класс)

Конспекты по казахский язык и литературу "Қашаған Күржіманұлы өмірі мен шығармашылығы" (10 класс)



Осталось всего 2 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Доп. образование

Поделитесь материалом с коллегами:

1. Т.Әлиев атындағы орта мектеп











Тақырыбы: Қашаған Күржіманұлы

Өмірі мен шығармашылығы

Пәні: Әдебиет

Сыныбы: 10-сынып

Мұғалімі: Ақмолдаева.Н





















Жаңаөзен -2016ж





Тақырыбы: Қашаған Күржіманұлы өмірі мен шығармашылығы

(1841-1929)

Мақсаты:

  1. Қашаған Күржіманұлының өмірі мен шығармашылығы туралы түсінік беру.

  2. Оқушыларды туған өлкенің көркем өнері мен әдебиетін сүюге, өткен әдеби мұраларды бағалай білуге тәрбиелеу

  3. Оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын, тіл байлығын, творчестволық ізденісін дамыту.

Көрнекілігі: Ақын туралы буклет, альбом, реферат, баспасөз материалдары.

Пән аралық

байланыс: Өмірмен, тарихпен байланыс.

Сабақтың түрі: Лекция сабақ

Меңгерту: Жаңа материалды бұрынғы білім негізінде байланыстыра

Отырып теориялық жағынан оқушы санасына жеткізу.

Сабақ эпиграфы:

Шашқанда күйден көбік Құрманғазы,

Қашаған жырдан төккен маржан дүрді.

І.Жансүгіров


Лекция жоспары: 1.Қашаған (ақын) – жүйрік жырау, елдің тілі. «Атамекен»,

2. «Топан» - бұқара өмірінің шежіресі

3. Қашаған – айтыскер ақын.

4. Сөз ұстасы – Қашаған

Кіріспе сөз.


Кіші жүз қазақтарының бірқатар рулары (табын,адай,шекті) сауда айырбасы, қоныс жағдайымен XVIII ғасырдың аяқ шенінде XIX ғасырдың

50 жылдарына дейін Хиуа хандығымен байланыс жасауға мәжбүр болды.

Мал шаруашылығымен айналысқан қыр елі табиғат сұрапылы-алапат жұттан кейін күнкөріс малынан айырылып, кентті, кәсіптік, егінді аймақтарға үдере қоныс аударады. Маңғыстау қазақтарының біразы Хорезм, Хожелі жеріне көшкен. Олардың біразы Ташауыз маңын мекен еткен. (Түркменстан). Қашаған осы Ташауыз қаласына шектес қазақ аулында дүниеге келген. (1841ж). Әкесі Күржіман кедейлікпен күн кешкен. Әкесі ерте қайтыс болған соң, ағайындары шешесі Рыстыны қайнағасы Сәрсенбайға қосып, болашақ ақын Сәрсенбайдың тәрбиесінде болады. Қашаған қабырғасы қатып, бұғанасы бекіместен кедейлік, жоқшылық тауқыметін көп көреді.

Атам қайтты дүниеден,

Бес жаста жетім қалдырды.

Басыма қайғы салдырды.

Анам көрді жесірлік,

Өзім көрдім жетімдік

Сөйтіп басым қаңғырды.


Қашағанның жас кезінен жаттай, еліктей өскені Махамбет, Шернияз, Абыл мен Есет жырлары болса, өз замандастарынан ерекше қадір тұтқаны Нүрым. Үстем тап өкілдерін шенейтін сілті өлеңдер шығарып, айтысқа түседі, елдің өткен шежіре тарихына көз жіберіп “Адай тегі”, “Атамекен” сияқты қөлемді шығармалар жазады, сонымен қатар ел басына түскен ауыр оқиғалардың куәсі болып, “Топан” сияқты бұқара өмірінің әдеби шежіресін толғайды. Дастандағы өзекті мәселе – Каспий теңізінің сұрапыл тасқынына ұшыраған халық трагедиясы. Малы мен жаны, мекен – жайы суға кетіп, баспанасыз қалған ел көп қиындық көреді.

Дастан 4 бөлімнен тұрады. 1. Каспий маңының ежелгі бейнесі, 2.менмендіктің ақыры туралы бір мысал, 3. Атырау елінің тасқынға дейінгі жағдайы, 4. Тасқын оқиғасы және қорытынды пікір. Дастанның әлеуметтік мәні зор. Қазақтың ардагер композиторы Құрманғазы осы жыр желісін пайдаланып “Көбік шашқан” дейтін тамаша күй шығараған. Қазақ совет әдебиетінің дүлдүлі І. Жансүгіров Қашаған өміріне ерекше назар аударған. Ол сөз ұстазы Қашаған мен күй бұлбұлы Құрманғазыны кейіпкер етіп, «Көбік шашқан» атты поэма жазып, аяқтай алмаған. Қашаған жырларының бірі – “Атамекен” Дастан тарихы оқиғаға құрылған. Дастандағы Ақпан батыр, Бөкей, Жәңгір, Әбілқайыр, Нұралы – бәрі де трихта болған адамдары. Жем, Атырау, Үстірт, Маңғыстау, Қаратөбе, Манатта, Қарақұс Шоқысы, жер аттары қазірде бар. Дастандар қазақтардың басқыншылыққа ұшырап, Батысқа көшуіне Адайлардың Маңғыстауға бет алуына, Сондай-ақ хандардың өмір сүрген уақытына қарағанда , шығарма негізіне XVIII ғасыр

I жартысындағы жоңғар басқыншылығын, «Ақтабан шұбырынды» кезеңінде елдің ауыр тұрмысын суреттеуге арналған.

Қашағанның айтыс жанрында да елеулі үлесі бар. Бізге белгілісі – Ізбаспен, Нұрыммен, Үзім шайырмен айтыстары. Қашағанның Нұрыммен айтысы білім сынасу болса, Үзіммен, Ізбаспен айтыстары-адамгершілік пен ізгілікті дәріптеу. Қашаған айтыстарын да елдікті, ерлікті, адамгершілік абзал қасиеттерді бұқара мүддесін жырлап, соған арқа сүйеген ақын.

Қашағанның ақындар жыршылық өнерін Өскінбай мен Аралбай, Ығылман мен Нұрпейіс, Мұрын мен Өмір, Сүгір мен Сәттіғұл сияқты ақындар өнеге тұтқан.

Бұл дүниеде не жетім?

Бұл дүниеде не жетім?

Кім қажетсіз болса сол жетім.

Хакім әділ болмаса,

Бұкара байтак ел жетім.

Ішсең суы құрсағыңа жақпаса,

Адам менен мал түгіл

Қаңғырған қарсақ татпаса,

Амудария көл жетім,

Жетпістен жолы асқанда

Сексенге аяқ басқанда,

Жастар елеп келмесе

Келіп сәлем бермесе,

Қайғысы келіп күңіренген,

Күнініде асыл десең де,

Қартайған күнде ер жетім.

1.Жаңа сабақ бойынша жалпы сыныптық жұмыс өлеңді жаттау.

1.Карточка № 1

Көзім көрген адамда:

Абыл, Нұрым, Ақтаным,

Осылар еді тақтағым-деген өлең шумағындағы

Абыл, Нұрым, Ақтан деген кімдер? Түсінік бар?

Карточка №2

Айтулы ерлер бар екен,

Жүйріктері баптаулы,

Найзалары сақтаулы,

Сауыттары сақтаулы

Қозыжаурын көк жердет,

Карамсакпен кактаулы

Ерлердің сойы бар екен,

Бірінен бірі мақтаулы,-деп Қашаған ақын

Жырлаған батырлар кімдер? Ақпан батыр.


Карточка № 3

Адай деген ел едік,

Абайсыз өскен алшаңым,

Тексіз өскен тарпаңым-деп ақынның суреттеу мәнісі не?



Карточка № 4

Бұрынғы өткен заманда

Болған екен көп ұрыс

Көп ұрыстың көзінде

Жәбірейіл Жәнеттен

Алып келген төрт қылыш – ,

деп ақын жырлаған қылыштардың атын айт?


Карточка №

Күйкентай деген құс болар,

Далада жүріп мақтанса,

Қайраты бұтпен бұт болар.

Қарға деген азғын құс,

Қасиеті оның жоқ болар

Құс жаманы Жапалақ,

Кесіртке, тышқан жедім деп,

Қырғидың күшін көрмесе,

Ода жүрер есіріп.

Шөже деген бір торғай,

Ұясында жатқанда,

Көкті тіреп жатсын деп

Аяғын жатар көсіліп,-деп құстар арқылы кімді суреттеген?

Бұл қандай тәсіл?


Карточка № 6

Тілдің тірі бәсі де мың ділда.

Өлсе, тері бәсі де мың ділда,-деген шумақтар арқылы

ақын не айтады?


Карточка № 7

Тұяғы бүтін тұлпар жоқ,

Қанаты бүтін – сұңқар жоқ- деген бейнелі сөз нені

меңзейді?


Қорытынды сұрақтар.

  1. Ақын өмірбаяны туралы не білесің?

  2. «Бастапқы сөз» деген өлеңінде не айтылған?

  3. «Атамекен» дастанына арқау болған тарихи оқиға туралы не білесің?

  4. «Топан» дастаны (Қысқаша баяндау)

  5. Қашағаннан өнеге алған ақындарды ата?

  6. Қашаған кімдерді ардақ тұтты?

  7. І.Жансүгіров Қашаған ақынға қандай баға береді?


Үйге тапсырма: Бұл дүниеде не жетім? Өлеңін жаттау
























57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 28.01.2016
Раздел Доп. образование
Подраздел Конспекты
Просмотров195
Номер материала ДВ-386848
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх