Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Конспекти Тәрбие сағаты по тему "Алдымен сүй ардақта ата-анаңды"

Конспекти Тәрбие сағаты по тему "Алдымен сүй ардақта ата-анаңды"

Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

«Алдымен сүй, ардақты ата – анаңды!»

Мақсаты: а) бала бойына жылылықты, сүйіспеншілікті ұялату,ата-анасын құрмет тұтып,адал да парасатты ұл мен қыздары болуға тәрбиелеу;

ә) ата-ана берген жақсы тәрбиелерін нәтижелі етуге уағыздау.

Көрнекілігі ; плакат,мақал-мәтелдер.

Барысы:

Ұйымдастырыу кезеңі.


Мұғалім: Қымбатты ата - ана, ұстаздар!
Біздің борышымыз сіздерді құрметтеу.
Алдымен сүй, ардақты ата - анаңды,
Үлгілі ұрпақ атадан бата алады.
Бар жақсылық балаға бұл ғаламда
Мейірімінен ананың жасалады.
Жырақ жүрген ата - анасын сағынған
Ата - анаға сәлем айтқан ән - жырдан.
Екеуінің қуанышы, тілегі
Әрқашан да бір арнадан табылған.

Бүгінгі 1 «Г» сынып оқушылары өткізгелі отырған «Алдымен сүй, ардақты ата – анаңды!» атты тәрбие сынып сағатымызға қош келдіңіздер! «Ата – ананың қадірін білмеген – халық қадірін білмес» деген атақты

жазушымыз Ғ.Мустафин.

Ата-ана деген кім?

1-оқушы: Ата-ана - отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Дәстүрлі қазақ отбасында ата-ананың қадірі ерекше еспеттелген.

Үнтаспадан «Ана туралы» өлең тыңдатылады.

1-оқушы: Алфавиттің А тұрады басында,

Әрқашанда Ә тұрады қасында,

Байқадыңба Б тұрады үшінші

Ал,осының сыры неде түсінші?


2-оқушы: «А» деген ол-аналар ғой ардақты,

«Ә» деген ол-әкелер ғой салмақты.

«Б» деген ол балалар ғой әдемі.

Біздің елде үшеуі кәделі

Алшақ кетпей сондықтан да расында

Тұрады олар альфабиттің басында.


3-оқушы:  Біз ғана емес,

             Қадір тұтқан балалар.

             Аналардан туған небір даналар.

            Ана деген тіршіліктің тірегі.

            Армысыздар, қасиетті аналар!

4-оқушы: Бауырсақ маған жегізген,

               Жал десем, жая жегізген.

              Шекер десем, бал беріп,

               Аялап мені емізген,

               Аяулы анам аман бол.

5-оқушы: Айтсам болды тіл алам

                  Әйбат мамам, ақ анам,

                  Сені көрсем қуанам,

                  Сен керексің қайда да.


Мұғалім: Дүние ойдан шығады

Өзімді өзім ұмытып.

Көңілім әнді үғады,

Жүрегім бойды жылытып, -дей отырып ендігі кезекті әнге берейік.

Ән: «АНАШЫМ»


6-оқушы: Жүре берсем қасыңда,

                  Әйбат анам, ақ анам,

                  Ботам деген даусыңнан

                  Мен мәз болып оянам.


7-оқушы: Анам менің – ақ анам,

                  Менсіз таңы атпаған,

                  Менсіз күні батпаған,

                  Мен ұйықтамай жатпаған.

 

 8-оқушы: Ақыл құйған санама,

                Күннен де артық,

                Күн алыста, ал ана,

               Ылғи менің қасымда.


9-оқушы: О, ата-анам,

Таянышым, тірегім!

Бар бақытты бір басыңа тіледім

Бізді жақсы болса екен дап қашанда

Лүпілдейді сенің қамқор жүрегің.

ОЙЫН: «Кім жылдам»

 Мұғалім: «Әке – асқар тау, ана – қайнар бұлақ, бала – жағасындағы құрақ» дегендей «Әке» деген сөз қандай жақын, қандай ыстық десеңші! Өмірде әкесін жек көретін бала жоқ шығар, өйткені бала үшін әкенің орны бөлек қой.


10-оқушы: Есімде бейнесі әкемнің,

Күлімдеп маған қарайтын.

Мен оған биік талпынсам,

Құшағын жая сап көтеріп алатын.

11-оқушы: Сәулелі сөз сөне ме,

Орны бөлек батаның.

Бізге тәлім, өнеге –

Ақ тілеуі әкенің.

12-оқушы: Бойға қуат береді –

«Әй, жарайсың» дегені.

Мен әкемнен әр кезде,

Соны естігім келеді.

13-оқушы: Сабағымнан қалмаймын,

Бес аламын бәрінен.

Озат оқып әрдайым,

Қуантамын әкемді.

14-оқушы: Ойнаймыз, күлеміз,

Жарқылдап жүреміз.

Әкені сыйлаймыз,

Айтқанын тыңдаймыз.


Би: Қыздардың орындауында «Бипыл биі»

15-оқушы: Арайлы ақ тілекпен,

Ән жолдаймын өзіңе.

Сағыныш сазды жүрекпен,

Жыр арнаймын өзіңе.

16-оқушы: Аңсаймын жылы сөзіңді,

Ақылшым болған кезіңді.

Есімде әке сақтаймын,

Асқар биік өзіңді.

17-оқушы: Арманым едің аңсаған,

Әкелсем бақыт мен саған.

Ұрпағың болып жалғадым,

Қуаншы , әке, сен, маған.

Ән: «»

Мұғалім; Ата-ана алдындағы әдептілік баланың бармақтай кезінде бойына дарыған қасиет болуға тиіс. Ата-ананы сыйлау елді сыйлау. Ата-анасын құрметтеу өмірді құрметтеу.


1. Атаға қарап - бала өседі
Анаға қарап -қыз өседі

2. Ананың көңілі балада,

Баланың көңілі далада

3. Ата - ананың қадірін,

Балалы болғанда білерсің.

4. Атаның баласы болма,

Елдің баласы бол

5. Ұядан не көрсе,

Ұшқанда соны ілерсің

6. Қарағайға қарап тал өседі
Отбасына қарап бала өседі

Мұғалім: Дүние ойдан шығады

Өзімді өзім ұмытып.

Көңілім әнді үғады,

Жүрегім бойды жылытып, -дей отырып ендігі кезекті әнге берейік.


Би: Қыздардың орындауында «Балдаурен биі»



Мұғалім: Әлемнің жарығын сыйладың сен маған,

Даланың әр гүлін жинадың сен маған.

Сен бердің құстардың қанаты самғаған,

Балалық құштарым өзіңе арналған!!! ! - деп бүгінгі 1 «Г» сынып оқушыларының «Алдымен сүй, ардақты ата – анаңды!» атты тәрбие сағатымыз аяқталды.


Құттықтау үшін сөз:

ДТЖО:

Ата-аналар кеңесі:










































Сабақтың тақырыбы: Батамен ел көгерер ...

Сабақтың мақсаты: Оқушының дүниетанымын жетілдіру,адамгершілікке, имандылыққа, Отаншылдыққа тәрбиелеу. Қанымызға сіңген, жанымызға жағымды, ой-санамызға нұрлы шуақ сыйлап, сілкіндіріп, серпілтетін осынау ақыл, нақыл сөздерді – тәрбиенің бастау бұлағын, аталардың қасиетті өсиетін оқушыларға ұғындыру.

Көрнекілігі: ақыл-нақыл сөздер, мақал-мәтелдер жазылған жазбалар, ұлттық киімдер мен тағамдар және ұлттық бұйымдар.

Барысы: 1-бастаушы: Сабақты біз «Ақ бата» деп атадық,

Үлкендерден жүрейік деп бата алып.

Ақ батамыз бастайды екен ақ жолға,

Шалыс басып кетпесін деп шатасып,

Имандылық жарасады ұл-қызға,

Инабатты, ұмытпасақ, ізетті,

Ал, батамыз біз адами жұлдызға.

2-бастаушы: Бата ұғымының түп-төркініне барлау жасар болсақ, Құранның 1-сүресінің аты Фатихадан туындаған халықтың бата – тілек сөздері жеткіншек жас ұрпақты әдепті, сабырлы,зерделі, арлы болып өсуіне баулиды. Малды-басты, дәулетті, бақытты, кекшіл емес кешірімді болуын тілейді.

Бата – қазақ арасында адамдардың бір-біріне ынта-ықыласын, адал ниеті мен жақсы тілектерін білдіретін тәрбиелік мәні зор рәсім.

Бата беру – сөздің күш-құдіретіне сенген ертедегі адамдардың таным-түсінігінен туған көне дәстүр. Бата отбасы әдет-ғұрыптарына қатысты айтылып, халықтың күнделікті өмірінен кең орын алған.

Бұрынғы замандарда халық ізгі тілек , ақ бата арқылы мақсат-мұратқа жетуге болады деп сенген. Сондықтан халық «Батамен ел көгереді, жаңбырмен жер көгереді» деп даналық сөздері арқылы тұжырымдай отырып, үлкендерден бата алуды мұрат санаған.

Батаны оң бата және теріс бата деп екіге бөледі. Бата берудің мақсат-мазмұны сан түрлі болып келеді. Сонау көне заманнан келе жатқан игі дәстүрге халық ерекше мән берген. Күні бүгінге дейін жалғасып келе жатқан ақ бата берудің, алғыс айтудың жас ұрпақты кішілік пен кісілікке тәрбиелеуде айтарлықтай әсері бар. Өйткені бата – ізгі ниеттен туған игі тілек.

(Жайылған дастархан басына ұлттық киімдегі үш оқушы, ақсақал кейпінде келіп, төрге жайғасады.) Олардың біреуі отырғандарға қонысы құтты болсын, жайлы болсын деп бата береді.

Көштерің көлікті болсын,

Жолдарың көрікті болсын,

Қоныстарың құтты болсын,

Босағасы мықты болсын,

Ауру – сырқаудан аман болсын,

Бастарыңа айырылмас бақ қонсын,

Мейірбанды Алла сендерге жақ болсын!

2-ақсақал: Берейін бата асыңа,

Амандық берсін басыңа.

Бөденедей жорғалап,

Қырғауылдай қорғалап,

Қыдыр келсін қасыңа,

Бар екен деп тасыма,

Жоқ екен деп жасыма,

Еңбек етсең ерінбей

Дәулет келер қасыңа!

Ән: «Атамекен»

1-бастаушы: «Жақсы сөзді жарым ырыс» санаған халық алғысқа бөленуден артық абырой жоқ деп білген. Ақ бата жастарды алға жетелейді. Адамгершілік, қадыр-қасиет қағидаларын нығайта түседі. Сондықтан әрбір жас батаны өмірге қажетті дана сөздер деп қабылдайды. Қазақтың әдет-ғұрып, салт-дәстүріне байланысты батаның түрлері көп: соғымға, көш-қон, ұлыстың ұлы күніне, жас жұбайларға, әскерге аттанатын азаматқа, дүниеге келген сәбиге берілетін баталар.

«Келген қонақтың алтынын алма, батасын ал», деген сөздің мәні зор.

(Келін киімін киген, қолына қуыршақ ұстаған оқушы келеді.)

  • Дүниеге сәби келіп, қуанып жатырмыз. Осы нәрестеге бата беріңіз, ата!

Ақсақал: Нұрға бөлеп жүректі,

Бөбекке бата берейік.

Ағынан айтып тілекті,

Мен бір бата берейін.

Бергенде бата не дейін,

Әуелі құдай оңдасын,

Еш жамандық болмасын,

Ата-баба әруағы

Әрқашан да қолдасын.

Көтерейік білекті,

Нұрға бөлеп жүректі.

Сәбиіміз сүйкімді болсын,

Өнер-білімге икемді болсын,

Жақсы жолды таңдасын,

Жаман тәлім алмасын,

Даналардың дәстүрін

Жаңаласын жалғасын!

Ән: «Сәби болғым келеді»

2-бастаушы: Халық қыз ұзатып, келін түсіруді үлкен қуаныш санайды. Осындай жиын-тойлардың соңынан да бата беріледі, жас жұбайлардың арман-тілегінің орындалуына жақсы ниет білдіреді, аталы сөз, ақ тілек айтылады. Бұл тілек отбасы татулығын арттырады.Сол сәтте келін киіміндегі қызды алып келген жеңгесі: - Ауылымызға жаңа келін түсіп, жаңаотау тігіліп, ауылымыз қуанышқа кенеліп отырған жайымыз бар, осы жастарға бата беріңіз, ата!

2-ақсақал: Ал, ендеше, берсем берейін, қолдарыңды жайыңдар:

Уа,екі жас, екі жас.

Сөзге тілек ықылас,

Бақыт қонсын басыңа,

Өле-өлгенше арылмас,

Мінез берсін тарылмас.

Өкпе берсін қабынбас,

Жүрек берсін жарылмас,

Тыныс берсін тарылмас.

Бейбітшілік күн берсін,

Ата-анаңды сағынбас!

2-бастаушы: «Батамен ел көгерер, жауынменен жер көгерер» деген сөз адамды ізгілікке, парасаттылыққа, мейірімділікке жетелейді.

Ендеше, бата сол ұлы қасиеттерге мұра болып табылады. Бата көркем сөзбен, өлеңмен, тақпақпен, шешендік тілмен, әсермен қол жайып айтылады. Батаны елге сыйлы, құрметті адамдар береді. Үлкендердің жастарға үнемі бағыт-бағдар беріп, ақ тілек айтуы ежелден келе жатқан дәстүр. Олар ұрпақ тағдырына енжар қарамаған. Әркез ақ тілек тілеп, бата айтуды салт еткен. Жас ұрпақтың ел қамын ойлайтын азамат болуын армандаған. Бата жас өреннің болашақ өміріне игі әсер етеді деп ұққан. Сондықтан ақсақалдарды шақырып, ақ батасын алу өнегелі дәстүр саналған.

(Ортаға әскер киімін киген бала келіп отырып, аталарынан бата сұрайды.)

3-ақсақал: Борышын өте Отанның,

Мәнісін ұқ батаның.

Амандық пен саулықты,

Мен де тілеп отырмын.

Аман барып, сау қайтып

Берсін жолдың төтесін,

Абыроймен өтелсін.

Бейбітшілік жасасын

Шыныға берсін болаттай

Елге жауды жолатпай.

Қатаң сақта тәртіпті,

Тура жүрген сағаттай!

Би: «Қамажай»

1-бастаушы: Бата беру – ақ ниеттен туған жарқын салт. Ол жамандықтан қашық болуға үндейді. Бата- тілектің көркемдік бояу өрнектері, мазмұн байлығы уақыт рухына сай өңделіп отырады. Бата – ізгі тілек. Одан халықтың алдан күткен үміт, арманы көрінеді. Бата-тілектің ұлағатты үлгісі үлкен, тәрбиелік мәнісі зор.

2-бастаушы: « Батамен ел көгерер, жауынмен жер көгерер» деген бар емес пе, батаменен өсіп-өнерміз. Осында жиналған барша қауымға ақ баталарыңызды беріңіздер, қариялар!

1-ақсақал: Ал, ендеше қолдарыңды жайыңдар, балаларым!

Үй-іші ауыл- аймақ аман болсын,

Тыныштық баршамызға заман болсын,

Табиғат таусылмайтын ризық беріп,

Тартулы дастарханың тағам болсын,

Абырой амандығың арта берсін,

Бақ-дәулет қызығымен қатар берсін!

2-ақсақал: Бақшаңа бақыт құсы қона берсін,

Қасыңда жақсы көрген көршің болсын,

Ағайын, туған-туыс, жекжаттарың,

Баршасы сау-саламат өсіп-өнсін!

Аумин!

Ән: «Қазақы дастарханым»

Сабақ бата берумен аяқталады.






Тақырыбы: Күз – береке, күз – мереке.

Мақсаты: 1) Балаларға күзгі табиғаттың ерекшелігін білдіру.

2) Күз мезгілінің тіршілікте тиер пайдасын, табиғаттың өзгешілігін, қыр-сырын тақпақ, өлең жолдар мен нақыл сөздер арқылы ой-өрісін дамыту. Жыл мезгілінің ішіндегі күз айының алатын орны жөнінде айту.

3) Балаларды табиғатты қорғауға, сүюге, аялауға, қажырлы еңбек етуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Суреттер, сыныпты безендіру, аппликация,жеміс-жидек,жеміс-жидектің каронасы.

Әдісі: Баяндау, сұрақ-жауап.

Барысы: Мұғалім: Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар бүгінгі 2 «Ә» сынып оқушыларының өткізгелі отырған «Күз – береке, күз – мереке» атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймын.

Береке, бақ дарыған,

Жомарт көңіл, жарқын жүз,

Сары алтынға малынған,

Жетті міне, алтын күз! - демекші, міне бізге де күз жетті.

  • Кәне балалар, күз айларын атаңдаршы.

Балалар: Күз айлары: қыркүйек, қазан, қараша.

Мұғалім: Күз айы мерекеге толы балалар, олай болса күзгі мерекелерді атайықшы?

Балалар: Қыркүйекте білім күні, қазанда ұстаздар мерекесі мен 25-қазан Республика күні.

Мұғалім: Оқушылар осы күзге байланысты тақпақ дайындап келіпті, кәне айтайық:

1-оқушы: Жаңартқан ғаламды,

Жаңбырлы ғажап-ай.

Осынау заманда,

Орнатқан қазан-ай!

2-оқушы: Артты құт пен береке,

Астық толы мереке.

Салтымыз той мереке,

Алтын күзді тойлаймыз.

3-оқушы: Байлығымды жинадым,

Барымды мен сыйладым.

Алға бастап жолым бар,

Аман-есен болыңдар!

4-оқушы: Алқаптан бидайды,

Қоймаға ел жинайды.

Тырнасы тізілген,

Ұнатам күзді мен.

5-оқушы: Қызыл қырман басында,

Ақ бидайды сапырған.

Дихандардың қолында,

Күз есепші отырған.

6-оқушы: Ағаштардан жамырап,

Ұшты кенет жапырақ.

Ой, алақай, тамаша!

Шашу шашты жапырақ!

Мұғалім: «Құлақтан кіріп бойды алар,

Әсем ән мен тәтті күй», - деп Абай атамыз айтқандай ендігі кезекті әнге берейік.

Ән: «Алтын күз»

7-оқушы: Алтын, сары, қызыл, көк,

Алуан-алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.

8-оқушы: Бұлтиып бүйірі,

Құлайды қырдан мал.

Маңырап қозы-лақ,

Шулайды атырап.

9-оқушы: Көрініп еліме,

Күндері мереке.

Келді ғой жеріме,

Күз дейтін мереке.

10-оқушы: Қарашы далаға,

Реңі сары ала,

Пісті алма балбырап,

Сарғайды бал құрақ.

11-оқушы: Аспанда қаптаған,

Бұл тыным таппаған.

Жөңкіліп көшеді,

Суық жел еседі.

Би: Вальс «Сағындым Алматымды»

12-оқушы: Қызыл қырман ел ісі,

Қызу қырман жер үсті,

Елде бүгін той болған,

Еңбегінің жемісі.

13-оқушы: Қалың астық жиылды,

Камбамызға құйылды.

Ардақты күз, мың алғыс.

Алдың өнім сыйыңды.

14-оқушы: Әне қызыл алмалап,

Әсем бақтың жұлдызы.

Алма терген балалар,

Албырайды нұр жүзі.

15-оқушы: Берекесін сыйлауға,

Өлкемізге күз келді.

Жемістерін жинауға,

Шақырады біздерді.

Мұғалім: Балалар, тек тақпақ қана жаттап қоймай, сонымен қатар күздің бейнесін салып келіпті жіне күз жапырақтарынан жапсырмалар жапсырып келіпті, соны тамашалаңыздар.

Балалардың жұмыстары көрсетіледі.

Мұғалім: Балалар, күздеқалатын құстарды атаңдаршы?

Оқушылар: Қарға, суықторғай, сауысқан.

Мұғалім: Балалар, осы құстарға қалай көмек көрсетеміз?

Ерке өсіп ен жайлаған ұл мен қыз,

Бәріне сәлем жолдап жүректен біз.

Тәтті күй, асқақ ән мен әсем биді,

Сіздерге тарту етіп біз де тұрмыз.

Ән: «Құстар әні»

Мұғалім: Демеңіздер біз өнерді аяп қалды,

Мезгілде біраз жерге таяп қалды.

Баға беріп дастархан мәзіріне,

Күздік дәмге шақырсақ қонақтарды.

Қыздардың дайындаған күздік салаттарынан дәм тату.

16-оқушы: Егінді ел жинайды,

Қырманға дән толады.

Біздің дала бай дала,

Алтын астық айнала.

17-оқушы: Құстар қайтты ән салып,

Бұлт торлады аспанды.

Қыс келеді жар салып,

Күзгі суық басталды.

Көрме: Мұғалім оқушылардың дайындаған суреттері мен композицияларын көрсетіп, таныстырады.

Би: «Гүлдер»

18-оқушы: Тоңазып атырап,

Бар жеміс піседі.

Сарғайып жапырақ,

Саудырап түседі.

19-оқушы: Аспанда сарғылт бұлт,

Жан-жақта жатады.

Күн кеште суытып,

Жауын көп жауады.

20-оқушы: Көктемде егін егетін,

Күзде жиып беретін.

Біздің дала бай дала,

Алтын астық айнала.

Мұғалім: Күз берекелі де, мерекелі ай. Күзде дастарханымыз жеміс-жидектермен асқа толы. Малдар семіреді. Адамдар да жан-жануарлар да қысқа дайындалады.

Күз еңбек айы. Еңбек етіп, көктемде еккеніңді, күзде еңбектеніп жинап аласың.Күздің бізге берері мол.

Олай болса, қадірлі ұстаздар, ата-аналар келгендеріңізге көп рахмет айтып, бүгінгі тәрбие сағатымызды жабық деп жариялаймыз.













Сабақтың тақырыбы: Мектеп - білім ордасы.

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Конститутцияның мазмұнымен таныстыру, заңда белгіленген тәртіп түрлерін оқушы санасына жеткізу. Балалардың құқықтары мен бостандықтары жөнінде мағлұматтар қалыптастыру. Оқудың, білімнің маңызы мен мәнін ұғындыра отырып, білімділікке шақыру.

2. Дамытушылық: Тілдік қорын дамыта отырып, айтылуы қиын сөздерді сөздік қорына пайдалана білу дағдысын жетілдіру.

3. Тәрбиелік: Оқушылардың өз еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыра отырып, ата заңды құрметтеуге, құқық бұзбауға және патриотизмге тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Плакаттар,қанатты сөздер, «Конститутция» кітабы.

Сабақтың түрі: Жаңа білім.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу, сабаққа нұсқау беру.

Мұғалім: Кіріспе сөз.

Қымбатты бүлдіршіндер! Бүгін міне, сіздер мектеп табалдырығын екінші жылы аттағалы отырсыздар. Барлықтарыңыздың алдарыңызда бір мақсат бар. Ол – мектептен білім мен тәрбие алу. Сендер мектепке келгенде қуанасыңдар ма?

  • Не үшін?

Себебі, мектеп – білім ордасы.

Сендер білімді, оқымысты, ғалым болуды армандайсыңдар ма?

Білімді болу үшін тәрбие, өнеге, тіл, ізденіс, талап керек. Сендердің білімге деген талпыныстарың осы мектептен басталуы тиіс.

  • Балалар, 30 тамыз қандай мереке?

(Оқушылардың жауаптарын тыңдау)

ІІ. Негізгі бөлім.

Мұғалім: Балалар, Отан дегенді қалай түсінесіңдер?

1-оқушы: Дән егіп жерге, қазатын кенін,

Орманды дала, құнарлы жерің!

Қойнауың толы қазына байлық,

Айналдық сенен, асқар тау, белім!

Мұғалім: Бұл өлеңде не туралы айтылған?

  • Біздің Отанымыз қандай республика?

  • Біздің елбасымыз кім?

  • Еліміздің қандай мемлекеттік нышандары бар?

(Оқушы жауаптарын тыңдау)

Мұғалім: 1991 жылы 16 желтоқсанда еліміз егемендік алды, тәуелсіздік жалауы желбіреді. Ал қалың халықты, кең байтақ жерді дұрыс басқару үшін мына кітап жарық көрді. Бұл - Қазақстан Республикасының жаңа Конститутциясы, яғни Ата заңымыз. Ол 1995 жылы қабылданған.

Заңды Парламент шығарады. Парламентте халық сайлаған депутаттар отырады.

Заңда жеке адамның құқығы, еркіндігі, бостандығы туралы айтылған.

2-оқушы: Халықтың ақ тілегі,

Ізгіліктің бастауы.

Ата заң бұл киелі,

Еліміздің бас заңы.

  • Қазақтың рәміздері де осы Ата заңмен белгіленген.

3-оқушы: Туға мойын бұрамыз,

Елтаңба деп тұрамыз.

Әнұран боп асқақтар,

Біздің елдің рәмізі!

Мұғалім: Ата заңымыздың 17-бабында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілі» деп жазылған.

Бұл заңда балалар мен жасөспірімдерге ерекше қамқорлық жасау үшін, балалардың құқықтарын қорғайтын Конвенция қабылданған. Яғни, біздің құқықтарымыз бен міндеттеріміз анық көрсетілген.

4-оқушы: Конститутцияның 26-бабында: «Жеті жасқа толған әрбір бала тегін білім алуға міндетті және білім беретін мекемені өзі таңдауға құқылы» делінген.

5-оқушы: Ата заңға қарағым,

Шексіз болсын құрметің.

Туған елдің талабы,

Заңды орындау міндетің!

Көрініс: «Дала демократиясынан – Қазақстан Конститутциясына»

Сахнада көк есегіне мінген Қожанасыр мен Тазша бала. Кенет сырттан дауыс естіледі.

  • Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Сөйлеп тұрған Алматы. Бүгін яғни 30 тамыз күні бүкіл халықтың дауыс беру жолымен Қазақстан Республикасының жаңа Конститутциясы қабылданды. Бұл аса маңызды оқиғаға қатысқан республика азаматтарының 7 миллион 210 мыңы «Ия» деп жауап берді.

Қожанасыр: Естимісің, бала? Мынау не дейді? Конститутция дей ме? Ол немене зат? Тұра тұр, тұра тұр...Қабылданды деді ме? Демек, ол кісі болғаны ғой. Сен білемісің?

Тазша: Жоқ, білмеймін. Патша болса болар. Жүр біз де ол кісінің қабылдауына барайық. (Жандарынан бір бала өтіп бара жатады)

Қожанасыр: Балам-ай, бізге жөн сілтеп жіберші. «Конститутция» деген кісіні қайдан табуға болады?

Бала: Ой, ата, Конститутция деген адам емес. Ол,ол...(жан-жағына жалтақтап қарайды да, кенет кітабын ақтара бастайды) Міне, таптым... «Конститутция» сөзі, латын сөзі, «орнату», «құру» деген мағынаны білдіреді. Егер ол жайлы жалпы айтар болсақ, бұл адам мен мемлекет арасындағы қатынастардың, сондай-ақ мемлекеттің өзінің ұйымдастыру негіздерін реттеуші заң құжаты деуге болады.

Қожанасыр: Бала кезімде әлі есімде, ертегі оқығанмын. Сонда мынадай бір сөйлемдер бар: « Заң дегенің - бұтағы көп бір ағаш. Қаласам ана бұтағына шығамын, қаласам мына бұтағына шығамын. Шығаратын өкімім сол бұтақтардың әрқайсысын таңдағаныма байланысты – ақталуың да мүмкін, сотталуың да мүмкін.

5-оқушы: Заңы бар еліміздің,

Бастысы – адам болу.

Ары үшін тегіміздің,

Мейірбан, адал болу.

6-оқушы: Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында «Азаматтардың білім алуға тең құқығы бар» делінген.

Мұғалім: Балалар, енді білім туралы мақал-мәтел айтып жарысайық.Әр топтан әр бала мақал айтқан сайын сол балаға «фишка» беріліп отырады. Содан-соң үш топтың «фишка» санын салыстырамыз.

7-оқушы: Білікті бірді жығар,

Білімді мыңды жығар.

8-оқушы: Оқу білім азығы,

Білім ырыс қазығы.

9-оқушы: Оқу – білім бұлағы,

Білім – өмір шырағы.

10-оқушы: Оқу – инемен құдық қазғандай.

11-оқушы: Өнерлінің қолы алтын,

Білімдінің сөзі алтын.

12-оқушы: Білім көпке жеткізер,

Өнер көкке жеткізер.

Мұғалім: Балалар, білім туралы сендер көп мақал-мәтел біледі екенсіңдер. Ал, енді кім мектеп, білім туралы тақпақтар жаттап келді екен?

13-оқушы: Аралап елді біз,

Жаз бойы дем алдық.

Күлімдеп келді күз,

Мектепке оралдық.

14-оқушы: Келдік жаз табысын,

Мектепке алып біз.

Қоңырау дауысын,

Сағынып қалыппыз.

15-оқушы: Ал бірінші сентябрь,

Күнсің ғой сен ең тәуір.

Қолда қағаз, қаламым,

Мектебіме барамын.

16-оқушы: Анашымдай сыр шерткен,

Ақыл-білім үйреткен.

Ұстазымды сыйлаймын,

Ерекше зор құрметпен.

17-оқушы: Қоңырау үні сыңғырлап,

Естілді жылы жаныма.

Күлкідей әсем сылдырлап,

Бөбекті жиды маңына.

18-оқушы: Білімнің гүлін ашылған,

Терумен оқып жүр екем.

Бақытқа бізді шақырған,

Қоңырау дауысы жыр екен.

ІІІ. Білімді бекіту.

Мұғалім: - Балалар, бүгінгі сабақта нелер туралы айттық?

  • Сабағымыздың тақырыбы неліктен осылай болды?

  • «Конститутция» деген сөз нені білдіреді?

  • Конститутцияда білім туралы не делінген?

  • Республикамыздың қандай мемлекеттік нышандары бар?

  • «Білім – теңіз, мектеп – кеме» дегенді қалай түсінесіңдер?

ІҮ. Сабақты қорытындылау.

Мұғалім: Балалар, сонымен біз бүгін «білім», «заң» туралы біраз мағлұмат жинадық деп ойлаймын. Сендер қандай қорытындыға келдіңдер?

Оқушылар: Ата заңды ардақтау, құрметтеу және онда белгіленген заңды бұлжытпай орындау - біздің міндетіміз.

Мұғалім: Білімді, оқымысты болу үшін не қажет?

Оқушылар: Саналы да білімді азамат болу үшін еш талмай, қажымай оқу керек.

Сабақ «Ұстазым» әнімен аяқталады.

Тақырыбы: Әдептілік - тәрбие бастауы.

Мақсаты: 1. Оқушыларды адамгершілікке, қарапайымдылыққа, кішіпейілділікке, әдептілікке, еңбексүйгіштікке, өз халқының салт-дәстүрін үйрене отырып, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.

2. Адам бойындағы ұнамды-ұнамсыз қылықтарды айыра отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру.

3. Әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Адамгершілікке байланысты түрлі суреттер: жаман жолдас, үлкенді құрметтеу, кішіге қамқорлық жасау, автобус ішіндегі бала, аналарды сыйлау.

Әдісі: Пікірлесу, ойын.

Мақал-мәтелдер: 1) «Әдепті бала – арлы бала,

Әдепсіз бала – сорлы бала»

2) « Жаманға айтқан ақылың,

Далаға атқан оқпен тең»

3) «Татулық – табылмас байлық»

4) «Жақсы адам – елдің ырысы,

Жақсы жер – жанның тынысы»

5) «Әдептілік ар-ұят, адамдықтың белгісі,

Тұрпайы мінез, жат қылық, надандықтың белгісі»

Барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларға мынадай сұрақтар қойылады:

  1. Әдептілік деген не? Оны қалай түсінесің?

  2. Әдепті бала қандай деп ойлайсың?

  3. Әдепті бала болғың келе ме?

  4. Әдепсіз дегенді қалай түсінесің?

  5. Әдепсіз бала қандай бала?

  6. Әдептілікті бізге кім үйретеді?

Оқушыларды сөйлете отырып, сұрақтарға жауап алу.

Мұғалім: Сонымен, адам бойында жақсы-жаман қасиеттер болады екен. Бізге ақылдылықты, адалдықты, қарапайымдылық пен кішіпейілділікті, инабаттылық пен шыншылдықты үлкендер үйретеді. Ол – біздің ата-аналарымыз, ұстаздарымыз.

Адам болатын бала – барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез, жаман әдеттерден аулақ болуға тырысуы керек. Әдепті, ақылды балалардың қандай болуы керек екенін мына өлеңдерден тыңдайық.

1-оқушы: Ақыл әліппесі.

Ата-ананың тілегі, адам болып өскенің,

Адамдықтың тірегі, адал болып өскенің.

Әдептілік дегенің, әрқашанда керегің,

Әсемпаздық дегенің, әуре сарсаң әлегің.

Спортпен айналыс, сұлулық сыйлаған.

Сол саған пайдалы іс, саулық пен кинодан.

Тәртіпті бала сүйеніш, төбең бір көкке жетеді,

Тәртіпсіз бала күйініш, төмендеп басың кетеді.

Ұрыншақ бала жанында, ұрыс пен керіс, айқай-шу,

Ұстамды бала маңынан, ұнамды қылық байқайсың.

Шындықты сақтаймыз, шыншылды жақтаймыз,

Шаршы топ алдында, шығарып мақтаймыз.

2-оқушы: Сыйлап сәлем беремін, көршілерді көргенде,

Ізетпен бас иемін, үйге қонақ келгенде.

Әдепсіз деп сөкпесін, анама айтып өкпесін.

Су құйдым да құмырамен қолына мен әкемнің,

Содан кейін оған мен, орамалын әкелдім.

3-оқушы: Кім үлкенді сыйласа,

Кім үлкенді тыңдаса.

Сыйлы болмақ өзі де,

Үлкен болған кезінде.

4-оқушы: Қарсы ал ерте күн көзін,

Төсегіңді жина өзің.

Асықпай іш тамақты,

Жина аяқ-табақты.

5-оқушы: Пышақты ұста оң қолмен,

Шанышқыны ұста сол қолмен.

Нанды үгітпе, қадірле,

Қабығымен бәрін же,

6-оқушы: Саусағыңды сормағын,

Салдыр-салақ болмағын.

Салма аузыңа инені,

Үзбе жұлып түймені

7-оқушы: Ашуланбай долданып,

Жауап бергін ойланып.

Құр бекерге қылтима,

Болмашыға бұртима.

Іштарлыққа жол берме,

Бақталастық білдірме

8-оқушы: Мақсат қоймай алдыңа,

Қыдырып, құр қаңғыма.

Сыйла үлкен кісіні,

Қамқорлыққа ал кішіні.

9-оқушы: Сақта көше тәртібін,

Бағдаршамның ал тілін.

Әдет қыл бұл ісіңді,

Тазалап жүр тісіңді.

Суреттер бойынша әңгімелесу. Адамгершілік, сыпайылық қарым-қатынас жайлы әңгімелеу.

Ойын: «Жалғастыр»

«Не істеуге болмайды?» деген сөзді үлкен етіп жазу. Мұғалім бастайды, оқушы ойланып, ары қарай жалғастырып айтады. Мысалы:

Үлкендердің алдынан кесіп өтуге болмайды,

Кішкене баланы жылатуға болмайды.

Құстарды атуға болмайды,

Қыз баланы ренжітуге болмайды.

Сабаққа кешігуге болмайды.

Сыныпта айғайлауға болмайды.

Мұғалім адамгершілік, сыпайылық, кішіпейілділік туралы сұрақтар қояды.

  • Үлкен кісімен қалай сөйлесу керек?

  • Қонақ келгенде бала не істеу керек?

  • Қонаққа барған кезде өзін қалай ұстау керек?

  • Мектепте, сынып ішінде қалай жүру керек?

  • Автобусқа мінгенде не істеу керек?

  • Телефонмен қалай сөйлесу керек?

  • Асханада, клубта, көшеде, жалпы қоғамдық орындарда өзін қалай ұстау керек?

« Құпия хаттарға» жауаптар беру.

Үстелдің үстіндегі құпия хаттарды біреуі келіп ашып, дауысап оқиды да, ойланып жауабын айтады.

1-хат: «Құрметті достар! Менің көршімнің бір баласы бар. Өзі өтірікші, көзбе-көз өтірік айта қояды. Менімен күнде келіп ойнағысы келеді. Мен онымен дос болып бірге ойнаймын ба, әлде?...»

2-хат: «Менің бір досым бар. Өзі мақтаншақ. Ойнап жүргенде үй ішін айтып, нәрселерін, қылығын айтып, бөсіп мақтанады. Бірақ ойынды жақсы ойнайды. Мен осы баламен дос болмаймын ба, айтыңдаршы?...»

3-хат: « Достар, партада менімен бірге бір бала отырады.Үйінде ойнап-ойнап, тапсырмасын орындамай, жазбай келеді. Мұғалім сабақ сұрағанда қысылады. Тапсырманы менің дәптерімнен көшіріп алады. Мен бермесем, «сенжамансың» дейді. Мен не істеуім керек?»

Көрініс: Атасы немересімен әңгімелесіп отырады.

Ата: Әдептілік сөзден білінеді. Әділет ағаңа ұқсап әдепті сөзді үйреніп ал, балам.

Осы кезде Әділет келем деген уақытынан кешігіп келеді.

Әділет: Кешіріңіз, ата, кешігіп келдім...

Ата: Айыбы жоқ, балам, «Жолаушының жолы біледі»

Әділет: Ғафу етіңіз, сізге сыйлайтын сый-сияпатым да көңілдегідей емес.

Ата: Оқасы жоқ, балам! «Ізетке найза байламайды». Маған инабатың мен ілтипатың бәрінен де қымбат.

(Осылай немересі тыңдап отырып әдептіліктің не екенін түсінеді.)

Мұғалім: «Кішіден ізет, үлкеннен парасат» деген осы. Әділет, әдемі сөздерді осылай үйренеміз.

Енді, «Тыйым» сөздерден айтыс өткіземіз. Ортаға бір ұл,бір қыз шығып, кезекпен тыйым сөздерді айтады.

Мұғалім: Оқушылар, бүгін біз сіздермен әдептілік жайлы білдік, әр адам өзін кез-келген жағдайда, кез-келген жерде тәртіпті ұстап, әдепті де әдемі сөйлей білуі керек екен. Әдепті адам жамандықты жақсылыққа баурап, өзінің ақылдылығын таныта білуі қажет.
















Тақырыбы: «Желбіре, Жеңіс жалауы!»

1-жүргізуші: Құрметті қонақтар! Жеңістің 69 жылдық мерейтойына арналған тәрбие сағатын бастауға рұқсат етіңіздер.

Хор: «Жеңіс жыры»

2- жүргізуші: Жер жүзін де нұр шашып Жеңіс күні,

Жақсы үміттің шырағы жанды міне!

Аспан бетін қаптаған қара тұман

Серпіліп зұлымдықтың сөнді түні!

1- жүргізуші: Жер бетін қан сасытқан соғыс бітті,

Жер бетінен жамандық мүлдем үрікті.

Жеңістің жарқын күнін жыр қыламыз,

Аспандатып жырлаймыз жақсылықты.

2- жүргізуші: Жаңғыртып әнмен аспан кеңістігін,

Халқымыз қуанышта тегіс бүгін,

Жауды жаншып, Отанды азат еткен

Құрметтеп қарсы алады Жеңіс күнін.

  1. жүргізуші: Ия, содан бері 69 бейбіт жыл артта қалды. 1945 жылы 8-мамырда Берлинде фашистік Германия жеңілгеннін мойындап қол қойды. Ал, 9-мамыр күні 1000 зеңбіректен бұрын-соңды болмаған 30 дүркін салют атылды. Міне , Жеңіс күні осылай келген еді.

1-оқушы: «Жеңіс» деген жақсылықтың сыңары,

Жігер менен құштарлықтың құралы,

Күрестердің арманы мен ұраны,

Қуаныш пен мерекенің бұлағы.

2-оқушы: Шынында бұл – оралған мыңнан бірің,

Бақ нұрыңа жүзіңді жуған күнің.

Жеңіс күні – өзіңдей көзі тірі

Майдангерлер бәріңнің туған күнің.

3-оқушы: Қара бұлтқа оранбасын күн көкте,

Барлық халық бейбіт өмір сүрмекте.

Отанының бақыты үшін мерт болған

Батырларды есіңде ұста, құрметте!

4-оқушы: Сен құрметте оны,

Түсіндің бе, қарағым?

Ол ақшаға сатқан жоқ,

Тізеден кесіп аяғын.

Еріккеннен ұстап жүрген жоқ,

Қолтықтағы ұзын таяғын.

Ән: «Сарбаздар әні»

5-оқушы: Денесін оқ паршаласа да,

Ел намысын қорғап қалды.

Сен құрметте оны,

Түсіндің бе, қарағым?

Сенің келешегің үшін берді ол,

Азаттық жолында аяғын.

6-оқушы: 69 жыл бейбіт көктем таң атқалы,

69 жыл шуақты күн таратты әнін.

Елімде сонан бері 69 рет,

Ашылды Жеңіс күннің парақтары.

Талай құс содан бері қайта оралды,

Соғыста өлгендер тек оралмады.

7-оқушы: Сен неткен, Отан – анам, ғажап едің,

Әсемдеп көркем тілмен жазар едім.

Болашақ ұрпағыңның бақыты үшін,

Жайнай бер, Ұлы Отаным – қазақ елім!

Би: «Катюша»

8-оқушы: 1941-1945 жылдары ерлікпен қаза тапқан жауынгерлер рухына тағзым етіп, бір минут үнсіз тұрып еске алайық.

9-оқушы: Жеңіс бізге атылған оқпен ғана келген жоқ, әнмен де келді. Жауынгерлерді ән алға жетеледі, жігерлендірді. Жаңа ерліктерге көтеріп, үлкен ұрыстарға жеңіс дабылын қақты.

Ән: «Біз ақ қанат кептерлер»

10-оқушы: Ұйықтамай Отан,

Көз ілмей таңды таңға ұрып.

Мелшиген мына танкілермен жанды үміт.

Бұл жеңіс келген он жасқа толған кезімде,

Анамды жарсыз, әкесіз мені қалдырып.

11-оқушы: Қазақтан шыққан ер жүрек,

Шығыстың қос шынары.

Әлия, Мәншүк - қайсар гүлі қазақтың,

Ерлігіне таң қаламын ғажап тым.

1-жүргізуші: «Ер елсіз болмайды, ел ерсіз болмайды» демей ме дана халқымыз. Қан майданда қол бастап, елінің намысын жауіа таптатпаған батырларға арналады.

Ән: «Әлия»

12-оқушы: Желбірейді бейбітшілік жалауы,

Орындалып жас ұрпақтың қалауы.

Құтты болсын ардақты мерекеңіз,

Жасай берсін жасампаз ерлігіңіз!

2-жүргізуші: Ағалар саптан шықпасын,

Аналар қабақ шытпасын.

Бақытқа жетіп бар адам,

Сәбилер тыныш ұйықтасын!

Хор: «Бейбітшілік сақталады»




























Тақырыбы: «Алдымен сүй ардақты ата-анаңды!»

Мақсаты: Білімділік: Оқушылардың өз ортасына, отбасына деген сүйіспеншілігін, мейірімділік сезімін ояту.

Дамытушылық: Оқушылардың мәнерлеп оқу, сөйлеу мәнері, ән-би арқылы ой-өрісін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды ата-ананы құрметтеуге, сыйлауға, аялауға тәрбиелеу.

Көрнекілік: Нақыл сөздер, суреттер.

  1. Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да қарызыңнан құтыла алмайсың.

  2. Ердің анасы – елдің анасы.

  3. Ана сүтін ақтамағанды ешкім мақтамайды.

  4. Ата – асқар тау,

Ана – бауырындағы бұлақ,

Бала – жағасындағы құрақ.

Барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Гимн орындау.

Психологиялық дайындық.

Мұғалім: Алдымен сүй ардақты ата-анаңды,

Үлгілі ұрпақ атадан бата алады.

Бар жақсылық балаға бұл ғаламда,

Мейірімінен ата-ананың жасалады.

Ата-анасын сағынар жырақ жүрген баласы,

Сәлем жолдар жүректен шыққан сөздермен.

Екеуінің қуанышы, тілегі

Әрқашан бір арнадан табылған.

«Алдымен сүй ардақты ата-анаңды!» дегенде ойларыңызға қандай ұғымдар келеді?

Ой қозғау.

Ата-ана деген кім?

1-оқушы: Ата-ана - отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Дәстүрлі қазақ отбасында ата-ананың қадірі ерекше әспеттелген.

Әсіресе тіршіліктің қайнар көзі, мейірім кәусар бұлағы Ана есіміне қаттыссыз дүниеде ештеңе жоқ. Сондықтан ананы ардақтамайтын халық та жоқ. Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана қоймайды.

Бала, бала,бала деп, Түн ұйқысын төрт бөліп,

Түнде шошып оянған. Түнде бесік таянған да ана,

Көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп, аяғынан тік тұрғызатын да ана.

2-оқушы: Әр адам көзін ашып дүниеге келгенде мейірімді, жүрегі жылы жанды көреді. Ол - Ана. Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай, бауырына басып, біз үшін жанұшыра шырылдайтын да – Ана. Ана – бұл жел жағымызға пана, біріміз үшін дара, дана тұлға. Ана дегенде сөзге келмейтін тіл, лүпіл қақпайтын жүрек, мөлтілдемейтін жанар жоқ. Балаға анадан артық, анадан қымбат жан жоқ. Әрбір ана отының өшпеуін, бақытының көшпеуін, шаңырағының құламауын, сәбидің жыламауын, сұм соғыстың болмауын, қызыл гүлдің солмауын тілейді.

Би: «Шашу»

3-оқушы: Ана деген – асыл жандар болаттай,

Ана деген – мөлдір жандар бұлақтай, - деп ақын жырлағандай әйел тек аяулы ана, нәзік қыз ғана емес, сонымен қатар белсенді қызметкер.

Ананың қоғам орнында алатын орны үлкен.

Ана - перзент тәрбиелеуші. Ана – ғалым.

Ана – қызметкер. Ана – зейнеткер.

«Ат биеден туады, алып анадан туады» дейді халқымыз. Дүниеде анасыз адам жоқ. Қаламы жүйрік жазушы да, данышпан ғалым да, ел басқарған көсем де, күміс көмей әнші мен мың бұралған биші де анадан туып, соның көкірегінен нәр алып өскен. Ана – тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі.

Сұрақ: Жоқты бар, ашты тоқ ететін кім?

4-оқушы: Жоқты бар, ашты тоқ ететін – ана. Анасыз бала ұйықтамайды. Ана – үйдегі бақ, әке – отыратын тақ. Ана ақылды болса, үйдің қуанышы, әкенің жұбанышы.

Сұрақ: Үйдегі алтын қазық кім?

5-оқушы: Үйдегі алтын қазық – ана. Ана ақылды болса, бала дана болады. Ана тәрбиесі – қызға үлгі, әке тәрбиесі – ұлға үлгі. Ана – ақылшың, әкең – қамқоршың. Ананы сыйламағанның ақылы кем, әкені сыйламағанның жақыны кем. Ананың мейірімі көзінде, ықыласы сөзінде, ақылы өзінде.

Сұрақ: Сен білесің бе, дүниедегі ең сұлу кім?

6-оқушы: Дүниедегі ең сұлу – қазақ әйелі.

Қазақ әйелі – бар мұратын отбасының игілігіне байлаған әдемі ізгі адам.

7-оқушы: Қазақ әйелі – бар тілегін перзентінің жолына арнаған әлемдегі ең мейірімді ана, ұлттың ұйытқысы, ұрпақтың анасы.

8-оқушы: Бізге қажымас қайрат беретін әйел – анаға мың алғыс! Аристотель, Фирдоуси, Жәнібек пен Абылай, Абай, Шоқан, Махамбет пен Исатай, Мағжан, Мұқағали... сол әйелдердің ұлдары, бәрі ананың ақ сүтінен нәр алған.

9-оқушы: Эпостағы Гүлбаршын мен Құртқа, Ақжүніс пен Назым, тарихтағы Домалақ ана, Айша бибі, Абайды туған Ұлжан ана, ел билеген Айғаным, қол бастаған Бопай, ел қорғаған Гәуһар ана – бәрі бір ғана атқа ие, ол «Ана». Ендеше сол аналарды мадақтайық.

10-оқушы: Кім сендерді, балалар, сүйетұғын,

Қуанышыңа қуанып, қайғыңа күйетұғын?

Түн ұйқысын төрт бөліп, кірпік қақпай,

Шешең байғұс дамылсыз жүретұғын.

11-оқушы: Кім сендерді балалар тербететін,

Еркелетіп ойнайтын, сергітетін?

Жалқау болсаң,балалар, жаман болсаң,

Қамқор анаң көз жасын көлдететін.

12-оқушы: Кім сендерді сағынар шетке кетсең,

Ғылым іздеп, тез қайтпай көпке кетсең?

Ұмытпа,ең кемінде жұлдыз сайын.

Хат жазып тұр, төбесі көкке жетсін.

13-оқушы: Кім сағынар сендерді келгеніңше,

Құлындарын көзімен көргенінше?

Сендер қайтып келгенде адам болып,

Еш арманым болмас дер өле-өлгенше.

Хор: « Анашым»

14-оқушы: Әке – асқар тауым.

«Әке – асқар тау, ана – қайнар бұлақ, бала – жағасындағы құрақ» дегендей «Әке» деген сөз қандай жақын, қандай ыстық десеңші! Өмірде әкесін жек көретін бала жоқ шығар, өйткені бала үшін әкенің орны бөлек қой. Менің өмірдегі ең қымбат адамым – сіз, менің сүйікті әкешім.

Сізсіз әке – ең ақылды, ең шыншыл,

Сізсіз әке – ең жақыным, ең сыршыл.

Шуақ шашқан қашанда асыл жүрегің,

Жанымдасың, қамқорымсың білемін.

Қабыл алғын бала жүрек тілегін.

15-оқушы: Бала үшін әкенің орны бөлек. «Әке» деген сөзді айтқанда өзіңе пана , қиындыққа қалдырмас, арманыңа қол созсаң ақ батасын беріп, ақ жол тілейтін адамың екенін бала жүрегі сезердей. Тамағымның тоқтығы, киімімнің бүтіндігі, оқуымның сапасы, ұйқымыздың тыныштығы – осының бәрі де асқар таудай айбатты әкелердің арқасы.

16-оқушы: Әке – әркімнің сүйенер тіреуі. Әке әркімге қымбат. Әкені ардақтай білу керек, өйткені ол отбасының ең басты мүшесі, яғни отағасы. Ол өзінің болашағына алаңдап, ойланып толғанады.

Қарап отырсақ әкенің де түр-түрі болады. Бірі ақылды, бірі білімді, бірі жігерлі,қайратты, батыл, енді бірі батыр да батыл, қайсар болып келеді.

Өсірген баптап баласын,

Әкелер әркез «Жарайсың».

Бар өнерін үйреткен,

Оздырған да жүйріктен.

Әке – деген ардақты ат.

17-оқушы: Әке, әке, әке! Осы бір үш әріп мейірімді, естір құлаққа жағымды. Иә, солай. Әке бізге әрқашан мейірімді, сабырлы. Алақанымен аялап, әрқашан шуағын шашып күлімдеп, жаман қылық жасасаң ақырын ғана ақыл айтатын – осы әке. Әкеміз бізді үлкен болып борышын өтейді деп ойлайды, үміттенеді. Біз әкеміздің үмітін ақтауымыз керек.

Менің әкелерге тілерім: қыстай мықты денсаулық, көктемдей құлпырған бақыт, жаздай ыстық махаббат, күздей мол жемісті өмір тілеймін.

Ән: « Әкешім»

18-оқушы: Дін мұсылман жолында Әкені құрметтеу – айрықша парыз. «Әкеге бағыну –Аллаға бағыну. Оның алдында күнаһар болу – Алла алдында күнаһар болу» дейді Пайғамбарымыз.

19-оқушы: Халқымыздың мақал-мәтелдерінен, даналық сөздерінен де ата-ананың қадір-қасиеті туралы айтылған асыл сөздер табар едік.

«Алты аға бірігіп әке болмас,

Жеті жеңге бірігіп ана болмас» деген сөзде терең ой жатыр.

20-оқушы: Ата-ананың үміт-арманы баласымен бірге жасайды. Сол себепті олардың бар тілегі балаға бағышталған. «Бала-шағаның алдында дүние салып, солардан топырақ бұйырса» дейді.

21-оқушы: Қазақтар «Төріңнен қарт кетпесін» дейді. Жасы үлкенге құрмет ету, қарттың бүгілген беліне сүйеу болу – біздің ата-дәстүріміз.

22-оқушы: Өзіңді өмірге келтірген, тіршілігіңе нәр берген ата-ананың адында адамның парыз-міндеті өлшеусіз. Қазақ ғұрпындағы ата-ананың алған ерекше биік орны, қадір-қасиеті ше! Ананың ақ сүтін, әкенің адал күшін ақтау – өз болашағыңды сақтау.

23-оқушы: Ата-анаға не істесең, алдыңа сол қайтады. Сен ата-анаңды сыйласаң, сенің балаларың да қартайғанда өзіңді аялап күтіп, бағып-қағатын болады.

Ән: «Ана, әке»

1-оқушы: Есімде бейнесі әкемнің,

Күлімдеп маған қарайтын.

Мен оған биік талпынсам,

Құшағын жая сап көтеріп алатын.

2-оқушы: Сәулелі сөз сөне ме,

Орны бөлек батаның.

Бізге тәлім, өнеге –

Ақ тілеуі әкенің.

3-оқушы: Бойға қуат береді –

«Әй, жарайсың» дегені.

Мен әкемнен әр кезде,

Соны естігім келеді.

4-оқушы: Сабағымнан қалмаймын,

Бес аламын бәрінен.

Озат оқып әрдайым,

Қуантамын әкемді.

5-оқушы: Ойнаймыз, күлеміз,

Жарқылдап жүреміз.

Әкені сыйлаймыз,

Айтқанын тыңдаймыз.

6-оқушы: Арайлы ақ тілекпен,

Ән жолдаймын өзіңе.

Сағыныш сазды жүрекпен,

Жыр арнаймын өзіңе.

7-оқушы: Аңсаймын жылы сөзіңді,

Ақылшым болған кезіңді.

Есімде әке сақтаймын,

Асқар биік өзіңді.

8-оқушы: Арманым едің аңсаған,

Әкелсем бақыт мен саған.

Ұрпағың болып жалғадым,

Қуаншы , әке, сен, маған.

9-оқушы: Теңіздей шалқып жүремін, 10-оқушы: Көкке өрмелеп көңілің,

Сүйенер сенсің тірегім. Нұрға толсын өмірің.

Барсам да қайда, жан әке, Бақытты бол, жан әкем,

Өзіңмен бірге жүремін. Ұзақ болсын ғұмырың.

Қорытынды.

Хор: «Әкетайым»

Әні мен сөзі: Б. Бейсенова.

Әкелерге сөз беріледі.

Тақырыбы: «Ынтымағы жарасқан ел»

Мақсаты: 1. Оқушылардың бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейтіп, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу.

2. Достық пен бірлік туралы түсініктерін дамыту.

3. Адамгершілік пен кішіпейілдікке, адалдық пен ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Суреттер, ұрандар, жер шарының макеті, қима көгершіндер, гүлдер, ұлттық костюмдер.

Барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Мұғалім: Бірлік пен ынтымағы халықтың,

Көгімізде жарқыраған жарқын күн!

Ырыс, дәулет бақыты үшін халқымның,

Жайнай берсін, жайнай берсін алтын күн! –

дей келе Қазақстан халқының бірлігіне арналған 2 «Ә» сынып оқушылары дайындаған «Ынтымағы жарасқан ел» атты тәрбие сағатын тамашалауға шақырамыз.

«Өз елім» әні үнтаспадан ойнап тұрады. Балалар әр ұлттың киімдерін киіп, қолдарына гүл шоқтарын ұстап шерумен шығады.

1-оқушы: Жан біткендей жас тауға,

Шуақ ойнап арайлы.

Күн күлімдеп аспанда,

Мамыр әні тарайды.

Жайдары жаз түрге еніп,

Жадыратты жұртымды.

Жер дүние тербеліп,

Қала, дала құлпырды.

2-оқушы: Мамыр қандай, шіркін-ай, мамыр қандай!

Айнала жасыл кілем жамылғандай.

Алатауым басына ақ шәлі орап,

Мойнына гүлден алқа тағынғандай.

3-оқушы: Мамыр қандай, шіркін-ай, мамыр қандай!

Күй толқып көңіліңе жыр тұнады.

Жыл еркесі гүл мамыр, сұлу мамыр,

Секілді адамзаттың ынтымағы.

4-оқушы: Мамыр келсе халқымыз,

Мерекені тойлайды.

Хормен: Бейбітшілік, Еңбек, Мамыр жасасын!

Би: «Туған ел»

5-оқушы: Бұл мереке бұрын бүкіл әлемдік «Еңбекшілер күні» болып тойланды. Қазір ол «Дүниежүзілік ынтымақтастық күні» болып есептеледі.

6-оқушы: Болсын жер мен су да ортақ,

Болсын біздің ту да ортақ.

Ақпыз, қара, сарымыз,

Ағайынбыз бәріміз.

Күй: «Кеңес»

7-оқушы: Сары, ақпыз, қарамыз,

Бәріміз де баламыз.

Бір Отанда тұрамыз,

Бір мектепке барамыз.

8-оқушы: Алтай, Кавказ ұласып,

Баурайы бұйрат кен жатыр.

Бақыттың әні асқақтап,

Құлаққа дауысы кеп жатыр.

9-оқушы: Қырғыз, қазақ, өзбектер,

Монғол,ұйғыр, дүнгендер,

Армян, тәжік, грузин,

Орыс пенен украин

Терезесі тең жатыр.

Ән: «Дос болайық бәріміз!»

10-оқушы: Енді бүгін қарасам,

Айналам бақыт кең жатыр.

Бірімен-бірі туысқан,

Қол ұстасқан ел жатыр.

11-оқушы: Достығымыз жарасқан,

Ақпыз, қара ,сарымыз.

Қара жер мен көк аспан,

Ортақ дала тауымыз.

12-оқушы: Ортақ жұтар ауамыз,

Ортақ жарық күніміз.

Достық туған анамыз,

Жердің қызы, ұлымыз.

Хормен: Отан ортақ,

Жер ортақ,

Еңбекпен қостық тағдырды.

13-оқушы: Халқымыз достық, ынтымақтастыққа ерекше мән берген «Қырғыз, қазақ – бір туған», «Өзбек – өз ағам», «Түбі бірге түрікмен» деп қырғыз, өзбек, түрікмен және т.б. ұлттарды ынтымақтастыққа шақырған.

14-оқушы: Бірлік – халық салты. Халқымыздың бірлік салты отбасынан басталып, бүкіл елдің, барлық адам баласының бірлігімен ұласады.

Көрініс: «Бірлік»

15-оқушы: Ертеде бір қария балаларын бірлікке былай үйреткен екен. Қарт бір бума шыбықты сындыруды ұсынады. Ұлдары олай әуреленіп, былай әуреленіп бір бума шыбықты сындыра алмайды.

Қарт буманы шешіп, шыбықты бір талдап сындырып көруді ұсынады. Шыбықтар оп-оңай сынады.

Қария: Бірігіп өмір сүрсеңдер, сендерге ешкімнің де әлі келмейді. Ал жеке-жеке тұрсаңдар, әрқайсыңды біртіндеп құртады.

16-оқушы: Халқымыздың қанға сіңген осы берік бірлігі, ұйымшылдығы, басқа халықтармен одақтасып, достаса білуі жеңістен жеңіске жеткізеді.

17-оқушы: Оған халық куә, тарих куә!

Би: «Жорға» ұлдар.

18-оқушы: Балалар, мен сендерге бір сұрақ қойғым келеді. Бұл әлемде адамзат баласына ең қажетті нәрсе не?

19-оқушы: Дүниежүзінде бәріміз жақсы көретін нәрсе – тыныштық, бірлік.

20-оқушы: Әрине, халқымыз ең әуелі тыныштықты қалайды.

18-оқушы: Ал, енді «Тыныштық» деген сөздің мәнін білесіңдер ме?

21-оқушы: Дүниежүзінде соғыс болмаса, тыныштық деген сол.

Елдегі тыныштықты халық «береке – бейбітшілік» дейді.

22-оқушы: Бейбіт күн – тыныштық!

Біз үшін тым ыстық.

Ырыс құт тұтқасы,

Ынтымақ туыстық.

Би: «Шаттық»

23-оқушы: Алаулап гүл жарады,

Туған жер құлпырады.

Бейбітшілік болса,

Үйлер де құламайды,

Ешкім де жыламайды.

Бейбітшілік болса,

Балалар болады аман,

Аналар болады аман.

24-оқушы: Бейбітшілік құсы, ақ көгершін,

Биік ұшып самғасын.

Тілегімді жерге жайсын,

Қанаттары талмасын.

Ән: «Ақ көгершін»

25-оқушы: Сәбилердің зәресін бұлт алмасын,

Гүл бәйшешек еш уақытта солмасын.

Ақ көгершін аспанымда қалықтап,

Барлық халық бейбіт күнді қолдасын.

19-оқушы: Сәбилердің зәресін бұлт алмасын,

Айтпа көңіл жүректі кір шалмасын.

Қыран құстар даласында еркелеп,

Аспанымда қалықтаудан талмасын.

20-оқушы: Барлық елдердің балаларын ынтымақтасуға шақырамыз.

21-оқушы: Әй, әлемнің әділ жанды балалары,

Әкелер мен аталарға айтайық!

Хормен: Ажал оғын атпасын,

Тыныштықты сақтасын!

Хор: «Әрқашан күн сөнбесін!»



















Тақырыбы: « Төрт түлікті құрметтейік»

Мақсаты: Төрт түлік малдың өрісімен, тіршілік табиғатымен, қадір-қасиетімен таныстыру, олардың төлдердің атын, шақырылуын, дыбысталуларын, жалпы төрт түліктің пірлерінің атын білу.

Дамытушылығы: Төрт түлік туралы білімдерін кеңейту, көркем шығармалар арқылы жүйелі ойлау әрекетін, ой белсенділігін арттыру.

Тәрбиелік: Көркем шығармаларды айтқызу арқылы еңбек сүйгіштікке, бірлікке, ізгілікке, әдепті болуға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: Көрсету, түсіндіру,(жұмбақтар, жаңылтпаштар) ойын.

Көрнекіліктер: Төрт түліктің суреттері, нақыл сөз, мақал-мәтелдер, ырымдар мен тыйым сөздер жазылған альбомдар, төрт түлік туралы әдеби кітаптар, қоржындағы жұмбақтар мен ойындар.

Барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Мұғалім: Бұрыңғы кезде ата-бабаларымыз мал атаулының қадір-қасиетін жетік біліп, сахараны төрт түлікке толтырған. Мал өсіруге аса қолайлы Қазақстан жерін малсыз елестетуіміз мүмкін емес. Малды сою, бағу, күту, кең даланы малға толтыру мына сендердің міндеттерің.

Ендеше, балалар төрт түлікті барлығымыз да білеміз. Оларға: түйе, қой, сиыр, жылқы жатады.

Төрт түлікті үнемі пайдаланамыз, сойып етін жейміз, жүнінен қыстық байпақ, қолғап, шарф, бас киімдерін тоқимыз. Терісін сатып ақша қыламыз, өзін мініп көлік қыламыз. Ендеше, мына тұрған малдардың төлдерін атайықшы.

Балалар: Бота, бұзау, қозы, лақ, құлын.

Мұғалім: Енді төлдерге байланысты білетін тақпақтарымызды айтайық.

1-оқушы: Бөө-бөө деген әні бар,

Жібек жүні сәні бар.

Ботақаным, момақан.

Сүйікті бір жануар.

2-оқушы: Мәә-мәә деген әні бар,

Жібек тоны сәні бар.

Қошақаным момақан,

Сүйікті бір жануар.

3-оқушы: Күмбірлеген әні бар,

Желкілдеген жолы бар.

Желкілдейді жүйрігім,

Желмен шапқан

4-оқушы: Мөө-мөө деген әні бар,

Байқамасаң жамырар.

Бұзауқаным момақан.

Үй маңынан табылар.

Мұғалім: Енді балалар, төлдердің дыбысталуын айтайық. Қа төл қалай шақырылады соны білейік.

1-оқушы: Бұзау мөңірейді, оны әукім-әукім деп шақырады.

2-оқушы: Лақ-қозы маңырайды, лақты пұшайт-пұшайт деп, ал қозыны шөре-шөре деп шақырамыз.

3-оқушы: Құлын кісінейді, құлынды құрау-құрау деп шақырамыз.

4-оқушы: Бота боздайды, оны көс-көс деп шақыамыз.

Мұғалім: Малдардың төлдерін аймалап жақсы көруі, еркелетуі болады екен. Сендерді де ана, әжелерің жақсы көріп, еркелеткенде ботам, құлыным деп жатады. Ал малдар да өз төлдерін солай еркелетеді екен.

1-оқушы: Қой сүйеді баласын – «қоңырым» деп,

Ештеңені білмейтін – «момыным» деп.

Сиыр сүйеді баласын – «торпағым» деп,

Қараңғыға баспаған – «қорқағым» деп.

Ешкі сүйеді баласын – «лағым» деп,

Тасқан-тасқа секірген – «шұнағым» деп.

Жылқы сүйеді баласын – «құлыным» деп,

Тұлпар болып жүгірген – «жұрыным» деп.

Ән: «Мал баққанда»

2-оқушы: Ешкі бақтым, еңіреп бақтым,

Қой бақтым, қоңырау тақтым.

Сиыр бақтым, сидаң қақтым,

Жылқы бақтым, жорғалаттым.

Түйе бақтым, түйме тақтым,

Лақ бақтым, жылап бақтым.

Ойын: «Мал туралы санамақ»

Мұғалім: Төрт түліктің пайдасы да орасан зор. Енді сол түліктердің пайдасы жайлы кім айтады?

3-оқушы: Түйе – байлық,

Жылқы – сәндік,

Қой – мырзалық,

Сиыр – ақтық,

Ешкі – жеңілдік.

Ешкі мен қойдың айтысын екі оқушы орындайды.

Ән: «Төлдер»

Мұғалім: Келесі кезекті төрт түлік туралы жұмбақтарға берсек. Кім көп жұмбақ білер екен?

1-оқушы: Киелі бір жануар,

Үстінде екі тауы бар. (Түйе)

2-оқушы: Кішкентай ғана бойы баор,

Айналдырып киген тоны бар. (Қой)

3-оқушы: Көкке шаншып құйрығын,

Шауып келді жүйрігім. (Құлын)

4-оқушы: Екі найзасы бар,

Екі айнасы бар.

Төрт шылдырмағы бар,

Бір сыпыртқысы бар. (Сиыр)

Ойын: «Бұл үйде не тұрады?»

Ойынның шарттарымен таныстыру. Қалташаға үй жануарларын салып араластырып білу. Ырым-тыйым сөздермен таныстыру. Есте ұстауларына көңіл бөлу.

Ырымдар мен тыйымдар айту.

«Ақты төкпе», «Түнде малды санама», «Малды теппе» т.б. Бір оқушы малға арналған батаны айтады.

5-оқушы: Әуелі құдай оңдасын,

Қыдыр болсын жолдасың.

Көңілді өтсін өмірлерің,

Қабақтарың ашық боп,

Табаққа толсын астарың.

Байлықтың көзі қарағым.

Төрт түлік бассын қораңды.

Қорытынды.

Төрт түліктің пірлеріне сөз беру. Зеңгі бабаға сөз беру.

«Төрт түлігім бірлігімнің ырысы», «Малды баға біл, бабын таба біл», «Мал баққанда бітеді» - дейді қазақта. Бет алыстарың жақсы екен, барлығымыз, ризамыз, рахмет!






Тақырыбы: Су – тіршілік көзі.

Мақсаты: 1. Жас ұрпақтың бойына табиғат тағдырына деген жауапкершілік сезімін қалыптастыру.

2. Судың тіршіліктегі маңызы, оның қасиеттері жайлы айтып, суды қорғау баршамыздың міндетіміз деген қорытынды жасай білу.

3. Экологиялық мәселе туралы оқушылардың түсінігін кеңейту.

Көрнекілігі: Мақал-мәтелдер, тыйым сөздер, су түрлері, суреттер.

Барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Мұғалім: Табиғат – тіршілік атаулының құтты қоныс мекені, тіршіліктің түлеп өсуіне қажетті нәрі, жер бетіне көрік берген сәні. Табиғат, жер-ана, атамекен, туған жер, ауылым деген ұғымдар бір-бірімен тамырлас әрі тағдырлас. Су табиғаттың бір бөлігі, сусыз жасыл-желектің, тыныс-тіршіліктің өңі бар ма?

Ал бүгінгі күні күллі қоғамды асырап отырған жер-ана. Оның бүгінгі халі қандай? Ол бәрімізді де ойландыруы қажет. Адам өз қолымен құрайды және оны жояды. Елбасымыздың айтуынша: « Жер біздікі емес, біз оны келер ұрпақтан жалға алып отырмыз» деп орнықты айтқан.

І. Судың қажеттілігі.

1. Суды ішеміз.

2. Сусыз адам 3 күннен артық тұра алмайды.

3. Сумен өсімдіктерді суарамыз.

4. Сусыз ас әзірленбейді.

5. Сусыз кір тазаланбайды.

6. Сусыз үй тазармайды.

7. Сусыз дәнді-дақыл, жеміс-жидек піспейді.

Мұғалім: Жалпы судың әлемдік қоры орасан зор, бірақ оның 97проценті мұхиттарға тиесілі болғандықтан ол аса тұзды. Ішуге, ауылшаруашылық дақылдарын өсіруге, өндірісте пайдалануға жарамсыз. Әлемде суды тұтыну жыл сайын өсуде. Соңғы жылдары тұрмыста пайдалануға тек бір адамға күніне 40 шелек (400 литр) су кетеді. Ал жүз жыл бұрын 1 шелек су жеткілікті болатын. Су адамның өміріне күнделікті қажеттілігінің арта түскенін байқатады.

ІІ. Мақалды жалғастыр.

  1. Сулы жер - ... (нулы жер)

  2. Судың да, ... (сұрауы бар)

  3. Құлан қырға ... (құндыз суға)

  4. Бұлақ көрсең, ... (көзін аш)

  5. Су бергеннің сауабы бар ...

(Су төккеннің жауабы бар)

  1. Су - тіршілік ... (көзі)

  2. Судың кепкені ... - (тіршіліктің кеткені)

ІІІ. Сергіту сәті (Оқушылар ортаға шығып қимылмен келтіреді)

  1. Краннан аққан суды дыбыспен келтірейік.

  2. Толқынның шуын қимылмен келтірейік.

  3. Тасыған суды дыбыспен және қимылмен келтірейік.

Мұғалім: Қазақстан аумағында өзендер мен көлдер көп. Олардың ең бастылары: Ертіс, Жайық, Шу, Сырдария өзендері. Ірі көлдерге – Балқаш және жарым-жартылай Арал мен Каспий теңізі жатады. Шөлді жерлерде өзендер өте аз, олар көбінесе солтүстікте және таулы аудандарда кездеседі. Қазақстанда өзендер саналатын, бірақ олардың тек 228-нің ғана ұзындығы 100 км асады. Көлдер саны да өте көп, бірақ олардың көбі өзен жайылымдары мен атырларында орналасқан. Ал 100 шаршы километрден астам аумақты алып жатқан ірі көлдер саны – 21. Бұрын аты аталған көлдерден басқа бұларға Зайсан, Теңіз, Құсмұрын және тағы басқалары жатады. Осындай байлықтың қадірін білу керек. (Тыйым сөздер мен ырымдар айтылады)

ІҮ. Тыйым сөздер.

  1. Құдыққа түкірме.

  2. Кір жуған суды өзенге төккпе.

  3. Түнде суға барма.

  4. Дария жанынан құдық қазба.

  5. Адамға су шашпа.

  6. Судың бетін ашық қалдырма.

Қорытынды.

Суды қорғау міндетіміз.

Суды ластамау, суды үнемді пайдалану керек, суға қоқсық төкпеу, суды орынсыз ысырап қылмау, міне, осыны әр уақытта естен шығармасақ аз да болса табиғатқа қамқор тигізгеніміз болар еді.

Біз қандай да бір затты, шикізатты, отынды басқа заттармен алмастырсақ та суды алмастыра алмаймыз. Адам өмірі үшін су тек қана ішу үші емес, тамақ пісіруге, жуынып-шайынуға, әртүрлі тұрмыстық заттарды тазалауға керек.

Суда кеме, қайық арқылы серуендеуге, жағалауда шомылуға, кемемен жүк тасымалдауға болады. Сонымен бірге су завод-фабрикаларының жұмыс істеуіне өте қажет.

Суды қорғау туралы біздің мемлекеттік заңда: «Өзен-көл суларын қорғау туралы іс-шаралар орындалып отыруы қажет» деп көрсетілген.

Соңы.

Тақырыбы: «Аамгершілік - адамның нұрлы шуағы»

Мақсаты: Білімділік: Оқушылардың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру үшін мейірімді, ақылды, қайырымды қасиеттерді ұялату.

Дамытушылық: Балалардың айналадағылармен адамгершілік қарым-қатынас орнату қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Әдеп нормаларын сақтау әдетін үйрету, жақсылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктері: Интерактивті тақта, суреттер, топ аттары.

Барысы:

Мұғалім: Бүгінгі «Адамгершілік - адамның нұрлы шуағы» атты тәрбие сағатымыз сіздерге терең ой салатын, өзіндік мағынасы бар шара деп ойлаймын. Олай болса , барлығымызды ашық әңгімеге шақырамын. Оқушылар бүгінгі біздің тәрбие сағатымызға келіп отырған қонақтарымыз бар. Олар сіздердің сөздік қорларыңызға, сөз саптауларыңызға, сөйлеу мәдениетіңізге баға беретін әділ қазылар. Олай болса, қазір біздер үш топқа бөлінеміз.

«Мейірім» тобы, «Инабат» тобы, «Шапағат» тобы.

1-сұрақ бойынша түйін.

Адамгершілік дегеніміз – адам баласының бойындағы ең жақсы, асыл қасиеттердің жиынтығы.

2-сұрақ бойынша түйін.

Адамгершілікті ешқандай ақшаға сатып ала алмайсыз. Ол – баға жетпес құндылық. Адамның жаны, адамгершілігі ақшамен өлшенбейтін қасиет. Рухани бай адам бұл ішкі жан дүниесі таза, жаны сұлу адам. Ол қайырымды, жанашыр, кішіпейіл, адал, қамқор жан. Рухани бай адам мен материалдық бай адамды ажырата біліңіздер. Жаратылыстың барлығы екі қарама-қарсы нәрселерден тұрады. Ақ-қара, күн-түн, ыстық-суық,жақсы-жаман. Адамның ішкі сұлулығы – адамның жүрегі, адамгершілік осы жүректен тарайды.

Ой қозғау.

Олай болса, балалар мен сіздерді мейірімді болуға, үлкенді сыйлай білуге, кішіге ізет көрсете білуге шақырамын. Ең бастысы, ата-анамызға деген сыйластығымызды жоғалтып алмайық.

Топтастыру «Адамгершілік»

а) «Адамгершілік – асыл қасиет» атты шағын эссе жазу.

ә) Бір шумақ өлең «Адамгершілік» (өлең шығару тапсырылады).

б) Жұлдызды сәт.

Кубизм әдісі.

Ұлы тұлғалардың адамның адамгершілік қасиеттері мен мінез-қылықтары туралы айтып кеткен сөздерін тыңдап көрейік.(Берілген дана, ғұламалардың нақыл сөздерін тауып айту керек).

в) «Жүректен-жүрекке»

Адамгершілік, сыйластық, инабаттылық, қайырымдылық, мейірімділік туралы бір-біріне тілектер айту.

Топтарды марапаттау.

Сөз кезегін әділ қазылар алқасына беру.

Қорытынды. Мұғалім:

Құрметті оқушылар! Жүздерің әрдайым шуақты, көңілдерің ақ болсын, адамдарға тек жақсылық жасай білетін адамгершілігі мол азамат болып өсіңіздер. Жаман әдеттен тазарып, жаны таза, рухани сезімдерге бай адам болыңыздар.



























Тақырыбы: «Қарты бар елдің – қазынасы бар»

Мақсаты: 1. Білімділік: 1-қазан қарттар күні екендігі туралы түсінік қалыптастыру.

2. Дамытушылық: Таным үрдістерін, ауызекі сөйлеу дағдысын дамыту.

3. Тәрбиелік: Қарттарға құрметпен қарауға, оларды үнемі сыйлауға үйрету. Қарттарды құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: қанатты сөздер, мақал-мәтелдер.

  1. «Қарты бар елдің – қазынасы бар»

  2. «Үлкенге құрмет, кішіге ізет»

  3. «Ағадан – ақыл, атадан – нақыл»

  4. «Аталы үй – баталы үй»

Барысы: І. Кіріспе бөлім.

Оқушыларға 1 – қазан қарттар күні екенін хабарлап, «қарт» сөзінің мағынасын ашқызу. Ата, әжелер туралы әңгімелету.

ІІ. Негізгі бөлім: Әдеби монтаж.

1-оқушы: Жақсы көрем атамды,

Атам жүзге тақалды.

Ұрыспайды ұстасам,

Аппақ қудай сақалды.

2-оқушы: Жақсы көрем қасын да,

Қардан аппақ шашын да.

Қорықпаймын ешкімнен,

Атам жүрсе қасымда.

3-оқушы: Адымы үлкен, әрі кең,

Жете алмаймын әлі мен –

Менің атам күштірек,

Аталардың бәрінен.

Ән: «Асыл әже»

4-оқушы: Әжем менің әлі де,

Ұқсамайды кәріге.

Шай қайнатып береді,

Біздің үйдің бәріне.

5-оқушы: Менің әжем, ақ әжем,

Ұл мен қыздың бағы әжем.

Ертегі айтып бер десең,

Айтып берер тағы әжем.

6-оқушы: Менің әжем, жыр әжем –

Шуағы мол, нұр әжем.

Аман-есен жүр, әжем.

Сұрақ-жауап: «Үлкенге - құрмет, кішіге – ізет»

1-көрініс: Автобус ішінде бала отырады, бір кезде үлкен қарт әже кіреді.

Бала не істеу керек еді? (оқушылар жауабы)

2-көрініс: Қарт әжей дүкеннен келе жатты, қолында ауыр сөмкесі бар. Балалар ойнап жүрді.

Мұндайда не істеу керек? (оқушылар жауабы)

3-көрініс: Бір бала жүгіріп келе жатты, алдынан үлкен кісі шықты...

Мұндайда не істеу керек? (оқушылар жауабы)

ІІІ. Қорытынды бөлім.

Оқушылар плакатта жазылған нақыл сөздерінің мағынасын ашып, ата,әжелерінің үйреткен мақал-мәтелдерін, тыйым сөздерін, берген баталарын жатқа айтудан сайысқа түседі.

Ән: «Қарттарым, аман-сау жүрші».

Атамның батасы.

Абырой бер әуелі,

Жемістей бол мәуелі.

Осы берген батамнан,

Тисін септік әуелі.

Өз теңіңнің алды бол,

Иманды бол, арлы бол.

Бай бол ұят, намыстан,

Малдан мейлі, жарлы бол.

Әзәзілге жуыма,

Қамқоршы бол туысқа.

Жанашырлық танытқын,

Жамағаттан суыма.

Көргендіні бағала,

Көрегендіні сағала.

Қызыл болсын, бетіңде,

Қалдырмайтын табаға.

Қызығатын қатарың,

Болсын тәуір атағың.

Ер азамат болып өс,

Қадірлейтін Отанын!

Тақырыбы: «Өрт тілсіз жау».

Мақсаты: 1. Білімділік: Оқушыларға өрт қауіпсіздік ережелерін үйрету.

2. Дамытушылық: Оқушылар бойында аңғарымпаздық, шұғыл шешім қабылдай білу қасиеттерін дамыту.

3. Тәрбиелік: Оқушыларды зейінді болуға, ұқыпты болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Қабырға газеттері, су шашатын шелек, құм салатын ыдыс, лом темір, ілгекті темір, көпіршікті баллон, тығыз мата, киіз.

Барысы: 1. Кіріспе.

2. Өмірде өрт болмасын. (тақпақтар)

3. Өрт тілсіз жау. (әдеби монтаж)

4. Біз өрт сөндірушілерміз.

5. Не үйрендік, не білдік? (топтық жарыс ойын)

6. Қорытынды.

Мұғалім: -Қымбатты оқушылар! Біз бүгінгі сабағымызда «Өрт қауіпсіздігі ережелерін» оқып үйренуге және сонымен бірге осыған дейін үйренгенімізді мысал оқиғалар арқылы көпшілікке көрсетуге арнап отырмыз.

Қадірлі көрермендер және оқушылар!

Өмір - бұл адамға бір-ақ рет берілетін ең қымбатты, ең қимас, ең тәтті сый. Ендеше, өмірлерің мәнді де сәнді, қуаныш пен құлшынысқа толы болсын десек, қашанда зейінді, ұқыпты болайық, өмір қауіпсіздігі ережелерін есте сақтайық. Ол үшін ата-ана айтқан, мұғалім үйреткен ережелерді үйренуден жалықпаңдар.

Жүргізуші: «Өмір – өртеу болмасын!» атты өлеңді оқушылардың орындауында тыңдаңыздар.

1-оқушы: Өмір - деген ұлы өзен,

Асау аттай алқынған.

Уақыттан қалыспай,

Тоқтамауға талпынған.

2-оқушы: Өмір – деген гүлзар бақ,

Әнші құсы сайраған.

Қамқор қолдар болмаса,

Ай балтадан жайраған.

3-оқушы: Өмір – деген көк шалғын,

Көк аспанға сүйінген.

Аямаса ақылсыз,

Бір шырпыдан күйінген.

4-оқушы: Өртеу болмай өмірің,

Көк шалғын боп жайқалсын.

Балалардың бақыты,

Бал жүзінен байқалсын!

5-оқушы: Өрт шалмасын өмірі,

Кірлемесін көңілі.

Ұлы өзендей өр ағып,

Ұзақ болсын өмірі.

Жүргізуші: - Қымбатты оқушылар, енді өрт қауіпсіздігі ережелерімен таныс болыңыздар! Біз сіздерге өрт түрлері, шығу себептері және сақтандыру шаралары туралы айтып бермекпіз.

1-оқушы: - Өрт – жарылыс нәтижесінде болуы мүмкін. Жарылыс бұл қысқа уақыт аралығында шектеулі көлемде үлкен энергияның босауы. Нәтижесінде қысымы өте жоғары қатты ысыған газ пайда болады. Ол аяқасты кеңейген жағдайда қоршаған денеге соққылық, механикалық әсер етеді. Жарыыс әсерінен үйлер, айналадағы заттар қирайды. Ыстық ауа тасқындары өртті өршітеді.

2-оқушы: - Жарылысқа қауіпті нысандарға мұнай өндіруші және ұсақтаушы, мұнай-химия, газ, тоқыма объектілері, нан өнімдері мен дәрі-дәрмек өнеркәсібі, жылдам тұтанатын және жанатын сұйықтар, газ қоймалары жатады.

3-оқушы: - Жарылысты болдырмау үшін өрттің алдын алу іс шаралары жүргізіледі: а) Жарылысқа жол бермейтін, жоғары қысымға төтеп беретін қоршау жасалады.

ә) Жарылу қаупі бар аймақты оқшаулайды.

б) Қысымды шығаратын арнайы клапандар орнатады.

в) Адамдарды қорғау үшін жарылыс кезінде қорғанатын баспана салады.

4-оқушы: - Өрттер – орман өрттері, дала өрттері және елдімекендегі өрттер болып бөлінеді.

5-оқушы: - Өрт - бұл адамдардың, хайуанаттардың қаза болуына және материалдық құндылықтардың жойылуына алып келетін бақылаусыз жану процесі.

6-оқушы: - Ормандағы өрт сөндірілмеген сіріңкеден, темекі қалдығынан, сөндірілмеген алаудан, атылғаннан кейін құрғақ шөпке түскен ыстық патроннан, орманда ақаулы техниканы пайдаланудан, найзағайдан болуы мүмкін. Даладағы өртте осындай себептерден шығады.

Жүргізуші: - Орман өрті кезінде қауіпсіздік ұстау және қорғану тәртібі туралы айтамыз.

7-оқушы: Өртті байқағанда ең бастысы үрейленбеу, одан қашуға әрекеттенбеу. Жылдам түрде жағдайды мұқият болжап, кететін жолды анықтау қажет. Ол үшін төңіректегі биік нүктеге немесе ағашқа шығып маңайды байқау керек. Желдің өтіне, өзен, көл бар жерге шығу керек. Желге қарай қырындай жүре отырып шығу керек. Өрт жақындаған кезде суға жату немесе киімді малшындыра сулау керек.

Бетке дәкеден, мақта-мата материалынан әзірленген бірнеше қабатты таңғыш киіп, оны жиі сумен суландыру керек.

8-оқушы: - Егер өртке су жоқ жерде тап болсаңыз, ашық кеңістікке шығып, бүкіл нейлон, капрон, балон киімін шешіп, жанармаймен жылдам тұтанатын затты тастау қажет.

Жүргізуші: - Құрметті оқушылар, біз сендерге өрт түрлері туралы, одан қорғану шаралары туралы айтып өттік. Бірақ ең көп кездесетін, әрі шығыны мен зияны жөнінен ең қауіпті өрт түрі – тұрмыстағы, яғни қала мен ауыл, елді-мекендегі өрт. Өйткені бұл жерде адам өміріне үлкен қауіп төнеді. Сондықтан біз енді балалардың өрт қауіпсіздігі ережелерін білуі үшін ертегі көрініс көрсетсек дейміз.

Көрініс: «Тазша бала хикаялары».

Автор: Ерте, ерте, ертеде емес,

Ешкі құйрығы келтеде емес.

Бүгінгі осы заманда,

Ауыл-аймақ аманда.

Алдаркөсе ойланып,

Шәкірт дайындауды қолға алып,

Шартарапқа жар салыпты.

Алдаркөсе: Кім есті, кім зерек болса,

Кімнің білімі терең болса.

Өзгелерге үлгі болар,

Жеткіншек бір өрен болса.

Өзім шәкірт етіп аламын.

Бар білгенім, түйгенімді,

Үйретуге күш саламын.

Автор: - Таяғы жерге тақ-тақ етіп, сойдиған тістері сақ-сақ етіп, шаштары дудырап, таудай танауынан демі бұрқырап, тісі жоқ кетік, аузынан тілі жалақ-жалақ етіп мыстан кіріп келеді.

Мыстан: - Әй, Алдар-ау, Алдар-ау,

Сенен басқа менде қандай замандас болған жан бар-ау.

Менің балам Сумұрын,

Өзі жалқау, тым зұлым.

Үйретсең тағы өнерді,

Ізбасар - болар өренді!

Алдаркөсе: - Әй, қу Мыстан, сұм Мыстан,

Жамандықтан аузы-басы тырысқан.

Зұлымдығы көп болғаннан,

Арқасы тау боп құрысқан.

Сенен оңған бала тумас,

Елдің жоғын сірә қумас.

Мыстан: - Қап бәлем, ісім сенімен болсын, озып шыққан Тазшаның есін алып, ақылын шатастырмасам, мыстан атым өшсін.

Автор: - Осылай деп тамағы қырылдап, өкпесі сырылдап шығып кетті.

Сонымен өзінің үлгілі тәртібі, терең білімі, зерек, епті, кішіпейілділігімен озып шыққан Тазша бала Алдар көсе шәкірті болып қалды.

Бірақ ертеңіне Тазша бала мең-зең болып оянды:

Мыстан: - Қане, сиқырлы айнам; Тазшаны көрсет:

Мамасы: Балам келші, шай іш!

Мен қазір жұмысқа кетем.

Мен айтқан сөздерді ұмытпа,

Ақылың бар ғой, ботам.

(Тазша түк түсінбей бақырайып отыр).

Мыстан: (Айнаға қарап) Ха-ха-ха,

Қара дұғам қағып түсті,

Ақылың енді болмас күшті.

Енді, Тазша, болып салақ,

Ұмытшақ және боларсың олақ.

Ха-ха-ха, мен жеңемін,

Балаларды күйдіремін, суға итеріп,

Үлкен жолда машиналармен бірге жүргіземін,

Дым білмейтін, түк ұқпайтын бала болғаныңды көріп бір күлемін.

Автор: - Балалар! Біз Тазшаны қиындықта қалдырмаймыз. Өйткені, ол біздің досымыз. Біз мектепте үйренген қауіпсіздік ережелерін оған үйретейік, мыстанға күлкі етпейік.

Көрініс: «Тілсіз жау».

Мамасы: - Балам сабақтан соң дүкенге барып, нан,сүт әкеліп қой. Міне ақша.

Тазша: - Жарайды маматай!

Түстен кейін: Мен дүкенге барып келейін. Ой, шалбарым лай екен ғой. (Ол шалбарын тез-тез тазалап үтіктеді де, далаға шығып кетті. Үтік стол үстінде ток көзіне тығулы қалды. Сәлден кейін күйген иіс шықты).

Мұғалім: - Ал, балалар, мұндай жағдайда не істеу керек?

9-оқушы: - Қолға құрғақ шүберек орап, құрғақ қолғап киіп, үтікті тоқтан ажырату керек.

10-оқушы: - Немесе құрғақ таяқпен токтан ажырату керек.

11-оқушы: - Жанып жатқан үтікті тығыз матамен бүркеп өшіру керек.

12-оқушы: - Көршілерге хабар беру керек. Егер өрт күштірек болып, өзің өшіре алмасаң 01 – ге хабарла.

13-оқушы: - Үйде адам қалып қойса 051 – ге немесе 03 – ке хабарла.

14-оқушы: - 01 – ге хабарлағанда өрт шыққан мекен жайды, не жанып жатқанын, ата-жөніңді түсіндіріп айт.

Мұғалім: - Тазша бала, сен енді есіңе түсірдің бе?

- Үйден шығарда үтікті не істеу керек еді?

Тазша бала: - Иә апай, үйден шығарда газды, суды жауып, электр құралдарын токтан ажырату керек.

Жүргізуші: Көрініс: «Газдан улуну».

  • Енді оқушылар сіздерге газдан немесе көмір иісінен уланған адамдарға қандай жәрдем көрсету керек екенін сахналап береді.

Автор: - Тазша бала кешке ерте ұйықтап қалған. Әлден уақытта шөлдеп оянады. Су ішейін деп еді мұздай екен. Мамасының «мұздай су ішпе» дегені есіне түсіп, аз ғана суды газға қойды. Бірақ, сәл отырып, көзі ілініп кетті. Су тасып, газды сөндірді. Ашық тұрған газ плитасынан газ иісі үйді жайлап кетті. Таңертең досы Бақдәулет келді.

Бақдәулет: - Тазша, Тазша жүр мектепке барайық. Туу,бір жаман иіс шығады ғой. (Келесі есікті қағып көршіні шақырады. Екеулеп есікті қақты, әкесі әзер тұрып келіп, есікті ашты да құлап түсті).

Көрші: - Жүгір, терезелерді, есікті аш!

  • Азамат, Бақдәулет келіңдер адамдарды сыртқа шығарайық, Нұрдана 03 – ке, 04 – ке телефон соқ.

  • Айдана суға малынған шүберек әкел.

  • Мен қолдан дем алдырайын.

(Барлық іс әрекетті көрсетеді. Сол кезде дәрігер де, газ жөндеу қызметі де келеді).

Мұғалім: Тазша бала, газды қолдану, уланған адамға жәрдем көрсету ережелері есіңе түсті ме?

Тазша бала: - Иә, апай, рахмет! Мен енді ештеңені ұмытпаймын. Достарыма, сізге үлкен рахмет.

Автор: - Айнасына қарап жағдайды байқап отырған мыстан ашуланып:

Мыстан: - Әттең, әттең, әттең-ай,

Достарың да көппе еді ай!

Қара дұғам жеңілді,

Менің күшім келмеске енді көмілді.

- Әй – әй - әй. (деп шығып кетті).

Жүргізуші: Ал, балалар, балалар,

Ұстаз деген дана бар.

Ата-анадай пана бар,

Дос дегеніміз көп болса.

Қамалды ғана ала алар.

Ережені білейік,

Аман-сау боп жүрейік.

Мұғалім: - Балалар, міне бүгін сендер жас өрт сөндірушілерсіңдер. Бізге қазір ғана 01 арқылы хабар келіп түсті. Екі жерде өрт ошағы пайда болған. Бірі қойма жанындағы бос қораптар. Егер оларды тез өшірмесек, қойма өртенуі мүмкін.

Екіншісі - Сарыарқа көшесіндегі екінші үйде балалардың ойынынан жерге төселген көрпеше жанып жатыр. Соны тез арада сөндіру керек.

Тез екі топқа бөлініп, осы екі өрт ошағын сөндірейік. Ол үшін мен сендерге сұрақ беремін, кім дұрыс жауап берсе өрттің бір шеті сөнеді. Яғни кеспені мына суретке жапсырамыз. (Тақтада осы екі өрт ошағының суреті ілініп тұрады).

Екі топтың аты: 1) Тұлпар. 2) Сұңқар.

Қай топ толық түсінікті жауап берсе, сол топ жеңіске жетеді, яғни өртті сөндіреді.

Сұрақтар: 1. Өрт дегеніміз не?

Өрт – бұл адамдардың, хайуанаттардың қаза болуына алып келетін материалдық құндылықтардың бақылаусыз жану процесі.

2. Егер газ иісін сезсең не істеу керек?

Электр жарығын қоспау, сіріңке жақпау керек, терезелерді ашып, үлкендерге және 04 – ке хабарлау керек.

  1. Өрт сөндіру қызметі - 01 –

  2. Газ жөндеу қызметі - 04 -

  3. Өрт кезінде ішінде адам қалса нешеге телефон шалу керек? - 051 -

  4. Жедел жәрдем телефоны - 03 -

  5. Өрт сөндіру құралдарына не жатады?

а) Лом темір.

ә) Ілгекті темір.

б) Көпіршікті баллон.

в) Құм салынған ыдыс.

г) Су таситын ыдыс.

ғ) Тығыз мата, киіз.

8. Лифтіге қай кезде мінуге болмайды?

Жер сілкіну, өрт кезінде, төтенше жағдайларда кіруге болмайды.

9.Егер теледидар жанса оны қалай сөндіру керек?

Оны бірден жерден ажыратып содан кейін артқы қабырғасындағы жоғарғы желдеткіш саңылау арқылы сөндіру керек. Ол кезде бір қырындап тұру керек. Егер оның жанында перде немесе жылдам тұтанатын заттар болса, оларға тиіп кетпес үшін теледидарды тығыз көрпемен жабу керек, тек содан кейін ғана суға немесе өрт сөндірушілерге жүгіру керек.

10. Телескоп жарылса не істеу керек?

Егер телескоп жарылса, улы түтін аса қауіпті. Сондықтан отты сөндірген уақытта дем алмай, ауызды байлап алу керек. Балаларды сыртқа шығарып жіберу керек.

11. Жеті жұтты атап бер?

1. Құрғақшылық.

2. Мал жұтау.

3. Зілзала (жер сілкіну).

4. Оба (індет).

5. Өрт.

6. Соғыс.

7. Сел (су тасқын).

12. Ақысыз түрде ұялы телефондардан хабар беру үшін, қандай сандарды алу керек?

01 (010)

02 (020)

03 (030)

04 (040)

05 (051)

Қорытынды.










Тақырыбы: «Бағдаршам – біздің досымыз»

Мақсаты: 1. Қалыптасқан түсініктерін,білімдерін пысықтап, адам өмірі үшін бағдаршамның қажеттілігін түсіндіру, көше қатынас ережелерін жасына сай меңгерту.

2. Ойынды тәрбие құралы ретінде пайдаланып, бала сезімін кеңейтіп, тілін ұстарту, сұрақтар қою, жұмбақ, өлең айту, ойын арқылы ойларын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

3. Көшеде жүру ережесін білу арқылы жолда жүру мәдениетіне, сақтыққа, жауапкершілікке, сергектілікке, жол ережесін бұлжытпай орындауға тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ойын.

Көрнекілік: «Тоқта! Сақтан! Жол ашық!» газет, бағдаршам макеті, транспорт модельдері, жол белгілері.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Мұғалім: Сабағымызды жұмбақпен бастаймыз.

Көзін ашып жұмады,

Бағыт сілтеп тұрады. (Бағдаршам)

Міне, көшеден бізге кім қонаққа келіпті? (Бағдаршам)

Мұғалім: Бағдаршам - өмірімізді апаттан сақтандыратын көмекшіміз, оның сырын біліп, тілін алу – біздің міндетіміз. Бағдаршам – жол элементтерінің ішінде оның кескін-келбеті де, құрылысы да әлденеше рет өзгерді, жаңарды.Ол жол қозғалысына қатысушыларға өз жарығымен бағыт сілтейді.

- Балалар, бағдаршамды кім ойлап тапқанын білесіңдерме? Ал, ендеше тыңдап көрелік. Ең алғашқы бағдаршам теміржол бойында пайда болды.Оны ойлап тапқан адамның есімі тарихта сақталмаған.Оны көше қиылысына ыңғайлап, қайта жасаған ағылшын инженер-механигі Д. Найт болатын. Ол 1868 жылы Лондондағы парламент үйінің алдына бағдаршам орнатты. Ол газды шаммен жұмыс істеді.

1914 жылы Америкада электрлі бағдаршамдар пайда болды. Тек екі түсті: қызыл және жасыл. 1918 жылдан бастап қана 3 түс қолданылған. 1924 жылы Мәскеу қаласында орналастырылды.

Әрбір жаяу жүргінші, әр бала жол бойында аса сабырлықпен аспай-саспай жүріп, тұруға тиіс.

Көшеде бағдаршам болмаса,

Кісі жоқ жөн сілтер өзіңе.

Кідірме, абыржып онда аса,

Сенгейсің өзіңнің көзіңе.

Көшеде ортаға жеткенше,

Әуелі көзің сал сол жаққа.

Балақай, ортадан өткен соң,

Мойның бұр сол жақтан оң жаққа.

1-оқушы: Қызыл жарық: Қызыл жарық жанғанда,

Қалт тоқтай қал табанда.

2-оқушы: Сары жарық: Сары шамы жағылса,

Сақ абай бол барынша!

3-оқушы: Жасыл жарық: Жасыл жарық – жол ашық!

Зымырай бер, бел асып.

4-оқушы: Көреген, дәу, қырағы,

Көшемізде тұрады.

Бағынамыз әрдайым,

Ашса кезек үш көзін -

Тоқта! Сақтан! Жол ашық!

5-оқушы: Қызыл көзі жанса,

Мейлі көлік жоқта.

Қатып қалған жанша,

Қыбыр етпе тоқта!

6-оқушы: Сары көзі жанса,

Мейлі көлік жоқта.

Қатып қалған жанша,

Қыбыр етпе тоқта!

7-оқушы: Жанса көзі жасыл,

Жолың айдай ашық.

Жүре бергін батыл,

Керегі жоқ сасып.

8-оқушы: Әйгілеп үш көзді,

Бір дәу тұр үш көзді.

Оған жас-кәріміз,

Бағындық бәріміз.

9-оқушы: Бағдаршам жоқта,

Асықпағын текке.

Ондай жерде тоқта,

Жолды қиып өтпе.

Ән: «Бағдаршам»

10-оқушы: Жаяу үшін белгі,

Қойылады арнай.

Тауып сондай жерді,

Өткін еппен аңдай.

11-оқушы: Көлік жүрер жолда,

Ойнау тіптен шатақ.

Әйтеуір бір онда,

Кезігеді апат.

12-оқушы: Үш түсті түрі бар,

Жөн сілтер тілі бар.

Бағдаршам дегеннің,

Сырын жақсы біліп ал.

13-оқушы: Қызыл шамы жанарда,

Тоқтай қал аманда.

Сары түс – ескерту,

Дайын бол табанда.

14-оқушы: Жасыл көзі жарасты,

Алдыңнан жол ашты.

Өте бер асықпай,

Жолыңмен қарасты.

15-оқушы: Үлкен жолдың үстінде,

Әмірші де күшті де.

Бағдаршам екенін,

Есте сақта, достарым!

Мұғалім: Балалар, қазір «Бағдаршам» ойынын ойнап жіберейік. Бағдаршамның үш түрлі көзін көреміз.

Қызыл жанса – тыныш тұрамыз.

Сары жанса – оң аяғымызды көтеріп, дайындаламыз.

Жасыл жанса – топ-топ басып жүреміз. Бағдаршам жоқ жерден қалай өтеміз?

-Алдымен сол жаққа қарап, ешбір қауіптің жоғына көз жеткізген соң ілгері жүреміз де, жол ортасына жеткеннен кейін оң жағымызға қараймыз. Келе жатқан көлік болса, оны өткізіп жіберу керек. Жолды тек тура бағытта кесіп өту керек.

Көшеде жүргенде бізге бағдаршамнан басқа көмектесетін белгілер де бар екен.

Олар төрт топқа бөлінеді:

  1. Ескертуші белгілер (алдағы қауіп туралы ақпарат береді).

  2. Тыйым салушы белгілер (белгілерде көрсетсетілген бейнелердің жүруіне тыйым салады).

  3. Сілтеуші белгілер (адамға қажетті нысанның қайда екенін көрсетеді).

  4. Рұқсат беруші белгілер (белгіде суреті салынғандардың жүруіне рұқсат берілетінін білдіреді).

Қорытынды.

Жұмбақтар шешу: «Ойнайық та, ойлайық»

Бұйырмапты бас та, ауыз да, құлақ та,

Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (Бағдаршам)

Арқаным бар тым ұзын,

Ала алмайсың бір үзім. (Жол)

Күндіз-түні күрсінеді,

Жүрген жері сілкінеді. (Пойыз)

Қозғалмасаң құлайды,

Сүйемесең сұлайды.

Құйымшақта ері бар,

Бұл не деген жануар? (Велосипед)

Өзі сөйлей білмейді,

Бірақ «Тоқта! Жүр!» дейді. (Бағдаршам)

Тест.

  1. Көшеден өтуге болады:

а) Сары жанғанда ә) Қызыл жанғанда б) Жасыл жанғанда

2. Бағдаршамсыз жағдайда: (1)

а) Көшеден мүлде өтуге болмайды

ә) жүргінші жолы арқылы өту керек

б) көлікпен жарыса өту керек

3. Сырғанауға болады:

а) Төбешікте және мұз айдында

ә) Машинаға жабысып б) жол бойында

4. Бағдаршамсыз жағдайда (2)

а) Алдымен солжағыңа, сонан соң оң жағыңа қарап өту керек

ә) Сол жағыңа қарап, жүгіріп өту керек

б) Оң жағыңа қарап, жүгіріп өту керек

Есіңе сақта!

  1. Жолға жетіп, тоқта.

  2. Жолдан өтпестен бұрын сол жағыңа және машина келіп қалады-ау деген жақтың бәріне қара.

  3. Егер сен машинаның жоқ екеніне көз жеткізсең ғана жолдан өтуге болады.

  4. Жолдан өтіп шыққанша үнемі жан-жағыңа қарап жүр.

Міне, осы айтылғандарды бұлжытпай орындасақ барлығымыз да аман жүреміз.

Ән: «Әрқашан күн сөнбесін!»

Сабақты қорыту.


Мұнайлы ауданы

5 орта мектеп



«Математика-

ғылым патшасы»

MR900234160

2«Ә» сынып

Агенова А.Е.

2013 – 2014 оқу жылы

Бекітемін: --------------------------------------Нурбаулова Т

Сайыс сабақ

Тақырыбы: «Математика ғылым патшасы»

Мақсаты: 1. Білімділік: Дарынды оқушыларды табу, олардың қабілеттерін ашу, алған білімдерін өмірде қолдана білуге үйрету.

2. Дамытушылық: Таным үрдістерін, ауызекі сөйлеу дағдысын және сергектік пен зеректіктерін дамыту.

3. Тәрбиелік: Отанды сүюге, білімділікке, адалдыққа, алғырлыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Математикалық слайдтар, суреттеі ұяшықтармен тапсырмалар..

Барысы: Ал, қанеки қаралық, Есеп шешіп жарысып.

Мына жақта жаңалық Жұмбақ шешіп аңдысып.

Бүгінгі кеш төрінде, Шабыт тасып шалқысып.

Математика елінде. Есеппенен ән салып,

Математика тілінде, Көңілді кеш жасайық!

Құрметті ұстаздар, қадірменді қонақтар және оқушылар! Сіздерді «Матиматика ғылым патшасы» атты сайысымызды тамашалауға шақырамыз.

Ғылымның сырын ұғына,

Шығыңдар білім шыңына!

Сергектік пен зеректік,

Жеткізеді сіздерді

Математика сырына!

Қадамдарың оң болсын

Ұпайларың мол болсын!

Ортаға жас математик ғалымдарды шақырамыз:

2 «А» сынып – Серқұл Нұрсұлтан

2 «Ә» сынып - Джиенаев Ахат

2 «Б» сынып – Құрметқызы Назерке

2 «В» сынып – Ермұрат Ұлжан

2 «Г» сынып – Назарбаев Бексұлтан

2 «Ғ» сынып - Даует Нұрай

2 «Д» сынып – Сапарова Алина

2 «Е» сынып – Сенгирбаев Ердос

2 «Ж» сынып – Ертаева Динар

2 «З» сынып – Ниетбай Нұршат

2 «И» сынып – Давлетов Асылбек

2 «К» сынып – Қонысбек Риза

2 «Қ» сынып - Иденген Дастан

2 «Л» сынып – Амангелді Гүлфайрус

Сіздерге сәттілік тілейміз!

Талабың шыңға өрлесін,

Талантың құлаш сермесін.

Ақылмен білім, өнерің

Намысты қолдан бермесін!

І бөлім: «Бәйге»

ІІ бөлім: «Кім жылдам?».

ІІІ бөлім: «Көкпар»

І бөлім: «Бәйге». 1.Оқушылар «Санамақты» жатқа айту.

  1. Ұяшықтан 5 сұраққа жауап беру.

1) Бір аптада неше күн бар?

Алманың жартысы неге ұқсас?(Екінші жартысына)

12-кі мен 8-дің қосындысын ата.

Ең үлкен бір таңбалы сан.

Белгісіз санмен 3-тің қосындысы 10-ға тең.Белгісіз санды ата.


2) Бір айда неше күн бар?

Екі таяқтың неше ұшы бар?

20-дан 6-ны айырғанда айырманың мәні неге тең?

Ең үлкен екі таңбалы санды ата.

35 пен 35-тің қосындысы нешеге тең?


3) Бір жылда неше ай бар?

90 минут - неше сағат, неше минутқа тең?

Тақ сандарды ата.

Екіні өз өзіне неше рет қосқанда 10 шығады?(5)

30-дан 15-ті айырғанда айырманың мәні неге тең?


4) Бір тәулікте неше сағат бар?

Мектептегі ең жоғары баға (5)

Қай айда 28-29 күн бар?

Белгісіз санға 5-тің қосындысы 12-ге тең.Белгісіз санды ата.

40-дан 15-ті айырғанда айырманың мәні неге тең?


5) Мектептегі ең төмен баға(2)

Бір ғасырда неше жыл бар?

Аптаның үшінші күнін ата.

25 пен 35-тің қосындысы нешеге тең?

Белгісіз санмен 1-дің қосындысы 20-ға тең.Белгісіз санды ата.

6) Бір сағатта неше минут бар?

1 метрде неше дм бар?

Аптаның жетінші күнін ата.

Қазақта неше би бар?Ата.

20-дан 15-ті айырғанда айырманың мәні неге тең?


7) Бір дм-де неше сантиметр бар?

Екі тәулікте неше сағат бар?

15 пен 35-тің қосындысы нешеге тең?

Үш тауықта неше аяқ бар?

Белгісіз санмен 11-дің қосындысы 20-ға тең.Белгісіз санды ата.


8) 50 см неше дм-ге тең?

Уақыт өлшем бірлігі(сағат)

Қабырғасы 3 см-ге тең шаршының периметрін ата.

15 пен 25-тің қосындысы нешеге тең?

Биыл қандай жыл?


9) Үш таңбалы санды ата.

Уақыт өлшем бірліктерін ата.

10 мен 25-тің қосындысы нешеге тең?

Аптаның бірінші күнін ата.

Бір жылда неше мезгіл бар?


10) Бір мезгілде неше ай бар?

Қабырғасы 5 см-ге тең шаршының периметрін ата.

20-дан 12-ні айырғанда айырманың мәні неге тең?

1 см-де неше мм бар?

Белгісіз санмен 11-дің қосындысы 16-ға тең.Белгісіз санды ата.


11) Жұп сандарды ата

Ұзындық өлшем бірліктерін ата.

20 мен 35-тің қосындысы нешеге тең?

Бір жылда неше күн бар?

Қыс мезгілінде неше ай бар?


12) Бір мезгілде неше ай бар?

Қабырғасы 5 см-ге тең шаршының периметрін ата.

20-дан 12-ні айырғанда айырманың мәні неге тең?

1 см-де неше мм бар?

Белгісіз санмен 11-дің қосындысы 16-ға тең.Белгісіз санды ата.


13) Жұп сандарды ата

Ұзындық өлшем бірліктерін ата.

20 мен 35-тің қосындысы нешеге тең?

Бір жылда неше күн бар?

Қыс мезгілінде неше ай бар?


4) Бір тәулікте неше сағат бар?

Мектептегі ең жоғары баға (5)

Қай айда 28-29 күн бар?

Белгісіз санға 5-тің қосындысы 12-ге тең.Белгісіз санды ата.

40-дан 15-ті айырғанда айырманың мәні неге тең?


ІІ бөлім: «Кім жылдам?».

  1. Кезікті бір жануар,

Үстінде екі тауы бар. (Түйе)

  1. Айқасқан екі таяқ,

Тұрады жоқты сұрап.(х)

  1. Бес ін, бес іннің аузы бір ін. (Қолғап)

  2. Төрт бұрышты,

Бір ауызды (Сандық)

  1. Бір түкті кілем,

Бір түксіз кілем (Жер, аспан)


  1. Бір шұңқыр,

Бір шұңқырдың ішінде мың шұңқыр(оймақ)

  1. Бірі үлкен, бірі кіші,

Туысқан бірге бес кісі(Бес саусақ)

  1. Отыз екі – бәрі алып,

Тұрар іште қамалып.

Ашылғанда қос есік,

Көрінеді ағарып. (32 тіс пен ерін)

  1. Екі көрші бірін-бірі көрмейді (Көз)

  2. Екі басы жұдырықтай,

Ортасы қылдырықтай (Құмырсқа)


  1. Екі басы дөңгелек,

Екі ұшы сүйір,

Қиғанға үйір (Қайшы)

  1. Біреуін бердім,

Онын тердім (Тұқым)

  1. Мойны сұрақ белгісі,

Бұл қандай көл құсы? (Аққу)

  1. Аяғы біреу, қолы жоқ,

Шиыр-шиыр жолы көп.

Өзі сөйлей білмейді.

Салған ізі сөйлейді. (Қарындаш)

  1. Сырт-сырт соғады,

Уақыт озады. (Сағат)


  1. Бес жолмен жүреді,

Бар әуенді біледі. (Нота)

  1. Отыз екі мықты,

Қаз-қатар боп шықты.

Он алтысы асты,

Он алтысы үсті. (Тіс)

  1. Екі атым бар тыңдайтын,

Өзімді ғана тыңдайтын. (Екі аяқ)

  1. Төрт қырлы өзі аппақ,

Тақтадағы ізі аппақ. (бор)

  1. Екі қарауыл,

Екі тыңшы,

Бір жыршы. (Екі көз, екі құлақ, тіл)


  1. Тоғыз белбеу.

Қос жібек,

Екі мұрын бір шүмек. (Домбыра)

  1. Он көзі бар өзінде,

Он цифр бар көзінде.

Көзіне саусақ саласың,

Жырақтан хабар аласың. (Телефон)

  1. Жүз төрт түйме,

Он төрт ине.(Есеп шот)

  1. Ағайынды төрт батыр,

Көтергені бір шатыр. (Үстел)

  1. Бір көзім «кідір» дейді.

Бір көзім «жүгір» дейді,

Бір көзім «абайла» дейді.

«Қарап ал маңайға» дейді. (Бағдаршам)


  1. Таңертең тұрдым.

Екі сайды қудым. (Шалбар)


  1. Күні бойы сен оны

Екі аяқтап басасың.

Жатар кезде өзіңнен

Аулақтатып қашасың. (Етік)

  1. Төрт бұрышты,

Бір ауызды. (Сандық)

  1. Жүз мүйізі бар.

Үстінде киізі бар. (Киіз үй)


  1. Таңертең төрт аяқпен,

Түсте екі аяқпен,

Кешке үш аяқпен жүреді. (Адамның өмірі)

ІІІ бөлім: «Көкпар»

Тест тапсырмаларын орындау.

Соңы: Қара сөздің дауылы,

Құрмет еткен ауылы.

Сайысымызға риза бол,

Көрермендер қауымы.






















2

2

5


0

1






5


3

3

3



4



2


1




5

0

4





6

5

10

11









2



2


0

8






4

5

6


8









9

6

3

3








6

5

4


8

4



















































































Бекітемін: --------------------------------------------------- Нурбаулова Т

Сынып сағаты

Тақырыбы: «Бағдаршам – біздің досымыз»

Мақсаты: 1. Қалыптасқан түсініктерін,білімдерін пысықтап, адам өмірі үшін бағдаршамның қажеттілігін түсіндіру, көше қатынас ережелерін жасына сай меңгерту.

2. Ойынды тәрбие құралы ретінде пайдаланып, бала сезімін кеңейтіп, тілін ұстарту, сұрақтар қою, жұмбақ, өлең айту, ойын арқылы ойларын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

3. Көшеде жүру ережесін білу арқылы жолда жүру мәдениетіне, сақтыққа, жауапкершілікке, сергектілікке, жол ережесін бұлжытпай орындауға тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ойын.

Көрнекілік: «Тоқта! Сақтан! Жол ашық!» газет, бағдаршам макеті, транспорт модельдері, жол белгілері.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

І. Кіріспе сөз: Сабағымызды жұмбақпен бастаймыз.

Көзін ашып жұмады,

Бағыт сілтеп тұрады. (Бағдаршам)

Міне, көшеден бізге кім қонаққа келіпті? (Бағдаршам)

ІІ.Негізгі бөлім: Бағдаршам - өмірімізді апаттан сақтандыратын көмекшіміз, оның сырын біліп, тілін алу – біздің міндетіміз. Бағдаршам – жол элементтерінің ішінде оның кескін-келбеті де, құрылысы да әлденеше рет өзгерді, жаңарды.Ол жол қозғалысына қатысушыларға өз жарығымен бағыт сілтейді.

- Балалар, бағдаршамды кім ойлап тапқанын білесіңдерме? Ал, ендеше тыңдап көрелік. Ең алғашқы бағдаршам теміржол бойында пайда болды.Оны ойлап тапқан адамның есімі тарихта сақталмаған.Оны көше қиылысына ыңғайлап, қайта жасаған ағылшын инженер-механигі Д. Найт болатын. Ол 1868 жылы Лондондағы парламент үйінің алдына бағдаршам орнатты. Ол газды шаммен жұмыс істеді.

1914 жылы Америкада электрлі бағдаршамдар пайда болды. Тек екі түсті: қызыл және жасыл. 1918 жылдан бастап қана 3 түс қолданылған. 1924 жылы Мәскеу қаласында орналастырылды.

ІІІ. Қорытынды бөлім: Әрбір жаяу жүргінші, әр бала жол бойында аса сабырлықпен аспай-саспай жүріп, тұруға тиіс.

Көшеде бағдаршам болмаса, Көшеде ортаға жеткенше,

Кісі жоқ жөн сілтер өзіңе. Әуелі көзің сал сол жаққа.

Кідірме, абыржып онда аса, Балақай, ортадан өткен соң,

Сенгейсің өзіңнің көзіңе. Мойның бұр сол жақтан оң жаққа.

Күні: 28.10.2013 ж.

Сынып: 2 «Ә»

Сынып жетекші: Агенова Агайша

Бекітемін: --------------------------------------Нурбаулова Т

Сынып сағаты

Тақырыбы: «Қарты бар елдің – қазынасы бар»

Мақсаты: 1. Білімділік: 1-қазан қарттар күні екендігі туралы түсінік қалыптастыру.

2. Дамытушылық: Таным үрдістерін, ауызекі сөйлеу дағдысын дамыту.

3. Тәрбиелік: Қарттарға құрметпен қарауға, оларды үнемі сыйлауға үйрету. Қарттарды құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: қанатты сөздер, мақал-мәтелдер.

  1. «Қарты бар елдің – қазынасы бар»

  2. «Үлкенге құрмет, кішіге ізет»

  3. «Ағадан – ақыл, атадан – нақыл»

  4. «Аталы үй – баталы үй»

Барысы: І. Кіріспе бөлім.

Оқушыларға 1 – қазан қарттар күні екенін хабарлап, «қарт» сөзінің мағынасын ашқызу. Ата, әжелер туралы әңгімелету.

ІІ. Негізгі бөлім: Әдеби монтаж.

1-оқушы: Жақсы көрем атамды, 3-оқушы: Менің әжем, ақ әжем,

Атам жүзге тақалды. Ұл мен қыздың бағы әжем.

Ұрыспайды ұстасам, Ертегі айтып бер десең,

Аппақ қудай сақалды. Айтып берер тағы әжем.

2-оқушы: Жақсы көрем қасын да, 4-оқушы: Менің әжем,жыр әжем,

Қардан аппақ шашын да. Шуағы мол, нұр әжем.

Қорықпаймын ешкімнен, Асыл әжем, ақ әжем,

Атам жүрсе қасымда. Аман-есен жүр әжем.

Сұрақ-жауап: «Үлкенге - құрмет, кішіге – ізет»

1-көрініс: Автобус ішінде бала отырады, бір кезде үлкен қарт әже кіреді.

Бала не істеу керек еді? (оқушылар жауабы)

2-көрініс: Қарт әжей дүкеннен келе жатты, қолында ауыр сөмкесі бар. Балалар ойнап жүрді.

Мұндайда не істеу керек? (оқушылар жауабы)

3-көрініс: Бір бала жүгіріп келе жатты, алдынан үлкен кісі шықты...

Мұндайда не істеу керек? (оқушылар жауабы)

ІІІ. Қорытынды бөлім.

Оқушылар плакатта жазылған нақыл сөздерінің мағынасын ашып, ата,әжелерінің үйреткен мақал-мәтелдерін, тыйым сөздерін, берген баталарын жатқа айтудан сайысқа түседі.

Күні: 14.10.2013 ж.

Сынып: 2 «Ә»

Сынып жетекші: Агенова Агайша

Бекітемін: --------------------------------------Нурбаулова Т

Сынып сағаты

Тақырыбы: Күз – береке, күз – мереке.

Мақсаты: 1) Балаларға күзгі табиғаттың ерекшелігін білдіру.

2) Күз мезгілінің тіршілікте тиер пайдасын, табиғаттың өзгешілігін, қыр-сырын тақпақ, өлең жолдар мен нақыл сөздер арқылы ой-өрісін дамыту. Жыл мезгілінің ішіндегі күз айының алатын орны жөнінде айту.

3) Балаларды табиғатты қорғауға, сүюге, аялауға, қажырлы еңбек етуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Суреттер, сыныпты безендіру, аппликация,жеміс-жидек,жеміс-жидектің каронасы.

Әдісі: Баяндау, сұрақ-жауап.

Барысы: Кіріспе сөз: Құрметті оқушылар бүгінгі сіздермен өткізгелі отырған «Күз – береке, күз – мереке» атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймын.

Береке, бақ дарыған,

Жомарт көңіл, жарқын жүз,

Сары алтынға малынған,

Жетті міне, алтын күз! - демекші, міне бізге де күз жетті.

Негізгі бөлім: - Кәне балалар, күз айларын атаңдаршы.

Балалар: Күз айлары: қыркүйек, қазан, қараша.

Мұғалім: Күз айы мерекеге толы балалар, олай болса күзгі мерекелерді атайықшы?

Балалар: Қыркүйекте білім күні, қазанда ұстаздар мерекесі мен 25-қазан Республика күні.

Мұғалім: Оқушылар осы күзге байланысты тақпақ дайындап келіпті, кәне айтайық:

1-оқушы: Жаңартқан ғаламды, 3-оқушы: Алқаптан бидайды,

Жаңбырлы ғажап-ай. Қоймаға ел жинайды.

Осынау заманда, Тырнасы тізілген,

Орнатқан қазан-ай! Ұнатам күзді мен.

2-оқушы: Артты құт пен береке, 4-оқушы: Көрініп еліме,

Астық толы мереке. Күндері мереке.

Салтымыз той мереке, Келді ғой жеріме,

Алтын күзді тойлаймыз. Күз дейтін мереке.

Мұғалім: Балалар, тек тақпақ қана жаттап қоймай, сонымен қатар күздің бейнесін салып келіпті жіне күз жапырақтарынан жапсырмалар жапсырып келіпті, соны тамашалаңыздар.

Балалардың жұмыстары көрсетіледі.

Мұғалім: Балалар, күзде қалатын құстарды атаңдаршы?

Оқушылар: Қарға, суықторғай, сауысқан.

5-оқушы: Құстар қайтты ән салып,

Бұлт торлады аспанды.

Қыс келеді жар салып,

Күзгі суық басталды.

Көрме: Мұғалім оқушылардың дайындаған суреттері мен композицияларын көрсетіп, таныстырады.

Қорытынды бөлім: Күз берекелі де, мерекелі ай. Күзде дастарханымыз жеміс-жидектермен асқа толы. Малдар семіреді. Адамдар да жан-жануарлар да қысқа дайындалады.

Күз еңбек айы. Еңбек етіп, көктемде еккеніңді, күзде еңбектеніп жинап аласың.Күздің бізге берері мол.

Олай болса, бүгінгі сабаққа белсене қатысқан оқушыларға көп рахмет айтып, бүгінгі тәрбие сағатымызды жабық деп жариялаймыз.


Күні: 21.10.2013 ж.

Сынып: 2 «Ә»

Сынып жетекші: Агенова Агайша





















Бекітемін: --------------------------------------Нурбаулова Т

Сынып сағаты

Сабақтың тақырыбы: Мектеп - білім ордасы.

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Конститутцияның мазмұнымен таныстыру, заңда белгіленген тәртіп түрлерін оқушы санасына жеткізу. Балалардың құқықтары мен бостандықтары жөнінде мағлұматтар қалыптастыру. Оқудың, білімнің маңызы мен мәнін ұғындыра отырып, білімділікке шақыру.

2. Дамытушылық: Тілдік қорын дамыта отырып, айтылуы қиын сөздерді сөздік қорына пайдалана білу дағдысын жетілдіру.

3. Тәрбиелік: Оқушылардың өз еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыра отырып, ата заңды құрметтеуге, құқық бұзбауға және патриотизмге тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Плакаттар,қанатты сөздер, «Конститутция» кітабы.

Сабақтың түрі: Жаңа білім.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу, сабаққа нұсқау беру.

Мұғалім: Кіріспе сөз.

Қымбатты бүлдіршіндер! Бүгін міне, сіздер мектеп табалдырығын екінші жылы аттағалы отырсыздар. Барлықтарыңыздың алдарыңызда бір мақсат бар. Ол – мектептен білім мен тәрбие алу. Сендер мектепке келгенде қуанасыңдар ма?

  • Не үшін?

Себебі, мектеп – білім ордасы.

Сендер білімді, оқымысты, ғалым болуды армандайсыңдар ма?

Білімді болу үшін тәрбие, өнеге, тіл, ізденіс, талап керек. Сендердің білімге деген талпыныстарың осы мектептен басталуы тиіс.

  • Балалар, 30 тамыз қандай мереке?

(Оқушылардың жауаптарын тыңдау)

ІІ. Негізгі бөлім.

Мұғалім: Балалар, Отан дегенді қалай түсінесіңдер?

Оқушы: Дән егіп жерге, қазатын кенін,

Орманды дала, құнарлы жерің!

Қойнауың толы қазына байлық,

Айналдық сенен, асқар тау, белім!

Мұғалім: Бұл өлеңде не туралы айтылған?

  • Біздің Отанымыз қандай республика?

  • Біздің елбасымыз кім?

  • Еліміздің қандай мемлекеттік нышандары бар? (Оқушы жауаптарын тыңдау)

Мұғалім: 1991 жылы 16 желтоқсанда еліміз егемендік алды, тәуелсіздік жалауы желбіреді. Ал қалың халықты, кең байтақ жерді дұрыс басқару үшін мына кітап жарық көрді. Бұл - Қазақстан Республикасының жаңа Конститутциясы, яғни Ата заңымыз. Ол 1995 жылы қабылданған.

Заңды Парламент шығарады. Парламентте халық сайлаған депутаттар отырады.

Заңда жеке адамның құқығы, еркіндігі, бостандығы туралы айтылған.

Ата заңымыздың 17-бабында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілі» деп жазылған.

Бұл заңда балалар мен жасөспірімдерге ерекше қамқорлық жасау үшін, балалардың құқықтарын қорғайтын Конвенция қабылданған. Яғни, біздің құқықтарымыз бен міндеттеріміз анық көрсетілген.

Конститутцияның 26-бабында: «Жеті жасқа толған әрбір бала тегін білім алуға міндетті және білім беретін мекемені өзі таңдауға құқылы» делінген. Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында «Азаматтардың білім алуға тең құқығы бар» делінген.

ІІІ. Қорытынды бөлім:

Мұғалім: - Балалар, бүгінгі сабақта нелер туралы айттық?

  • Сабағымыздың тақырыбы неліктен осылай болды?

  • «Конститутция» деген сөз нені білдіреді?

  • Конститутцияда білім туралы не делінген?

  • Республикамыздың қандай мемлекеттік нышандары бар?

  • «Білім – теңіз, мектеп – кеме» дегенді қалай түсінесіңдер?

Мұғалім: Балалар, сонымен біз бүгін «білім», «заң» туралы біраз мағлұмат жинадық деп ойлаймын. Сендер қандай қорытындыға келдіңдер?

Оқушылар: Ата заңды ардақтау, құрметтеу және онда белгіленген заңды бұлжытпай орындау - біздің міндетіміз.

Мұғалім: Білімді, оқымысты болу үшін не қажет?

Оқушылар: Саналы да білімді азамат болу үшін еш талмай, қажымай оқу керек.

Сабақ «Ұстазым» әнімен аяқталады.



Күні: 9.09.2013 ж.

Сынып: 2 «Ә»

Сынып жетекші: Агенова Агайша





Бекітемін: --------------------------------------Нурбаулова Т

Сынып сағаты

Тақырыбы: «Ұстаз – үлгі, өнеге, ұлағатым»

Мақсаты: Оқушыларға ұстазды құрметтеуге,сыйлауға, түсіне білуге үйрету. Ұстаз мамандығының қыры мен сырларын түсіндіру. Ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың ұстазға деген көзқарасын дамыту. Ұстаздың әр шәкірт үшін орнының ерекше екенін және білімнің көзі тек осынау асыл жандар арқылы оқушы жүрегіне берілетінін түсіндіру.

Тәрбиелік: Оқушыларды рухани, интеллектуальды жағынан дамытып тәрбиелеу.

Оқу-білімді, өнерді жаны сүйетін, білімділікті мақсат еткен, білімге құштар ұрпақтың болашаққа сенімдерін ояту.

Сабақтың әдіс-тәсілі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап, түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: Плакаттар,буклеттер,қанатты сөздер.

Сабақтың түрі: Жаңа білім.

Сабақтың барысы: І. Кіріспе сөз: Ұстаз болу – жүректің батырлығы.

Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,

Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,

Азбайтұғын адамның алтындығы, - деп ақын

Ғ. Қайырбеков жырлағандай, сөзі маржан үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін.

ІІ. Негізгі бөлім: Әрине, ұстаз жүгі – ауыр жүк. Ұстаздардың әсерлі үнмен, асықпай мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір оқушыға деген қамқорлықтың, аналық, әкелік сезімнің, дана ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай. Ия, адамның жан дүниесін түсініп ренжітпей қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?!

Ұрпақ тәрбиесі – ұстазға байланысты. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дегендей өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз.

Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.

Мұғалімдік – ұстазға берілген ерекше мүмкіндік Өйткені бойында ұстазға лайық қасиеттері бар адамға мұғалім бола жүріп, сол қасиеттерін ұштай түседі. «Мектептің жүрегі – мұғалім» деп Ыбырай Алтынсарин кең, биік, терең ұғыммен атап айтқан.

ІІІ. Қорытынды бөлім: «Мектеп – білім тірегі, ұстаз – оның жүрегі» демекші, мұғалімдердің ұстаздық жолындағы еңбектері лаулап жансын. К.Д.Ушинскийдің «Ұстаз – зор тұлға, ол күннің құдіретті сәулесі сияқты» десе......

Ұлы Абай атамыз «Адамның адамшылығы.... жақсы ұстаздан болады» деген.

Күні: 7. 10. 2013 ж.

Сынып: 2 «Ә» Сынып жетекші: Агенова Агайша

Бекітемін: ------------------------------------------- Нурбаулова Т

Сынып сағаты

Тақырыбы: «Ана тілім - мерейім»

Мақсаты: Оқушылардың өз тіліне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, қазақ тілінде таза сөйлеуге, сөздің мағынасын түсініп, айта білуге баулу.

Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін дамыта отырып, сөздік қорын және мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды еңбекқорлыққа, адамгершілікке, өз тілін құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап, түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: Плакаттар,буклеттер,қанатты сөздер.

Сабақтың түрі: Жаңа білім.

Сабақтың барысы: І. Кіріспе сөз: Ана тілі мен әдебиеті әрбір ұлттың, ұлыстың мақтанышы, көзінің қарашығындай көретін қастерлі қазынасы, асыл мұрасы.

Туған тілді төмендетпейік, тілім тірі тұрса, түндігіміз түрулі, туымыз тік, табиғатым таза, атар таңым да тамаша!

ІІ. Негізгі бөлім: Тілім менің – ең бірінші байлығым,

Тілім менің – арқа сүйер айбыным.

Тілім менің сен арқылы сезінем,

Шабытымның шалқар сезім айдынын.

1.Оқушылармен біргелікте «Атаның сөзі – ақылдың көзі» тақырыбында мақал-мәтел айту.

2. «Тілім бар да білмеймін мен қайғыны» атты тақырыпта оқушылар өздерінің тіл туралы жаттаған өлеңдерін жатқа оқиды.

3. «Зерделі болсаң жетерсің биік шыңдарға» сұрақ-жауап.

-Мемлекеттік тіл қай тіл?

- Дүниеде не ащы?

- Дүниеде не тәтті?

- Бас кеспек болса да,------------

ІІІ. Қорытынды бөлім: Тілім менің бойымдағы ар, намысым,

Тосар мені бұл өмірде әлі сын.

Сен жасасаң, мен де шатпын өлгенше,

Сен қымбатсың өз халқыңның бағы үшін.

Мұхтар Әуезов «Кімде-кім қазіргі уақытта ана тілін өзінің әдебиетін сыйламаса, бағаламаса, оны сауатты, мәдениетті адам деп санауға болмайды» деген екен. Ендеше құрметті оқушылар өз ана тілімізді құрметтеп, қастерлейік!

Күні: 23.09.2013 ж.

Сынып: 2 «Ә»

Сынып жетекші: Агенова Агайша

Бекітемін: ------------------------------------------- Нурбаулова Т

Сынып сағаты

Тақырыбы: «Дені сау ұрпақ – жарқын болашақ»

Мақсаты: Оқушылардың өз денсаулығына деген көзқарастарын арттыра, салауатты өмір салты жайлы білімдерін тереңдету.

Дамытушылық: Зиянды заттар мен әдеттердің (ішімдік ішу, шылым шегу, дұрыс тамақтанбау) ағзаға тигізетін әсерін ұғындыру арқылы өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарау сезімдерін дамыту.

Тәрбиелік: Денсаулық сақтауға,тазалыққа, ұқыптылыққа, әдептілікке баулу, салауатты өмір салтын сақтауға тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап, түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: Плакаттар,буклеттер,қанатты сөздер.

Сабақтың түрі: Жаңа білім.

Сабақтың барысы: І. Кіріспе сөз: Мақсатымыз – салауатты өмір сүру,

Үлкенге ізет, кішіге көмек қылу.

Әдеттен жаман жиреніп,

Жақсыны тек үйрену, таза жүру.

ІІ. Негізгі бөлім: «Денсаулық – зор байлық» деген мақал тегін айтылмаса керек. Денсаулық болса бәріде болады.Денсаулық - табиғаттың адамға сыйлаған құнсыз сыйлығы. Әйтсе де денсаулық адамға өмірлік болып берілмеген, сондықтан оны сақтау керек. Адамның денсаулық жағдайы адамның тамақтану әдетіне, кәсібіне, өмір сүру салтына, өзіне тікелей байланысты. Әр адам дені сау, күшті, сергек, бақытты болуға ұмтылады. Балалар, бүгінгі тәрбие сағатының «Дені сау ұрпақ – жарқын болашақ» аталуы тегін емес екенін енді түсінген боларсыңдар. «Ас - адамның арқауы» дейді халқымыз. Дұрыс тамақтанудың өзі денсаулыққа пайдасы зор. Көкөністер мен жеміс-жидектер – пайдалы тамақ. Олардың құрамында иммунитетті нығайтатын, күшейтетін, көптеген аурулардың алдын алатын витаминдер(дәрумендер) бар. Ал ішімдіктердің құрамында адамға зиянды улы заттар көп болады.Сонымен қатар темекі шегу – халық арасында кең тараған зиянды әдет және ол адам ағзасын іштей жейтін құрт. Әрбір тартылған темекі, темекі шегушінің өмірін сегіз минутқа қысқартады екен. Дені сау ұрпақ – елдің ертеңгі жалғасы.Сондықтан адам ағзасын улайтын әдеттерден аулақ болыңдар.

Денсаулық жайлы мақал-мәтелдер мен жұмбақтар айту.

ІІІ. Қорытынды бөлім: Салауатты өмір салтын біздер сақтаймыз,

Жас ұландар ерініп бос жатпаймыз.

Болашақтың жарқын тұрған төріне,

Дені сау ұрпақ салтанатпен аттаймыз.

Күні: 30.09.201ж

Сынып: 2 «Ә»

Сынып жетекші: Агенова Агайша

Бекітемін: ------------------------------------------- Нурбаулова Т

Сынып сағаты

Тақырыбы: «Ақтау – әсем қала»

Мақсаты: Оқушылардың өз мекені Маңғыстау облысының 40 жылдығы мен Ақтау қаласының 50 жылдығы жайлы білімдерін тереңдету.

Дамытушылық: Оқушылардың өз қаласына деген сүйіспеншілік сезімдерін дамыту.

Тәрбиелік: Қала тазалығын сақтауға,тазалыққа, ұқыптылыққа, әдептілікке баулу, салауатты өмір салтын сақтауға тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап, түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: Плакаттар,буклеттер,қанатты сөздер.

Сабақтың түрі: Жаңа білім.

Сабақтың барысы: І. Кіріспе сөз: Қасиетті туған жерім – Маңғыстау облысы.

Қазақтар «Туған жердей жер – болмас, туған елдей ел болмас» деген мақал бар. Әрбір адамның туған жері – бәрінен де қымбатты. Өйткені ол сол жердің топырағында өсіп, суын ішіп, ауасымен тыныстады, табиғатымен біте қайнасып, адам болып қалыптасты. Сондықтан да әрбір адам туған жерін қорғайды, аялайды, күтеді, қастерлейді.

Негізгі бөлім: Маңғыстау! Тұла – бойы тұңған құпия сыр елі, үш жүз алпыс екі әулие мекені.

Сондықтан да біз сіздермен Қазақстанның Батыс өңірінде қоныстанған киелі жер Маңғыстау облысының 40 жылдығы мен Ақтау қаласының 50 жылдық мерейлі мерекесі жайлы сөз етпекпіз.Кәрі Каспийдің жағасынан мекен тепкен ақ шатқал қала, бүгінде өз мерей тойын атап өтуде. 1959 жылы 14 мың халқы болған Ақтау поселкесіне төрт жылдан кейін «қала» мәртебесі берілді. Ақтау елдің көз алдында өсті.Жыл сайын әлеуметтік нысандары бар бірнеше шағын аудандар бой көтерді. Ақтауда көгалдандыру белсенді жүргізілді. Қаланың экологиялық эстатикасы – ағаштар, гүлдер адам қолымен отырғызылған және осы күнге дейін адам күтімінде. Міне, сондықтан жетпісінші жылдардың ортасында Ақтау қаласына Халықаралық сәулетшілер одағының Патрик Аберкромби атындағы құрметті сыйлығы берілді. Әсем қала алтын медальмен марапатталды.

Оқушылармен біргелікте суретті слайдтант Ақтау қаласын тамашалап, туған жер, туған ел және киелі өлке Маңғыстау жайлы өз өлеңдерін жатқа оқиды.

ІІІ. Қорытынды бөлім

Маңғыстауым мұнайлы,

Маған өте ұнайды.

Үш жүз алпыс екі әулие,

Пір Бекеттің мекені.

Күні: 16.09.2013 ж.

Сынып: 2 «Ә»

Сынып жетекші: Агенова Агайша



Бекітемін: --------------------------------- Нурбаулова Т

Сынып сағаты

Тақырыбы: Әдептілік - тәрбие бастауы.

Мақсаты: 1. Оқушыларды адамгершілікке, қарапайымдылыққа, кішіпейілділікке, әдептілікке, еңбексүйгіштікке, өз халқының салт-дәстүрін үйрене отырып, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.

2. Адам бойындағы ұнамды-ұнамсыз қылықтарды айыра отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру.

3. Әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Адамгершілікке байланысты түрлі суреттер: жаман жолдас, үлкенді құрметтеу, кішіге қамқорлық жасау, автобус ішіндегі бала, аналарды сыйлау, мақал-мәтелдер.

Әдісі: Пікірлесу, ойын.

Барысы: І. Кіріспе бөлім:

Оқушыларға мынадай сұрақтар қойылады:

1. Әдептілік деген не? Оны қалай түсінесің?

2. Әдепті бала қандай деп ойлайсың?

3. Әдепті бала болғың келе ме?

4. Әдепсіз дегенді қалай түсінесің?

  1. Әдепсіз бала қандай бала?

  2. Әдептілікті бізге кім үйретеді?

Оқушыларды сөйлете отырып, сұрақтарға жауап алу.

ІІ. Негізгі бөлім:

Сонымен, адам бойында жақсы-жаман қасиеттер болады екен. Бізге ақылдылықты, адалдықты, қарапайымдылық пен кішіпейілділікті, инабаттылық пен шыншылдықты үлкендер үйретеді. Ол – біздің ата-аналарымыз, ұстаздарымыз.

Адам болатын бала – барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез, жаман әдеттерден аулақ болуға тырысуы керек. Әдепті, ақылды балалардың қандай болуы керек екенін мына өлеңдерден тыңдайық.

Ақыл әліппесі.

Ата-ананың тілегі, адам болып өскенің,

Адамдықтың тірегі, адал болып өскенің.

Әдептілік дегенің, әрқашанда керегің,

Әсемпаздық дегенің, әуре сарсаң әлегің.

Спортпен айналыс, сұлулық сыйлаған.

Сол саған пайдалы іс, саулық пен кинодан.

Тәртіпті бала сүйеніш, төбең бір көкке жетеді,

Тәртіпсіз бала күйініш, төмендеп басың кетеді.

Ұрыншақ бала жанында, ұрыс пен керіс, айқай-шу,

Ұстамды бала маңынан, ұнамды қылық байқайсың.

Шындықты сақтаймыз, шыншылды жақтаймыз,

Шаршы топ алдында, шығарып мақтаймыз.

Суреттер бойынша әңгімелесу. Адамгершілік, сыпайылық қарым-қатынас жайлы әңгімелеу.

Ойын: «Жалғастыр»

«Не істеуге болмайды?» деген сөзді үлкен етіп жазу. Мұғалім бастайды, оқушы ойланып, ары қарай жалғастырып айтады. Мысалы:

Үлкендердің алдынан кесіп өтуге болмайды,

Кішкене баланы жылатуға болмайды.

Құстарды атуға болмайды,

Қыз баланы ренжітуге болмайды.

Сабаққа кешігуге болмайды.

Сыныпта айғайлауға болмайды.

ІІІ. Қорытынды бөлім:

Мұғалім адамгершілік, сыпайылық, кішіпейілділік туралы сұрақтар қояды.

  • Үлкен кісімен қалай сөйлесу керек?

  • Қонақ келгенде бала не істеу керек?

  • Қонаққа барған кезде өзін қалай ұстау керек?

  • Мектепте, сынып ішінде қалай жүру керек?

  • Автобусқа мінгенде не істеу керек?

  • Телефонмен қалай сөйлесу керек?

  • Асханада, клубта, көшеде, жалпы қоғамдық орындарда өзін қалай ұстау керек?

Мұғалім: Оқушылар, бүгін біз сіздермен әдептілік жайлы білдік, әр адам өзін кез-келген жағдайда, кез-келген жерде тәртіпті ұстап, әдепті де әдемі сөйлей білуі керек екен. Әдепті адам жамандықты жақсылыққа баурап, өзінің ақылдылығын таныта білуі қажет.


Күні: 18.11.2013 ж.

Сынып: 2 «Ә»

Сынып жетекші: Агенова Агайша




Бекітемін: --------------------------------------Нурбаулова Т

Сынып сағаты

Тақырыбы: «Адамгершілік - адамның нұрлы шуағы»

Мақсаты: Білімділік: Оқушылардың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру үшін мейірімді, ақылды, қайырымды қасиеттерді ұялату.

Дамытушылық: Балалардың айналадағылармен адамгершілік қарым-қатынас орнату қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Әдеп нормаларын сақтау әдетін үйрету, жақсылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктері: Интерактивті тақта, суреттер, топ аттары.

І. Кіріспе бөлім:

Мұғалім: Бүгінгі «Адамгершілік - адамның нұрлы шуағы» атты тәрбие сағатымыз сіздерге терең ой салатын, өзіндік мағынасы бар шара деп ойлаймын. Олай болса , барлығымызды ашық әңгімеге шақырамын. Оқушылар бүгінгі біздің тәрбие сағатымызға келіп отырған қонақтарымыз бар. Олар сіздердің сөздік қорларыңызға, сөз саптауларыңызға, сөйлеу мәдениетіңізге баға беретін әділ қазылар.

ІІ. Негізгі бөлім:

Олай болса, қазір біздер үш топқа бөлінеміз.

«Мейірім» тобы, «Инабат» тобы, «Шапағат» тобы.

1-сұрақ бойынша түйін.

Адамгершілік дегеніміз – адам баласының бойындағы ең жақсы, асыл қасиеттердің жиынтығы.

2-сұрақ бойынша түйін.

Адамгершілікті ешқандай ақшаға сатып ала алмайсыз. Ол – баға жетпес құндылық. Адамның жаны, адамгершілігі ақшамен өлшенбейтін қасиет. Рухани бай адам бұл ішкі жан дүниесі таза, жаны сұлу адам. Ол қайырымды, жанашыр, кішіпейіл, адал, қамқор жан. Рухани бай адам мен материалдық бай адамды ажырата біліңіздер. Жаратылыстың барлығы екі қарама-қарсы нәрселерден тұрады. Ақ-қара, күн-түн, ыстық-суық,жақсы-жаман. Адамның ішкі сұлулығы – адамның жүрегі, адамгершілік осы жүректен тарайды.

Ой қозғау.

Олай болса, балалар мен сіздерді мейірімді болуға, үлкенді сыйлай білуге, кішіге ізет көрсете білуге шақырамын. Ең бастысы, ата-анамызға деген сыйластығымызды жоғалтып алмайық.

Топтастыру «Адамгершілік»

а) «Адамгершілік – асыл қасиет» атты шағын эссе жазу.

ә) Бір шумақ өлең «Адамгершілік» (өлең шығару тапсырылады).

б) Жұлдызды сәт.

Кубизм әдісі.

Ұлы тұлғалардың адамның адамгершілік қасиеттері мен мінез-қылықтары туралы айтып кеткен сөздерін тыңдап көрейік.(Берілген дана, ғұламалардың нақыл сөздерін тауып айту керек).

в) «Жүректен-жүрекке»

Адамгершілік, сыйластық, инабаттылық, қайырымдылық, мейірімділік туралы бір-біріне тілектер айту.

Топтарды марапаттау.

Сөз кезегін әділ қазылар алқасына беру.

Қорытынды бөлім:

Құрметті оқушылар! Жүздерің әрдайым шуақты, көңілдерің ақ болсын, адамдарға тек жақсылық жасай білетін адамгершілігі мол азамат болып өсіңіздер. Жаман әдеттен тазарып, жаны таза, рухани сезімдерге бай адам болыңыздар.


Күні: 25.11.2013 ж.

Сынып: 2 «Ә»

Сынып жетекші: Агенова Агайша
























Бекітемін: ----------------------------------- Нурбаулова Т

Сынып сағаты

Тақырыбы: «Сыйласу сәлемнен басталады»

Мақсаты: Білімділік: Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін жіне ұлттық құндылықтарды оқушы бойына дарыту, таным белсенділігін арттыру.

Дамытушылық: Балалардың айналадағылармен адамгершілік қарым-қатынас орнату қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, кішіпейілділікке, әдептілікке, еңбексүйгіштікке үйрету, әдеп пен сыйластық арқылы жаман әдеттен аулақ болуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктері: Интерактивті тақта, суреттер, әдеп жайлы қанатты сөздер.

І. Кіріспе бөлім:

Амандасу – тұңғыш рет немесе араға белгілі бір уақыт салып кездескен таныс немесе бейтаныс адамдардың дәстүрлі сөз, ишара не дене қимылы арқылы бір-біріне жақындық ниет, ілтипат білдіріп, жылы шырай танытуы.Бұрын қазақтар бұл рәсімді амандасу деп атап, кішілері үлкендеріне алдымен тіл қатып: «Армысыз, ата?» - дейді екен де, үлкендер «Бар бол, балам!» - деп жауап қатады екен. Мұсылман діні қабылданғаннан бері (8ғ) «Ассалаумағалейкум» деп сәлем беріп, «Уағалейкумассалам» деп сәлем алатын болған. «Сәлем – сөздің атасы» деген содан шыққан.

ІІ. Негізгі бөлім:

Сәлем – арабтың тыныштық, бейбітшілік мағынасындағы «ассалам» сөзінің тілімізде фонетикалық өзгеріске түсіп, қалыптасқан түрі. Арабтар бір-бірімен осы сөзді қолданып амандасады. Тегінде әдеп, адамшылық амандасудан басталады. Адам баласының рухани тарихында қолы жеткен зор игілігі – сәлемдесу. Оның шарапаты мен кереметі сонда – азамат әдебінің қалыптасуында, жұмыр басты пенделердің бір-біріне жылы мейір мен кеңпейіл көрсетуінде, достықты, өзара жақындықты бейнелеуде аса зор маңызға ие.

Қорытынды бөлім:

Адамгершілік ұғымына сыйластық, кішіпейілдік, қайырымдылық бәрі кіреді. Тәрбие отбасынан басталып, мектеппен, қоршаған ортамен қарым-қатынасқа ұласады. Оқушы үнемі кішіпейіл,кешірімді, сыйласымды болуы керек. Сондықтан оқушы үлкенге де кішіге де ізетпен сәлем бере білуі керек.

Күні: 25.11.2013 ж.

Сынып: 2 «Ә»

Сынып жетекші: Агенова Агайша

Бекітемін: ----------------------------------- Нурбаулова Т

Сынып сағаты

Тақырыбы: «Егеменмін, тәуелсізбін, азатпын!»

Мақсаты: Білімділік: Оқушыларға азаматтығымыздың қалай келгендігін түсіндіре отырып, өз елін, жерін сүюге, қадірлей білуге баулу.

Дамытушылық: Оқушы бойында патриоттық сезімнің қалыптасуына ықпал жасау.

Тәрбиелік: Оқушыларды ұлтжандылыққа, адамгершілікке, Отанын сүюге баулу.

Көрнекіліктері: Интерактивті тақта, суреттер, буклеттер.

І. Кіріспе бөлім: Сен неткен Отан – Анам, ғажап едің,

Әспеттеп көркем тілмен жазар едім.

Болашақ ұрпағыңның бақыты үшін,

Жайнай бер, Ұлы Отан – Қазақ елім!

ІІ. Негізгі бөлім: 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі туралы Заң қабылданды. Осы сәттен бастап Қазақстан өзін тәуелсіз, демократиялық, құқықтық мемлекет деп жариялайды. Төртінші маусымда 1992 жылы Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің сессиясы Қазақстан Республикасының Елтаңбасын, Мемлекеттік Туын және Әнұранын бекітті.

Мемлекеттік рәміздер – еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар. Бұл рәміздер біздің мемлекетіміздің өткені, бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі.

Мемлекеттік рәміздер – халқымыздың рухын, ұлттық салт – санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. Осы құнды белгілерді аса құрмет тұтып, қастерлеу біздің басты міндетіміз.

Сонымен біз, тәуелсіз елміз. Тәуелсіздігімізге анық қол жетті. Біз осы тәуелсіз елдің ұланымыз, болашағымыз. Елімізді, жерімізді сүйеміз.

Егемендік – ел болудың белгісі,

Басқа жұртпен тең жұлдызы, тең күші.

«Егемендік» деген сөзден естілер,

Ата жұрттың арғысы мен бергісі.

Қорытынды бөлім: Тәуелсізбін, егеменмін, азатпын,

Туды міне, ел аңсаған азат күн!

Елдің туын биік ұстар әрқашан,

Болашағы сендерсіңдер қазақтың!

Күні: 9.12.2013 ж.

Сынып: 2 «Ә»

Сынып жетекші: Агенова Агайша

Бекітемін: ----------------------------------- Нурбаулова Т

Сынып сағаты

Тақырыбы: «Кел, Жаңа жыл, Жаңа жыл!»

Мақсаты: Білімділік: Оқушыларға Жаңа жыл мерекесі жайлы түсінік беру. Жылдың ерекшеліктерімен бірге қуанышты күндерін, жыл атауларын үйрету.

Дамытушылық: Оқушы бойында адал да ақ ниетті сезімдердің қалыптасуына ықпал жасау.

Тәрбиелік: Оқушыларды ұлтжандылыққа, адамгершілікке, мейірімділікке, достыққа, мәдениеттілікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктері: Безендірілген шырша, сыйлықтар,суреттер, буклеттер.

І. Кіріспе бөлім: Қуанышын еселеп дала бүгін,

Келіп қапты тағы да Жаңа жылым.

Аяз ата өзіңіз болған ұстаз,

Кетер емес есімнен өткен жылым.

ІІ. Негізгі бөлім: Жаңа жыл - балалар ерекше қуанышпен қарсы алатын қызықты мереке. Мереке әрбір мектепте, әрбір отбасында, әрбір мекемеде думанды түрде аталып өтіледі. Әсіресе бал-бұл жайнаған балалардың Аяз атаны тағатсыздана күтетіні бәрімізге белгілі. Балалардың әсем күлкісімен думанды ән-күйлері Аяз ата мен Ақшақарды қуанышқа бөлері сөзсіз.Балалардың:

Сақалы аппақ күмістей, Сағындым Аяз атаны!

Тістері аппақ күріштей. Жылдамырақ келсе екен,

Қызыл-ала шапанды, Бізге сыйлық берсе екен!

Оқушылар бұл мерекеге үлкен дайындықпен келеді. Түрлі-түсті үлгідегі ертегі кейіпкерлеріне еніп, тамаша өнерлерін көрсетеді. Сол өнерлерін тамашалаған Аяз ата мен Ақшақар балаларға өз сыйлықтарын береді.

Безеніпті шыршада, Жасыл желек жамылған,

Әртүрлі алқа таққандай. Асыл моншақ тағынған.

Көз тартады ортада, Міне, сұлу шыршамыз,

Ойыншықтары көп қандай. Көптен күтіп сағынған.

Қорытынды бөлім:

Жаңа жыл, Жаңа жыл! Тілеймін мен бар адамға,

Бақыт жылы болғайсың, Жаңа бақыт, жаңа жыр!

Бізге сыйлап жаңа жыр. Ата! Әже! Ата! Әже!

Бізден алғыс алғайсың! Құтты болсын Жаңа жыл!

Күні: 23.12.2013 ж.

Сынып: 2 «Ә»

Сынып жетекші: Агенова Агайша

«Жол белгілері»

Ұраны:

Үйрен таппай тыным бір,

Белгілердің тілін біл!

Тоқта!

Сақтан!

Жол ашық!

Жүрме жолға таласып.

Қызыл көзін ашқанда,

Сынық сүйем баспа алға!

Сары көзін ашқанда,

Қарап қалма аспанға!

Жасыл көзін ашқанда,

Өте бергін, жасқанба!

Менің үш көзім бар,

Бір көзім: «Кідір» дейді,

Бір көзім: «Жүгір» дейді,

Бір көзім: «Абайла» дейді.

«Қарап ал маңайға» дейді!


Арқаным бар тым ұзын,

Ала алмайсың бір үзім. (Жол)


Бұйырмапты бас та, ауыз да, құлақта,

Бақырайған үш көзі бар бірақта. (Бағдаршам)



2 «Ә» гимназия сынып


Сабақ кестесі


Дүйсенбі

Бейсенбі

1

2

3

4

5

Қазақ тілі

Математика

Дүниетану

Еңбекке баулу

Тәрбие сағаты


1

2

3

4

5

Әдебиеттік оқу

Математика

Дүниетану

Хореография

Бейнелеу өнері

Сейсенбі

Жұма

1

2

3

4


Әдебиеттік оқу

Математика

Музыка

Қазақ тілі


1

2

3

4

Қазақ тілі

Математика

Дене шынықтыру

Ағылшын тілі

Сәрсенбі

Сенбі

1

2

3

4

Дене шынықтыру

Қазақ тілі

Информатика

Әдебиеттік оқу


1

2

3

4

Әдебиеттік оқу

Дене шынықтыру

Өзін-өзі тану

Еңбекке баулу



Қоңырау кестесі

1 сабақ

13:30 - 14:15

2 сабақ

14:20 - 15:05

3 сабақ

15:15 - 16:00

4 сабақ

16:05 - 16:50

5 сабақ

16:55 - 17:40






2 «Ә» гимназия

сынып оқушылар тізімі

Оқушының аты-жөні

Жынысы

Ұлты

Күні

Айы

Жылы

1

Айитғали Аян

ұл

қазақ

28

06

2006

2

Байбозова Алина

қыз

қазақ

06

08

2006

3

Бердіқылыш Азамат

ұл

қазақ

12

07

2006

4

Джиенаев Ахат

ұл

қазақ

12

08

2006

5

Жанибеков Сулеймен

ұл

қазақ

11

05

2006

6

Ибрахим Қадырхан

ұл

қазақ

14

10

2005

7

Илияс Нұрлыбек

ұл

қазақ

27

01

2006

8

Кенжабай Тыныштық

ұл

қазақ

15

10

2005

9

Кульджанова Динара

қыз

қазақ

15

03

2006

10

Масикбаева Арманай

қыз

қазақ

23

04

2006

11

Мыжыков Мирас

ұл

қазақ

19

12

2005

12

Нетебай Рахымжан

ұл

қазақ

21

10

2005

13

Сагиндыкова Аружан

қыз

қазақ

20

07

2005

14

Садыбаева Лаура

қыз

қазақ

26

08

2006

15

Сарсен Берік

ұл

қазақ

21

04

2006

16

Сарсенбаева Айдана

қыз

қазақ

21

02

2006

17

Сүйменбай Ерасыл

ұл

қазақ

06

12

2005

18

Тазабаева Аида

қыз

қазақ

16

06

2006

19

Тугелбаев Сұлтан

ұл

қазақ

14

11

2005

20

Унайбаева Аяна

қыз

қазақ

04

06

2006

21

Шамшат Асемай

қыз

қазақ

10

06

2006



Сынып жетекші: Агенова А.Е

MR900234160

Бекітемін: ----------------------------------- Нурбаулова Т

Сынып сағаты

Тақырыбы: «Батамен ел көгерер»

Мақсаты: Білімділік: Қанымызға сіңген, жанымызға жағымды, ой-санамызға нұрлы шуақ сыйлап, сілкіндіріп, серпілтетін осынау ақыл, нақыл сөздерді – тәрбиенің бастау бұлағын, аталардың қасиетті өсиетін оқушыларға ұғындыру.

Дамытушылық: Оқушының дүниетанымын жетілдіру,адамгершілікке, имандылыққа, Отаншылдыққа тәрбиелеу.Оқушы бойында адал да ақ ниетті сезімдердің қалыптасуына ықпал жасау.

Тәрбиелік: Оқушыларды ұлтжандылыққа, адамгершілікке, мейірімділікке, достыққа, мәдениеттілікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктері: : ақыл-нақыл сөздер, мақал-мәтелдер жазылған жазбалар, ұлттық киімдер мен тағамдар және ұлттық бұйымдар.

І. Кіріспе бөлім: Бата беру – ақ ниеттен туған жарқын салт. Ол жамандықтан қашық болуға үндейді. Бата- тілектің көркемдік бояу өрнектері, мазмұн байлығы уақыт рухына сай өңделіп отырады. Бата – ізгі тілек. Одан халықтың алдан күткен үміт, арманы көрінеді. Бата-тілектің ұлағатты үлгісі үлкен, тәрбиелік мәнісі зор.

ІІ. Негізгі бөлім: Бата ұғымының түп-төркініне барлау жасар болсақ, Құранның 1-сүресінің аты Фатихадан туындаған халықтың бата – тілек сөздері жеткіншек жас ұрпақты әдепті, сабырлы,зерделі, арлы болып өсуіне баулиды. Малды-басты, дәулетті, бақытты, кекшіл емес кешірімді болуын тілейді.

Бата – қазақ арасында адамдардың бір-біріне ынта-ықыласын, адал ниеті мен жақсы тілектерін білдіретін тәрбиелік мәні зор рәсім.

Бата беру – сөздің күш-құдіретіне сенген ертедегі адамдардың таным-түсінігінен туған көне дәстүр. Бата отбасы әдет-ғұрыптарына қатысты айтылып, халықтың күнделікті өмірінен кең орын алған.

Бұрынғы замандарда халық ізгі тілек , ақ бата арқылы мақсат-мұратқа жетуге болады деп сенген. Сондықтан халық «Батамен ел көгереді, жаңбырмен жер көгереді» деп даналық сөздері арқылы тұжырымдай отырып, үлкендерден бата алуды мұрат санаған.

Батаны оң бата және теріс бата деп екіге бөледі. Бата берудің мақсат-мазмұны сан түрлі болып келеді. Сонау көне заманнан келе жатқан игі дәстүрге халық ерекше мән берген. Күні бүгінге дейін жалғасып келе жатқан ақ бата берудің, алғыс айтудың жас ұрпақты кішілік пен кісілікке тәрбиелеуде айтарлықтай әсері бар. Өйткені бата – ізгі ниеттен туған игі тілек.

Қорытынды бөлім: «Батамен ел көгерер, жауынменен жер көгерер» деген сөз адамды ізгілікке, парасаттылыққа, мейірімділікке жетелейді.

Ендеше, бата сол ұлы қасиеттерге мұра болып табылады. Бата көркем сөзбен, өлеңмен, тақпақпен, шешендік тілмен, әсермен қол жайып айтылады. Батаны елге сыйлы, құрметті адамдар береді. Үлкендердің жастарға үнемі бағыт-бағдар беріп, ақ тілек айтуы ежелден келе жатқан дәстүр. Олар ұрпақ тағдырына енжар қарамаған. Әркез ақ тілек тілеп, бата айтуды салт еткен. Жас ұрпақтың ел қамын ойлайтын азамат болуын армандаған. Бата жас өреннің болашақ өміріне игі әсер етеді деп ұққан. Сондықтан ақсақалдарды шақырып, ақ батасын алу өнегелі дәстүр саналған.

Қазақтың әдет-ғұрып, салт-дәстүріне байланысты батаның түрлері көп: соғымға, көш-қон, ұлыстың ұлы күніне, жас жұбайларға, әскерге аттанатын азаматқа, дүниеге келген сәбиге берілетін баталар.

«Келген қонақтың алтынын алма, батасын ал», деген сөздің мәні зор.

  • Дүниеге сәби келіп, қуанып жатырмыз. Осы нәрестеге бата беріңіз, ата!

Ақсақал: Нұрға бөлеп жүректі,

Бөбекке бата берейік.

Ағынан айтып тілекті,

Мен бір бата берейін.

Бергенде бата не дейін,

Әуелі құдай оңдасын,

Еш жамандық болмасын,

Ата-баба әруағы

Әрқашан да қолдасын.

Көтерейік білекті,

Нұрға бөлеп жүректі.

Сәбиіміз сүйкімді болсын,

Өнер-білімге икемді болсын,

Жақсы жолды таңдасын,

Жаман тәлім алмасын,

Даналардың дәстүрін

Жаңаласын жалғасын!



Күні: 13.01.2014 ж.

Сынып: 2 «Ә»

Сынып жетекші: Агенова Агайша





Бекітемін: ----------------------------------- Нурбаулова Т

Сынып сағаты

Тақырыбы: «Алдымен сүй ардақты ата-анаңды»

Мақсаты: Білімділік: Оқушылардың өз ортасына, отбасына деген сүйіспеншілігін, мейірімділік сезімін ояту.

Дамытушылық: Оқушылардың мәнерлеп оқу, сөйлеу мәнері, ән-би арқылы ой-өрісін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды ата-ананы құрметтеуге, сыйлауға, аялауға тәрбиелеу.

Көрнекілік: Нақыл сөздер, суреттер.

  1. Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да қарызыңнан құтыла алмайсың.

  2. Ердің анасы – елдің анасы.

  3. Ана сүтін ақтамағанды ешкім мақтамайды.

  4. Ата – асқар тау,

Ана – бауырындағы бұлақ,

Бала – жағасындағы құрақ.

І. Кіріспе бөлім: Алдымен сүй ардақты ата-анаңды,

Үлгілі ұрпақ атадан бата алады.

Бар жақсылық балаға бұл ғаламда,

Мейірімінен ата-ананың жасалады.

Ата-анасын сағынар жырақ жүрген баласы,

Сәлем жолдар жүректен шыққан сөздермен.

Екеуінің қуанышы, тілегі

Әрқашан бір арнадан табылған.

ІІ. Негізгі бөлім. Ата-ана - отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Дәстүрлі қазақ отбасында ата-ананың қадірі ерекше әспеттелген.

Әсіресе тіршіліктің қайнар көзі, мейірім кәусар бұлағы Ана есіміне қаттыссыз дүниеде ештеңе жоқ. Сондықтан ананы ардақтамайтын халық та жоқ. Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана қоймайды.

Бала, бала,бала деп, Түн ұйқысын төрт бөліп,

Түнде шошып оянған. Түнде бесік таянған да ана,

Көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп, аяғынан тік тұрғызатын да ана.

Әр адам көзін ашып дүниеге келгенде мейірімді, жүрегі жылы жанды көреді. Ол - Ана. Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай, бауырына басып, біз үшін жанұшыра шырылдайтын да – Ана. Ана – бұл жел жағымызға пана, біріміз үшін дара, дана тұлға. Ана дегенде сөзге келмейтін тіл, лүпіл қақпайтын жүрек, мөлтілдемейтін жанар жоқ. Балаға анадан артық, анадан қымбат жан жоқ.

Әрбір ана отының өшпеуін, бақытының көшпеуін, шаңырағының құламауын, сәбидің жыламауын, сұм соғыстың болмауын, қызыл гүлдің солмауын тілейді.

Ана деген – асыл жандар болаттай,

Ана деген – мөлдір жандар бұлақтай, - деп ақын жырлағандай әйел тек аяулы ана, нәзік қыз ғана емес, сонымен қатар белсенді қызметкер.

Ананың қоғам орнында алатын орны үлкен.

Ана - перзент тәрбиелеуші. Ана – ғалым.

Ана – қызметкер. Ана – зейнеткер.

«Ат биеден туады, алып анадан туады» дейді халқымыз. Дүниеде анасыз адам жоқ. Қаламы жүйрік жазушы да, данышпан ғалым да, ел басқарған көсем де, күміс көмей әнші мен мың бұралған биші де анадан туып, соның көкірегінен нәр алып өскен. Ана – тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі.

Бала үшін әкенің орны бөлек. «Әке» деген сөзді айтқанда өзіңе пана , қиындыққа қалдырмас, арманыңа қол созсаң ақ батасын беріп, ақ жол тілейтін адамың екенін бала жүрегі сезердей. Тамағымның тоқтығы, киімімнің бүтіндігі, оқуымның сапасы, ұйқымыздың тыныштығы – осының бәрі де асқар таудай айбатты әкелердің арқасы. Әке – әркімнің сүйенер тіреуі. Әке әркімге қымбат. Әкені ардақтай білу керек, өйткені ол отбасының ең басты мүшесі, яғни отағасы. Ол өзінің болашағына алаңдап, ойланып толғанады.

Қарап отырсақ әкенің де түр-түрі болады. Бірі ақылды, бірі білімді, бірі жігерлі,қайратты, батыл, енді бірі батыр да батыл, қайсар болып келеді.

«Әке» деген сөз қандай жақын, қандай ыстық десеңші! Өмірде әкесін жек көретін бала жоқ шығар, өйткені бала үшін әкенің орны бөлек қой. Менің өмірдегі ең қымбат адамым – сіз, менің сүйікті әкешім.

Сізсіз әке – ең ақылды, ең шыншыл,

Сізсіз әке – ең жақыным, ең сыршыл.

Шуақ шашқан қашанда асыл жүрегің,

Жанымдасың, қамқорымсың білемін.

Қабыл алғын бала жүрек тілегін.

ІІІ. Қорытынды бөлім: Өзіңді өмірге келтірген, тіршілігіңе нәр берген ата-ананың адында адамның парыз-міндеті өлшеусіз. Қазақ ғұрпындағы ата-ананың алған ерекше биік орны, қадір-қасиеті ше! Ананың ақ сүтін, әкенің адал күшін ақтау – өз болашағыңды сақтау.

Ата-анаға не істесең, алдыңа сол қайтады. Сен ата-анаңды сыйласаң, сенің балаларың да қартайғанда өзіңді аялап күтіп, бағып-қағатын болады.

Күні: 20.01.2014 Сынып: 2 «Ә»

Сынып жетекші: Агенова Агайша

Бекітемін: ----------------------------------- Нурбаулова Т

Сынып сағаты

Тақырыбы: «Өрт – тілсіз жау.»

Мақсаты:1. Білімділік: Оқушыларға өрт қауіпсіздік ережелерін үйрету.

2. Дамытушылық: Оқушылар бойында аңғарымпаздық, шұғыл шешім қабылдай білу қасиеттерін дамыту.

3. Тәрбиелік: Оқушыларды зейінді болуға, ұқыпты болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Қабырға газеттері, су шашатын шелек, құм салатын ыдыс, лом темір, ілгекті темір, көпіршікті баллон, тығыз мата, киіз.

І. Кіріспе бөлім: -Қымбатты оқушылар! Біз бүгінгі сабағымызда «Өрт қауіпсіздігі ережелерін» оқып үйренуге және сонымен бірге өмір - бұл адамға бір-ақ рет берілетін ең қымбатты, ең қимас, ең тәтті сый. Ендеше, өмірлерің мәнді де сәнді, қуаныш пен құлшынысқа толы болсын десек, қашанда зейінді, ұқыпты болайық, өмір қауіпсіздігі ережелерін есте сақтайық. Ол үшін ата-ана айтқан, мұғалім үйреткен ережелерді үйренуден жалықпаңдар.

Өртеу болмай өмірің, Өрт шалмасын өмірі,

Кірлемесін көңілі. Көк шалғын боп жайқалсын.

Ұлы өзендей өр ағып, Балалардың бақыты,

Ұзақ болсын өмірі. Бал жүзінен байқалсын!

ІІ. Негізгі бөлім: - Қымбатты оқушылар, енді өрт қауіпсіздігі ережелерімен таныс болыңыздар! Өрт – жарылыс нәтижесінде болуы мүмкін. Жарылыс бұл қысқа уақыт аралығында шектеулі көлемде үлкен энергияның босауы. Нәтижесінде қысымы өте жоғары қатты ысыған газ пайда болады. Ол аяқасты кеңейген жағдайда қоршаған денеге соққылық, механикалық әсер етеді. Жарыыс әсерінен үйлер, айналадағы заттар қирайды. Ыстық ауа тасқындары өртті өршітеді. Жарылысқа қауіпті нысандарға мұнай өндіруші және ұсақтаушы, мұнай-химия, газ, тоқыма объектілері, нан өнімдері мен дәрі-дәрмек өнеркәсібі, жылдам тұтанатын және жанатын сұйықтар, газ қоймалары жатады.

Жарылысты болдырмау үшін өрттің алдын алу іс шаралары жүргізіледі: а) Жарылысқа жол бермейтін, жоғары қысымға төтеп беретін қоршау жасалады.

ә) Жарылу қаупі бар аймақты оқшаулайды.

б) Қысымды шығаратын арнайы клапандар орнатады.

в) Адамдарды қорғау үшін жарылыс кезінде қорғанатын баспана салады.

Өрттер – орман өрттері, дала өрттері және елдімекендегі өрттер болып бөлінеді. Өрт - бұл адамдардың, хайуанаттардың қаза болуына және материалдық құндылықтардың жойылуына алып келетін бақылаусыз жану процесі. Ормандағы өрт сөндірілмеген сіріңкеден, темекі қалдығынан, сөндірілмеген алаудан, атылғаннан кейін құрғақ шөпке түскен ыстық патроннан, орманда ақаулы техниканы пайдаланудан, найзағайдан болуы мүмкін. Даладағы өртте осындай себептерден шығады.

Өртті байқағанда ең бастысы үрейленбеу, одан қашуға әрекеттенбеу. Жылдам түрде жағдайды мұқият болжап, кететін жолды анықтау қажет. Ол үшін төңіректегі биік нүктеге немесе ағашқа шығып маңайды байқау керек. Желдің өтіне, өзен, көл бар жерге шығу керек. Желге қарай қырындай жүре отырып шығу керек. Өрт жақындаған кезде суға жату немесе киімді малшындыра сулау керек.

Бетке дәкеден, мақта-мата материалынан әзірленген бірнеше қабатты таңғыш киіп, оны жиі сумен суландыру керек. Егер өртке су жоқ жерде тап болсаңыз, ашық кеңістікке шығып, бүкіл нейлон, капрон, балон киімін шешіп, жанармаймен жылдам тұтанатын затты тастау қажет.

ІІІ. Қорытынды бөлім: - Құрметті оқушылар, біз сендерге өрт түрлері туралы, одан қорғану шаралары туралы айтып өттік. Бірақ ең көп кездесетін, әрі шығыны мен зияны жөнінен ең қауіпті өрт түрі – тұрмыстағы, яғни қала мен ауыл, елді-мекендегі өрт. Өйткені бұл жерде адам өміріне үлкен қауіп төнеді. Сондықтан біз енді балалардың өрт қауіпсіздігі ережелерін білуіміз керек.

Сұрақтар: 1. Өрт дегеніміз не?

Өрт – бұл адамдардың, хайуанаттардың қаза болуына алып келетін материалдық құндылықтардың бақылаусыз жану процесі.

2. Егер газ иісін сезсең не істеу керек?

Электр жарығын қоспау, сіріңке жақпау керек, терезелерді ашып, үлкендерге және 04 – ке хабарлау керек.

  1. Өрт сөндіру қызметі - 01 –

  2. Газ жөндеу қызметі - 04 -

  3. Өрт кезінде ішінде адам қалса нешеге телефон шалу керек? - 051 -

  4. Жедел жәрдем телефоны - 03 -

  5. Өрт сөндіру құралдарына не жатады?

а) Лом темір.

ә) Ілгекті темір.

б) Көпіршікті баллон.

в) Құм салынған ыдыс.

г) Су таситын ыдыс.

ғ) Тығыз мата, киіз.

Күні: 17.02.2014 ж.

Сынып: 2 «Ә»

Сынып жетекші: Агенова Агайша

Бекітемін: ----------------------------------- Нурбаулова Т

Сынып сағаты

Тақырыбы: «Су – тіршілік көзі.»

Мақсаты: Білімділік: Жас ұрпақтың бойына табиғат тағдырына деген жауапкершілік сезімін қалыптастыру.

Дамытушылық: Судың тіршіліктегі маңызы, оның қасиеттері жайлы айтып, суды қорғау баршамыздың міндетіміз деген қорытынды жасай білу.

Тәрбиелік: Экологиялық мәселе туралы оқушылардың түсінігін кеңейту.

Көрнекілігі: Мақал-мәтелдер, тыйым сөздер, су түрлері, суреттер.

І. Кіріспе бөлім:Табиғат – тіршілік атаулының құтты қоныс мекені, тіршіліктің түлеп өсуіне қажетті нәрі, жер бетіне көрік берген сәні. Табиғат, жер-ана, атамекен, туған жер, ауылым деген ұғымдар бір-бірімен тамырлас әрі тағдырлас.

ІІ. Негізгі бөлім: Су табиғаттың бір бөлігі, сусыз жасыл-желектің, тыныс-тіршіліктің өңі бар ма?

Ал бүгінгі күні күллі қоғамды асырап отырған жер-ана. Оның бүгінгі халі қандай? Ол бәрімізді де ойландыруы қажет. Адам өз қолымен құрайды және оны жояды. Елбасымыздың айтуынша: « Жер біздікі емес, біз оны келер ұрпақтан жалға алып отырмыз» деп орнықты айтқан.

І. Судың қажеттілігі.

1. Суды ішеміз.

2. Сусыз адам 3 күннен артық тұра алмайды.

3. Сумен өсімдіктерді суарамыз.

4. Сусыз ас әзірленбейді.

5. Сусыз кір тазаланбайды.

6. Сусыз үй тазармайды.

7. Сусыз дәнді-дақыл, жеміс-жидек піспейді.

Жалпы судың әлемдік қоры орасан зор, бірақ оның 97проценті мұхиттарға тиесілі болғандықтан ол аса тұзды. Ішуге, ауылшаруашылық дақылдарын өсіруге, өндірісте пайдалануға жарамсыз. Әлемде суды тұтыну жыл сайын өсуде. Соңғы жылдары тұрмыста пайдалануға тек бір адамға күніне 40 шелек (400 литр) су кетеді. Ал жүз жыл бұрын 1 шелек су жеткілікті болатын. Су адамның өміріне күнделікті қажеттілігінің арта түскенін байқатады.

ІІ. Мақалды жалғастыр.

1. Сулы жер - ... (нулы жер)

2. Судың да, ... (сұрауы бар)

3. Құлан қырға ... (құндыз суға)

4. Бұлақ көрсең, ... (көзін аш)

5. Су бергеннің сауабы бар ...

(Су төккеннің жауабы бар)

6. Су - тіршілік ... (көзі)

7. Судың кепкені ... - (тіршіліктің кеткені)

ІІІ. Оқушылар ортаға шығып қимылмен келтіреді.

  1. Краннан аққан суды дыбыспен келтірейік.

  2. Толқынның шуын қимылмен келтірейік.

  3. Тасыған суды дыбыспен және қимылмен келтірейік.

Қазақстан аумағында өзендер мен көлдер көп. Олардың ең бастылары: Ертіс, Жайық, Шу, Сырдария өзендері. Ірі көлдерге – Балқаш және жарым-жартылай Арал мен Каспий теңізі жатады. Шөлді жерлерде өзендер өте аз, олар көбінесе солтүстікте және таулы аудандарда кездеседі. Қазақстанда өзендер саналатын, бірақ олардың тек 228-нің ғана ұзындығы 100 км асады. Көлдер саны да өте көп, бірақ олардың көбі өзен жайылымдары мен атырларында орналасқан. Ал 100 шаршы километрден астам аумақты алып жатқан ірі көлдер саны – 21. Бұрын аты аталған көлдерден басқа бұларға Зайсан, Теңіз, Құсмұрын және тағы басқалары жатады. Осындай байлықтың қадірін білу керек.

ІҮ. Тыйым сөздер.

1. Құдыққа түкірме. 4. Кір жуған суды өзенге төккпе.

2.Түнде суға барма 5. Дария жанынан құдық қазба.

3.Адамға су шашпа. 6. Судың бетін ашық қалдырма.

ІІІ. Қорытынды бөлім: Суды қорғау міндетіміз.

Суды ластамау, суды үнемді пайдалану керек, суға қоқсық төкпеу, суды орынсыз ысырап қылмау, міне, осыны әр уақытта естен шығармасақ аз да болса табиғатқа қамқор тигізгеніміз болар еді.

Біз қандай да бір затты, шикізатты, отынды басқа заттармен алмастырсақ та суды алмастыра алмаймыз. Адам өмірі үшін су тек қана ішу үші емес, тамақ пісіруге, жуынып-шайынуға, әртүрлі тұрмыстық заттарды тазалауға керек.

Суда кеме, қайық арқылы серуендеуге, жағалауда шомылуға, кемемен жүк тасымалдауға болады. Сонымен бірге су завод-фабрикаларының жұмыс істеуіне өте қажет.

Суды қорғау туралы біздің мемлекеттік заңда: «Өзен-көл суларын қорғау туралы іс-шаралар орындалып отыруы қажет» деп көрсетілген.

Күні: 10.03.2013 ж.

Сынып: 2 «Ә»

Сынып жетекші: Агенова Агайша

Бекітемін: ----------------------------------- Нурбаулова Т

Сынып сағаты

Тақырыбы: «Нан – дастархан байлығы»

Мақсаты: Білімділік: Оқушыларды нанды обал етпей қадірлеп, барды үнемдей білуге үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың танымдық қабілетін арттыру, ойын дамыту.Оқушы бойында адал да ақ ниетті сезімдердің қалыптасуына ықпал жасау.

Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, мейірімділікке, мәдениеттілікке, нанды қадірлей білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктері: «Нан – ардақты ас»(бүктеме), нан туралы өлеңдер,жұмбақтар, мақал-мәтелдер.

І. Кіріспе бөлім: Нандай жоқ қой асыл дәм,

Жеп үйренген жасыңнан.

Дастарқаннан нан кетсе,

Береке кетер асыңнан.

ІІ. Негізгі бөлім: Балалар, барша дәм атаулының қасиеттісі – нан. Үйімізге келген қонаққа да «нан ауыз тиіңіз» деп жатамыз. Нансыз дастарханымыздың да берекесі болмайды,нансыз қонаққа пісіп тұрған тамақты да тарта алмаймыз.Мұхаммед Пайғамбарымыздың хадистерінде де нан жайлы былай дейді: «Дастарқанға төгілген тағам немесе нанның қиқымдарын теріп жеген адамның күнәсі төгіледі». Сонымен қатар, күнделікті үйдегі аталарымыз бен аналарымыздың айтып отыратын тыйым сөздері бар.Біздің күнделікті жейтін нанымыз дастарқанымызға көп еңбектің арқасында келеді.Күзде тұқым сеуіп, ол қысымен қардың астында жатады. Көктем шыға көгеріп, далаға жасыл рең беріп жатады. Егіншілердің көптеген еңбегінің арқасында қырманымыз дәнге толады. Үйдегі аналарымыз бен аяулы жеңгелеріміз біздерге тәтті тоқаштар мен ыстық нандар пісіріп, дастарқанымыздың сәнін келтіреді. Нан болса, ән де болады.

Нан – тамақтың атасы, Нан – астың асылы,

Ынтымақ – көптің батасы. Ана – адамның асылы.

Дастарқанында наны жоқтың, Қамбасында дәні жоқтың,

Тамағының сәні жоқ. Дастарқанында наны жоқ.

Қорытынды бөлім: Ей,балалар,балалар!

Болмаңдар, сірә,нанға тар.

Өмірдің алтын арқауы –

Бар қасиет нанда бар!

Күні: 27.01.2014 ж. Сынып: 2 «Ә»

Сынып жетекші: Агенова Агайша

Бекітемін: ----------------------------------- Нурбаулова Т

Сынып сағаты

Тақырыбы: «Кітап – білім қазынасы»

Мақсаты: Білімділік: Кітап – сарқылмас рухани қазына, - дей келе, білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру.

Дамытушылық: Кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру. Оқушылардың танымдық қабілетін арттыру, ойын дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, мейірімділікке, мәдениеттілікке және кітапқа деген қызығушылығын арттыру, оқушыларды кітапты күтіп ұстауға

тәрбиелеу.

Көрнекіліктері: Балалар ақын-жазушыларының суреттері, кітап көрмесі.

І. Кіріспе бөлім: Кітап та алма ағашы,

Жемісін бізге беретін.

Тәтті алмаға балашы,

Кітабыңның әр бетін, - деп Мұзафар атамыз жырлағандай, әдеби кітаптар мен оқулықтар сендерге білім көзі және рухани қазына.

ІІ. Негізгі бөлім: Алға басқан сайын кітап біздің айнымас серігіміз болып қала береді. Кітап білімді молайтады, көп үлгі-өнеге береді, тәрбиесінен әсер аламыз. Оқыған,тоқығанның көп болса, жеңбейтін жау, алынбайтын қамал жоқ.

«Батыр бірдіжығар, білімді мыңды жығар», - деген халық даналығы бекер айтылмаған. Ендеше кітап біздің сарқылмас рухани қазынамыз екен.

Кітап – біздің досымыз. Кітап кәріге де, жасқа да қажет. Біз кітаппен күн сайын кездесеміз.Кітап сендердің дүниетанымдарыңды кеңейтіп, рухани жан дүниелеріңізді оятады, ертегі, әңгімелермен сыр шерткен кітап – сенің ақылшың.

Кітап – адам өмірінде аса маңызды рөл атқарады. Ол елді, жерді сүюге, талапты, кішіпейіл болуға, мейірімділікке,төзімділікке баулиды.Кітап – жаман әдеттерден аулақ болуға үндейді.Кітапты біздің қоғамымыздың әрбір адамы күнделікті тұрмысында пайдаланады. Одан ақыл-кеңес, тәлім-тәрбие, үлгі-өнеге алады. Кітап – біздің рухани жан азығымыз.Оқулықты бүктеп,жыртып, бүлдіруге болмайды. Өйткені,әр кітап – Отан байлығы, аға-апаларымыздың маңдай тері.

Қорытынды бөлім: Саған білім жемісін, Оқулықты құрметте,

Оқулығың береді. Күтіп ұста кірлетпе.

Талай ада сол үшін, Кішілерге табыс ет,

Маңдай терін төгеді. Дақ түсірмей бір бетке.

Күні: 3.02.2014 ж.

Сынып: 2 «Ә»

Сынып жетекші: Агенова Агайша

Бекітемін: ----------------------------------- Нурбаулова Т

Сынып сағаты

Тақырыбы: «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен»

Мақсаты: Оқушылардың өз денсаулығына деген көзқарастарын арттыра, салауатты өмір салты жайлы білімдерін тереңдету.

Дамытушылық: Зиянды заттар мен әдеттердің (ішімдік ішу, шылым шегу, дұрыс тамақтанбау) ағзаға тигізетін әсерін ұғындыру арқылы өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарау сезімдерін дамыту.

Тәрбиелік: Денсаулық сақтауға,тазалыққа, ұқыптылыққа, әдептілікке баулу, жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап, түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: Плакаттар,буклеттер,қанатты сөздер.

Сабақтың түрі: Жаңа білім.

Сабақтың барысы: І. Кіріспе сөз: Мақсатымыз – салауатты өмір сүру,

Үлкенге ізет, кішіге көмек қылу.

Әдеттен жаман жиреніп,

Жақсыны тек үйрену, таза жүру.

ІІ. Негізгі бөлім: «Денсаулық – зор байлық» деген мақал тегін айтылмаса керек. Денсаулық болса бәріде болады.Денсаулық - табиғаттың адамға сыйлаған құнсыз сыйлығы. Әйтсе де денсаулық адамға өмірлік болып берілмеген, сондықтан оны сақтау керек. Адамның денсаулық жағдайы адамның тамақтану әдетіне, кәсібіне, өмір сүру салтына, өзіне тікелей байланысты. Әр адам дені сау, күшті, сергек, бақытты болуға ұмтылады. Балалар, бүгінгі тәрбие сағатының «Дені сау ұрпақ – жарқын болашақ» аталуы тегін емес екенін енді түсінген боларсыңдар. «Ас - адамның арқауы» дейді халқымыз. Дұрыс тамақтанудың өзі денсаулыққа пайдасы зор. Көкөністер мен жеміс-жидектер – пайдалы тамақ. Олардың құрамында иммунитетті нығайтатын, күшейтетін, көптеген аурулардың алдын алатын витаминдер(дәрумендер) бар. Ал ішімдіктердің құрамында адамға зиянды улы заттар көп болады.Сонымен қатар темекі шегу – халық арасында кең тараған зиянды әдет және ол адам ағзасын іштей жейтін құрт. Әрбір тартылған темекі, темекі шегушінің өмірін сегіз минутқа қысқартады екен. Дені сау ұрпақ – елдің ертеңгі жалғасы.Сондықтан адам ағзасын улайтын әдеттерден аулақ болыңдар.

Жақсылық пен жамандық жайлы мақал-мәтелдер мен жұмбақтар айту.

ІІІ. Қорытынды бөлім: Салауатты өмір салтын біздер сақтаймыз,

Жас ұландар ерініп бос жатпаймыз.

Болашақтың жарқын тұрған төріне,

Дені сау ұрпақ салтанатпен аттаймыз.

Күні: 10.02.2014ж

Сынып: 2 «Ә»

Сынып жетекші: Агенова Агайша

Бекітемін: ----------------------------------- Нурбаулова Т

Сынып сағаты

Тақырыбы: «Ынтымағы жарасқан ел»

Мақсаты: Білімділік: 1. Оқушылардың бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейтіп, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу.

2. Дамытушылық: Достық пен бірлік туралы түсініктерін дамыту.

3. Тәрбиелік: Адамгершілік пен кішіпейілдікке, адалдық пен ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Суреттер, ұрандар, жер шарының макеті, қима көгершіндер, гүлдер, ұлттық костюмдер.

І. Кіріспе бөлім: Бірлік пен ынтымағы халықтың,

Көгімізде жарқыраған жарқын күн!

Ырыс, дәулет бақыты үшін халқымның,

Жайнай берсін, жайнай берсін алтын күн! –

дей келе Қазақстан халқының бірлігіне арналған «Ынтымағы жарасқан ел» атты тәрбие сағатын бастаймыз.

ІІ. Негізгі бөлім: Бұл мереке бұрын бүкіл әлемдік «Еңбекшілер күні» болып тойланды. Қазір ол «Дүниежүзілік ынтымақтастық күні» болып есептеледі. Халқымыз достық, ынтымақтастыққа ерекше мән берген «Қырғыз, қазақ – бір туған», «Өзбек – өз ағам», «Түбі бірге түрікмен» деп қырғыз, өзбек, түрікмен және т.б. ұлттарды ынтымақтастыққа шақырған.Бірлік – халық салты. Халқымыздың бірлік салты отбасынан басталып, бүкіл елдің, барлық адам баласының бірлігімен ұласады. Ертеде бір қария балаларын бірлікке былай үйреткен екен. Қарт бір бума шыбықты сындыруды ұсынады. Ұлдары олай әуреленіп, былай әуреленіп бір бума шыбықты сындыра алмайды.

Қарт буманы шешіп, шыбықты бір талдап сындырып көруді ұсынады. Шыбықтар оп-оңай сынады.Бірігіп өмір сүрсеңдер, сендерге ешкімнің де әлі келмейді. Ал жеке-жеке тұрсаңдар, әрқайсыңды біртіндеп құртады. Халқымыздың қанға сіңген осы берік бірлігі, ұйымшылдығы, басқа халықтармен одақтасып, достаса білуі жеңістен жеңіске жеткізеді. Оған халық куә, тарих куә!

- Балалар, мен сендерге бір сұрақ қойғым келеді.

- Бұл әлемде адамзат баласына ең қажетті нәрсе не?

- Дүниежүзінде бәріміз жақсы көретін нәрсе – тыныштық, бірлік. Әрине, халқымыз ең әуелі тыныштықты қалайды.

- Ал, енді «Тыныштық» деген сөздің мәнін білесіңдер ме?

- Дүниежүзінде соғыс болмаса, тыныштық деген сол. Елдегі тыныштықты халық «береке – бейбітшілік» дейді.

Бейбіт күн – тыныштық!

Біз үшін тым ыстық.

Ырыс құт тұтқасы,

Ынтымақ туыстық.

Алаулап гүл жарады,

Туған жер құлпырады.

Бейбітшілік болса,

Үйлер де құламайды,

Ешкім де жыламайды.

Бейбітшілік болса,

Балалар болады аман,

Аналар болады аман.

Бейбітшілік құсы, ақ көгершін,

Биік ұшып самғасын.

Тілегімді жерге жайсын,

Қанаттары талмасын.

Сәбилердің зәресін бұлт алмасын,

Гүл бәйшешек еш уақытта солмасын.

Ақ көгершін аспанымда қалықтап,

Барлық халық бейбіт күнді қолдасын.

Сәбилердің зәресін бұлт алмасын,

Айтпа көңіл жүректі кір шалмасын.

Қыран құстар даласында еркелеп,

Аспанымда қалықтаудан талмасын.

ІІІ. Қорытынды бөлім: Барлық елдердің балаларын ынтымақтасуға шақырамыз.

Әй, әлемнің әділ жанды балалары,

Әкелер мен аталарға айтайық!

Ажал оғын атпасын,

Тыныштықты сақтасын!

Хор: «Әрқашан күн сөнбесін!»



Күні: 28.04.2014 ж.

Сынып: 2 «Ә»

Сынып жетекші: Агенова Агайша

Бекітемін: ----------------------------------- Нурбаулова Т

Сынып сағаты

Тақырыбы: « Төрт түлікті құрметтейік»

Мақсаты: Төрт түлік малдың өрісімен, тіршілік табиғатымен, қадір-қасиетімен таныстыру, олардың төлдердің атын, шақырылуын, дыбысталуларын, жалпы төрт түліктің пірлерінің атын білу.

Дамытушылығы: Төрт түлік туралы білімдерін кеңейту, көркем шығармалар арқылы жүйелі ойлау әрекетін, ой белсенділігін арттыру.

Тәрбиелік: Көркем шығармаларды айтқызу арқылы еңбек сүйгіштікке, бірлікке, ізгілікке, әдепті болуға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: Көрсету, түсіндіру,(жұмбақтар, жаңылтпаштар) ойын.

Көрнекіліктер: Төрт түліктің суреттері, нақыл сөз, мақал-мәтелдер, ырымдар мен тыйым сөздер жазылған альбомдар, төрт түлік туралы әдеби кітаптар, қоржындағы жұмбақтар мен ойындар.

І. Кіріспе бөлім: Бұрыңғы кезде ата-бабаларымыз мал атаулының қадір-қасиетін жетік біліп, сахараны төрт түлікке толтырған. Мал өсіруге аса қолайлы Қазақстан жерін малсыз елестетуіміз мүмкін емес. Малды сою, бағу, күту, кең даланы малға толтыру мына сендердің міндеттерің.

ІІ. Негізгі бөлім: Ендеше, балалар төрт түлікті барлығымыз да білеміз. Оларға: түйе, қой, сиыр, жылқы жатады.

Төрт түлікті үнемі пайдаланамыз, сойып етін жейміз, жүнінен қыстық байпақ, қолғап, шарф, бас киімдерін тоқимыз. Терісін сатып ақша қыламыз, өзін мініп көлік қыламыз. Ендеше, мына тұрған малдардың төлдерін атайықшы. Бота, бұзау, қозы, лақ, құлын. Енді төлдерге байланысты білетін тақпақтарымызды айтайық.

Бөө-бөө деген әні бар, Мәә-мәә деген әні бар,

Жібек жүні сәні бар. Жібек тоны сәні бар.

Ботақаным, момақан. Қошақаным момақан,

Сүйікті бір жануар. Сүйікті бір жануар.

Енді балалар, төлдердің дыбысталуын айтайық. Қа төл қалай шақырылады соны білейік.Бұзау мөңірейді, оны әукім-әукім деп шақырады.Лақ-қозы маңырайды, лақты пұшайт-пұшайт деп, ал қозыны шөре-шөре деп шақырамыз. Құлын кісінейді, құлынды құрау-құрау деп шақырамыз. Бота боздайды, оны көс-көс деп шақырамыз.

Малдардың төлдерін аймалап жақсы көруі, еркелетуі болады екен. Сендерді де ана, әжелерің жақсы көріп, еркелеткенде ботам, құлыным деп жатады. Ал малдар да өз төлдерін солай еркелетеді екен.

Қой сүйеді баласын – «қоңырым» деп,

Ештеңені білмейтін – «момыным» деп.

Сиыр сүйеді баласын – «торпағым» деп,

Қараңғыға баспаған – «қорқағым» деп.

Ешкі сүйеді баласын – «лағым» деп,

Тасқан-тасқа секірген – «шұнағым» деп.

Жылқы сүйеді баласын – «құлыным» деп,

Тұлпар болып жүгірген – «жұрыным» деп.

Төрт түліктің пайдасы да орасан зор. Енді сол түліктердің пайдасы жайлы кім айтады? Түйе – байлық,

Жылқы – сәндік,

Қой – мырзалық,

Сиыр – ақтық,

Ешкі – жеңілдік.

Келесі кезекті төрт түлік туралы жұмбақтарға берсек. - Кім көп жұмбақ білер екен?

Киелі бір жануар,

Үстінде екі тауы бар. (Түйе)

Кішкентай ғана бойы баор,

Айналдырып киген тоны бар. (Қой)

Көкке шаншып құйрығын,

Шауып келді жүйрігім. (Құлын)

Екі найзасы бар,

Екі айнасы бар.

Төрт шылдырмағы бар,

Бір сыпыртқысы бар. (Сиыр)

Ырымдар мен тыйымдар айту.

«Ақты төкпе», «Түнде малды санама», «Малды теппе» т.б. Бір оқушы малға арналған батаны айтады.

ІІІ. Қорытынды бөлім: «Төрт түлігім бірлігімнің ырысы», «Малды баға біл, бабын таба біл», «Мал баққанда бітеді» - дейді қазақта.





Күні: 14.04.2014 ж.

Сынып: 2 «Ә»

Сынып жетекші: Агенова Агайша


Бекітемін: ----------------------------------- Нурбаулова Т

Сынып сағаты

Тақырыбы: «Желбіре, Жеңіс жалауы!»

Мақсаты:Білімділік: Отанды сүюге, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Дамытушылық: Ерлікке, жауапкершілікке, елге, жерге деген патриоттық сезімдерін ояту және дамыту.

Тәрбиелік: Елінің мұрасын жалғастырушы ер азамат болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Суретті бейнелер, бүктемелер, рәміздер,ту, шарлар,көгершіндер.

І. Кіріспе бөлім: Жаңғыртып әнмен аспан кеңістігін,

Халқымыз қуанышта тегіс бүгін,

Жауды жаншып, Отанды азат еткен

Құрметтеп қарсы алады Жеңіс күнін.

ІІ. Негізгі бөлім: Ия, содан бері талай жыл артта қалды. 1945 жылы 8-мамырда Берлинде фашистік Германия жеңілгеннін мойындап қол қойды. Ал, 9-мамыр күні 1000 зеңбіректен бұрын-соңды болмаған 30 дүркін салют атылды. Міне , Жеңіс күні осылай келген еді.

1941-1945 жылдары ерлікпен қаза тапқан жауынгерлер рухына тағзым етіп, бір минут үнсіз тұрып еске алайық.

Жеңіс бізге атылған оқпен ғана келген жоқ, әнмен де келді. Жауынгерлерді ән алға жетеледі, жігерлендірді. Жаңа ерліктерге көтеріп, үлкен ұрыстарға жеңіс дабылын қақты.

«Ер елсіз болмайды, ел ерсіз болмайды» демей ме дана халқымыз. Қан майданда қол бастап, елінің намысын жауіа таптатпаған батырларға арналады.

ІІІ. Қорытынды бөлім: Желбірейді бейбітшілік жалауы,

Орындалып жас ұрпақтың қалауы.

Құтты болсын ардақты мерекеңіз,

Жасай берсін жасампаз ерлігіңіз!

Ағалар саптан шықпасын,

Аналар қабақ шытпасын.

Бақытқа жетіп бар адам,

Сәбилер тыныш ұйықтасын!

Хор: «Бейбітшілік сақталады»


Күні: 5.05.2014 ж.

Сынып: 2 «Ә»

Сынып жетекші: Агенова Агайша

Бекітемін: ----------------------------------- Нурбаулова Т

Сынып сағаты

Тақырыбы: «Құстар – қанатты достар».

Мақсаты:Білімділік: Оқушылардың құстар туралы түсініктерін кеңейте, олардың тіршілігі, түрлері, пайдасы туралы ақпарат беру.

Дамытушылық: Құстар туралы ізденіп, мәліметтер жинақтап және зерттеу жұмыстарын жасап үйренуді дамыту.

Тәрбиелік: Табиғатқа, құстарға деген сүйіспеншілігін ояту арқылы, құстарды қорғауға, аялауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Суретті бейнелер, бүктемелер, гүл, шар, құс ұялары,көгершіндер.

І. Кіріспе бөлім: Құстар – біздің досымыз, Құстар тойын құттықтап,

Шырқап әнге қосамыз. Қуанамыз, қолдаймыз.

Құстар – біздің досымыз, Ұя жасап ұқыптап,

Көктем сайын тосамыз. Біз оларды қорғаймыз.

ІІ. Негізгі бөлім: - Балалар, біз бүгін табиғаттың бір бөлігі, табиғаттың көркі, сәні, бақшаның әні болған – құстар тақырыбына тоқталайық.

Жер бетінде 8600-ге жуық, ал Қазақстанда құстардың 480 түрі бар екен, соның 143-тей түрі біздің облысымызда ұя салады.Құстардың жылы жаққа кетуінің басты себебі – жемнің, азықтарының азаюы. Күн салқындап, құрт-құмырсқалар қуысқа тығылып қалады.Құстар топталып ұшып, лек-легімен жылы жаққа кете бастайды. Көктемде олардың оралу себебі, ол жақ өте ыстық болғандықтан, жұмыртқалары шіріп кетеді де, ұрпақ өрбіте алмайды.Сондықтан біздің қанатты достарымыз туған жерге қайта оралады.Құстар адам өміріне сән-салтанат беріп, әсем сазды үнімен жанды рақатқа бөлейді. Сондықтан атадан балаға мұра болып келе жатқан халық шығармаларында адам бойындағы ең сұлу ерекшеліктерді құстарға теңеп, «аққу мойын», «қасы қарлығаштың қанатындай», «бүркіт тұмсық», «қаз дауысты», «бұлбұлдай» деп сипаттаса «Қарлығаш», «Қаршыға», «Сандуғаш», «Бүркіт» деп балаларына ат қойған.Халық өз ортасынан шыққан саңлақ ұлдарын сұңқарға теңесе,төгілте ән шырқайтын әншісін бұлбұлға, Отан үшін жан қиятын ерлерін қыранға, елден асқан сұлуын аққуға теңеген.

ІІІ. Қорытынды бөлім: Құрметті оқушылар! Көктем жаршысы, адамзаттың досы болған құстарға қамқоршы болып аялайық.Еліміздің болашағы - білімді ұрпағында.Сендер білім аспанында құсша шарықтап ұшып, елімізде тыныштық болып,бейбітшіліктің ақ құсы аспанда шарласын! Білімге қарай талпынған қанаттарың ешқашан талмасын!

Күні: 12.05.2014 ж. Сынып: 2 «Ә»

Сынып жетекші: Агенова Агайша

Бекітемін: ----------------------------------- Нурбаулова Т

Сынып сағаты

Тақырыбы: «Денсаулық – зор байлық».

Мақсаты: Оқушылардың өз денсаулығына деген көзқарастарын арттыра, салауатты өмір салты жайлы білімдерін тереңдету.

Дамытушылық: Зиянды заттар мен әдеттердің (ішімдік ішу, шылым шегу, дұрыс тамақтанбау) ағзаға тигізетін әсерін ұғындыру арқылы өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарау сезімдерін дамыту.

Тәрбиелік: Денсаулық сақтауға,тазалыққа, ұқыптылыққа, әдептілікке баулу, жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап, түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: Плакаттар,буклеттер,қанатты сөздер.

Сабақтың түрі: Жаңа білім.

Сабақтың барысы: І. Кіріспе сөз: Мақсатымыз – салауатты өмір сүру,

Үлкенге ізет, кішіге көмек қылу.

Әдеттен жаман жиреніп,

Жақсыны тек үйрену, таза жүру.

ІІ. Негізгі бөлім: «Денсаулық – зор байлық» деген мақал тегін айтылмаса керек. Денсаулық болса бәріде болады.Денсаулық - табиғаттың адамға сыйлаған құнсыз сыйлығы. Әйтсе де денсаулық адамға өмірлік болып берілмеген, сондықтан оны сақтау керек. Адамның денсаулық жағдайы адамның тамақтану әдетіне, кәсібіне, өмір сүру салтына, өзіне тікелей байланысты. Әр адам дені сау, күшті, сергек, бақытты болуға ұмтылады. Балалар, бүгінгі тәрбие сағатының «Дені сау ұрпақ – жарқын болашақ» аталуы тегін емес екенін енді түсінген боларсыңдар. «Ас - адамның арқауы» дейді халқымыз. Дұрыс тамақтанудың өзі денсаулыққа пайдасы зор. Көкөністер мен жеміс-жидектер – пайдалы тамақ. Олардың құрамында иммунитетті нығайтатын, күшейтетін, көптеген аурулардың алдын алатын витаминдер(дәрумендер) бар. Ал ішімдіктердің құрамында адамға зиянды улы заттар көп болады.Сонымен қатар темекі шегу – халық арасында кең тараған зиянды әдет және ол адам ағзасын іштей жейтін құрт. Әрбір тартылған темекі, темекі шегушінің өмірін сегіз минутқа қысқартады екен. Дені сау ұрпақ – елдің ертеңгі жалғасы.Сондықтан адам ағзасын улайтын әдеттерден аулақ болыңдар.

Жақсылық пен жамандық жайлы мақал-мәтелдер мен жұмбақтар айту.

ІІІ. Қорытынды бөлім: Салауатты өмір салтын біздер сақтаймыз,

Жас ұландар ерініп бос жатпаймыз.

Болашақтың жарқын тұрған төріне,

Дені сау ұрпақ салтанатпен аттаймыз.

Күні: 21.04.2014ж

Сынып: 2 «Ә»

Сынып жетекші: Агенова Агайша

Бекітемін: ----------------------------------- Нурбаулова Т

Сынып сағаты

Тақырыбы: «Айналайын, ақ анам!»

Мақсаты:Білімділік: Аналар жайында өлең шумақтарын оқи отырып, тарихта аты қалған батыр аналар туралы мағлұмат беру.

Дамытушылық: 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні туралы білу арқылы аналар жайында дүниетанымдарын дамыту.

Тәрбиелік: Ананың бойындағы ізгі қасиеттерді оқушыларға сезіндіру; оқушылардың өз анасына, барлық аналарға деген құрмет сезімін ұштап, оларды аялап, сыйлап, қамқор болуға және ананы сыйлауға, қадірлеуге, құрметтеуге, ардақ тұтуға тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап, түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: ана туралы қанатты сөздер, Күн макеті, оқушылар салған суреттер,ана туралы оқушылар жаған шығармалар, гүлдер, шарлар.

І. Кіріспе бөлім: Ана деген – жарық жұлдыз шырағың,

Ана деген – қайнар ыстық бұлағың.

Ана деген – өмірдегі қамқорың,

Ана деген сүйенерің, жан құрбым.

ІІ. Негізгі бөлім: Әйел-ананың есімі көне аманнан бері құрмет пен беделге ие болып келеді. Ана адамға өмір сыйлап, жер бетіне тек қана жақсылықтың дәнін себеді.

Қай дәуірде де аналар өз ерлігімен, адалдығымен, тазалығымен тарихта қалған. Әрбір ана атының өшпеуін, шаңырағының шайқалмауын, сұм соғыстың болмауын қалайтын, бейбіт өмірдің туын тіккен адам. Ана ұрпақ жалғасы, өмірдің бастауы. Бейбітшілік пен тыныштықты қалаушы жан. Осындай аналарымыз бен ер жүрек қыздарымыздың арқасында, 8-наурыз Халықаралық Әйелдер күні болып, 1910 жылы Копенгагенде жиналған әйелдер конференциясында белгіленген.

Әйел – Ана, Әйел – Өмір, Әйел – тіршілік өзегі. Өмір бесігінде сәби тербетіп, адамзат баласына ұрпақ сыйлар ұлы құдырет иесінің есімі әрқашан да қастерлі, сөзі – өсиет, тұғыры – биік. Көңіл шуағына мейірім төгілген аяулы жанның өмірден алар несібе жемісі – алтын босағасы мен сүйкімді перзенті. Ана құдіретін айтып жеткізу мүмкін емес.

Ана! Қандай қасиетті сөз. Дүниедегі күштінің күштісі – Ана, сезімдердің қайнар бұлағы – Ана. Жер бетіндеге қанша адам болса, солардың әрқайсысы «Ана» деген құдіретті сөзге өзінше жаңа, тың мағына бергендей ғой.

ІІІ. Қорытынды бөлім: Аналарды құрметтейміз, елейміз,

Аспандағы Ай мен Күнге теңейміз.

О, аналар, сіздерді үлгі тұтып,

Бақыт пенен денсаулықты тілейміз.

Күні: 3.03.2014ж

Сынып: 2 «Ә»

Сынып жетекші: Агенова Агайша

Бекітемін: ----------------------------------- Нурбаулова Т

Сынып сағаты

Тақырыбы: «Тоқтар тұңғыш ғарышкер»

Мақсаты:Білімділік: Қазақ халқының тұңғыш ғарышкері, батыр азаматы Тоқтар Әубәкіровтың өмір жолы, туып өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру.

Дамытушылық: Т. Әубәкіровтың есімінің бұл күнде қала, аудан көшелеріне берілгендігі туралы, өзі туып өскен ауылға берілгендігі туралы, ақын-жазушыларымыздың басты кейіпкері болғандығы жайлы айтып, оқушылардың танымын дамыту.

Тәрбиелік: Ұрпағына өнеге болар батыр ағаның өмір жолынан үлгі ала отырып, Отанын,Халқын сүюге, ержүректілікке,батылдыққа,азаматтыққа,патриоттық сезімге тәрбиелеу, шәкірт жүрегінде батырға деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап, түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі:Т.Әубәкіровтың суреті, альбом, ерлік-батылдық туралы нақыл сөздер,естеліктер, баспасөз материалдары, сөзжұмбақ.

І. Кіріспе бөлім: Сайра бұлбұл көмейден ән төгілсін,

Жырға бөле даланың әр төбесін.

Байқоңырдан тік ұшқан Тоқтар ағам

Көтерді қазағымның мәртебесін.

ІІ. Негізгі бөлім: Қазақтың тұңғыш ғарышкері, КСРО-ның 72-ші ғарышкері, әлемнің 256-ғарышкері. Тоқтар Әубәкіров 1946 жылы 27-шілдеде Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Бірінші май ауылында туған.Сарытаудың етегін мекен әкесі Оңғарбай, шешесі Қамия бірінен соң бірі шетіней берген тоғыз ұлдың Аллатағала жаратқан жалғасына үміт артып, азан шақырып «Тоқтар» деп ат қойыпты.1961 жылы Қарқаралыдағы жеті жылдық мектепті бітірді.1965 жылы Армавирдегі әуе қорғанысы ұшқыштарының Жоғарғы әскери-авиациялық училищесіне түсіп, оны 1969 жылы бітірді.1975 жылға дейін Т.Әубәкіров КСРО Әскери Әуе күштерінің Қиыр Шығыстағы әскери бөлімінде қызмет етеді. 1976 жылы Москвадағы Серго Орджонекидзе атындағы авиациялық институтты бітіреді.1974 жылы оған бірінші класты әскери ұшқыш атағы беріледі. Тоқтардың сынақшы ұшқыштық таланты дүниежүзілік сынақ көрмесінде ерекше көзге түседі. Т.Әубәкіров – 1991 жылы қазан айында ғарышқа бірінші рет көтерілген тұңғыш қазақ азаматы. Осы ерлігі үшін оған Халық Қаһарманы атағы берілді.

ІІІ. Қорытынды бөлім: Тоқтар Әубәкіров – ғарыш әлеміне ұшқан тұңғыш қазақ ғарышкері, сынақшы – ұшқыш.Батырға деген құрмет әрқашан өлшеусіз. «Сүйер ұлың болса сен сүй, сүйсінуге жарар ол!» деген ғой Абай атамыз.

Күні: 7.04.2014ж

Сынып: 2 «Ә»

Сынып жетекші: Агенова Агайша

Бекітемін: ----------------------------------- Нурбаулова Т

Сынып сағаты

Тақырыбы: «Күш атасы - Қажымұқан»

Мақсаты:Білімділік: Қажымұқанның өмір жолында алған асуларын оқушылар бойына сіңіру.

Дамытушылық: Ауызша,жазбаша сөйлеу қабілетін, ой-өрісін дамыту.

Тәрбиелік: Үнемі спортпен шұғылдануға, денсаулықтарының мықты болуына, икемділікке, әсемдік пен әдемілікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап, ойын-жарыс.

Сабақтың көрнекілігі: Қажымұқанның портреті, садақ-жебе, қима сұрақтар, доп,гир 2-3кг

І. Кіріспе бөлім: Күш атасы – Қажымұқанның балалаық шағымен, өнері мен күшін, Отан үшін, халық мәртебесі үшін жұмсаған ерен күш иесі екенін таныстыру.

ІІ. Негізгі бөлім: Қажымұқан Мұңайтпасұлы – қазақтың аты әлемге әйгілі палуаны. Жер шарының жиырма төрт елін аралап, талай-талай атақты палуандармен белдескен.Алтыны мен күмісі бар – барлығы қырық сегіз медаль алған. Қажымұқанның палуандығын танытатын бір дерекпен белгілі жазушы Қалмақан Әбдіқадыровтың әңгімесінен оқып білуге болады.

Қажымұқан Мұңайтпасұлы - бір мың да сегіз жүз алпыс сегізінші жылы дүниеге келген.Қажымұқанның бойының ұзындығы бір жүз тоқсан алты сантиметр, ал оның салмағы бір жүз отыз бес килограмм болған.Қажымұқан Мұңайтпасұлы – күрестің Французша және еркін күрес түрлерімен айналысқан. Қажымұқан мен балуан Шолақ Бекетші Рысбектің үйінде кездеседі. Балуан Шолақ Қажымұқаннан бір мүшелдей үлкен екен.

ІІІ. Қорытынды бөлім: Ерлігі ерен Қажымұқан атамыздың атын ардақтап өту, біздің бірден-бір міндетіміз деп білеміз.

Күні: 24.02.2014ж

Сынып: 2 «Ә»

Сынып жетекші: Агенова Агайша

Бекітемін: ----------------------------------- Нурбаулова Т

Сынып сағаты

Тақырыбы: «Қош келдің, Наурыз!»

Мақсаты:Білімділік: Қазақ халқының ежелден сақталып, атадан балаға мұра етіп қалдырған салт-дәстүрінің, Наурыз мейрамының мәнін түсіндіру.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлауын дамыта отырып, ой қиялын, іздену негіздерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды ұлтжандылыққа, имандылыққа, инабаттылыққа, халқымыздың салт-дәстүрін қастерлеуге, сақтауға тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап, түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: Плакаттар,буклеттер,қанатты сөздер.

І. Кіріспе бөлім: Көргенде қуанасыз таза әуенді,

Құлаққа естілгендей жаз әуені.

Жыл сайын тойланатын мәңгі-бақи,

Наурызың құтты болсын қазақ елі!

ІІ. Негізгі бөлім: Халқымыздың маусымдық мерекелерінің бірі — жыл басы тойы — Наурыз болып саналады. «Наурыз» деген сөзі иран тілінің ноу —«жаңа», руз —«күн» деген сөздерінен қалыптасып, жылдың бірінші күнін білдірген.Көшпенділердің байырғы астрономиялық түсінігі бойынша, әрбір жыл алты ай жаз бен алты ай қысқа бөлінген. Тіліміздегі «алты ай жаз бойы», «ала жаздай», «алты ай қыс бойы», «ала қыстай» секілді сөз оралымдарын осы бір түсініктің жаңғырығы десек болады. Жаз айларының басы -Наурыздан бастап дүние кеңейіп, шаруадан мойын босап, жер бетіне қуаныш, шаттық жайылады. Бүл күні аспан денелері өздерінің ең бастапқы нүктелеріне келіп, күн мен түн теңелетін, жан – жануарлар төлдеп, адамдардың аузы аққа тиетін, жер үстіне шаттық орнаған күн. Григориан календары бойынша ескіше 9 март, жаңаша 21 – нен 22 – не қараған түн осы күнге сәйкес келеді.Қазақтар бұл мейрамды Әз-Наурыз мейрамы деп те атайды. Халықтың ежелгі наным-сенімінде наурыздың алғашқы үш күнінде жер-көкті жарып ерекше дыбыс (гуіл) естіледі. Мұны тек қана жұмақтан шыққан қой, сол арқылы оны бағып жүрген қойшы ғана естиді. Бұл күні бүкіл табиғатқа, тіршілік иесіне, өсімдік, жан – жануарға ерекше сезім, қуат, қасиет нұры құйылады. Сол себепті, халқымыз «Әз болмай, мәз болмайды» деген. Қазақ елі осы күнді «Ұлыстың ұлы күні — ұлыс күн» деп атаған.

ІІІ. Қорытынды бөлім: Наурыз құтты болсын,

Дендеріміз сау, мықты болсын!

Наурыз тойы келе берсін,

Барлық халық бақытты болсын! Еліміздің несібесі көп болсын!

Күні: 17.03.2014ж

Сынып: 2 «Ә»

Сынып жетекші: Агенова Агайша

Бекітемін: --------------------------------------Нурбаулова Т

Сынып сағаты

Тақырыбы: «Соңғы қоңырау сыңғыры»

Мақсаты: Оқушыларға мектепті, ұстазды құрметтеуге,сыйлауға, түсіне білуге үйрету. Ұстаз мамандығының қыры мен сырларын түсіндіру. Ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге және соңғы қоңырау сыңғырының мәнін үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың ұстазға деген көзқарасын дамыту. Ұстаздың әр шәкірт үшін орнының ерекше екенін және білімнің көзі тек осынау асыл жандар арқылы оқушы жүрегіне берілетінін түсіндіру.

Тәрбиелік: Оқушыларды рухани, интеллектуальды жағынан дамытып тәрбиелеу.

Оқу-білімді, өнерді жаны сүйетін, білімділікті мақсат еткен, білімге құштар ұрпақтың болашаққа сенімдерін ояту.

Сабақтың әдіс-тәсілі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап, түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: Плакаттар,буклеттер,қанатты сөздер, қоңырау.

Сабақтың түрі: Жаңа білім.

Сабақтың барысы: І. Кіріспе сөз: Ұстаз болу – жүректің батырлығы.

Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,

Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,

Азбайтұғын адамның алтындығы.

ІІ. Негізгі бөлім: Әрине, ұстаз жүгі – ауыр жүк. Ұстаздардың әсерлі үнмен, асықпай мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір оқушыға деген қамқорлықтың, аналық, әкелік сезімнің, дана ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай. Ия, адамның жан дүниесін түсініп ренжітпей қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?!

Ұрпақ тәрбиесі – ұстазға байланысты. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дегендей өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз.

Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.

Мұғалімдік – ұстазға берілген ерекше мүмкіндік. Өйткені бойында ұстазға лайық қасиеттері бар адамға мұғалім бола жүріп, сол қасиеттерін ұштай түседі. «Мектептің жүрегі – мұғалім» деп Ыбырай Алтынсарин кең, биік, терең ұғыммен атап айтқан.

ІІІ. Қорытынды бөлім: «Мектеп – білім тірегі, ұстаз – оның жүрегі» демекші, мұғалімдердің ұстаздық жолындағы еңбектері лаулап жансын. К.Д.Ушинскийдің «Ұстаз – зор тұлға, ол күннің құдіретті сәулесі сияқты» десе......

Ұлы Абай атамыз «Адамның адамшылығы.... жақсы ұстаздан болады» деген.

Сондықтан мектеп пен ұстазды және қоңыраудың соңғы сыңғырын ешқашан ұмытпаймыз.

Күні: 19. 05. 2014 ж.

Сынып: 2 «Ә» Сынып жетекші: Агенова Агайша












































2 «А» сынып – Серқұл Нұрсұлтан


2 «Ә» сынып - Джиенаев Ахат


2 «Б» сынып – Құрметқызы Назерке


2 «В» сынып – Ермұрат Ұлжан


2 «Г» сынып – Назарбаев Бексұлтан


2 «Ғ» сынып - Даует Нұрай


2 «Д» сынып – Сапарова Алина


2 «Е» сынып – Сенгирбаев Ердос


2 «Ж» сынып – Ертаева Динар


2 «З» сынып – Ниетбай Нұршат


2 «И» сынып – Давлетов Асылбек


2 «К» сынып – Қонысбек Риза


2 «Қ» сынып - Иденген Дастан


2 «Л» сынып – Амангелді Гүлфайрус





Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy

Автор
Дата добавления 12.01.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров344
Номер материала ДВ-330605
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх