Инфоурок / Информатика / Конспекты / Конспекты по компьютерной графики
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

Конспекты по компьютерной графики

библиотека
материалов


1 бөлім. Компьютерлік графика классификациясы


Дәріс №1. Компьютерлік графика түсінігі


  1. Қазіргі компьютерлік графиканы қолдану әдісі

  2. Компьютерлік анимация


Компьютерлік графика – әр түрлі кескіндерді (суреттерді, сызбаларды, мультипликацияларды) компьютердің көмегімен алуды қарастыратын информатиканың маңызды саласы. 

Дербес компьютерді пайдаланушылардың қатарында компьютерлік графикамен айналысатындардың саны күн санап артып келеді. Қазіргі кез-келген мекемеде кей уақытта газеттер мен журналдарға жарнамаларға тапсырыс беру немесе жарнамалық парақшалар мен буклеттер басып шығару қажеттілігі туындайды. Олардың кейбіреулері осындай жұмыстарды арнайы дизайнерлік бюролар мен жарнамалық агенттіктерге  тапсырса, кейбіреулері қолда бар программалық құралдарын пайдаланып, өз күштерімен жасауға тырысады.

Қазіргі танымал программалардың ешқайсысы компьютерлік графикасыз жұмыс істемейді. Статистикаға сүйенсек, жаппай қолданыста  жүрген программаларды жасап шығарушы программистік ұжымның қызметкерлері  өз жұмыстарының 90 % уақытын  осы графикамен шұғылдануға  жұмсайды екен.

Графикалық программаларды кез кезде қолдану қажеттілігі.Интернеттің және бірінші кезекте миллиондағн интернет парақтарын бір «өрмекпен» байланыстырєан  World Wide Web қызметінің  пайда болуынан туындады.Өйткені компьютерлік графикасыз безендірілген web-парақтың бүкіләлемдік желіде басқалардың көзіне түсіп, танымал болуы екіталай.

Қазіргі компьютерлік графика тек көркемдеу мен безендірумен үшін ғана емес, ғылым мен медицинаның барлық саласында, коммерциялық және  әкімшілік қызмет орындарында алуан түрлі ақпаратты көрнекі түрде көрсету үшін сызбалар, графиктер, диаграммалар жасау үшін қолданылады.

Конструкторлар автомобильдің немесе ұшақтың жаңа үлгілерін құрастырған кезде олардың соңғы көрінісін алу үшін графикалық объектілерді қолданады. Архитекторлар монитор экранында болашақ ғимараттың кез келген кескінін жасап, оның жер бедерімен қалай жанасатынын алдын-ала болжай алады.

 Қазiргi компьютерлік графика қолданылу әдісі бойынша мынадай негізгі салаларға бөлінеді:

Инженерлік графика – жобалау жұмыстарымен айналысатын барлық аумақтарда қолданылаы. Қарапайым киім тігу үлгісінен бастап ракета үлгісін жасауға дейін жаңа заманның инженерлік графикасы – сызушының жұмыс орны емес, ол қиын программалық кешен болып табылады. Осындай жүйелерді қолдану арқылы жобалауға кеткен уақыт мерзімі елеулі түрде қысқарып, жаңа өнім тез шығарылады және олардың сапасы мен сенімділігі артады.

Whello_html_m607a3c1d.jpgeb-графика. Web- беті WWW-да орналастырылған және гипермәтін форматында дайындалған құжат болып табылады. Олай болса, осы Web- бетінің дизайны мен оны құратын графикалық элементтерді де тиімді пайдалану, графикалық элементтердің көмегімен бетті бөліктерге бөлу, түстік модельдерді тиімді қолдану және тағы басқа да мәселелерді шешеді.

  Ғылыми графика. Алғашқы компьютерлер тек ғылыми және өндірістік есептерді шығару үшін қолданылды. Есептерден шыққан нәтижелерді дұрыс түсіну үшін оларды графикалық тұрғыда өңдеп, графиктер, мен диаграммалар, сызбалар тұрғызған. Машинадағы алғашқы графиктерді символдық  режимде басып шығаратын. Кейін сызбалар мен графиктерді қағазға қаламұштың көмегімен сызатын арнайы құрылғылар – графиксалғыштар (плоттерлер) пайда болды.

    Қазіргі заманғы ғылыми компьютерлік графика әр түрлі есептеу тәжірибелерін жүргізіп, олардың нәтижесін көрнекі түрде көрсетуге   мүмкіндік береді.

Іhello_html_4c81d22e.pngскерлік графика – қандай да бір мекеме жұмысының көрсеткіштерін көрнекі   түрде ұсыну үшін қолданылатын компьютерлік графиканың маңызды саласы. Іскерлік графиканың көмегімен жоспар көрсеткіштерін, есеп құжаттарын, статистикалық есептерді және т.б.  объектілерді көрнекі түрде ұсынуға болады. Іскерлік графиканың программалық жабдықтары электронды кестелердің құрамында болады.  

 

 

    Контрукторлық графика - инженер-конструкторлардың, архитекторлардың, жаңа техниканы ойлап шығарушы өнертапқыштардың жұмысында қолданылады. Компьютерлік графиканың бұл түрі САПР-дың(систем автоматизации проектирования- жобалауды автоматтандыру жүйесі) міндетті элементі болып табылады. Конструкторлық графика құралдарын пайдалана отырып жазықтққтағы кескіндерді (проекциялар, сызбалар) ғана емес, кеңістіктегі кескіндерді де жасауға болады.

Суреттеу графикасы (көркем графика) деп компьютер экранында ерікті түрде сурет салу мен сызуды айтады. Суреттеу графикасының пакеттері жалпы мақсатта пайдаланылатын қолданбалы программалық жасақтамалардың қатарына енеді. Суреттеу графикасында қолданылатын  қарапайым программалық жабдықтарды  графикалық редакторлар деп атайды.

 

    Жарнамалық графика – теледидар пайда болғаннан кейін танымал бола бастады. Қазір компьютердің көмегімен жарнамалық роликтер, мультфильмдер, компьютерлік ойындар, видеодәрістер мен видеопрезентациялар жасалады. Оларды жасау үшін қолданылатын графикалық пакеттер осы мақсатта қолданылатын компьютерлердің жады мен жұмыс істеу жылдамдығына үлкен талап қояды. Осы графикалық пакеттердің басты ерекшелігі ретінде олардың шыншыл кескіндер мен «қозғалатын суреттерді» жасау мүмкіндігін айтуға болады. Үшөлшемді объектілерден тұратын суреттерді салу, оларды бұру, жақындату, аластату, деформациялау үлкен көлемде математикалық есептеулерді қажет етеді. Мысалға, объектінің жарықтылық деңгейін сол объектіге түсіп тұрған жарық көзін, оны қоршаған заттардың, олардың көлеңкелерін есепке ала отырып бейнелеу  үшін оптиканың заңдарын есепке алатын күрделі есептеулерді  жүргізу қажет.

 Компьютерлік анимация деп дисплей экранында қозғалатын кескіндерді жасау өнерін айтады. Суретші қозғалатын объектінің бастапқы және соңғы қалпын бейнелейтін суреттерді ғана салады, ал осы екі суреттің арасындағы барлық қозғалысты компьютер осы объектіні қозғалтуға қажетті алдын-ала белгіленген математикалық есептеулерді орындай отырып өзі суреттеп шығады. Белгілі бір жиілікпен бірінен кейін бірі пайда болатын осындай суреттердің жиынтығы экранда қозғалатын суреттерді бейнелеуге мүмкіндік береді.     

Мультимедиа деп - компьютер экранындағы  жоғары сапалы кескінді дыбыстық сүйемелдеумен біріктіруді айтады.  Мультимедиа құралдары оқу-ағарту саласында, электронды ақпарат құралдарында және т.б. мақсатта қолданылады. Мультимедиа мүмкіндіктерін толық пайдалану үшін компьютерге арнайы программаларды орнатып қана қоймай, арнайы құрылғыларды қосу қажет.     


Бақылау сұрақтары:

1.Кескіндерді тану немесе техникалық көру жүйесі дегеніміз не?

2.Бейнелерді і ӛңдеу жұмыстарына қандай жұмыстар жатады?

3.Компьютерлік графика нені зерттейді?

4.Автоматтандырылған жобалау жүйелері дегеніміз не?

5.Компьютерлік графиканың даму тарихы.

6.Компьютерлік графиканың негізгі қолданылатын облыстарын атаңыз



Дәріс №2. Компьютерлік графиканың пайдалану салалары мен түрлері


  1. Компьютерлік графиканың түрлері

  2. Үш өлшемді графика


Компьютерлік графикада бейнелену тәсіліне байланысты растрлық, векторлық және фракталдық графика болып бөлінеді. Обьектінің модулін тұрғызуда үш өлшемді графика жеке пән ретінде қарастырылады.

Компьютерлік графика үш түрге: растрлық, векторлық және фракталдық болып бөлінеді. Олар бір-бірінен монитор экранында бейнелену және қағаз бетіне басып шығарылған кезде кескіндердің қалыптасу принциптері бойынша ажыратылады.

 Растрлық графикада кескіндер түрлі-түсті нүктелердің жиынтығынан тұрады.Графикалық ақпараттың осындай нүктелер жиыны немесе пиксельдер түрінде ұсынылуы растрлық түрдегі ұсынылу болып табылады. Растрлық кескінді құрайтын әрбір пиксельдің өз орны мен түсі болады және әр пиксельге компьютер жадында бір ұяшық қажет.     

Растрлық кескіннің сапасы сол кескіннің өлшеміне (тігінен және көлденең орналасқан пиксельдердің саны) және әр пиксельді бояуға қажетті түстердің санына тәуелді болады. 

  Мұндай типті кескіндер Adobe Photoshop, Corel Photo, Photofinish секілді қуатты графикалық редакторларда өңделеді. Растрлық кескіндер векторлық кескіндерге қарағанда сапасы жоғары, әсерлі болады. Қарапайым фотосуреттердің өзі компьютерде растрлық кескін түрінде сақталады. Растрлық кескіндерді Paint, Adobe Image Ready секілді программаларды қолданып қолдан жасауға да болады.

    Растрлық кескіндердің артықшылықтары да, кемшіліктері де бар.

   Растрлық графиканың артықшылығы:

  • әр нүкте бір-бірінен тәуелсіз;

  • бейнелік ақпаратты енгізудің автоматты техникалық түрде іске асырылуы. Мұндай құрылғыларға сканерлер, бейнекамералар, сандық фотокамералар және графикалық планшеттер жатады;

  • фотомүмкіндігі. Тұман немесе түтін суреттерін және басқа да әсерлер алуға болады;

  • файлдар форматы нүктелік бейнелерді сақтауға арналған және олар стандартты болып табылады;

  • Web-дизайнды қолдануға болады.

Растрлық графиканың кемшілігі:
  • Растрлық бейнені бұруға, еңкейтуге болмайды. Егер бейнені кішкене ғана қисайтатын болсақ онда бейне шеттері түзу сызық емес «баспалдақ» болып қалады;

  • Бейнені үлкейтіп анықтап көруге болмайды. Бейне нүктелерден тұрғандықтан, оны үлкейткенде нүктелер көлемі де үлкейеді. Бұдан бейненің сапасы нашарлайды;

  • Бейнені үлкейткенде файлдың көлемі үлкейіп кетеді.


    Бірақ бұл кемшіліктеріне қарамастан, қазіргі техникада растр өте жоғары сапалы кескін алуға мүмкіндік береді. Сондықтан растрлық кескіндер көркем графикада кеңінен қолданылады.     

   Растрлық графика электронды (мультимедиалық) және полиграфиялық басылымдарды жасап шығару үшін де жиі қолдылады. Растрлы графикалық редакторлар көбінесе жаңа суреттерді салу үшін емес, дайын суреттерді өңдеу үшін қолданылады. Осы мақсатта көбінесе суретшілердің қолымен салынған дайын суреттер сканерленіп алады немесе фотосуреттер алынады. Соңғы кездері растрлық кескіндерді компьютерге енгізу үшін сандық фотокамералар мен видеокамералар кеңінен қолданылуда.

 Векторлық кескіндер, бұл - сызық, доға, шеңбер және тікбұрыш сияқты геометриялық объектілер жинағынан тұратын кескіндер. Бұл жерде вектор дегеніміз - осы объектілерді сипаттайтын мәліметтер жиынтығы.

 Векторлық графиканың басты артықшылығы оған кескін сапасын жоғалтпай өзгеріс енгізуге, орай кішірейтуге және үлкейтуге болатындығы. Келесі артықшылығы - векторлық кескіндердің ақпараттық көлемі растрлық кескіндермен салыстырғанда әлдеқайда аз болады. Векторлық кескіндер СorelDRAW, Adobe illustrator, Micrografx Draw секілді векторлық графикалық редакторларда жасалады.

Векторлық графикамен жұмыс істеуге арналған программалық құралдар бірінші кезекте кескіндерді өңдеу үшін емес, оларды жаңадан салу үшін қолданылады. Бұндай құралдар жарнама агенттіктерінде, дизайнерлік бюроларда, редакциялар мен баспаханаларда кеңінен қолданылады. Қарапайым геометриялық объектілер мен қаріптерді пайдалануға негізделген безендіру жұмыстары векторлық графика құралдарының көмегімен әлдеқайда оңай іске асады.

 Фракталды графиканың жасалу әдісі сурет салуға немесе безендіруге емес,програмалауға негізделеді. Егер растрлық графикада растр (пиксель), ал векторлық графикада сызық базалық элемент болып табылса, фракталдық графикада математикалық формуланың өзі базалық элемент болып табылады, бұл компьютердің жадында ешқандай объект сақталмайды, кескін тек қана теңдік бойынша салынады деген сөз.  

Үш өлшемді графика. Үш өлшемді графиканың негізі векторлық графика болып табылады. Мұнда бейнелер компьютер жадысында құраушы объектілер түрінде сақталады. Объект 3-өлшемді болуы үшін оның бетін каркастық құрылғы ретінде үш өлшемді координата x,y,z түрінде және кеңістіктегі түйіндік нүктелер арқылы тұрғызу қажет.

Растрлық, векторлық, үш өлшемді графика статистикалық және динамикалық болып бөлінеді.

Динамикалық үш өлшемді графика кинематографияда кеңінен қолданылады. Ал екі өлшемді графика x,y координатты графика мультфильмдерде және веб-беттерін өңдеуге қолданылады.



Дәріс №3. Дербес компьютердің бейнежүйесі.


  1. Суреттермен жұмыс істеуге арналған құрылғылар

  2. Үйдегі фотостудиялық құралдар


Көптеген компьютерлерде графикалық ақпаратты бейнелеудің растрлық тәсілі қабылданған, яғни сурет тікбұрышты нүктелер матрицасы түрінде беріледі, әрбір нүктенің берілген түстер жиынтығынан таңдалатын өзінің түсі болады.

Компьютерде графикалық ақпараттарды өз жадысына сақтауға арналған бейнеадаптер болады. Онда әрбір нүктеге жадыдан белгілі бір бит саны бөлінеді. Сонымен қатар бейнеадаптер монитор экранында бейнежадыны секундына 70-100 рет ұдайы көрсете алады.

Негізгі бейнеадаптерлерге:CGA (Color Graphics Adapter 320x200,1982), EGA (Enhancad Graphics Adapter 6400x350,1984), VGA (Video Graphics Array, 640x480), SVGA (Super Graphics Array,800x600 ден 1248x1024 дейін) және т.б. жатады.

Қазіргі кезде экранда 16 млн.түсті беретін VGA және SVGA бейнеадаптерлері кеңінен қолданылады.

Барлық бейнеадаптерлердің негізгі төрт бөлігі болады.

  • жүйелік логикалық микросхемалар жинағы(бейнечип);

  • жедел бейнежады (Video RAM)

  • цифрлық аналогтық түрлендіргіш (ЦАТ)

  • базалық енгізу-шығару жүйесі (BIOS)

Жүйелік логикалық микросхемалар жинағы – деректерді жедел бейнежадыға жазып, іс жүзінде экранда ақпараттың бейнелеуін басқарады.

Цифрлық аналогтық түрлендіргіш (ЦАТ)-жедел бейнежадыдағы ақпаратты оқиды да, оларды цифрлық түрден аналогтық мониторды басқару сигналдарына айналдырып, оны мониторға жібереді. Бұл операция секундына оншақты рет орындалады, ол экранның ауысу жиілігі деп аталады. Қазіргі кездегі эргономикалық талаптарға сай экранның ауысу жиілігі 85 Герцтен аспауы қажет.

Базалық енгізу-шығару жүйесі (BIOS) –енгізу/шығарудың негізгі программалар жиынтығынан тұрады, ол компьютер құрылғыларының арасындағы өзара әрекетті ұйымдастырады.

Мониторлар әдетте үш параметр, яғни дюмдегі диаганаль өлшемі, нүктені ажырату қабілеті және герцтегі қайталау жиілігі бойынша жіктеледі.

Монитордың ажырату қабілеттілігі мен қайталану жиілігі бейнеадаптердің мүмкіндігіне тәуелді.

Графикалық ақпараттармен жұмыс істеген кезде кем дегенде 17 дюмдік мониторды пайдаланған ыңғайлы.

Сонымен қатар, монитор кем дегенде 1208х1024 нүктені тануы керек, ал 1600х1200 болса одан да жақсы. Түстің тереңдігі ең аз дегенде 16 бит болуы керек, ал 32 бит болса одан да жақсы. Онда бір мезгілде 64 мың түстен 16 млнға дейінгі түстерді беруге болады. Компьюерде жұмыс істеген кезде көз шаршамас үшін оның алмасу жиілігі 85 Герцтен кем болмауы керек.

Суреттермен жұмыс істеуге арналған компьютерлердің жедел жадысы кем дегенде 128 Мбайт, қатты дискінің көлемі ең аз дегенде 20 Гбайттан кем болмауы керек.

Суреттермен жұмыс істеуге арналған қосымша құрылғылар

Принтерлер. Суреттің қағаздағы «қатты» көшірмесін алу үшін принтерлер мен плоттерлер қолданылады.

Кез келген принтер растрлық суретті құруды іске асырады, себебі ол нүктелерден тұратын символдарды шығарады. Принтерлерді былайша топтастыруға болады.

hello_html_19dae1a.gif



Суреттермен жұмыс істеген кезде матрицалық принтерлердің санасы өте төмен болғандықтан оны қолданбай-ақ қоюға болады. Ең жақсысы лазерлік принтерлер өте қымбат тұрады. Олардың бағасы – 2-3 мың долларға дейін барады.

Сурет принтердің

Сондықтан да графикалық ақпараттармен жұмыс істегенде түрлі-түсті бүріккіш принтерді қолданған тиімді. Оларды Canon, Epson Stylus, Hewlett Packard фирмалары жасап шығарады және олардың сапасы өте жақсы.

Сканерлер. Сканер – компьютерге мәтін, сурет, слайд, фотосурет түріндегі кескіндердің образдарын немесе басқа да графикалық ақпаратты енгізуге мүмкіндік беретін құрылғы. Сканерлердің өзіндік белгілеріне қарай былайша топтастыруға болады.


hello_html_2c130ff4.gif

Графикалық жұмыстар үшін планшетті сканерді қолданған тиімді. Сканердің негізгі параметрі суреттің әрбір дюймінде танып, қабылдайтындай дюймдегі нүктелер санымен өлшенетін айыру қабілеті болып табылады. Сканердің айыру қабілеті 600х300-ден 1200х600-ге дейін және одан да жоғары болады.

Сканер компьютерге тізбектелген порт арқылы жалғанса, онда сканерден ақпарат алу өте баяу, ал USB интерфейсі арқылы қосылса, онда ақпарат алу жылдамырақ болады.

Цифрлық фотокамералар(ЦФК) – компьютердің көмегімен өңдеуге болатын кадрлар құруға мүмкіндік береді.

ЦФК – ның қарапайым фотокамерадан артықшылығы: онда фотопленканың орнына суреттерді электр сигналдарына айналдыратын жарық сезгіш элемент қолданылады. Сигналдар кодталғаннан кейін камераның жадысына жазылады. Оны кез келген уақытта компьютердің жадысына жазып, графикалық редактордың біреуінде өңдеп, бсапаға шығаруға болады. Қазіргі кезде түсірілген суреттің өлшемі 320х240 нүктеден бастап 2400х1600 нүктеге дейінгі фотокамералар қолданылады.

Бейнекамералар. Интернетте ақпарат алмасу үшін қарапайым және арзан бейнекамералар қолданылады. Оларды көбінесе web - камера деп атайды. Бұл камерада ақпаратты сақтау құрылғысы жоқ, ол тек бейнесигналды трансляция жасап, цифрлық формаға түрлендіреді. web – камераның көмегімен 640х480 нүктеден тұратын фотосуреттерді алуға болады. Бұл камералар компьютерге USB интерфейсі арқылы қосылады. Мұндай камераның мүмкіндігі шектеулі болғандықтан, суреттердің сапасы төмен болады.

Графикалық планшет. Ол – компьютерде сурет салуға арналған құрылғы. Графикалық планшеттің көмегімен кәдімгі қағазға салғандай сурет салуыңызға болады. Қарындаштың рөлін графикалық қылқалам атқарады. Графикалық қылқаламның мүмкіндігі жоғары, өйткені графикалық редактор оны қарындаш, бор, қылқалам немесе кез келген басқа сурет салатын құрал ретінде қабылдай алады. Ыңғайлы әрі сенімді графикалық планшеті Wacom фирмасы шығарады. Қылқаламның қоректендіру элементі мен жалғастыратын кабелі жоқ. Ол кәдімгі қаламға ұқсас. Оның бір ұшымен сурет салып, екінші ұшыменөшіргіш сияқты суреттің кез келген жерін өшіріп тастауға болады.

Үйдегі фотостудиялық құрылғылар

Цифрлық фототехниканың және онша қымбат емес түрлі түсті принтерлердің көмегімен әрбір адам өз үйінде компьютерлік фотостудия жасауына болады. Суреттерді компьютерлік сыртқы тасымалдаушыларда сақтап қана қоймай, оны өз қалауы бойынша өңдеуіне болады. Ол үшін ең MS Office пакетіне кіретін қарапайым Photo Editor атты программаны қолдана алады. Бұрын түсірілген суреттер компьютерге сканердің көмегімен енгізіледі. Мысалы Polaroid сияқты арнайы слайд-адаптері бар фотокамерадан суретті бірден компьютерге енгізуге болады. USB арқылы да цифрлық фотокамерадағы суреттерді компьютерге енгізуге болады. Суреттер компьютер жадысында орынды көп алатындықтан оларды сақтау үшін сыйымдылығы көп дискілер керек. Сондықтан да оны компакт-дискілерде сақтаған дұрыс. Сонымен қатар ақпаратты магниттік лентаға жазып, сақтауға арналған құрылғы стриммерлерде сақтауға болады.

Тек ғана жазуға арналған дискілер (CD-R) мен бірнеше рет жазып-өшіруге болатын дискілерді (CD-RW) қолдануға болады. Жұмыс істеу жылдамдығына байланысты дисководтар әр түрлі болады: мысалы CD-RW – 52/32/52 – дискіні 52000 жылдамдықпен айналдырады, дискіні 32000 жылдамдықпен жазады, 52000 жылдамдықпен қайта оқиды.


Бақылау сұрақтары:

1.Компьютерлік графика қандай түрлерге бөлінеді?

2.Векторлық графика деп қандай графиканы айтамыз?

3.Растрліқ графика деп қандай графиканы айтамыз?

4.Фрактальдық графика мысалдарын келтіріңіз.


Дәріс №4. Компьютерлік түстік модельдер


  1. Аддативтік түстер жүйесі.

  2. Палитра

  3. Жарықтың түске әсері


Суретші еңбегінің әдемі болып шығуы, оның таңдап алған түсіне байланысты болады. Суретшінің бояу таңдап алуы, палитра арқылы анықталады. Палитра – екі ұғымды білдіреді. Бірінші – суретші бояуларды араластыратын тақтайша. Екінші – суретші бояуларының жиынтығы. Адамдар түстерді көру арқылы қабылдайды. Сурет салғанда түстердің өзара үйлесіп, жарасып келуі колорит болып табылады. әрбір суретшінің өз колориті болады.

Бай түстер палитрасын алу үшін негізгі түстерге әртүрлі интенсивтілік қойылуы мүмкін. Мысалы, 24 биттік түс тереңдігінің әр түсіне екілік кодпен берілген (00000000-минимальдыдан 11111111-максимальдыға дейін) N = 28 = 256 интенсивтілік дәлдігі мүмкін.


24 биттік түстер тереңдігіне түстерді нақтылау

Түстер

Интенсивтілік

Қызыл

Жасыл

Көк

Қара

00000000

00000000

00000000

Қызыл

11111111

00000000

00000000

Жасыл

00000000

11111111

00000000

Көк

00000000

00000000

11111111

Көгілдір

00000000

11111111

11111111

Сары

11111111

11111111

00000000

Ақ

11111111

11111111

11111111

Жарықтың түске әсері. Объект оған түскен жарықтың шағылысуынан белгілі бір түске боялғандай болып қабылданады. Ақ түсте – барлық түстер шағылысады, ал қара түсте керісінше жұтылады. Табиғатта – түскен жарықтың 100 пайызын шағылыстыратын ақ және қара түс жоқ, нағыз қара түс қара бархытта, ол түскен жарықтың 99,8 пайызын жұтады. Нағыз ақ түс күкірт қышқылында (барий ұнтағы), ол жарықтың 99,4 пайызын шағылыстырады. Ақ, қара және сұр түстер ахроматиялық түстер деп аталады. Ал басқа түстер хроматиялық деп аталады.

Түсті тану үшін адамға қажетті үш элемент бар: 1) көз, 2) күн, 3) бізді қоршаған табиғат – болмыс. Табиғатта барлық түстердің негізін қызыл, жасыл, көк түстер құрайды. Олар негізгі түстер деп аталады. Бұл түстерді екі-екіден біріктіргенде, көгілдір, ал қызыл, сары түстер шығады. Түс пен бояу деген екі түрлі нәрсе, бояу – ол фильтр сияқты жарық сәулесін өткізеді және шағылыстырады. Соның нәтижесінде жаңа түс алынады.

Барлық уақытта компьютердегі түстер табиғи түстермен сәйкес келмейді. Түс мониторда, қағаз беттерінде, табиғатта әр түрлі болады. Әр түрлі түстік ортада бір мәнді түстерді анықтау үшін түстік модель қолданылады. Компьютер экраны мен принтерде суретті нақты етіп беру мақсатында түстік реңктерді сипаттау үшін арнайы құралдар – түстік модельдер жасалған. Оларды компьютерлік графикада тиімді пайдалану үшін:

  • әр түстік моделдің ерекшеліктерін түсіне білу қажет;

  • әр түрлі түстік модельді қолдана отырып, қажетті түсті анықтай алу қажет.

  • әр түрлі графикалық программаларда түсті кодтау мәселесін түсіну керек

  • монитордағы суреттегі түстік реңктерді баспаға шығарғанда нақты етіп шығару қиындығын түсіну керек

Заттар жарықты шағылыстырады немесе жұтады соның нәтижесінде біз оларды көреміз.

Жарық – электромагниттік шағылысу.

Түс адамның көзіне таралу әрекетін жасайды. Осылайша жарық сәулелері көздің ішкі тор қабатына түседі де, адам түсті сезеді.

Таралған жарық – ол Күннен, лампадан немесе монитор экранынан шыққан жарық.

Шағылысқан жарық – бұл нысанның бетінен «секіріп шыққан» жарық. Біз оны жарық көзі болмайтын қандай да бір затқа қарағанда көреміз.

Жарық көзінен тікелей көзге келетін таралған жарықта барлық түстер сақталады. Бірақ бұл жарық нысаннан шағылысқан кезде өзгеруі мүмкін. (17 - сурет).


Күн сияқты немесе басқа жарық түсіргіш көздерден монитор жарықты таратады. Сурет басылатын қағаз жарықты шағылыстырады. Тарату және шағылысу прцесінде түс алынады, сондықтан түстерді сипаттаудың; аддитивтік және субтрактивтік түстер жүйесі деп аталатын екі қарама – қарсы әдісі бар.

Аддитивтік түстер жүейесі. Адам көзі қызыл, жасыл және көк түстері қабылдағандықтан компьютерде осы негізгі үш түске негізделген. Әр негізгі түске цифрлық код берілген. Ал қалған түстер негізгі түстердің комбинациясымен анықталады.

Егер өте жақыннан немесе үлткейткіштің көмегімен жұмыс істеп тұрған монитор немесе теледидардың экранына қарайтын болса, онда өте ұсақ қызыл (Red), жасыл (Green) және көк түсті (Blue)нүктелерді көру қиын емес. Экранның бетінде жарық әсері тоқтағаннан кейін де қараңғыда фосфорға ұқсас жарқыраған мыңдаған жоғары жылдамдықтағы электрондарды, яғни түстік нүктелерді көруге болады. Түстік нүктелер электрондық сәуленің әсерінен жарықты таратады. Бұл нүктелердің өлшемі өте кішкентай (диаметрі 0,3мм шамаасында), сондықтан көршілес әр түсті нүктелер қосылып кетеді де басқа түс пен реңктер береді.


Сурет керек

Мысалы:

Қызыл + жасыл = сары,

Қызыл + көк = ал қызыл (пурпурный)

Жасыл + көк = көгілдір

Қызыл + жасыл + көк = ақ

Компьютер экранның әрбі нүктесі арқылы таратылатын жарық көлемін нақты басқаруы мүмкін. Сондықтан түстік нүктелер жарқырауының күшеюін өзгерте отыоып, әр алуан реңктерді жасауға болады.

Осылайша аддитивтік түс (add-біріктіру) негізгі үш: қызыл, жасыл, көк түс сәулелерін біріктіру нәтижесінде алынады. Егер олардың әрқайсысының жарқырауы 100% болса, онда ақ түс алынады. Бұл үш түс қоладнылатын аддитивтік түстер жүйесін қысқартып RGB деп белгілейді.

Компьютерде Red – (0, 255 ): Green – (0, 255); Blue – (0, 255) мәндерді қабылдайды. Үш түстің көмегімен 2563 = 16,7 млн түс алуға болады.

Үш компоненттің мәні бірдей болған жағдайда ахроматиялық түс (ақ, қара, сұр) аламыз. Мысалы:

R = 0, G = 0, B = 0 – қара түс

R = 170, G = 170, B = 170 – сұр түс

R = 255, G = 255, B = 255 – ақ түс

Егер мониторға түстік сигналжы R255G00B255 жіберсек, онда кез – келген компьютерлерде ал қызыл түс алуға болады.

Бұл үлгі үш өлшемді кординаталар жүйесі түрінде көрсетіледі. Әрбір координата нөлден максимал мәніне дейінгі аралықта әр құрамының нәтижесі шығаратын түске қосатын үлесін бейнелейді. Алынған текшенің ішінде түстер кеңістігін тудыра отырып, барлық түстер орналасады.

Бұл үлгінің ерекше нүктелері мен сызықтарын айта кеткен дұрыс.

  • Кордината басы: бұл нүктеде барлық құрамалар нөлге тең, сәулелендіру жоқ (қара түс)

  • Көрерменге жақын нүкте; бұл нүктедегі барлық құрамалар максимал мәнге тең ( ақ түс).

  • Алдыңғы екі нүктені қосатын кескіндіде (диагоналы бойынша) , сұр реңдер орналасады: қарадан аққа дейін (сұр шкала көбінесе 256 градация). Бұл барлық үш құраманың бірдей болуына және нөлден максимал мәнге дейінгі аралықта оргаласуына байланысты жүреді. Текшенің үш төбесі таза бастапқы түстерді береді, қалған үшеуі бастапқы түстердің екі рет араласуын бейнелейді.

Компьютерлер осы RGB моделін қоданып жұмыс атқарады. Ол монитор мен теледидарда суреттерді құру мен өңдеуге арналған. Қолданылуы: бұл үлгідегі бейнені сканер кодтайды да, суретті монитор экранына шығарады. Бұл модель сонымен қатар өте қарапайым. Өкінішке орай RGB моделінде кейбір түстерді алуға болмайды. Соондықтан RGB моделімен жұмыс істеу әрқашанда қолайлы емес.


Бақылау сұрақтары:

1.Компьютерлік графикадағы Түс түсінігі.

2.Ахроматиялық түстер деп қандай түстерді айтамыз?

3.Аддитивтік түстер жүйесі қалай алынады?

4.HSB - түстік моделінде H,S,B әріптері нені білдіреді?

5.Lab- түстік моделінің ерекшелігі неде?




Дәріс №5. Түстік палитра. Субтрактивтік түстер жүйесі


  1. Субтрактивтік түстер жүйесінің негізі

  2. Түстік модель


Субтрактивтік түстер жүйесі Баспаға шығару процесінде жарық қағаз бетінен шағылысады. Сондықтан да графикалық суреттерді баспаға шығару үшін шағылысқан жарықпен жұмыс істейтін субтрактивтік түстер жүйесі қолданылады.

Ақ түс кемпірқосақтың барлық түстерінен тұрады. Егер қарапайым призма арқылы жарық сәулесін жіберсек, ол түстік спектрге бөлініп кетеді. Қызыл,, қызғылт сары, сары, жасыл, көгілдір, көк және күлгін түстре жарық спекторын көрсететіндей етеді. Ақ қағазға жарық түсіргенде барлық түстерді шағылыстырады, ал боялған қағаз түстердің жартысын жұтады, ал қалғандарын шағылыстырады. Мысалы, қызыл түсті қағаздың бетіне ақ түсті жарық түссе, онда қызыл түсті болып көрінеді, себебі, мұндай түсті қағаз қызыл түстен басқа түстердің бәрін жұтады. Ал осындай қызыл түсті қағазға көк түсті жарық түссе, онда қағаз қара түсті болып көрінеді, себебі көк түс ол түсті жұтады.

Субтрактивтік түстер жүйесінде негізгі түстер көгілдір (Cyan), алқызыл (Magenta) және сары (Yellow) болып табылады.

Ол түстердің әрқайсысы баспаға шығарылатын бетке түстен ақ жарықтан белгілі бір түстерді жұтады. Осылайша негізгі үш түс қара, қызыл, жасыл және көк түстерді алу үшін қоладынлады.

Бұл үлгідегі негізгі түстер ақ түстен RGB үлгісінің негізгі аддитивтік түстерін азайту арқылы алынады. Бұл жағдайда негізгі субтративтік түстер үшеу болатындығы түсінікті:

ақ -қызыл = көгілдір

ақ –жасыл = алқызыл

ақ –көк = сары

көгілдір + алқызыл + сары = қара,

көгілдір+алқызыл = көк,

сары + алқызыл = қызыл,

сары+ + көгілдір = жасыл.

Негізгі түстерді әр түрлі порцияда араластыра отырып, ақ қағазда алуан түрлі түс ренктерін алуға болады.

Осы үш негізгі түс болмаған жағдайда ақ түс алуға болады. Көгілдір, алқызыл,сары түстерінің жоғары пайыздық мөлшері қара түсті береді. Кейбір ерекшеліктеріне байланысты типографиялық бояуларда осы үш негізгі түстің қоспасы кір – қоңыр түс береді, сондықтан да суретті баспаға шығаруда қара бояу ( Black) қосылады.

Субтрактивтік түстер жүйесі қысқаша CMYK деп белгілейді.

CMYK үлгісі координаталар басы орналастырылған RGB, үлгісіне ұқсас.

Үлгінің ерекше нүктелері мен сызықтары үлгі.

  • Координата басы: ешбір бояу болмаған (құраманың нөлдік мәні) – ақ түс (ақ қағаз) алынады.

  • Көрерменге жақын нүкте: барлық үш сыңарлардың максимал мәндерін араластырған кезде қара түс шығуы керек.

  • Алдыңғы екі нүктені қосатын кескіндіде ( диагональ бойынша). Үш сыңарлардың тең мәндерін араластыру сұр реңді береді.

  • Текшенің үш төбесі таза бастапқы түстерді де, қалған үшеуі бастапқы түстердің екі рет араласуын бейнелейді.

Түрлі түсті суретті төрт компонентке бөлуді арнайы түстіболу программаларды орындайды. Егер принтерлер СМY жүйесін қолданса, онда суретті RGB жүйесінен СМY жүйесіне түрлендіру өте қарапайым:СМY жүйесіндегі түстердің мәні – RGB жүйесінің мәніне кері ретпен орналасады.

Ауыстыру формулалары:

RGB → CMYK:

Cyan = (1 – Red – Black)/(1 – Black)

Magenta = ( 1 – Green – Black)/(1 – Bkack)

Yellow = (1 – Blue – Black)/(1 – Black)

Black = min(1 – Red, 1 – Green, 1 – blue)

CMYK → RGB:

Red = 1 - min( 1,Cyan*(1 – Black)+Black)

Green = 1- min(1,Magenta*(1 - Black)+Black)

Blue = 1 – min(1,Yellow*(1 - Black)+Black)

Қолданылуы. Үлгі нақты полиграфиялық бояуларды сипаттайтындықтан, оны полтграфиялық оттиск алу үшін қолданылады.

RGB және CMY модельдерінің негізгі түстерінің өзара байланысы «түстік дөңгелекте» көрсетілген. Суретті көршілес түстердің қосындысы әрбір үшбұрыштың төбесіндегі түсті береді.

Ал CMYК түстік моделін RGB түстік моделіне түрлендіру қиынырақ, себебі нүктенің түсі RGB түстерінің қосындысынан анықталса, ал жаңа жүйеде СМУ мәндерінің қосындысынан қара түсті қосу керек болады, түрлендіру үшін түсті бөлу программасы бірқатар математикалық амалдар орындайды. Егер RGB жүйесінде нүкте таза қызыл түстен тұрса (100%R, 0% G, 0% B), онда CMYK түстік жүйесінде ол алқызыл және сары түстердің бірдей мәніне тең болуы керек (0 % C, 100% M, 100%Y, 0%K).

Бірнеше түстердің RGB және CMYK түстік модельдерді қолданып бірнеше түстерді сипаттап көрелік (құраушы түстердің өзгеру дипазоны(RGB 0-ден 255-ке дейін, ал CMYK- 0-ден 100-ге дейін)).

Тұтас түрлі түсті аумақтың орнына түсті бөлу программасы жекеше нүктелерден растрлар құрады, әр түсті нүктелер бір – бірінің үстіне түспей, қатар орналасатындай нүктелік растлар бір – бірінен жайлап қана бұрыш жасай орналасады.

Түрлі түсті нүктелер бір – біріне өте жақын орналасқан, олар бітұтас болып көрінеді, біздің көзіміз нәтижелік түсті қабылдайды.

Осылайша RGB түстер жүйесі таратылатын жарықпен, ал CMYK шағлысқан жарықпен жұмыс істейді. Егер мониторды алынған суретті принтерде басып шығару керек боблса, онда арнайы программа бір түстер жүйесінен екінші түстер жүйесіне түрлендіріледі. Бірақ RGB және CMYK жүйелерінде түстерді алу табиғаты әртүрлі. Соондықтан да монитордағы түс пен баспаға шығаратын түсті бірдей етіп алу өте қиын. Баспаға шққан түске қарағанда экрандағы түс неғұрлым ашығырақ болады.

Түстік модель құрылған түстердің барлық жиыны – түстік диапазон деп аталады. RGB диапазоны CMYK диапазонына қарағанда кеңірек. Сондықтан экранда құрылған түстерді баспаға шығаруда алу мүмкін емес. Сондықтан да кейбір графикалық программаларда диапазондық алдын ала сақтандыру көрсеткіштері қарастырылған. Олар RGB моделінде құрылған түс CMYK моделі дипазоны шеңберінен шғып кеткен жағдайда пайда болады. Adobe Photoshop – та ескерту көрсеткіші кішкентай леп белгісі түрінде көрсетіледі.

Corel Draw мен Adobe Photoshop графикалық редакторында экранда суретті тек қана RGB моделінде ғана емес CMYK моделінде де құруға болады. CMYK моделін қолданып салған суреттердің экранды түсі мен баспаға шыққандағы түстері бірдей болады.

Ол суретті баспаға шығаруда полиграфияда қолданылады. Типографиялық құрылғылар және қазіргі принтерлерде түстің осы моделін қолдануы негізінде жұмыс істейді.

HSB – түстік моделі. HSB – түстік моделі – адамның түсті қаблдау ерекшелігі ескеріле отырып жасалған түстік модель.

Мұндағы H,S,B әріптері ешқандай түсті бермейді, олар тек қана

  • Түстік реңі (Hue), Н

  • Түстің қанықтылығын (түске ақ бояуды қосу пайызымен) (Saturation – насыщенность - қанықтылығы )S,

  • Түстің ашықтығын (түске қара бояуды қосу пайызымен) (Brightness – яркость - ашықтығы) В символдармен көрсетеді.

Түстің мәні дөңгелектегі нүкте сияқт таңдалады (шеңбердің центрінен шыққан сол нүктені көрсететін вектор). Әр түрлі реңдер шеңбер бойымен орналасады. Қызыл түс – 0, сары – 60, жасыл – 120, көкшіл – 180, көк – 240, ал алқызыл – 300 градусқа сәйкес келеді.

Түстің ашықтығы жеке осьпен беріледі. Төменгі нүктесі – минимальді ашықтықты, ал жоғарғы нүктесі максимальді ашқтықты береді.

  • Н (рең) – 0 – ден 360 градусқа дейінгі аралықтағы мәнді;

  • ал S және В параметрлері пайызбен өлшенеді де, 0 ден 100 – ге дейінгі бүтін мәндерді қабылдайды.

Барлық түстер дөңгелектің бойымен орналасқандықтан, әр түске өзінің градусы сәйкес келеді, яғни түстердің барлығы 360 нұсқасын алуға болады. Сондықтан бұл түстік модель 3 миллион түспен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Кейбір графикалық редакторларда HLS түстік моделі қолданылады. Мысалы, Macromedia FreeHand графикалық редакторында НSB моделіне ұқсас HLS (Hue, Lightness, Saturation) моделі қолданылады. Оның НSB моделінен айырмашылығы ашықтықтың орнына L – жарық (Lightness) қолданылады. Жарық азайса, онда түс қара түске, ал көбейсе, ақ түске жақындайды. НSB мен HLS модельдері ешқандай техникалық құрылғылардан тәуелсіз, сондықтан оларды аппараттан тәуелсіз түстер деп атайды. Бұл млдель мониторға немесе принтерге емес, адамға арналып жасалған.

Осы үлгілерде жасалған бейнелері Photoshop – та қолданылады.

Lab – үш арналы түстік модель. Бұл үлгіні жасаудағ мақсат – RGB, CMYK, HSB түстік модельдерінің кемшілігін жоятын үлгі жасау болып табылады. Бұл модель құрылғылардың ( монитор, принтер, баспа құралдары және т.б) ерекшелігіне қарамайды, бұл жүйе аппратқа тәуелсіз, сондықтан да көбінесе құрылғылардың арасында мәліметтерді тарату үшін қолданылады.

Lab моделінде кез келген түс (L - Luminosity) – түстің ашықтығымен және хроматиялық компоненттермен, яғни жасыл түстен сұр түс арқылы қызыл түске дейінгі диапазонда өзгергеретін А параметрімен, көк түстен сұр түс арқылы сары түске дейінгі диапазонда өзгеретін В параметрімена нықтайды. А және В түстерін араластыру нәтиесінде алынған түс анағұрлм ашық болады. Ашықтық түспен емес адамнң қабылдауымен сипатталады.

Шеңбердің центріндегі нүкте ең аз қанықтылықта нейтралды түске ( ақ, сұр, қара – ол ашықтыққа тәуелді) сәйкес келеді. Вектордың көлбеу бұрышы реңді анықтайды, ал вектордың ұзындығы – түстің қанықтылығын анықтайды.

Lab моделінде нүкте бір мезгілде қара және ақ түсті, бір мезгілде жасыл және қызыл түсті, көк және сары түсті бола алмайды. Сондықтан Lab моделінде арналрады анықтау осы принципке негізделіп жасалған.

L- түстің ашықтығы 0- ден 100-ге дейінгі аралықта,

А параметрлерінің мәні: -128 ден 127-ге дейінгі аралықта,

B параметрлерінің мәні: -128 ден 127-ге дейінгі аралықта өзгереді

Lab түстік моделінің түстік шеңбері монитор мен баспа құрылғыларының мүмкіндіктерінен жоғары, сондықтан осы модельдегі суретті шығармастан бұрын, оны түрлендіріп алуға тура келеді. Ол Adobe Photoshop – та стандартты үлгі ретінде қолданылады.

Lab моделі адам қабылдауға қабілетті табиғаттағы барлық түстерді қамтиды.

Grayscaleсұр градация шкаласы. Бұл ақ, қара және сұр түс градациясынан тұратын кәдімгі ақ – қара режим. Ол ақ – қара түсті фотосуреттерді немесе ақ – қара түсті полиграфиға суреттерді бейнелеу үшін қолданылады.

Индекстелген түс (Indexed Color). Суретті сипаттау оның нүктелерінің түстерін сипаттаудан тұрады. Бұл суретті сипаттаудың ең қарапайым тәсілі. Бірақ суретті сақтауда компьютер жадысын үнемдеп, суретті ықшамдап сипаттау мәселесі туады. Қазіргі кезде суретті ықшамды сипаттаудың әр түрлі әдістері қолданылады. Солардың ішінде Indexed Color (индекстелген түске) тоқталып өтелік.

Мысалы, картина он шақты түрлі түстпен болясын. Ондағы ұқсас түстерді біпнеше кластарға топтайық. Бір – біріне ұқсас түстер бір класқа жатсын. Картинадағы осындай барлық түстердің кластарға топтастырылуы картинаның түстер палитрасын құрады. Палитраның элементтерін (түстер класын) нөмірлеп шығу керек немесе басқаша айтқанда индекстеу керек. Осылайша кесте құрамыз, әр индекске палитрадан түстерді (мысалы, RGB – код) сәйкестендіреміз. Сонда картинаны сипаттау картинаның әрбір нүктесіне сәйкес келетін кестеден және индекстер тізбегінен тұрады. Егер палитраның элементтері бастапқы графикалық ақпарат жоғалып кетеді.

Егер палитраның элементтері бастапқы түстер қанша болса, сонша болса, онда сипаттау бастапқы суретті береді. Практикада 25 түстен тұратын әр түс 1 байт немесе 8 битпен берілетін палитра кеңінен қолданылады.

Кейбір кездерде 16 – түстік (4 - биттік) палитра жиі қолданылады. Түсті 16 битпен беру High Color деп аталады. Оның палитрасы hello_html_m1c61a56.gif түстен тұрады. Indexed Color – индекстелген түстер графикалық файлдардың GIF – форматында қолданылады. Сонымен қатар, Web – беттерін құрғанда, мультимедиа қолданылады.

Adobe Photoshop растрлық редакторында RGB режиміндегі суретті индекстелген түстер жүйесіне ауыстыру үшін Image > Mode > Indexed Color (Изoбражение > Pежим > Индексированный) командасын орындау жеткілікті.

YIQ түстік үлгісі теледидарға және көрудің психофизиологиялық ерекшеліктерін пайдалана отырып таратылатын, жиілікті қысқарту үшін қолданылатын аппараттық – бағытталған үлгі. Ол телевизордың стандартына арналып жасалған түстік үлгі.


Бақылау сұрақтары:

1.Субтрактифтік түстер жүйесінің негізгі түстеріне қандай түстер жатады?

2. Индестелген түстер дегеніміз не?

3. Үш арналық түстік модельге не жатады?

4. Ауыстыру формулалары қандай?

5. RGB, CMYK, HSB түстік модельдерінің кемшілігін жоятын модель?




Дәріс № 6. Графикалық бейнелерді сақтау форматтары


  1. Графикалық файлдар форматы

  2. Графикалық ақпараттарды қысу алгоритмі


Әдетте файл форматын ақпаратты байттар тізбегінің көмегімен жазу тәсілі деп түсінеміз.

Графикалық файлдар форматы-файлда графикалық ақпаратты сақтау тәсілін,сонымен қатар ақпаратты сақтау формасын (қысу алгоритмін қолдануды) анықтайды.

Графикалық формат- графикалық ақпаратты жазу тәсілі.Графикалық формат суретті өңдеу және баспаға шығару мүмкіндіктерін,сонымен қатар оның жадыда алатын көлемін береді.файлдың форматы әдетте файл атының кеңейтілуімен белгіленеді.

Қазіргі кезде компьютерлік графикада графикалық файлдардың 30-дан астам түрлері қолданылады.Бірақ олар тек кейбіреулері ғана стандартты,яғни кез-келген программада жұмыс істеуге қолайлы болады.Векторлық,растрлық және үшөлшемді суреттердің файлдарының форматтары бір-біріне сәйкес келмейді.Көптеген графикалық редакторларда ақпаратты тез ашып және кодталған суреттерді тез қалпына келтіру керек,сондықтан да суреттерді сақтау барысында суреттің өз форматын қолданып сақтаған тиімді.Басқа программалар осы берілген файлдар форматымен жұмыс істей алмауы мүмкін.Егер суреттерді құру немесе өңдеу үшін бірнеше программалар қолданылса немесе суретерді басқа бір адамдарға жіберсеңіз,онда компьютерде кеңінен қолданылатын форматтарды қолданған жөн. Қосымшалардың көпшілігі өзінің жеке форматтарына негізделгендіктен,файлдарды басқа программаға ауыстырғанда арнайы фильтрлерді қолдануға немесе суретті стандартты форматқа экспорттауға тура келеді.

Қандай мақсатқа анралып жасалғандығына байланысты әр формат графикалық ақпаратты әр түрлі етіп сақтайды.Кез келген форматтың артықшылығы және кемшілігі болады.

Компьютерде графикалық ақпаратты векторлық және растрлық түрде беруге болатыны белгілі,ендеше графикалық файлдар форматының да сәйкесінше векторлық және растрлық түрлері бар.

Растрлық файлдар форматында:

  • Суреттің өлшемі-горизанталь және вертикаль өлшемдері бойынша суреттегі бейненүктелердің саны.

  • Биттік тереңдік-бір бейненүктенің түсін сақтау үшін қолданылатын биттер саны.

  • Суретті сипаттайтын мәліметтер(суреттегі бейненүктенің түсі),сонымен қатар қосымша ақпарат сақталады.

Растрлық суреттердің көлемі үлкен болғандықтан растрлық графикалық файлдар форматында файлды қысу қысу алгоритмі қолданылады. Қысу алгоритмдері 2 түрге бөлінеді:

  • файлдарды архиватор-программалардың көмегімен қысу;

  • файл форматына енгізілген қысу алгоритмінің көмегімен қысу.

Бірінші жағдайда арнайы архиватор-программалар бастапқы файлды қысу алгоритмін қолдана отырып,жаңа файл құрады.Бірақ осылайша архивтелген файлды қайтадан бастап қалыпқа келтірмейінше ешқандай программа оны өздігінше аша алмайды.

WINDOWS жүйесінде файлдарды қысудың кең тараған түрлеріне-ZIP,ARJ,RAR және т.б жататыны белгілі.Ал графикалық файлдарды қысу архиватор программалардың көмегімен файлдарды архивтеуден өзгеше.

Суреттердің әр түрлі типтеріне сәйкес өзіндік қысу алгоритмі бар.Егер файлдар форматына қысу алгоритмі қосылса,онда сәйкес программалар қысылған мәліметтерді дұрыс оқуға жағдай жасайды.

Графикалық ақпараттарды қысу алгоритмдері;

1. RLE(Run-Length Encoding) қысу алгоритмі-көп бөлігі біртұтас бояудан тұратын аппликация типті суреттерді қысу мақсатында қайталанатын шаманың тізбегін екі шамаға ауыстыратын қосу алгоритмі.

Мұндай қысу алгоритмі кейбір растрлық графикалық файлдар форматында қолданылады. Файлдарды қысу алгоритмі алдымен бейненүктелер санын,сосын олардың түсін жазады,немесе керісінше.

2. LZW(Lempel-Ziv-Welch) қысу алгоритмі файлдағы бірдей өрнектер тізбегін іздеп,ақпараттарды қысуға негізделген.Табылған тізбектер кесте түрінде сақталады,оларға неғұрлым қысқа маркерлер(кілт) беріледі.

Егер суретте 20 рет қайталанатын қызыл,қызыл сары және жасыл нүктелер жиыны болса, .LZW оны анықтап,бұл жиынға жекеше сан береді де (мысалы,5),сосын бұл мәліметтерді 5 саны түрінде 20 рет сақтайды.

Қаныққан өрнекті суреттер бастапқы өлшемінен 0,1-ге дейін қысылады. LZW- қысу әдісі біртектес бояулардан тұратын (логотиптер,жазулар,схемалар) файлдарды қысуға мүмкіндік береді.

LZW(Lempel-Ziv-Welch) қысу алгоритмі RLE алгоритміне қарағанда әлдеқайда жақсы,бірақ кодтау және қайтадан шығару процестері жайырақ жүреді.

LZW қысу әдісі TIFF және GIF форматындағы файлдарда қолданылады.

TIFF форматының басқа да қысу алгоритміін қолданатын нұсқалары да бар.

Сондықтан TIFF форматының әр түрлі нұсқалары да бір-біріне сәйкес келмейді. TIFF форматындағы файл кейбір графикалық програмаларда оқылмауы мүмкін.Осындай кемшіліктеріне қарамастан TIFF форматы қазіргі кезде ең танымал растрлық форматтардың бірі болып табылады.Кең тараған растрлық форматтарға BMP,TIFF,PCX,GIF,JPEG форматтары жатады.


BMP (Bit Map image) форматы. BMP (Bit Map image) форматы растрларды Windows ОЖ-де сақтау үшін қолданылады. Ол растрлық суреттерді салатын Windows қосымшаларында қолданылатын формат болып табылады.

BMP форматының артықшылығы – Windows –пен үйлесетін кез келген программаны сүйемелдеуі. Ал кемшілігі – қысу мүмкіндігінің нашарлығы. Бұл форматта тек қана 4 және 8 биттік суреттерге ғана сәйкес RLE қысу алгоритмі қолданылады. BMP файлдары дискіде көп орын алады. Сонымен қатар BMP файлдарын қолдану Windows платформасымен шектеулі. Форматтың кемшілігі: жиырма төрт биттік түс тереңдігін қолданғанда, файлдың өлшемі өте үлкен болады. Сонымен қатар бұл форматта басқа форматтағыдай кейбір қосымша мүмкіндіктер жеткіліксіз.

TIFF форматы. TIFF (Tagged Image File Format, файл атының кеңейтілуі .TIF) жоғары сапалы расторлық суреттерді сақтауға арналған кең таралған формат. Ол ақ қара түстен RGB және СМҮК модельдеріне дейін барлық түстерді қамтиды. ТІІҒ форматында LZW қысу алгоритмі қолданылады.

ТІҒҒ форматы түсті тарату және қысу механизмінің тиімділігіне сай сканерленген аэрофото және ғарыштық суреттерді сақтауға өте ыңғайлы.

РСХ форматы. PCX (PC PaintBrush File Format, файл атының кеңейтілуі. PCX) форматын PC PaintBrush программасы үшін Z – Soft фирмасы жасаған. РСХ файлдарын компьютерлердің барлық графикалық қосымшалары аша және импорттай алады. Бұл форматта RLE қысу алгоритмі қолданылады. Бірақ РСХ СМҮК моделімен немесе RGB моделінен басқа модельдермен жұмыс жасай алмайды. Бейненің түстік бөлінуін сақтамауы, түстік модельдің аздығы және басқа шектеулер бұл форматтың қолданыстан шығуына сеьеп болды. Қазіргі кезде бұл формат секірген формат болып табылады.

GIF форматы. GIF (Graphics Interchange Format, файл атының кеңейтілуі .Gif) форматын 1987 жылы (GIF 87a) СompuServe фирмасы желімен растрлық суреттерді тарату үшін арнайы жасаған. Сондықтанда бұл форматта қысу механизмі жақсы, WEB беттерінен суреттерді тез жүктейді. GIF форматы LZW қысу әдісін қоданады. GIF суретті «жол арқылы» жазуға мүмкіндік береді. 1989 жылы мөлдірлік пен анимацияны сүйемелдеуге байланысты GIF форматы қайтадан (GIF 89a) толықтырылды. Нәтижесінде GIF – те немесе бірнеше түстерді мөлдір етіп орнатуға болады, сондықтан бұл түстер Интернеттің көру программаларында көрінбейді.

GIF файлдар бір немесе бірнеше растрлық суреттерден тұруы мүмкін, программа файлда көрсетілген жиілікпен суреттің бірінен кейін бірін жүктейді. Осылайша қозғалысты алуға болады (GIF анимация). GIF форматында түстік сурет тек қана 256 түс режимінде жазылады. Сондықтан бұл формат Интернет желісінде электрондық басылдымдарды құру кезінде қолданылады.

Форматтың кемшілігі түстің өте аз тереңдігінде болып табылады. Мұнда тек 256 – дан артық түс қолданылмайды. Және суреттерді сақтау ыңғайсыз, мұнда түстері аз суреттерді сақтауға болады.

JPEG форматы. JPEG (JOINT PHOTOGRAPHIC EXPERTS GROUP файл атының кеңейтілуі .JPEG) растрлық бейнелерді сақтауға арналған форма. Нақты мәндердің орнына JPEG нүктеден нүктеге ауысу жылдамдығын сақтайды. Ол кейбір мәндерді ортақтастырып артық түстік ақпаратты лақтырып тастайды. Қысу деңгейі үлкен болған сайын, көп мәліметтер лақтырылып тастайдыда, суреттің сапасы нашарлайды. JPEG форматын қолдану арқылы BMP форматындағы файлдын көлемі 10 – 500 рет аз файл алуға болады. Мұнда қысу әдісі «артық» ақпаратты жоюға негізделген, сондықтан бұл формат тек электрондық басылымдарға ғана қолдануға ұсынылады. JPEG түрлі - түсті фотосуреттерді толықтай түстік реңктер жиынтығымен сақтап, таратуға мүмкіндік береді. Мұнда әрбір нүктенің түсі 24 битпен кодталады. Сондықтан 16 млн – дай түсті сақтауға болады.

PSD форматы. PSD (PhotoShopDocument, файл атының кеңейтілуі .PSD) Adobe Photoshop графикалық редакторында қолданылатын растрлық графикалық файлдар форматы. Бұл формат қабаттар параметрлерін, арналарды, тұнықтық көрсеткішін және көп қабаттарды сақтауға көмектеседі.

Бұл форматта ақпаратты қысу алгоритмі жоқ болғандықтан, файлдың үлкен көлемі болады, сондықтан сурет жадыдан көп орын алад Ол форматтың негізгі кемшілігі болып табылады.

PNGформаты. PNG (Portable Network Graphics, файл атының кеңейтілуі .PNG) форматы 1995 жылы JPEG және GIF форматтарын ауыстыру үшін жасалған, сонымен қатар суреттерді Интернетке орналастыруға мүмкіндік беретін салыстырмалы түрде жаңа формат. Ақпаратты сапасын жоғалтпай қысуға мүмкіндік береді.

PhotoCD форматы. файл атының кеңейтілуі .PCD. KODAK фирмасында жасалған. Ол растрлық цифрлық суреттерді өте жоғарғы сапада сақтауға мүмкіндік береді.



Бақылау сұрақтары:

  1. Графикалық файлдар форматы дегеніміз не?

  2. Растрлық файлдар форматына жататын файлдар?

  3. Графикалық ақпараттарды қысу алгоритмдері дегеніміз не?

  4. TIFF форматы дегеніміз не?

  5. PSD форматы дегеніміз не?



Дәріс № 7. WEB – графика негіздері


  1. Интернет

  2. Гипермәтіндік сілтемелер

  3. Веб беттерін құру үрдістері


Жер бетінде алғашқы екі компьютердің пайда болуынан бастап адамдар олардың арасында байланыс орнатып, ақпаратты тарату мәселелерін шеше бастады. Техникалық жағынан бұл мүмкін жағдай еді. Компьютерлік техника дами бастады да, компьютерлік желілер қолданыла бастады.

Компьютерлер арасында ақпарат алмасу мұқтаждығы арта түсті де, бүкіл әлемде ауқымды желі пайда болды.

Интернет - әлемнің түкпір – түкпірімен байланыстыратын алғашқы ауқымды желі.

1989 жылы Тим Бенерс-Ли гипермәтіндік жүйені ойлап тапты, ал 1990 жылы алғашқы WWW (World Wide Web, WWW немесе Wеb – дүниежүзілік өрмек ) пайда болды. Сол кездерде ірі фирмалар жасаған алғашқы веб – беттері пайда бола бастады.

WWW (World Wide Web, WWW немесе Wеb – дүниежүзілік өрмек ) – интернеттегі гипермәтіндік ақпарат іздеу жүйесі , оны қысқаша Wеb деп те айта береді.

WWWинтернетте ақпаратты графикалық түрде беру құралы.

Web – беті – WWW - да орналастырылған және гипермәтін форматында дайындалған құжат.

Интернеттің бар мәліметтерінің, яғни барлық Web беттерінің бір ортақ қасиеттері олардың юарлығы да HTML (Hiper Text Maker Langyage) да жазылуында. HTML - гипермәтінді белгілеу тілі. Кез – келген мәтіндік редакторда даярланған құжаттар. HTML форматында сақталғаннан кейін Web беті түрінде бейнеленеді.

Гипермәтін -бұл қосымша элементтерді басқару мақсатында ішіндн екпінді элемент орналасқан мәтін түрі. Ол мәтін ішіне сурет, дыбыс енгізу, мәтінді безендіру және форматтау әрекеттерін орындайтын немесе осы құжаттың басқа бөлігіне сілтемесі бар алғашқы нүкте ретінде қарастырылатын белгіленген сөз.

Гиперсілтеме – басқа файлды немесе объектіні көрсететін гипермәтіннің үзіндісі. Сөзді ерекшелеп белгілеу келесі көрсетілген құжат бөлігі қалай бейнеленетінін анықтайтын айрықша кодты осы сөз ішіне енгізу деген меғынаны білдіреді.

Броузер – бұл Web бетттерін (гипермәтіндік беттерді) қарауға негізделген программа.

Графикалық, бейнелік және аудиомәліметтер жеке файлдарға жазылады да, құжат ішіндегі сілтемелерге сәйкес броузерлер оларды біртіндеп іске қосу қызметін атқарады. Файлдардағы мәліметтерді қабылда, броузер оларды реттеп орналастырады да, HTML тіліні ңкомандалары арқылы мәтінге қажетті түстер енгізіп, терезе көлемін, мәтін қаріпі мен оның мөлшерін және т.б. әрекеттерді анықтап, нәтижен іэкранда көрсетеді.

HTML файлдары *.htm немес *.html деген кеңейтілулер арқылы өрнектеледі. Оны құрастыру үшін «Стандартные» программасындағы Блакнотты пайдаланамыз. Ал оның нәтижесін экренда көру үшін Microsoft Internet Explorer броузері қолданылады.

Ал сайт - Web беттерінің жиынтығы.

WWW – дың негізгі қасиеті – ол тек қана мәтін мен графиканы ғана біріктіріп қана қоймай, сонымен қатар, мультимедиа мүмкіндіктері, яғни аудио және бейне клиптерді де біріктіре алады.

Web – гипермәтіндік орта болып табылады. Гипермәтін ақпараттың белгілі бір бөлігі ақпараттың басқа бір үзінділеріне сілтеме жасайды. Гипермәтіндік сілтеме тышқанды баса отырып, ақпаратқа сілтеме жасалған құжатты жеке терезеде аша аласыз.

Гипермәтіндік сілтемелер – Web құрастырылатын кірпіштер сияқты.

Web – беттерін құру үрдістері:

  1. Тұжырымдама. Web – бетін құрудың алғашқы қадамы – тұжырымдаманы, яғни мыналарды анықтап алу керек:

    • аудиторияны;

    • бетті құрудың мақсаты;

  2. Архитектурасы. Қағазда Web – бетінің эскизін сызып алу керек.

  3. Дизайн. Негізгі тұжырымдамасы анықталғаннан кейін, құрылымы жасалғаннан кейін дизайнын анықтау керек. Яғни ондағы фонның, суреттердің, мәтіндердің түстерін, қаріптерін, анимацияны таңдап алу және т.б.

  4. Орындау. Дизайнның нұсқасы таңдап алынғаннан кейін оны іскеасыру керек. Яғни графикалық элементтер , HTML, программалық код, мультимедиа элементтері және мазмұны біріктіріледі де , құрылады.

  5. Сапасын тексеру және тегістеу. Дайын болғанда оны Интернетке орналастыру керек.. Сілтемелерді, грамматикалық қателерді және т.б. нәрселерді қарап шығу керек.

Web – беттерін құруға мынадай мамандар қатыстыоылады: идея беруші- маркетинг мамандар, директор, дизайнерлер, мультимедиа жасайтын мамандар, HTML – программисттер, программисттер.

Түстік гамма, қаріптерді және графиканы таңдау.

Түстік гамма, қаріптер және графика Web – дизайнның негізгі детальдары болып табылады.

Сапалы веб – беттерін құру үшін:

Түстер палитрасын шектеу керек. Бір – бірімен үйлесетін түстердің шектеулі санын қолдану керек.

  • Түстерге шектеу қою графикалық объектілерді Интернетте таратуды жылдамдатады. Суреттегі қолданылған түстер аз болған сайын, файлдың өлшемі кішірек болады. Ал файлдың көлемі шағын болса, ол тез жүктеледі.

  • Жеті түстен кем емес палитра құру керек және оны біртіндеп барлық веб – беттерін пайдалану керек.

Беттің элементтерін ерекшелеу үшін әртүрлі қаріптерді қолдану керек.

Таңдалып алынған қаоіптің көмегімен веб – беттерінде қуанышты , кәсіби шебеолікті және т.б беруге болады. Мынадай қаріптер бар:

  1. Кертігі бар қаріптер – мысалы, А - әріптің шеттеріне кішкентай сызықтары бар әріптер. Олар тұрақтылықты, қауіпсіздікті, кәсібилікті және мәңгілікті көрсетеді. Мұндай қаріптер мәтіннің үлкен үзінділерін беруге қолайлы.

  2. Кертігі жоқ қаріптер – мысалы, А – озық ойды, тазалықты, алға ұмтылысты көрсетеді. Олар тақырыптарды жазуға, мәтіннің онша үлкен емес үзінділерін теруге ыңғайлы.

Веб – беттерін жасағанда тек бір типті ғана шрифтер емес, 3-4 түрлі қаріптерді пайдаланған ыңғайлы. Одан көп болса, онда әдемі болмай қалады.

Қаріптердің құрылымы мен өлшемін сипаттау үшін мынадай терминдер қолданылады:

  1. кегль- кертекті қоса есептегендегі қаріптің өлшемі.

  2. пункт – пунктпен қаріптің биіктігі өлшенеді (1 пункт – 1/72 дюйм-ге тең, ал 1 дюйм – 2,54 см)

  3. цицеро – баспа жолының енін өлшеу бірлігі (1 цицеро- 12 пункт)

  4. интерлиньяж – жолдар арасындағы қашықтық. Ол пунктпен өлшенеді.

  5. апрош - жолдар арасындағы бос орын. Апроштың мәні кегльге байланысты. Қаріптің өлшемі үлкен болған сайын, әріптер бір – біріне жақын болып көрінеді.

  6. гарнитура- қаріптің қарайтылып, көлбеу, түзу, жалпақ, жіңішке және т.б түрлері.

Қаріптің түсі. Әдетте қара түсті фондағы ашық түсті қаріптерге қарағанда, ашық түсті фондағы қара түсті қаріптер тез оқылады. Мәтіннің тақырыптарын жазғанда ашық түсті қаріптерді , ал негізгі мәтінде басқа түстерді пайдаланған тиімді.

Интерлиньяж. Егер веб – беттінің фоны қаралау болса, онда мәтінді оқуды жеңілдету үшін интерлиньяжды, яғни жолдар арасындағы қашықтық ты үлкейту керек.

Қаріптің өлшемін таңдау. Веб – беттінің негізгі мәтінін өлшемі 10-12 пункт болатын қаріппен, ал мәтіннің тақырыптарын өлшемін 14-24 пункт болатын қаріппен теру керек. Тек қана жұп өлшемді қаріп қолдау керек, олар экранда әдемі көрінеді.

Веб – графикада қаріптің 2 түрі қолданылады.: графикалық – ол сурет түрінде және HTML – дискрипторымен генерацияланатын тірі (живой) қаріптер, яғни оларды мәтіндік редакторында кегльді өзгерте отырып, өңдеуге болады. Веб – графикада тірі (живой) қаріптерді пайдаланған тиімді. Себебі оны үнемі жаңартып отыру керек.

Графикалық элементтерді де тиімді пайдалану керек. Графикалық элементтерге боялған аумақтар, сызықтар, фотосуреттер және суреттер жатады. Веб – беттерінде бір бетті бірақ алатындай көлемі өте үлкен суреттерді пайдаланған жарамайды. Сондықтан да онша үлкен емес графикалық оъектілерді түрлі түсті кестелермен немесе мәтінмен біріктіре отырып пайдаланған тиімді.

Графикалық файлдың өлшемін 15 Кбайттан асырмау керек.

Графикалық элементтердің көмегімен бетті бөліктерге бөлу керек.

HTML құралдары мен графикалық элементтер бетті бөліктерге бөлудің бір әдісі болып табылады. Яғни бөліктерге бөлу арқылы қолданушының назарын оның жеке детальдарына аударуға болады.

Веб – беттің макетін жасау үшін мәтін, графикалық элементтер және HTML – графика орналасатындай тор құрып алу керек. Ол тор бір немесе бірнеше бағаннан немесе бірнеше бөліктерге бөлінген беттерден тұруы мүмкін.

Веб – беттерін құрғанда оны 3 бөлікке : үлкен – ең маңызды ақпарат жазатын , орташа – орташа маңызы бар ақпарат жазатын, кішкентай – онша маңызды емес ақпарат жазатындай.

Бетте бос орындар тастауды ұмытпау керек. Бос орын аз қалдырса, онда ақпаратты оқу қиынғы түседі. Сондықтан беттің 25 пайызын ашық қалдырған тиімді. Бос орынды – дизайн элементінің айналасынан қалдыруға болады.

Біртекті графикалық элементтерді, яғни фотосуреттерді, маркерлерді, интерактивті батырмаларды қолдану үшін графикалық шаблондар жиынтығын құрып алу керек. Оны құру үшін графикалық редакторларды пайдалану керек. , оларды сол редактордың форматында сақтау керек.

GIF, JPEG, PNG форматтары расторлық форматтар. Бұл форматтағы объектілер векторлық графиканың көмегімен құрылды, сосын расторлық суреттерге конвертировать етілді. Неге деген сұрақ туады? Себебі, жеке нүктелерді өзгертіп отырғанша, векторлардың көмегімен суреттерге қызықты эффектілер қосқан өте тез. Векторлық суретті GIF және JPEG форматында сақтау үшін растолық суретке конвертировать ету керек.

Графикалық мәтін құрғанда оны қолданылған графикалық пакеттің форматында сақтау керек. Егер мәтіннің тақырыбы Фотошопта жасалса, онда оны Фотошоптың форматында сақтау керек және оны экспорт жасағанда GIF форматына түрлендіру керек. Оны GIF форматына түрлендіогенннен кейін оны өзгерте алмаймыз. Сондықтан да оны екі форматта да сақтап қойған тиімді.


WWW-де қолданылатын ақпараттар мен файлдардың типтері


Ақпарат типі

Файлдың типі

Түсініктеме

Мәтін

.htm, .html

HTML форматы текст және экранда ақпараттың бейнелеуін анықтайтын арнайы форматтау кодтарын береді.

Дыбыс

.au, .snd, .mid

Audio, sound, MIDI, MP3 Дыбыстық файлдардың форматтары

Кескін

.gif, .jpg, .tif

GIF, JPEG, TIFF Графиктік файлдардың форматтары

Бейне

.mpg, .mov, .avi

MPEG, Apple Quikslime, MS Video Форматтарында жазылған бейнеклиптер

GIF

JPEG

256 түс

True color (16,7 млн түс)

Суреттің мөлдір бөліктерін сақтау үшін қолданылады.

Барлық мөлдір емес суреттер

Әдетте батырмалар, баннерлер, дизайн элементтері, логотиптер, сызбалар, түстер саны аз нақты суреттер үшін қолданылады

Әдетте түрлі түстер өте көп фотосуреттер үшін қолданылады.

Форматты таңдау әрқашанда файлдың көлемін азайтуға бағытталған. Сайттағы барлық суреттердің көлемі 30-50 Кбайттан аспайтындай етіп жасауға тырысу керек.


Бақылау жұмысы:

  1. Интернет тарихы

  2. Веб беттер дегеніміз не?

  3. Гипермәтін дегенміз не?

  4. Броузер дегеніміз не?

  5. Гиперсілтеме деп нені айтамыз?



2 бөлім. Растрлық графика


Дәріс №8. Adobe Photoshop программасының құрылымы


  1. Программа интерфейсі

  2. Файлдарды жүктеу мен импорттау

  3. Adobe Photoshop редакторының құрал-саймандары


Программа интерфейсі. Программаның негізгі басқару элементтері Меню қатары мен Саймандар панелінде жинақталған. Бұдан басқа Adobe компаниясының программаларында ерекше сұхбат терезелері – саймандар палитрасы қолданылады.

Файлдарды жүктеу мен импорттау. Photoshop графикалық редакторы түзу үшін емес суреттерді өңдеу үшін арналғандықтан, онымен жұмысты жүктеуден (файл - ашу) командасымен немесе дайын бейнелерді импорттаудан бастайды.

Импорттау деп – сканерден, цифрлық фотокамерадан немесе басқа да енгізу құрылғыларынан алынған бейнені енгізуді айтады. Импорттау файл – импорттау командасы арқылы орындалады. Графикалық редактордың сыртқы құрылғылармен байланысы TWAIN стандарты арқылы жүзеге асырылады.

Файл туралы мәлімет алу. Көптеген графикалық бейнелермен операция жасауда бейнелердің негізгі параметрлерін білу өте маңызды. Оларды Бейне өлшемі (Размер изображение) сұхбат терезесінде анықтауға болады. Ол бейне (Изображение – Размер изображение) – бейне өлшемі командасы арқылы ашылады. Бұл терезеде ені және биіктігі (пикселдермен) және Размер печатного отписка (см-мен) сияқты параметрлер келтірілген. Экрандық өлшемдер физикалық өлшемдермен рұқсат ету (Разрешение) параметрлерімен байланысты. Файлдың өлшемі осы параметрлерге тәуелді.

Adobe Photoshop редакторының құрал-саймандары. Құралдар панелі бейнелермен жұмыс істеудегі ең негізгісі болып табылады. Негізгі құралдар, құралдар панелінде 4 топқа біріктірілген. Photoshop программасының ерекшелігі құралдар панелінде альтернативті құралдардың болуы. Мұндай құралдардың кішкене үшбұрышты арнайы белгілері бар. Осындай белгіде тышқанды басып курсорды апарсаңыз қосымша құралдары бар: сызғыш , тағы басқа да құралдар.

1.Белгілердің бірінші тобын обьектімен жұмыс жасауға арналған құралдар құрайды. Область аймақ және Лассо құралдары арқылы бейне аймағын ерекшелеп, (Перемещение) Ауыстыру құралының көмегімен ерекшеленген аймақты жылжытып, көшірмесін алуға да болады.

Сиқырлы таяқша (Вольшебное палочка) құралы аймақты түс белгісіне қарай автоматты түрде ерекшелеуге арналған. Сиқырлы таяқша мен Лассоны графикалық обьектілердің күрделі контурын дәл алу үшін қолданады.

2.Сурет салу үшін арналған құралдар тобына Аэрограф, кисть (қылқалам), карандаш, Ластик (өшіргіш) жатады. Штамп құралын набивка операциясы үшін, яғни оның көмегімен суреттің зақымдалған элементтерін қалпына келтіру ыңғайлы. (Мысалы: ескі суреттерді өңдеуде), зақымдалмаған бөліктерден бейнелерді көшіру арқылы.

Палец құралы размывка опериясы үшін қолданылады. Размытие /Резкость құралдары бөлек бөліктердің қанықтылығын басқаруға, ал Осветлитель / Затемнитель / Губка құралдарын түстің қанықтылығын реттеуге арналған. Губка Отмывка операциясы үшін арналған.

3. Үшінші топтың құралдарына жаңа обьектілерді құруға, соның ішінде текстік обьектілерді құруға арналған.

Перо және оның альтернативті құралдары қисық контурларды құру мен редакторлеуге арналған. Текст инструментімен жазбаларды орындайды. Бұнымен қоса мұнда Windows операциялық жүйесінде орнатылған шрифтілер қолданылады. Линия құралы түзулердің кесіндісін салуға арналған. Заливка және Градиент ерекшеленген бөліктерді негізгі түстердің бірімен немесе түстер арасында жайлап өту арқылы қолайлы түс таңдауға арналған. Қолданылғандардың тізімінен түсті дәл таңдауға Пипетка құралы көмектеседі.

4.Соңғы топты көруді басқару құралдары құрайды. Масштаб құралы суреттің үлкейтілген фрагменттерімен жұмыс істеуге мүмкіндік береді, ал рука құралын программаның терезесінің шегінен шығып кеткен суреттерді жылжытуға қолданылады.

Құралдар палитрасы.Adobe компаниясы шығарған программасында ерекше түрдегі сұхбат терезелері жиі қолданылады. Олар палитралар деп аталады және басқарудың кейбір ортақ элементтеріне ие. Палитралар негізгі құралдардың қызметін дайындау және бейнемен және оның файлымен операция жасау үшін қолданылады.

Photoshop редакторының негізгі палитра панелі қолданылады. Палитраны ашу меню қатары арқылы орындалады. Терезе пункті Спрятать / Показать – Жасыру / Көрсету пунктерін құрайды. Солардың көмегімен басқару орындалады. Экранда барлық палитраларды ұстау міндетті емес. Жұмыс барысында керек емес палитраларды экраннан жоюға, өшіріп тастауға да болады.

Жабу кнопкасында шерту палитраны экраннан өшіреді. Палитраны экранға қайта шақыру. Окно(Терезе) менюіндегі Показать (Көрсету) командасы арқылы орындалады. Оң жақтағы үшбұрышты бағдаршаға шерту қосымша контекстті менюді шақыруға мүмкіндік береді. Ол арқылы палитраны дайындауға және оның мүмкіндігін кеңейтуге болады. Кейбір палитралар командалық түймелерге, не олардың тізімдеріне енгізу алаңдарын және тағы басқа да басқару элементтерін айқындайды.

Палитралардың Windows операциялық жүйесіндегі сұхбат терезелерінен негізгі айырмашылығы жұмыс ортасын өз талғамына қарай келтіруге мүмкіндік береді. Жаңа палитраларды курсормен бір палитраны іліп алу арқылы жасауға болады. Егер де экранның бос жеріне орналастырсақ, онда ол тәуелсіз палитраға айналады.

hello_html_2bee9cd7.jpg

hello_html_3e92c61b.jpg

1-сурет. Adobe Photoshop программасының жұмыс үстелі және түстер арасында жайлап өту арқылы қолайлы түс таңдау терезесі.

hello_html_2ec6882.jpg

2-сурет, Adobe Photoshop программасының құрал-саймандар панелі.

Мұнда неше түрлі мүмкіндіктерге ие құралдар бар. Әрбір құралдың бірнеше атқаратын қызметтері бар. Саймандар панелінде сызуға, өшіруге, алып тастауға, бояға, жазбалар жазуға, белгілеуге мүмкіндік беретін құралдар жеткілікті.

hello_html_m64023cd4.jpg


Adobe Photoshop программасында жұмыс жасағанда онда атқарылған іс-әрекеттің бәрі History палитрасында тізімде тұрады. History палитрасы арқылы кеткен қателіктерді түзеуге немесе атқарылған жұмыстың орындалу барысын тексеруге болады.


hello_html_50ff2cb6.jpg

Қабат (Слой), Канал, Контурлар палитралары бір сұхбат терезесінде орналасқан. Осы құралдардың көмегімен біз Фильтр қызметін қолдана отырып, керекті суретімізді өңдеп аламыз.

Zoom (Масштаб) құралы. Photoshopта Zoom (Масштаб) құралы орналасқан. Бұл құралды саймандар панелінің төменгі тұсында ұлғайтқыш әйнек суреті арқылы табуға болады. Суретте көрсетілгендей бұл құрал бейненің масштабтық өлшемдерін басқаруға мүмкіндік береді. Масштаб арқылы ұлғайтқанда сізге ол үлкен суретке айналғандай болады, бірақ негізінде оның өлшемі өзгермейді. Құралдар панеліндегі Zoom (Масштаб) құралын тауып оны шертеміз. Тышқан көрсеткішіндегі ұлғайтқыш әйнектегі «қосу» белгісі құралдың бейнені ұлғайтуға дайын екендігін білдіреді. Терезенің ортасына «қосуды» орналастырып, тышқанның сол жақ батырмасын бассақ дене 100-ден 200 % ға дейін үлкейді. Е Егер батырманы қайта басатын болсақ енді бейне 300%-ға ұлғаяды.

Батырмадағы «қосу» батырмасын баса беру арқылы бейнені 200, 300, 400, 500, 600, 700, 800, 1200, 1600%-ға дейін үлкейте аламыз. 1600%-тік үлкею бейненің шекті ұлғаюы болып саналады. Alt пернесін басқанда ұлғайтқыш әйнектегі «қосу» таңбасы «азайту» таңбасына айналады. Енді құралды кішірейту мақсатында қолданамыз. Ұлғайған бейнелерді «азайту» таңбасымен қайтадан бастапқы масштабы 100%-дық қалпына келтіре аламыз.

Масштабты қолдана отырып өңдеп жатқан бейненің кем-кетіктерін түзеуге, бейнені жіті бағдарлауға таптырмас құрал болып табылады. Сондай-ақ масштабты қолдануда Ctrl пернесін «+» немесе «−» таңбасымен қосып басу арқылы уақыт ұта аламыз. Мұнда Ctrl+«+» ұлғайтуды, ал Ctrl+«−» кішірейтуді білдіреді.

Осы масштаб командасын Z пернесі арқылы шақыра аламыз.

Терезені үлкейту үшін оның жиектеріне тышқан курсорын апарып, бағдарша пайда болған кезде оны созып үлкейтуімізге немесе кішірейтуімізге болады.

Adobe Photoshop программасы суреттермен жұмыс жасағанда кейбір күрделі жұмыстарды жедел орындауға мүмкіндік береді. Оның бас мәзір (меню) қатарында File (Файл), Edit (Редакторлау), Image (Көрініс), Layer (Қабат), Select (Белгілеу), Filter (Фильтр), View (Түр), Window (Терезе), Help (Көмек) командалық бөлімдері орналасқан.

Палитралар тобы жұмыс үстелінің сол жақ қапталында, ал саймандар панелі оң жақ қапталда орналасады. Программаның басқарушы элементтері палитраларда тұрады. Мысалы көп қолданылатын Color (Түс), Layers (Қабаттар) секілді функциялары осында жинақталған. Жұмыс барысында суреттерді Файл→Ашу командасымен жұмыс үстеліне шығарып аламыз.

Adobe Photoshop программасы ескірген, әрі бетінің әрі кеткен фотосуреттерді түрлі-түсті етіп сурет бейнелерін қалпына келтіреді. Бірнеше суреттегі керекті бейнелерді бір сурет ішіне орналастыруға, сурет жиектерін қаламмен өрнектегендей етуге, фотосуреттерді қолмен салынған суретке айналдыруға,мөлдір жазулар жазуға сондай-ақ жазылған мәтіннен жалын шығарып қоюға да болады. Бұл Adobe Photoshop программасының мүмкіндіктерінің бірегейі ғана. Сурет өңіне жарықтандырғыштар арқылы қошқыл, күңгірт суреттер анық етіліп шығарылады.

Қарапайым қолданылыста Adobe Photoshop, Corell Draw, Adobe Illustrator программалары кеңінен таралған. Adobe Photoshop программасында Adobe ImageReady қосымшасы болады.


Бақылау жұмысы:

  1. Программа интерфейсі дегеніміз не?

  2. Файлдарды жүктеу мен импорттау қалай жүргізіледі?

  3. Adobe Photoshop редакторының құрал-саймандарын ата?

  4. Құралдар палитрасы?

  5. Масштабты қай кезде пайдаланады?












Дәріс №9. Adobe Illustrator программасының интерфейсі


  1. Adobe Illustrator программасының интерфейсі

  2. Жаңа құжат құру

  3. Illustrator редакторының құралдары


Adobe фирмасының Illustrator программасы өте көне, ертеден келе жатқан векторлық графиканың лидері. Ол арқылы векторлық бейнелерді, иллюстрациялар, диаграмма, графиктер, суреттер мен сызбаларды жасауға, сондай-ақ векторлық бейнелерді өңдеуге болады. Мұнда ақпараттық графика мен Web - дизайнмен жұмыс істеу мүмкіндіктері де бар.

Бұл программа векторлық графика программаларының ішіндегі жалпылама мойындалған бүкіл әлемдік көсбасшы болып табылады. Профессионалдардың өздері де көбінесе осы программамен жұмыс жасайды. Оның ерекше қасиеті – Adobe Photoshop және Page Maker программаларымен бірге аяқталған полиграфиялық компьютерлік таралымдар мен күрделі құжаттарды өңдеуге арналған жеткілікті үштік қосымша құруында. Бұл үштік бірдей стильде орындалған, ұқсас интерфейстер мен құралдарды пайдаланады, бірдей тәсілдер мен әдістерді қолдануға мүмкіндік береді және өзара объектілерді қатесіз импорттау мен экспорттайды. Adobe Illustrator 7.0 –дің қосымша қасиеті – бұл редактордың орыс тіліндегі версиясының болуында.

Adobe Illustrator – дың интерфейсі Adobe Photoshop-тың интерфейсіне өте ұқсас. Олар бір фирманың программалары болғандықтан олардың терезе құрылымы, бірдей пернелік қысқартулар және қабаттармен жұмыс істеудің негізгі принциптері қолданылады.

Программа мөлдір қабаттармен жұмыс жасауға арналған, және қабаттар саны белгілі сандармен емес, компьютер ресурстарымен шектелген. Программада қабаттар мен объектілерге әр түрлі эффектілерді қолдануға болады. Қылқаламдардың әр түрлі типтерін қолданып, суреттерді бояуға болады. Сканер арқылы енгізілген бейнелер растрлы түрде көрсетіледі, себебі векторлық графиканың мүмкіндіктері жартылай түстер мен түстер өзгерісін бере алмайды.

Программа растрлы бейнелерді векторлы графикада түрлендіруге мүмкіндік береді. Ал егер керісінше жасап көретін болсақ, үлкен көлемді файлдар пайда болады. Растрлы бейнелерді не үшін векторлы бейнелерге түрлендіреміз? Масштабтауда бейне сапасын жоғалтпау үшін. Программада градиент заливкамен толтырылған анық облыстары мен жиектері бар бейнелерді жасауға арналған құралдар саны жеткілікті. Программада жарнамалық хабарландырулар мен визиткалар, есептемелер, хаттар жасау ыңғайлы, себебі Adobe Illustrator – да теруге, редактрлеуге арналған керемет құралдар бар.

Түстерді басқару механизмі экрандық құжатты баспаға шығарғанда экрандағы түстер де шығарылады деп кепілдік береді. Adobe Illustrator басып шығару үшін керемет мүмкіндіктер береді. Программаның негізгі басқару элементтері меню қатарында, құрал-саймандар панелі мен құрал-саймандық палитраларда топтастырылған. Терезенің негізгі бөлігін жұмыс аймағы құрайды.

Жаңа құжат құру. 1. Бетті Файл → Жаңа командасы арқылы түзеді. Бұнда бет үнсіз келісім бойынша қабылданған форматта түзіледі. Бұдан соң жұмысты бастай беруге болады.

2. Беттің параметрлерін құжат параметрлері терезесінде көруге және өзгертуге болады. Ол Файл → Құжаттар параметрі командасы арқылы ашылады.

3. Егер стандарт емес формат қажет болса, онда формат ашылу тізімінде Заказной пунктін таңдап, оның өлшемін береді.

4. Өлшем бірліктерін Бірліктер тізімінен таңдайды. Ресейде өлшем бірлігі ретінде милиметр, ал шетел тілді елдерде – дюйм қабылданған.

Illustrator редакторының құралдары. Құрал –саймандар панелі суреттер мен бейнелерді түзудегі ең негізгісі болып табылады. Негізгі құралдар панелі біріктірілген бес белгілер тобынан тұрады.

  1. Бірінші топқа объектілерді ерекшелеуге арналған құралдар белгісі кіреді. Ерекшелеу (Выделение) құралымен объектіні түгелдей ерекшелейді (бұл үшін контурды шерту немесе ерекшеленетін объекттің айналасында рамка жүргізу керек). Бөлікпен ерекшелеу (Частичное выделение) құралымен контурдың бір бөлігін ерекшелейді, мысалы, сегменттердің біреуін немесе бір тірек нүктесін. SHIFT пернесін басып тұрып бұл құралдың көмегімен бірнеше объектілерді немесе оның элементтерін таңдайды.

  2. Сурет салуға арналған құралдар тобына Эллипс және Тіктөртбұрыш сияқты дәстүрлі құралдар кіреді. Қарындаш құралы кәдімгі формадағы контурларды түзу үшін қызмет етеді. Перо – программаның негізгі құралы. Ол түзусызықты және қисықсызықты сегменттерді түзуге арналған. Текст құралын текстілік объектілерді түзу үшін қолданады. Қайшы құралының да ролі өте маңызды. Ол контурларды бөлу үшін өте қажет. Контурдың шертілген аймақтарында қосарланған соңғы нүктелер пайда болады да ағымдағы контур тәуелсіз объектілерге ыдырайды.

  3. Үшінші топтың құралдары ерекшеленген аймақтарды манипуляциялау үшін қажет. Бұру (Поворот), Көлбеу (Наклон), Өлшем (Размер) және Айна (Зеркало) құралдарының атқаратын қызметі аттарынан – ақ белгілі.

  4. Төртінші топ құралдарына Айналдыру (Превращение) және Диаграмма жатады. Айналдыру құралдары объектілерді трансформалауға арналған альтернативті топтар (бір формадағы объектіні екінші формадағы объектіге барлық аралық объектілерді сақтау арқылы айналдыру). Диаграмма құралы ісмер графиканың диаграмма құруға арналған альтернативті тобын құрайды.

  5. Соңғы топты қарауды басқаруға арналған қосымша құралдар құрайды (Масштаб, Қол, Сызғыш), үлгі бойынша түс таңдау (Пипетка), сондай-ақ құюға арналған құралдар (Заливка және градиент).


Бақылау жұмысы:

  1. Adobe Illustrator программасының интерфейсі дегеніміз не?

  2. Жаңа құжат құру жолдарын ата?

  3. Illustrator редакторының құралдары қандай?




Тәжірибелік сабақ №1.

Adobe Illustrator программасының интерфейсімен жұмыс жасау


Сабақтың мақсаты: Adobe Illustrator программасын пайдаланы жаңа құжаттар құру және құралдарды тиімді пайдалану.


Қажетті материалдар мен жабдықтар: ДЭЕМ, тәжірибелік сабақтарды орындауға нұсқаулықтар, тақта, бейне проектор.


Жұмыстың мазмұны мен орындалу реті:

  1. Тапсырмаларды орындау мысалдарын қарастыру

  2. Ретімен берілген тапсырмаларды орындау

  3. Тәжірибелік жұмысты талапқа сай орындап тапсыру


Теориялық бөлім:

Adobe Illustrator – дың интерфейсі Adobe Photoshop-тың интерфейсіне өте ұқсас. Олар бір фирманың программалары болғандықтан олардың терезе құрылымы, бірдей пернелік қысқартулар және қабаттармен жұмыс істеудің негізгі принциптері қолданылады.

Программа мөлдір қабаттармен жұмыс жасауға арналған, және қабаттар саны белгілі сандармен емес, компьютер ресурстарымен шектелген. Программада қабаттар мен объектілерге әр түрлі эффектілерді қолдануға болады. Қылқаламдардың әр түрлі типтерін қолданып, суреттерді бояуға болады. Сканер арқылы енгізілген бейнелер растрлы түрде көрсетіледі, себебі векторлық графиканың мүмкіндіктері жартылай түстер мен түстер өзгерісін бере алмайды.

Программа растрлы бейнелерді векторлы графикада түрлендіруге мүмкіндік береді. Ал егер керісінше жасап көретін болсақ, үлкен көлемді файлдар пайда болады. Растрлы бейнелерді не үшін векторлы бейнелерге түрлендіреміз? Масштабтауда бейне сапасын жоғалтпау үшін. Программада градиент заливкамен толтырылған анық облыстары мен жиектері бар бейнелерді жасауға арналған құралдар саны жеткілікті. Программада жарнамалық хабарландырулар мен визиткалар, есептемелер, хаттар жасау ыңғайлы, себебі Adobe Illustrator – да теруге, редактрлеуге арналған керемет құралдар бар.

Түстерді басқару механизмі экрандық құжатты баспаға шығарғанда экрандағы түстер де шығарылады деп кепілдік береді. Adobe Illustrator басып шығару үшін керемет мүмкіндіктер береді. Программаның негізгі басқару элементтері меню қатарында, құрал-саймандар панелі мен құрал-саймандық палитраларда топтастырылған. Терезенің негізгі бөлігін жұмыс аймағы құрайды.

Жаңа құжат құру. 1. Бетті Файл → Жаңа командасы арқылы түзеді. Бұнда бет үнсіз келісім бойынша қабылданған форматта түзіледі. Бұдан соң жұмысты бастай беруге болады.

2. Беттің параметрлерін құжат параметрлері терезесінде көруге және өзгертуге болады. Ол Файл → Құжаттар параметрі командасы арқылы ашылады.

3. Егер стандарт емес формат қажет болса, онда формат ашылу тізімінде Заказной пунктін таңдап, оның өлшемін береді.

4. Өлшем бірліктерін Бірліктер тізімінен таңдайды. Ресейде өлшем бірлігі ретінде милиметр, ал шетел тілді елдерде – дюйм қабылданған



Тапсырмалар:

  1. Adobe Photoshop программасын жіберіп, skull.tif және Big sky.tif файлдарын ашыңыз(Файл\Ашу).

  2. Big sky.tif динамикалық диапозон бейнесін жақсартыңыз(Бейне\Коррекция\Деңгей\Авто).

  3. Skull.tif файлындағы Көпбұрышты Лассо құралын таңдап бассүйектің жіберуін орындаңыз.

  4. Skull.tif бейнесін жіберу контурына канал жаратыңыз. Ол үшін канал палитрінде жаңа канал контурын сақтау кнопкасына шертіңіз.

  5. Бөліп шығарған бассүйек динамикалық диапозон бейнесін жақсартыңыз.

  6. 0,5 коэффициентін беріп, бөліп шығарған бассүйек бейнесінің гамма-коррекциясын орындаңыз(Бейне\Коррекция\Деңгей).

  7. Бөліп шығарған бассүйек бейнесіне өте жоғарғы резкості сүзгіш қолданыңыз.

  8. Бассүйек бейнесін Айырбастыру буферіне көшіріп алыңыз.

  9. Skull.tif –тан бассүйек бейнесіне жабыстырыңыз.

  10. Қабат палитрінде жаңа қабаттың 50 процентіне деңгей орналастырыңыз.

  11. Қабаттар палитріндегі ашылушы тізім арқасында бірлесуді эксперименттеп көріңіз.

  12. Бөлек қабатқа бұлттармен және бассүйекпен әртүрлі сүзгіш жұмыстарын қолданып көріңіз.

























Дәріс №11. Құрал – саймандар палитрасы


1. Adobe Illustrator векторлы редакторындағы палитралар.

2. Палитралар функциялары


Adobe Photoshop растрлы редакторындағыдай Adobe Illustrator векторлы редакторында да палитралар – сұхбат терезелерінің ерекше түрі қолданылады. Палитралар негізгі құралдар әсерін келтіруге қызмет етеді. Басқару элементтері басқа векторлық редакторларда да бар. Мысалы, Macromedia Freehand программасында бұл функцияларды арнайы инспектор деп аталатын сұхбат терезелері орындайды, ал Corel Draw программасында оларды Свитка, Скатка немесе Roll Up – терезелері деп атайды.

  1. Adobe Illustrator векторлық редакторында 13 палитра бар. Әрине ешқандай жұмыс үшін барлық палитраларды біруақытта экранда сақтаудың еш қажеті жоқ. Палитраларды жасыру кнопкасын шертіп жасырады немесе жабу кнопкасын шертіп жабады.

  2. Барлық ашылған палитраларды құралдар панельдерімен қоса ТАВ пернесі арқылы уақытша жасыруға болады. Осы пернені қайта басу арқылы палитраларды экранға қайта шығарады. Палитраларды жасырып, құралдар панелін қалдыру үшін SHIFT+ ТАВ пернелік комбинациясын қолданады.

  3. палитра графикамен жұмыс жасауға арналған (Сызық, Синтез, Каталог, Градиент, Трансформалау, Түзету, Атрибуттар және Қабаттар). Бұл палитралар Терезе менюіндегі Көрсету (Показать) пункті арқылы ашылады.

  4. палитра текстік объектілермен жұмыс жасауға арналған (Символ, Абзац, ММ – дизайн және табуляция сызғышы). Бұл палитраларды Текст менюіндегі сәйкесінше пункттерді қосу арқылы ашады.

  5. Инфо ақпараттық палитрасын графикамен де текстпен де жұмыс істеуде қолданады. Оны Терезе менюінде Көрсету командасымен ашады.

  6. Кейбір палитралар үшбұрышты стрелкалы кнопкаларға ие, олар қосымша контексті менюді ашу үшін қолданылады және олардың көмегімен палитралардың мүмкіндіктерін кеңейтуге болады.

  7. Кейбір палитралардың командалық кнопкалары және басқа басқару элементтері болады. Олардың мәнін керекті элементте тышқан көрсеткішін ұстау кезінде пайда болатын көмекші сөздер айқындайды.

Палитралар функциялары. Практикада векторлық иллюстрацияларды құруда ең көп қолданылатын палитралар Сызық, Каталог және Синтез болып табылады.

  1. Сызық палитрасы контурлардың қасиеттерін сипаттайды.

  2. Қалыңдық (Толщина) өрісінде берілген мән сызықтың қалыңдығын анықтайды және пункттермен өлшенеді (пунк – бұл милиметрдің 1/3 бөлігі). Соңы (Концы) параметрлері контурдың соңындағы тірек нүктелерін безендіру әдістерін анықтайды, ал Стыки параметрі – аралық тірек нүктелерінің қасиеттерін анықтайды.

3. Тірек нүктелерінің екі түрі бар: тегіс және бұрыштық. Олар тірек нүктелерінде екі сегмент қиылысқанда әр түрлі болады. Тегіс тірек нүктелері қисықтың басқа қисыққа жайлап ауысын қамтамасыз етеді. Бұрыштық нүктелер мұны қамтамасыз етпейді.

4. Қажеттілігіне қарай сызықты пунктирлі және штрих пунктирлі етіп жасауға болады. Бұл үшін Пунктирлі жалаушасы орнатылады. Сызық параметрлерін Штрих және Зазор өрісінде береді.

5. Каталог палитрасы дайын үлгілерден контур заливкасының параметрлерін жылдам таңдау үшін қызмет етеді.

6. Палитраның төменгі бөлігінде командалық кнопкалармен қажетті келесі үлгілер тобы таңдалады: түс үлгілері, градиент пен орнамент үлгілері.

7. Жаңа үлгі (Новый образец) кнопкасымен суреттің ағымдағы негізгі түсімен бірдей жаңа түс үлгісін жасайды. Ағымдағы түсті таңдауды Синтез палитрасында орындайды. Түсті келтіруді ситнезбен бірнеше құраушылар арқылы орындайды. Егер де түс компоненттерінің сандық мәні белгілі болса, оларды сәйкес өрістерге енгізуге болады. Егер компоненттер белгісіз болса, түсті ауыстыру арқылы келтіреді.

8. Түстік модельді таңдау қосымша терезеде үшбұрышты стелкалы кнопканы шерткенде ашылады.

Инфо – көрсеткіш координаталарын объектілердің сызықтық және бұрыштық өлшемдерін және басқа да сандық берілгендерді көрсетеді.

Сызық – параметрлерді және басқа да контур қасиеттерін беруге арналған басқару элементтерін құрайды.

Каталог – негізгі түстердің үлгілерінің жинағын текстуралық өрнектер мен заливка параметрлерін беруге арналған градиент толтырғыштар, сондай-ақ жаңа және дайын үлгілерді редактрлеуге арналған басқару элементтерін құрайды.

Градиент – контурдың градиентті заливкасының параметрлерін өзгертетін басқару элементтерін құрайды.

Қабаттар – жаңа қабат түзуге және қабаттар арасындағы өтуді басқаруға мүмкіндік береді.

Символ – шрифт таңдауға және оның параметрлерін келтіруге арналған кәдімгі құрал.

Табуляция сызғышы – табуляцияланған текстпен жұмыс істеуге арналған.



Дәріс №12. Суреттерді қалпына келтіру


1. Бейненің керек емес элементтерін өшіру және жлғалған фрагменттерді қалпына келтіру.

2. Бейненің элементтерін «жамау» салу арқылы қалпына келтіру.


Бейненің керек емес элементтерін өшіру және жоғалған фрагменттерді қалпына келтіру. Фотосуреттерде және сканермен енгізілген бейнелерде әр түрлі техникалық ақаулар : дақтар, кірлеген жерлер өте жиі кездеседі. Бұл ақауларды міндетті түрде жасыру қажет. Сондай-ақ түсіру кезінде кадрға әр түрлі қажетсіз, суреттің әдемілігін құртатын заттар – трубалар, құбырлар, өткізгіштер, қоқыстар түсіп кететін жағдайлар болады. Осы ақауларды және бөгде объектілерді өшіру Adobe Photoshop – тың арнайы құралдарының көмегімен жүзеге асырылады : Clone Stamp Tool (S) – «Клондаушы штамп» құралы, Pattern Stamp Tool (S) – «Өрнекті штамп» құралы, Healing Brush Tool (J) – «Тірілтуші қылқалам» құралы, Patch Tool (J) – «Жамау» құралы.

Бейненің элементтерін «Клондаушы штамп» құралымен өшіру. Егер суреттегі дақ немесе зақымдалған сияқты ақауларды жасыру немесе бейнедегі бөгде заттарды өшіру керек болса Clone Stamp Tool (S) – «Клондаушы штамп» құралын қолданудан артығы жоқ. Ол ақаулы бөлікті дәл сол бейнедегі жақын жатқан аймақтардың фрагменттерімен білінбейтіндей етіп ауыстырады. Бұл құрал келесі үлгіде жұмыс жасайды. Алдымен клондалатын бейненің фрагментінен тышқанды шерту арқылы үлгі алынады. Сонан соң қылқаламның көмегімен алынған үлгідегі бейненің ақауы бар бөлігі боялады.

Бейненің элементтерін «Клондаушы штамп» құралымен қалпына келтіру. Фотосуреттегі ақаулар мен керексіз объектілерді өшіру мен жасырудан бөлек «Клондаушы штамп» құралымен бейненің жетіспейтін элементтерін қалпына келтіруге болады. Жұмысқа кіріспес бұрын қажетті объект ерекшеленеді, сонан соң құралдар панелінен «Клондаушы штамп» құралы таңдалады. Клондау үшін жұмсақ қылқалам пайдаланылады. Клондалатын объект үшін үлгі алынады және ұқсас түстер мен жақын жатқан бөліктерден қиындылар алынады. Тышқан көмегімен клондалатын облыстың центрі белгіленеді. әрі қарай тышқан көрсеткішімен үлгілер бейнеге көшіріліп, сурет қалпына келтіріледі. Егер суретті қалпына келтіруде қателік жіберілген болса, қайтару командасын беру арқылы түзутуге немесе қайта орындауға болады.

Бейненің элементтерін «жамау» салу арқылы қалпына келтіру. Жоғарыда айтылғандай бейне фрагменттерін қалпына келтіруді тек «Клондаушы штамп» құралымен ғана емес Patch Tool (J) – «Жамау» құралының көмегімен де орындауға болады. Клондаушы штампқа ұқсас бұл құрал да фотосуреттің көрсетілген фрагментін бейненің басқа жеріне көшіреді, бірақ ол мұны қылқаламмен емес, аймақты ерекшелеу және оны жаңа орынға көшіру жолымен жасайды. Яғни құралдың аты айтып тұрғандай мұнда негізінен бейнені жамау арқылы қалпына келтіреді. Зақымдалған немесе жетіспейтін бөлікті ұқсас объектілерден көшірілген жамауларды, фрагменттерді әкеліп орнату арқылы қалпына келтіруге болады. Бұл әдістің бір ерекшілігі – жамау ретінде тек суреттердің фрагменттері ғана емес, аймақты ерекшелегеннен кейін палитрадан таңдалатын өрнектерді де қолдану мүмкіндігі.

Stamp Tool (S)«Өрнекті штамп» құралының көмегімен бейненің элементтерін өшіру.




hello_html_7a82a35c.jpg


















Дәріс №13. Фотобейнелерді коррекциялау


  1. Тондық диапозонды келтіру

  2. Тондық коррекция

  3. Динамикалық диапозон

  4. Гамма-коррекция


Adobe Photoshop программасы фотобейнелердің сапасын жақсарту және олардың кемшіліктерін жою үшін арналған әртүрлі мүмкіндіктерге ие. Осының көмегімен бейнені ақшылдатуға, қаралатуға, қанықтығын арттыруға, түстер коррекциясын келтіруге, көлеңкелерді жұмсартуға, беттегі әжімдерді жазуға, «қызыл көз» эффектісін болдырмауға, жаралар мен басқа да бүлінген аймақтарды жасыруға және басқа көптеген коррекциялау операциялары мен фотосуреттерді өңдеуге болады.

Тондық диапазонды келтіру. Суреттер мен түсті иллюстрацияларды сканер арқылы енгізген кезде бейнелер әрқашанда сапалы болып шыға бермейді. Сандық фотокамералар арқылы алынған суреттерде де әр түрлі дефектілер болады, бұлар түстік және тонды баланстардың бұзылуының нәтижесі. Мұндай жағдайларда ең бірінші кезекте бейненің тонды диапазонын коррекциялау қажет. Бұнда түс берілуі де автоматты түрде жөнделеді.

Гистограммадағы қара және ақ түсті нүктелерді анықтау арқылы тондық диапазонды коррекциялау. Кез-келген бейненің тонды балансынаң объективті сипаттамасы болып гистограмма табылады.

Осы палитраны Navigator /Info/ Histogram (Навигатор/ Информация/ Гистограмма) терезесінде көрсету үшін тышқанды Histogram (Гистограмма) жарлығында шерту керек. Егер көрсетілген терезе экранда болмаса, меню қатарынан Window → Histogram (Терезе →Гистограмма) командасын таңдау қажет.

Гистограмма – бұл бейнедегі пиксельдердің жарықтылық деңгейін орналастыру графигі. Гистограмманың горизонталь осі бойынша ашықтылық көрсеткіші 0 (нөлден) 255-ке дейін қойылған. Ең қара түстер оң жаққа, ал ең жарық түстер оң жаққа орналастырылған.

Гистограмманың көмегімен бейненің тонды балансын объективті бағалап, қажетті коррекцияны көрсетуге болады. Егер де гистограммадағы пиксельдер бүкіл тондық диапазонда графиктің сол жағынан оң жағына дейін бірдей, тең болып орналасса, онда мұндай бейненің сапасы жақсы және ондағы қара, жарық және орташа тондар өңделіп, біркелкі жайғастырылған.

Егер негізгі пиксель массасы гистограмманың сол жағына қарай жақын орналасса, ал оң жағында пиксель болмаса, онда бейне шамадан тыс қара түсті болады. Ал егер пиксельдер графиктің оң жағына шоғырланса, сол жақта пиксель мүлдем болмаса, бейне өте ашық түсті болады.

Осы жағдайларда, яғни тондық баланс бұзылғанда тондық диапазонның коррекциясы өте қажет болады, ол Levels (Деңгейлер) сұхбат терезесінде орындалады.

Меню қатарынан Image → Adjustments → Levels (Бейне→Коррекция→Деңгейлер) командасын таңдап немесе Ctrl+ L пернелік комбинациясын теру керек. Экранда Levels (Деңгейлер) сұхбат терезесі пайда болады (3-сурет).


hello_html_344b8460.jpg


3-сурет. Levels (Деңгейлер) сұхбат терезесі


Бұл терезеде де пиксельдердің ашықтылық деңгейінің графигі бар. Бірақ мұнда графикте 3 үшбұрыш бар : қара – сол жақта, күлгін – ортасында, ақ – оң жақта. Қара үшбұрыштың гистограмманың сол жағында орналасуы ашықтылықтың сандық мәнін анықтайды. Үнсіз келісім бойынша бұл мән 0 (нөлге) тең. Ақ түсті үшбұрыштың оң жақта орналасуы оң жақ енгізу өрісі Input Levels (Енгізу деңгейі) мәніне сеәкес -255. күлгін үшбұрыштың орналасуы 1- ге тең. Осы үшбұрыштар түстердің сәйкестену коэффициенті мен бейненің гаммасын реттейді.

Гистограмманың жиегіндегі қара және ақ үшбұрыштар сәйкесінше қара және ақ нүктелерді белгілейді. Яғни бейненің ең қара және ең ашық бөліктерін тонды коррекцияның ең бірінші қадамы жаңадан ақ және қара нүктелерге орнату болып табылады.

Ақ және қара түсті нүктелерді орнату әр түрлі әдістермен орындалуы мүмкін. Солардың біреуі – гистограмманың көмегімен орындалады және тондық диапазонның шектері болып табылатын ақ және қара үшбұрыштарды ауыстыру. Орын ауыстырғаннан кейін үшбұрыштар қандай пиксельдерді көрсетсе, сәйкесінше сол пиксельдер қара және ақ түске боялады. Басқа пиксельдердің ашықтылығы пропорционал өзгертіліп, бұл жалпы түстік баланстың сақталуына көмек береді.

Үнсіз келісім бойынша орнатылған Preview (Алдын-ала көру) жалаушасында сұхбат терезесінде орындалған коррекцияның барлық нәтижелері бірден құжат терезесінде көрінетін болады.

Levels (Деңгейлер) сұхбат терезесінде тондық диапазонды дайындауда үнсіз келісім бойынша RGB каналдары да коррекцияланады. Ашылатын тізім Channel (Канал) көмегімен коррекция үшін кез-келген каналдардың біреуін –Red (қызыл), Green (жасыл), Blue (көк) таңдап алуға болады.

Levels (Деңгейлер) сұхбат терезесі ок кнопкасын басу арқылы жабылады.

Тондық коррекция. Өзімізге белгілі жартылай тонды бейнеде пиксельдер бір ғана сипаттамасымен – ашықтылығымен (яркостью) ерекшеленеді. Жартылайтонды бейненің сапасын ашықтылық гистограммасы (2-сурет) арқылы бағалауға болады, оны шақыру үшін Image → Adjust → Levels (Бейне →Коррекция →Деңгейлер ) командасы орындалады.


hello_html_344b8460.jpg

4–сурет

4-суретте горизонталь ось бойынша 0… –255 аралығындағы ашықтылық деңгейі диапазонда орналастырылған, ал вертикаль ось бойынша берілген ашықтылыққа ие пиксельдер саны берілген. Ақ-қара бейнеде пиксельдердің тек екі тегі бар екені анық – қара және ақ. Жартылайтонды бейнеде жартылайтондардың саны тонды диапазонмен сипатталады. Идеал түрде бейнеде жартылайтонның барлық пиксельдері қатысуы керек, яғни жартылайтонда диапазон барынша кең болуы қажет. Суретте сол жақтағы шеткі нүкте ашықтылығы нөлге тең пиксельдердің санын, ал оң жақтағы шеткісі кейбір максимал ашықтылықтағы пиксельдер санын көрсетеді. Гистограмманың оң жақ бөлігінде бос диапазон бар екендігі суреттен көрініп тұр. Бұл берілген ашықтылық көрсеткіштерінің қаралып жатқан бейнеде қатыспайтындығын көрсетеді. Оларды қайтару үшін тонды диапазонды созып, суретте көрсетілген оң жақтағы үшбұрышты қызыл бағдаршаға ораналастыру керек. Нәтижесінде ең ашық тонның (ол ақ нүкте деп аталады) ашықтылық мәні 255-ке ауысады. Құжат терезесі меню командасы File → Close (Файл → Жабу) таңдау арқылы жабылады.

Динамикалық диапазон. Әдетте бейнені қолданбас бұрын оны алдын-ала өңдеу қажет. Ең бірінші бейненің динамикалық дапазонын бағалау, яғни бейненің ең кіші және ең үлкен ашықтылығының арасын табу керек. Мұны Бейне → Гистограмма командасы арқылы орындауға болады. Деңгейлер сұхбат терезесіндегі Авто кнопкасы ерекше назар аудартады. Оны шерту бүкіл ашықтылық диапазоны алынатындай гистограмманың созылуына әкеліп соғады.

Алынған бейненің ең үлкен динамикалық диапазонға ие болғанын Гистограмманы немесе Деңгейлер сұхбат терезесін қайта шақыру арқылы білуге болады.

Гамма –коррекция. Сонымен гистограмма максимал динамикалық диапазонның қамтамасыз етілгенін көрсетеді. Бейнедегі қара тондардың ашық тондарға қарағанда артығырақ болуы немесе керісінше жағдайды түзету үшін гамма-коррекцияны қолданады. Оны Бейне → Коррекция →Қисықтар командасы арқылы шақырылатын Қисықтар (Кривые) сұхбат терезесінде (3-сурет) орындайды. Тышқанның көмегімен тасымалдау арқылы қисықтың ашықтылығын өзгертеді, яғни қаралау тондарды ашықталдау тондарға қарай тартады. Мұнда қисықтың басы мен соңы өзгеріссіз қалады, яғни бейненің динамикалық диапазоны өзгермейді.

Гамма –коррекцияны Деңгейлер (Уровни) сұхбат терезінде де Енгізу мәндері (Входные значения) өрісінде гамма-коэффициентті көрсетіп орындауға болады.

Түрлі –түсті фотосуреттер үшін түстік баланстың коррекциясы қажет болуы мүмкін. Оны Бейне → Коррекция → Түстік баланс командасымен шақырылатын сұхбат терезесінде орындайды. Түстік баланс коррекциясын қара, орташа және ашық тондар үшін бөлек-бөлек орындауға да болады.


hello_html_4e808faf.jpg


5-сурет. Қисықтар (Кривые) сұхбат терезесі.


hello_html_m70e7f840.png


6-сурет. Түстік баланс (Цветовой баланс) сұхбат терезесі.





Бақылау сұрақтыры:

  1. Тондық диапозонды келтіру дегеніміз не?

  2. Тондық коррекция дегеніміз не?

  3. Динамикалық диапозон дегеніміз не?

  4. Гамма-коррекция дегеніміз не?














Тәжірибелік сабақ №2

Тондық диапозондармен жұмыс жасау


Сабақтың мақсаты: Adobe Photoshop программасы фотобейнелердің сапасын жақсарту және олардың кемшіліктерін жою үшін арналған әртүрлі мүмкіндіктерді пайдалану


Қажетті материалдар мен жабдықтар: ДЭЕМ, тәжірибелік сабақтарды орындауға нұсқаулықтар, тақта, бейне проектор.


Жұмыстың мазмұны мен орындалу реті:

  1. Тапсырмаларды орындау мысалдарын қарастыру

  2. Ретімен берілген тапсырмаларды орындау

  3. Тәжірибелік жұмысты талапқа сай орындап тапсыру


Теориялық бөлім:

Суреттер мен түсті иллюстрацияларды сканер арқылы енгізген кезде бейнелер әрқашанда сапалы болып шыға бермейді. Сандық фотокамералар арқылы алынған суреттерде де әр түрлі дефектілер болады, бұлар түстік және тонды баланстардың бұзылуының нәтижесі. Мұндай жағдайларда ең бірінші кезекте бейненің тонды диапазонын коррекциялау қажет. Бұнда түс берілуі де автоматты түрде жөнделеді.

Гистограммадағы қара және ақ түсті нүктелерді анықтау арқылы тондық диапазонды коррекциялау. Кез-келген бейненің тонды балансынаң объективті сипаттамасы болып гистограмма табылады.

Осы палитраны Navigator /Info/ Histogram (Навигатор/ Информация/ Гистограмма) терезесінде көрсету үшін тышқанды Histogram (Гистограмма) жарлығында шерту керек. Егер көрсетілген терезе экранда болмаса, меню қатарынан Window → Histogram (Терезе →Гистограмма) командасын таңдау қажет.

Гистограмма – бұл бейнедегі пиксельдердің жарықтылық деңгейін орналастыру графигі. Гистограмманың горизонталь осі бойынша ашықтылық көрсеткіші 0 (нөлден) 255-ке дейін қойылған. Ең қара түстер оң жаққа, ал ең жарық түстер оң жаққа орналастырылған.

Гистограмманың көмегімен бейненің тонды балансын объективті бағалап, қажетті коррекцияны көрсетуге болады. Егер де гистограммадағы пиксельдер бүкіл тондық диапазонда графиктің сол жағынан оң жағына дейін бірдей, тең болып орналасса, онда мұндай бейненің сапасы жақсы және ондағы қара, жарық және орташа тондар өңделіп, біркелкі жайғастырылған.

Егер негізгі пиксель массасы гистограмманың сол жағына қарай жақын орналасса, ал оң жағында пиксель болмаса, онда бейне шамадан тыс қара түсті болады. Ал егер пиксельдер графиктің оң жағына шоғырланса, сол жақта пиксель мүлдем болмаса, бейне өте ашық түсті болады.

Осы жағдайларда, яғни тондық баланс бұзылғанда тондық диапазонның коррекциясы өте қажет болады, ол Levels (Деңгейлер) сұхбат терезесінде орындалады.

Меню қатарынан Image → Adjustments → Levels (Бейне→Коррекция→Деңгейлер) командасын таңдап немесе Ctrl+ L пернелік комбинациясын теру керек. Экранда Levels (Деңгейлер) сұхбат терезесі пайда болады.

Бұл терезеде де пиксельдердің ашықтылық деңгейінің графигі бар. Бірақ мұнда графикте 3 үшбұрыш бар : қара – сол жақта, күлгін – ортасында, ақ – оң жақта. Қара үшбұрыштың гистограмманың сол жағында орналасуы ашықтылықтың сандық мәнін анықтайды. Үнсіз келісім бойынша бұл мән 0 (нөлге) тең. Ақ түсті үшбұрыштың оң жақта орналасуы оң жақ енгізу өрісі Input Levels (Енгізу деңгейі) мәніне сеәкес -255. күлгін үшбұрыштың орналасуы 1- ге тең. Осы үшбұрыштар түстердің сәйкестену коэффициенті мен бейненің гаммасын реттейді.

Ақ және қара түсті нүктелерді орнату әр түрлі әдістермен орындалуы мүмкін. Солардың біреуі – гистограмманың көмегімен орындалады және тондық диапазонның шектері болып табылатын ақ және қара үшбұрыштарды ауыстыру. Орын ауыстырғаннан кейін үшбұрыштар қандай пиксельдерді көрсетсе, сәйкесінше сол пиксельдер қара және ақ түске боялады. Басқа пиксельдердің ашықтылығы пропорционал өзгертіліп, бұл жалпы түстік баланстың сақталуына көмек береді.

Үнсіз келісім бойынша орнатылған Preview (Алдын-ала көру) жалаушасында сұхбат терезесінде орындалған коррекцияның барлық нәтижелері бірден құжат терезесінде көрінетін болады.

Levels (Деңгейлер) сұхбат терезесінде тондық диапазонды дайындауда үнсіз келісім бойынша RGB каналдары да коррекцияланады. Ашылатын тізім Channel (Канал) көмегімен коррекция үшін кез-келген каналдардың біреуін –Red (қызыл), Green (жасыл), Blue (көк) таңдап алуға болады.

Levels (Деңгейлер) сұхбат терезесі ок кнопкасын басу арқылы жабылады.

Тондық коррекция. Өзімізге белгілі жартылай тонды бейнеде пиксельдер бір ғана сипаттамасымен – ашықтылығымен (яркостью) ерекшеленеді. Жартылайтонды бейненің сапасын ашықтылық гистограммасы арқылы бағалауға болады, оны шақыру үшін Image → Adjust → Levels (Бейне →Коррекция →Деңгейлер ) командасы орындалады.


Тапсырмалар:

1 тапсырма. Лассо құралымен әртүрлі формалы аймақтарды ерекшелеу. Adobe

Photoshop графикалық редакторын жүктеңіз.

1. Файл→Ашу (File→Open) командасын орындаңыз.121

2. 1-суретте кӛрсетілгендей Zvetok.gif файлын ашыңыз.

1-сурет. Zvetok.gif файлы.

3. Лассо құралын алып, бейнедегі гүлді ерекшелеп, оны жаңа файлға жылжытыңыз.

2 тапсырма. Тіктөртбұрышты Лассо құралымен әртүрлі формалы аймақтарды

ерекшелеу.

1.Adobe Photoshop графикалық редакторын жүктеңіз.

2. Файл→Ашу (File→Open) командасын орындаңыз.

4. 3-суретте көрсетілгендей файл Zamok.jpeg файлын ашыңыз.

3-сурет. Zamok.jpeg файлы.

1.Тіктөртбұрышты Лассо құралымен бейне ішінен сарайды ерекшелеңіз де, жаңа

файлға жылжытыңыз.122

3.тапсырма. Магниттік Лассо құралымен күрделі формалы аймақтарды ерекшелеу.

1. Магниттік лассо құралымен (5-сурет) бейне ішінен фараон скульптурасын

ерекшелеңіз де, оны жаңа файлға кӛшіріңіз.

4 тапсырма. Виньетка жасау.

1. Adobe Photoshop графикалық редакторын ашыңыз.

2. Файл→Открыть мәзірінің командасын ашыңыз.

3. Кез келген бейне ашыңыз, мысалы үшін, файл Bears.jpeg

. Файл Bears.jpeg.

4. Feather (Сыбастыру) өрісіндегі опция панелінде 20 пикселге тең мән енгізіңіз де,

эллипстік аймақты ерекшелейтін құралды алыңыз.

5. Эллипстік аймақты ерекшелеу құралымен ерекшелеңіз. Select→ Inverse

Ерекшелеу→Инверсия командасын орындап, Ctrl+ Shift+I пернелерін басыңыз. Содан

соң Backspace немесе Delete пернелерін басыңыз.

6. Ctrl+D пернелерін басып, ерекшелеуден бас тартыңыз 123

7. Ерекшеленген аймақты түрлендіріп, айнадағы бейнені аламыз, ол үшін

виньеткеадағы суреттің көшірмесін аламыз Бейне → дубликатын алу.

8. Барлығын→Ерекшелеу командасын орындаңыз, содан соң

Редакциялау→Трансформация→Горизонтально айналдыру.

9. Ерекшеленген аймақтың сол жақ маркерін бейне үстінен тартыңыз (суретті

Төңкеріп жатқан сияқты)

5 тапсырма. START04.PSD және END04.PSD файлдарының негізгі бейнелеулерін

қолдана отырып, «Жеміс» коллажын орындаңыз.








Дәріс №15. Бейнелерді түзу тәсілдері


  1. Қарапайым объектілерді жасау

  2. Созусыз құралды пайдалану


Қарапайым объектілерді жасау. Векторлық графикада барлық бейнелер қарапайым объектілерден тұратын болғандықтан, жаңа бейнемен жұмысты қарапайым объектілерді құрудан бастайды.

Түзу сызық. Түзу сызықтарды жасау үшін Перо құралы қолданылады. Бірінші шертумен бастапқы тірек нүктесін береді, ал екінші және келесі шертулермен жаңа тірек нүктелері мен сегменттерді береді. Құралды тартудың қажеті жоқ, себебі тартқан кезде қисық сызықты сегменттер түзіледі.

Егер құралды контурдың бастапқы нүктесіне апарса, көрсеткіштің қасынан шағын дөңгелек пайда болады. Осы кезде шерту контурды тұйықтауға мүмкіндік береді.

Перо құралымен бірнеше контурды бір мезгілде салуға болады. Келесі контурға көшу алдында CTRL пернесін басып тұрып кез-келген ашық жерге шерту керек.

Дөңгелек және Эллипс. Бұл объектілерді Эллипс құралымен тарту әдісі арқылы жасайды. Қасиеттерін келтіру Сызық палитрасында орындалады. Егер салуда SHIFT пернесін басулы күйде ұстасақ, Эллипс орнына дұрыс формадағы дөңгелек салынады.

Кәдімгі салуда бастапқы нүктенің координаттары эллипс центрінің координаталары емес, сызықта жататынын ескеру қажет. Көп жағдайларды бұл айтарлықтай ыңғайсыз жағдай. «Центрден бастап» дұрыс дөңгелек алу үшін ALT+SHIFT пернелік комбинациясын қолдануға болады.

Көпбұрыш, жұлдыз формасы, спираль. Бұл объектілерді салуға арналған құралдар Эллипс құралына альтернативті болып келеді. Құралдың белгісін шертіп бірнеше секунд құралдарды альтернативті таңдау сызғышы пайда болғанша күте тұру қажет.

Көпбұрышты, жұлдызды және спиральді салу үшін тышқанды соза жылжыту тәсілі қолданылады. Алынған нүкте фигураның центрі болып табылады. Мынаған ерекше назар аудару қажет, яғни тышқан кнопкасы басулы тұрған күйде ЖОҒАРЫ және ТӨМЕН басқару пернелерінің көмегімен фигураның негізгі параметрлерін өзгертуге болады. Дұрыс көпбұрыш үшін оның негізгі параметрі болып төбелерінің (жақтарының) саны табылады, жұлдыз үшін сәулелерінің саны, ал спираль үшін қадамдары.

Созусыз құралды қолдану. Қандай құрал қолданылса да (тіктөртбұрыш, эллипс, дұрыс көпбұрыш, жұлдыз, спираль және т.б.) фигураның формаларын өзгертуге арналған параметрлер реті бар. Егер салуда созуды қолданбай тек шертсе, онда ашылатын сұхбат терезесінде фигураның параметрлерін беруге болады. Мысалы, жұлдыз үшін бұл сәулелерінің саны мен сәулелерге тірек болатын сыртқы және ішкі дөңгелектің радиустары.

Қисық сызықты контур. Перо құралымен бірінші, екінші және үшінші ретті қисықтарды жасауға болады. Қисықты салу тәсілі шерту сериясы мен тышқанды соза жылжытуға байланысты. Шертулердің саны тірек нүктелерінің санын, ал созулардың саны қисықтың ретін береді.

  1. Шерту + шерту = түзу сызық (бірінші ретті қисық).

  2. Шерту + созу+ шерту = екінші ретті қисық (иілу нүктелерінсіз).

  3. Шерту + созу+ шерту +созу = үшінші ретті қисық (бір иілу нүктесі бар).

Бөліктеп ерекшелеу құралымен тірек нүктесін ерекшелеп қисықтың формасын коррекциялауға болады. Безье қисықтарының формасын сызықтарды басқарушы көмекші жанамалар көмегімен басқарады. Басқарушы сызықтарды созуды тудыратын жанамадағы нүктелер басқарушы маркерлер деп аталады.

Қисықтарды құру – векторлық графикамен жұмыс істеудегі ең кең таралған операция. Оны арнайы өңдеу керек.






Дәріс №16. Контурларды редакциялау


  1. Тірек нүктелерінің орнын ауыстыру

  2. Тұйық контурларды өңдеу


Тірек нүктелерінің орнын ауыстыру. Контурдың формасын оның бір немесе бірнеше тірек нүктелерінің орнын ауыстыру арқылы өзгерту қиын емес. Алдымен ауыстырылатын нүктелерді бөліктеп ерекшелеу құралының көмегімен бөліп көрсетіледі.

Тірек нүктелерінің қасиеттерін өзгерту. Тірек нүктелерінің тегіс және бұрыштық болатындығы туралы жоғарыда айтылды. Бірінші жағдайда олар бір сегменттің екіншісіне жайлап ауысуын қамтамасыз етсе, екінші жағдайда нақты бұрыш түзеді. Егер екі басқарушы түзулердің ұзындығы бірдей болса, тегіс тірек нүктелері симметриялық болуы мүмкін.

Нүктелердің қасиеттерін Перо құралының тобындағы Тірек нүктелерін түрлендіру құралының көмегімен өзгертеді. Оны тірек нүктесінде шертсе, ол бұрыштық нүктеге айналады, ал созып тұрып шертілсе – симметриялық болады. Басқару сызықтарының осы құралмен әрі қарайғы орын ауыстыруы контурдың аралас бөліктерінің талап етілетін қисықтығымен бұрыштық нүктені түзуге мүмкіндік береді.

Тірек нүктелерін құру. Егер контурдың қисықтығы жеткіліксіз болса, онда оның үстіне қосымша тірек нүктелерін қоюға болады. Бұл үшін Тірек нүктелерін қосу құралы (ол Перо тобында) қызмет етеді. Алынған тірек нүктелерінің орнын ауыстыруға, ал басқарушы түзулердің көмегімен осы нүктеде жалғасатын сегменттердің қисықтығын өзгертуге болады.

Тірек нүктелерін жою. Егер контурда керек емес, артық тірек нүктелері болатын болса (бұл әсіресе еркін салу құралдары Қылқалам мен Қарындашты қолданғанда), оларды алып тастауға тура келеді. Бұл үшін Тірек нүктелерін жою құралы қызмет етеді. Тірек нүктелерін бұлай жойғанда контур жарылмайды, жазылады, себебі жойылатын нүктеге көрші екі тірек нүктелері өзара жаңа сегментпен жалғасады.

Тұйық контурларды өңдеу. Векторлы редакторларда тұйық контурлар ерекше қасиеттерге ие. Теориялық тұрғыда тұйық контур – заливка қасиеті бар контурдың жалғыз түрі болып есептеледі. Мұнда ашық контурлар да құйылады, алайда бұл шарт бойынша орындалады.

1. Қалыпты формадағы тұйық контур жасаудың ең қарапайым әдісі сәйкесінше құралды (Эллипс, тіктөртбұрыш және т.с.с) пайдалану болып табылады. Тұйық контурды алдын-ала Бөліктеп ерекшелеу құралымен ерекшелеп басқаруға болады.

2. Тұйық контурды Перо және Қарындаш құралдарының көмегімен құруға болады. Бұл жағдайда бастапқы тірек нүктелеріне жақын орналасқан аймаққа құралды жақындатсақ, көрсеткіш формасы өзгереді, бұл тышқан кнопкасын шертумен контурдың тұйықталатынын көрсетеді.

3. Ашық контурды тұйық контурға Объект → Контур → Байланыстыру командасы арқылы түрлендіруге болады. Бұл команда бойынша бастапқы және соңғы тірек нүктелері бұрыштық тірек нүктелеріне түзу сызық түрінде қосымша сегментпен жалғасады.

Тұйық контурды бөлу. Тұйық контурды бөлуді Пышақ (Нож) құралымен орындайды. Пышақпен жүргізілген сызық контурды екі контурға бөледі. Олардың әрқайсысымен бөлек жұмыс жасау үшін оларды Бөліктеп ерекшелеу құралымен ерекшелеп алу қажет.

Контурларды құю (заливкалау). Құю режимдері. Adobe Illustrator редакторында құюдың үш түрлі режимі бар : 1) бірыңғай құю (бір түспен); 2) градиентті құю (түстер арасындағы жайлап ауысу); 3) декоративті құю (таңдап алынған өрнекпен контурды толтыру).

Құю үшін экранда келесі үш палитра болуы керек : а) синтез (түс таңдау үшін); б) градиент (градиентті созбаларды құру үшін); в) каталог (үлгілерді таңдау мен сақтау үшін).

Құю режимін таңдау үшін құрал –саймандар панелінің астындағы кнопкалы панель қолданылады. Оның үш режим кнопкасы бар : Түс, Градиент және атрибутсыз. Жаңа объектінің құйылуы индикатор панелінде орнатылған түс пен режимге сәйкес орындалады.

Бірыңғай құю. Контурда таңдалған бір түспен бірыңғай құю үшін құю механизмінің түс кнопкасын қосу және Синтез палитрасында түстік сызғыштан түсті таңдап, реттеу түсін орнату керек. Осы кездегі барлық ерекшеленген контурлар таңдап алынған түспен толтырылады.

2. Егер де қажетті түс ертерек жасалған және каталог палитрасында болса, оны үлгіден бір рет шерту арқылы таңдап алуға болады. Ал егер түс бірінші рет жасалынып, оны сақтап қою қажет болса, оны Каталог палитрасына әкелу керек.

3. Құю керек болмаған жағдайда құюдың Атрибутсыз режимін қолданады.

Градиентті құю. Контурдың берілген ауысуымен бірнеше түстермен градиентті құю үшін құю механизмінің индикаторы Градиентті қосып Каталог палитрасынан дайын үлгіні таңдап алу керек.

Декоративті құю. Декоративті құюға кәдімгі орнаментпен (өрнек, текстура) құю жатады. Құюдың осы түрі арқылы объектілерге табиғи және жасанды материалдардың жабын түрлерін береді.

1. Контурдың декоративті құйылуын құру үшін осы контурды ерекшелеп, Орнамент үлгілерін көрсету кнопкасын шерту керек. Каталог палитрасынан үлгілер жинағын ашып, қажетті үлгіні шерту керек.

2. Декоративті орнаменттердің үлгілер жинағының Adobe Illustrator – да таңдауы өте жоғары емес. Үлгілердің жеткіліксіз болуы мәселесін жаңа үлгілерді құру жолымен шешеді.

3. Жаңа үлгілерді редактор құралдарының көмегімен кәдімгі сурет салу арқылы құрады. Орнамент үлгісін жасап, оны ерекшелейді және Каталог палитрасына әкеледі. Сондай-ақ Жаңа үлгі кнопкасын шертуге де болады.

4. Декоративті орнаменттердің жаңа үлгілерін құруда градиентті құйылуы бар объектілерді қолдануға болмайды.



Бақылау жүмысы:

1.Тірек нүктелерінің орнын ауыстыру дегеніміз не?

2. Тірек нүктелерінің қасиеттерін өзгерту жолдары?

3. Тірек нүктелерін құру операциялары?

4. Контурларды құю (заливкалау) қалай орындалады?

5. Декоративті құю жолдарын ата?



Дәріс №17. Өңдеу әдістері


  1. Коррекция және бейнелерді өңдеу

  2. Фильтр


Коррекция және бейнелерді өңдеу. Бейнені түгелдей коррекциялағанмен қанағаттандырарлық нәтиже әрдайым алына бермейді. Суреттердің жарықтылығы бірдей болмауы немесе түсіру кезінде жарық бағыты дұрыс алынбауы мүмкін. Бұл кемшіліктерді болдырмауға болады. Алдымен бейненің көлемді бөліктерін коррекциялайды. Туынды аймақты Лассо құралымен ерекшелейді. Ерекшеленетін аймақтың шекарасын тегістеу үшін Параметрлер палитрасында қарайтылатын шекараның мөлшерін беру керек. Суреттің өлшеміне байланысты бұл операциядағы қараю көлемі 50-100 пиксельді құрауы мүмкін.

Фильтр. Фильтрлер – бұл бейнені түрлендіруге арналған программалық құралдар. Фильтрлермен жасалатын тәжірибелер – бұл Photoshop редакторындағы ең қызықты жұмыстардың бірі, себебі олар көп жағдайда ең қызықты, күтпеген нәтижелерге әкеліп соқтырады. Фильтрді шақыру меню қатарындағы Фильтр пункті арқылы орындалады. Барлық қолданылатын фильтрлер туғызатын эффектілеріне сәйкес топтарға біріктірілген.

Имитация тобының Фильтрлері фотосуреттерге түрлі-түсті қарындаштармен, акварельмен, майлы бояулармен орындалған суреттер түрін беру үшін қолданылады.

Штрихтер → Жиектердегі акцент немесе Штрихтер → Көлбеу штрихтер фильтрін қолданған кезде өте қызықты живописті эффектілер пайда болады.

Зигзаг → Судағы дөңгелектер фильтрінің көмегімен бейненің су бетіндегі көлеңкесін жасауға болады.

Шу → Ретушь фильтрі бейненің үлкен кеңістігіндегі біртекті емес шулы аймақтарды өңдеу үшін қолданылады.

Жарықтандыру → Жарықтандыру эффектілері фильтрі суретке тек қажетті жарықтылықты беріп қана қоймай, берілген фотосуреттің сәтсіз жарықтандыруын жөндеуге мүмкіндік береді.

Резкость немесе Резкость на краях фильтрін қолдану бейненің анық көрінуін жоғарылатады. Бұл әсіресе бейненің фрагменттерін үлкейткенде өте маңызды болып табылады.

Эскиз → Мел және уголь фильтрлері қара-ақ суретті уголь көмегімен қағазда бейнелеуге мүмкіндік береді.

Рельефті көтерілудің қызықты эффектісін Барельеф фильтрін қолданып алуға болады.

Текстура тобының фильтрлері бейнені кәдімгі матада, қағазды немесе басқа де негіздерде суреттеуге мүмкіндік береді.

Су бетіндегі көлеңке эффектісі

hello_html_34599ba2.png

Эффектіні жасау алдындағы берілген бейне. Фильтрдің көмегімен бірнеше операциялар жасалып, бейнеге су бетіндегі көлеңке эффектісі жасалды.

hello_html_3443c499.png




Бақылау жұмысы:

  1. Коррекция және бейнелерді өңдеу жолдары

  2. Фильтр дегеніміз не?

  3. Имитация тобының Фильтрлерінің қызметі қандай?










Дәріс №18. Күрделі контурларды құру


  1. Контурларды топтарға біріктіру.

  2. Біріккен контурлар

  3. Құрама контурлар


Векторлық редакторларда жұмыс қарапайым контурларды құрудан басталады және күрделі контурларды құрумен аяқталады. Күрделілігі орташа бейнелер он және жүз шақты контурлардан тұрады. Күрделілігі жоғары бейнелер мың және он мың қарапайым объектілерден тұрады.

Контурларды топтарға біріктіру. Бұл қарапайым операция бір немесе бірнеше объектілерді (контурларды) бір топқа біріктіруден тұрады. Алынған топпен арнайы объект сияқты қатынасуға болады. Топты ауыстыруға, бұруға, созуға, үлкейтуге және онымен босқа да операцияларды орындауға болады.

Әрбір топқа кіретін элементар объект (контур) өз қасиеттерін сақтайды. Топ құрамындағы контурлардың қасиеттері сақталатын болғандықтан, топты таратып, қайтадан бөлек контурлармен жұмыс жасауға болады.

Контурларды топтарға біріктіру үшін оларды алдын-ала Ерекшелеу құралымен ерекшелеп алу қажет. Мұны жинақталатын объектілерді қоршайтын тіктөртбұраш рамканы тышқан көмегімен созу арқылы орындайды. Объектілер тобын әрбір объектіні SHIFT пернесін басып тұрып, бөлек шерту арқылы ерекшелеуге болады. Ерекшелеп болған соң Объект → Топтау командасы беріледі.

Ерекшеленген топты Объект → Тарату командасымен бөліп, ажыратады.

Біріккен контурлар. Біріккен контурлар бір немесе бірнеше бөлек контурларды біріктірудің бірнешеуін орындау нәтижесінде пайда болады. Мұндай операциялардың нәтижесінде, бірнеше объектілерден операцияға қатысушы объектілердің ең жоғарғы, жақсы қасиеттеріне ие болатын жаңа объект түзіледі.

Біріккен контурлардың түзілуі үшін барлық элементар контурларды ерекшелеп және Объект→ Контурларды өңдеу менюінен кез-келген команданы беру керек.

Құрама контурлар. Құрама контурлар – бұл берілген контурлардың араласуы нәтижесінде түзілетін вректорлық графика объектілерінің ерекше түрі. Топтау операцияларының араласу операцияларынан айырмашылығы – араласуда контурлар өз қасиеттерін жоғалтуы мүмкін. Біріктіру операцияларының араласу операциясынан айырмашылығы, нәтижесінде жаңа объект түзілмейді, ерекше объект – құрама контурлар пайда болады.

1. Құрама контурларды түзу үшін берілген контурларды ерекшелеп, Объект→ Құрама контурлар→ Түзу командасын беру керек.

2. Ауызекі тілде құрама контурларды түзудің мәні «бубликтегі ойықтар» қиып алуында. Жоғарғы контур төменгісінде ойық қияды. Қиылысу аймағының еш қасиеті болмайды. Себебі мұнда аймақ та болмайды. Оның орнына «ойық» түзіледі, одан құрама контурлардың астындағы объектілер көрінеді.

Тірек нүктелерінің орнын ауыстыру. Контурдың формасын оның бір немесе бірнеше тірек нүктелерінің орнын ауыстыру арқылы өзгерту қиын емес. Алдымен ауыстырылатын нүктелерді бөліктеп ерекшелеу құралының көмегімен бөліп көрсетіледі.

Тірек нүктелерінің қасиеттерін өзгерту. Тірек нүктелерінің тегіс және бұрыштық болатындығы туралы жоғарыда айтылды. Бірінші жағдайда олар бір сегменттің екіншісіне жайлап ауысуын қамтамасыз етсе, екінші жағдайда нақты бұрыш түзеді. Егер екі басқарушы түзулердің ұзындығы бірдей болса, тегіс тірек нүктелері симметриялық болуы мүмкін.

Нүктелердің қасиеттерін Перо құралының тобындағы Тірек нүктелерін түрлендіру құралының көмегімен өзгертеді. Оны тірек нүктесінде шертсе, ол бұрыштық нүктеге айналады, ал созып тұрып шертілсе – симметриялық болады. Басқару сызықтарының осы құралмен әрі қарайғы орын ауыстыруы контурдың аралас бөліктерінің талап етілетін қисықтығымен бұрыштық нүктені түзуге мүмкіндік береді.

Тірек нүктелерін құру. Егер контурдың қисықтығы жеткіліксіз болса, онда оның үстіне қосымша тірек нүктелерін қоюға болады. Бұл үшін Тірек нүктелерін қосу құралы (ол Перо тобында) қызмет етеді. Алынған тірек нүктелерінің орнын ауыстыруға, ал басқарушы түзулердің көмегімен осы нүктеде жалғасатын сегменттердің қисықтығын өзгертуге болады.

Тірек нүктелерін жою. Егер контурда керек емес, артық тірек нүктелері болатын болса (бұл әсіресе еркін салу құралдары Қылқалам мен Қарындашты қолданғанда), оларды алып тастауға тура келеді. Бұл үшін Тірек нүктелерін жою құралы қызмет етеді. Тірек нүктелерін бұлай жойғанда контур жарылмайды, жазылады, себебі жойылатын нүктеге көрші екі тірек нүктелері өзара жаңа сегментпен жалғасады.

Тұйық контурларды өңдеу. Векторлы редакторларда тұйық контурлар ерекше қасиеттерге ие. Теориялық тұрғыда тұйық контур – заливка қасиеті бар контурдың жалғыз түрі болып есептеледі. Мұнда ашық контурлар да құйылады, алайда бұл шарт бойынша орындалады.

1. Қалыпты формадағы тұйық контур жасаудың ең қарапайым әдісі сәйкесінше құралды (Эллипс, тіктөртбұрыш және т.с.с) пайдалану болып табылады. Тұйық контурды алдын-ала Бөліктеп ерекшелеу құралымен ерекшелеп басқаруға болады.

2. Тұйық контурды Перо және Қарындаш құралдарының көмегімен құруға болады. Бұл жағдайда бастапқы тірек нүктелеріне жақын орналасқан аймаққа құралды жақындатсақ, көрсеткіш формасы өзгереді, бұл тышқан кнопкасын шертумен контурдың тұйықталатынын көрсетеді.

3. Ашық контурды тұйық контурға Объект → Контур → Байланыстыру командасы арқылы түрлендіруге болады. Бұл команда бойынша бастапқы және соңғы тірек нүктелері бұрыштық тірек нүктелеріне түзу сызық түрінде қосымша сегментпен жалғасады.

Тұйық контурды бөлу. Тұйық контурды бөлуді Пышақ (Нож) құралымен орындайды. Пышақпен жүргізілген сызық контурды екі контурға бөледі. Олардың әрқайсысымен бөлек жұмыс жасау үшін оларды Бөліктеп ерекшелеу құралымен ерекшелеп алу қажет.

Контурларды құю (заливкалау). Құю режимдері. Adobe Illustrator редакторында құюдың үш түрлі режимі бар : 1) бірыңғай құю (бір түспен); 2) градиентті құю (түстер арасындағы жайлап ауысу); 3) декоративті құю (таңдап алынған өрнекпен контурды толтыру).

Құю үшін экранда келесі үш палитра болуы керек : а) синтез (түс таңдау үшін); б) градиент (градиентті созбаларды құру үшін); в) каталог (үлгілерді таңдау мен сақтау үшін).

Құю режимін таңдау үшін құрал –саймандар панелінің астындағы кнопкалы панель қолданылады. Оның үш режим кнопкасы бар : Түс, Градиент және атрибутсыз. Жаңа объектінің құйылуы индикатор панелінде орнатылған түс пен режимге сәйкес орындалады.


Бақылау сұрақтары:

1. Контурларды топтарға біріктіру дегеніміз не?

2. Біріккен контурлар дегеніміз не?

3. Құрама контурлар дегеніміз не?

4. Контурлармен жұмыс жасау жолдарын көрсет.







Дәріс №19. Мәтіндік объектілермен жұмыс


  1. Мәтінмен жұмыс істеу құралдары.

  2. Мәтінмен жұмыс істеу режимдері.

  3. Блокты мәтінді құру.


Векторлық шрифтер символдары да контурлар сияқты векторлық объектілер болып табылады. Векторлық редактор тұрғысынан текстік объектілер – бұл басқа табиғаттың объектілері. Олардың қасиеттері басқа (шрифт өлшемі, аты, сызба түрі және т.с.с).

Мәтінмен жұмыс істеу құралдары. Adobe Illustrator – дың текстпен жұмыс істеуге арналған 6 альтернативті құралдары бар: Текст, Аймақтағы текст, Контурдан тыс текст, Вертикаль текст, Аймақтағы вертикаль текст, Контурдан тыс вертикаль текст.

Кәдімгі текст пен вертикаль тексттің айырмашылығы айтарлықтай көрнекі. Контурдан тыс текст түзуге арналған құралдар қисықсызықты қатарлар алуға арналған және тақырыптарды безендіру үшін қолданылады. Аймақтағы текст түзуші құралдар блокты текст – текстпен толтырылған контур, түзуге арналған.

Мәтінмен жұмыс істеуге арналған палитралар. Текстік объектілермен жұмыс істеуге арналған төрт арнайы палитра бар. Ең көп қолданылатындары Символ және Абзац палитралары. Біріншісі шрифт параметрлерін басқару үшін, ал екіншісі – абзац параметрлерін басқару мен блокты текст құруға қызмет ететіні атынан белгілі. Текстпен жұмыс істеуге арналған барлық палитралар меню қатарының тексті пунктінен ашылады.

Табуляция сызғышы палитрасын кестелерді құруда немесе табуляцияланған блокты тексттерді құруда қолданылады, ал ММ-дизайн палитрасы Multiple Master форматындағы арнайы шрифтілі жинақты коррекциялау үшін арналған.

Мәтінмен жұмыс істеу режимдері. Пайдаланылу сипатына қарай текстпен жұмыс істеудің екі режимі бар: еркін жазба режимі және блокты текст режимі.

Еркін жазбалар қарапайым және фигуралық болуы мүмкін. Құжаттарда ол тақырып ролін атқарады.

Басқа векторлық редакторлар сияқты Adobe Illustrator- ды да еркін жазбаларды түзу үшін жиі қолданылады.

Блокты текст – бұл арнайы форматталған кең массивті текст. Векторлық редакторларда блокты тексттермен жұмыс әр түрлі болуы мүмкін. Ең алдымен бұл контурды күрделі емес текстпен толтырудан тұратын безендіру жұмыстары. Басқа варианттары - компьютерлік теру жүйесінің жұмыстарын өңдеу.

Блокты тексті құру. 1. Блокты тексті құру үшін Аймақтағы текст немесе Аймақтағы вертикаль текст құралдары қолданылады.

2. Тексті орналастыруға арналған аймақты алдын-ала дайындау керек. Бұл текстің аумағын шектейтін тұйық контур болуы керек. Контур туынды формада болуы мүмкін, бірақ құрама бола алмайды.

3. Құралды таңдап, құрал көрсеткішін контур шекарасында шерту керек, сол кезде ішкі аймақта текстік курсор пайда болады. Енді текстті енгізуге кірісуге болады.

4. Текст стилін Символ және Абзац палитраларының көмегімен өзгертуге болады.

5. Текстпен толтырылған аймақтың формасын контурларды редакциялауға арналған кәдімгі құралдар көмегімен өзгертуге болады.

Еркін жазбаларды құру. Еркін текстік жазбаларын тақырыптық қатарлар үшін қолданады. Векторлық редакторлардың бірінде жасалған әдемі тақырыпты буфер обменаға көшіріп және текстілік редакторда немесе баспа жүйесінде құралған объект есебінде қоюға болады.

1. Adobe Illustrator – да кәдімгі сызықтық тақырыптарды немесе фигуралық тақырыптарды құруға болады. Бірінші жағдайда Текст немесе Вертикаль текст құралын, ал екінші жағдайда – Контурдан тыс текст немесе Контурдан тыс вертикаль текст құралдарын қолданады.

2. Кәдімгі сызықтық текст өте оңай енгізіледі. Текст құралын таңдап, құжаттың жұмыс өрісінде (кез-келген жерге) шерту керек, текстік курсор пайда болған кезде, тақырып текстін енгізуді бастауға болады.

3. Символдардың формасын, өлшемін, және сызбасын Символ палитрасының көмегімен орындайды, және өзгертілетін фрагментті алдын-ала ерекшелеп алады.

4. Фигуралық тақырыптарды құру үшін алдын-ала қисық сызықты контур жасау керек. Оны Перо құралымен жасайды. Бұл контур тақырыпты орналастырудағы базалық сызық ретінде қолданылады. Контурды түзу кезінде оның формасын шамалап беруге болады, себебі тексті қисыққа орналастырғанда қисық формасын жайлап керекті формаға өзгертеді. Текстің орналасуы қисықтың өзгеруіне қарай өзгеріп отырады.

5. Контурдан тыс текст құралын таңдап, көрсеткішін контурда шерту керек. Текстік курсор пайда болғаннан кейін тексті енгізуге көшуге болады. Текст символдарының параметрлерін Символ палитрасының көмегімен өзгертуге болады.

Символдарды векторлық түрлендіру. Векторлық редакторлардың сипаттамалық ерекшелігі болып олардың жарнамалық бизнесте қолданылуы табылады. Векторлық графика құрылғыларымен жарнамалық беттерді, жарнамалық хабарламаларды дайындауға немесе фигуралық тақырыптар мен буклеттерді безендіруге болады.

Жарнама жасаушы ұжымдардың тағы бір маңызды ісі болып ұжым логотиптері мен жарнамалық публикацияларда қолданылатын фирмалық стильдерді өңдеуі табылады. Бұндай компьютерлік жүйеге орнатылған стандартты шрифтілік терулердің жұмысы жеткіліксіз, себебі әрбір фирма өзінің қайталанбас стилі болғанын қалайды.

Web –қызметтердің кең таралуымен байланысты құжаттарды стандарт емес формада безендіру қажеттілігі өсіп кетті. Интернетті әрбір мекеме ғана емес, әрбір адам өзінің Web – бетінің қайталанбас стилі болғанын қалайды. Бұл үшін векторлық редакциялау текстік объектілердің векторлануы мүмкіндігінің арқасында ыңғайлы мүмкіндіктерді ұсынады.

1. Стандартты символдық жинақтың кез-келген векторлық объектісін, яғни тірек нүктелері мен сегменттерден тұратын контур сияқты қарастыруға болады. Мұны осы түрде елестету үшін, арнайы векторлану операциясын орындау керек.

2. Символды немесе символдар тобын векторландыру үшін оларды ерекшелеу құралымен ерекшелеп және Текст → Контурға түрлендіру командасын беру керек. Бұл команданы контексті менюден де орындауға болады.

3. Векторланудан кейін текстілік объектілер контурға айналады. Бұл жағдайда оларды кәдімгі векторлық редактор құралымен өңдеуге болады : масштабтау, трансформалау, созу, көлбеу, қысу, тірек нүктелерінің орнын ауыстыру, сегменттердің қисықтығын өзгерту, жаңа тірек нүктелерін қосу, керек емес, артығын өшіру, құю параметрлерін өзгерту.


Бақылау жұмысы:

  1. Мәтінмен жұмыс істеу құралдарын ата?

  2. Мәтінмен жұмыс істеу режимдерін түсіндір?

  3. Блокты мәтінді құру жолдары?























Тәжірибелік сабақ №3

Мәтіндермен жұмыс жасау


Сабақтың мақсаты: Adobe Photoshop программасында мәтіндермен және ондағы палитраларды, жұмыс істеу режимдерін пайдалану.


Қажетті материалдар мен жабдықтар: ДЭЕМ, тәжірибелік сабақтарды орындауға нұсқаулықтар, тақта, бейне проектор.


Жұмыстың мазмұны мен орындалу реті:

  1. Тапсырмаларды орындау мысалдарын қарастыру

  2. Ретімен берілген тапсырмаларды орындау

  3. Тәжірибелік жұмысты талапқа сай орындап тапсыру


Теориялық бөлім:

Adobe Illustrator – дың текстпен жұмыс істеуге арналған 6 альтернативті құралдары бар: Текст, Аймақтағы текст, Контурдан тыс текст, Вертикаль текст, Аймақтағы вертикаль текст, Контурдан тыс вертикаль текст.

Кәдімгі текст пен вертикаль тексттің айырмашылығы айтарлықтай көрнекі. Контурдан тыс текст түзуге арналған құралдар қисықсызықты қатарлар алуға арналған және тақырыптарды безендіру үшін қолданылады. Аймақтағы текст түзуші құралдар блокты текст – текстпен толтырылған контур, түзуге арналған.

Текстік объектілермен жұмыс істеуге арналған төрт арнайы палитра бар. Ең көп қолданылатындары Символ және Абзац палитралары. Біріншісі шрифт параметрлерін басқару үшін, ал екіншісі – абзац параметрлерін басқару мен блокты текст құруға қызмет ететіні атынан белгілі. Текстпен жұмыс істеуге арналған барлық палитралар меню қатарының тексті пунктінен ашылады.

Табуляция сызғышы палитрасын кестелерді құруда немесе табуляцияланған блокты тексттерді құруда қолданылады, ал ММ-дизайн палитрасы Multiple Master форматындағы арнайы шрифтілі жинақты коррекциялау үшін арналған.

Пайдаланылу сипатына қарай текстпен жұмыс істеудің екі режимі бар: еркін жазба режимі және блокты текст режимі.

Еркін жазбалар қарапайым және фигуралық болуы мүмкін. Құжаттарда ол тақырып ролін атқарады.

Басқа векторлық редакторлар сияқты Adobe Illustrator- ды да еркін жазбаларды түзу үшін жиі қолданылады.

Блокты текст – бұл арнайы форматталған кең массивті текст. Векторлық редакторларда блокты тексттермен жұмыс әр түрлі болуы мүмкін. Ең алдымен бұл контурды күрделі емес текстпен толтырудан тұратын безендіру жұмыстары. Басқа варианттары - компьютерлік теру жүйесінің жұмыстарын өңдеу


Тапсырмалар:

1 тапсырма. «фотошоптағы трюктер» - су бетіндегі жазу.

1. Ӛлшемі 300Х300 болатын жаңа бейне құрамыз (файл-жаңа). Бейнені (Фильтр -

рендеринг - бұлт) бұлт фильтрімен өңдейміз, алдын ала алдыңғы жақтағы түсін - ақшыл сұр, ал артқы жақтағы түсін - қара сұр етіп аламыз.

2. Енді хром (Фильтр-эскиз-хром) фильтрін қолданамыз, оның параметрлерін:

Детализация 10, смягчение 0. деп аламыз

3. Бейнені бейне коррекция – түстік тон/қанықтылық, параметрлері: түстік тон

198, қанықтылық 56 деп, және тонирование терезесінде жалауша қойып (2-сурет)

бейнені бояймыз.

4. Қабаттар панелінің төменгі жағындағы "Жаңа қабат құру" командасын

пайдаланып жаңа қабат құрамыз Алдыңғы жақтағы түсін - ақ, ал артқы жақтағы түсін - қара етіп аламыз. Осы қабатқа да (Фильтр - рендеринг - бұлт) бұлт фильтрін қолданамыз

5. Бейнені бейне коррекция – түстік тон/қанықтылық, параметрлері: түстік тон 210, қанықтылық 56 деп, және тонирование терезесінде жалауша қойып бейнені бояймыз.

6. Бірінші қабатты жоғарғы орынға орналастырып, қабаттардың орындарын

ауыстырыңыздар, мөлдірліліксіздігі 80% деп алыңыз.

7. Құралдар панелінен Мәтін құралын таңдап, шрифт тағайындаймыз, негізгі түс

ретінде ақ түсті аламыз. "ВОДА" деген сӛзді жазамыз. Мәтіні бар қабатты алдыңғы екі қабаттың арасына жылжытамыз.

8. Тышқанның оң жақ батырмасымен мәтіні бар қабаттың үстіне апарып шертеміз, пайда болған мәзір ішінен "қабатты растрировать" деген команданы орындаймыз. Мәтінгетолқын (Фильтр - қисайту - толқын) фильтрін қолданамыз, оның параметрлері

2 тапсырма. «Photoshop эффектері», мәтінді жаңа қабатқа клейлеу.

1. Мәтінді ерекшелейміз.

2. Мәтін жазғымыз келетін кез келген бейне ашамыз.

3. Құралдар панелінен Горизонтальды мәтін- маска құралын таңдаймыз да, "ТЕКСТ" деген сөзді жазамыз

4. Редакциялау – көшіру, командасын орындаймыз, содан соң Редакциялау –орналастыру командасын орындаймыз, мәтін автоматты түрде жаңа қабатқа клейленеді.

5. Мәтіні бар қабат үстіне апарып тышқан бағыттауышын шертеміз, пайда болған мәзірден «тиснение» командасын таңдаймыз да ОК пернесін басамыз.




3 бөлім. Векторлық графика



Дәріс №21. Corel Draw векторлық программасымен танысу


1. Экран элементтері.

2. Түстік модель.


CorelDRAW арқылы қисықты, геометриялық фигураны немесе мәтін әрпін оңай құруға, және өте жоғарғы дәлдікпен олардың формасын өзгертуге, мәтінді берілген қисық сызық бойымен орналастырылуға болады. Әртүрлі құралдарды бірге қолдану арқылы CorelDRAW-да өте көп графикалық эффектер: мәтін қатарын немесе графикалық объектіні изометриялық бейнеге түрлендіруге, иілдіруге, сызықпен қоршауға, 68айналдыруға, айнадағы бейнесін алуға, үшөлшемді эффектер алуға т.с.с. көптеген жұмыстарды жасауға болады. Corel Corporation графикалық редакторы CorelDRAW атаулы Канада фирмасының ӛте үлкен мүмкіндіктеріне, дайын бейнелер кітапханасының үлкендігіне байланысты ең белгілі, кӛп тараған бағдарламалардың бірі болып отыр. Кейбір құралдарының басқа графикалық редакторларда жоқ болуы оның ерекшелігін айқындай түседі.

Бағдарламаны іске қосқаннан кейін монитор экранында CorelDRAW- дың терезесі ашылады. Ашылған терезеде New Graphic (жаңа файл) батырмасын басқаннан кейін, CorelDRAW- дың негізгі терезесі ашылады да, жаңа файлға автоматты түрде Graphic деп атау беріледі.

CorelDRAW12 бас терезесін он негізгі элементтерге бөлуге болады (1-ші сурет).

тақырыптар қатары;

мәзір қатары;

құралдар панелі;

қалып-күй қатары;

түстердің экрандық калитрасы;

құжат терезесі;

жұмыс беті;

сызғыштар;

навигатор;

айналдыру жолағы

Corel Draw векторлық программасы – бұл машиналық графиканың шедеврлерін құруға мүмкіндік беретін компьютерлік дизайнер инструменті. Бұл программа түрлі-түсті иллюстрациялар, күрделі сызбалар, кітап және журнал беттерін безендіру, әр түрлі бейнелермен жұмыс істеу мүмкіндігін береді.

Түстік моделдер. Corel Draw-да әр түрлі түстік моделдер қолданылады:

  • RGB (қызыл+жасыл+көк) – бейнені экранға шығару үшін;

  • CMYK (көгілдір+сары+қара+қызғылт) – баспалық өнімді шығару үшін;

  • HSB (рең+қанықтылық+айқындылық) – өзіндік көркем шығармаларды құру үшін.


Corel Draw векторлық программасының жұмыс ортасы мынаадй терезелерден тұрады:

1. Menu Bar – мәзір қатары


hello_html_m75c5e540.png

2. Standart - cтандартты құрал-саймандар панелі

hello_html_m516a2c34.png

3. Property Bar – атрибуттар панелі


hello_html_2c9f5d73.png

4. Toolbox - инструменттер панелі

hello_html_m33b276a0.png

5. Default CMYK – үнсіз келісім бойынша түстер палитрасы

hello_html_5e578569.png


Бақылау жұмысы:


  1. CorelDRAW экран элементтерін ата?

  2. Түстіе модельдері қандай?

  3. CorelDRAW12 бас терезесін он негізгі элементтері қандай?

Дәріс№22. Векторлық графикалық файлдар форматтары


  1. WMF форматы

  2. CDR форматы

  3. PDF форматы


Векторлық форматтың растрлық форматтан айырмашылығы, векторлық графика ауқымында әр түрлі платформада, әр түрлі программаларда қолданылатын стандартты форматтардың жоқтығы деп айтуға болады. Векторлық суреттерді салудың арнайы алгоритміне сәйкес барлық векторлық графикалық программалардың өз форматтар болады. Векторлық форматтағы файлдар суреттерді сипаттаудан тұратын графикалық примитивтер құруға арналған командалр жиынынан және бірқатар қосымша ақпараттардан тұрады.

Әр векторлық формат командалр жиынымен және оларды кодтау тәсілімен ерекшеленеді. Бірақ векторлық графикада кейбір кездерде файлдарды әртүрлі қосымшаларда тасымалдау қажеттілігі туған жағдайда өздерінше стандарты болып табылатын WMF, CDR, AI форматтары қолданылады. Сонымен қатар, векторлық және растрлық суреттермен жұмыс істеуге арналған әмбебеп файлдар форматтары да бар, олар: EPS, PDF. Кез – келген векторлық форматтағы файлдарда растрлық графикалық суреттерді сақтауға болдаы. Бірақ ол түстің бұрмалануына әкеліп соқтырады, сондықтан да егер сурет векторлық нысандардан тұрмайтын болса, онда растрлық форматты қолданған тиімді.

WMF (Windows Meta File) форматы. Бұл Windows операциялық жүйесінің векторлық форматы. Онда барлық векторлық суреттер программадан программаға ауыстыру буфері арқылытасымалданған кезде конверттеледі. WMF форматының көмегімен векторлық картографиялық суреттерді Windows – тың офистік қосымшаларына экспорт жасағанда қолданылады.

Кемшілігі: полиграфияда қолданылатын стандартты түстік палитрамен жұмыс істеу мүмкіндіг жоқ.

CDR (CorelDraw Document) форматы. Ол – танымал Corel Draw графикалық редакторынын жұмыс форматы. Формат векторлық растрлық графиканы және мәтін жазуға мүмкіндік береді. CDR файлдарының жұмыс алаңы – 45 метр, мысалы сыртта ілінетін жарнамаларды құруға қолданылады. CDR форматының кемшілігі, талап ететін жадының үлкен көлемі және әртүрлі версия форматтарының үйлесімсіздігі.

AI (Adobe Illustrator Document) форматы. Бұл Adobe Illustrator графикалық пакетінің негізгі форматы. АІ форматы CDR форматына қарағанда әлсіздеу. Онда тек қана бір рет қана сақталады. Оның жұмыс алаңы – 33 метр. Ол барлық басылымдық – полиграфиялық қосымшаларда қолданылатын Adobe фирмасының Post Script тілімен үйлесімді.

EPS (Encapsulated Post Script) форматы. Файл атының кеңейтілуі .EPS. Ол Post Script тілінде векторлық және растрлық суреттерді сипаттау форматы, сонымен қатар әмбебап формат. Графикамен жұмыс істейтін барлық программалар бұл форматтағы файлды сақтай және оқи алады. EPS форматында бірмезгілде векторлық, растрлық графика, түстер, қаріптер сақталады. EPS форматы растрлық суреттермен шектелген векторлық контурды да сақтай алады. Фотосуретті кез-келген формада,мысалы овал түрінде алуға болады.Ол үшін EPS форматы экранда векторлық графиканы шығару үшін WMF форматын,ал расторлық графиканы шығару үшін TIFFматын қолданады.Бірақ экрандағы көшірмеде нақты суретті жалпы кескінде береді,бұл EPS форматының кемшілігі болып табылады.

PDF (Portable Document Format) форматы. PDF (Portable Document Format) (файл атының кеңейтілуі. PDF) форматын Adobe фирмасы ұсынған. Онда векторлық және растрлық суреттер, әр түрлі қаріптер жиынынан тұратын мәтін, гипермәтіндік сілтеме сақталады.Бұл форматпен жұмыс істеу үшін Adobe компаниясы Acrobat пакетін шығарды. Acrobat Reader тегін утилитасы құжатты оқуға, баспаға шығаруға мүмкіндік береді,бірақ құжатты құруға және жөндеуге болмайды. Көптеген программалар (AdobePageMaker,CorelDrow,FreeHand) өз құжаттарын PDF-қа экспорттауға мүмкіндік береді.Мысалы, CorelDrow –да-CDR, Adobe Photostop-та-PSD, Paint (стандартная программаWINDOWS)- BMP.Суретті файлда сақтау үшін оның форматының типін көрсету керек. Мысалы CorelDDRAW-да (Export/Экспорт)командасы қолданылады.



Дәріс №23 Объектілерге қолданылатын қарапайым амалдар


  1. Объектімен жұмыс жасаудың негізгі дағдылары

  2. Объектілерді байланыстыру

  3. Қасиеттер панелімен танысу


Осы уақытқа дейін суреттегі әрбір обьектіні біз жаңадан салатынбыз. Бірақ сіздер кез келген фигураны көшіріп және көшірмені керек жерге орналастырып, сонымен қатар, жасалынған фигураны редакциялайда аласыздар. Төменде қарастырылатын, объектілермен жүргізілетін операциялар оларды белгілеуден (айқындаудан) басталады:

  • Объект таңдалған Нұсқағыш иструментімен белгіленіп реакцияланады.

  • Егер объектілер айқасатын болса, (жоғарғы екі элипс сияқты), онда ортақ аймақта шерткенде обектілердің кейін салынған таңдалады, өйтекені бағдарлама оны алдыңғысының үстіне салынған деп есептейді. (жоғары қабатта тұрған.)

Көшіру және кірістірме

Объектіні көшірейік.

  1. Бесбўрышты белгілеѕіздер.

  2. Ctrl+C пернелерін қатар басыңыздар. Объект Windows алмасу буферіне көшіріледі. Суретте ешқандай өзгерістер болған жоқ.

  3. Ctrl+Р перналерін басыңыздар. Алмастыру буферіндегі объект жұмыс бетінде алғашқының їстіне кірістірілген. Суретте бұл көрінбейді, өйткені фигуралардың шекаралары беттесіп тұр.

Объектіні көшіріп Копировать (кґшіру, Сору) командасы Правка менюінде болады. Объектіні белгілеп, осы команданы таѕдаңыздар. Объектіні кірістіру үшін Правка менюіндегі Вставить (Кірістіру, Paste) командасын таѕдаңыздар. Кірістіру, көшіру және қиып алу командаларының батырмалары басқару панелінің сол жағында тұр.

Жылжыту

Көшірме кірістіргеннен кейін белгілеуді қалпында қалады. Оны керек орынға қозғап апару үшін қасиеттер панелінің Координаттар өрісін пайдалануға болады. Бұл тәсіл орналастырудың жоғары дәрежелі дәлдігімен қамтамасыз етеді. Бірақ жұмысты жылжыту үшін әдетте объектілерді интерактивті жылжыту қолданылады. Осылайша программаның кез келген объектілерін жылжытуға болады.

  1. Егер ол белгіленбеген болса, онда бесбұрышты белгілеңіздер. Нұсқағышты орталық манипуляторєа әкеліңіздер. Нұсқағыш төртбасты стрелка пішінді болады.

  2. Обектіні керек орынға жеткенше (эранда сіздер оның жылуын көресіздер.) тасып апарыңыздар. Объектінің көшірмесі орынан жылжиды, ал алғашқы фигура орынында қалады.

Көлденең және тік ығысу.

Егер объектіні жылжытқанда Ctrl пернесін басып ұстасаңыз, онда ығысу дәлме –дәл көлденең немесе тік жүргізіледі.

Масштабталу

Тәждің екінші кертші кішірек болуы керек. Өлшемдерді өзгерту үшін қасиеттер панелін тағы пайдалануға болады немесе өлшемдерді интерактивті өзгертуге болады.

  1. Сол жақтағы басбұрышты белгілеңіздер. Бұрыштық манипулятордың бірінде шертіңіздер де, оны апарыңыздар. Нұсқағыш екібасты стрелка түрінде болады.объект нұсқағыштың қозғалуына ілесе отырып, өлшемдерін өзгертеді. Объектінің қажет өлшемдеріне жетіп, оны орнына қойыңыздар.


Объектілерді Ріск құралының кӛмегімен ғана белгілеуге болады. Егер Ріск құралын алдын ала тышқанның кӛмегімен алып алған болсаңыз, онда объектілерді мынадай тәсілдермен белгілеуге болады.

- бірнеше объектілерді Shift пернесін басып тұрып, кезек-кезек тышқан көрсеткішін басу арқылы;

- бірнеше объектілерді бірмезгілде тіктөртбұрышты пунктир контур арқылы. Белгіленген объектілер экранда сегіз тіктӛртбұрышты қара торлармен қоршалады. Бұл маркерлер объект ӛлшемін ӛзгертуге: созуға, үлкейтуге, кішірейтуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар объект контурында бір немесе бірнеше кішкентай квадратты түйіндер пайда болады. Олардың саны белгіленген объектер санына байланысты. Экранның төменгі жағындағы қалып-күй қатарында белгіленген объектінің түрі (тіктөртбұрыш, эллипс, көпбұрыш, қисық және т.с.с.) немесе белгіленген объектілер саны көрінеді.

Графикамен жұмыс істеу барысында Ріск құралын алсаңыз (сурет.1), автоматты түрде басқа құралмен жұмыс істеген соңғы объект белгіленеді. Объектінің белгіленгенін жою үшін тышқан көрсеткішін жұмыс бетінің кез келген бос жерінде шертуге болады.

Немесе келесі, басқа объектіні белгілеу, алдыңғы объектінің белгілеуін жояды.


hello_html_m4598b839.png






Бақылау жұмысы:

  1. CorelDraw-да объектілермен қандай әрекеттер орындауға болады?

  2. Объектілердің формасын редакторлайтын қандай саймандар бар және олардың жұмысын түсіндіріңіз?

  3. Объектілерді туралау, реттеу түрлері?














Дәріс№24. Қисықтарды құру және редакторлеу


1.Қисықтарды редакциялау

2. Меңзерді басқару пернелерінің көмегімен жылжыту


Қисықтарды редакциялау белгілі дағдыларды талап етеді. Әрине, бастапқы кезде сіздердің фигураларыңыз әдемі болмайды, бірақ сіздер жұмыс барысында дағдыланатын боласыз. Кейбір тораптармен (узел)жүргізілетін операуиялырды сурет салу иструменттерімен (саймандарымен) және Нұсқағыш-Указатель исструменттерімен орындауға болады. Десе де контурларды редакциялау үшін CorelDRAW-тыѕ Фигура(Shape Tool) арнайы инструменті бар. Ол иструменттер панелінде жоғарыдан санағанда екінші орналасқан. Бұл инструментпен таңдағанда объектінің сырт пішіні өзгереді. Контур сары түспен жарықталған пунктир сызық түрінде болады. Объектінің тораптары шағын қара шаршылар сияқты бейнеленеді.

Қисықтарға айналдыру (өзгерту)

Контурларды реакциялау тұрғысынан қарағанда (немесе көзқарасы бойынша) ерікті пішінді фигуралардың (қисық объектілердің) графикалық примитивтерден негізгі айырмашылығы қисық объектінің тораптарын қандай да болсын тәсілмен өзгертуге болады, ал графикалық примитивтердің тораптарын тек аса шектелген тәсілдердің жиынымен редакциялайды. Сондықтан, егер сіздер сурет инстументімен салынған фигураның пішінін өзгерткіңіз келсе, онда оны қисыққа айналдыру керек. Бұл үшін Моньаж менюінің Преобразовать в кривые (Convert to shapes) командасын таѕдаңыздар. Бұл команда объектіні таѕдағаннан кейін қасиеттер панелінен де мүмкін болады. Ол қасиеттер панелінде сол бір атты батырмамен таңдалады. Батырмада төрт торабы шеңбер салынған.

Меңзерді басқару пернелерінің көмегімен жылжыту

Белгіленген торапты жылжыту үшін меңзерді басқару пенлерін пайдалануєа болады. Торап меңзердің пернесін әрбір басқан сайын бірдей шамаға ығысады. Шаг смещения қасиеттер панелінің Нұсқағыш иструментінің Ығысу қадамын(Nudge Offset) енгізу өрісінде беріледі. Бұл тәсіл редакцияланатын фигураның тораптарын дәл позициялауға мүмкіндік береді.

Осы объектіні қарастырайық. Өзгертулер жүргізгеннен кейін сегменттердің сырт пішін өзгермегеніне қарамастан, басқарушы нүктелердің болуы біздің алдымыздағы қисық екендігінің айғағы.оның әрбір торабының екіден, ал соңғысы тораптарының-бірден басқарушы нуктелері бар. Қазіргі барлық тораптар сүйір- мұндай тораптың басқару нұктелері бір-бірнен тәуелсіз болады.Сүйір торап арқылы өтетін қисық кез келген бұрышта иіле алады. Тораптың басқарушы нүктелерін апара отырып, сүйрі торап арқылы өтетін қисықтың жатықиілісі немесе кез келген бұрышы болатындығына көздеріңізді жеткізіңіздер. Сонан кейін бастапқы қалыпқы қайтыңыздар.Бўл қисыққа сүйір торап керек болмайды. Барлық тораптар қисықтыѕ иілісінің жатық болуын қамтамасыз етуі керек. Бұлар немесе тегістелген немесе симметриялы тораптар.

Симметриялы тораптар тораптың екі жағына бірдей қисықтық жасайды, сондықтан, олар негізінде симитриялы объектілерді редакциялағанда қолданылады. Біздің жағдайда әдемі иілістерді қалыптастыру үшін тегістелген тораптарды қолданайық. Олар қисықтыѕ түрін (пішінін) неғұлым еркін басқаруға мүмкіндік береді.

  1. Қисықтың барлық тораптарын таңдаңыздар.

  2. Қасиеттер панелінде Сглаженный (Тегістелген, Make Node Smooth) абтырмасында шертіңіздер. Қисықтыѕ түрін өзгерді. Сынық сызықтың бұрыштары сегменттердің арасындағы жатық ауысуларға (өтулерге) айналады.

  3. Қисықтардың редакциялауды аяқтаңыздар. Ол үшін тораптарды басқарушы нүктелерге жылжытыңыздар.

CorelDRAW жұмыс істейтін сызықтар модельінде екі түсінік негізге алынады: түйін

және сегмент. Бейне жазықтығындағы қисық сегменттің бір ұшын көрсететін нүктені - түйін деп атайды. Сегмент - деп екі қатар орналасқан түіндерді қосатын қисықтың бір бӛлігін айтады. Түйіндер мен сегменттер бір-бірімен тығыз байланыста: тұйықталған сызықтарда сегменттер саны мен түйіндер саны тең, ал тұйықталмаған сызықтарда түйіндер саны 1-ге артық. Кез келген сызық CorelDRAW-да түіндер мен сегменттерден тұрады, қисықтарға қолданылатын барлық операциялар солармен жұмыс істейді. Жалпы сипаты бойынша түйіндер үшке бӛлінеді: тұйықталмаған қисықтың бастапқы түйіні, түзусызықтың және қисықсызықтық түйіндер.

Түйін сыну. Түйін сыну нүктесі деп аталады, егер түйінде оның жанындағы екі сегментке жүргізілген жанамалар бір түзудің бойында жатпаса, яғни олардың арасында бұрыш бар болса.

Жайылған түйіндер. Түйін жайылған деп аталады, егер оның жанындағы екі сегментке жүргізілген жанамалар бір түзудің бойында жатса.

Симметриялық түйіндер. Жайылған түйін симметриялық деп аталады, егер бағыттаушы нүктелер одан бірдей қашықтықта орналасқан болса.Симметриялық түйіндер сыну нүктелері мен жайылған түйіндерге қарағанда сирек қолданылады.

Тұйықталған, тұйықталмаған және біріктірілген сызықтар сызықтың шеткі түйні деп, бір ғана сегментпен жанасатын түйінді айтады. Алдыңғы жағында сегмент жoқ түйін, бастапқы түйін деп аталады. Бастапқы түйіні бар сызық, тұйықталмаған деп аталады. Шеткі нүктелері жoқ сызық тұйықталған деп аталады.

Біріктірілген сызықтар әрқайсысы тұйықталған немесе тұйықталмаған сызықтардан тұратын бірнеше тармақтардан құралған объектілер.

Сызықтар және қолмен сызу мен Безье құралдары. Қолмен сызу құралы түзу кесінділері мен сынған түзулерді және еркін формалы қисықтар сызу үшін қолданылады.

Қисық сызу үшін, құралды таңдағаннан соң, тышқан бағыттауышын сол жақ батырманы басып тұрып жұмыс бетінде жылжытамыз. Түзу сызық сызу үшін құралды таңдаған соң тышқанның сол жақ батырмасын кесіндінің басында және соңында шерту керек.

hello_html_3c702172.png

Суперсызық құралы "суперсызықтар" құрамындағы объектілерді салу үшін

қолданылады. Құралды таңдаған соң экранның сол жақ жоғарғы бұрышында қосымша

құралдар пайда болады. (показать рисунок) (дайын суреттер, шашыратқыш, кисть,

каллиграфия).

Бұл қосымша құралдар төгілмелі тізімнен таңдалынған объектілерді қайталап салу

мүмкіндігін береді.


hello_html_70c4c7b3.png









Бақылау сұрақтары:

1. Түйін дегеніміз не ?

2. Сыну нүктесі, жайылған түйін және симметриялық түйіндер дегеніміз не?

3. Қолмен сызу, Безье,Суперсызық құралдары не үшін қолданылады ?

4. Қандай жағдайда экранда бірнеше обектілермен жұмыс істейтін құралдар пайда болады ?

5. Объектілерді қисыққа қалай айналдыруға болады?





Дәріс №25. Мәтінмен жұмыс істеу


  1. Фигуралық мәтін құру

  2. Қарапайым мәтін құру

  3. Мәтіндік блоктарды байланыстыру


CorelDraw мәтіннің екі түрін қолдануға мүмкіндік береді.

  1. Artistic text – фигуралық мәтін

  2. Paragraph text – қарапайым мәтін

Фигуралық мәтін объект деп есептеледі. Сондықтан оған контурдың және құюдың жалпы қасиеттерін және арнайы эффектерді қолдануға болады. Фигуралық мәтіннің формасын (Shape инструменті көмегімен) өзгертуге болады.

Қарапайым мәтін арнайы мәтіндік блокта орналасады және оған мәтіндік процессорларда қолданылатын параметрлерін (өрістер, абзацтық шегіністер, тасымалдау және т.б.) орнатуға болады. Қажет болған жағдайда фигуралық мәтінді қарапайым мәтінге және керісінше түрлендіруге болады. Ол үшін: Text > Convert to Paragraph (Artistic) text немесе Ctrl + F8 командаларын орындау керек.

Қарапайым және фигуралық мәтінді құру үшін: Text - инструментін қолдану керек.

Фигуралық мәтінді құру үїшін: жұмыс аймағының кез-келген жерінен шертіп, мәтінді енгізу керек.

Қарапайым мәтінді құру үшін: рамка сызып, мәтінді енгізу керек.

Мәтінді өңдеу үшін қолданылатын сұхбат терезе Ctrl + Shift+T пернелер комбинациясымен шақырылады. Мәтіннің параметрлерін толық баптау үшін F-батырмасы көмегімен Format text сұхбат терезесі шақырылады. Бұл терезенің 5 – бет парағы бар.

  1. Character - cимволдар

  2. Paragraph - абзацтар

  3. Tabs - табуляция

  4. Columns - колонкалар

  5. Effects – маркерлердің түрі таңдалады. Сол маркердің көлемі, буквицаның түрі осы жерде таңдалады.

Мәтіндік блоктарды байланыстыру. Бұрынєы мәтіндік блокпен байланысқан жаңа блок құру үшін мәтіндік блоктың төменгі-ортанғы маркеріне шерту керек. Сонан соң мәтіндік блоктың рамкасын салу керек. Егер мәтін бірінші блокқа толық симасы маркер стрелка тјрізді болады. Екі блокты бір-бірімен байланыстыру үшін алдымен бірінші блоктың ортанғы – төменгі маркерлеріне шертіп, сонан соң екінші блокқа шерту керек. Байланыс көк түсті болады.

Сorel Draw графикалық редакторы мәтінді өңдеуге арналған құралдарды қамтиды. Оның мүмкіндіктері кәсіби баспа жүйесіндегі күшті мәтіндік редактордағыдый соншалықты қолайлы болмаса да көптеген тапсырмаларды шешуге жеткілікті.

Corel Draw –да екі түрлі мәтіндік объект жасауға болады: қарапайым мәтін (Paragraph ) және шығармашылық мәтін (Artistic).

Шығармашылық мәтін көбіне баспаны әдемі безендірілуі үшін қажет. Artistic объектісін жасау үшін құралды панеліндегі пиктограмманы басамыз. Мұнда мәтін шекарасы шектелмеген – экранның кез келген жерінде бір рет басып, мәтінді тере береміз. Басулы өлшеміне қарай шектері автоматты түрде кеңейе береді. Көп мөлшерде мәтінді енгізу үшін Paragraph форматы қолданылады. Объект жасауда қағаз бетінде керекті аймақты, яғни мәтін орналасатын жерді басамыз. Шектеріне дейін толып қалғанша кейін ол экранда көрінбей қалады. Сондықтан шектерін кеңейту керек немесе сол бөлімі басқа Paragraph объектісін апаруға болады.[4]

Мәтін объектісіне Effects-ті таңдап, әртүрлі эффекттер жасауға болады: масштабтау, созу, ығыстыру, айналдыру. WYSOWYG принципі бойынша жұмыс істейтін кез келген басқа да бағдарламалар сияқты Corel Draw мәтінніѕ барлық өзгерулерін экранда көрсетеді. Редакторда орнатылған Windows True Type Post Script тәрізді әріптерді толық қолдануға болады.

Corel Draw мәтініде орындалатын негізгі операцияларды қарастырайық.

Мәтінді форматтау үшін Text менюі қолданылады. Төменде оның пункттері келтірілген[5]

Text Roll -Up

Мәтіннің негізгі параметрлері: қолданылып отырған каріп оның өлшемі қатар теңестірілуі. Бұл менюден арнайы параметрді орнатуға арналған болса менюлерге өтуге болады.

Character

Бұл пунктті талдау кезінде қолданушы карпті өлшемін, белгілер стилін, белгілер арасындағы арақашықтық, сөздер, қатарлар арасындаєы арақашықтықты, қатарды теңестіруін іске асыра алатындай меню шығады. Сызықша бір өлшемді немесе екі-жіңшке және жуан бола алады.

Paragraph

Бұл менюде мәтін параграфының параметрін өзгертуге болады: қатарлар арасындағы сөздер және белгілер арасындағы қашықтық, параграф шектері, сол жақтан немесе оң жақтан шегіністер, табулияция позициясы. Арнайы көркем карптерден белгілер қоюға болады.

Frame

Тек Paragraph объектісі үшін. Мјтінді газета форматында яғни бағаналармен шығарады. Бағана саны 1-ден 8-ге дейін. Әрбір колонканың енінің өлшемін беруге болады. Мәтінді енгізгенде және объектінің төменгі шегіне жеткенде ол автоматты түрде келесі бағанаға автоматты түрде көшеді.

Fit Text To Path

Corel Draw басқа қарапайым мәтіндік процессорларда ерекшелеп тұратын айрықша құралы. Берілген команда мәтінді қандайда да бір объектілер біріктіреді. Осылайша берілген объектіге жанасады. Corel Draw мәтінді әртїрлі түрде орналастыруды қамтиды. Мысал үшін периметрі бойынша шарбақша құру.

Align To Baseline – мәтінді базалық сызық бойынша теңестіру

Straighten Text – мәтінді базалық сызық бойынша теңестіріп, оған барлық символдар қатарын қолдану.

Type Assist - мәтінге арналған арнайы сервистік белгілеулер

Spel Checker- орфография тексеру. Тек бекітілген объектті тексеріп қана қоймайды, мәтінге ие барлық құжатты тексереді.

Thesaurus - әрбір сөздік синониммен ауыстыру мүмкіндігі

Find – мәтінді табу

Replace – мәтінді ауыстыру

Edit Text – аса көрнекі емес, бірақ көп жағдайда мәтінді енгізу үшін қолайлы. Енгізу терезесі шығады сонда өзгертулер енгізіледі. Мәтінге созу, сығу, айналдыру, орын ауыстыру сияқты қарапайым мәтінге қолданылатын барлық өзгертулер жасауға болады.

Назар аударуды қажет ететін үлкен көлемді объекттермен Corel Draw –да жұмыс істеудің қолайсыздығы. Windows- қа арналған күшті мәтіндік процессорлар және баспа жүйесімен қолданушы Corel Draw интерфейсінің қолайсыздығын бірден байқайды. Мәтіннен және нысанмен жұмысқа араналған курсордың түрін жиі ауыстыруға тура келеді және мәтін стилін бірнеше рет ґзгерту керек болады.Параграфтармен жасалєан жўмыс кїрделі. Кґптеген пайдалы өзгертулерге арналған қажетті функциялар жоқ. Бір жағынан қарайтын болсақ бұл бағдарлама қандай мақсатта арналып жасалғанын есепке алатын болсақ мәтінмен жұмыс істеуге арналған функциялар жақсы ұйымдастырылған дейтін болар едік.

Өлшеулерді өзгерту: биіктігі, ені, пропорциональды.

Өлшемдері шектелмеген . Егер бұрыштағы шаршыны алсақ онда ұзындығы және биіктігі пропорциональды түрде өзгереді.

Бұл операцияларды барлығын визуалды түрде емес, сонымен қатар сандар енгізіп жасауға болады, егер Transform Roll-Up менюін қолдансақ, ол Effects менюінде мұнда меню шығады және орын ауыстыру түймесі, айналдару, өлшемін өзгерту, жылжыту түймелері бар. Қажетті ұзындық және бұрыштар мәнін қолмен қоюға болады. Команданың орындалуы үшін Apply – ді басамыз.

Шағылысу (Mirror)

Бұл функция мәтінді солға, оѕға немесе жоғарыдан төменге айналдыруға мїмкіндік береді.





hello_html_5afe6a9c.gif

hello_html_m4da91181.gif

hello_html_m4e2ceff3.gif




Бақылау сұрақтары:

1. Фигуралық мәтін және Қарапайым мәтін дегеніміз не?

2. Гарнитура, Кегл, Сызба жазу дегеніміз не?

3. Фигуралық тексті контейнер ішіне қалай жазуға болады?

4. Қарапайым мәтінді басқарудың қосымша элементтері қай терезеде шығады?

5. Байланысқан мәтін торларын қалай құруға болады?

















Дәріс №26. Бірнеше объектілермен жұмыс


  1. Объектілерді құрастыру

  2. Объектілерге қолданылатын бульдік операциялар

  3. Объектілерді көбейту


CorelDraw-векторлық графикалық бағдарламаның ең танымалысы.

CorelDraw векторлы бейнені редакторлайтын құралсыз графиканы өндемейтін беймәлім пакет. Редактор Adobe Photoshop пен Adobe Illustrator-ға қарағанда мықты. CorelDraw көптеген есептеулерді есептеп және графикалық тапсырмаларды шешу үшін арналған. Бұл пакетте сонымен бірге расторлық және веторлық графикаға текстура дайындау, шрифтің редакторы, трассилеу мен үлкен көлемдегі бейнелер үшін қолданылатын бағдарламалар бар.

Объектілердің орналасу ретін өзгерту үшін керекті объектіні ерекшелеп, менюден Arrange (туралау) > Order (реті) командасын орындау керек.

  • To Front - таңдалған объект алдында тұрады.

  • To Back - таңдалған объектіні артына орналастыру.

  • Forward One – таңдалған объектіні бір обьекке алдыға орналастырады.

  • Back One - таңдалған объектіні бір объектке артқа орналастыру.

  • In Frond Of - қай объектінің алдына орналастыру екенін көрсетеді.

  • Behind - қай объектінің артына орналастыру керек екенін көрсетеді.

  • Reverse Order – ерекшеленген объектінің өзара орналасуын көрсетеді.

Объектілерді құрастыру (комбинирование). Комбинирование – бірнеше объекттерден жаңа объект құру. Объекттерден жаңа объект құрастыру үшін алдымен керекті объекттерді ерекшелеп алу керек. Сонан соң қасиеттер палитрасында hello_html_m4e847035.png батырмасын немесе Ctrl+L пернелер комбинациясын шерту немесе Arrange > Combine командасын орындау керек.

Объектілерге қолданылатын бульдік ( логикалық ) операциялар

  1. Weld (обьединение) – біріктіру. Байланыссыз біріктіру нәтижесінде объектінің контуры және құю соңғы ерекшеленген объектінікіндей болады. Егер объектілер рамка көмегімен ерекшеленсе, онда соңғы объект ретінде ең төменгі объектінің контуры мен құюы алынады.

  2. Trim – айырым алу. Соңғы ерекшеленген объектіден басқа объектілермен ортақ бөлігін алу нәтижесінде жаңа объект құру үшін қолданылады. Егер объектілер рамка көмегімен ерекшеленсе, онда соңғы объект ретінде ең төменгі объектіден шегеріледі.

  3. Intersect – қиылысу. Соңғы ерекшеленген объект негізінде объектілердің қиылыспайтын бөліктерін алып тастау нәтижесінде жаңа объект құруға мүмкіндік береді. Егер объектілер рамка көмегімен ерекшеленсе, онда соңғы объект ретінде ең төменгі объект алынады.

Объектілерді туралау

Объектілерді өзара туралау және белгілі ретпен орналастыру үшін Align and Distribute командасы қолданылады. Команданың орындау нәтижесінде екі бетпарақтан тұратын сұхбат терезесі шығады.

Align Top - ерекшеленген объектілер жоғарыдан тураланады

Center - объектілердің көлденең ортасынан тураланады.

Botton - ерекшеленген объектілер төменнен тураланады.

Left - ерекшеленген объектілер сол жағынан тураланады.

Center - ерекшеленген объектілер тігінен тураланады.

Right – объектілер оң жағы бойынша тураланады.

Edge to Page - парақ бойынша туралау

Center of page – ерекшеленген объектілер беттін дәл ортасында орналасады.

Align to Grid - ерекшеленген объектілер тор түйіндеріне бекітіледі.

  1. Distribute – бұл бетпарақтағы тулар көмегімен бет көлемінде және қандайда бір объект бойынша объектілерді бір – бірлерімен бірдей арақашықтықта орналастыруға болады. Орналастыруын көрсету үшін Distribute of тобының тулары қолданылады.

Extent of Selection - ерекшеленген объектілер бойынша.

Extent of Page бет бойынша

Preview батырмасы көмегімен құжат терезесінде өзгерістерді көруге мүмкіндік береді.

Reset батырмасы барлық туралау және орналастыру командаларын болдырмайды. Объектілерді немесе объектілер тобын туралағаннан соң байқаусыз өзгерістерден сақтау үшін объектілерді бекітіп қойған жөн. Ол үшін: Arrang > Lock Object командасын орындау керек. Нәтижесінде объектке ешқандай операциялар қолдануға болмайды. Блокты алып тастау үшін Arrange > Unlock Object командасын орындау керек.

Объектілерді көбейту (көшірмесін алу)

Объектілерді көбейту үшін Duplicat және Clone командалары қолданылады.

Duplicate – операциясының нәтижесінде объектінің дәлме-дәл көшірмесі алынады да көшірме жеке объект болып табылады. Бұл команданы орындау үшін Ctrl+D комбинациясын және «+» пернесін басу керек.

Edit Clone командасының нәтижесінде құрылған объект бастапқы объектке тәуелді болады. Егер оригинал объектіге қандай да өзгерістер енгізсек, ол автоматты түрде оның барлық клондарында пайда болады. Ал клондағы өзгерістер оригинал объектіге әсер етпейді.


Бақылау сұрақтары:

  1. CorelDraw-да объектілермен қандай әрекеттер орындауға болады?

  2. Объектілердің формасын редакторлайтын қандай саймандар бар және олардың жұмысын түсіндіріңіз?

  3. Объектілерді туралау, реттеу түрлері?





Тәжірибелік сабақ №4

Объектілермен жұмыс жасау


Сабақтың мақсаты: Күрделі объектілерді біріктіру тәсілдерімен таныстыру.

Қажетті материалдар мен жабдықтар: ДЭЕМ, тәжірибелік сабақтарды орындауға нұсқаулықтар, тақта, бейне проектор.


Жұмыстың мазмұны мен орындалу реті:

  1. Тапсырмаларды орындау мысалдарын қарастыру

  2. Ретімен берілген тапсырмаларды орындау

  3. Тәжірибелік жұмысты талапқа сай орындап тапсыру


Теориялық бөлім:

CorelDraw-да объектілерді реттестірудің мынадай түрлері бар: басқа объектіге салыстырмалы реттестіру, бірінің үстінде бірі орналасқан объектілерде сурет бетіне шығу тізбесін өзгерту, топтасу және объектілерді біріктіру. Ол үшін қажетті командалардың бәрі Arrange (монтаж) мәзірінің ішінде орналасқан. Объектілердің тізбегін өзгертетін жеті команда бар:

Ол Arrange-Order (рет) командасы арқылы шақырылады. Бұл командалар: алдына шығару, артына шығару, алға, артқа, тізімді бастапқы қалпына келтіру, объект алдына, объектіден кейін объектілерді топтау және топталған объектілерді бастапқы қалпына келтіру.

Бірнеше объектілерді бір топқа біріктіру үшін, алдын ала ол объектілерді жоғарыда айтылған тәсілдердің бірімен белгілеу керек. Содан соң Arrange-Group (топтастыру) командасын орындау керек. Осы топталған объектіні қайтадан бастапқы қалпына келтіру үшін Ungroup (топты жою) командасын орындау қажет. Топтастыру мен біріктіуден басқа екі немесе бірнеше объектілерден бір объекті немесе бірнеше жаңа объекілер алудың үш тәсілі бар. Бұлар: біріктіру, қиылыстыру және шегеріп тастау.

Біріктіру. Бұл операция орындағанда бірнеше объектілер бір контурмен қоршалып, араларындағы бастапқы объектілер контурлары жойылады да, бір объект болып шығады.

Қиылыстыру. Бұл операция нәтижесінде екі немесе бірнеше объектілердің қиылысуында пайда болған объект шығады.

Шегеріп тастау. Бұл операция орындалу барысында таңдалынған объектінің белгіленген объектімен кесілген бөліктері жойылады.


Тапсырмалар:

1 тапсырма. Объектілерді бір-біріне салыстырмалы түрде орналастыру.

1. 1-суретте көрсетілгендей бірнеше объект құрып, оларды салыстырмалы түрде орналастыруға тырысыңыз.


hello_html_6880ffb5.png

1-сурет. Объектілерді бір-біріне салыстырмалы түрде орналастыру.


2. Суретте ең төменде орналасқан объект тіктөртбұрыш, ал ең жоғарыда орналасқан объект жұлдызша. Үнсіз келісім бойынша объектілер, олардың құрылу ретіне сай орналасады. Яғни ең жоғарғы объект соңғы құрылған объект болып табылады.

3. Егер объектілердің оналасу ретін өзгерту керек болса, Жинақтау→ Реті мәзірін қолдану керек.

4. Дәл сол мәзірді тышқанның оң жақ батырмасымен басып шақырылған констекстік

мәзірмен де шақыруға болады.





hello_html_7c78d522.png

2 тапсырма. Бірнеше объектілермен операциялар орындаңыз.

Кесіп алу.

1. Екі объект салыңыз да, бірінің үстіне бірін орналастырыңыз.

2. Алдымен кесілетін объектіні ерекшелеңіз, содан соң shift пернесін басып тұрып

кесетін оъектіні белгілеңіз.

3. Логикалық операциялар терезесінен Trim (Кесіп алу) командасын орындаңыз (2-

сурет).

hello_html_m433f68e8.png

3 тапсырма. Күрделі объектілерді біріктіру тәсілдері бойынша бөтелке формасын алыңыздар.


hello_html_m472304ff.png







Дәріс №28. Объектінің формасын өзгерту


  1. Контуды және құюды өңдеу

  2. Контурдың параметрлерін баптау

  3. Құюларды қолдану

CorelDraw –да әрбір объектің екі негізгі атрибуты бар:

Outline (контур), Fill (құю). Контур немесе абрис деп объектінің формасын анықтайтын сызықты атайды. Құю контурмен шектелген аймақтын тїстік параметрлерін анықтайды. Құю тек тұйық объектілерде болады.

Контурдың параметрлерін баптау

hello_html_6123ba97.png-Outline Pen батырмасы көмегімен ашылатын Outline Pen сұхбат терезесінде жүргізіледі.

hello_html_m477a1a48.png


Контурдың параметрлері:

Color – контурдың түсі

Width – контур сызығының қалыңдығы

Style контурдың стилі

Edit Style – сызықтар үшін меншікті стиль құру

Corners – бүїгілген жерлердегі контурдың түрі

Line caps – сызықтар ұштарының түрі

Arrows – бағыттаушылар (стрелкалар)

Calligraphy – каллиграфия (қаламмен немесе қылқаламмен сызылған сызықты баптау)

Behind Fill - контур құюдың үстіне салынады ма екені анықталады. Контур құю үстінде болса, онда контурдыѕ қалыңдығы екі есе кішірейеді

Scale with image - объектпен қоса масштабтау

Құюларды қолдану

Объектінің құю параметрлерін орнату үшін Fill палитрасы қолданылады.

1. Uniform Fill – біртүсті құю (однородная заливка).

2. Fountain Fill Dialog градиентті құю.

Градиентті құюдың параметрлері:

  • Type – градиенттік құюдың түрін анықтайды: Linear (сызықтық), Radial (радиальдық), conical (конустық), sguare (квадраттық).

  • Center Offat – градиент ортасының ауытқуы.

  • Angle – градиенттің бастапқы бұрышын анықтау.

  • Steps - (шар) қадам саны 256 max

  • Edge pad – объектінің шетінен шегініс.

Тїсті араластыру екі режимде жүргізіледі:

  • Two Color (екі түсті)

  • Custom (қолданушылық)

Two Color режимінде екі түс қолданылады.

Mid Point (орта нүкте) – түстік ауысудың шекарасын анықтайды.

Custom режимінде градиенттік құю үшін түстің шексіз санын қатыстыруға болады.

Fountain Fill Dialogсұхбат терезесінің төменгі жағында CorelDraw пакетімен бірге орнатылатын градиенттер: «+» тізімі орналасқан батырмасы көмегімен қолданушы құрған градиенттік тізімді құруға болады. « - » белгісі тізімнен жояды.

3/ Pattern Fill Dialog (pfkbdrf ntrcnehs) – j.vty құ./

Параметрлері:

  1. Оюдың түрі:

  • Two Color – екі түсті.

  • Full Color – толық түсті.

  • Bitmap – растрлік.

  1. Origin – ауытқуы. Объектінің ортасы бойынша оюдың ауытқуын анықтайды.

  2. Size – оюдың көлемі.

  3. Skew – оюдың наклоны.

  4. Rotate – оюды айналдыру.

  5. Transform fill with object - оюды объектімен қоса өзгерту.

Load батырмасы көмегімен оюды файлдан жіктеуге болады. Createбатырмасы көмегімен оюды құруға болады.

4. Texture Fill Dialog текстурамен құю.

Параметрлері:

  1. Texture library текстуралардың әр-түрлі кітапханаларын таңдау үшін арналған тізім.

  2. Style текстураның сыртқы түрін өзгерту параметрлер тобы.

  3. Preview алдын - ала құру.

  4. Tiling наложение.

  5. Options – көмегімен текстураны растрилизациялау параметрлерін орнатуға болады.

    • Bitmap resolution – растрлік оюдың шешілуі.

    • Maximum file width – пикселдер саны көрсетіледі.

ЕСКЕРТУ: Текстуралық құюларды қолдану, бейнені экранға шығару және қағазға басуын баяулатады.

  1. Post Script Fill Dialog құюдың бұл түрі текстураға ұқсас бірақ қағазға шығару процесінде ол растрлік бейнеге түрлендірілмейді. Бұл жаєдайда принтер Post Script (беттерді сипаттау) тілін қолдануы қажет.


Бақылау сұрақтары:

  1. СorelDraw-да құюдың неше түрі бар?

  2. Eyedropper және Paintbucket саймандары не үшін қолданылады?

  3. Outline Pen сұхбат терезесіне сипаттама беріңіз.




Дәріс №29. Макет құру


      1. Беттің толық макетін баптау

      2. Объектілер диспетчер терезесі


Макет құру – бұл дизайнердің ойын жүзеге асыру үшін беттің және макет элементтерінің (мәтіннің, растрлік және векторлық бейнелердің) орналасу параметрлерін баптау. Жаңа құжат құрғанда CorelDraw автоматты түрде А4 (210х297 мм) форматын орнатады. Форматты өзгерту керек болса, ашылатын форматтар тізімінен керекті форматты таңдау керек немесе қасиеттер палитрасында тиісті өріске қажетті көлемді орнату керек. Беттің макетін толық баптау үшін Tools > Options командасын орындап, Document > Page бетін ашамыз. Бұл бетте 4 пункт бар:

  1. Size (көлем) – бұл пункте беттің параметрін баптауға болады. Алдын ала құру терезесінде енгізілген өзгертулерді байқауға болады.

  2. Logout (макет) – бұл пункте ашылатын Logout тізім көмегімен 6 шаблонның біреуін таңдауға болады :

    • Full Page (толық бет)

    • Book (кітап)

    • Book Let (буклет)

    • Tent Card (Открытка)

    • Side Fold (карточка с боковым сгибом)

    • Top Fold Card (карточка с верхним сгибом)

Макеттің өзгеруі алдын ала көру терезесінде бейнеленеді. Facing Page (айналық беттер) туын екі жақты басылым үшін қолданады.

Start on тізімі (начать с ...) бірінші беттің номері жұп немесе тақ болатынын анықтайды.

3. Label (наклейки) компакт дискімен бірге болатын 800 – ден астам стандартты наклейкалар пакетінен наклейканы таңдауға мүмкіндік береді. Егер де керекті нұсқа жоқ болса, Customize Label бөлуді баптау батырмасына шертіп, ашылған сұхбат терезесінде бөлу параметрлерін болады.

4. Background (фон) – бқл пункт беттің фонын таңдауға мүмкіндік береді. Ауыстырғыштар көмегімен 3 нұсқаны таңдауға болады.

  • No Background (фон жоқ)

  • Solid (бір түсті фон)

  • Bitmap (растрлік форматтағы бейне).

Print and Export Background туы фонды экспорттауға және қағазға шығаруға мүмкіндік береді. Егер ту орналатылмаса, онда фон экранда көрінеді де, қағазға басылмайды және экспорттағанда сақталмайды.

Object Manager (объектілер диспетчері) терезесін қолдану. Күрделі құжаттармен жұмыс істегенде объектілер арасында ыңғайлы түрде ауысу үшін Object Manager терезесі қолданылады. Бұл терезеде иерархия түрінде құжаттағы бар барлық беттер, қабаттар және объектілер орналасады. Бұл терезе көмегімен қабаттағы объектілердің орналасуын өзгертуге болады. Объектілерді ерекшелеуге, топтастыруға, көшірмесін алуға және де контурдың түсін өзгертуге мүмкіндік бар. Бұл терезені ашу үшін Window > Docker > Object Manager командасын орындау керек. Object Manager терезесінде ерекшеленген объект жұмыс аймағында да ерекшеленеді. Үнсіз келісім бойынша әрбір қабат (Laуer) реттік номер жазуымен белгіленеді. Қолданушы қабаттың атауын өзгерте алады. Ол үшін қабаттың атауының үстінен екі рет шерту керек.

Қабаттың атауының сол жағындағы көздің белгішесі осы қабаттағы орналасқан объектілерді көрінбеуіне әсер етеді. Принтер белгішесі осы қабатта орналасқан объектілерді қағазға басуға рұқсат етеді немесе тыйым салады. Қарындаш белгісі осы қабатта орналасқан объектілерді өңдеуге рұқсат етеді немесе тыйым салады. Терезеде құжат туралы қандай ақпарат көрсетілетінін анықтау үшін және құжатты өңдеу үшін келесі басқару элементтері қолданылады.

Show Object Property (объектінің қасиетін көрсету) - объектінің атауының қасында объект туралы ақпарат жазылады (контурдың түсі және қалыңдығы, құюдың түсі).

Edit Across Layer қабаттар арасында өңдеу, терезеде қай қабат ерекшеленгеніне байланыссыз кез – келген қабаттағы объектіні өңдеуге мүмкіндік береді.

Layer Manager View үрлер диспетчері) – бұл режимді қолданғанда терезеде тек қабаттар ғана көрсетіледі.

New Layer - жаңа бос қабат құрады

New Master Layer - бұл жаңа шаблон бет құрайды.

Delete – ерекшеленген қабат, объект немесе объектілер тобын жояды.

Объектіні бір қабаттан екінші қабатқа ауыстыру немесе көшірмесін алу үшін терезе менюінің Move to Layer немесе Copy to Layer командаларын орындауға болады.

Объектілерді туралау және бекіту

Snap to Grid кнопкасы бойынша объектілерді тор бойынша туралау режимі іске қосылады. Тордың параметрлерін баптау үшін Tools > Options командасын орындап, Document Grid терезесінде баптауға болады. Freguency (жиілік, частота) – көлденеңінен және тігінен өлшем бірлігіне келетін тор сызықтарының жиілігін орнатады. Spacing (арақашықтық) – тордың қадамы. Show Grid (торды көрсету) – торды көрсету немесе алып тастау. Snap to Grid (торды бекіту) – торды сызықтарға бекіту. Show Grid as Lines ( тор сызықтарын пунктермен көрсету). Show Grid Dots (тор сызықтарын нүктемен көрсету)

Жоғары сапалы құжат құру үшін, жұмысты тез және жоғары деңгейде жүргізу үшін белгілі ережелерді сақтау керек. Күрделі құжаттардың макетін құру үшін келесі кеңестерді орындаған жөн.

  1. Құжатты жоспарлау – яғни, бейне қай мақсатпен құрылады және соңғы нәтиже қандай болады екенін анықтау.

  2. Эскиз құру – жұмыстың алдында қағазға графиканың және мәтін элементтерінің орналасуын көрсетіп алу.

  3. Шаблон дайындау – бұл объектілерді туралауды жеңілдету.

  4. Құжатты құру.

  5. Алдын ала қағазға шығарып, нәтижені көру.

  6. Құжатты қағазға немесе плёнкаға шығару.



Бақылау сұрақтары:

Ehello_html_50f20586.pngraser сайманын қолданып төмендегідей сурет салыңыз:

Боялған шеңбер салып, 8 рет көшірмесін алыңыз. Smudge сайманы арқылы шеңберлердің формасын төмендегідей түрге келтіріңіз:
















hello_html_1fa86eeb.png


hello_html_m12b4a1b.png





Тәжірибелік сабақ №5

Макет құру


Сабақтың мақсаты: Студенттерді әр түрлі макет құруға және олардың өңдеуге үйрету


Қажетті материалдар мен жабдықтар: ДЭЕМ, тәжірибелік сабақтарды орындауға нұсқаулықтар, тақта, бейне проектор.


Жұмыстың мазмұны мен орындалу реті:

  1. Тапсырмаларды орындау мысалдарын қарастыру

  2. Ретімен берілген тапсырмаларды орындау

  3. Тәжірибелік жұмысты талапқа сай орындап тапсыру


Теориялық бөлім:

Макет құру – бұл дизайнердің ойын жүзеге асыру үшін беттің және макет элементтерінің (мәтіннің, растрлік және векторлық бейнелердің) орналасу параметрлерін баптау. Жаңа құжат құрғанда CorelDraw автоматты түрде А4 (210х297 мм) форматын орнатады. Форматты өзгерту керек болса, ашылатын форматтар тізімінен керекті форматты таңдау керек немесе қасиеттер палитрасында тиісті өріске қажетті көлемді орнату керек. Беттің макетін толық баптау үшін Tools > Options командасын орындап, Document > Page бетін ашамыз. Бұл бетте 4 пункт бар:

  1. Size (көлем) – бұл пункте беттің параметрін баптауға болады. Алдын ала құру терезесінде енгізілген өзгертулерді байқауға болады.

  2. Logout (макет) – бұл пункте ашылатын Logout тізім көмегімен 6 шаблонның біреуін таңдауға болады :

    • Full Page (толық бет)

    • Book (кітап)

    • Book Let (буклет)

    • Tent Card (Открытка)

    • Side Fold (карточка с боковым сгибом)

    • Top Fold Card (карточка с верхним сгибом)

Макеттің өзгеруі алдын ала көру терезесінде бейнеленеді. Facing Page (айналық беттер) туын екі жақты басылым үшін қолданады.

Start on тізімі (начать с ...) бірінші беттің номері жұп немесе тақ болатынын анықтайды.

3. Label (наклейки) компакт дискімен бірге болатын 800 – ден астам стандартты наклейкалар пакетінен наклейканы таңдауға мүмкіндік береді. Егер де керекті нұсқа жоқ болса, Customize Label бөлуді баптау батырмасына шертіп, ашылған сұхбат терезесінде бөлу параметрлерін болады.

4. Background (фон) – бқл пункт беттің фонын таңдауға мүмкіндік береді. Ауыстырғыштар көмегімен 3 нұсқаны таңдауға болады.

  • No Background (фон жоқ)

  • Solid (бір түсті фон)

  • Bitmap (растрлік форматтағы бейне).


Тапсырмалар:

  1. Мына көпбұрыштарды құрыңыз.

hello_html_7a017c36.gif


  1. АҚШ туының бейнесін салыңыз. (ақ фонда жеті қызыл жолақ, сол жақ жоғарғы бұрышында көк төртбұрыш ішінде шахматты тәртіпте қойылған 50 ақ түске боялған бес жұлдыздар).

  2. Турция туын салыңыз. (қызыл фонда солдан оңға қараған, ақ түсті ай. Ай ортасында ақ түсті бес жұлдыз).

  3. Ирак туын салыңыз ( Үш жолақ: үстінде – қызыл, ортасында – ақ, астында – қара. Ақ жолақ ортасында үш жасыл түске боялған бес жұлдыз).

  4. Панама туын салыңыз. (Шахматты тәртіпте төрт тіктөртбұрыш. Сол жақ жоғарғы және оң жақ төменгі төртбұрыштар ақ түсте. Сол жақ төменгі көк, оң жақ жоғарғы қызыл. Сол жақ жоғарғысында көк бес жұлдыз, оң жақ төменгісінде қызыл бес жұлдыз).



Дәріс №31. Беттер мен қабаттар


    1. Беттерді қосу және беттер бойынша жылжыту

    2. Беттерді жою және атын өзгерту


Corel Draw бағдарламасында обектілер мен құжаттарды басқарудың көптеген құралдары орнатылған. Құралдардың мәні мен функциялары бойынша әр түрлі, бірақ олар бір мақсатта- күрделі құжаттармен немесе ұқсас құжаттармен үлкен мөлшерімен жұмыс істеуді жеңілдетеді. Мұндай негізгі құралға: беттер,үлгі-беттер,стильдер, қабаттар (слой) және кітапхана жатады.

Corel Draw құжаттары мәтіндік редактордың құжаттары сияқты көпбетті болуы мүмкін. Біз беттерді қолдана отырып, көпбетті басылымдарды жасап қана қоймай,біртипті құжаттарды да ұйымдастыруға болады.

Беттерді қосу және беттер бойынша жылжыту

Бетті горизонталь (көлденең) жолақты сол жағында орналасқан навигатордың көмегімен жүргізіледі. Навигатордыі бес батырмасы бар: бірінші және соңғы бетке ауысу, бір бетке ауысу,бір бетке алға немесе артқа ауысу, кез келген бетке ауысу. Егер құжаттың соңғы беті ағымдағы бет болатын болса, онда келесі бетке ауысу батырмасы «плюс» белгісімен белгіленген бет қосу батырмасына айналады. Ал, егер ағымдағы бет бірінші бет болса, онда алдыңғы бетке ауысу батырмасы бет қосу батырмасына айналады. Бұл құжаттың басында және аяқ жағына беттерді оңай ауыстыруға мүмкіндік береді. Кез келген бетке ауысу батырмасы ортада орналасқан. Ол құжатта барлығы қанша бет екенін көрсетеді.

Беттерді жылдам аударып шығу

Беттерді PageUp жјне Page Down пернелерін басып аудару тиімді. Бұл пернелер Мәтін (Text) Инструменті ағымдағы болғанда ғана басқаша жұмыс істейді, өйткені мәтін меңзерді жылжыту қызметін атқарады.жұмыс барысында бірінші және соңғы бетке жиірек ауысуға тура келеді. Ол їшін навигатор шетерініѕ боында орналасқан арнайы батырмаларды тік сызыққа тіркелген стрелкалар түрінде болады.

Беттерді жою

Ағымдағы беттерді жою үшін контексті менюдің көмегімен оңай жоюға болды.

  1. тінтіуірдің оң жақ батырмасымен беттің таңбашасын шертеміз.

  2. Контексті менюден Удалить страницу (бетті жою) командасын таңдаңыздар. Жою әрекетін растауды сұратпай-ақ жүргізілетіне көңііл аудару керек.

  3. Бірнеше бетті қатар жоюды басты менюді пайдалану қолайлы. Размещение ( Орналастыру) менюінен Удалтиь страницу пунктін таңдау керек.

  4. Ашылған Стирание страницы диалог терезесіндегі Стереть страницу өрісіне енгізу.

  5. По страницу орнату және оң жақ өрісте өшіру бетін көрсету.

  6. Ok батырмасын шертіңіздер. Сонда берілген (мысалы төртінші беттен бастап жиырма екінші бетке дейін жойылады).

Беттердің атын өзгерту

Беттердің әрқайсысына ерікті түрде ат қоюға болады. Бетке оның мазмұныны қысқашы сипаттайиын ат қою керек. Егер беттің аты бір сөзден тұратын болса, ыңғайлы болады, өйткені ол беттің таңбашасына тұтас сияды, ал жалпақ таңбашалар беттерді ауыстыруды қиындатып, көп орын алады.

Қабаттар. Қабаттар онда иллюстрация обьектілерісалынған мөлдір пленкаға ұқсас болады. Мұндай қабаттар қанша болса да жасауға және оларды жеке-жеке басқаруға болады. Қабаттар қағаз бетіне топтамаға жиналып салынады.

Corel Draw да қабаттар обьектілердің композициялы байланысқан топтарын белгілеуге мүмкіндік береді. Қабатты уақытша көрінбейтіндей етіп жасауға немесе оны басылмайтын деп жариялап, баспаға шығармауға болады. Берілген қабаттың ішіндегісін өзгертпеу үшін ( бұзбау үшін) оны бұғаттау (блокировка) жеткілікті болады. Күрделі иллюстрацияны қабаттарға бөлу жұмыстары айтарлықтай жеңілдетеді және құрылымды жасайды.

Қабаттың белгішесінің қасында оның атрибуттарының белгішесі бар. Көз белгішесі қабаттың көру атрибутын басқаруға мүмкіндік береді. Қабат көрінетін кезде белгіше-қара,көрінбейтін кезде-сұр болады.

Оң жақтағы белгішедегі принтер басылымдық атрибутын символдайды. Егер белгіше қара болса, онда құжаттар принтерге шығарғанда осы қабаттағы обьектілер басылып шығады, егер сұр болса басылмайды.

Қарындаш белгішесі қабатты бекітуге және оны редакцияланбайтын жағдайға келтіруге мүмкіндік береді. Үйіліп қойылатын обектілерді жеке қабаттарға орналастыру өте қолайлы, сонда барлық қабаттар жоғарыды орналасқан обьектілермен бірге бекітіп, олардың астындағы обьектілерді белгілеу қиыншылықтарынан құтылуға болады.

Үлгі қабаттар

Corel Draw-ды тек факс блактерін жасау үшін ғана емес , компьютерде қағаз мәтін енгізе отырып, факстың өзінде жасауға қолдануға болады. Үлгі қабат - мазмұны құжаттың барлық беттеріне автоматты түрде кқөшірілетін қабат. Пайдаланушы құжаттың барлық қайталанатын элементтерін жеке қабатқа салып, оны үлгі деп жариялауы керек. Егер құжаттардың бір –бірінен айырмашылықты екі сериясын алу керек болса, оларды бір файлға қоюға болады, тек бұл жағдайда екі үлгі (шаблон) қажет. Corel Draw барлық үлгі қабаттарын бір бетке үлгі бетке орналастырады. Үлгі беттер тізімінің төменгі жағында орналасады. Егер файл жаңадан жасалған және бос болса, бетте үш үлгі –қабат автоматты түрде жасалады: сетка (тор), направллющие (бағыттаушылар), рабочий стол (жұмыс үстелі). Тор мен бағыттаушының барлық бетке бірдей болатындығы олардың үлгі қабатта жасалғандығымен түсіндіріледі.

  1. Үлгі –бетте үш стандартты үлгі қабаттардан басқа ештеме жоқ. Бағыттаушылар-бұл онда пайдаланушылар жасаған обьектілері бар жалғыз үлгі – қабат. Бағыттаушы қабаттың белгішесінің қасында «+» белгісіне тінтуірмен шертіңіз.Сіздердің алдарыңызда құжатта бар бағыттаушылардың тізімі ашылады.

  2. Кез келген бағыттаушының белгішесінде шертіңіздер. Құжаттың бетінде ол белгіленген болып шығады. Corel Draw үшін бағыттаушылар кез –келген басқалар сияқты обектілер болып табылады. Егер принтер белгішесінде тінтуірді шертіп, бағыттаушы қабатын басылатын жасасаңыздар,құжатты әуелі бағыттаушы қабатын басылатын жасасаңыздар, құжатты әуелі бағыттаушылармен бірге басып шығара аласыздар.

Бланктың үлгі-қабатта болғандығы өте қолайлы. Бланкке өзгертулер енгізу керек болғанда, оны әр көшірме мен әр бетте жасаудың қажеті жоқ-үлгіні өзгерту жеткілікті.

Жаңа объектілер, үлгі және ағымдағы қабат

Барлық жаңадан жасалынатын және алмастыру буферіне қойылатын объектілерді бағдарлама ағымдағы қабатқа орналасады. Бұрыннан бар объектілерді қалай болса да модификациялау (өзгерту) оларды ағымдағы қабатқа апармайды..Объектілерді үлгіде емес, беттерде жасау үшін, алдын ала басқа қабатты (үлгілік емес) ағымдағы ету керек, өйткені кез келген үлгі қабатқа орналастырылған объект дереу барлық беттерде пайда болады.


Бақылау сұрақтары:

1. Беттерді қосу және беттер бойынша жылжыту

2. Беттерді жылдам аударып шығу

3. Беттерді жою

4. Беттердің атын өзерту

5. Үлгі қабаттар












Тәжірибелік сабақ №6

Қабаттармен жұмыс жасау


Сабақтың мақсаты: Қабаттармен және онда орындалатын әр түрлі әректтермен таныстыру


Қажетті материалдар мен жабдықтар: ДЭЕМ, тәжірибелік сабақтарды орындауға нұсқаулықтар, тақта, бейне проектор.


Жұмыстың мазмұны мен орындалу реті:

  1. Тапсырмаларды орындау мысалдарын қарастыру

  2. Ретімен берілген тапсырмаларды орындау

  3. Тәжірибелік жұмысты талапқа сай орындап тапсыру


Теориялық бөлім:

Қабаттар онда иллюстрация обьектілерісалынған мөлдір пленкаға ұқсас болады. Мұндай қабаттар қанша болса да жасауға және оларды жеке-жеке басқаруға болады. Қабаттар қағаз бетіне топтамаға жиналып салынады.

Corel Draw да қабаттар обьектілердің композициялы байланысқан топтарын белгілеуге мүмкіндік береді. Қабатты уақытша көрінбейтіндей етіп жасауға немесе оны басылмайтын деп жариялап, баспаға шығармауға болады. Берілген қабаттың ішіндегісін өзгертпеу үшін ( бұзбау үшін) оны бұғаттау (блокировка) жеткілікті болады. Күрделі иллюстрацияны қабаттарға бөлу жұмыстары айтарлықтай жеңілдетеді және құрылымды жасайды.

Қабаттың белгішесінің қасында оның атрибуттарының белгішесі бар. Көз белгішесі қабаттың көру атрибутын басқаруға мүмкіндік береді. Қабат көрінетін кезде белгіше-қара,көрінбейтін кезде-сұр болады.

Оң жақтағы белгішедегі принтер басылымдық атрибутын символдайды. Егер белгіше қара болса, онда құжаттар принтерге шығарғанда осы қабаттағы обьектілер басылып шығады, егер сұр болса басылмайды.

Қарындаш белгішесі қабатты бекітуге және оны редакцияланбайтын жағдайға келтіруге мүмкіндік береді. Үйіліп қойылатын обектілерді жеке қабаттарға орналастыру өте қолайлы, сонда барлық қабаттар жоғарыды орналасқан обьектілермен бірге бекітіп, олардың астындағы обьектілерді белгілеу қиыншылықтарынан құтылуға болады.

Үлгі қабаттар

Corel Draw-ды тек факс блактерін жасау үшін ғана емес , компьютерде қағаз мәтін енгізе отырып, факстың өзінде жасауға қолдануға болады. Үлгі қабат - мазмұны құжаттың барлық беттеріне автоматты түрде кқөшірілетін қабат. Пайдаланушы құжаттың барлық қайталанатын элементтерін жеке қабатқа салып, оны үлгі деп жариялауы керек. Егер құжаттардың бір –бірінен айырмашылықты екі сериясын алу керек болса, оларды бір файлға қоюға болады, тек бұл жағдайда екі үлгі (шаблон) қажет. Corel Draw барлық үлгі қабаттарын бір бетке үлгі бетке орналастырады. Үлгі беттер тізімінің төменгі жағында орналасады. Егер файл жаңадан жасалған және бос болса, бетте үш үлгі –қабат автоматты түрде жасалады: сетка (тор), направллющие (бағыттаушылар), рабочий стол (жұмыс үстелі). Тор мен бағыттаушының барлық бетке бірдей болатындығы олардың үлгі қабатта жасалғандығымен түсіндіріледі.

  1. Үлгі –бетте үш стандартты үлгі қабаттардан басқа ештеме жоқ. Бағыттаушылар-бұл онда пайдаланушылар жасаған обьектілері бар жалғыз үлгі – қабат. Бағыттаушы қабаттың белгішесінің қасында «+» белгісіне тінтуірмен шертіңіз.Сіздердің алдарыңызда құжатта бар бағыттаушылардың тізімі ашылады.

  2. Кез келген бағыттаушының белгішесінде шертіңіздер. Құжаттың бетінде ол белгіленген болып шығады. Corel Draw үшін бағыттаушылар кез –келген басқалар сияқты обектілер болып табылады. Егер принтер белгішесінде тінтуірді шертіп, бағыттаушы қабатын басылатын жасасаңыздар,құжатты әуелі бағыттаушы қабатын басылатын жасасаңыздар, құжатты әуелі бағыттаушылармен бірге басып шығара аласыздар.

Бланктың үлгі-қабатта болғандығы өте қолайлы. Бланкке өзгертулер енгізу керек болғанда, оны әр көшірме мен әр бетте жасаудың қажеті жоқ-үлгіні өзгерту жеткілікті.




Тапсырмалар:

1 тапсырма. "Градиенттік бояумен құю" және "Интерактивтік мөлдірдік" құралдарының көмегімен "Жүрек" бейнесін алу (1-сурет).

1. Жүрек суретін салып, оған радиальдық бояумен құю командасын пайдаланып, тӛмендегі бейнені алыңыз.

2. Жүрек суретінің көшірмесін алыңыз.

3. Сурет көшірмесіне "Интерактивтік мөлдірдік" эффектісін қолданыңыз да, оны бірінші суреттің үстіне орналастырыңыз.




hello_html_dc099ad.png
























Дәріс №33. Corel Draw редакторында растрлық бейнелермен жұмыс


1. Растрлық графикаға айналдыру


CorelDRAW редакторында растрлық бейнемен жұмыс үшін мықты құралдар бар. Графикалық құжатқа растрлық сурет қоюға болады, кез келген векторлық суретті растрлыққа айналдыруға болады, сонымен қатар растрлық бейнеден векторлық сурет алуға болады.

Растрлық бейнелерді редакциялау құралына өту қасиеттер панелінде растрлық суретті импорттағаннан кейін орындалады. CorelDRAW-да растрлық суреттерді редакциялау үшін бірнеше құралдар бар. Бірақ растрлық графикамен толық жұмыс тек арнайы растрлық графиканың графикалық редакторында мүмкін болатынын білу қажет. Растрлық суреттің өлшемін өзгерту үшін Растрлық Бейненің өлшемін Өзгерту батырмасына шерту. Растрлық суреттің енін және биіктігін дәл қою үшін, сонымен қатар Сақтау жалаушасын қою үшін Өлшем өзгерту терезесі ашылады.

Растрлық графикаға айналдыру.

Кез келген векторлық обьектіні немесе обьектілер тобын растрлық графика обьектісіне айналдыруға болады. Айналдырғаннан кейін оны векторлық түрде редакциялауға болмайды, бірақ оған растрлық графиканың эффектілерін қолдануға болады. Көптеген жағдайларда бұл өзгеріс тек растрлық графикамен жұмыс істейтін көркем эффектілерді пайлануда орындалады. Векторлық графиканы айналдыру үшін обьектілерді ерекшелеу қажет, содан кейін Растрлық бейнелер – Растрлық Бейнеге ауыстыру командасын орындау керек, келесі баптауларды орындауға болатын Растрлық Бейнеге Ауыстыру терезесі ашылады:

  • Түс өрісіне растрлық бейнеде алынатын түстер санын орнытыңыз;

  • Аралас өрісіне жалаушасын қоюда кейбір реңктерді бірнеше түстердің араласуымен алуға болады;

  • Рұқсат өрісінде суреттің дюймде нүктелерге рұқсаты беріледі;

  • Тегістеу жалаушасын орнату шыққан суреттен сынықтарды жою жолында тегіс бейне алуға мүмкіндік береді;

  • Айқын Фонына жалауша орнату суретке айқын фон беруге мүмкіндік береді

Растрлық бейнені векторлық бейнеге айналдыру.

CorelDRAW құжатына қойылған кез келген растрлық бейнені вкторлыққа айналдыруға болады. Айналдыру CorelDRAW программасының пакетіне кіретін CorelTRACE программасының көмегімен орындалады.

Берілген операцияны орындау үшін растрлық бейнені ерекшелеп, қасиеттер панеліндегі Растрлық Бейнені Жолжасау батырмасына шерту. Ерекшеленген сурет жүктелетін CorelTRACE жолжасау программасы қосылады. Жоғарғы құралдар панелінде орналасқан Жолжасау батырмасында шерту. Жолжасау процессінің соңында программа жұмыс аумағының оң бөлігінде құрылған векторлық сурет пайда болады.

Керекті жолжасау сапасы алынғаннан кейін CorelDRAW-ға қайта келу керек. Ол үшін CorelTRACE –те Файл – шығу командасын орындау. Программа жұмысын аяқтап, алынған векторлық суретті CorelDRAW жұмыс бетіне береді.

Растрлық обьектілерді редакциялау.

Бір топқа біріккен бірнеше командалар растрлық суреттерді айналдыруды орындауға мүмкіндік береді. Растрлық суретті керісінше аудару үшін оны ерекшелеу қажет, содан кейін Эффектілер – Айналдыру – Инверттеу менюінен командаларды орындау керек. Бейнедегі барлық түстер керісіншеге ауысады.

Растрлық суретті пастерлеу үшін оны ерекшелеп, Эффектілер – Айналдыру – Пастерлеу командасын орындау. Бұл айналдыру суреттің үлкен аумақтарын барлық ұқсас реңктерді жойып біртекті суретпен бояйды. Дәлдік көмегімен айналдыруды қолдану дәрежесі таңдалады. Растрлық суреттегі көлденең сызықтарды жою үшін оны ерекшелеп, Эффектілер – Айналдыру – Қатарарасын Жою командасын орындау. Бейнелерді көшіру барысында суретте тек тақ немесе жұп қатарлар болады. Қалған қатарлар пайдалы ақпарат сақтамайды. Керек емес қатарларды жою үшін Қатарарасы сүзгісін пайдаланған жөн.

Растрлық графиканың көркем эффектілері.

CorelDRAW –да жүзге жуық эффектілер бар. Растрлық Бейнелер меню командасына жинақталған сүзгілер тобын қысқаша қарастырайық.

  • Үшөлшемді эффектілер – бейнені үшөлшемді айналдыруды орындайтын бірнеше эффектілер.

  • Көркем Штрихтар – суреттер мен графикаларды әртүрлі ситльге имитироват ететін көркем эффектілер үшін оннан аса сүзгілер бар.

  • Түсін өзгерту – көркем эффекті алатын сурет түсін өзгертуге мүмкіндік беретін төрт сүзгі бар.


Бақылау сұрақтары:

1. Растерлік және векторлық бейнелерді жүктеудің қандай айырмашылықтары бар?

2. СогеlDraw-ға жүктейтін векторлық бейнелерді қайдан алуға болады және олармен не істеуге болады?

3. Бейне көлемін қалай өзгертуге болады?

4. Қандай жағдайда қисықтың түйінді нүктелерін қосуға немесе алып тастауға болады?

5. Жазуды қисыққа қалай түрлендіруге болады?

6. Коллаж салу дегенді қалай түсіндіресіз?








































ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ


І НҰСҚА

1. Компьютерлік графика – бұл
А) ақпаратты өңдейтін ғылым
Б) геометриялық кескіндер қасиеттерін зерттейтін
В) сурет салу барысында компьютер ресурстарын басқаратын ғылым
С) математикалық формулаларға негізделген ғылым
Д) суреттерді өңдеу, салу тәсілдері мен әдістерін оқытатын ғылым

2. Компьютерлік графиканың негізгі бағыттары
А) іскерлік, ғылыми, көркемдік және жарнамалық, инженерлік, web
Б) ғылыми, инженерлік, web
В) ) іскерлік, ғылыми, тұрмыстық
С көркемдік және жарнамалық, инженерлік, нүктелік
Д) тұрмыстық, инженерлік, іскерлік

3. Компьютерлік графиканың бейнелеу тәсіліне байланысты бөлінуі
А) растрлық және фракталдық
Б) үш өлшемдік және векторлық
В) растрлық, фракталдық және векторлық
С) растрлық және үш өлшемді
Д) растрлық, векторлық, фракталдық және үш өлшемді

4. Растрлық графиканың негізгі элементі
А) сызық
Б) нүкте
В) Сызық, доға, шеңбер және төртбұрыш сияқты геометриялық объектілер жинағынан тұратын кескіндер
С) математикалық формула
Д) символ

5. Фракталдық графиканың базалық элементі
А) Математикалық формула
Б) Нүкте
В) Сызық
С) Кесінді
Д) Қисық

6. Векторлық кескіндер
А) сурет, иллюстрациялық кескіндер
Б) Сызық, доға, шеңбер және төртбұрыш сияқты геометриялық объектілер жинағынан тұратын кескіндер
В) Доға, ұзындық, фрагменттер
С) Кесінді, қисық, канал, штамп
Д) Кескін, графика, үшінші тәртіпті қисықтар

7. Векторлық кескіндермен жұмыс жасаудағы кемшілікті көрсетіңіз
А) Кескінді жай ғана өзгерте салуға болмайтындығы
Б) Берілгендер көлемінің аздығы
В) Кескін масштабын өзгерткенде кескін сапасын жоғалтатыны
С) Растрлеу әдістерін қолданбау
Д) Дұрыс жауап берілмеген

8. Растрлық кескіндеудің артықшылықтарын атаңыз
А) Геометриялық кескіндерді салуға арналған
Б) Векторлық кескіндерді бейнелеуге арналған
В) Растрлық кескіндерді масштабтауға арналған
С) Растрлеу әдістерін қолдану
Д) Растрлық кескінді түзетуге, әдемілей түсуге, нүктелерді, қажет болмаса ішінара алып тастауға не қоюлатуға арналған

9. Растрлық кескіндеудің кемшілігін көрсетіңіз
А) Геометриялық кескіндерді өзгерте алмайтындығы
Б) Кескін масштабын өзгерткенде кескін сапасын жоғалтатыны
В) Растрлық бейнелердің өңделмеуі
Г) Объектілердің растрленбеуі
Д) Барлық жауап дұрыс

10. Графикалық ақпараттың нүктелер түрінде ұсынылуын көрсетіңіз
А) Векторлық түрде
Б) Фракталды түрде
В) Растрлық түрде
С) Сызық түрде
Д) Геометриялық кескіндер түрінде

11. Растрлық графикада қолданылытын қосымша программалар
А) Corel Photo, Adоbe РhotoShop, Photo Finish
Б) Corel Draw, Adobe Illustrator, FreeHand
В) Corel Draw
С) Adobe Illustrator
Д) Corel Photo

12. Компьютерлік графика кескіндерін құру әдісінің түрлерін көрсетіңіз
А) Стохастикалық, геометриялық
Б) Векторлық, итерациялық
В) Растрлық, векторлық және фракталдық
С) Растрлеу, масштабтау
Д) Амплитудалы модуляция және жиелік модуляциясы

13. Мүмкіндік дегеніміз
А) пиксельдердің орналасу тығыздығы
Б) түстердің қанықтылығы
В) сурет өлшемі
С) ұзындық
Д) тереңдік

14. Графикалық примитивтер
А) доға
Б) полигондар (тіктөртбұрыш)
В) нүкте
С) түзу, қисық сызық
Д) барлық жауап дұрыс

15. Графикалық примитивтер қолданылатын графика түрі
А) растрлық
Б) ғылыми
В) векторлық
С) инженерлік
Д) барлық жауап дұрыс

16. Қандай бағдарламалар графикалық редакторлар деп аталады?
А) мульфильмдер құруға арналған программалар
Б) суреттерді өңдеуге арналған программалар
В) драйверлер
С) ақпаратты өңдеу, тасымалдауды жүзеге асыратын программалар
Д) сурет салу кезінде компьютерді басқаратын программалар

17. Бейнеадаптер...
А) монитордың жұмысын басқарады
Б) дисплей тереңдігі
В) жедел есте сақтау құрылғысы
С) графикалық ақпаратты интернетке орналастырады
Д) графикалық ақпаратты бейнежадына сақтайды

18. Бейнеадаптердің негізгі бөліктеріне жатпайды
А) жедел бейнежады
Б) бейнечип
В) герцтегі қайталау жиілігі
С) базалық енгізу шығару жүйесі
Д) ЦАТ

19. Монитордың ажырату қабілеті мен қайталау жиілігі тәуелді
А) бейнеадаптер мүмкіндігіне
Б) жедел есте сақтау құрылғысына
В) дюймдегі диагональ өлшеміне
С) пиксельдер санына
Д) экранның ауысу жиілігіне

20. Ахроматикалық түстерді белгілеңіз
А) ақ, қара және қызыл
Б) ақ, қара
В) ақ, қара және сұр
С) ал қызыл, сары түстер
Д) сұр, қара, көк

21. Динамикалық диапозон –

  1. Суреттің ең ашық және ең көлеңкелі түстер арасындағы деңгейін анықтап алу. Мұны Изображение – Гистограмма арқылы орындауға болады.+

  2. Егер сурет шамадан тыс көлеңкелі не ашық болып көрінсе, онда Гамма коррекциясын қолданамыз.

  3. Суретке түсіру кезінде жарықтандыру бір келкі болмауы не жарықтың дұрыс бағытталмауы.


ІІ НҰСҚА

    1. Гамма коррекция –

  1. Суретке түсіру кезінде жарықтандыру бір келкі болмауы не жарықтың дұрыс бағытталмауы.

  2. Суреттің ең ашық және ең көлеңкелі түстер арасындағы деңгейін анықтап алу. Мұны Изображение – Гистограмма арқылы орындауға болады.

  3. Егер сурет шамадан тыс көлеңкелі не ашық болып көрінсе, онда Изображение – Коррекция – Кривые командасын қолданып, күңгірт тондарды ашықтау түске ендіреміз.+

  4. Түс балансын жеке – жеке, күңгірт, орта және ашық тондар үшін орындауға болады.


    1. Artistic () филтрі –

  1. Традициялық көркем өнер саласындағы қолданылатын техникамен әдістердің әсерін беруге арналған.+

  2. Анықтықты, түс өткірлігін жұмсарту мақсатында қолданылады.

  3. Экранға шығатын диалогтық терезеде уголь жолағына жылдамдық бағытын беретін бұрыш мәнін ендіру қажет.

  4. Штрихтеу әдісін қолданған көркем – сурет әсерін береді.

  5. Бейненің геометриялық бұзылу бойынша әсер қолданылады.


    1. Blur (Размытое) филтрі –

  1. Жарықтандырудың түрлі әсерлерін, жұмсақ бұлттылық әсерін береді.

  2. Экранға шығатын диалогтық терезеде уголь жолағына жылдамдық бағытын беретін бұрыш мәнін ендіру қажет.

  3. Штрихтеу әдісін қолданған көркем – сурет әсерін береді.

  4. Бейненің геометриялық бұзылу бойынша әсер қолданылады.

  5. Анықтықты түс өткірлігін жұмсарту мақсатында қолданылады.+


    1. Motion Blur (Размытое в движений) филтрі –

  1. Анықтықты түс өткірлігін жұмсарту мақсатында қолданылады.

  2. Жарықтандырудың түрлі әсерлерін, жұмсақ бұлттылық әсерін береді.

  3. Штрихтеу әдісін қолданған көркем – сурет әсерін береді.

  4. Жылдам жүру әсерін береді. Экранға шығатын диалогтық терезеде уголь жолағына жылдамдық бағытын беретін бұрыш мәнін ендіру қажет.+

  5. Бейненің геометриялық бұзылу бойынша әсер қолданылады.


  1. Brush Strokes (штрихи) филтрі –

  1. Бейненің геометриялық бұзылу бойынша әсер қолданылады.

  2. Штрихтеу әдісін қолданған көркем – сурет әсерін береді. +

  3. Жылдам жүру әсерін береді. Экранға шығатын диалогтық терезеде уголь жолағына жылдамдық бағытын беретін бұрыш мәнін ендіру қажет.

  4. Анықтықты түс өткірлігін жұмсарту мақсатында қолданылады.

  5. Жарықтандырудың түрлі әсерлерін, жұмсақ бұлттылық әсерін береді.


  1. Distort (Деформация) филтрі –

  1. Жылдам жүру әсерін береді. Экранға шығатын диалогтық терезеде уголь жолағына жылдамдық бағытын беретін бұрыш мәнін ендіру қажет.

  2. Бейненің геометриялық бұзылу бойынша әсер қолданылады. +

  3. Анықтықты түс өткірлігін жұмсарту мақсатында қолданылады.

  4. Жарықтандырудың түрлі әсерлерін, жұмсақ бұлттылық әсерін береді.

  5. Штрихтеу әдісін қолданған көркем – сурет әсерін береді.


  1. Render филтрі –

  1. Бейненің геометриялық бұзылу бойынша әсер қолданылады.

  2. Жылдам жүру әсерін береді. Экранға шығатын диалогтық терезеде уголь жолағына жылдамдық бағытын беретін бұрыш мәнін ендіру қажет.

  3. Анықтықты түс өткірлігін жұмсарту мақсатында қолданылады.

  4. Жарықтандырудың түрлі әсерлерін, жұмсақ бұлттылық әсерін береді.+

  5. Штрихтеу әдісін қолданған көркем – сурет әсерін береді.


  1. Традициялық көркем өнер саласындағы қолданылатын техникамен әдістердің әсерін беруге арналған.

  1. Artistic+

  2. Blur

  3. Motion Blur

  4. Brush Strokes

  5. Distort


  1. Анықтықты, түс өткірлігін жұмсарту мақсатында қолданылады.

  1. Blur +

  2. Motion Blur

  3. Render

  4. Distort

  5. Brush Strokes


  1. Жылдам жүру әсерін береді. Экранға шығатын диалогтық терезеде уголь жолағына жылдамдық бағытын беретін бұрыш мәнін ендіру қажет.

  1. Artistic

  2. Blur

  3. Motion Blur +

  4. Brush Strokes

  5. Distort


  1. Штрихтеу әдісін қолданған көркем – сурет әсерін береді.

  1. Artistic

  2. Blur

  3. Motion Blur

  4. Brush Strokes +

  5. Distort


  1. Бейненің геометриялық бұзылуы бойынша әсер қолданылады.

  1. Artistic

  2. Blur

  3. Motion Blur

  4. Distort+

  5. Brush Strokes


  1. Жарықтандырудың түрлі әсерлерін, жұмсақ бұлттылық әсерін береді.

  1. Artistic

  2. Blur

  3. Motion Blur

  4. Brush Strokes

  5. Render+


64. Графикалық редактордың текстпен жұмыс істеу мүмкіндіктері шектелген ба?

А) жоқ

Б) иә +

С) әр кезде

Д) графикалық редактордың түріне қарай


65. Текст теруде бас әріппен қолданылатын перне?

А) Shift +

Б) Ctrl

С) Del

Д) Esc


66. Текст блогын құру үшін пайдаланылатын аспап?

А) Штамп

Б) Прямоугольник

С) Текст +

Д) Лассо


67. Текстті векторлық контурға айналдыру үшін қай команда қолданылады?

А) Слой – Текст – Создать

Б) Слой – Абзац – Создать контур

С) Слой – Шрифт – Создать контур

Д) Слой – Текст – Создать рабочий контур +


68. Текст шрифті параметрлерін өзгерту үшін

А) Текстік режимді белгілеу керек

Б) Тексттік қатарды белгілеу қажет +

С) Тексттік аспаптарды белгілеу


69. Бейненің түс өткірлігін көбейту командасы

А) Фильтр – Резкость +

Б) Фильтр - Контрастность

С) Фильтр - Аrtitic

Д) Фильтр – Размытие


70. Көшіріліп қойылған аймақты үлкейтіп, кішірейту және орнын ауыстыру үшін қай команда қолданылады?

А) Редактирование -> Трансформация +

Б) Выделение -> Трансформация

С) Редактирование -> Изменить

Д) Выделение -> Изменить


71. Объектті фоннан бөліп алу үшін пайдаланылатын команда?

А) Фильтр – Extract (Вычитание) +

Б) Фильтр - Контрастность

С) Фильтр - Аrtitic

Д) Фильтр – Размытие


72. Векторлық аспапқа қай аспап жатады(Photoshop)?

А) Ласса

Б) Кисть

С) Кадрирование

Д) Свободное перо +

  1. Қабат мөлдірлігін қай жерден белгілейміз?

А) Слои палитрасынан +

Б) Қасиеттер панелінен

С) Аспаптар панелінен















Глоссарий


Графика – дәстүрлі берілімде көркем бейнелерді салу немесе басып шығару сияқты дәстүрлі әдістермен алынған шынайы немесе елестетілген объектіні визуальды беру нәтижесі.

Компьютерлік графика – шығару құрылғысында бейнелеуге арналған кез-келген мәліметтерді қамтитын графика.

Интерактивті компьютерлік графика – бұл компьютерлік жүйенің графика жасап, сонымен бір уақытта қолданушымен диалог жүргізуі болып табылады.

Графиктік формат – бұл графиктік бейнені сипаттайтын мәліметтерді жазу тәсілі.

Графиктік файлдар – бұл ары қарай визуальдауға арналған графиктік мәліметтердің кез-келген типтері сақталатын файлдар.

Растрлық мәліметтер – бөлек пикселдердің түстерін анықтайтын сандық мәндер термесі.

Пиксельдер – дұрыс торда орналасқан, бейне құрайтын түстік нүктелер.

Физикалық пикселдер – шығару құрылғысында көрсетілген шын нүкелер, яғни аппараттық және программалық жолмен қорытуға болатын, бейнелеу бетінің ең кіші физикалық элементтері.

Логикалық пиксельдер – бұл математикалық координаттар, олар орын алулары бар, бірақ физикалық кеңістік алмайды.

Фрактал – бұл жекелеген элементтері ата-аналық құрылымдардың қасиеттерін мұраға алатын объект

Фрактальдық кодтау – бұл математикалық процесс, ол шынайы бейнелері бар растрларды бейненің фрактальды қасиеттерін сипаттайтын математикалық мәліметтер жиынтығына кодтау үшін қолданылады.

Бейне растрларын декодтау - бұл фракталдық кодтар интерпретацияланып растрлық бейнеге айналатын қарапайым процесс.

RGB – аддитивті түстік модель, 3 түске қызыл, жасыл және көгілдір негізделген.

Дисплейлік буфер – ЭСТ-де бейнені шығаруға қажетті барлық ақпаратты қамтитын жадының үзіліссіз аумағы

Контент: Ақпараттық толтыру – мәтіндер, графика, мультимедиа жән басқа ақпараттық мәнді толтыру.

Көпміндеттілік Многозадачность – бір мезгілде бірнеше бағдарламаны орындау мүмкіндігіне саятын операциялық жүйенің қасиеті.

Көркемдеу схемасыСхема оформления – Windows 95/98 операциялық жүйесі және оның қосымшаларының объектілері үшін біртұтас көркемдеуге мүмкіндік беретін, түстерді, қаріптерді, дыбыстық және басқа шешімдерді баптау параметрлері бар файл. Windows 95/98 жүйесіндегі Жұмыс үстелінің тақырыптары әдетте өзіне бірнеше көркемдеу схемаларын қамтиды.

Көрсеткіш бағдарлама – Индексирующая программа (Index program) – автоматтық іздестіруге қолайлы формада веб-сайт үшін сақталған ақпаратты құрылымдайтын және ұйымдастыратын, іздестіру жүйесінің пайдаланушыдан жасырын бөлігі.

Көрінерлік ету Визуализациямәліметтерді кескіндер түрінде көрсету процесі.

Көшірмелеу Копирование – объектіні көбейту операциясы. Орын ауыстырумен салыстырыңыз.

Крекер (Cracker) – хахердің өзге атауы.

Куки (Cookie) – сіздің веб-сайтқа алдыңғы сапарыңыз туралы ақпараты бар шағын мәтіндік файл.

Курсты аяқтағаннан кейінгі тестілеу – Тестирование после окончания курса – білім алушылардың білімді меңгеру дәрежесін бағалау мақсатымен курсты немесе модульді оқып болғаннан кейін өткізілетін сынақ, тест немесе емтихан.

Курсты оқып білу траекториясыТраектория изучения курса білім алушының дайындық деңгейіне тәуелді анықталатын және оқу процесінде іске асырылатын желілік курс модульдерінің құрамы мен реті.

Курстың құрылымы – Структура курса – әр түрлі модульдердің (тараулардың, тақырыптардың) жазб






Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Петров, Молочков. Компьютерная графика

2. Информатика. Базовый курс. Под ред. С.В. Симоновича – С-Пб: Питер, 2002- 640 с.

3.Миронов Д. CorelDRAW9. Учебный курс– С-Пб: Питер, 1999 - 464 с.

4. Тайц А.М., Тайц А.И. Adobeillustrator 8: – Учебный курс. С-Пб: Питер, 1999 - 608 с.

5. Автоматизированные информационные технологии в экономике: Учебник под ред. проф. Г.А. Титоренко.-М.: компьютер, ЮНИТИ,1999.

  1. Амелин Н.И., Мочулина Л.А., Чердынцева М.И. Практикум по электронным таблицам в экономике. –М.:”Издательство ПРИОР”, 2000.

  2. Евдокимов В.В и др. Экономическая информатика. Учебник для вузов./под ред. д.э.н., проф. В.В. Евдокимов. -Спб:Питер, 1997.

  3. Экономическая информатика/под ред. П.В. Конюховского и Д.Н. Колесова.- Спб:Питер,2000.

  4. Кобурн Ф., Маккорник П. Эффективная работа с CorelDRAW8 – С-Пб: Питер, 1998- 912 с.

  5. Стразницкас М. Эффективная работа с Photoshop 5. – СПб: Питер, 1999, - 704с.

  6. Тайц А.М., Тайц А.И. CorelDRAW9. Краткий курс– С-Пб: Питер, 1999 - 481 с.

  7. Компьютерные технологии обработки информации/Под ред. С.В. Назарова-М.: финансы и статистика, 1995.

  8. Локальные вычислительные сети: принципы построения, архитектура, коммуникационные средства /Под ред. С.В.Назарова.- Кн.1.-М.: финансы и статистика, 1994.

15. Большаков, В.П. Инженерная и компьютерная графика: Учебное пособие / В.П. Большаков, В.Т. Тозик, А.В. Чагина. - СПб.: БХВ-Петербург, 2013. - 288 c.
16. Дегтярев, В.М. Инженерная и компьютерная графика: Учебник для учреждений высшего профессионального образования / В.М. Дегтярев. - М.: ИЦ Академия, 2011. - 240 c.
17. Емельянов, С.Г. Начертательная геометрия. Инженерная и компьютерная графика в задачах и примерах: Учебное пособие / П.Н. Учаев, С.Г. Емельянов, К.П. Учаева; Под общ. ред. проф. П.Н. Учаева. - Ст. Оскол: ТНТ, 2013. - 288 c.
18. Залогова, Л.А. Компьютерная графика. Элективный курс: Практикум / Л.А. Залогова. - М.: БИНОМ. ЛЗ, 2011. - 245 c.
19. Залогова, Л.А. Компьютерная графика. Элективный курс: Учебное пособие / Л.А. Залогова. - М.: БИНОМ. ЛЗ, 2009. - 213 c.
20. Логиновский, А.Н. Инженерная 3D-компьютерная графика: Учебное пособие для бакалавров / А.Н. Логиновский. - М.: Юрайт, 2013. - 464 c.
21. Миронов, Д.Ф. Компьютерная графика в дизайне: Учебник / Д.Ф. Миронов. - СПб.: БХВ-Петербург, 2008. - 560 c.
22. Немцова, Т.И. Практикум по информатике. Компьютерная графика и Web-дизайн. Практикум: Учебное пособие / Т.И. Немцова. - М.: ИД ФОРУМ, НИЦ ИНФРА-М, 2013. - 288 c.
23. Пантюхин, П.Я. Компьютерная графика. В 2-х т.Т. 1. Комп. графика: Учебное пособие /

79



Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДБ-024872

Похожие материалы