Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Конспкет урока на тему:Төрт түлік
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

Конспкет урока на тему:Төрт түлік

библиотека
материалов

Әдебиеттік оқу 3-сынып

Сабақтың тақырыбы: Төрт түлік

Мақсаты: Төрт түлік жайлы түсініктерін кеңейту, ұғымдарын толықтыру, байланыстырып сөйлеу тілін қалыптастыру, сөздік қорын байыту; Балаларға жануарларды күтіп бағуға деген сүйіспеншілігін оятып оларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу;

Көрнекілігі:   үй жануарларының суреті, дидактикалық ойынға қажетті құрал-жабдықтар

Әдіс – тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, топпен жүмыс, ойын, әңгімелеу

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің байланысы: қоршаған ортамен таныстыру, құрастыру, сурет.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: ашық сабақ

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру.

ІІ. Психологиялық дайындық.

Сәлеметсіңдер ме,балалар! Көңіл күйлерің қалай? Олай болса алдарыңдағы кез келген шарларды алып тілектеріңді айтып бір-біріне сыйлаңдар. Алған шарларыңмен енді топқа бөлініп отыра қалайық.Қызыл,сары шарлар бойынша сынып екі топқа бөлінеді



Үй тапсырмасын сұрау

«Көл» өлеңінен ұнаған шумағын жатқа сұрау

Картадан Алакөл,Балқаш,Зайсан,Марқакөл көлдерін көрсету



ІІІ. Қызығушылықты ояту

hello_html_m148abf80.jpg

-Балалар,мына суреттен не көріп тұрсыңдар?

-Қайсылары артық екен? (доп,балапан,тышқан,пингвин,қоян,түлкі)

-Сонда мына бір-біріне қай суреттерді жақын дер едің?

-Иә,оларды біріктіріп қалай атауға болады? (үй жануарлары)

Мағынаны тану

Үй жануарлары деп үйде ұстайтын жануарларды айтамыз. Осылардың барлығы төрт түлік малға жатады.

hello_html_m37c2db47.jpg

Төрт түлік – түйе, жылқы, сиыр және қой-ешкі малдары. Малдың шығу тегі туралы қызықты аңыз көп. Солардың біріне құлақ ассақ түйе – сордан (сотаң, ащы шөпке әуестігі, шөлге шыдамдылығы ескерілсе керек), жылқы – желден (желден жүйрік), сиыр – судан (сулы-нулы қонысқа үйір), қой – пейіштен (жуас, момын, шаруаға қолайлы), ешкі– тастан (тау-тасқа секірген жеңіл мінезді) жаратылыпты.Суретке қарап әр малдың өз төлдерін тауып айтады

hello_html_m77fae65.jpg

Оқулықтағы мәтінмен танысу.

-Өлеңді мәнерлеп оқып беру.

Өлеңнің 1-ші шумағын мұғалім оқиды,қалған 4 шумақты 2-топ өздері оқиды

-Балалар,түсінбеген сөздерді түртіп алып отырыңдар,сосын сөздерге түсінік жасаймыз

Сөздік жұмысы.

Жүген-

Көген- төлдің мойнына байлайтын жіп

Ноқта-

Бұйда-

Құрық-

Күнұзын-

-Балалар,келесі тапсырма топтарға беріледі

1-топ Қой-ешкі мен түйенің пайдасын айтады

Түйенің төлі бота. Түйе тікен жейді, су ішеді. Ботасы сүт емеді. Түйенің сүтін – шұбат деп атайды. Түйе мінсе көлік, сойса ет, сүті дәрі. Түйенің пірі -   Ойсылқара.

Қойдың төлі қозы. Қой шөп, жем жейді, су ішеді. Қозысы сүт емеді. Қойды сойса ет, терісінен түрлі заттар жасайды.  Қойдың пірі – Шопан ата.

Ешкінің төлі лақ. Ешкі шөп, жем жейді, су ішеді. лақ сүт емеді. Ешкіні сойса ет, терісінен түрлі заттар жасайды. Ешкінің пірі – Сексек ата.


2-топ Жылқы мен сиырдың пайдасын айтады

Сиырдың төлі бұзау. Сиыр жем, шөп жейді, су ішеді. Бұзау сүт емеді. Сиыр сауса сүт, сойса ет, терісінен киім тігеді. Сиырдың пірі – Зеңгі баба. Сиырдың сүтінен қаймақ, айран, сүзбе, құрт, май, ірімшік алынады.

Жылқының төлі  құлыншақ. Жылқы сұлы, жем жейді. Құлыншақ сүт емеді. Жылқының сүтін – қымыз деп атайды. Жылқы мінсе көлік, сойса ет, сүті дәрі. Жылқының пірі – Қамбар ата.

Сергіту сәті: «Дұрыс па,бұрыс па?» ойынын ойнайық

Мен төрт-түлік малға қатысты сөздер айтсам шапалақтаймыз, басқа сөздер айтсам шапалақтамайсындар

Мысалы: Қой-шапалақ, түлкі-шапалатамайды,т.б.


Мұғалім: Балалар,мына белгі нені білдіреді? (ойлануға берілген тапсырма)

-Дұрыс, «Ел құты-төрт түлік мал» дегенді қалай түсінесіңдер?

1-топ: Төрт түлік малға байланысты тыйым сөздер тауып жазады

  1. Малды бастан ұрма.

  2. Малға теріс мінбе.

  3. Малды теппе, төкпе.



2-топ: Төрт түлік малға байланысты мақал-мәтелдер айтады

Мұғалім: -Балалар,төрт түліктің жаңа туған кезіндегі атауларын жаз.Сол төлдер келесі жылы қалай атаатыны туралы кестені толтыр

Ойтолғаныс:

  • Біз бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде не туралы өттік?

  • Үй жануарларына нелер жатады екен?

  • Жануарлардың төлдерін не деп атаймыз?

  • Жануарлар қалай дыбыстайды?

  • Балалар, үйымдастырлған оқу іс-әрекетіне қатысқандарыңызға рахмет, мадақталады.

 

Үйге тапсырма: өлеңнен кез келген шумақты жаттау, ұнаған төрт-түлік малдың суретін салып келу

БағалауСабақ басында таратылып отырған жұлдызшалардың санына қарай бағалау






















































Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДБ-021447

Похожие материалы