Инфоурок Технология КонспектыКонспекты по технологий на тему: «Көркемдік кесте» (6 сынып)

Конспекты по технологий на тему: «Көркемдік кесте» (6 сынып)

Скачать материал

Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы

Қызыл-төбе елді мекені

 №2 орта мектебі

Көшенова Айжан Құдайбергенқызы

                                                                                 Технология пәнінің мұғалімі

 

Сабақтың тақырыбы: «Көркемдік кесте» (6 сынып)

 Сабақтың мақсаты: көркемдік көктеу тігінің түрлерін тігіп үйрену және оларды қолдану орнымен танысу.

А)   Білімділік мақсаты: кестенің түрлерін, тұрмыста қолданылу ретін көрнекіліктер арқылы көрсету, таным деңгейін арттыру.

    Ә) Дамытушылық мақсаты: көктеу тігістерін көркемдік тігістерден ажырата білу, тігісті әсем етіп орындау қажеттілігін қалыптастыру.

Б) Тәрбиелік мақсаты: кесте өнерінің ертеден келе жатқан ұлттық өнердің қастерлі бөлігі екендігін түсіндіру, қазақтың инабатты қызының рухында тәрбиелеу, әсемдікке, биязылыққа, еңбекті сүюге, үй тұрмысына бейімділікке үйрету және қызықтыру.

Сабақтың типі: аралас сабақ.
Сабақтың түрі: сарамандық.
Сабақтың әдісі: зерттеу, түсіндірмелі, сұрақ - жауап.
Пәнаралық байланыс: математика, бейнелеу, сызу.

Сабақтың көрнекілігі: 1. Дайын бұйымдар.
2. Слайдтар.
3. Нұсқау карталары.
Құрал - жабдықтар: ине, қайшы, кергіш, жіп,
кестелі бұйымдар, слайдтар, буклеттер, дайын бұйымдар.

 

 Әдістемелік дидактика:

1. «Технология 5»    2010ж.

2. «Пайдалы кеңестер» журналы, слайд.

3. Үлгі мен бұйымдар.

ІҮ. Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, қазақ әдебиеті, тарих, математика.

3. Үлгі мен бұйымдар.

Ү. Сабақтың барысы  мен  мазмұны:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

3. Оқушы  білімін анықтау.

4.  Негізгі бөлім.  Сарамандық   жұмыс.

5.  Сергіту сәті.

6. Сабақты бекіту бөлімі

7. Қорытынды бөлім, үйге тапсырма.

 

 

І бөлім.  Оқушылардың  назарын сабаққа   аудару, ой қозғау, кіріспе.

ҮІ. Өткен тақырыпты пысықтау.

1. Қол  тігістерінің   қандай түрлері  бар?

2. Екі  бөлшекті қосу үшін  қандай тігістер қолданылады?

3. Көрінбейтін   тігістерді    қай  кезде қолданамыз?

4. Көркемдеуші жіп пен көктеу жібінің айырмашылығы қандай?

5. Сабақтаулы ине тігілер алдында матаға қалай бекітіледі?

Жаңа материалды меңгерту.
  1.Қолөнер  - ежелден келе жатқан кәсіп. Ол халықтың өмірімен, тұрмысымен бірге дамып, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады.Қолөнер дүние жүзінің әр халқында бар.Сонымен қатар әр елдің табиғи ерекшелігіне ,этетикалық талғамына  байланысты өзіндік ерекшелігімен өшпес із қалдырып отырады. Көне заманнан келе жатқан қазақ қолөнері өз халқының дәстүрлі көркемдік мұрасын сақтап қалған. Сол қолөнердің бір түрі – кесте тігу. Кестені бізбен және жай инемен әшекейлеп тігу барлық халықтарға да ортақ өнер. Кесте өнерінің қазақ халқына тән байырғы көне түрлері: біз кесте, айқас кесте, айқыш- ұйқыш тігу, басып тігу, қайып тігу. Біз кестенің шым кесте, және әредік кесте деп аталатын екі түрі бар.Біз кесте  дөңгелек немесе төрт бұрышты етіліп, кергіш ағашқа керілген материалдың бетіне түсірілген ою өрнек бойынша қармақты бізбен өткермелеп шалу  арқылы кестеленеді.

Кесте инемен, бізбен және кесте машинасымен тігіледі. Кейде Кестеге моншақ, інжу, маржан, т.б. асыл тастар тағылады. Кестені материалдың бетін түгел бастыра немесе гүл шоғырына ұқсатып та әшекейлейді. Бұйымды тұтастай бастыра әшекейлеу үшін шалыс, жатық, терме, жөрмеу тәсілін қолданады. Кестенің біз кесте, баспа жылтыр, тамбурлы кесте, албыр кесте (екі ізді), кенебе ине, т.б. түрлері белгілі. Біз кестенің шым кесте және әредік кесте деп аталатын екі түрі бар. Біз кесте дөңгелек немесе төрт бұрышты етіліп кергіш ағашқа керілген матаның бетіне түсірілген ою-өрнек бойынша қармақты бізбен өткермелеп шалу арқылы кестеленеді. Шым кесте – тігілетін матаның ашық жерін қалдырмай немесе ашық орынды өте аз қалдырып, тұтас кестелеген шымқай кесте. Әрәдік кестеде матаның әр жері әшекейленіп, бөлек-бөлек өрнек салынады. Шым кесте тұс киіз, сандыққап, мақпал шапан, орамалдың алақаны, жастық жапқыш, кежім, сәукеле, т.б. көптеген заттарға төгіледі немесе бөлек матаға төгіп қондырылады. Әрәдік кесте тақия, балақ, өңір, жаға, етекке және кең қоныш етіктердің бұрыш-бұрышы сияқты заттарға төгіледі немесе бөлек төгіп қондырылады. Геом. кескінді бейнелейтін Кесте жіп санап тігілсе, ирек өрнектер, әр түрлі суреттер алдын ала жүргізілген ізді қуалай тігіледі.

             Оқушы білімін тексеру.

—          Кесте дегеніміз не?

—          Кестені қалай орындайды?

—          Кестелі бұйымдарға нелер жатады?

—     Өздерің кестенің қандай түрлерін орындай аласыңдар?

Бұйымдардың демонстрациясы, слайд-шоу.

Байқап қарасақ, біздің үй-тұрмысымызда  тұтынатын бұйымдарымыз – сулық,  майлық, қол сүлгі, терезе пердесі, жастық тыс, сейсеп, ақ жайма, жастық жапқыш, сәндік киімдерді, қабырғалық суреттерді т.б. көптеген бұйымдарды әсемдеуге болады екен.

 

Іскерлік әлеміне саяхат

  Негізгі бөлім:  оқулықта  берілген    нұсқаулық бойынша кесте тігісінің  4-5-6 түрлерін орындау техникасы.

Ескерту!  Ине  мен  жіпті қолданған кездегі қауіпсіздік ережелерін еске түсіріңдер.

—            Инені    арнайы  қыстырғышта сақта;

—          Қайшыны,инені біреуге  ұсынғанда    ұшын  өзіңе қаратып  ұста;

—          Инені  аузыңа  салма;

—          Қайшымен қиған  кесде,  сол қолыңдыжаралапалма!

4- әдісті тігу  технологиясы.

——————————————————

——————————————————

Алдымен  бірінші жолда көрінетін адымдармен көктеу тігісін орындаймыз. Екінші жолды тігу үшін осы тігістің тұсында  2 см жерден тағы да  көктеу тігісін жүргіземіз.

Енді басқа түсті жуан жіпті инеге сабақтап алып, инені көктеу тігістерінің бір шетіне бекітіп алып, көрінетін адамдардың арасынан арлы –берлі өткізе отырып Х  тәрізді көркемдеуші тігістерді орындаймыз.

 

1 - кезең. Тышқан із тігісі - тігілу әдісі жағынан көлемді біркелкі ілмектер шынжыр секілді бір - біріне тіркесе тігіледі. Жіпті бекітіп, оны матаның оң жағына шығарып алған соң, ілмек тәрізді етіп созып, оны сол қолымыздың басбармағымен басып тұрып, инені алғашқы шаншыған жерден дәлдеп, төмен қарай, яғни матаның астыңғы бетіне қарай шаншимыз.
2 - кезең. Шалып торлаудың түрлері.
3 - кезең. Таңдай тігіс әдісімен тігілген қабырға кесте.
4 - кезең. Жіп салып тігу.
5 - кезең. Айқас тігісімен тігу.
Ү Сабақты бекіту.
Мақал мәтелдер
1. Жеті рет өлшеп ------------------(бір рет піш)
2. Көз қорқақ ------------------------(қол батыр)
3. Өнер көзі -------------------------(халықта)
4. Ата көрген ------------------------(оқ жонар)
Шеше көрген ---------------------(тон пішер)
5. Қыз еркем --------------------------(кестесімен көркем)
6. Кестенің сыры ---------------------(түрінде)
Кілемнің сыры ---------------------(түгінде)
ҮІ Бағалау
ҮІІ Үйге тапсырма: Кесте тігістерін тігу

 

 

 

 



Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Конспекты по технологий на тему: «Көркемдік кесте» (6 сынып)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Животновод

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 702 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 27.01.2016 1207
    • DOCX 20.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кошенова Айжан Кудайбергенкызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 4525
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 16 регионов

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы преподавания технологии в условиях реализации ФГОС

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 240 человек из 62 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 071 человек

Курс повышения квалификации

Методика инструктажа и обучения в социальном учреждении по вопросам трудовой деятельности

180 ч.

3300 руб. 1650 руб.
Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Технология: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель технологии

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 971 человек из 76 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 571 человек

Мини-курс

История педагогических идей: основатели и теоретики

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Управление техническими ресурсами и экономикой предприятия

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Инвестиционные проекты: оценка, эффективность и стратегии

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе