Инфоурок ИЗО, МХК КонспектыКонспекты "Сындарлы оқыту - бейнелеу өнерінде"

Конспекты "Сындарлы оқыту - бейнелеу өнерінде"

Скачать материал

 

 

 

                          Сындарлы оқыту – бейнелеу өнерінде.

 

 

Мұғалім - сабақтың тізгіншісі,

 сабақты қалай алқымдаса,

шабысы соған қарай ілгері баспақ.

 

Белгібай Іргебайұлы

 

 

       Балалармен жұмыс – ең ауырда, қызығушылығы мен қиындығы қатар жүретін,  сабырлықты талап ететін жұмыс. Қазіргі таңда біз, жаңа технологиялар дамыған әлемде өмір сүрудеміз.  Қазіргі заман талабына сай, әрбір мұғалім өзінің білімін жетілдіріп, жаңа инновациялық технологияларды өз сабақтарында үнемі қолданып отырса, сабақ тартымды, қонымды, мәнді, тиімді болары анық.

   Өз сабақтарымды  мен Кембридж Университетінің тәсілі бойынша  сындарлы оқытудың жеті модулін кіріктіре отырып жүргіземін.

   Қандай да бір мақсатқа жету үшін, немен жұмыс жүргізетініңді, қандай нәтижелерге қол жеткізу керектігін нақты білуің керек. Сондықтан әр сабағыма Бағдарламаның жеті модулін тиімді ықпалдастыруды қарастырамын.

   Оқушылардың қарым-қатынасы диалог арқылы жүзеге асады. Диалогтік оқыту мен оны дамыту барысына ынтымақтастықтың болуы әсер ететіні сөзсіз, сондықтан сыныптың психологиялық ахуалын жақсартуға үнемі көңіл бөліп отырамын. Өйткені оқушылардың жақсы көңіл-күйлері сабаққа оң әсер ететіні белгілі. Оқыту үшін баланы ынталандыру, оларға дем беру, мадақтау, сергіту - балалардың қызығушылықтарын арттырады, сол себепті үнемі сабақтарымда ойындар, шаттық шеңберін құрып, сергіту сәттерін өткізіп тұрамын. Топқа бөлу, топтық жұмыс, жұптық жұмыс жасау әдістері оқушыларға  ұнайды. Сабақ барысында жұптық әңгімелесу оқушылардың ары қарай жеке шығармашылық жұмыс жасауларына ой тастап, шабыт береді деп айтуға болады.

  Мұғалімнің негізгі мақсаттарының бірі оқушыларға әртүрлі сұрақтар қою арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Сондықтан әр сабағымда оқушылардың білімдерін бекіту мақсатында, дұрыс жауаптарға жетелеу мақсатында үнемі сұрақтар қойып отырамын. Мұғалім – оқушы, оқушы – оқушы арасындағы сұрақтар оқушылардың оқуын, танымын кеңейтеді.

    Сұрақ қоюдың оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамытудағы басты қозғаушы күш екенін түсіндім, өйткені сұрақтарға жауап іздеу, оны саралау, олардың сыни көзқарастарын қалыптастыруға, сынды дұрыс жеткізуге, дұрыс қабылдауға дағдыландырады деп ойлаймын.

   Оқушыларды қолдау, қолпаштау, мадақтаудың өзі балаларды ынталандырады, сабаққа кері байланыс жазғанда олар өздерінің көңіл – күйлерін білдіріп жатады. Ал бұл әрекеттер оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау модулінің тәсілдерінің бірі.

   Оқушылар өзінің жеке жұмысына немесе бір – бірінің жұмысына жай ғана баға қойғаннан гөрі, өзара бағалаудың (және өзін – өзі бағалаудың) маңызы зор. Ондағы мақсат – оқушыларға өз жұмыстарының сапасын көтеруге қызықтыру және оларға оны жақсартудың мүмкіндіктерін талдауға көмектесу. Нәтижесінде, бұл мұғалімнің жұмысын жеңілдетпек, себебі оқушылар оқыту үдерісі үшін тек мұғалім ғана жауапты емес екендігін түсінеді.

   Өзін-өзі бағалау нәтижесінде оқушы өзінің ойын, тәртібін, түсінігін бақылай алады деп ойлаймын.

   Бағалаудың екі түрі бар – формативті және суммативті бағалау. Мен өз сабақтарымда бағалаудың осы екі түрінде қолданамын.

   Критериалды бағалау - бұл бағалау парағы арқылы оқушының өзін-өзі, бір-бірін, топ басшысының топтағы оқушыларды бағалауы. Бағалаудың бұл түрі оқушылар үшін жеңіл, әрі қызықты және бейнелеу өнері пәнінде қолдануға өте ыңғайлы. Әр орындаған шығармашылық жұмыстарына сыни тұрғыдан ойлай отырып критерий қоя білулеріне жол ашады.

   Өз сабақтарымда жұптық бағалау негізінде жиі қолданатын «Нысана» әдісі өте тиімді. Оқушылардың сабақ барысында орындаған жұмыстарына критерий қоймай-ақ, тез, әрі нақты баға қою тәсілі.

   Сондай-ақ  бағалаудың басқа да түрлі стратегияларын сабақтарымда қолданып келемін.

     Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп айтқанындай, өз сабақтарымда ақпараттық - коммуникативтік технологияларды үнемі қолданамын. Сабақта АКТ-ны қолдану – өте тиімді әдіс. Компьютердің сызбалық мүмкіндігінің молдығы сабақтарды бояулы суреттермен, сызбалармен, кестелермен байыта түсуге жол ашады. Мұғалім косымша материалдар, әртүрлі анықтамалык мәліметтерден ақпараттар беру үшін көрнекі құрал ретінде пайдалана алады.

    Бейнелеу өнері сабағында тақырыптарға байланысты  әртүрлі заттарды, адамды, жануарларды т. б. бейнелеу жолдары көрсетілген бейнефильмдерді, слайдтарды көрсету оқушылардың қызығушылығын арттырып, шығармашылық жұмыс орындау барысында шабыт береді деп айтуға болады. Сондай-ақ оқушылардың PAINT графиктік редакторінде, Activstudio бағдарламасында әртүрлі суреттер сала білулерінен, олардың АКТ-ны меңгергендерін көруге болады.

   Қоршаған ортамен таныстыру арқылы оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастыру бейнелеу өнері сабағында іске асырылады. Ұялы телефондарының көмегімен әртүрлі табиғаттың әдемі көріністерін  суретке түсіріп, оларды сабақ барысында көрсетіп, қорғай білулері - оқушылардың танымдық қабілеттерінің артуы деп білемін.

   Оқушылардың жалпы бейнелеу өнері пәніне деген қызығушылықтары жоғары. Осы пән арқылы көптеген талантты және дарынды балаларды анықтауға болады. Әрине, көптеген әртүрлі әдіс-тәсілдер арқылы. Оқушыларды жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен талантты және дарынды балаларды оқыту модулі бір- бірімен тығыз байланысты болғандықтан, сабағымда бұл модульдерді кіріктіру барысында мен деңгейлік тапсырмалар беруді үнемі алға қоямын. Сабақ барысында және үйге берілетін тапсырмаларды оқушылардың деңгейлеріне сәйкес жоспарлаймын. Деңгейлік тапсырма орындау барысында оқушылардың әр түрлі, бір-біріне ұқсамайтын, композициялық шешім тапқан, перспективалық өзгерістері сақталған жұмыстар орындайтынына көзім жетті.

   Осы сабақтар барысында оқушылар алдында өзінің біліктілігімен, білімімен, шеберлігімен көшбасшылық танытатын – ол , әрине, мұғалім. Мұғалімнің сабақты дұрыс құрып, ұтымды ұйымдастыруы, сабақ барысында оқушылардың қызығушылығын арттыра білуі нәтижесінде оқушылар арасынан да көшбасшыларды көруге болады. Топтық жұмысты тиянақты ұйымдастыра білетін, ұтымды, қызықты ойлар білдіріп, бөлісіп, өзін көшбасшы ретінде көрсететін оқушыларды әр сабағымда көремін.

   Бейнелеу өнері пәнінде Кембридж бағдарламасының сындарлы оқыту технологиясын енгізу нәтижесінде оқушылардан көптеген оң өзгерістер көрдім. Білім берудің дәстүрлі әдісі бойынша өткізген сабақтарымда сынып арасында ынтымақтастық болмаған, оқушылар тек орындаушылар, тыңдаушылар ғана болған, өз ойларын, пікірлерін айтуға машықтанбаған, өзін-өзі бағалауды білмеген. Ал сындарлы оқыту  барысында оқушылар топпен жұмыс жасап, ынтымақтастыққа үйренді, оларда тақырыпты оқып, талдап, түсіндіруге мүмкіндік болды, бірін-бірі және өзін-өзі бағалай білді.

Әртүрлі әдіс-тәсілдерді, стратегияларды қолдану барысында олардың танымы кеңейіп, ой-қиялдарының дамуына, шығармашылық қабілеттерінің артуына мүмкіндік туды.

   « Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл»- дегендей, Кембридж бағдарламасының негізгі мазмұнын қамтып жатқан жеті модульдің идеяларын меңгергенен кейін, осы модульдерді  әр сабақтарыма тиімді ықпалдастырып, әдіс-тәсілдер мен стратегияларды түрлендіріп қолдануды алдыма мақсат етіп қойдым.

 

   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Конспекты "Сындарлы оқыту - бейнелеу өнерінде""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Экономист по планированию

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 980 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 06.04.2016 712
    • DOCX 40 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сманжина Жадыра Нурлановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Сманжина Жадыра Нурлановна
    Сманжина Жадыра Нурлановна
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 5916
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Формирование метапредметных компетенций учащихся на уроках ИЗО и искусства

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 75 человек из 32 регионов
  • Этот курс уже прошли 546 человек

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Мировая художественная культура")

Учитель мировой художественной культуры

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Искусство: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель искусства

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 91 человек из 36 регионов
  • Этот курс уже прошли 313 человек

Мини-курс

Оказание первой помощи

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 683 человека из 73 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 372 человека

Мини-курс

Эмоциональная сфера детей: диагностика, особенности и регуляция

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 28 человек из 15 регионов
  • Этот курс уже прошли 13 человек

Мини-курс

Эффективная самоорганизация и планирование

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 109 человек из 38 регионов
  • Этот курс уже прошли 45 человек