Сабақтың
тақырыбы
: «Бесік жыры»
Сабақтың мақсаты :
Оқушыларға тақырыпты меңгерту ,қызығушылығын арттыру және әндіүйрету
Сабақтың
міндеттері
: «Бесік жыры» әнімен танысу,мәтінін жаттау
Дамытушылық : Оқушылардың
танымдық іс-әрекетін дамыту, ән иірімдерін дұрыс ести білу,методикалық
ерекшеліктерін сезіну.
Сабақтың түрі : Жаңа сабақ
Сабақтың барысы :
Ұйымдастыру кезеңі
1.Оқушылармен сәлемдесіп ,сыныпты
түгендеу.
2.Оқушылардың сабаққа дайындығын
тексеру.
3.Оқушылардың назарын сабаққа
аударып, сабақтың ерекшелігі мен мақсатын
таныстыру.
Үй тапсырмасын
тексеру
Бесік Жыры — тұрмыс-салт
жырларының көне түрінің бірі. Әлемде Бесік жырын
айтпайтын халық жоқ. Халық педагогикасының мәйегіне айналған Бесік жырында
халықтың төл тарихының, дәстүрлі
мәдениетінің, ежелгі наным-сенімінің, дүниетанымының көрінісі
бар. Бесік жырын барша халық ұлттық тәрбиенің кәусар бұлағы деп таниды. Әлем
халықтарының Бесік жырылары әр елде әр түрлі аталғанымен, атқаратын міндеті,
мазмұн байлығы, поэтикалық құрылымы мен саз-әуені жағынан үндесіп жатады. Бесік
жырының басты қызметі — бесік тербелісіне ыңғайлас сазды әуен, ырғақты сөзбен
баланы тыныштандыра отырып, оның жан жүйесі мен санасына ұлттық тәрбиенің
алғашқы нәрін сіңіру. Бесік жыры баланың сәби кезінде, яғни 1 — 5 жас
аралығында, бала жанына жағымды әуенмен айтылады, әуен-сазсыз Бесік жырының
мәні де, сәні де келмейді. Қазақ Бесік жырының үлгілерін алғаш Ә.Диваев хатқа
түсіріп, 1905 ж. жариялаған. Содан бері там-тұмдап жиналып келе жатқанымен,
халық жырларының асыл үлгілері әлі де толық хатқа түсе қойған жоқ.
Музыка тыңдау: «Бесік
жыры» әнін тыңдау
Қорытынды : Әнді
үйрену , мәтінін жаттау,хормен айту.
Бағалау : Үй
тапсырмасын орындап, жаңа сабаққа бел-
сене қатысқан оқушыларға баға қою
Үйге тапсырма : Тақырыпты
оқып келу,әнді үйрену
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.