Инфоурок / Математика / Конспекты / "Координаталық жазықтық" 6 класс
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Я люблю природу», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 15 ДЕКАБРЯ!

Конкурс "Я люблю природу"

"Координаталық жазықтық" 6 класс

Напоминаем, что в соответствии с профстандартом педагога (утверждён Приказом Минтруда России), если у Вас нет соответствующего преподаваемому предмету образования, то Вам необходимо пройти профессиональную переподготовку по профилю педагогической деятельности. Сделать это Вы можете дистанционно на сайте проекта "Инфоурок" и получить диплом с присвоением квалификации уже через 2 месяца!

Только сейчас действует СКИДКА 50% для всех педагогов на все 111 курсов профессиональной переподготовки! Доступна рассрочка с первым взносом всего 10%, при этом цена курса не увеличивается из-за использования рассрочки!

ВЫБРАТЬ КУРС И ПОДАТЬ ЗАЯВКУ
библиотека
материалов

Тақырыбы: «Координаталық жазықтық. Координаталар бойынша нүктені салу» тақырыбына есептер шығару.

Білімділік мақсаты: Координаталық жазықтық. Координаталар бойынша нүктені сала білуге, берілген нүктелердің координаталарын табу біліктіліктерін пысықтау

Дамытушылық мақсаты: Әрбір жеке тұлғаның логикалық ой- өрісін, есте сақтау, сызбамен жұмыс істеу қабілеттерін және шығармашылық даму мүмкіндігіне жағдай жасау

Тәрбиелік мақсаты: Оқушылардың өз ойын ашық айтуға, өз бетімен жұмыс жасауға, ұйымшылдыққа, нәтиже алуға баулу.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивтік тақта, карточкалар, тест есептері.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, жеке, топтық жұмыс.

Сабақтың типі: Білім–білік, дағдыны қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже: Білімді көтеру, дұрыс шешім қабылдау, ұқыпты болу.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, түгелдеу, сабаққа дайындығын тексеру.

Үй тапсырмасын тексеру.

Үй тапсырмасын слайд арқылы тексеру. Оқушылар көршісімен дәптерілерімен алмасып бір-бірінің үй жұмыстарын тексереді. № 1141 есеп және тышқанның суретін салып келу.

Қайталау сұрақтары.

Координаталар жүйесі қалай құрылады?

Координаталық жазықтық нені атаймыз?

Вертикаль осьті қалай атаймыз?

Горизонталь ості қалай атаймыз?

Абсцисса осі мен ордината осінің қиылысу нүктесін қалай атаймыз?

Координаталық жазықтықта нүктенің орны қалай анықталады?

Нүкте координатасы қалай жазылады?

Бірінші координата қалай аталады?

Екінші координата қалай аталады?

Координаталық жазықтық неше бөліктен тұрады?

Ширектердегі абсциссалар мен ординаталардың таңбалары қандай болады?

Ауызша есеп. Нүктелердің координаталарын ата.А (2;2), В(-4;3), С (-5;0), D (-3;-2), F(4;-1), E(0;-2)

Оқулықпен жұмыс. Сапалы есептер шығару.

1142.

Координаталық жазықтықта АВСД тік төртбұрышының А(-2; -2), В(-2;2) және С(4;2) төбелері бойынша оның Д төбесінің координатасын анықтаңдар. Берілген тік төртбұрыштың периметрін есептпе табыңдар. Бірлік кесіндіні 1 см-ге тең.

Шығармашылық жұмыс.

Координаталары берілген нүктелерді тап және оларды қос.

1 тапсырма 15 баллға бағаланады

  1. (3;6), 2) (6;3), 3) (15;3), 4) (18;6), 5) (10;6), 6) (10;16) 7) (13;11), 8) (12; 15), 9) (13; 14), 10) (10;14), 11) (16;6)

2 тапсырма 10 баллға бағаланады

  1. (-4;2), 2) (-2;4), 3) (2;4) 4) (4;2) 5) (4;-2) 6) (2;-4)
    7) (-2;-4) 8) (-4;-2)

3 тапсырма 5 баллға бағаланады

  1. (-4;0) 2) (-2;4) 3) (2;4) 4) (4;0) 5) (2;-4) 6) (-2;-4)

Сергіту сәті.

Кино, театрға барғанда - қатар мен орынды анықтау. Географиялық картада пайдалану. Ендігі,бойлығы арқылы қалалардың орнын анықтау. Ұшқыштар мен теңізшілер координаталық сетканың көмегі арқылы объектілердің орнын анықтайды. Бүгінгі сабағымызға Рене Декарт – француз философы, математигі, физик және физиологі. (1596-1650) қандай байланысы бар?. Декарттық координаталар жүйесі Р.Декарттың құрметіне аталады.

Нүктелерді ата.

(-9;0),(-4;0),(1;0),(5;0),(7;0),(9;0) мына берілген нүкте координаталарының қандай айырмашылығы бар? (0;7),(0;5),(0;3),(0;-3),(0;-5),(0;-8) мына берілген нүктелер қайда орналасады?

(-8;-4),(-3;-4),(3;-4),(7;-4) мына нүктелер қайда орналасқан?

(4;-6),(4;-2),(4;4),(4;7) мына нүктелер қайда орналасқан?

Берілген үшбұрыштың қабырғаларының осьтермен қиылысу нүктелерінің координаталарын жазу.

М (-3; 0), N(8;0), F(0;4), L(0;-3)

A(10;-4), B(-6;-4), C(-6;6) тік төртбұрышының Д төбесін тауып, периметрін, ауданын табу керек.Д(10;6) а= 16.b= 10 P=46 S= 160

«ИӘ-ЖОҚ» ойыны.

Тік бұрышты координаталар жүйесі жазықтықты неше бөлікке бөледі?

5 бөлік.

2 бөлік.

4 бөлік.



Бұл бөліктерді қалай атаймыз?

Ширек.

Жазықтық.

Түзу.

Координаталық жазықтықта ординатасы 0-ге тең нүктелер қайда орналасады?

Абсцисса осінде.

IV ширекте.

Ордината осінде.



К(4;-7) нүктесі қай ширекте орналасқан?

I ширекте.

IV ширекте.

ІІІ ширекте.



М(-5;8) нүктесі қай ширекте орналасқан?

I ширекте.

IV ширекте.

II ширекте.



Координаталық жазықтықта абсциссасы 0-ге тең нүктелер қайда орналасқан?

Абсцисса осінде.

Ордината осінде.

III ширекте.



Үйге тапсырма№1144, №1145, №1146



Бағалау жетондары.

15 балл жоғары өте жақсы, 10-15 балл жақсы,10 баллға дейін қанағаттанарлық деп бағаланады.

 Бағалау сабақтың ең бір маңызды бөлімі. Бағалаудың түрлеріне келетін болсақ: өзін-өзі бағалау, бірін-бірі бағалау, топпен бағалау. Бүгінгі сабақта әр оқушы орындаған тапсырмалар қосындысының саны бойынша бағаланады.

Рефлексия.

Табыс ағашы.

hello_html_58b38f08.pngМаған бәрі түсінікті, менің қолымнан бәрі келеді.

hello_html_m11f064ff.png

Менде аздап қателер бар, бірақ одан да жақсы білуге тырысамын.

hello_html_24f6de7.pngМаған қиын болды. Менің қолымнан келмеді.



101 орта мектеп



Ашық сабақ

Тақырыбы: «Координаталық жазықтық. Координаталар бойынша нүктені салу» тақырыбына Есептер шығару.

Пән мұғалімі: Елубай Б. А.

Сыныбы : 6 «Б».













2013-2014 оқу жылы.

Общая информация

Номер материала: ДВ-445341

Похожие материалы