Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Конспекты"Дарынды балаларға -талантты ұстаз "
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Конспекты"Дарынды балаларға -талантты ұстаз "

библиотека
материалов

06.01.2014

Педагогикалық олимпиада

Тақырыбы: «Дарынды балаларға –талантты ұстаз»

Мақсаты: кәсіби педагогикалық білім беру мен педагогикалық мамандықтың

маңыздылығын арттыру, талантты мамандарды таңдау



Жұмыс барысы:

І Кіріспе бөлімі:

Жүргізуші: Қайырлы күн , қадірменді ұстаздар!

Бүгін біздің мектебімізде бала жүрегінен жол таба білген , білім нәрімен сусындатып қана қоймай , бала бойына тәлім-тәрбиенің асыл қазынасын құя білетін , ұлағатты ұстаз деген атқа лайық ұстаздарымыздың олимпиадасы өткелі тұр.

Құрметті ұстаздар ! Бүгінгі «Дарынды балаға – талантты ұстаз» атты педагогикалық олимпиадамызға қош келіпсіздер!

Олимпиада мақсаты : ---

Мамандарымыздың кәсіби педагогикалық ой-өрісін және кәсіби тәжірибесін кеңейту мен педагогикалық кәсіптің , педагогикалық білім берудің маңыздылығын күшейтуді мақсат тұтқан олимпиаданың әділ бағасын берер әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар:

Гимназия директорының бастауыш сыныптар жөніндегі орынбасары: Қ. Көпбай

Бастауыш сыныптың тәжірибелі ұстаздары: Ләззат , Жеңіскүл, Набат апайларымыз



Сонымен , бүгінгі педагогикалық олимпиадаға қатысып отырған ұстаздарға сәт сапар тілей отырып, олимпиаданың өтілу барысымен таныс болайық



Олимпиада кезеңдері:

  1. Теориялық білім (тест)

  2. Терминдер қақпасы

  3. Педагогикалық ситуация

  4. Эрудит

  5. Шығармашылық тапсырма

















ІІ Негізгі бөлімі:



Бас иіп топ алдында шығатын,

Сәлемдесу парызы әрбір жастың.

Білімдерін паш етер сайыскерлер

Сәті келіп қалғандай танысатын ---дей келе , кезекті сайыскерлерге берсек



(ұстаздар өз командаларыңызды таныстырып өтсеңіздер)

«Білім-біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік – сол білімді іске асыра білу дағдысы»-деген ұлағатты сөзбен теориялық білімді шыңдайтын сайысымызды бастайық

( алдарына 40 сұрақтан құралған тест беріледі, регламент 10 минут)

Құрметті әділқазы ,алқасы 1 дұрыс жауап ----1 ұпай



Келесі кезең: «Терминдер қақпасы»

Бұл кезеңде өздеріңіздің күнделікті пайдаланып жүрген педагогикалық-психологиялық терминдерді табу тапсырылады.

Алдымен қазір , әр командаға әріптер таратылады. Сол әріптерді пайдалана отырып , дұрыс термин сөз құрастырып, анықтама айтып өтесіздер

  1. Аннотация –аңдатпа ,-кітаптың , топтама жинақтау , қолжазбаның мазмұнын оқырманға қысқаша баяндау

  2. Рефлексия—адамның өз істерінің мәнін түсіну, олар туралы ойлану барысында өзіне өзінің нені қалай жасаған толық және анық есеп беруі

  3. Мотивация—жеке тұлғаны немесе топты ішкі немесе сыртқы әсерлер ықпалынан өз қажеттіліктерін қанағаттандыру және ұйымның мақсатына жету процесі





2-шісі----арнайы анықтама бойынша жасырын термин сөзді табуларыңыз керек

  1. Портфолио—маңызды құжаттар үшін арналған папка

  2. Иллюстрация ---обьективтік әлемнің заттары , процестері мен құбылыстары туралы оқушылардың нақты түсініктерін қалыптастыруға мүмкіндік туғызатын бейнелі көрнекілік құрал

  3. Анимация--- мультипликация әсерін жасайтын экранды обьектілердің түрін , формасын , мөлшерін , өзара орналасуын өзгерту













Келесі кезең : « Педагогикалық ситуация»

Сынып ұжымымен , жалпы баламен жұмыс жасау барысында әртүрлі жағдаяттар болып жатады. Сондай жағдаяттардан шыға білу де тапқырлықты , шеберлікті қажет етеді.

  1. Мұғалім сабаққа кірген кезде тақтадан өзінің карикатурасын көреді. Балалардың ойынша мұғалім кінәлі оқушыны іздеп , сабақ өткізбейді. Не істеу керек?

  2. Бір оқушыға мықтап ұрысып алдыңыз. Ал ол үйіне барып , апай басымнан ұрды деп арыз айтты---ата-анасын ертіп әкеледі. Сіздің әрекетіңіз?

  3. Мұғалім оқушыға математика оқулығын таратуда. Самат үндемей кітапты апайға қайтарып берді. Мұғалім: Самат не болды? Неге қайтардың? –дегенде Самат : ол -жыртық деп жауап берді. Сіз не істейсіз?



Келесі кезең: «Эрудит»

Эрудит сөзі- латын тілімен аударғанда , оқымысты, дана деген ұғымдарды білдіреді.

Жалпы эрудит --- бірнеше салада білім алуды , ізденуді, баланың қабілетін ашуды көздейтін іс-шаралар жиынтығын білдіреді.

Құрметті Ұстаздар, сіздер оқымысты, дана , жеке тұлға жансыздар. Сондықтан қазіргі ұсынылатын жұмыстарды ойлана да , қызыға да, шаптаң орындайды деп сенім білдіремін.



Дидактикалық ойындар баланың ынтасын сабаққа аударуға, көңіл қойғызуға, қабылдауын жеңілдетуге, білімді толық игеруге көмектеседі,сабаққа эмоциялық бояу береді.



1)Заттардан дидактикалық ойын құрастыру ( Алма теру, сиқырлы сандық, дыбысына қарап таны, қай сан жоқ т б ) Алма теру ойынында алма тере отырып , тапсырмаларды тез орындау керек деген сынды дидактикалық ойын бар т с с

Қалта , ойыншықтар

2) Тірек сөздер арқылы сергіту сәтін құрастыру : ұста, шеге, әдемі , жазу

Ұсталардай тарсылдатып,

Шегені де қағамыз.

Әшекейлеп, әдемілеп

Жазуды да жазамыз.



Гүл, қанат, ырғалып, жайқалам

Шаршағанда ырғалып,

Гүлге ұқсап демалам.

Қанатымды бір қағып,

Гүлдей болып жайқалам.



  1. Берілген өлең бойынша , сергіту сәтіне қимыл құрастыру

Есік ашып, шашу шашып,

Ел боп қарсы алайық

Той пердесін ашайық

Тойға шашу шашайық

Той шашуға тойыңдар

Бұдан кейін ойын бар.

Құтты болсын халайық!

Күй төгілсін , күй төгілсін

Шырқап әнге салайық!



Шығармашылық тапсырма

  1. Ертегі құрастыру ( Мысық пен тышқан, Пілдің тұмсығы неге ұзын?, Қарлығаштың құйрығы неге айыр? Тәрізді өмірдегі шындықты бейнелейтін ертегілер бар,Сол сияқты, сіздерге арыстан неліктен аң патшасы екенін ертегімен дәлелдеп айтып берсеңіздер.

Аң патшасы-арыстан

  1. Аңыз құрастыру ---Жиренше мен 17 түйе

Баяғыда бір бай ажалы жетіп , қайтыс болар шағында өзінің үш баласын шақырып алып ,артында қалған 17 түйесін бөледі.

  1. Қара сөзді өлеңге айналдыру ( біз өлеңді қара сөзге айналдыру әдісін пайдаланамыз, ал қара сөзді өлеңге айналдыру жоқтың қасы, Сондықтан сіздерге мына мәтінді өлеңге айналдыру тапсырмасы беріледі



???????????



ІІІ Қорытынды бөлімі: ендігі сөз кезегін әділқазы алұасына берсек



Марапаттар тапсырылады



ХХІ ғасыр ---білім ғасыры . Ендеше ғасырдың осындай сайыстарынан қалмайық. Еңсесі биік егеменді еліміздің адалдықты ту еткен алғыр ойлы , адал азамат ұл-қыздарына саналы тәрбие , сапалы білім беруде шаршамай , талмай еңбек етіп , еңбектеріңіздің жемісін көре беріңіздер . Біз сіздермен қоштаспаймыз , келесі кездескенше күн нұрлы болсын! ---дейміз







Қазалы ауданы Әйтеке би кенті

Б.К. Мергенбаев атындағы №226 гимназия







Педагогикалық олимпиада



Тақырыбы:

« Дарынды балаларға ---талантты ұстаз»





Жауапты : Имбетова Айжамал







2014 жыл


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 30.12.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров242
Номер материала ДВ-298920
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх