Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Дошкольное образование / Конспекты / Конспекты по казахскому языку на тему ЭКСПО - 2017 Әлем балалар көзімен
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Дошкольное образование

Конспекты по казахскому языку на тему ЭКСПО - 2017 Әлем балалар көзімен

библиотека
материалов

ЖШС «Ақтілек Бала бақшасы» ортаңғы «Көгершін» тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

технологиялық картасы


Күні: 25.11.2015 жыл


Білім беру саласы: Шығармашылық

Тақырыбы: « ЭКСПО-2017 көрмесі» әлем- балалар көзімен


Мақсаты: ЭКСПО-2017 көрмесі жайлы түсінік беру. Балалардың қол шеберліктерін, қиялын дамыту. Көркем безендіруге, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу, эстетикалық талғамын дамыту.

Алдын-ала жұмыс: қағазбен ,пластикалық қалдық заттармен жұмыс жасау, оны желімдеу тәсілі, түрлі- түсті шамдармен, жіппен жұмыс жасай білуі.

Сабақтың қажетті құралдары: Түрлі-түсті қатырма қағаз, желім, қалам, қарындаш,диска.



Мотивациялық қозғаушы


Кіріспе жаттығу

Балалар бүгін бізде ерекше күн,балабақшамызға көптеген қонақтар келіп отыр.«Бір күнгі танысыңа, қырық күн сәлем бер» дегендей, барлығымыз қонақтарымызбен амандасып алайық.

(барлығы 3 тілде сәлемдеседі).


Шаттық шеңбері

Біз қандаймыз,қандаймыз,

Шұғылалы таңдаймыз.

Күлімдеген күндейміз,

Еш уайымды білмейміз!


Бір-біріне күлімсірей қарап сәлемдеседі.



Тәрбиешімен өлең жолдарын қайталап іс-қимылдар жасайды.




Ізденушілік- ұйымдастырушы

Балалар, бүгін сіздерге «ЭКСПО» көрмесі жайлы түсінік беріп өтемін. Францияда өткен Халықаралық көрмелер бюросының кезекті, 152-ші сессиясында «ЭКСПО-2017» көрмесін Қазақстанда ұйымдастыру жөнінде шешім қабылданды. Дауыс беруші 161 елдің 103-і Қазақстанды таңдаған. Дегенмен аты әдемі бұл көрменің сипаты қандай болатынын екінің бірі біле бермесе керек.

ЭКСПО атауы- өзінің аты айтып тұрғандай, «экспонат» деген сөзден шыққан. Қазақшаласақ, жәдігер болады, яғни ол- жер жүзін мекендеген барша халықтардың өмірдің түрлі саласында қол жеткізген жетістіктерін, жәдігерлік көрсететін алаң. Мысалы, 1862 жылы Лондонда болған ЭКСПО-да жұрт алғашқы тігін машинасымен танысқан. 1876 және 1893 жылдардағы Филодельфия мен Чикаго (АҚШ) ЭКСПО-сында жұрт назарына тұңғыш телефон аппараты және алғашқы электр қуатымен жарықтандыру жүйесі ұсынылған. Ал енді бүгінде әлем жұртшылы-ғы қолданып жүрген «телевидение» деген сөзді қолданысқа 1900 жылы Париждегі көрме кезінде орыс инженері Константин Перский ендірген екен. Бекітілген тақырыбына қарай көрмелерге қолөнер, бейнелеу өнері, өнеркәсіп, жаңа технология туындылары, түрлі пайдалы қазбалар мен олардан алынған өнімдер де қойылады. Қысқасы, онда жұртшылық назарына ұсынылатын дүниелердің ауқымы кең. Аталған іс-шараға бүкіл әлемнен түрлі мамандар, өнертапқыш-тар, кәсіпорындар қатысады. ЭКСПО «әмбебап» , «халықаралық» және «арнайы» деп аталып, негізгі үш түрлі бағыт бойынша өткізіледі.

Қорыта айтқанда, ЭКСПО көрмесінің осындай кереметтері бар. Бұл көрменің Қазақстанға әкелетін пайдасы беретін мүмкіндіктері көп. Қазақстан әлемге тағы жаңа қырынан танылады. Айта кетерлігі, ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырыл-ған көрмесіне орай, 5-12 жас аралығындағы көрермендер үшін мультипликациялық фильм жобасы да қолға алынған екен. Балаларға арналған «Ғажайып көрме» атты мультфильм көрермендерге жол тартқан. Мультфильм қарапайым бірінші сынып оқушыларының ЭКСПО қалашығында бастан кешкен оқиғалары туралы әңгімелейді.

- Балалар, сендер оны көргілерің келе ме?

Ғажайып сәт: Балалар,естисіңдерме,сырттан бір дауыс естілетін сияқты.Есікті тоқылдатады.

Аю: Балалар,сәлеметсіңдер ме?Мен аспалы бақтан келген аюмын.Сендердің елдеріңді көруге келгем,қазақ елі қандай тамаша!Өтіп бара жатып сендердің дауыстарыңды естіп осында келдім.Сендер көргілерің келген мультфильм менде бар,көресіңдер ме? Тәрбиеші теледидардан «Ғажайып көрме» мультфильмінен үзінді көрсетеді. (көріп болған соң...)

Аю:-Балалар,сендердің мұнда тұрған көрмелеріңді көріп таң қалып отырмын.Жарамсыз заттардың барлығын іске асырып,түрлі бұйымдар жасапсыңдар,менде көптеген дискалар бар,оларды көріп болғам,тастай салуға қимай тұрмын,мағанда керемет дүние жасап бересіңдер ме?

Балалар: Ия,жасаймыз.

Тәрбиеші: Олай болса,балалар мен сендерге түрлі-түсті қатырма қағаз бен дискаларды және желімді таратып берейін.Сендер барлығымыз білетін әдемі,бізді шақпайтын қызыл қоңызды жасап көріңдер. Ол үшін алдымен сергіп алайық.

Сергіту сәті

Кел, балалар, тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық.

Шаңырақты көтеріп,

Керегені құрайық.

Уықтарша иіліп,

Қазақ үйді құрайық.

Жұмыс барысын түсіндіреді:

  • алдымен оның қанаттарына желімді жағып,дисканың бетіне жабыстырамыз;

  • Бас бөлігіне де желімді жағып жабыстырамыз;

  • Ал,енді оның аяқтарына да желімді жағып дисканың астыңғы жағына жабыстырамыз.

-Балалар, сендер қандай өнерлісіңдер,енді мен бұл қоңыздарды өз еліме апарып балаларыма көрсетемін.Рахмет сендерге!

Ал ,сендер мына бұйымдарды қалай жасағандарыңды айтып бересіңдер ме?(Балалар көрмелерімен таныстырады.)

Тәрбиеші балалармен қосыла жасаған бұйымдарын көрсетіп, талдап олардың неден, қалай жасалғанын айтып түсіндіреді.

Аю:Балалар,сендерге көп-көп рахмет ,енді мен Қазақстанның басқа да жерлерін аралауға кетейін,хош сау болыңдар!



ЭКСПО көрмесі туралы мұқият тыңдайды.





















Балалар қызыға тыңдап, суреттерді тамашалайды.


































Сәлеметсіз бе?


Ия,көрейікші...





«Ғажайып көрме» мултьфильмін қызыға қарайды.















Балалар орындарынан тұрып сергіту жаттығуларын жасайды, өлең жолдарын айтып, соған сәйкес қимылдарын қайталайды.



Балалар тәрбиешімен бірге алдарындағы түрлі-түсті қатырма қағазбен, дискалармен және желіммен жұмыс жасауға кіріседі








Өз жұмыстарын және достарының жұмыстарын талдайды.

Аюмен қоштасады.


Рефлексивті коррекциялаушы

Жасалған жұмыстарын талдау.

Венн диаграммасы арқылы қорытындылау.Балалар,үстел үстіндегі суреттерді ЭКСПО сөзінің айналасына жабыстырады.

Балалар,сонымен:

-ЭКСПО деген не екен?

-Қай жылы өтеді?

-Неше ай болады?

-Қонақтар қайдан келеді?

-Біздің елге қандай пайдасы бар?

-Қай қалада өтеді?

-Мультфильм ұнады ма?

-Балалар,сендердің алдарыңда бұлт пен күннің суреттері жатыр,бүгінгі оқу іс-әрекеті ұнаса,күнді ұнамаса бұлтты көтеріп маған өз көңіл күйлеріңді білдіріңдер!

-Жарайсыңдар, балалар көп-көп рахмет !!!




Венн диаграммасын құрады.





Сұрақтарға жауап береді.







Көңіл күйлерін білдіріп,суреттерді көтереді.




Күтілетін нәтиже:


Не білуі керек: ЭКСПО туралы түсінктерін қалыптастыру.

Нені игереді: бір-бірімен біріктіріп әр түрлі бейнелер құрастыра білу.

Не үйренді: жарамсыз және қалдық заттардан бұйым жасауды.










Ересектер тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

технологиялық картасы


Күні: 24.10.2012 жыл.

Білім беру саласы: «Таным»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Құрастыру

Тақырыбы: Құрылыс матераилы, «Лего» құрастырғыш.

«Өз ойынан құрастыру»

Мақсаты: Балалардың құрастыруға қызығушылығын арттыру, олардың

шығармашылықпен құрастыру ынтасын арттыру. Ойдан

шығаруды, қиялын, ойлап табудағы шығармашылық қабілетін

дамыту. Өз жұмысын тиянықты орындауда шыдамдылыққа

тәрбиелеу.

Алдын-ала жұмыс: түскі уақытта балалармен «лего» ойынмен құрастыру

жұмыстарын жүргізу.

Сөздік жұмыс: блоктар, түстер.


Әрекет кезеңдері


Тәрбиешінің іс-әрекеті


Балалардың іс- әрекеті


Мотивациялық қозғаушы

Тәрбиеші балаларды ортаға шақырып жылық шеңберімен бір-біріне тілектер айтқызады.

Балалар өздерінің жеке тілектерін білдіреді.


Іздену- ұйымдастырушы

Тәрбиеші балаларға «Лего» құрастырушы ойыны арқылы құрастырған ойыншықтар туралы суреттер көрсетеді.

Балалардан олардың қалай құрастылғаны, қолданылған түстері туралы сұрақтар қояды.

Дидактикалық ойын: «Ойлан тап»

Балаларға суреттер таратылады, олар алған суреттеріндегі ойыншықтарға қарап, олардың атын және ерекшелігін атайды.

Келесі кезекте тәрбиеші балаларға алдарындағы «Лего» құрастырушы ойынан өз ойларынан өздеріне ұнайтын затты құрастыруға тапсырма береді.

Сергіту сәті

Доп, доп добым домалақ,

Қайда кеттің домалап?

Секең-секең етесің,

Суға түсіп кетесің.

(балалардың жұмыс уақыты)

Балалардың құрастырған ойыншықтарын өздеріне таладау жасату.

-Балалар суреттерді тамашалайды.





Ойында қызығушылықпен қатысады.








Тәрбиешімен бірге қимылдар жасайды.




Балалар өздеріне ұнаған бейнені құрастырады.


Рефлексивті коррекциялаушы

-Балалардан өздерінің не құрастырғанын, онда қанадай түстері болғанын сұрау.

Олардың жұмыстарын марапаттау.



Күтілетін нәтиже: «Лего» құрастырушы құралын еркін игеру

Не білуі керек: бір-бірімен біріктіріп әр түрлі бейнелер құрастыра білу

Нені игереді: өз ойларынан құрастыруды игеру.

Не үйренді: өз жұмыстарын баға беріп, ойларынша еркін тақырыпта құрастырып.






































Ересектер тобына арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні: 01.10.2012 жыл.

Білім беру саласы: «Таным»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру

Тақырыбы: 1 саны мен цифры.

Мақсаты: 1 саны мен цифрымен таныстыру; 1-дің пайда болу негізін ұғындыру. Сан ұғымына заттарды салыстыра отырып келу; ойлау қабілетін, зейінін дамыту. Үлкенді сөзін бөлмей тыңдауға баулу.

Көрнекі құралдар: «Күз сыйы» сюжетті сурет; алма, алмұрт, 1 цифры, жинақ полотносы.

Үлестірме құралдар:әр балаға екі жолақты карточка, алма, алмұрт.


Мотивациялық-қозғаушы

Тәрбиеші балаларға жылы лебіздер айта отырып, жақсы көңіл-күй сыйлайды. Күз падишасы хат жолдап, суреттер жібергенін айтады. Хатта: көкөністер мен жемістер араласып кеткенін, оларды балалардың екі себетке бөліп жинап беруін өтінеді.

Балалар бір-біріне жылы лебіздер айтады.



Балалар қызығушылық танытады.



Ұйымдастыру-іздестіру

Жинап болған соң тәрбиеші балалардың зейінін себеттерге аударып, сұрақ-жауап арқылы көп – аз ұғымына тоқталады.

«Күз сыйы» сюжетті сурет көрсетіліп, 1 санының пайда болу жолдарымен; цифрымен таныстырады.

Үлестірме құралдармен жұмыс: балалар екі жолақты карточкаға тәрбиешінің тапсырмасы бойынша оң қолмен солдан оңға қарай алма, алмұрт орналастырады, сұраққа жауап береді.


Сергіту

Отырыңдар, тұрыңдар,

Маған мойын бұрыңдар

Бұрылайық оңға бір,

Бұрылайық солға бір

Иіліп алдыға

Енді түзу тұрайық

Қолымызды созайық

Шапалақтап ұрайық.

Дәптермен жұмыс

Балаларда 1 цифрын баспа түрінде қарындашпен жазуын қалыптастырады.

Қайсы себетте көп, қайсы себетте аз екенін көрсетіп айтады.


Суретте не бейнеленгенін айтады.



Үлестірме құралдармен тәрбиешінің нұсқауы бойынша жұмыс жасайды.







Балалар өлең жолдарына сай қимылдар жасайды.







Балалар қарындашпен өз беттерінше жазуға тырысады.

Рефлексивті-түзетушілік

«Көп-аз» ойыны арқылы 1 саны мен цифры туралы білімдерін бекітеді.

-1 саны неге ұқсайды?


Мені келсе білгің

Мен таяқша бірмін.

Ата-әжеме жол бастап,

Оң қолында жүрмін.







1 саны туралы өлең жолдарын қайталайды.



Күтілетін нәтиже


Нені білу керек:

  • 1 саны мен цифрын, қатардағы орнын.

Нені игереді:

  • Дәптермен жұмыс барысында қарындашты, қолды дұрыс ұстау ережесін.

Нені біледі:

  • Заттарды ортақ белгісіне сай топтастыруды.













Ересектер тобына арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні: 08.10.2012 жыл

Білім беру саласы: «Таным»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру

Тақырыбы: 2 саны мен цифры. 2 санының пайда болуы. «+» және «-» белгілері.

Мақсаты: 2 саны және цифрымен таныстыру; 2 санының жасалу жолын көрсету, құрамын анықтауды үйрету, қосу және азайту амалдарын орындауға үйрету. Сан ұғымына заттарды салыстыра отырып келу; ойлау қабілетін, зейінін дамыту. Өз пікірін айтып, дәлелдей білуге тәрбиелеу,

үлкенді сөзін бөлмей тыңдауға баулу.

Көрнекі құралдар:сайқымазақ суреті 2 дана, 2 шар (ковралан тақтасына арналған), 2 цифрына ұқсас тауықтар мен аққулар, 1 және 2 цифры, 2 піл, 2 күшік (ковралан тақтаға)

Үлестірме құралдар:күзгі жапырақтар бейнеленген 45 билет, 30-ында – 2 жапырақ, 15-інде – 1,3,4 жапырақтан бейнеленген, жұмыс дәптері, карындаштар.


Тәрбиеші балаларға жылы лебіздер айта отырып, жақсы көңіл-күй сыйлайды. Жыл мезгілдері туралы сұрақтар қойылады.

Циркке билет бар екенін айтып, кім билетті дұрыс таңдап алса, сол циркке бара алатынын айтады.Балалар тек 2 жапырақ бейнеленген билетті таңдап алулары керек.

Тәрбиеші кассир билеттерді тексеріп, балаларды орындарына отырғызады.



Балалар қойылған сұрақтарға жауап береді.




Билеттерді тапсырма бойынша таңдап алады.

Ұйымдастыру-іздестіру

-Циркте кім көңілдендіріп, күлдіреді?

-Цирк аренасына сайқымазақ шықты. Неше сайқымазақ шықты?

-1 цифрын көрсетіңдер.

-Сайқымазақтың аты – Бим. Бимнің қолында не бар?

-Бимнің қолында неше шар бар? Сол цифрды көрсетіңдер.

-Аренаға тағы бір сайқымазақ шықты.Оның аты – Бом, қолында шары бар. Неше сайқымазақ болды? Оларда неше шар болды?

Тәрбиеші қосу және азайту амалы туралы түсінік береді, белгілерімен таныстырады.

- Бим және Бом фокус көрсете бастады. Бим қорапшаны сиқырлап еді, ішінен 2 құс пайда болды: тауық және аққу.

-Бом қорапшасын сиқырлап еді, оның ішінен цифрлар шықты.

Тәрбиеші балаларды 2 цифрымен таныстырады.

Сергіту

Бим және Боммен «Тез көрсет» ойыны ойналады. Балалар тәрбиеші атаған дене мүшелерін тез көрсетіп отырады.

«Цирктегі әртістер» дидактикалық ойын.

Мақсаты: балалардың 2 саны мен цифры туралы алған білімдерін тиянақтау.

Мазмұны: ковралан тақтада жануарлар бейнеленген суреттер орналасқан.Цирк аренасына тек 2-ден яғни 2 аю, 2 піл, 2 мысық, 2 күшік болып шығу керек.

-Қандай жануарлар қалып қойды? Неліктен қалып қойды?

Дәптермен жұмыс



-Сайқымазақ


-1 сайқымазақ шықты.



Көрсетеді.


-Қолында шар бар.

-Қолында бір шар бар.

Көрсетеді.



-2 сайқымазақ болды.

Оларда 2 шар болды.

Балалар қызығушылық танытып, тапсырмаларды орындады.









Ойынды қызыға ойнап, дене мүшелерін көрсетеді.








Жануарлардың ішінен 2 піл және 2 күшікті тауып көрсетеді.

Қалған жануарларды атап нешеуден екенін айтып береді.

Дәптермен жұмыс жасайды.

Рефлексивті-түзетушілік

Қорытынды

-Циркте қандай әртістер өнер көрсетті?

-Олар нешеден болды?

-Қандай санмен және цифрымен таныстық?

-Сол цифрды көрсет.

Тәрбиешімен бірге 2 саны туралы өлең жолдарын қайталайды.

Бірден кейін тұрамын

Сандар іші тұрағым,

Бірді бірге қосқанда

Иіліп мен шығамын.


-Сайқымазақтар


-2 сайқымазақ, 2 шар, 2 піл, 2 күшік


Көрсетеді.

Тәрбиешімен өлең жолдарын қайталайды.



Күтілетін нәтиже


Нені білу керек:

  • 2 саны мен цифрын, қосу және азайту белгілерін

Нені игереді:

  • амалдарды орындауды

Нені біледі:

  • 1 саны мен цифрын, қарындашты дұрыс ұстап жазуды































Ересектер тобына арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні: 15.10.2012 жыл

Білім беру саласы: «Таным»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру

Тақырыбы: 3 саны мен цифры. 3 санының пайда болуы. Кеңістік қатынастар: арасында, ортасында.

Мақсаты: 3 саны және цифрымен таныстыру; 3 санының жасалу жолын көрсету, құрамын анықтауға үйрету,заттардың кеңістікте орналасуын анықтай білуге үйрету. Ойлау қабілетін, зейінін дамыту. Үлкенді сөзін бөлмей тыңдауға баулу.

Көрнекі құралдар:«Үш аю» ертегісі бойынша суреттер, 3 аю, үш тарелке, 3 орындық.

Үлестірмелі құралдар: әр балаға екі жолақты карточка, 3 аю, 3 тарелке, жұмыс дәптері, қарындаштар.


Тәрбиеші балаларға жылы лебіздер айта отырып, жақсы көңіл-күй сыйлайды.

Тәрбиеші балалармен бірге «Үш аю» ертегісін естеріне түсіреді.

«Маша қайда тұр?» ойыны ойналады.

Мақсаты: заттардың кеңістікте орналасуын анықтай білуге үйрету.

Мазмұны: сурет бойынша Машаның қайда тұрғанын: арасында, ортасында айтып береді (суреттер: Маша атасы мен әжесінің ортасында, Маша гүлдердің арасында)


Балалар тәрбиешімен бірге «Үш аю» ертегісіндегі кейіпкерлерді естеріне түсіреді.






Балалар суретке қарап, Машаның тұрған орнын атап көрсетеді.

Ұйымдастыру-іздестіру

-Ертегіде неше аю бар?

-Бір-екі аю.

-1 және 2 цифрын көрсетіңдер.

-Кішкентай қонжық қайда?

(Қонжық екі ағаштың ортасына тығылып тұрады)

-Қонжық аюларға келіп қосылды. Нешеу болды санайық. 1-2-3 аю.

3 саны мен цифрымен таныстырады.

Жинақ полотносында 3 аю және 2 тарелке орналастырып, салыстырады. Қосу және азайту амалдарын орындайды.

Сергіту

Ормандағы аю, қонжық

Ұялардан бал іздеді.

Мойындарын оңға бұрды

Мойындарын солға бұрды

Орман ішін аралады.

Дәптермен жұмыс

1.3 цифрын жазу

2.Геометриялық пішіндерді ретімен жалғастырып салу




Цифрларды көрсетеді

Балалар қонжықтың тұрған орнын айтады.






Үлестірме құралдармен жұмыс жасайды. Оң қолмен сол жаққа қарай қоюды ескертеді.








Дәптермен жұмыс жасайды.



Рефлексивті-түзетушілік

Қорытынды

-Қандай ертегіні еске түсірдік?

-Ол ертегіде неше аю болды?

-Қандай санмен және цифрымен таныстық?

-Сол цифрды көрсет.

Тәрбиешімен бірге 3 саны туралы өлең жолдарын қайталайды.

Екіден соң әрқашан

Үш саны болып қаламын.

Қос мүйізім майысқан

Ұлттық ою саламын.


-«Үш аю» ертегісін

-3 аю болды

-3 саны мен цифры


Көрсетеді.

Тәрбиешімен өлең жолдарын қайталайды.



Күтілетін нәтиже


Нені білу керек:

  • 3 саны мен цифрын, кеңістікті бағдарлауды

Нені игереді:

  • амалдарды орындауды, геометриялық пішіндердіретімен жалғастырып салуды

Нені біледі:

  • 1 және 2 саны мен цифрын





Ересектер тобына арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні: 22.10.2012 жыл

Білім беру саласы: «Таным»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру

Тақырыбы: Салмақ туралы түсінік.Көрсеткіштері қарама-қарсы (алақандағы) заттардың салмағын салыстыру.

Мақсаты: балаларға салмақ туралы түсінік беру, ауыр-жеңіл ұғымын қалыптастыру,заттың салмағын көз мөлшермен,қолмен салмақтап көріп білуге болатынын түсіндіру. Ойланып талдау қабілетін, зейінін дамыту.

Алған білімдерін күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету,үлкенді сөзін бөлмей тыңдауға баулу.

Көрнекі құралдар:тауық және 2 балапан суреті,3 тәрелке, тарысы бар ыдыс, 2 қасық, стакан.

Үлестірме құралдар:әр балаға 1 данадан текше-фишкалар және цилиндр-фишкалар, екі жолақты карточка.


Тәрбиеші балаларға жылы лебіздер айта отырып, жақсы көңіл-күй сыйлайды.

Тәрбиеші тауықтың балапандарына тарыны тең етіп бөліп бере алмай отырғанын айтады.

-Тарыны балапандарға 2 тәрелкеге тең бөліп беру керек.Қалай бөліп береміз?




Балалар қызығушылық танытып, тарыны балапандарға қалай бөліп беретіні жайлы өз ойларын білдіреді.



Ұйымдастыру-іздестіру

Балалардың ойын тыңдап болған соң, тәрбиеші кішкентай стакан мен қасық қояды. Бір тәрелкеге тарыны қасықпен салады.Балалар тарыны салған сайын қасықты санап, жоғарғы жолаққа сонша текше-фишка қойып отырады.

Екінші тәрелкеге тәрбиеші тарыны стаканмен салады. Балалар оны да санап, цилиндр-фишкаларды төменгі жолаққа қойып отырады.

Нәтижесі тексеріледі: фишкалардың саны тең, бірақ тары бір тәрелкеде көп, екіншісінде аз?

Сусымалы заттарды өлшеу үшін бірдей шартты өлшеуішті қолдану керектігіне көздері жетеді.

-Әр тәрелкедегі тарыны санай аламыз ба? Неге?

-Тағы да санауға болмайтын қандай сусымалы заттарды білесіңдер?

Сусымалы заттарды салмағын ауыр-жеңіл деп айтамыз.

Балалардың бір қолына 2 стакан тары, ал екінші қолына екі қасық тары қойып, қайсы ауыр, қайсы жеңіл екенін түсіндіру.

Сергіту

-Оң қолыңда піл, сол қолыңда тышқан. Қайсысы ауыр?

-Сол қолыңда тауық, оң қолыңда балапан. Қайсысы жеңіл? т.б.


Дәптермен жұмыс





Балалар тәрбиешінің айтуы бойынша жоғарғы жолаққа қанша қасық тары салса, сонша текше-фишка қойып отырады.


Төменгі жолаққа қанша стакан тары салса, сонша цилиндр-фишка қойып отырады.









-Ұн, қант, күріш, тұз т.б.



Балалар 2 стакан тары салған қолы төмен түсіп кеткенін, яғни, 2 стакан тары 2 қасық тарыдан ауыр екенін түсінеді.


Қимылмен көрсетеді.




Дәптермен жұмыс жасайды.

Рефлексивті-түзетушілік

Қорытынды.

-Біз қандай заттарды өлшеуді үйрендік?

-Сусымалы заттарға нелер жатады екен?


-Заттардың салмағын қандай ұғымдармен сипаттаймыз?


-Сусымалы заттарды өлшеуді үйрендік.

-Сусымалы заттарға: ұн, күріш, қант, тұз, құм т.б.

- Заттардың салмағын ауыр- жеңіл деген ұғымдармен сипаттаймыз.

Күтілетін нәтиже

Нені білу керек:

  • «Ауыр-жеңіл» ұғымын пайдалана білуге.

Нені игереді:

  • Сусымалы заттарды өлшеуде бірдей шартты өлшеуішті қолдануды.

Нені біледі:

  • Сусымалы заттарға нелер жататынын.





Ересектер тобына арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні: 09.10.2012 жыл.

Білім беру саласы: «Таным»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Қоршаған ортамен танысу.

Тақырыбы: «Нан дастарқанға қалай келді»

Мақсаты: Нан – өмірдің негізі екені туралы түсініктерін кеңейту; нанның жасалу жолымен және диқаншылардың күзгі еңбегімен таныстыру.

Танымдық құзырлылығын қалыптастыру. Балаларды адам еңбегін құрметтеуге, нанды қастерлей білуге тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: диірмен,комбайн, диқаншы, қырман.

Қажетті құралдар: Компьютер, «Нан дастарқанға қалай келеді» тақырыбы бойынша жасалған слайд.

Тәрбиеші оқу іс-әрекетін «Дәмін тат» ойынымен бастайды.

Тәрбиеші ұннан жасалған тағамдарды балаларға дәмін татқызып, заттың атын айтқызады. Содан соң бәрін үстел үстіне қойып, олардың ұннан жасалған тағамдар екенін айтады.


Балалар ұннан жасалған тағамдардың дәмін татып көріп, атын айтып береді.

Ұйымдастыру-іздестіру

Нанды көрсетіп «Ас атасы нан, Нан атасы дән» мақалын айтып, «Нан дастарқанға қалай келді» тақырыбы бойынша компьютермен слайд тамашалатып, нанның дастарқанға келу жолын түсіндіреді.

Сергіту сәті

Жайқалады ақ бидай,

Басын иіп аққудай.

Трактор мен комбайн

Жүргізуге мен дайын.

Ойын «Тез жауап бер»

Тәрбиешінің сұрағына балалар тез жауап беруі керек.

-Нанды қайдан аламыз?


-Наубайханада не пісіреді?


-Диірменде не тартады?

-Қырманнан не жинаймыз?


-Бидайды немен орады?



Компьютер арқылы нанның дастарқанға келу жолын тмашалайды.




Өлең жолдарына сай қимыл-қозғалыс жасайды.


Балалар сұрақтарға тез жауап беруге тырысады


-Нанды дүкеннен аламыз.

-Найбайханада нан пісіреді.

-Диірменде ұн тартады.

-Қырманға бидай жинаймыз.

-Бидайды комбайнмен орады.

Рефлексивті-түзетушілік

Қорытындылау.

Ө. Тұрманжановтың «Қайдан келдің бауырсақ?» өлеңін қуыршақ театры арқылы тамашалату.



Балалар қуыршақ театрын тамашалайды.


Күтілетін нәтиже


Нені білу керек:

  • Нанның жасалу жолын

Нені игереді:

  • Диқаншының еңбек әрекеттері мен құрал-саймандары туралы түсінікті

Нені біледі:

  • Ауылшаруашылығы халықты азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ететінін
























Ересектер тобына арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні: 23.10.2012 жыл.

Білім беру саласы: «Таным»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Қоршаған ортамен танысу.

Тақырыбы: «Балабақшадағы және үйдегі қауіпсіздік»

Мақсаты: балалардың балабақшадағы және үйдегі қауіпсіздік туралы түсініктерін қалыптастыру; қауіпті жағдайда өзін-өзі ұстау шараларын білуге үйрету; құтқару қызметі телефондарын қолдана білуге үйрету. Баланың зейінділігін, ептілігін дамыту. Алған білімдерін күнделікті өмірде қолдана

білуге үйрету,үлкенді сөзін бөлмей тыңдауға баулу.

Сөздік жұмыс: электр құралдары,химиялық заттар

Қажетті құралдар: Қауіпсіздік тақырыбында суреттер, ойыншық телефондар.

Тәрбиеші оқу іс-әрекетіне «Қауіпсіздік мектебінің» оқушысы Тазша бала (қуыршақ) қонаққа келгенін айтады.

Тазша бала балалармен амандасып, өзін таныстырады.


Балалар қуыршаққа қызыға қарап, оынмен амандасып, танысады.

Ұйымдастыру-іздестіру

Тазша бала ұстазы Алдар көсе қауіпсіздік туралы көп нәрсе үйреткенін айтады. Балалардан қауіпсіздік туралы не білетіндерін сұрайды?

-Бір қарағанда өзің күнде кіріп-шығып жүрген балабақшада және үйде еш қауіп-қатер жоқ сияқты. Бірақ та , мүлдем олай емес.Мен сендерге суреттер көрсете отырып, балабақшадағы және үйдегі қауіпті жерлерді айтып беремін. Ал сендер арасында менің сұрағыма жауап беріп көмектесіп отырыңдар.

1. Балабақшада және үйде қалай ойнау керек? Доппен ойнауға бола ма?

2.Балабақшада және үйде сіріңкемен ойнауға бола ма?

3. Газ плитасын ересектердің көмегінсіз қосуға бола ма?

4.Электр құралдарын пайдаланғанда қандай сақтық ережесін сақтаймыз?

5.Жуынатын бөлмеде өзіңе таныс емес заттарды ұстауға бола ма?

6.Химиялық заттар қандай зиян келтіреді?

7. «Жеті лақ» ертегісіндегі лақтардың орнында болсаң не істер едің?



Балалар өз ойларын айтады.











Балалар тәрбиешінің көмегімен және суреттерге қарай отырып, сұрақтарға жауап беруге тырысады.

Рефлексивті-түзетушілік

Қорытындылау.

Көмек керек болған жағдайда:

-өрт болса, 01-ге

-милиция қажет болса, 02-ге

-дәрігер қажет болса,03-ке хабарласу керек.Қажетті нөмірге қоңырау шалғаннан кейін өзіңнің аты-жөніңді, мекенжайыңды және не үшін телефон шалғаныңды айтып беруің керек.

Ойыншық телефондарды пайдалана отырып, алған білімдерін бекітеді.








Балалар кезекпен телефон шалып, өрт сөндірушілерді, дәрігерлерді немесе милицияны шақырады. Ал Тазша бала шақыруларды қабылдап отырады.


Күтілетін нәтиже


Нені білу керек:

  • Балабақшадағы және үйдегі қауіпсіздік

Нені игереді:

  • Құтқару қызметі телефондарына хабарласуды

Нені біледі:

  • Қауіпсіздік ережелерін











Ересектер тобына арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні: 03.10.2012 жыл.

Білім беру саласы: «Таным»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Экология негіздері

Тақырыбы: «Азық тізбектері»

Мақсаты: адам өмірінде азықтың маңызы туралы түсінік қалыптастыру; адамадардың денсаулығын нығайтудағы дәрумендердің рөлін көрсету. Салауатты өмір дағдыларын дамыту. Алған білімдерін күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету.

Сөздік жұмыс: дәрумен, азық-түлік.

Қажетті құралдар: компьютер, тақырып бойынша слайд.

Тәрбиеші оқу іс-әрекетін жылулық шеңберімен бастайды:

Бір шаңырақ астында,

Тату-тәтті тұрамыз.

Бірге ішеміз асты да,

Бірге сайран құрамыз.

Балалар өлең жолдарын тәрбиешімен қосылып айтады.


Ұйымдастыру-іздестіру

Тәрбиеші дәрігер Айболит сиқырлы айна арқылы тағамдардың адам өміріндегі маңызы және оның құрамындағы дәрумендер жайлы түсінік беретінін айтады.

Компьютермен осы тақырыпта слайд көрсетіледі.

Сергіту.

Саусақтарым билеңдер,

Дәмді тоқаш илеңдер.

Неткен жақсы шеберлер,

Неткен жылдам шеберлер.

Алма қосып илеңдер,

Саусақтарым билеңдер.

Қызығушылық танытып, дәрігер Айболиттің әңгімесін слайд арқылы тамашалайды.






Өлең жолдарына сай қимылдар жасайды.

Рефлексивті-түзетушілік

Қорытындылау.

«Ғажайып дорба» ойыны.

Балалар дорбадан түрлі тағамдарды алып, неден жасалғанын, қайда өсетінін және құрамында қандай дәрумендер болатынын айтады.



Балалар дорбадан тағамдарды алып, неден жасалғанын, қайда өсетінін және құрамындағы дәрумендер туралы толық айтуға тырысады.



Күтілетін нәтиже


Нені білу керек:

  • Денсаулығы мықты болып өсу үшін дұрыс тамақтану жолдарын

Нені игереді:

  • Азық-түлік құрамындағы дәрумендер туралы

Нені біледі:

  • Тағамдардың жасалу жолдарын, қайда өсетінін































Ересектер тобына арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні: 17.10.2012 жыл.

Білім беру саласы: «Таным»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Экология негіздері

Тақырыбы: «Табиғаттағы өзін-өзі ұстау ережелері»

Мақсаты: табиғат туралы түсініктерін кеңейту; қоршаған ортаның эстетикалық құндылығын көрсету, оны тануға қызығушылығын арттыру. Табиғатқа деген танымдық қызығушылықтарын дамыту. Табиғатты қорғап,аялауға және оның әсемдігін бағалай білуге тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: қамқорлық, мөлдір.

Қажетті құралдар: Тақырып бойынша суреттер.


Тәрбиеші оқу іс-әрекетін жылулық шеңберімен бастайды:

Ағаш, бұта, жасыл шөп,

Жайқалып өскен гүлдер көп!

Рақмет саған, қайырымды жер!

Жапырақты жұлмаймыз!

Бұтақты біз сындырмаймыз.

Су құямыз, қараймыз!

Аялаймыз, қорғаймыз!

Балалар өлең жолдарын тәрбиешімен қосылып айтады.


Ұйымдастыру-іздестіру

Тәрбиеші үстел үстінде тұрған ғажайып қорапшаға балалардың назарын аударып, қорапшаның ішінде не бар екенін қарайды. Қорапшада Табиғат падишасына арналған киім болады. Тәрбиеші өзінің бүгін Табиғат падишасына айналып, балалармен табиғатта өзін-өзі ұстау ережелерімен танысатынын айтады.

Табиғатқа не жататынына байланысты сұрақтар қояды.

Суреттер көрсете отырып, ережелермен таныстырады.




Сергіту сәті

Гүлдер, гүлдер, гүлдер

Түн болғанда ұйықтайды.

Гүлдер,гүлдер,гүлдер

Күн шыққанда оянады.

Гүлдер, гүлдер, көп гүлдер

Қызыл гүлдер, көк гүлдер

Тұра берші ырғалып,

Тұра берші нұрланып.






Балалар табиғатқа өзін қоршаған орта –күн , су ауа, жер, ағаштар, құстар т.б. жататынын айтады.

Суреттерді көре отырып, табиғатта өзін-өзі ұстау ережелерімен танысады.






Өлең жолдарына сай қимылдар жасайды.

Рефлексивті-түзетушілік

Қорытындылау.

«Табиғатқа қалай көмектесе аламын» ойын

Тәрбиеші балаларға кезектестіре доп лақтыра отырып, мынадай сұрақтар қояды:

-Ағаштарға қалай көмектесе аласыңдар?

-Құстарға қалай қамқорлық көрсетесің?

-Су мөлдір таза болу үшін не істеу керек?

-Ауа таза болу үшін не істеу керек?

-Гүлдерге қалай көмектесе аласың?




Балалар сұрақтарға толық жауап беруге тырысады.


Күтілетін нәтиже


Нені білу керек:

  • Табиғатта өзін-өзі ұстау ережелерін

Нені игереді:

  • Табиғатты қорғап, аялауды

Нені біледі:

  • Табиғат дегеніміздің не екенін













Ересектер тобына арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні: 31.10.2012 жыл.

Білім беру саласы: «Таным»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Экология негіздері

Тақырыбы: «Қазақстанның жан-жануарлары» (құлақты кірпі,саршұнақ, дала тасбақасы, қосаяқ, құлан)

Мақсаты: балалардың жануарлар дүниесі жайындағы білімдерін жүйелеу және тереңдетуге ықпал ету; біздің өлкені мекендейтін жануарлар туралы түсініктерін кеңейту. Құлақты кірпі,саршұнақ, дала тасбақасы, қосаяқ, құланның тіршілігі және ортаға бейімделуімен таныстыру. Зейінін, танымдық белсенділігін дамыту. Туған өлкесін мақтан тұтуға, табиғатты сүюге тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: құлақты кірпі, саршұнақ, дала тасбақасы, қосаяқ, құлан.

Қажетті құралдар: компьютер,тақырып бойынша слайд.


Тәрбиеші оқу іс-әрекетін жылулық шеңберімен бастайды:

Табиғат - біздің анамыз

Бағалап оны қадірлеп

Аялайтын боламыз

Үйреніп оны сыйлауға

Барымызды саламыз.

Балалар өлең жолдарын тәрбиешімен қосылып айтады.


Ұйымдастыру-іздестіру

Тәрбиеші «Алға, Диего» танымдық-дамытушы мультхикаясындағы Диего жануарларды зерттеу кітабына Қазақстан жануарларын да енгізгісі келетінін айтады да, компьютермен слайд көрсете отырып, жануарлар туралы әңгімелейді:

Құлақты кірпі – дене пішіні кіші, құлағы сәл үлкендеу келген кірпі түрі. Ұзындығы 20 см-дей, салмағы 600 г шамасында болады.Бұлар қалың бұталар арасында мекендейді.Көбінесе жылан, бақа, құрт, кеміргіштермне қоректенеді, олардың уларынан арқасындағы инелері қорғап тұрады. Құлақты кірпілер 6 жыл өмір сүреді.

Саршұнақ – кеміргіштер қатарына жатады, тиіндер тұқымдасының бір туысы. Қазақстанда далалық аймақтар мен шөл-шөлейтті аудандарды мекендейтін 6 түрі бар.Бұлардың тұрқы 14-40 см, құүйрығының ұзындығы 4-25 см, салмағы 100-150 г. Жалпы түсі – сарғыш-сұр, жотасы қоңырқай тартқан, жүні жұмсақ, қалың.Тіршілік әрекеті көбінесе күндіз басаталады, ін қазады.Шөптесін өсімдіктермен, кейде жәндіктермен қоректенеді. Жылына 1 рет көбейіп, 2-ден 14-ке дейін ұрпақ әкеледі. 5-6 жыл тірлік етеді.

Дала тасбақасы – тасбақалар қатарына жататын бауырымен жорғалаушы.Қалқанының жоғары жағы жасыл-сарғыш, бауыры сарғыш келеді.Басы, аяғы және құйрығы жасыл қоңыр. Тұрқы 30 см-дей, мүйіз сауытпен қапталған. Салмағы 2,5 кг-дай.Қазақстанның оңтүстігінде шөл және шөлейтті аймақтарында кездеседі. Інінің тереңдігі 2 м-дей. Жылына 3-4 айдай ояу, қалған уақытта ұйқыда болады. 1-4 жұмыртқадан салады. 65-100 күнде жұмыртқаны жарып шыққан тасбақаларкелесі жылдың сәуір айында ғана інінен шығады. Көп жылдық шөптесін өсімдіктермен қоректенеді.

Қосаяқ – сүтқоректілер қатарына жататын кеміргіштердің бір тұқымдасы.Қазақстанның шөл-шөлейтті және далалы аймақтарында 16 түрі мекендейді.Дене тұрқы 4,5-5 см-дей, салмағы 7-10 г-дай.Тері жамылғысы тығыз әрі жұмсақ, түсі сарғыш, құм түстес. Артқы аяқтары ұзын, 3не 5 саусақты, алдыңғы аяқтары 5 саусақты.Жүргенде тек артқы аяқтарымен секіреді. Алдыңғы аяқтарымен қорегін ұстап, ін қазады.Күздің аяғынан көктемге дейін қысқы ұйқыға кетеді.Өсімдіктермен, жәндіктермен қоректенеді. Жылына 2-3рет , 1-ден 9-ға дейін балалайды. Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.

Құлан – тақтұяқтылар қатарына жататын жабайы жылқы. Басы үлкен, құлағы ұзын, құйрығы қысқа, кекілі жоқ, жалы тік, жүріс-тұрысы ширақ, дене бітімі сымбатты, сирақтары ұзын.Дене тұрқы 210-240 см, шоқтығының биіктігі 112-126 см, салмағы 190-260 кг аралығында. Түсі сарғыштау, жотасында қара қошқыл жолағы болады, құйрығының ұшы қара, бауыры мен сирақтары ақшыл келеді.Мамыр- маусым айларында құлындайды. Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.

Сергіту.

Өз інімнен алысқа,

Шықпаймын мен бекерден.

Төрт аяғым болса да,

Жүремін мен екеуімен.











Балалар тәрбиешінің әңгімесін мұқият, қызыға тыңдайды, сұрақтар қойып отырады.





































































Өлең жолдарына сай қимылдар жасайды.

Рефлексивті-түзетушілік

Қорытындылау.

«Немен қоректенеді?» ойыны арқылы алған білімдерін бекітеді.

Тәрбиеші балаға допты лақтырып, бір жануардың атын атайды. Бала допты қайтарып тұрып, немен қоректенетінін айтады.






Балалар сұрақтарға толық жауап беруге тырысады.


Күтілетін нәтиже


Нені білуі керек: Қазақстанда мекендейтін жан-жануарларды

Нені игереді: Табиғатты аялауды, қамқорлық көрсете білуді

Нені біледі: «Қызыл кітап» туралы








Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 13.04.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Конспекты
Просмотров697
Номер материала ДБ-029942
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх