Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Иностранные языки / Конспекты / Конспекты уроков казахского языка 9 класса
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Иностранные языки

Конспекты уроков казахского языка 9 класса

библиотека
материалов

Қостанай облысы, Денисов ауданы, Әйет селосы


Сәуле Утарбаева

«Академик Т.Б.Дарқамбаев атындағы

Әйет орта мектебі» ММ

қазақ тілі пәнінің мұғалімі


Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасының рәміздері.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Модуль бойынша грамматикалық тақырыпты енгізу. Дұрыс қолдана білуге үйрету. Оқушыларға тақырыпқа байланысты ауызекі ара сөйлесуді үйрету. Үндестік заңын, буындарды қайталау.

Тәрбиелік: Отанына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Оқушыларды ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: Тақырып бойынша сөздікті меңгерту, ауызекі сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.

Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, ізденді ру, түсіндіру

Көрнекіліктер: кесте, сурет.

СУФФИКСЫ ПРОИЗВОДНЫХ ГЛАГОЛОВ

Производные глаголы образуются от глагольных именных основ с помощью различных cуффиксов.

суффиксы

примеры

1)- ла, - ле, - да, - де, - та, - те

Бас + та , арқа + ла, тiс + те

2)- лан, - лен,

- дан, - ден,

- тан, - тен

Қол + дан

үй + лен

еңбек + тен

3) - лас, - лес,

- дас, - дес,

- тас, - тес

Пiкiр + лес

Ақыл + дас

Дос + тас

4) - а, - е

сан+а (у)

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Сөздік жұмысы

  1. Оқушыларды жаңа сөздермен таныстырып, аудару.

  2. Сөздерді дұрыс айтуға, сауатты жазуға дағдыландыру.

а) Мұғалім мәнерлеп оқиды.

ә) Оқушылар дауыстап қайталады.

б) Жаңа сөздермен сөз тіркестерін құрайды.

в) Оқушылар сөз тіркестерін тізбекпен оқиды.

г) Сөз тіркестерімен сөйлем құрастырады.

  1. Өзіндік жұмыс.

1 нұсқа

1.Мәтінді аударып, түсіндіріңдер. Мәтіннен дара және күрделі етістіктерді теріп жазыңдар.

Мемлекеттік ту.

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1992 жылы Мемлекеттік Туды бекітті. Тудың авторы – Шәкен Ниязбеков. Ту неліктен көк түсті? Оның себебі, бүкіл дүниеге көк жүзі, аспан әлемі ортақ. Жер шары ұлттарға, мемлекеттерге бөлінгенімен, аспан ешқашан бөлінбейді.

Күн де бәрімізде ортақ. Күн сәулесі бәріне нұрын шашады, сәулесін төгеді.

Ал қыран болса, киелі, қасиетті құс деп есептелген. Егемендік алған Қазақстан қыран сияқты биікте болсын дегенді білдіреді.

Тудағы ою-өрнек қазақ елінің танымын, өзіндік ерекшелігін көрсетеді.

2. Берілген есім сөздерді жұрнақ арқылы етістікке айналдырып жазыңдар:

Үлгі: әшекей +ле, алаң+да,...

Ашу, аяқ, айқын, сыр, ақыл, би, көз, жас, ой, бас, кез, тұз, бейне, әңгіме.

---------------------------------------------------------------------------------------------

2 нұсқа

1.Мәтінді аударып, түсіндіріңдер. Мәтіннен дара және күрделі етістіктерді теріп жазыңдар.

Қазақстан Республикасының Елтаңбасы.

Елтаңбадан сол елдің тарихы, дәстүрі толық танылуы керек. Сондықтан да Елтаңбаның ортасында шаңырақ тұр. Елтаңбаның екі жағында қанатты

пырақтар бейнеленген. Жылқы, жүйрік ат қазақта ерекше бағаланған.

Пырақ – мал шаруашылығының басым болғанын бейнелейтін жиынтық бейне.

Шаңырақ біздің Отанымыздың біртұтастығын білдіреді.

Жоғарғы жағында бес бұрышты жұлдыз бейнеленген. Ал төменгі жағында “Қазақстан” деген жазу бар. Елтаңбаның авторлары: Жандарбек Мәлібеков, Шотаман Уәлиханов.

2. Берілген есім сөздерді жұрнақ арқылы етістікке айналдырып жазыңдар:

Үлгі: әшекей +ле, алаң+да,...

Ашу, аяқ, айқын, сыр, ақыл, би, көз, жас, ой, бас, кез, тұз, бейне, әңгіме.

VI.Үйге тапсырма.

Мына сұрақтарға жауап беріңдер:

  1. Қазақстан Республикасының Әнұраны қашан өзгертілді?

  2. Сөзін жазған кім?

  3. Әнін жазған кім?

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Модуль бойынша грамматикалық тақырыпты енгізу. Дұрыс қолдана білуге үйрету. Оқушыларға тақырыпқа байланысты ауызекі ара сөйлесуді үйрету.

Тәрбиелік: Отанына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Дамытушылық: Тақырып бойынша сөздікті меңгерту, өтілген сөздерді дұрыс айтуға дағдылану. Әңгіме құрастыруға қолданылатын салалас құрмалас сөйлемнің түрлерін дұрыс айтуға үйрету.

Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, ізденді ру, үш деңгейлік тапсырмалар

Көрнекіліктер: кесте, сурет

Сабақтың түрі: кіріктірілген сабақ

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Сөздік жұмысы

  1. Оқушыларды жаңа сөздермен таныстырып, аудару.

  2. Сөздерді дұрыс айтуға, сауатты жазуға дағдыландыру.

а) Мұғалім мәнерлеп оқиды.

ә) Оқушылар дауыстап қайталады.

б) Жаңа сөздермен сөз тіркестерін құрайды.

в) Оқушылар сөз тіркестерін тізбекпен оқиды.

г) Сөз тіркестерімен сөйлем құрастырады.

V “Сұрақтар мен жауаптар” ойынының шартымен таныстыру.

1 тур. 2 – тапсырмада берілген мәтінді оқушылар оқып, аударады.

Оқушылар 6 қатар болып партада отырады:


1-қатар

2-қатар

3-қатар

4-қатар

5-қатар

6-қатар







Оқушылар оқулықтағы 2 –тапсырма бойынша әзірлеген сұраққа жауаптар дайындайды (10 мин)

2 тур.Оқушылар өзара орын ауыстырады,бір-біріне кезекпен сұрақтар қойып, жауап береді. Әр жауаптың берілу уақыты -2 минут. Бағаны оқушылар жұптасып қояды.

(1 қатар + 3қатар, 4 қатар + 6қатар, 2қатар + 5қатар)

3 тур. Қатарлар енді мынадай түрге ауысады.

(1 қатар + 6қатар, 2 қатар + 3қатар, 4қатар + 5қатар)

Ойын аяқталғаннан кейін бағалау парақтарын жинап алып, журналға тиісті бағаларын қою.

VI. Еркін диктант.

Мектеп, білім, ұстаз – бір-бірімен тығыз байланысты сөздер. Сөз құдіретін дұрыс ұға білу де – үлкен өнер. Халқымыз “Дарын – жанып тұрған жалын” дейді. Әр адамның өзіндік таланты болады. Талант дегеніміз – адам бойындағы ерекше қасиет. Ол адамды өмірдегі өз орнына, өз бақытына бастайды. Бақыт дегеніміз өзі – еңбек. Халық еңбекті әрқашан жоғары бағалайды.

VI.Үйге тапсырма. 1 тапсырманы орындау.




Бағалау критерийлері


5”бағасы – жұмыс қатесіз орындалса;

4”бағасы – елеусіз қателер жіберілсе (саны 3,4);

3” бағасы – жұмыста 6, одан да көп қате жіберілсе қойылады.


I деңгей

II деңгей

III деңгей


журналға


журналға


журналға

5”

5

5”

5

5”

4

4”

5

4”

4

4”

3

3”

4

3”

3

3”

3


Стандарттан жоғары (күрделі) тапсырмалар - I деңгей,

Стандартты тапсырмалар - II деңгей

Жеңілдетілген тапсырмалар - III деңгей























Бақылау парағы


Оқушының аты-жөні

Тапсырмаға қойылған баға

қорытынды

I деңгей

II деңгей

III деңгей

Баязитов Қайрат





Бучко Василий





Бочкова Екатерина





Герасемчук Максим





Голубинский Семен





Жандосов Тимур





Зинченко Надежда





Кобзарь Кристина





Киселев Евгений





Савтенко Лада





Снурницен Станислав





Стародубцев Виктор





Шевцова Любовь






Бақылау парағы


Оқушының аты-жөні

Тапсырмаға қойылған баға

қорытынды

I деңгей

II деңгей

III деңгей

Баязитов Қайрат





Бучко Василий





Бочкова Екатерина





Герасемчук Максим





Голубинский Семен





Жандосов Тимур





Зинченко Надежда





Кобзарь Кристина





Киселев Евгений





Савтенко Лада





Снурницен Станислав





Стародубцев Виктор





Шевцова Любовь





Сабақтың тақырыбы: Мемлекеттің тіл жөніндегі қамқорлығы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Осы тақырып бойынша меңгерген сөздер мен сөз тіркестерін салалас құрмалас сөйлем түрлерін жасауға дұрыс пайдалана білу.

Тәрбиелік: Отанына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Дамытушылық: Тақырып бойынша сөздікті меңгерту, өтілген сөздерді дұрыс айтуға дағдылану. Әңгіме құрастыруға қолданылатын салалас құрмалас сөйлемнің түрлерін дұрыс айтуға үйрету.

Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, ізденді ру, үш деңгейлік тапсырмалар

Көрнекіліктер: кесте, сурет

Сабақтың түрі: кіріктірілген сабақ

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. “конспект”, “тезис” деген ұғымдармен таныстыру.

Тіл туралы Заң бойынша қысқаша айтып шығып, 6- бапқа тоқталу.

V Сөздік жұмысы

Қолдану - использовать

оқып үйрену - научиться

жағдай туғызу - создавать условия

іс-шара - мера

қарым –қатынас - взаимоотношения

еркін - свободно

құқық - право

1. Оқушыларды жаңа сөздермен таныстырып, аудару.

  1. Сөздерді дұрыс айтуға, сауатты жазуға дағдыландыру.

а) Мұғалім мәнерлеп оқиды.

ә) Оқушылар дауыстап қайталады.

б) Жаңа сөздермен сөз тіркестерін құрастырып, дәптерлеріне жазу..

в) Оқушылар сөз тіркестерін тізбекпен оқиды.

  1. мәтінді мәнерлеп оқып, аудару.

  2. 2 тапсырманы орындау. Көбейтілген тіл туралы заңды әр партаға таратып беру. Оқушылар оқып, негізгі баптарын аударып, конспектілейді. Өз тезистерді жазады.

VI.Үйге тапсырма. Конспектілеуді аяқтау.








Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілі сабағы. Диктант.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Модуль бойынша алған білімдеріне саралау жасау.

Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, тазалыққа, мәдениеттілікке баулу.

Дамытушылық: Тақырып бойынша сөздікті меңгерту, өтілген сөздерді дұрыс айтуға дағдылану. Қисынды ойлау, сауатты оқу және жазу дағдыларын молайту.

Сабақтың әдісі: үш деңгейлік тапсырмалар

Көрнекіліктер: кесте.

Сабақтың түрі: білімді тексеру сабағы

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Ұжымдық тапсырма.

Етістіктерді жасалуына қарай екі бағанаға бөліп жазыңдар:

Тұрады, жазылды, ақылдас, баста, орналасты, болды, шығады, пайдалан, достас, еңбектен, біледі, шықты.

V Диктант.

Қазақ тілі сабағы.

Жазғы каникул бітті. Оқушылар мектепке жиналды. Мектептің іші де, сырты да таза. Бөлмелердің едендері сырланған, қабырғалары ақталған. Парталар жалт-жұлт етеді. Сынып іші сондай көңілді. Балалар бір –бірімізді көріп, қуанысып, шуласып жатырмыз. Міне, қоңырау соғылды. Сыныпқа мұғалім кірді. Бәріміз орнымыздан тұрдық. Ұстаз бізбен жылы амандасты. Біз орнымызға отырдық. Қазақ тілі сабағы басталды. Оқушылар қазақша кітап оқиды, тақтаға жазды. Қазақша сөйледі. Сабақ қызу өтті.


VI.Үйге тапсырма. Ережелерді қайталау.





9 сынып.

Сабақтың тақырыбы: Ана тілін білмеген – ақылы жоқ желікбас. Әкімшілік тарапынан алынатын диктант.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушының сауатты жазу дағдылары орфографиялық, грамматикалық ережелерді игеріп, сол ережелерге тәжірибелік жазбаша жұмыстарды іске асыру нәтижесінде біртіндеп тексеру. Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс жазғызу, алған білімдерін бекіту.

Тәрбиелік: Пәнге деген сүйіспеншіліктерін ояту. Оқушыларды өз ана тілін сыйлауға тәрбиелеу.

Дамытушылық: Қазақ сөздерді дұрыс айтуға дағдылану. Сауатты оқу және жазу дағдыларын молайту.

Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, аударма және әңгімелеу,

Сабақтың түрі: білімді тексеру сабағы

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

  1. Диктант жазу тәртібі.

    1. Диктанттың мәтінін бір орында тұрып, дауыстап екі рет оқып шығу.

    2. Диктант бойынша сұрақ-жауап өткізіп, оқушыларға мазмұнын түсіндіру.

    3. Диктантта қиын сөздерді тақтаға жазу.

    4. Енді бір-бір сөйлемнен оқып, оқушыларға жазғызу. Әр сөйлем жазылып болғаннан кейін тыныс белгілерін ескере оқып, оқушыларға сөйлемдегі тыныс белгілерін дұрыс қоюға мүмкіндік беру.

    5. Диктантты түгел жазып болған соң, тағы бір рет диктантты оқып, оқушылар тексеріп шығады.

    6. Диктантты жазып болған соң, оқушылар өздері тағы бір рет оқып, тексеріп шығуына 2-3 минут уақыт беру.

    7. Енді диктант түгел жиналып алынады. Диктантты тексеру мен бағалау.

  2. Диктант.

Ана тілін білмеген – ақылы жоқ желікбас.

Адам жаралған бері, ана тілі адамгершілік айнасы болып келеді. Ана тілі - әр халықтың өзінің төл белгісі. Адам өз ана тілімен бақытты болады. Өз халқына қызмет ету үшін, алдымен ана тілін жетік білу керек. “Ана тілін білмеген – ақылы жоқ желікбас. Ана тілін сүймеген – халқын сүйіп жарытпас”, - деген қанатты сөз бар. Бұл сөзді қырғыз ақыны Сарноғаев айтқан. Өз халқын сүйе білген адам өзге елді де сүйе біледі.

Ақын болу - міндет емес, азамат болу - парызың”, - дейді. Азаматтық дегеніміз – ана тілін ардақтау. Біздің халқымыз тілге кедей емес. Халқымыздың тілдік қоры өте бай. Тіліміздің байлығын ауызбен айтып жеткізу мүмкін емес. Әр сөздің астарын сөз зергерлері ғана түсінеді. Тіл байлығы – рухани байлық.


VI.Үйге тапсырма. Ережелерді қайталау.




7 сынып.

Сабақтың тақырыбы: Шөл. Әкімшілік тарапынан алынатын диктант.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушының сауатты жазу дағдылары орфографиялық, грамматикалық ережелерді игеріп, сол ережелерге тәжірибелік жазбаша жұмыстарды іске асыру нәтижесінде біртіндеп тексеру. Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс жазғызу, алған білімдерін бекіту.

Тәрбиелік: Отанды сүюге тәрбиелеу, туған жердің табиғатын қастерлеуге тәрбиелеу. Аялау сезіміне тәрбиелеу.

Дамытушылық: Қазақ сөздерді дұрыс айтуға дағдылану. Сауатты оқу және жазу дағдыларын молайту.

Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, аударма және әңгімелеу,

Сабақтың түрі: білімді тексеру сабағы

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

  1. Диктант жазу тәртібі.

    1. Диктанттың мәтінін бір орында тұрып, дауыстап екі рет оқып шығу.

    2. Диктант бойынша сұрақ-жауап өткізіп, оқушыларға мазмұнын түсіндіру.

    3. Диктантта қиын сөздерді тақтаға жазу.

    4. Енді бір-бір сөйлемнен оқып, оқушыларға жазғызу. Әр сөйлем жазылып болғаннан кейін тыныс белгілерін ескере оқып, оқушыларға сөйлемдегі тыныс белгілерін дұрыс қоюға мүмкіндік беру.

    5. Диктантты түгел жазып болған соң, тағы бір рет диктантты оқып, оқушылар тексеріп шығады.

    6. Диктантты жазып болған соң, оқушылар өздері тағы бір рет оқып, тексеріп шығуына 2-3 минут уақыт беру.

    7. Енді диктант түгел жиналып алынады. Диктантты тексеру мен бағалау.

  2. Диктант.

Шөл

Шөл – жер шарының әрі құрғақшылық өңірі. Дүние жүзінде үлкен шөлдер бар. Олар: Африкадағы Сахара, Австралиядағы Виктория,Оңтүстік Америкадағы Атакама шөлдері. Орта Азиядағы ең үлкен құмды шөлдер: Қарақұм мен Қызылқұм. Шөл өсімдіктері мен жануарлары ауа райына бейімделген. Олар судың тамшылығына шыдамды. Шақырайған аптап ыстыққа төзімді. Сусыған құмға да үйренген. Қарақұмда ыстық көлеңкенің өзінде елу градусқа дейін барады. Құмның ыстығына пісіруге болады.

Шөлде өсетін сексеуіл орман ағашына ұқсамайды. Онда жапырақ жоқ. Оның орнына жасыл шашақ бұтақтар өседі.

Шөл жәндіктері де ыстыққа бейімделген. Құмда кесіртке жылан өмір сүреді...

VI.Үйге тапсырма. Ережелерді қайталау.



Автор
Дата добавления 29.03.2016
Раздел Иностранные языки
Подраздел Конспекты
Просмотров93
Номер материала ДВ-567029
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх