Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Конспекты по сынып сағаты"Әдеп – ең қымбат мирас"
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям рекомендуем принять участие в Международном конкурсе «Я люблю природу», приуроченном к году экологии. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

СЕГОДНЯ (15 ДЕКАБРЯ) ПОСЛЕДНИЙ ДЕНЬ ПРИЁМА ЗАЯВОК!

Конкурс "Я люблю природу"

Конспекты по сынып сағаты"Әдеп – ең қымбат мирас"



Московские документы для аттестации!

124 курса профессиональной переподготовки от 4 795 руб.
274 курса повышения квалификации от 1 225 руб.

Для выбора курса воспользуйтесь поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВА).

ДИПЛОМ от Столичного учебного центра: KURSY.ORG


библиотека
материалов

Сабақтың тақырыбы: Әдеп – ең қымбат мирас

Сабақтың мақсаты: Балалардың өмірге қажетті білік-дағдыларын тереңдете отырып,

ұлттық әдеп-ғұрып пен салт-дәстүрге баулу, сәлемдесу, қонақ күту,

сыйластық, үлкенге құрмет көрсету, кішіге қамқор болу тәрізді

әдептілік қағидаларын меңгерту арқылы имандылыққа,

инабаттылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Қанатты сөздер, мақал-мәтелдер, шарлар, гүлдер,

тапсырмалар, презентация

Түрі: сайыс

Қолданылған әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, пікір алысу, әңгімелеу, мәнерлеп оқу.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Қатысушыларды таныстыру. - Құрметті ұстаздар, оқушылар! «Әдеп – ең қымбат мирас» сайысымызды бастаймыз. Алдымен топтармен танысып алайық, әрбір бала өзінің есімінің бірінші әрпіне сәйкес келетіндей, әдептілік мінез-құлық көрсекіштеріне байланысты өздерін таныстырып өтеді.

ІІІ. Пікір алысу: - Өте жақсы.

Қыпшақ ақыны Саиф Сараи былай деген екен: «Жасында әдеп үйренбеген кісіден өскен соң қайран жоқ». Бүгін біз сыныбымыздың қыз ұлдарының әдептілігін тексереміз.

Әдепті болу - әр баланың міндеті. Әдептілік адамның ең жақсы қасиеті. Әдепті бала болашақта өзінің жақсы азамат екенін дәлелдеп, аңсаған арманына жетеді. Ал, енді осы әдептілік дегенді қалай түсінесіз? Сол жөнінде өздеріңнің пікірлеріңді тыңдайық.


1 - оқушы: Үлкен-кіші болсын  әдеп  сақтау  халықтық  тәлім-тәрбиенің аса  үлгілі, тәрбие ісіндегі қалыптасқан заңы,  жолы   бар  ерекше  қасиетті  тәлімдік  дәстүрі.  Ұлтымыздың   үлкеннің кіші  алдындағы,  кішінің  үлкен  алдындағы, еркектің  әйел  алдындағы, әйелдің  еркек  алдындағы  әдеп сақтаудың тамаша үлгілері  өте көп.  Мысалы, үлкеннің  жолын кеспеу,  бұрын  сөйлемеу,  келінге  сыпайы сөйлеу, ата алдындағы иба,  халық  ортасындағы  инабат,  мешіт  ішіндегі  әдептілік, сәлем беру,  сәлем алу  жолы  тағы  сол сияқты адамгершілік, сыйлау,  сыйласу  халқымыздың  ертеден   келе жатқан әдеті  әрі ғұрпы. Бұлардың  бәрі  жасына  қарамастан  тәртіп, тәрбие жолына  үздіксіз әрі үзіліссіз  қызмет  етіп  келеді.  Әдептілік  – әр  адамның   бет бейнесі, өзін-өзі  таныту  жолындағы  іс-үлгісі, адамның  қасиеті екені  сөзсіз. 



2 - оқушы: - Әдептілік - әдемілік. Әдепті адам әдемі.Ол өзінің дұрыс киінуі, сыпайы сәлемдесуі, өзін-өзі күте білуімен әдемі.


3 – оқушы: - Мен бұл пікірге қарсымын. Әдемі адамның бәрі әдепті бола ма?
Әдептілік дегеніміз өзін-өзі кез-келген ортада ұстай білу. Ол әдемі болмаса да, өзін-өзі ұстай білсе - әдепті.


4 – оқушы: - Үлкен кісілерге «Ассалаумағалейкум» деп амандасып, амандығын, денсаулығын сұрау парыз. Дұрыс амандасудың адамгершілік, имандылық мәні бар. Иманы жоқтың, ұлты жоқ.


5 – Оқушы: - Дұрыс тамақтану, мезгілді ұйықтау, ата мен ананы сыйлау - халықтық дәстүр, халықтық әдеп. Біз осы нәрселерді, адамгершілік қағидaларды сақтай білсек, ұлттық әдепті қорғай білеміз.


6 – Оқушы: - Түнде ұйықтауын ұйықтармын-ау, бірақ теледидардан жақсы кино болып жатса, оны неге көрмеймін. Сонда мен әдепсіз болғаным ба?


7 – оқушы: - Сен дұрыс демалмасаң ерте тұра алмайсын. Әрбір тірліктің өз уақыты бар. Оны дұрыс пайдаланудың өзі әдептілік.


8 – оқушы: - Жақсы амандассам, әдемі киінсем, сыпайы сөйлесем, тек қана дұрыс ұйықтамағаным үшін әдепсіз емеспін деп ойлаймын.


9 - оқушы: - Үлкен адамға сәлем беру кіші адамның міндеті. Қазақта «Алыстан алты жасар бала келсе, алпыс жастағы қария сәлем береді» деген бар. Ал кездескен кезде кіші адам үлкен адамға сәлем бермей кетсе, ол әдепсіздік, көргенсіздік, сәлем беру имандылық, инабаттылық, көргенділік, мәдениеттілік белгісі.


10 – оқушы: - Сәлемдескенде, сәлем бергенде, әркім дауыстың дабырламауына, үнінің үйлесімділігіне, яғни дауыс ырғағына ерекше көңіл аударып, салмақпен, әдеппен сөйлеуге міндетті. Сөз басы сәлем дегеніміз сол.


Әдептілік – сәлемдесуден басталады.

  • Әлем елдерінің амандасу түрлерімен таныстыру.

(Әр топ өз дайындығын көрсетеді)

  • Өз еліміздің дәстүрі бойынша жасы кіші үлкенге бірінші болып, таныс немесе бейтаныстығына қарамай амандасу міндет болып саналады. Еліміздің амандық салты ер азаматтар арасында алдымен егде адамға қос қол ұсынып “Ассалаумағалейкүм!” деген сөзбен басталған, сәлем алушы “Уағалейкүмассалам!”деп оң қолын ұсынады. Одан кейін “Деніңіз сау ма?”, “Мал-жан аман ба?” деп аман-саулық сұрасқан.


ІІІ. «Халық даналығының қазынасы».

Мұғалім сөзі: - сайысымызды әдеп туралы мақал-мәтелдермен жалғастырайық, кәне, кім қандай мақал айтады екен?!

  • Бала тәрбиесі бесіктен.

  • Әдепті бала — арлы бала,
    Әдепсіз бала — сорлы бала.

  • Өзіңді-өзің сыйламасаң, өзгеден сый дәметпе.

  • Тәрбиелі адам — тағалы атпен тең.

  • Жақсылық еккен алғыс орады.

  • Итті күшігінде үйрет.

  • Тісі шыққан балаға, шайнап берген ас болмас.

  • Үлкенді сен сыйласаң, кіші сені сыйлайды,
    Кіші сені сыйласа, кісі сені сыйлайды.

  • Әдепсіз өскен адамнан, тәртіппен өскен тал артық.

  • Адам әдебімен көрікті.

  • Әдепті дегенше, әдемі десейші.

  • Әйел — әдептің әліппесі.

  • Тәрбие басы — тал бесік.


VІ. «Әдеп басы – тіл» .

Командалық шығарма сайысы. «Әдепті бала — арлы бала,
Әдепсіз бала — сорлы бала»


Музыкалық сәлемдеме: біздің сыныбымыздың әдепті қызы Сайлаубекова Алияның орындауында «Ұзақ Ақжелең» күйі.


V . «Адам әдебімен көрікті»

1топ: ұялы телефон арқылы сөйлесуде әдеп сақтау.

2 топ: қоғамдық көлікте өзін ұстай білу.


VІ. «Жағдаяттар»

  1. Дана математика сабағында екі бағасын алып, жылады. Сен оны қалай жұбатасың?

  2. Ербол денсаулығына байланысты сабақтан қалды. Сен оның көңілін қалай аулайсын?




Мұғалімнің қорытынды сөзі:

Ақын, әрі ұстаз Әдібай Табылдиев аталарың: «Халықтық дәстүрді қадірлей білмеген бала - әдепсіз бала. Сен өз басыңа өзің қызмет ете алмасаң, яғни өмірде қалыптасқан қағидалар мен әдептілік рәсімдерін орындамасаң, кісілікке бастайтын көп әдептілікті орындамай, опық жейсің. Өзіңе-өзің қызмет ет: кісі бол», - деп ақыл айтады. Әдеп - ең қымбат мирас. Осыны естен шығармайық.

Қортынды, рефлексия.

Оқушылар «Әдеп» тақырыбына гүл жинайды.

Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 65% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДВ-303246

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>