Инфоурок Другое КонспектыКонспекты на тему Елбасының «Ой бөлістім халқыммен» атты кітабына

Конспекты на тему Елбасының «Ой бөлістім халқыммен» атты кітабына

Скачать материал

                                    Елбасының «Ой бөлістім халқыммен» атты кітабына

арналған оқырмандар конференциясының сценарийі

 

         Конференцияның мақсаты: Аталған кітаптың мазмұндық идеясын,тәрбиелік құндылығын көрсету.

         Көрнекіліктер: «Елбасы күні – елдікке құрмет» атты тақырыптық көрме. «Ғасырдың ғажап азаматы», «Еңсесі биік Елорда», «Аман бол, Азаттықтың астанасы», «Тәуелсіз елім Қазақстан» атты видеоролик

           Жүргізуші: Қош келдіңіздер, құрметті оқырман,ұстаздар, қонақтар! 1- желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш  Президенті күні баршаңызға құтты болсын! Еліміздің Тәуелдсіздігінің 20 жылдық мерекесі қарсаңында Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты 1 -желтоқсанды мемелекеттік мереке ретінде аталуы жөнінде заң қабылдады. Жастардың «Мәңгілік ел» идеясының жүзеге асуына тұлғалық үлесін қосу және Елбасының публицистикалық шығармаларын насихаттау мақсатында  Елбасының  «Ой бөлістім халқыммен» атты кітабы бойынша оқырмандар конференциясы атаулы мерекемен тұспа тұс келіп отыр.

          Халқымыздың бақытты өмірі үшін аянбай еңбек еткен қайраткердің тағдыры мен тағылымынан сабақ ала білу – өркениеттілік белгісі, кемел келешек кепілі. Ендеше Елбасымыздың еңбектері «Мәңгілік Ел» іргетасын қалауға кіріскен Қазақстанда іргелі нәтижелермен көмкерілетіні сөзсіз.

        (Осы кезде экраннан «Тәуелсіз елім Қазақстан» атты видео ролик қосылады)

            Жүргізуші:  Елбасымыздың еңбектері болашаққа қадам бастар, ел сенімін ақтар саналы тәуелсіз мемлекетіміздің – ұл қыздары үшін таптырмас байлық.        

           Мемлекет басқару өнері күнделікті ел тағдырына қатысы бар үлкенді – кішілі шешімдер қабылдаумен ғана шектелмейді. Ол сондай – ақ халқыңмен күнбе күн жүздесіп отыруды,өз ойыңды көркем тілмен кестелі етіп жеткізе білуді, мақсат – міндеттерді айқын ұғындыру арқылы өз жұртын ұлы істерге ұмсындырып, соны орындауға жұмылдыра білуді қажет етеді.Сондықтан да халқының көңілінен шығатын Елбасының ойға терең, сөзге шешен болып келуі, ең алдымен, елдің бағы деуіміз керек.

(Бір топ оқушылар Елбасына арнап өлеңдерін оқиды)

             Жүргізуші: Ел басқару тізгінін қолына ұстаған тұңғыш Елбасымыз , екі тілде шешен де көсем сөйлеп,көсілте жаза білетін Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты сондай айтулы тұлғалардың қатарынан көреміз. Оның осы жылдарда түрлі мінбелерден  сөйлеген сөздері мен халық өкілдерімен өткізген кездесулерінде ағынан жарылып айтқан пікірлерінің арасында оқырманы мен тыңдарманын елең еткізіп қана қоймай, жан – жүрегін баурап алатын өрісті ойлар мен толғамды пікірлер аз емес. Елбасымыздың: «Біз бүгінгі бейбіт тірлігіміз үшін, Қазақстан деп аталатын Республиканың жер бетінде барлығы үшін тарихтың әр тұсында осы елді, осы жерді қорғаған қайсар жандардың аруағының алдында қашанда қарыздармыз» деген қанатты сөзінде үлкен мән жатыр.

Ән: Тәуелсіз Қазақстан

               Жүргізуші: Бүгінгі таңда Президент – әлемдік көшбасшылардың бірі.

 Нұрсұлтан Назарбаев әлемге танылған басқарушы ғана емес, ол шешен, ақын ,дана тұлғалардың бірі. Елбасы еңбектерінің қандай да болмасын тақырыптарын оқысаңыз ел экономикасын, ел тарихын, ел рухын, халықтың жағдайын, салт – санасын оятар ойлар. Сондықтан да біз бүгінгі күннің саналы азаматтары ретінде Елбасымен бірге үндесіп, болашағымызға жол тауып отыруымыз қажет.

                                                Су түбінде жатқан тас

                                                Жел толқытса шығады.

                                                Ой түбінде жатқан сөз

                                                Шер толқытса шығады, - деп дала данышпаны Асан қайғы бабамыз кезінде тап басып айтып кеткендей, мұнда елбасымыздың халқына керекті сөзді дер кезінде әрі әсерлі айта білген сұңғылалығының да өзіндік орны болғаны. Бүгінгі конференциямыздың мағынасын ашып, Елбасымыздың ұлағатты сөздерін насихаттайтын оқырмандарымызбен таныс болайық.

1 – оқушы. 6 класс оқушысы – Тыныштықбай Инабат

2 – оқушы. 10 класс оқушысы – Ыбрақым Сұлтан

3 – оқушы. 10 класс оқушысы – Қалжан Адай

4 – оқушы. 5 класс оқушысы – Тыныштықбай Қарақат

5 – оқушы. 5 класс оқушысы – Аймұратқызы Құралай

6 – оқушы. 7 класс оқушысы – Бақытжан Аружан

7 – оқушы. 7 класс оқушысы – Тынарбай Жадыра

8 – оқушы. 5 класс оқушысы – Алдабергенқызы Шұғыла

9 – оқушы. 8 класс оқушысы – Рақымжан Нұрлан

10 – оқушы. 9 класс оқушысы – Абылай Сымбат

11– оқушы. 9 класс оқушысы – Жазкен Ақниет

12 – оқушы. 9 класс оқушысы – Мархабатқызы Нұрай

 

         Жүргізуші: Бүгінгі тақырыбымызға оралсақ, «Ой бөлістім халқыммен» атты жинаққа ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың кітаптарындағы баяндамаларымен басқа да еңбектеріндегі, алқалы жиындар мен ел аумағының алуан аймақтарындағы әр түрлі кездесулерде сөйлеген сөздеріндегіқанатты қағидалары қамтылып, терең ой толғамдары мен тапсырмалары топтастырылған. Сонымен қатар бұл кітап бұрындары жарық көрген  «Туған елім – тірегім» және «Өзекжарды ойлар» жинақтарының заңды жалғасы. Басылым Елбасының өмірдің сан – саласын қамтитын жаңа ой орамдарымен толықтырылған. Кітап 2006 жылы Алматы қаласында, Мектеп баспасында, 248 бет болып жарыққа шыққан.

         Кітап мазмұны 12 тараудан тұрады:

1-тарау:  Жалғыз Отан – Тәуелсіз Қазақстан

2-тарау:  Жер тағдыры – Ел тағдыры

3-тарау:  Садағаң кетейін айналайын халқым!

4-тарау:  Тәуелсіздік – тәуекелі тұратындардың еншісі

5-тарау:  Ана тілі ұлтымыздың айнасы

6-тарау:  Тарихтан тағлым ала алсақ

7-тарау:  Ел бірлігі – асыл қасиет

8-тарау:  Ұлттық намыс – ұлы ұғым

9-тарау:  Демократия жарлықпен орнатылмайды

10-тарау:  Сенгенің игілікті еңбегің болсын

11-тарау:  Дәстүріңді баққаның – үмітіңді жаққаның

12-тарау:  Өрелі рухсыз өркениет жоқ

 

         Бүгінгі конференциямызға осы 12 тарау бойынша сөйлеп, өз пікірлерін ортаға салатын әр сынып бойынша 12 оқырманымыз қатысқалы отыр. Осы ел тарихы, жер тарихы, тіл тарихы, халықтың болашақтағы мен  жарқын өмірін  саралап беретін қанатты сөздері туралы еңбектерін айта отырып ой бөлісіп, пікір алмасып отырайық. Ендеше 1-тарау бойынша сөйлейтін оқушымызға сөз береміз.

 

         1-оқушы:   Армысыздар азат елдің жанашырлары!«Бодан елдің бостан болуы оңай емес. Ал оны ұстап тұру, бекемдеу,баянды ету одан да қиын.Адамзат тарихында басы бұғауға түспеген елдер сирек, көбі бодандықта болып, азаттық алған елдер.Азаттық алғанымен,бодандық қамытын мойнынан біржола сыпырып тастай алмай жүрген елдер де кездеседі. Бұлардың қай – қайсысын алсақ та, үйренеріміз де үлгі алар тұстарымыз да жетерлік.Талайғы тарихында іргелі қағанаттар құрған,жеке хандық көтеріп,дербес мемлекетке ие болған, тарихтың тағы бір аласапыран сәттерінде еріксіз бодандыққа бас иген халқымыздың өз Тәуелсіздігін жариялап,өзіндік даму арнасына түскеніне ширек ғасырға жуық қана уақыт өтті. Алайда осынау аз ғана уақыттың ішінде еліміз ғасырға татитын жол жүргендей күй кештік десек,артық айтқандық болмайды. Иә,Тәуелсіздік бізге оңайлықпен келгенжоқ Білектің күшімен, найзаның ұшымен келген сонау Ұлы Отан соғысынан бергі Желтоқсан оқиғасының нәтижесімен келген Тәуелсіздік ұғымы қашанда тәтті.Біздің Отанымыз – Қазақстан. Бұл сөзіме осы кітаптың осы тарауында айтылған Елбасымыздың: «Біз бүгінгі бейбіт тірлігіміз үшін, Қазақстан деп аталатын Республиканың жер бетінде барлығы үшін тарихтың әр тұсында осы елді, осы жерді қорғаған қайсар жандардың аруағының алдында қашанда қарыздармыз»деп айтқан сөзі дәлел және тағы бір қанатты сөзі (11 бет) «Елімізге бойына ата – бабамыздың ел мен жерге деген сүйіспеншілік қасиеті дарыған, егеменді елімізге аянбай қызмет ететін,ой - өрісі кең, алғыр да жүректі, сауатты да салауатты азаматтар қажет.»(15 бет) деп біз сияқты жас ұрпақтың бар екенін және біздерге  сенім артып нық айтқан.Сауатты да салауатты болып өсу үшін аянбай білім алудамыз. Біз қашанда Елбасымыздың бізге артқан сенімінен шығатын сауатты да,салауатты ұрпақ боламыз деп сенім білдіреміз.Назарларыңызға рахмет!

          Жүргізуші: Келесі 2-тарау: «Жер тағдыры – Ел тағдыры» бойынша  өз пікірін айтуға 2-ші оқушымызды тыңдайық.

          2-оқушы: Ғажап азамат ретінде бізге қалдырған осы бір туындысы «Ой бөлістім халқыммен» атты кітабының 2 тарауында  Елбасы ауылдың амандығын, қаланың тағдырын, алтын бесік – Алматының, Астананың келбетін қанатты сөздеріне арқау еткен. «Мінезінің ашық – жарқындығы, шыншылдығы, адамға сүйіспеншілігі – мұның бәрі де Нұрсұлтан Әбішұлының табиғатына тән қасиеттер. Қазақ жұртының, елінің көп ұлтты халқының алдындағы тарихтың алдындағы жоғары жауапкершілік сезімі оның бойынан әманда ажыраған емес.Ол ұлы ұйымдастырушы ретінде Қазақстанды Кеңестен кейінгі кеңістіктің дамыған мемлекеттерінің біріне айналдырды. Нағыз басшы ғана осындай нәтижелерге жете алады, бұл жағынан алғанда, Нүрсүлтан Әбішұлы - өз халқының даусыз басшысы.» - деп Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон нық сеніммен айтқандай, осындай мемлекет құрып, Қазақстанды әлемге паш еткен Елбасымызға достастық елдерінің азаматтары да өз пікірлері мен бағаларын беріп жатыр. біз де яғни Қазақ елінде тұратын әрбір азамат Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты «Ғасырдың ғажап азаматы» деп білеміз.Осы тараудағы мына бір қанатты сөзге зер салсақ:          (27 бет) «Төрткүл дүниенің төрт құбылысынан тұрақты дос, айнымас әріптес, сапарлас серіктес, достығы бұзылмас көрші тапқан Қазақстан жаңа мыңжылдықтың ұлы көшінде керуен тартып келеді» - деген сөзінде үлкен мән жатыр.Қазақстан – қазақ  халқының төл мемлекеті, төл жері, төл мұрасы болғанымен, байтақ жерімізде тарихтың қалауы тағдырдың жазуымен бір ғасырдан астам кезеңнен бері түрлі ұлт өкілдерінің де мекендеп жатқан жері, киелі мекені – Қазақстан Республикасы.                 

            Елбасымыздың сарабдал саясатының арқасындаел экономикасы жақсарып,  төрт құбыламыздағы мемлекеттермен тату тәтті өмір сүріп жатқан жайымыз бар. Келесі: «Қазақтың қасиетті жерінің асты да –  байлық, үсті де - байлық» (39 бет)деп, жердің үстіндегі байлығы біз, яғни халқы болсақ, астындағы байлығы деп Қазақстан  жер асты кендеріне бай екнін мақтанышпен айта алады.Тағы бір мына сөзінен: «Көптеген елдерді араладым. Табиғаты ғажайып талай өлкенің сұлулығына көз құмарымды суардым. Бірақ бәрі де өзім туып - өскен қазағымның жеріне, Алатаудың бір бөктеріне жамбастай жығылған үш қоңыр төбеге жетпеді. Балалығымның, сағынышымның алтын қазығы сонда екен...»(40 бет) - деп туған жерге деген,Отанға деген сұйіспеншілігік сезімін жеткізіп, біздің патриоттық сезімімізді оята түсті.Осындай тақырыптағы басылымдар әлі де көптеп шығып халыққа насихатталса нұр үстіне нұр болар еді.Тыңдағандарыңызға рахмет!

              Жүргізуші: Келесі 3-тарау: «Садағаң кетейін айналайын халқым!» атты тарау бойынша шығып сөйлеуші оқушымызды тыңдайық.

               3 – оқушы: «Садағаң кетейін айналайын халқым!Сенің мүддең жолында бойдағы қуат,ойдағы нәрдің бәрін сарп етуге бейілмін» - деген сертпен тегеурінді тіркестер айтып халқына серт берген көшбасшымызға алғысымызды білдіреміз. «Мемлекетіміздің діңгегі – Қазақ халқы. Ел де, жер де – қазақтікі. Ел болудың ұяты да біздің жұрттың мойнында»(45 бет) - деп сенім білдірген халқы Елбасын жерге қаратпайды. Оғанбір ғана мысал кеше ғана Қазақстанды әлемге тағыда мойындатқан Илья Илиннің 4ші  рет рекорд жаңартып жетістікке жеткені.Еліміздің осындай ұлдары тұрғанда біздің байрағымыз мәңгі желбірейтін болады. «Қазақ халқы жиырмасыншы ғасырдың бүкіл өн бойында өзге халықтар көсе шошып оянардай қасіретті оқиғаларды бастан кешірді. Мен өз халқымның көнбеске көніп, шыдамасқа шыдай алатын қайратына қайран қаламын» (53 бет) деп халықты қайратты, мықты,жігерлі болуға шақырады. Сонымен қатар «Біз кешегі тұлдыр, болашағы бұлдыр халық емеспіз»(47 бет)деп қазақ халқының жығылған тауының қайта бас көтеріп, үлкен мемлекеттің бірі болғанын айтады.Сөзімді аяқтай келе: «Біздің халық небір зұлмат замандарды басынан кешірсе де,ежелден құт – береке дарыған халқымыздың дархан көңілі ешқашан ортайған емес» екенін айтқым келеді.Рахмет!

               Жүргізуші: Келесі 4-тарау: «Тәуелсіздік – тәуекелі тұратындардың еншісі» атты тарау бойынша сөз кезегін 4 ші оқушыға береміз.

               4 – оқушы: Армысыздар Тәуелсіз елдің тұрғындары! «Тәуекелі тұратындардың ғана қолы жетпесе, Тәуелсіздік бола ма?Азаппен,арпалыспен келмесе,Азаттық бола ма? Оңайлықпен келсе, оның қадірі бола ма? Қадірі жоқ нәрсе қолда ұзақ тұра ма?» деп осы бөлімнің 62 ші бетінде жазылғандай,арпалыспен келмесе Тәуелсіздік біздің қолымызда тұрар ма еді?Біз тәуелсіздіктің қалай келгенін, оның қадір – қасиетін бағалай білетін ұрпақпыз.Білем азаттықтың ақ таңы бізге оңайлықпен атпады.

                                                  Тәуелсіздік – рухы күшті ғажап күн,

                                                Бізге оңай келген жоқ қой азат күн.

                                                Еркіндіктің желбіретер көк туын

                                                Біз жастармыз, болашағы қазақтың. – дей келе Елбасының мына бір сөзін сөзге тиек еткім келеді: «Азаттық жолы ұзақ та тауқыметті . Оны баянды ете білу де оңай шаруа емес.»(78 бет)  Біздің Отанымыз – егеменді, тәуелсіз қазақ  мемлекеті. Осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет дархан далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі маңыраған, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көкбайрағын көкке көтеріп, еңселі елтаңбасын айқындатып, әнұранын асқақтата шырқауды мақтаныш тұтамыз. Келесі бір сөзінде: «Бүгінгі біздің тәуелсіздігіміздің қайнар көзі – қазақ халқының сан ғасырлар бойғы күресінде, азаттыққа ұмтылған қайсарлығында жатыр.»(76 бет) деген болатын. Азаттық қазақ халқының ежелгі арманы еді, ат үстінде өткен кезеңдер көп болды. Азаттық үшін күресте айрықша қылыш сермеді, талай қиындықты бастан кешірді.Кешегі  Бауыржан, Тәйімбет, Талғат,Баубек, Рақымжан, Қасым Қайсенов, Қайрат Рысқұлбеков және жергілікті жеріміздегі Болтай,Дауылбай сынды ағаларымыз бен Әлия мен Мәншүк,Ләззат пен Сәбира,Хиуа апаларымыз секілді халқымыздың тәуелсіздігі,егемендігі жолында өз өмірін қиса да ешқашан да мойымады, күресе білді, азаттық таңы туатынына кәміл сенді. Сол  құрбандардың рухына құрмет көрсету біздің азаматтық борышымыз. Әрқашан да Тәуелсіз Қазақстанның таңы нұрлы болып, егемен елдің ұрпағының еңсесі биік болсын! Назарларыңызға рахмет!

            Жүргізуші:   «Елдік, ерлік, бірлік, қайрат, бақ, ардың

                                    Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың.

                                    Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,

                                    Нұрлы жұлдыз – бабам тілі, сен қалдың!» деп Мағжан Жұмабаев жырлаған. Баба тілі талай зобалаңды бастан кешіріп құрудың аз – ақ алдында қалды емес пе?! 1989 жылы Қазақ ССР – ында «Тіл туралы» заң қабылданды. Содан бастап қазақ тілінің рөлі артуда. Келесі « Ана тілі ұлтымыздың айнасы» атты 5-тарау бойынша тарқату үшін 5-ші оқушымызды ортаға шақырамын.

           5 – оқушы: Елбасы елдікке  қатысты, мемлекеттің болашағына байланысты қандай мәселе көтерсе де, қандай  сөз сөйлесе де түйінін тілге – қазақ тіліне әкеліп тірейді. Бір сөзінде: «Ана тілін армансыз бойға сіңіріңіздер, өйткені, бабаларымыздың ғұмыр тәжірибесі, дүниетанымы, мінез – құлқы, өзіндік болмыс – бітімі осы тілде қаттаулы жатыр» (91 бет)десе, келесі бір сөзінде «Тілге  деген көзқарас – шындап келгенде, елге деген көзқарас» (92 бет)екендігін алға тартады. Ана тілінің адам өміріндегі, ел тағдырындағы орны мен маңызының қаншалықты зор екендігін еліміздің әрбір азаматы, әсіресе, іс басындағы атқамінерлеріміз Елбасыдай  түсініп, сол кісіше әрекет етсе, бүгінде өзіміз қолдан жасап жүрген көптеген кедергілердің бірі де болмас еді деп білемін. Елбасы айтқандай, «Ана тілін ардақтау – ешқашан ескірмейтін ұран». Сондықтан Ана тілінің айбарына айналған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың осынау ұстанымы Қазақстанның әрбір азаматының бетке ұстар темірқазығы болуға тиіс деп білемін.Тіліміз мәңгі жасасын!

          Жүргізуші: Сөз жоқ, тарихты оқу, одан тағылым алу жақсы, ал тарихты жасау одан да жақсы. Келесі «Тарихтан тағлым ала алсақ» атты тарау бойынша өз пікірін білдіруге келесі оқушымызды шақырамыз.

           6 – оқушы: Қазір біздің көз алдымызда  Қазақстанның жаңа тарихы жасалып жатыр. Бұл Қазақстанның тәуелсіз тарихы, өзіндік даму арнасына түсу тарихы. Оның бастауында әрине, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тұр. Әлбетте, қазақ тарихының

даңқты беттері аз емес. Осы кезге дейін адамзат тарихында Түрік қағанаты, Алтын Орда империясы, Кеңес Одағы, Британ, Осман империялары дәуірлеген замандар болды. Алайда,  уақыты жеткенде, күні толғанда олардың барлығы да ыдырап, тарих қойнауына кетіп отырды. Бұның барлығы да қазақ жанына ауыр жара салды. Қанша қиыншылық өтсе де біз оны ешқашан ұмытпаймыз, себебі бұл – тарих.Осы тараудағы Елбасымыздың мына бір сөзін айтқым келеді:

          «Желді тоқсанның ызғарлы табиғатын жұмсартып, жанымызды жарқын шуаққа бөлеп, көк аспан көңілімізді шайдай ашқан мемлекеттік мерекеміз біздің тарихи көшімізді ғасырдан ғасырға жалғай береді.» (117 бет)

                                                 «... Елім – айлап тұрғанда ұландары,

                                                Қайта оянды халықтың мың арманы.

                                                Қалды мәңгі қазақтың жүрегінде

                                                Жанып кеткен Желтоқсан қырандары.»деп,  қанша жыл өтсе де, қанша ғасыр өтсе де бұл ұмытылмайтын оқиға болмақ. Ұмытылмайтыны – оның халық тағдырымен тікелей байланыстылығында. Өмір – өзен толқындары бізді әйгілі «Желтоқсан оқиғасынан» уақыт өткен сайын алыстатып әкетіп бара жатса да жүректе мәңгілік ұмытылмайтын бір нәрсе бар. Ол – дүниені дүр сілкіндірген  сол үш күн ішінде қазақ қыздары мен жігіттерінің рухына, ерлігіне деген тағзым, құрмет.Келесі сөзі: «Өзінің ядролық арсеналынан бас тартып және әлемдегі аса ірі ядролық полигонын мәңгілікке жауып, дүние жүзіне үлгі көрсеткен де Қазақстан болды».(118 бет)Әрине біздің Қазақстан бейбітшілікті қалайды. ХХ ғасырда дүние жүзіндегі бірде – бір ел қазақ халқы көргенді бастарынан кешкен жоқ. 1949 – 1950 жылдары Семей полигонында сыналған 600 – ден астам ядролық жарылыстардың кесірінен осы өңірдегі 500 мыңнан астам адам уланды.Осы полигонды жабуда Елбасымыздың еңбегі ерен десек болады.Ол сонымен қатар алғаш болып, ядролық  қарусыз өмірді қалайтын ұлы кемеңгер көшбасшы екенін көрсете білді. Ата – бабамыздың терімен мұраға қалдырған атамекенімізді ендігі ұрпақ біздер терең біліммен,ақыл – парасатпен,салмақты мақсатпен сақтап,ұлтымыздың ұлы арманы тәуелсіз ел болуымыз керек. Тәуелсіздікті көзіміздің қарашығындай сақтап, қазақ атымызды көкке көтеріп, намысты ұл,инабатты қыз,айбынды ел болуға ұмтылайық!

            Жүргізуші: Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін жариялап , өз алдына егеменді ел болған 23 жыл ішінде Қазақстан экономикалық , әлеуметтік – саяси демократиялық тұрғыдан жедел даму жолына түсті, егемендігіміз нығайды, қоғамдағы азаматтық бейбітшілікті және ішкі саяси тұрақтылықты сақтауға, этносаралық және конфессияаралық қатынастарды орнықтыру жолында айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізіп, қалыптасқан мемлекет болды.Келесі  «Ел бірлігі – асыл қасиет» атты 7-тарау бойынша шығып сөйлеуші оқушымызды шақырамыз.

            7 – оқушы: «Қазақ халқының ынтымағы мен бірлігі мықты болмайынша, мемлекетіміздің тұтастық келбетін сақтау мүмкін емес»(130 бет) деп Елбасымыз осы тарауда атап өткендей: Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Адам жүрексіз өмір сүре алмайды, Отансыз да өмір сүре алмайды. Отан – біздің туған жеріміз, өзіміздің туған – туысқанымыз, дос – жарандарымыз бен тұратын еліміз.  Біздің Отанымыз – Қазақстан. Бүгінгі Қазақстан – дүниежүзіндегі мемлекеттер таныған ел. Оның өз Елтаңбасы,Туы,Әнұраны бар.Республика халқының саны 17 миллиондай. Байырғы ұлт қазақтармен бірге басқа 140 ұлт пен ұлыстар бір – бірімен туысқандай болып кеткен.Қазақстанның шаруашылығы мен мәдениетін дамытуға барлық ұлт өкілдері белсене қатысып, бірлесе еңбек етіп келеді.Және: «Бірлік, ынтымақ,сабырлық пен парасаттылық, ең алдымен, өзімізге – қазақтарға керек» (131 бет)деп еліміздегі қазақ халқын бірлікке шақырады. Қазақстанда өзге жерлердегідей ұлтаралық қырғын,қантөгіс болған емес,болмайдыда. Бұл ең бастысы – қазақ халқының кеңпейілділігі мен парасаттылығының нәтижесі.Бүгінде Астанамыз – әлемдегі ең сұлу әрі жас басқаланың бірі. Қонақжай қала көптеген елдерден ағылған саяхатшыларды өзіне тартуда, аз уақыт ішінде ірі халықаралық шаралар мен маңызды оқиғалардың орталығына айналды. ЭКСПО – 2017 бүкіләлемдік көрмесін өткізу ретінде Астана қаласының таңдалуы біздің елордамыздың қоғамдастық тарапынан мойындалғанын айғақтайды. Астананың сәулет өрнектерінде және бейбітсүйгіш рухында Шығыс пен Батыстың ғасырлар бойғы дәстүрлері өрілген, Қазақстан халқының барша мәдени және рухани байлығы үйлесім тапқан. Сондықтан да, Мемлекет басшысы жариялаған Қазақстан халқы Ассамблеясының 2015 жылы елордада «Астана – бейбітшілік пен келісім қаласы»деген атауымен өтпек. Сонымен қатар: «Ендігі жерде біз бәріміз бір атаның – қазақ халқының ұлымыз. Ендігі жерде бәріміздің туған жеріміз біреу – ол жалпақ қазақ даласы»(139 бет)деп атап өткенде,қазіргі таңдағы бейбіт тірлігіміз ұзағынан болғай.Бейбіт аспан астында достығымыз нығайып,денсаулығымыз өркендей берсін.Қазақстанымыздың қуаттылығы мен басымызға қонған бақытымыз бірлігіміздің берекесін арттыра берсін, бейбітшілік мәңгі ажырамас серігімізге айналып, еліміз бен жеріміз, халқымыз аман болсын!

            Жүргізуші: Келесі «Ұлттық намыс – ұлы ұғым» атты 8-тарау бойынша сөз кезегін берсек.

              8 – оқушы: Бұл тарау негізінен ұлтым деп жүгірген қазақ зиялыларын насихаттайды.Осы тараудың 155 ші бетінде Елбасының: «Мемлекет,қоғам,ұлт деңгейінде пайымдайтын зиялыларымыз – біздің баға жетпес байлығымыз, сарқылмас қазынамыз» деп атап өткендей,қазақ халқы есімі мен ісі өз заманының шектеулі шеңберінен аттап өтіп, ғасырлардың еншісіне, ұрпақтардың мақтанышына айналған дарабоз азаматтарға кенде емес. Қазақ даласында сталиндік билік заманында шыбын жанын шүберекке түйе жүріп,Қазақ мемлекетін құруға,жерін жинауға, халықтың ғұмырын ұзартатын құдірет – білім, ғылым, мәдениет қазынасын қалыптастыруға үлес қосқандар алдында бүгінгі ұрпақ мәңгі борыштар.Алысқа  бармай осынау санаулы көсемдеріміздің қатарында  Алаш деп жүрегі соққан мектебімізге аты берілген Темірбек Жүргеновтың алар орны айрықша.Тағы бір сөзінде: «Зиялылар – қай заманда да өмір сыры мен сынын жан – жүрегімен бағамдап, толғай білген, халқының келешектегі тағдырын зерек көңілімен болжай білген жандар.»(164 бет) деп ұлтымыздың зиялыларын қоғамымыздың әділ қазысы деп түсіндірген.Сонымен қатар: «Зиялылардың саясаткерлер қолындағы ойыншыққа айналуға хақысы жоқ.Зиялылар саясаткерлерге қарағанда анағұрлым арғы келешекті болжауы керек»(165 бет)деп қазіргі зиялы қауымының мықты болып, халықтың үнін жоғарыдағыларға жеткізуін қадап айтқан.

              Жүргізуші: Демократия – әлемнің өркениетті елдерінің таңдау, яғни біздің де таңдауымыз. Келесі «Демократия жарлықпен орнатылмайды» атты 10-тарау бойынша сөз кезегін 9- шы оқушыға береміз. 

              9 – оқушы: Біз демократиялы елміз. Біздің Қазақстанда әркімнің өз өмір сүру құқы бар.Адамның құқықтары да заңмен қорғалады. Біз өз еркімізбен тегін білім алудамыз. Себебі,бізде барлығы ерікті.Өзге елдерге қарағанда еліміз шүкір тегін білім беріп, тегін жер беріп,тегін ем алудамыз. Демократия деген осы емеспе?! «Қазақстан үнемі демократия жолымен жүретін болады. Бұл-  менің нық сенімім және ұстанымым, менің саналы таңдауым »деп Елбасы айтқандай біз үнемі демократиялы ел болып қала береміз. «Аз қазақтың азаматын ру, жүзге теліп сөйлеудің ендігі жерде ешқандай қисыны келмейді. Мазаққа қалмайық,ұрпақты азапқа салмайық» деп Елбасы руға, жүзге бөлінудің еш маңызы жоқ екенін қадап айтады.

           Жүргізуші:  « Сенгенің игілікті еңбегің болсын» атты 10 тарау бойынша шығып сөйлеуші оқушымызды шақырамыз.

          10 – оқушы:  «Сенгенің игілікті еңбегің болсын» атты 10-тарауда Елбасы: «Қазір ынтымақтасу мен іскерлік кезеңі. Адам лайықты өмір сүріп, өмірін жақсарту үшін еңбек ету керек, себебі, адам қай қоғамда да өз еңбегімен қадірлі»(201 бет) дейді. Ол үшін әрине ең алдымен білім керек, ұлттың бәсекелестік қабілеті оның білім деңгейімен айқындалатынын Елбасы кезекті әр жолдауында ерекше атап өтеді. Елбасының жастарға айтқан білім туралы қанатты сөздері әр жас азаматтың санасында жаңғырып тұратыны анық. Ол үшін біз тиянақты білім алып, сол білімді өмірде жаратып, нақты пайдалануымыз керек.Себебі, ХХІ ғасыр білекке сенетін заман емес, білімге сенетін заман. Осындайда Абайдың мына бір қанатты сөзі ойымызға келеді. «Тегінде адам баласы адам баласынан, ақыл, білім, ар, мінез деген нәрселермен озады, одан басқамен оздым дегеннің бәрі бос ақымақшылық» деген.Қорыта келе, біз, жастар, болашақ елімізді өркендетіп, дамыған елдермен тереземіз тең болғанын қаласақ, терең біліммен қаруланып, алған білімімізді кез-келген жерде қолдана алуымыз қажет. Сонда ғана, өнімді жұмыс жасап, кез келген қамалды алуға  дайын боламыз.Назарларыңызға рахмет!

           Жүргізуші:  Келесі «Дәстүріңді баққаның – үмітіңді жаққаның» деп аталатын тарау бойынша оқушымызды қарсы алайық.

          11 – оқушы: Бұл тараудың «Дәстүріңді баққаның – үмітіңді жаққаның» деп аталуының өзінде үлкен мән жатыр. Ата- бабамыздан аманатқа қалған асыл мұралар – дәстүр, таным, тағылым. Егер өз ұлтымызбен  мақтанар болсақ, онда қазақ халқының әлемдегі өркениетті елдерден кем түспес асқар ойлы, салауатты салт – дәстүрі бар, терең тағылымды ел екенінен бастағанымыз жөн.

                                                «Халқым қандай?» - десең,

                                                Салтымнан сұра.

                                                «Өзің қандай?» - десең,

                                                Халқымнан сұра. – деп  Мұзафар атамыз айтқандай, біздің халқымыздың түсінігінде ең бай қазына – адам! Біздің дүниеге келген сәтімізден бастап өмірдің сан қилы кезеңдерін тамаша думан, өрелі де өнегелі тәлім берер салт – дәстүрмен өрнектеген ұлтымыздың ұлылығы шексіз. Осы тұста Елбасы «Жастарымыз салт – дәстүрімізді көздің қарашығындай бағып жүретін болуы тиіс»(226 бет)деген. Себебі біздің қазақ халқы салт – дәстүрге өте бай ел.Бұл оның мәдениетті әрі тәрбиелі ел екендігінің айғағы. Белгілі қоғам қайраткері, заңгер Шайкенов: «Ұлт дәстүрі – заңнан биік» деген. Демек, салт – дәстүрлі ел – мықты әрі тұғыры берік ел. Біздің халқымыз өз ұрпақтарына ғасырдан – ғасырға ұлт қасиетін салт – дәстүрмен, өнегені әдет – ғұрыппен,үлгіні жөн – жосықпен ,әдепті,ырым – тыйыммен тәрбиелеп,ұлағатты ұл, инабатты қыз өсірген.Дана халықтың өзі жасаған осы әдет – ғұрып пен жөн – жосықты біліп, үйрену және өмірде қолдану – ағайынды адастырмас сара жол. Мұны отбасында ата – ана, мектепте ұстаз, көпшілік ортада ақсақалдар жастарға үйретіп отырса, ұтарымыз көп болар еді. «Жер бетіндегі жақсылық,ізгілік, қайырымдылық атауларының бәрі де ананың ақ сүтінен тарайды» (213 бет)деп ақжаулықты аналарды дәріптеген. Иә,расында да бүгінігі арулар, ертеңгі ақ жаулықты аналар.Біздің бойымыздағы жақсы қасиеттердің барлығы ананың ақ сүтімен дариды.Аналарды ардақтап,аялай білейік.Назарларыңызға рахмет!

           Жүргізуші: Оқушылар, кітабымыздың соңғы тарауына да келіп жеттік. «Өрелі рухсыз өркениет жоқ» деп аталатын 12 – тарау бойынша шығып сөйлеушіні тыңдайық.

           12 – оқушы: Қазақ халқына рух беріп тұрған оның мәдениеті мен өнері. Елбасымыз ел егемендігінің 23 жылында ұлт мәдениетінің өсіп – өркендеуіне де өлшеусіз үлес қосты. Елбасы: «Мәдениет, ең алдымен, жәдігерлік. Оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші – зиялы қауым» - деген болатын.Қазақстан экономикасы өсіп – өркендеген, саяси тұрақтылық  пен қоғамдық келісімді берік орнықтырған, бүкіл әлем мойындаған алдыңғы қатарлы мемлекетке айналды. Мемлекет басшысының осындай қанатты қамқорлығының арқасында тәуелсіздіктің алғашқы жылдары елімізде жаңадан театрлар, мәдениет сарайлары,кітапханалар бой көтерді. Мәдениет пен өнер қайраткерлері заман талабына сай жаңа опера, балет,драма және кино туындыларын дүниеге әкеліп, тәуелсіздік тұғырын биіктетті. Елдің рухани өмірі мен мәдени өрлеуіне мідениет саласының үлесі мол. Осы орайда елімізде 2004 жылдан бері қазақ халқының көне замандардан күні бүгінге дейінгі тарихын түгендеп, ұлт мәдениеті мен әдебиетінің ұлы жауһарларын жүйелеуге арналған «Мәдени мұра» бағдарламасы ойдағыдай жүзеге асырылып келеді. «Мәдени мұра» бағдарламасы шеңберінде қазақ халқының ғасырлар бойғы жасалған рухани мұрасы жүйеленіп рет – ретімен жарық көруде. Қазақтың 1000 күйімен 1000 әні халықпен қайта қауышты. Кейінгі кездері «Бабалар сөзі» сериясымен қолға алынған ауыз әдебиетінің 100 томдығы, «Сырдария» сериясымен бүкіл сыр жұртшылығының ақын – жазушыларының 200 томдығы оқырманға жол тартып отыр. Осындай жәдігерлер өскелең ұрпақтың білім көкжиегін кеңейтуде. Иә Қазақстанда мәдениет пен өркениет қатар дамуда. Өрелі рухсыз өркениет жоқ демекші, жастарымыз рухани бай болса, онда біздің мәдениетіміз дамып одан әрі өркениетті ел боларымыз айқын. Бүгінгі тақырып болып қозғалып отырған  Елбасының осы бір туындысының өзі елдің бүгінімен қатар, өткеніне де ерекше қамқорлықпен қарайтын кемеңгер тұлға екендігінің айқын дәлелі. Сөзімді Елбасының мына сөзімен қорытайын: «Міне, тәуелсіздік таңы атты. Азат ел атандық дегенмен, атымызда азат, затымызда азат болуы үшін әлі де талай шаруа атқаруға тура келеді. Бұл қайырлы сапар, қасиетті жол. Ол жолдан біз таймаймыз».  Назарларыңызға рахмет!

 

           Жүргізуші: Бүгінгі конференциямыз өз мәресіне жетті. Өз ойын талқылап баға беріп, өз ойын айту үшін 201 мектептің кітапхана меңгерушісі Досанова Фируза апайымыз бен  мектебіміздің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – Майбасаров Берік ағайға сөз береміз.

            Жүргізуші:    Дүниеде тәуелсіз Қазақ елі бар.

                                   Әлемде егемен Қазақстан бар.

                                   Оның көп ұлтты, тату, ынтымақшыл халқы бар.

                                   Қуатты экономикасы, сенімді саяси жүйесі бар.

                                   Ең бастысы – бүгіннен нұрлы, бүгіннен кемел болашағы бар.

                                   Сол күнге берік сенім бар!

          Құрметті ағайын,еліміз тыныш,жұртымыз аман,көңіл күйлеріңіз көтеріңкі болсын деген игі тілекпен конференциямызды аяқтаймыз. Әрқашанда Тәуелсіз Қазақстанның таңы нұрлы болып, егемен елдің ұрпағының еңсесі биік болсын! Сау – саламат болайық,жүздескенше! Оқырмандарымыз арта берсін!

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Конспекты на тему Елбасының «Ой бөлістім халқыммен» атты кітабына"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Садовод

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

 

Конференцияның мақсаты: Аталған кітаптың мазмұндық идеясын,тәрбиелік құндылығын көрсету.

 

         Көрнекіліктер: «Елбасы күні – елдікке құрмет» атты тақырыптық көрме. «Ғасырдың ғажап азаматы», «Еңсесі биік Елорда», «Аман бол, Азаттықтың астанасы», «Тәуелсіз елім Қазақстан» атты видеоролик

 

           Жүргізуші: Қош келдіңіздер, құрметті оқырман,ұстаздар, қонақтар! 1- желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш  Президенті күні баршаңызға құтты болсын! Еліміздің Тәуелдсіздігінің 20 жылдық мерекесі қарсаңында Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты 1 -желтоқсанды мемелекеттік мереке ретінде аталуы жөнінде заң қабылдады.

 

 

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 487 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 26.02.2015 1886
    • DOCX 147.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Абишева Сауле Нургазиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Абишева Сауле Нургазиевна
    Абишева Сауле Нургазиевна
    • На сайте: 9 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 2008
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 483 человека из 70 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 325 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 282 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 153 человека

Мини-курс

Феноменология в педагогике: основные концепции и их практическое применение

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы программирования и мультимедиа: от структуры ПО до создания проектов

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 14 человек

Мини-курс

Развитие дошкольного мышления

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 20 человек