Инфоурок Школьному психологу КонспектыКонспекты по уроку самопознание

Конспекты по уроку самопознание

Скачать материал

Бекітемін:__________________



Мектеп _Ү.К.Томанов атындағы №183 орта мектебі__________№ _11_____

Тақырып _Ар – намыс керек адамға____________________

Құндылық_дұрыс іс-әрекет___Қасиеттер әдептілік, мейірімділік, ізгілік, қайырымдылық._________

Мұғалім_Абдрахманова Алтынай_____ Сыныбы _9


Мақсаты:

оқушылардың ұят, намыс, ар туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

  • ұят, ар, намыс ұғымдарының мәнің түсіндіру;

  • адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына ықпал ету;

  • адамгершілікке тәрбиелеу.


Ресурстар:

(құралдар, мәліметтер)

Оқулық, дәптер, күнделік,


Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі. Тыныштық сәті.

Нұрға бөлену

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет.


  1. Үй тапсырмасын тексеру.

№ 11 сабақ 56 бет « Намыс » мәнерлеп оқып келу


Сабақ барысын талқылау:

  1. Дәйексөз

«Малым – жанымның садағасы,

Жаным – арымның садағасы»

Халық мақалы



  1. Әңгімелесу

Өсиет әңгіме
Бір күні Ар, Ұят, Намыс үшеуі бас қосады. Олар өткен - кеткенді әңгіме етеді. Әңгіме арасында үшеуі өздерінің өмірдегі пайдалары туралы айта бастайды. Мен адам бойына кішкентай бөбек күнінен әдептіліктің нәрін себемін, — деді Ұят.
Ал мен болсам адам баласына өзінің ғана емес, досының, туысының басқа адамдардың ағаттық істеріне жауапкершілікті сезіндіремін - дейді ар.
Сонда намыс тұрып: Мен болсам, адамға өзі, досы, туысымен қоса бүкіл отбасы, сыныпты, мектебі, ауылы, тіпті елі үшін жауапкершілігін сезіндіремін, - дейді.
Осылардың айтқанын сырттарынан бақылап, тыңдап тұрған Әдеп: О, достарым, мен сендердің сөздеріңе толық қосыламын, үшеуіңнің де өмірдегі пайдаларың - адамды әдепті ету. Өйткені ұятты, арлы, намысшыл адам - нағыз адам. Үшеуің де адам баласына ауадай қажетсіңдер, біріңді - бірің толықтырасыңдар. Сондықтан да мәңгілікке ажырамастай туыс болыңдар деп бата беріпті. Содан бері намыс - ағасы, ар - інісі, ұят - кіші інісі болып, бірге өмір сүреді екен. Сондықтан да «ұяты бар бала арлы бала болып, арлы бала намысшыл бала болып өседі» деген осыдан қалған екен.

- Ұят, ар, намыс сендерге не үшін қажет деп ойлайсыңдар?
- Үлкендердің сендерге «ұят болады» деп қандай жағдайларда айтқанын естеріңе түсіріңдер және айтып беріңдер.


  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс


  1. А.Құнанбаевтың «Отыз алтыншы сөз» атты қара сөзін оқып талдау.

  • Шығармадан қандай ой түйдіңдер?

  • Неліктен Абай ұялмас нәрседен ұялғанды – ақымақтық, жамандық дейді?

  • «Шын ұят» - деген сөзді қалай түсінесіңдер?


  1. Ә.Нәлібаевтың «Ар» атты өленің оқу.

  • Ар, намыс, ұят ұғымдары туралы не білесіңдер?

  • Өз ісіңе қатты ұялған кездерің болды ма?

  • «Ар намыс керек адамға» дегенді қалай түсінесіңдер?


  1. Дәптермен жұмыс

2 – тапсырма

Ұғымдарға анықтама жаз.


  1. Топпен ән айту

Ғашықтар мұны

Әні: Н.Байғозов

Сөзі: М.Шаханов

Ар алдында, адал, ақпыз десек те

Сан сұрақтар алар кейде жағадан.

Мүмкін, бізді таңар шулап өсекке,

Мүмкін, бізді түсінбейді көп адам.

Мүмкін, бізді таңар шулап өсекке,

Мүмкін, бізді түсінбейді көп адам.


Алуан ұғым алуан жаққа тартады,

Сан көлдердің тұнығына малтыдым.

Ғашық болып көрмегендер бар тағы,

Олар бізді қайдан ұқсын, алтыным

Олар бізді қайдан ұқсын, алтыным


Көзімді алмай маздап жанған оттардан

Саған сенем, саған сенім артамын.

Қорықпаймын түсінігі жоқтардан

Жүрегі жоқ адамдардан қорқамын!

Қорықпаймын түсінігі жоқтардан

Жүрегі жоқ адамдардан қорқамын!



  1. Үй тапсырмасы

«Балқар аңызы» атты мәтінді оқып келу.



  1. Соңғы тыныштық сәті (Тыныштық.. бар жерде, тыныштық.. бүкіл әлемде)

Енді көзімізді жұмып осы сабақта айтылған ойлар мен істерді ой елегінен өткізіп көрейікші.Барлық айттылған жақсы ойларды жүрегіміздің түкпіріне апарып орналастырайық.Енді көздеріңді аша ғойындар. Осымен біздің сабағымыз аяқталды.бүгінгі күндеріңіз қуаныш әкелсін.



hello_html_6b7d462e.png

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Конспекты по уроку самопознание"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Директор десткого сада

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 264 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 17.03.2016 470
    • DOCX 72 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Абдрахманова Алтынай Сталбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 1176
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 130 человек из 45 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Социально-психологическое сопровождение в перинатальной психологии

Перинатальный психолог

300 ч. — 1200 ч.

от 6500 руб. от 3600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 22 человека

Курс повышения квалификации

Основы детской патопсихологии

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 32 человека из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 110 человек

Курс повышения квалификации

Стресс и психосоматика

36 ч. — 144 ч.

от 1580 руб. от 940 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 367 человек из 65 регионов
  • Этот курс уже прошли 63 человека

Мини-курс

Мастерство влияния и успешных переговоров

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 19 регионов

Мини-курс

Психологическая зрелость и стрессоустойчивость: основы развития личности и поддержки

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 214 человек из 57 регионов
  • Этот курс уже прошли 67 человек

Мини-курс

Идеи эпохи Просвещения: педагогическое значение для современности

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе