Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Конспекты "Төлді қалай шақырады? Дауыссыз дыбыстар"

Конспекты "Төлді қалай шақырады? Дауыссыз дыбыстар"



Осталось всего 2 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_m63ab1292.gif

Сабақтың тақырыбы: Төлді қалай шақырады? Дауыссыз дыбыстар.
Сабақтың мақсаты: а) Оқушылар дауыссыз дыбыстар туралы түсінік алады. Дауыссыз дыбыстарды сөз арасынан таба білуге үйренеді. «Төлді қалай шақырады?» өлеңі туралы түсінік алады. ә) Оқу жылдамдықтары артады, есте сақтау қабілеттері дамиды. Сөздік қорлары молаяды.
б) Әдемі жазуға тәрбиелеу. Малды сүюге, күтуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақта пайдаланатын көрнекіліктер: төрт түліктің пірлері, төрт түліктің суреті, слайд.
Пайдаланатын әдіс - тәсілдер; Топқа бөлу, ассоциялық аймақ құру, кубизм әдісі, ой шақыру.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
Сыныпты топқа бөлу.

Төрт түліктің піріне байланысты бөлу.
1 - топ - «Ойсылқара»
2 - топ - «Шопан ата»
3 - топ -«Қамбар ата»
4-топ- «Сексек ата»
5-топ- «Зеңгі баба»
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
ІІІ Жаңа сабақ
1. Төрт түлікке нелер жатады?
2. Төрт түліктің төлдерін ата.

3. Төрт түліктің пайдасы
4. Төрт түліктің пірі
Дұрыс айтасыңдар. Енді осыны жеке-жеке өз енелерімен қосып айтып көрейікші.(Дөңгелектің бір жағына енесін,екінші қарсы бетіне төл салынған суретті көрсету арқылы әңгімелейміз.) 
-Ешкінің төлі-лақ. Бұл өзі жеңіл қозғалатын, бақырауық дауысы бар,шыдамсыз төзімі аздау мал.Осы туралы кім тақпақ біледі. 
Жүнін жұлса бақырған 
Ешкі атасын шақырған 
Өрісте өскен жануар 
-Қойдың төлі-қозы. Бұлар өте жуас, момын жануар екен.Сондықтан көбіне халық қой асыраған. 
Қой баласы қоңырым 
Ұя бұзбас момыным 
Шопан ата түлегі 
-Сиыр төлі-бұзау. Өте тойымсыз, қомағайлау мал.Тілі өте ұзын болады екен.Сонымен өзіне керекті тамағын тауып жейді. 
Тілімен мұрын жалаған 
Тілімен бойын тараған 
Зеңгі баба өсірген 
-Жылқы баласы-құлын. Бұл өте мықты мал. Қандай жүк брлсада көтере алады. Алыс жолға жүре алатын, көлік ретінде пайдаланған жануар. 
Жолға шықсам көлігім 
Жапанда жүрсем серігім 
Қамбар ата өсірген 
-Түйенің төлі-бота. Мұның басқа жануарлардан ерекшелігі арқасында екі өркеші болады. Шұбаты денсаулыққа шипалы.Бұл мал көбінесе құмды жерде жүреді. Олар өйткені суға шыдамды.Сондықтан мұны шөлді жерде көлік ретінде пайдаланады. 
Айналайын ботам 
Қандай күлте жотаң 
Табаның жалпақ 
Теріп жейсің жантақ 
Олай болса жаңа айтқандай әр түліктің аталарын атайық.
Қой атасы-Шопаната,
Жылқы атасы-Қамбарата,
Ешкі атасы-Сексеката,
Түйе атасы-Ойсылқара,
Сиыр атасы-Зеңгібаба.
Не қалай дыбыстайды ойынын ойнату.
-Балалар сонымен бірге біз ит пен мысықтың дыбыстарында естідік демек оларда үй жануарына жатады екен. Ал, енді балалар осы төрт түлік малды қалай шақырамыз білеміз ба?
-Ендеше балалар, оқулығымыздағы Төлді қалай шақырады? Өлеңін оқимыз. Мен оқып берем, мұқият тыңдаймыз. Сосын әр топқа өз төлдеріне қарай оқытамын.
Сұрақ : 1. Төлдерді қалай шақырады екен?
1. Қойды қалай шақырады?
2. Ешкіні қалай шақырады?
3. Жылқыны қалай шақырады?
4. Сиырды қалай шақырады?
5. Түйені қалай шақырады?
Ал, Мысық пен итті қалай шақырасыңдар?
Мына сұрақтарға жауап берейікші.
1. Дыбыс дегеніміз не?
2. Дыбыс нешеге бөлінеді?

3. Дауысты дыбыс нешеге бөлінеді?
4. Дауысты дыбыстарды ата.
Ендіше бүгін сол дауыссыз дыбыстарды өтеміз. Қане тақтадан дауыссыз дыбыстарды атайық.
Дауыссыз дыбыстар: б,в,г,ғ,д,ж,з,й,к,қ,л,м,н,ң,п,р,с,т,ф,х,һ,ц,ч,ш,щ,(у)
енді оқушылар дәптермен жұмыс жасайық. Бүгінгі күннің жадын жазамыз. 17-жаттығуды орындаймыз. Сөздерді көшіріп жазып, дауыссыз дыбыстардың астын сызамыз.
Қамбарата, Зеңгібаба, Ойсылқара, Шопаната, Сексеката.
Сергіту сәті.
19-жаттығу
Сөздерді көшіріп жазып, дауыссыз дыбыстардың астын сызасыңдар.
Бота, құлын, лақ, қозы, бұзау.
ІҮ. Сабақты қорытындылау:
Постер қорғау. Әр топ өз түлектерінің пайдасын айту, солар туралы білетін мақал-мәтел, өлеңдерін, тыйым сөздерін айту.
Сонымен Дыбыстың қандай түрімен таныстық.
Ү. Үйге тапсырма:
18-жаттығу.
ҮІ. Бағалау

























Е.Өмірбаев атындағы орта мектебі













Тақырыбы: «Төлді қалай шақырады?»







Өткізген: Шаудирова Ж.

1 сынып









2014-2015 оқу жылы



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 08.01.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров221
Номер материала ДВ-316855
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх