Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Химия / Конспекты / Контрольные работы по курсу органической химии

Контрольные работы по курсу органической химии



Внимание! Сегодня последний день приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Химия

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_4e6a26f0.gifhello_html_m7b744866.gifhello_html_70120af.gifhello_html_70120af.gifhello_html_5212ddfd.gifhello_html_346d42de.gifhello_html_m241496b0.gifhello_html_6617f579.gifhello_html_6cb0077f.gifhello_html_7ceab5ce.gifhello_html_55ec44f7.gif



Органикалық химия пәні бойынша бақылау өлшемдерінің жинағы


chemistry





Павлодар қаласы, 2015ж.


Түсінік хат

Бұл ұсынып отырған бақылау өлшемдері 11-сынып оқушыларының органикалық химиядан алған білімдерін тексеру мақсатында құрастырылған

ҚР мемлекеттік білім беру стандартының 23.08.2012 ж №1080 және пәндер бойынша оқу бағдарламаларға сәйкес құрастырылған «Жалпы білім беретін мектептердегі жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11 сыныптарындағы жаратылыстану. Химия 11-сынып. Ы.Алтынсарин атындағы білім беру академиясы. Астана 2013ж»

Оқу құралы 4 бақылау жұмыстарынан келесі тақырыптарды қамтыған:

1.Органикалық химияға кіріспе. «Органикалық қосылыстардың құрылыс теориясы»

2. «Көмірсутектер мен олардың табиғи құрылысы»

3. «Оттекті органикалық қосылыстар»

4. «Азотты органикалық қосылыстар», «Гетероциклді қосылыстар», «Нуклеин қышқылдары»

Бақылау жұмыстары 3 нұсқадан тұрады. Әр бақылау жұмысы 5 тапсырмадан тұрады. Бірінші және екінші тапсырма оқушылардың білімдерін еске түсіруге, үшінші және төртінші тапсырмалар білімдерін қолдануға, бесінші тапсырма біліммен бөлісуге, алтыншы тапсырма қосымша, химияны терең білетін, шығармашылықпен жұмыс істейтін дарынды шәкірттерге арналған.

Әрбір бақылау жұмысының соңында бағалау критерийлері көрсетілген, бұл оқушы жұмысын бағалауда мұғалім жұмысын жеңілдетуге көмегі зор. Бұл оқу құралы арқылы оқушы өзінің жұмысын өз бетінше тексере алады және жоғары нәтижеге жетуге ынтасын оятады.

Нақты белгіленген бағалау критерийлері болған жағдайда ғана сапалы бағалауға қол жеткізуге болады. Сондықтан берілген бақылау жұмыстарынан оқушылардың тақырыптарды қаншалықты меңгергендері және тәжірибеде қолдана алуын анықтауға мүмкіндік береді.

Ұсынылып отырған оқу құралын жалпы білім беретін мектептердегі химия пәні мұғалімдері және органикалық химия пәні бойынша оқушылар өз білім деңгейлерін тексеру мақсатында қолдануға болады.













Құрастырған:

Несипбаева З.К. - химия пәні мұғалімі № 20 лицей












Ұсынылып отырған оқу құралын жалпы білім беретін

мектептердегі химия пәні мұғалімдері және органикалық

химия пәні бойынша оқушылар өз білім деңгейлерін

тексеру мақсатында қолдануға болады.

























Мазмұны

  1. Органикалық химияға кіріспе. «Органикалық қосылыстардың

құрылыс теориясы».

  1. . «Көмірсутектер мен олардың табиғи құрылысы».

  2. «Оттекті органикалық қосылыстар».

  3. «Азотты органикалық қосылыстар», «Гетероциклді қосылыстар», «Нуклеин қышқылдары».

  4. Технологиялық ұяқалып. Тапсырмалардың бағалау критериясы.

  5. Тапсырмалардың спецификациясы және бағалау критерийі.

  6. Тапсырмаларды мазмұны мен қиындығы арқылы бөлу.

  7. Ұпайдың көрсеткішін бағалауға аударуы.












Химия 11 сынып Бақылау жұмысы № 1

«Органикалық химияға кіріспе. Органикалық қосылыстардың құрылыс теориясы»

(С.Ж. Ауталипова, № 4 ЖОМ К. Макпалеев атындағы Павлодар қаласы)


Мақсаты: Мемлекеттік стандартқа және бағдарламаға сәйкес оқушылардың білім, білік дағдыларын тексеру.

Берілген тапсырмалар бойынша оқушылар білуі және меңгеруі тиіс:

  1. Органикалық қосылыстардың химиялық құрылыс теориясы және оның

маңызы. Изомерия.

  1. Көміртек атомының электрондық құрылысының ерекшеліктері. Гибридтену

және гибридтенген орбитальдар

  1. Органикалық қосылыстардағы химиялық байланыстар.

  2. Органикалық реакциялардың жіктелуі мен механизмдері.

  3. Органикалық қосылыстардың жіктелуі мен номенклатурасы.

  4. Құрамындағы химиялық элементтердің массалық үлестері және

салыстырмалы тығыздығы бойынша заттың химиялық формуласын табу.


І – нұсқа

Изомерлер дегеніміз не? Анықтамасын жазындар. Көміртек қанқалары бойынша заттардың формулаларын сутек атомдарымен толтырып, неше заттың формулалары келтірілгенін жазындар және берілген заттардың ішінен изомерлерді табыңдар.

Б) С

С – С- С- С



А) С- С- С- С

Ә) С

В) С

С

С

С - С


С – С

С - С

Ғ) С – С - С

С – С- С



Г) С С С

С С С







2) Көмірсутектердің жалпы формуларына сүйеніп, құрамында бес көміртек атомы бар алканның, циклоалканның, алкеннің, алкадиеннің, алкиннің және ароматты көмірсутектер өкілдерінің молекулалық формулаларын есептеп жазындар.

3) Органикалық реакциялардың түрлерін берілген мысалдармен сәйкестендіріндер:


р/с

Органикалық реакциялардың түрлері

Мысалдар

1

Орынбасу

С 2 Н6 → С2H2 + 2Н2 ( жағдай t0)

2

Қосылу

С5Н102 С5Н12

3

Айырылу

3HC ≡ CH → C6H6 ( жағдай өршіткі С, t0)

4

Изомерлену

С2Н2 + 4 [О] → HOOCCOОН

ацетилен қымыздық қышқылы

5

Тотығу және тотықсыздану реакциялар

СН3 – (СН2 )4 – СН3 СН3 – СН – (СН2)2 – СН3

гексан │

СН3 изогексан

5 а

Жану

СН ≡ СН + I2 СН I ═ СНI

5 б

Гидрлеу

4Н10 + 13О2 → 8СО2 + 10Н2О

6

Полимерлену

С6Н6 + Вr2 С6Н5Вr + H Вr


4) Пропанның С 3Н8 , хлордың СІ2, бромэтанның С2 Н5 Br молекулаларында қанша және қандай байланыстар болады? Құрылымдық формулаларын жазып, бейнелеп көрсетіндер.

5) Сан есеп. Ауа бойынша салыстырмалы тығыздығы 2 –ге тең, құрамындағы көміртектің массалық үлесі 0,828 , сутектің массалық үлесі 0,172 болатын көмірсутектің қарапайым формуласын табындар.

6* Пентен СН3 –СН ═ СН – СН2– СН3 молекуласындағы әр көміртек атомының гибридтену түрі қандай болатынын айтып түсіндіріндер


ІІ – нұсқа

1) Органикалық қосылыстардың изомерленуінің қандай түрлері болады? Анықтамасын жазындар. Құрылымдық формулалары келтірілген қосылыстардың қайсысы бір – біріне изомер болатынын табындар.

А) СН3 – СН – СН3 Ә) СН3 – СН ═ СН – СН3

СН3

СН3

Б) СН3 – СН ═ СН2 В) СН3 – СН – СН2 – СН3

СН3


Г) СН3 Ғ) СН3 – СН – СН2 – СН3

│ │

СН СН2 – СН3

Н2С СН2


2) Көмірсутектердің жалпы формуларына сүйеніп, құрамында алты көміртек атомы бар алканның, циклоалканның, алкеннің, алкадиеннің, алкиннің және ароматты көмірсутектер өкілдерінің молекулалық формулаларын есептеп жазындар.

3) Органикалық реакциялардың түрлерін берілген мысалдармен сәйкестендіріндер:


р/с

Органикалық реакциялардың түрлері

Мысалдар

1

Орынбасу

СН4 → С + 2Н2

2

Қосылу

С2Н22 С2Н4

3

Айырылу

nСН2 ═ СН2 → ( – СН2 СН2 –)n

этилен полиэтилен

4

Изомерлену

СН4 + [О] → СН3ОН

метан метанол

5

Тотығу және тотықсыздану реакциялар

СН3 – СН2 – СН2 – СН3 СН3 – СН – СН3

бутан │

СН3 изобутан

5 а

Жану

СН2 ═ СН2 + СІ2 СН2 СІ – СН2СІ

5 б

Гидрлеу

2Н6 +7О2 → 4СО2 + 6Н2О

6

Полимерлену

СН4 + НОNO2СН3 –NO2 + H2 O


4) Метанның СН4, азоттың N2, хлорметанның СН3СІ молекулаларында қанша және қандай байланыстар болады? Құрылымдық формулаларын жазып, бейнелеп көрсетіндер.

5) Сан есеп: Көмірсутектің қалыпты жағдайдағы тығыздығы 1,96 г/л , құрамындағы көміртектің массалық үлесі 81,81%. Осы газдың химиялық формуласын табындар.

5) Пропен СН2 ═ СН – СН3 молекуласындағы әр көміртек атомының гибридтену түрі қандай болатынын айтып түсіндіріндер.


ІІІ – нұсқа

1) Гомологтар деген не? Анықтамасын жазындар. Құрылымдық формулалары келтірілген қосылыстардың қайсысы бір – біріне гомологтар болатынын табындар.

А) СН3 – СН – СН3 Ә) СН3 – СН2 – СН2 – СН3

С2Н5 СН3

Б) СН3 – СН ═ СН2 В) СН3 – С – СН2 – СН3

│ │

С2Н5 СН3



Г) С2Н5 Ғ) СН3 – СН – СН2 – СН3

│ │

СН СН2 – СН2 – СН3

Н2 С СН2


2) Көмірсутектердің жалпы формуларына сүйеніп, құрамында жеті көміртек атомы бар алканның, циклоалканның, алкеннің, алкадиеннің, алкиннің және ароматты көмірсутектер өкілдерінің молекулалық формулаларын есептеп жазындар.

3) Органикалық реакциялардың түрлерін берілген мысалдармен сәйкестендіріндер:


р/с

Органикалық реакциялардың түрлері

Мысалдар

1

Орынбасу

С3Н62 С3Н8

2

Қосылу

СН4 → НС ≡ СН + 3Н2

3

Айырылу

nСН2 ═ СН2 СН3 → ( – СН2 СН СН3 )n

пропилен полипропилен

4

Жану

С 2Н6 + [О] → С2Н5ОН

этан этанол

5

Тотығу және тотықсыздану реакциялар

СН3 – СН2 – СН2 – СН2 – СН3 СН2 – СН – СН3

пентан │

СН3 СН3 изопентан

5 а

Изомерлену

СН2 ═ СН СН3 + Br2 СН2 Br – СН Br СН3

5 б

Гидрлеу

С3Н8 +5О2 3СО2 + 4Н2О

6

Полимерлену

СН3 – СН2 – СН2 – СН2 – СН3 СН3 – СН – СН2 – СН3

пентан │

СН3 изопентан


4) Этанның С2Н6, бромның Br2, дихлорметанның СН2СІ2 молекулаларында қанша және қандай байланыстар болады? Құрылымдық формулаларын жазып, бейнелеп көрсетіндер.

5) Құрамында көміртектің массалық үлесі 37,5%, оттектің массалық үлесі 50%, сутектің массалық үлесі 12,5% болатын органикалық қосылыстың молекулалық формуласын анықтандар. Берілген қосылыс буының сутекпен салыстырғандағы тығыздығы 16 –ға тең.

6) Бутен СН3 –СН ═ СН – СН3 молекуласындағы әр көміртек атомының гибридтену түрі қандай болатынын айтып түсіндіріндер



Мазмұны (оқу бағдарламасының бөлімі)



Тақырып



Тапсырмалардың сипаттамасы

Күрделілік деңгейі

Б-базалық

Ож-ортадан жоғары

Ж-жоғары

Ш - шығармашылық

Критерий


А В С Д

1


Органикалық

химияға

кіріспе. Органикалық қосылыстардың құрылыс теориясы.

А.М.Бутлеровтың органикалық қосылыстарың химиялық құрылысы теориясы,оның маңызы,изомерия.

Изомерлер деген не? Анықтамасын жазыңдар. Құрылымдық формулалары келтірілген қосылыстардың қайсысы бір – біріне изомер болатынын табыңдар.

Б

1

2

2


2

Органикалық қосылыстардың жіктелуі мен номенклатурасы

Жалпы формулаларға сүйеніп, құрамында көміртек атомы берілген алканның, циклоалканның, алкеннің, алкадиеннің, алкиннің және ароматты көмірсутектер өкілдерінің молекулалық формулаларын есептеп жазыңдар.

Б

1

1

3


3

Органикалық реакциялардың түрлері

Органикалық реакциялардың түрлерін берілген мысалдармен сәйкестендіріңдер:

Ож

2

3



4








5

Молекулалар пішіні, валенттілік бұрыштары,байланыс түрі,түзілу механизмі.


Сан есеп.

Құрамындағы химиялық элементтердің массалық үлестері мен тығыздығы және салыстырмалы тығыздығы бойынша заттың химиялық формуласын табу.

Берілген органикалық заттардың молекулаларында қанша және қандай байланыстар болады? Құрылымдық формулаларын жазып, бейнелеп көрсетіндер.


Құрамындағы химиялық элементтердің массалық үлестері мен тығыздығы және салыстырмалы тығыздығы бойынша заттың химиялық формуласын табу.


Ож







Ж

2







1

3







1








1








2

6*

Көміртек атомының электрондық құрылысының ерекшеліктері. Гибридтену және гибридтенген орбитальдар.

Берілген органикалық заттардың молекуласындағы әр көміртек атомының гибридтену түрі қандай болатынын айтып түсіндіріңдер

Ш

1

1

3



Тапсырмалардың спецификациясы және бағалау критерий


Тапсырмалардың сипаттамасы


Тексеретін элементтер

Ұпай

саны

Орындаған тапсырмалар үшін жалпы ұпай саны

1

Изомерлер деген не? Анықтамасын жазындар. Құрылымдық формулалары келтірілген қосылыстардың қайсысы бір – біріне изомер болатынын табыңдар.

1.Анықтаманы дұрыс беру. 2.Молекулалық формулаларын дұрыс шығару.

3.Бір – біріне изомер болатынын заттарды дұрыс табу.


1

2


2


5

2

Жалпы формулаларға сүйеніп, құрамында көміртек атомы берілген алканның, циклоалканның, алкеннің, алкадиеннің, алкиннің және ароматты көмірсутектер өкілдерінің молекулалық формулаларын есептеп жазыңдар.

1.Кестемен дұрыс жұмыс істеу.

2.Жалпы формуларының мағынасын дұрыс түсіну

3.Жалпы формулаларды дұрыс пайдаланып әртүрлі кластарға жататын заттардың молекулалық формулаларын есептеп шығару.


1


1


3



5

3

Органикалық реакциялардың түрлерін берілген мысалдармен сәйкестендіріңдер:

1.Органикалық реакциялардың түрлерін біледі.

2.Берілген реакциялардың түрін дұрыс анықтайды.

2


3


5

4

Берілген органикалық заттардың молекулаларында қанша және қандай байланыстар болады? Құрылымдық формулаларын жазып, бейнелеп көрсетіңдер.

1.Химиялық байланыстардың түрін біледі, дұрыс анықтайды, (байлыныстардың түзілу механизмын дұрыс түсінеді)

2.Заттардың электрондық, құрылымдық формулаларын дұрыс жазады, бейнелейді.

2



3



5

5

Сандық есептер.

Құрамындағы химиялық элементтердің массалық үлестері және салыстырмалы тығыздығы бойынша заттың химиялық формуласын табу.

1.Заттын құрамындағы элементтердің әрқайсының зат мөлшерін табу үшін қолданатын формуланы білу.

2. Заттын құрамындағы элементтердің атомдар санының қатынасын қалай табу керек білу.

3. Берілген тығыздық бойынша газдың молярлық массасын есептеу.

1



1



3



5

6*

Берілген органикалық заттардың молекуласындағы әр көміртек атомының гибридтену түрі қандай болатынын айтып түсіндіріңдер

1.Көміртек атомының электрондық конфигурациясын дұрыс жазу.

Көміртек атомының «қозған күйге қалай өтетінін» сызбанұсқа арқылы көрсету.

2.Орбитальдардың гибридтенуі деген не және көміртек атомының гибридтенуінің қандай түрлері бар дұрыс түсіндіру.

3.Гибридтенген орбитальдардың саны мен гибридтену түрі неге байланысты дұрыс түсіндіру.

4.Әр түрлі гибридтенген күйде (sp, sp2, sp3) болу қабілеті көміртек атомының дара, қос, үш байланыс түзуіне мүмкіндік беретінін дұрыс түсіндіру.

1



1


1



2




5


Тапсырмаларды мазмүны мен қиындығы арқылы бөлу

Маңызды салалар

Білімін жаңғырту

Білімін қолдану

Интеграция

Пайыздық қатынасы

Изомерлер деген не? Анықтамасын жазыңдар. Құрылымдық формулалары келтірілген қосылыстардың қайсысы бір – біріне изомер болатынын табыңдар.

1



20%

Жалпы формулаларға сүйеніп, көмірсутектердің молекулалық формулаларын есептеп жазыңдар.

2



20%

Органикалық реакциялардың түрлерін берілген мысалдармен сәйкестендіріңдер:


3


20%

Берілген заттардың молекулаларында қанша және қандай байланыстар болады? Құрылымдық формулаларын жазып, бейнелеп көрсетіңдер.




4



20%

Сан есеп: Құрамындағы химиялық элементтердің массалық үлестері және салыстырмалы тығыздығы бойынша заттың химиялық формуласын табу.







5


20%

Қорытынды :

40 %

40%

20%

100%


Ұпайдың көрсеткішін бағалауға аударуы

%

0-50 %

51 – 74 %

75-89 %

90-100 %

ұпайдың саны

0-12

13-18

19-21

22-25

баға

2

3

4

5


Бақылау жұмысы №2.


Тақырып: Көмірсутектер мен олардың табиғи құрылысы.


(Рахметова М.Б, № 30 ЖОМ Павлодар қаласы)


Мақсат: Мемлекеттік стандартқа және бағдарламаға сәйкес оқушылардың білім, білік дағдыларын тексеру.

Білу: қаныққан, қанықпаған, ароматты көмірсутектер, жалпы формула, молекулалық формула,гомолог, изомер, радикал, құрылымдық формула, химиялық қасиеттері;

Білік: құрылым формулаларын жазу,халықаралық номенклатура бойынша атау, көмірсутектердің кластарын анықтау, химиялық теңдеулерді жазу, типін анықтау, көмірсутектердің молекулалық формуласын табу, газдың салыстырмалы тығыздығын есептеу, химиялық реакция теңдеуі бойынша заттың формуласын табу.

І нұсқа


1.Қаныққан көмірсутектердің қандай түрлерін білесіндер? Жалпы формуласы қандай?

Молекулалық формулалары келтірілген қосылыстардың құрылымдық формулаларын жазып,

оларды атаңдар.


Молекулалық формуласы

Құрылымдық формуласы

Атауы

С2Н6



С2Н2



С5Н10



С6Н6



С5Н8




2. Төменде аттары келтірілген қосылыстардың құрылым формулаларын жазындар. Қай класқа

жататын анықта:

ә) 2,4диметилгексан; а) бутин-2; б) 3,4- диметилгексен-1;

в) 1-метил-3-этилбензол; г) пентадиен-1,3.


3. Реакция теңдеулерін жазындар:

ә) метаннын хлорлану реакциясы;

а) этиленің сумен әрекеттесуы;

б) ацетиленің гидрленуі;


4. Келтірілген айналуларды орындауға мүмкіндік беретін химиялық реакция теңдеулерін жазындар.

Реакциялардың жүру жағдайларын көрсетіндер:

Метан → ацетилен → бензол → бромбензол


5. Көлемі 2,24 л (қ.ж.) көмірсутек жаңғанда 6,72 л көміртек (IV) оксиді мен 7,2 г су түзілді.

Көмірсутектің молекулалық формуласын табындар. ( Ж: С3Н8 )

6* Үш ыдыста гексен-2, гексин-1, және бензол берілген. Әр заттын қай ыдыста екенін қалай анықтауға болады? Жұмыс жоспарын құрып, жүретін реакция теңдеулерін жазындар, түзілген заттарды атандар.



ІІ нұсқа


  1. Қанықпаған көмірсутектердің қандай түрлерін білесіндер? Жалпы формуласы қандай? Молекулалық формулалары келтірілген қосылыстардың құрылымдық формулаларын жазып, оларды атаңдар.


Молекулалық формуласы

Құрылымдық формуласы

Атауы

С2Н4



С4Н6



С3Н4



С6Н5-СН3



С4Н10




2. Төменде аттары келтірілген қосылыстардың құрылым формулаларын жазындар. Қай класқа жататын анықта:

ә) н-октан; а) 2-метил-3-этилпентен-1; б) 3,3,4- триметилгексин-2;

в) пентин-3; г) 1,3-диэтилбензол.


3. Реакция теңдеулерін жазындар:

ә) бензолдын нитрленуі; а) этиленің хлорсутекпен әрекеттесуы; б) этаннын жануы;


4. Келтірілген айналуларды орындауға мүмкіндік беретін химиялық реакция теңдеулерін жазындар. Реакциялардың жүру жағдайларын көрсетіндер:

ацетилен → этилен → этан

бензол


5. Көмірсутектің 7,2 грамы жанғанда 11,2 л (қ.ж.) көміртек ((IV) оксиді мен 10,8 г су түзілді. Көмірсутектің молекулалық формуласын табындар. (Ж: С5Н12)


6* Үш ыдыста пропан, пропен және пропин берілген. Әр газдың қай ыдыста екенін тәжірибе жүзінде қалай анықтауға болады? Жұмыс жоспарын құрып, жүретін химиялық реакция теңдеулерін жазындар, түзілген заттарды атандар.


ІІІ нұсқа


1.Арендердің жалпы формуласы қандай? Кекуле ұсынған бензолдың құрымдылық формуласын жазындар. Молекулалық формулалары келтірілген қосылыстардың құрылымдық формулаларын жазып, оларды атаңдар.


Молекулалық формуласы

Құрылымдық формуласы

Атауы

С3Н6



С5Н8



С4Н6



С6Н52Н5



С5Н12



  1. Төменде аттары келтірілген қосылыстардың құрылым формулаларын жазындар. Қай класқа жататын анықта:

ә) н-гексан; а) 2,4 диметилпентен-2; б) пропилбензол;

в) 3-этилгексин-1; г) бутадиен-1,3.


3. Реакция теңдеулерін жазындар:

ә) пропеннің гидрленуі;

а) ацетиленің жануы;

б) бензолдын хлормен әрекеттесуы;


4. Келтірілген айналуларды орындауға мүмкіндік беретін химиялық реакция теңдеулерін жазындар. Реакциялардың жүру жағдайларын көрсетіндер:


көміртек метан → ацетилен бензол хлорбензол


5. Массасы 0,65 г көмірсутекті жаққанда 2,2 г көміртек (IV) оксиді мен 0,45 г су түзілді.

Көмірсутектің сутек бойынша тығыздығы 39 - ға тең. Көмірсутектің формуласын табындар. ( Жауабы: С6Н6)


6* Үш ыдыста метан, этилен және ацетилен берілген. Әр газдың қай ыдыста екенін тәжірибе жүзінде қалай анықтауға болады? Жұмыс жоспарын құрып, жүретін химиялық реакция теңдеулерін жазындар, түзілген заттарды атандар.




Мазмұны (оқу бағдарламасының бөлімдері)

Тақырып

Тапсырмалардың сипаттамасы

Күрделілік деңгейі

Б-базалық

ОЖ-ортадан жоғары

Ж-жоғары

Критерии

А

В

С

Д

1

Көмірсутектер мен олардың табиғи құрылысы

Молекуласының гомологтық қатары,жалпы формуласы.

Қаныққан (қанықпаған, арендердің) көмірсутектердің қандай түрлерін білесіндер? Жалпы формуласы қандай?

Молекулалық формулалары келтірілген қосылыстардың құрылымдық формулаларын жазып, оларды атаңдар.

Б

1

1

1

1

2


Көмірсутектер номенклатурасы, құрылысы, атаулары.

Төменде аттары келтірілген қосылыстардың құрылым формулаларын жазындар. Қай класқа жататын анықта.

Б

1

1

1

1

3


Химиялық қасиеттері.

Реакция теңдеулерін жазындар.

Б

1

1

1

1

4


Көмірсутектердің химиялық қасиеттері.

Келтірілген айналуларды орындауға мүмкіндік беретін химиялық реакция теңдеулерін жазындар. Реакциялардың жүру жағдайларын көрсетіндер.

ОЖ

1

1

1

1

5


Сандық есептер: жану өнімдері бойынша жанған заттын формуласын табу.

Жану өнімдері бойынша жанған заттын формуласын табу.

Ж

1

1

1

1

6*


Эксперименттік есеп

Газды анықтау.

Жоспарды құру.

Химиялық реакция теңдеуін дұрыс жазу.

Ш

1

1

1

1


Тапсырмалардың бағалау критериясы

Тапсырма сипаттамасы

Тексерілетін элементтер

Ұпай саны

Тапсырманы орындағаны үшін ұпай

1

Қаныққан (қанықпаған, арендердің) көмірсутектердің қандай түрлерін білесіндер? Жалпы формуласы қандай?

Молекулалық формулалары келтірілген қосылыстардың құрылымдық формулаларын жазып, оларды атаңдар.

  1. Көмірсутектің түрлерін білу.

  2. Жалпы формуласын дұрыс жазу.

  3. Құрылымдық формуланы дұрыс жазу.

  4. Формуланы дұрыс атау.


1


1



2


1

5

2

Төменде аттары келтірілген қосылыстардың құрылым формулаларын жазындар. Қай класқа жататын анықта.

  1. Қосылыстардың құрылым формулаларын дұрыс жазу.

  2. Радикалдарды көрсету, ереже бойынша дұрыс нөмірлеу.

  3. Қай класқа жататын дұрыс анықтау.

  4. Еселі байланыстар арқылы изомерлерді дұрыс жазу.




2




1


1



1

5

3

Реакция теңдеулерін жазындар.

  1. Химиялық теңдеулерді дұрыс жазу.

  2. Химиялық реакциялардың типін дұрыс анықтау.

  3. Коэффициенттерді дұрыс қою.

  1. Түзілген заттардың дұрыс атауын беру.



2



1


1


1

5

4

Келтірілген айналуларды орындауға мүмкіндік беретін химиялық реакция теңдеулерін жазындар. Реакциялардың жүру жағдайларын көрсетіндер.


  1. Химиялық теңдеулерді дұрыс жазу.

  2. Химиялық реакциялардың типін дұрыс анықтау.

  3. Коэффициенттерді дұрыс қою.

  4. Реакциялардың жүру жағдайларын көрсету.



2



1


1


1

5

5

Сандық есептер: жану өнімдері бойынша жанған заттын формуласын табу.

  1. Есептің берілгенін қысқаша дұрыс жазу.

  2. Формулаларды дұрыс пайдалану.

  3. Химиялық реакция теңдеуін дұрыс жазу және коэффициент қою.

  4. Есептеуді затты дұрыс анықтап , есептеуді жүргіздіру.


1


1




2



1

5

6*

Қосымша тапсырма

  1. Газды анықтау.

  2. Жоспарды құру.

  3. Химиялық реакция теңдеуін дұрыс жазу және коэффициент қою.

1

2

2

5


Тапсырмаларды мазмұны және күрделілік деңгейі бойынша бөлу

Мазмұны

Білгенді жеткізу

Білімді қолданылуы

Интеграция

% қатынасы

Қаныққан (қанықпаған, арендердің) көмірсутектердің қандай түрлерін білесіндер? Жалпы формуласы қандай?

Молекулалық формулалары келтірілген қосылыстардың құрылымдық формулаларын жазып, оларды атаңдар

1



20%

Төменде аттары келтірілген қосылыстардың құрылым формулаларын жазындар. Қай класқа жататын анықта.

2



20%

Реакция теңдеулерін жазындар


3


20%

Келтірілген айналуларды орындауға мүмкіндік беретін химиялық реакция теңдеулерін жазындар. Реакциялардың жүру жағдайларын көрсетіндер.


4


20%

Сандық есептер: жану өнімдері бойынша жанған заттын формуласын табу.



5

20%

Итого:

40%

40%

20%

100%



Ұпайларды бағаға ауыстыру шкаласы

%

0-50%

51-74%

75-89%

90-100%

ұпай

0-12

13-18

19-21

22-25

баға

«2»

«3»

«4»

«5»





Бакылау жұмыс № 3 11 сынып


«Оттекті органикалық қосылыстар»

(Несипбаева З.К., № 20 лицей-мектебі)

Мақсат: Мемлекеттік стандартқа және бағдарламаға сәйкес оқушылардың білім, білік дағдыларын тексеру.

Берілген тапсырмалар бойынша оқушылар білуі және меңгеруі тиіс:

  1. Әртүрлі кластарға тән заттардың молекулярлық формулаларын құрастыру - органикалық қоспалардың және кластардың тән өзаралық сәйкестігін бекіту.

  2. Құрылым (функционалдық тобы бар) және қасиеттер сәйкестігін бекіту.

  3. Органикалық химиядағы химиялық реакция типтерін ажырату.

  4. Органикалық заттардың құрылымдық формулаларын құрастыру.

  5. Органикалық қосылыстардың жіктелуі мен номенклатурасы.

  6. Органикалық реакциялардың түрлерін.

  7. Оттекті органикалық қосылыстардың жалпы формуласын, олардың гомолог қатарын.

  8. Оттекті органикалық қосылыстардың мен көмірсутектердің генетикалық байланысын.

І нұсқа

  1. Берілген заттардың формулаларының атауларын жазындар:


а) СН3—СН2—СООН ә) СН3—СН—СН2 — СН3 б) СН3 — О — С2Н5

ОН

2. Реакция теңдеулерін жазындар:

а) метанолдың оттекте жануы ; ә) құмырсқа альдегидінің күміс оксидімен тотығуы; б) сірке қышқылының мырышпен әрекеттесуы. Түзілген реакция заттарын атаңдар.


3.Мына айналымдарды қалай жүзіге асыруға болады? Реакция теңдеулерін жазындар:


этилен → ацетилен → бензол → хлорбензол → фенол.


4. Сәйкестігін келтір:

Кластың жалпы формуласы Заттың атауы

А) R – CHO 1. құмырсқа қышқылы

Ә) R – OH 2. сірке қышқылының этил эфирі

Б) R - COOH 3. бутил спирті

В) R – CO – R 4. пропион альдегиді


5. Егер теориялық мұмкіндікпен салыстырғандағы шығымы 85% болса, 92 г этил спирті бромсутекпен әрекеттескенде, түзілетін бромэтанның массасы? (Ж. 185,3 г).


6*. Үш ыдыста: сірке альдегиді , пропан қышқылы және бутанол берілген. Әр заттын қай ыдыста екенін қалай анықтауға болады? Жұмыс жоспарын құрып, жүретін реакция теңдеулерін жазындар.

ІІ нұсқа

  1. Берілген заттардың формулаларының атауларын жазындар :


а) С6Н5ОН; О

//

ә) СН3 C б) С2Н5 — О — С3Н7

\

H


2. Реакция теңдеулерін жазындар: а) фенол мен натрийдің әрекеттесуі; ә) сірке альдегидінің тотықсыздануі; б) натрий карбонаты мен құмырсқа қышқылының әрекеттесуі. Түзілген реакция заттарын атаңдар.


3.Мына айналымдарды қалай жүзіге асыруға болады? Реакция теңдеулерін жазындар:


метан → хлорметан → метанол → құмырсқа альдегиді → метанол.





4. Сәйкестігін келтір:

Заттың формуласы Қай класқа жатады

А) НСООН 1. Спирттер

Ә) СН3-СО-С2Н5 2. Альдегидтер

Б) СН3ОН 3. Карбон қышқылдар

В) С2Н5СОН 4. Күрделі эфирлер

5. Майлар

6. Көмірсулар


5. Массасы 120 г сірке қышқылы хлормен әрекеттескенде 170 г хлорсірке қышқыл түзілді. Реакция өніміндегі шығымның массалық үлесін есептеңдер (%). (Жауабы: 89,95% )


6* Мына заттарды: а) глицеринді б) сірке қышқылын г) глюкозаны қандай негізі бір реактивпен бір-бірінен айырып білуге болады? Жауаптарыңды реакция теңдеулерін жазып дәлелдеңдер

ІІІ нұсқа


1. Берілген заттардың формулаларының атауларын жазындар :


а) СН3 — СН — СН2 — ОН б) С3Н7 — О — С4Н9

ә) СН3—СН2—СН2 — СООН │

СН3


2. Реакция теңдеулерін жазындар : а) метанол мен хлорсутектің әрекеттесуі; ә) сірке альдегидін күміс оксидімен тотығуы; б) сірке қышқылының натрий гидроксидімен әрекеттесуі. Түзілген реакция заттарын атаңдар.


3.Мына айналымдарды қалай жүзіге асыруға болады? Реакция теңдеулерін жазындар:


этан → хлорэтан → этанол → сірке қышқылы → калий ацетаты.


4. Сәйкестігін келтір:

Заттың формуласы Заттың атауы

А.) С6Н5ОН 1. Этил спирті

Ә.) С2Н5 – О – С2Н5 2. Май қышқылы

Б.) С2Н5ОН 3. Сірке альдегиді

В.) С3Н7СООН 4. Диэтил эфирі

Г). СН3 – СОН 5. Фенол


5. 3,2 г метанол мен 3,2 г натрий әрекеттескенде түзілген сутектің (қ.ж.) көлемін есепте.

(Жауабы: 1,12 л)

6* Үш ыдыста: глюкоза, фенол және этаналь берілген. Әр заттын қай ыдыста екенін қалай анықтауға болады? Жұмыс жоспарын құрып, жүретін реакция теңдеулерін жазындар, түзілген заттарды атандар.



Бағдарламасының мазмүны мен бөлімдері


Тақырып


Тапсырмалардың сипаттамасы

Деңгейлік қиыншылықтар:

Б – базалық

І- ілгерінді

Ж- жоғары

Өлшемдер

А В С D

1.









Оттекті органи

калық қосылыс

тар




Оттекті органикалық қосылыстардың номенклатурасы

Берілген заттардың атауларын жазындар


Б


1


1


1


1

2.

Оттекті органикалық қосылыстардың химиялық қасиеттері


Реакция теңдеулерін жазындар


Б


1


1


1


1

3.

Көмірсутектер мен оттекті органикалық қосылыстар арасындағы генетикалық байланыс

Мына айналымдарды қалай жүзіге асыруға болады? Реакция теңдеулерін жазындар:


І


1


1


1


1

4.


Органикалық заттардың гомолог қатары және номенклатурасы

Органикалық заттардың жалпы формулаларына класқа тәуелділігін сәйкестігін анықтау


І



1



1



1




1

5.

Сандық есеп шығару

Әрекеттесуші заттардың біреуі артық алынғандағы химиялық реакция теңдеулері бойынша есептеулер.



Б



1



1



1



1

Технологиялық ұяқалып

Тапсырмалардың бағалау критериясы

Тапсырмалардың сипаттамасы

Тексеріс элементтері

Ұпайдың саны

Орындалған тапсырмалар ұпайы

1.

Берілген заттардың атауларын жазындар

1. Оттекті органикалық қосылыстарының кластарын дүрыс анықтау.

2.Заттың атауын дүрыс беру

2



3

5

2.



Реакция теңдеулерін жазындар

1. Оттекті органикалық қосылыстарының химиялық қасиеттерін мазмұндау.

2.Реакция өнімдерін дүрыс анықтаған

3.ООҚ формулалары дұрыс жазылған .

4. Коэффициенттер дұрыс қойылған .



2


1


1


1






5

3.

Мына айналымдарды қалай жүзіге асыруға болады? Реакция теңдеулерін жазындар:

1. Кластардың химиялық қасиеттерін мазмұндау.

2. ООҚ формулалары дұрыс жазылған

3.Теңдеу реакциясы дүрыс жазылған

2


1


2



5


4.

Органикалық заттардың жалпы формулаларына осы класқа тәуелділігін сәйкестігін анықтаңдар.


1. Оттекті органикалық қосылыстарының кластарын дүрыс анықтаған.

2. Оттекті органикалық қосылыстарының жалпы формуласын білу

3. Заттың атауын дүрыс берген

2


1

2




5

5.

Сандық есеп:

Теориялық мүмкіндікпен салыстыра отырып, реакция өніміндегі шығымның массалық үлесін есептеу


1. Есептің қысқаша жазуы дұрыс құрастырылған.

2. Теңдеу реакцияны дұрыс жазған.

3. Өнімнің теориялық шығымын дұрыс есептейді.

4. Өнімнің практикалық шығымын дұрыс есептейді

1


1


1



2



5

Тапсырмаларды мазмүны мен қиындығы арқылы бөлу

Маңызды салалар

білімін жаңғырту

білімін қолдану

Интеграция

Пайыздық қатынасы

Берілген заттардың атауларын жазындар

1



20%

Реакция теңдеулерін жазындар

2



20%

Мына айналымдарды қалай жүзіге асыруға болады? Реакция теңдеулерін жазындар:


3



20%

Органикалық заттардың жалпы формулаларына осы класқа тәуелділігін сәйкестігін анықтаңдар.






4


20%

Сандық есеп:

Теориялық мүмкіндікпен салыстыра отырып, реакция өніміндегі шығымның массалық үлесін есептеу





5


20%

Қорытынды :

40 %

20%

40%

100%


Ұпайдың көрсеткішін бағалауға аударуы

%

0-50 %

51 – 74 %

75-89 %

90-100 %

ұпайдың саны

0-12

13-18

19-21

22-25

баға

2

3

4

5


Бақылау жұмысы 4

«Азотты органикалық қосылыстар". Гетероциклді қосылыстар.


(С.Ж. Ауталипова, К. Макпалеев ат № 4 ЖОМ Павлодар қаласы)


Мақсаты: Мемлекеттік стандартқа және бағдарламаға сәйкес оқушылардың білім, білік дағдыларын тексеру.

Берілген тапсырмалар бойынша оқушылар білуі және меңгеруі тиіс:

  1. Нитроқосылыстар. Аминдер құрылысы, атаулары мен изомерлерін, алу жолдарын.

  2. Аминқышқылдар. Атаулары мен құрылысы, химиялық қасиеттері.

  3. Құрамында азоты бар гетероциклді қосылыстар: құрамы және құрылысы, табиғатта кездесуі.

  4. Нәруыздар: құрамы және құрылысы.

  5. Нуклеин қышқылдары: құрамы және құрылысы.


І нұсқа

1. Мына заттардың:

А) 2 - нитро пропан б) 2,4 -диаминбутан қышқылы

Ә) этилпропиламин В) нитробензол

құрылымдық формулаларын жазыңдар.


  1. Берілген заттың: С Н 3 - С Н 2 - С Н 2 NH2 екі изомерінің құрылым формулаларынын жазып, қосылыстарды атаңдар.


3. Келтірілген өзгерістік айналымдарды:

метан → хлорметан → нитрометан → метиламин

орындауға мүмкіндік беретін реакция теңдеулерін жазыңдар.


4) Үш аминқышқылынан қанша дипептид түзілуі мүмкін? Құрамындарына глицин, аланин және глицин кіретін дипептидтердің мүмкін болатын формулаларын жазыңдар.

5) ДНҚ мен РНҚ құрамында және құрылыстарында қандай ұқсастықтар мен айырмашылықтар бар?

6* Сан есеп: Тетраэтилқорғасын – іштей жану қозғалтқышының маңызды антидетонаторы болып табылады және жанармайға қосымша ретінде пайдаланылады. Тәулік бойы автокөліктерден атмосфераға бөлінген қорғасын (ІІ) оксидінің массасын есептеңдер. Есептеу шарттары: тетраэтилқорғасынның ( Рb(С2Н5)4 қосылған мөлшері 1 л бензинге 1 г құрайды; бензиннің орташа шығымы тәулігіне 10 л. Атмосфераның қорғасынмен ластанудың экологиялық нәтижелері және оларды шешу жолдары қандай?

ІІ нұсқа

1. Мына заттардың:

А) 2 метил, 3 нитробутан б) 2 – амин, 2 -метил пентан қышқылы

Ә) метилэтиламин В) аминсірке қышқылы

құрылымдық формулаларын жазыңдар.


2) Берілген заттың: С Н 3 - С Н - С Н 2 – С Н 3

NH2

екі изомерінің құрылымдық формулаларынын жазып, қосылыстарды атаңдар.


3) Келтірілген өзгерістік айналымдарды:

Этан → бромэтан → нитроэтан → этиламин

орындауға мүмкіндік беретін реакция теңдеулерін жазыңдар.


4) Үш аминқышқылынан қанша дипептид түзілуі мүмкін? Құрамындарына глицин, аланин және цистеин кіретін дипептидтердің мүмкін болатын формулаларын жазыңдар.


5) Пиррол мен пиримидин құрамында және құрылыстарында қандай ұқсастықтар мен айырмашылықтар бар? Табиғатта қандай заттардың құрамында болады?

6* Суға тиген кезде мұнай оны жұқа қабатпен қаптайды, бұл көптеген теңіз организмдерінің өліміне әкеп соқтырады. Судың мұнай өнімдерімен ластанудың ұйғарынды мөлшері 0,005 мг/л. Егер мұхит суына 2,5 млн тонна мұнай өнімдері түсетін болса, жылына қанша су көлемі ластанатынын есептеңдер және осы проблеманы шешу жолдарын бар ма?

ІІІ нұсқа

1. Мына заттардың:

А) 2 метил, 3 нитробутан б) 2 – амин, 2 -метил пентан қышқылы

Ә) метилэтиламин В) аминсірке қышқылы

құрылымдық формулаларын жазыңдар.


2) Берілген заттың: С Н 3 - С Н - С Н 2 - С Н 2 – С Н 3

NH2

екі изомерінің құрылымдық формулаларын жазып, қосылыстарды атаңдар.


3) Келтірілген өзгерістік айналымдарды:

Пропан → хлорпропан → нитропропан → пропиламин

орындауға мүмкіндік беретін реакция теңдеулерін жазыңдар.


4) Үш аминқышқылынан қанша дипептид түзілуі мүмкін? Құрамындарына глицин, аланин және серин кіретін дипептидтердің мүмкін болатын формулаларын жазыңдар.

5) Пиримидин мен пурин негіздердін құрамында және құрылыстарында қандай ұқсастықтар мен айырмашылықтар бар? Табиғатта қандай заттардың құрамында болады?

6* Суды пайдалану орындарында фенолдың ҰКК (ұйғарынды концентрация көрсеткіші) 0,001 мг/л құрайды. Егер сыйымдылығы 104 м3 су қоймасына коксохимиялық өндірістің ағынды суларымен 47 кг фенол ағып түскен болса, фенолдың концентрациясы ҰКК көрсеткішінің қанша есе артық болатынын есептеңдер. Су қоймасының экологиялық ластану көрсеткіші мен олардың шешу жолдары қандай?



Мазмұны (оқу бағдарламасының бөлімі)




Тақырып




Тапсырмалардың сипаттамасы

Күрделілік деңгейі

Б-базалық

Ож-ортадан жоғары

Ж-жоғары

Ш - шымғармашылық


Критерий



А В С Д

1


Азотты органикалық қосылыстар


















Гетероциклді қосылыстар



Аминдер

1. Заттардың құрылымдық формулаларын жазыңдар.


Б

1

1

1

1

2

Амин

қышқылдары

Заттың екі изомерінің құрылымдық формулаларынын жазып, қосылыстарды атаңдар.

Б

1

1

1

1

3

Органикалық заттардың арасындағы генетикалық байланыс

Келтірілген өзгерістік айналымдарды

орындауға мүмкіндік беретін реакция теңдеулерін жазыңдар.

Ож

1

1

1

1

4








5


Нәруыздар








І нұсқа «Нуклеин

қышқылдары»

ІІ, ІІІ нұсқа «Құрамында азоты бар гетероциклді қосылыстар»

Берілген аминқышқылдарынан алуға болатын дипептидтердің формулаларын құрыңдар.

І нұсқа

ДНҚ мен РНҚ құрамында және құрылыстарында қандай ұқсастықтар мен айырмашылықтар бар? Табиғатта қандай заттардың құрамында болады?

ІІ нұсқа Пиррол мен пиримидин құрамында және құрылыстарында қандай ұқсастықтар мен айырмашылықтар бар?

Табиғатта қандай заттардың құрамында болады?

ІІІ нұсқа

Пиримидин мен пурин негіздердін құрамында және құрылыстарында қандай ұқсастықтар мен айырмашылықтар бар?

Табиғатта қандай заттардың құрамында болады?


Ож








Ж

1








1

1








1

1








1

1








1

6*

Сан есеп. экологиялық мазмұнды есептер шығару.



Ш

1

1

1

1


Тапсырмалардың спецификациясы және бағалау критерийі


Тапсырмалардың сипаттамасы


Тексеретін элементтер

Ұпай

саны

Орындаған тапсырмалар үшін жалпы ұпай саны

1

1. Заттардың құрылымдық формулаларын жазыңдар.


1.Заттардың молекулалық формулаларын біледі.

2.Заттардың толық құрылымдық формулаларын дұрыс жазады .

3. Заттардың қысқартылған құрылымдық формулаларын дұрыс құрады.


1


2


2


5

2

Заттың екі изомерінің құрылымдық формулаларынын жазып, қосылыстарды атаңдар.

1.Изомерлердің анықтамасын біледі.

2. Заттардың қысқартылған құрылымдық формулаларын дұрыс құрады.

3. Құрастырылған заттарға дұрыс атау береді.

1


2


2



5

3

Органикалық заттардың арасындағы генетикалық байланыс

1.Заттардың химиялық қасиеттерін, алу жолдарын біледі.

2. Реакция теңдеулерін дұрыс жазады.

3


2


5

4

Берілген аминқышқылдарынан алуға болатын дипептидтердің формулаларын құрыңдар


1. Дипептидтің анықтамасын біледі. 2.Пептидтік (амидтік) байланыстың түзілу механизмін дұрыс түсінеді.

3.Дипептидтердің формулаларын дұрыс құрастырады.

1


2


2



5

5

І нұсқа .

ДНҚ мен РНҚ құрамында және құрылыстарында қандай ұқсастықтар мен айырмашылықтар бар? Табиғатта қандай заттардың құрамында болады?






ІІ, ІІІ нұсқа

Пиррол мен пиримидин, пиримидин мен пурин негіздердін құрамында және құрылыстарында қандай ұқсастықтар мен айырмашылықтар бар? Табиғатта қандай заттардың құрамында болады?


1. ДНҚ –ң құрамын және құрылысын біледі.

2. РНҚ –ң құрамын және құрылысын біледі.

3 ДНҚ мен РНҚ құрамын және құрылысын салыстыра алады және қандай ұқсастықтар мен айырмашылықтар барын таба алады.

4. Табиғатта қандай заттардың құрамында болатынын біледі.



1.Пирролдың (пуриндік негіздің) құрамын және құрылысын біледі.

2. Пиримидиннің (пурин негіздің) құрамын және құрылысын біледі.

3. Пиррол (пурин негіздің) мен пиримидиннің (пуриндік негіздің) құрамын және құрылысын салыстыра алады және қандай ұқсастықтар мен айырмашылықтар барын таба алады.

4. Табиғатта қандай заттардың құрамында болатынын біледі.

1


1


2



1



1


1


2




1



5











5

6*

Сан есеп. экологиялық мазмұнды есептер шығару.


  1. Есеп дұрыс шығарылады.

  2. Ластанудың экологиялық салдарын біледі.

  3. Мәселені шешудің рационалдық жолдарын ұсынады.

1

1


3



5


Тапсырмаларды мазмұны мен қиындығы арқылы бөлу

Маңызды салалар

Білімін жаңғырту

Білімін қолдану

Интеграция

Пайыздық қатынасы

1. Заттардың құрылымдық формулаларын жазыңдар.


1



20%

2. Заттың екі изомерінің құрылымдық формулаларын жазып, қосылыстарды атаңдар.

2



20%

3.Органикалық заттардың арасындағы генетикалық байланыс.


3


20%

4.Берілген аминқышқылдарынан алуға болатын дипептидтердің формулаларын құрыңдар.




4



20%

5. ДНҚ мен РНҚ, пиррол мен пиримидиннің, пиримидин мен пурин негіздердің құрамында және құрылыстарында қандай ұқсастықтар мен айырмашылықтар бар? Табиғатта қандай заттардың құрамында болады?






5


20%

Қорытынды :

40 %

40%

20%

100%

Ұпайдың көрсеткішін бағалауға аударуы

%

0-50 %

51 – 74 %

75-89 %

90-100 %

ұпайдың саны

0-12

13-18

19-21

22-25

баға

2

3

4

5











57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Краткое описание документа:

Бұл ұсынып отырған бақылау өлшемдері 11-сынып оқушыларының органикалық химиядан алған білімдерін тексеру мақсатында құрастырылған

ҚР мемлекеттік білім беру стандартының 23.08.2012 ж №1080 және пәндер бойынша оқу бағдарламаларға сәйкес құрастырылған «Жалпы білім беретін мектептердегі жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11 сыныптарындағы жаратылыстану. Химия 11-сынып. Ы.Алтынсарин атындағы білім беру академиясы. Астана 2013ж»

Оқу құралы 4 бақылау жұмыстарынан келесі тақырыптарды қамтыған:

1.Органикалық химияға кіріспе. «Органикалық қосылыстардың құрылыс теориясы»

2. «Көмірсутектер мен олардың табиғи құрылысы»

3. «Оттекті органикалық қосылыстар»

4. «Азотты органикалық қосылыстар», «Гетероциклді қосылыстар», «Нуклеин қышқылдары»

Бақылау жұмыстары 3 нұсқадан тұрады. Әр бақылау жұмысы 5 тапсырмадан тұрады. Бірінші және екінші тапсырма оқушылардың білімдерін еске түсіруге, үшінші және төртінші тапсырмалар білімдерін қолдануға, бесінші тапсырма біліммен бөлісуге, алтыншы тапсырма қосымша, химияны терең білетін, шығармашылықпен жұмыс істейтін дарынды шәкірттерге арналған.

Автор
Дата добавления 10.06.2015
Раздел Химия
Подраздел Конспекты
Просмотров1428
Номер материала 303058
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх