Инфоурок Музыка КонспектыКорей халықтарының музыкалық театры

Корей халықтарының музыкалық театры

Скачать материал

Музыка 5 а,ә,б,в сыныптары 13,17,18.02. 2016 ж.

Сабақтың тақырыбы: Корей халықтарының музыкалық театры

Сабақтың мақсаты: оқушыларға Корей халық театрын таныстыру, тарихын түсіндіру.

Білімділігі: корей ән-әуендерінің ерекшелігін түсіндіру, білімділігін арттыру.

Дамытушылық: корей халықтарының музыкалық театры туралы мағлұмат беріп, балалардың әлем музыка мәдениеті туралы білімдерін дамыту.

Тәрбиелілігі: корей халықтарының ән - әуендерін тыңдатып, орындату арқылы өзге ұлттың мәдениетіне құрметпен қарауға, ұлттар достығын сақтай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Оқытылу әдісі: түсіндіру, әңгімелеу.

Сабақтың көрнекілігі: үнтаспалар, аспаптар суреттері, электрондық оқулық, музыкалық аспап - баян.

Техникалық құралдар: компьютер, интерактивті тақта.

Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет.

I. Ұйымдастыру бөлімі. Сабаққа зейіндерін аудару.

II. Үй тапсырмасын сұрау. Дауыс жаттығулары.

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру. Музыка тыңдату. Сергіту сәті.

ІV. Ән үйрену/орындау.

V. Қорытындылау. Бағалау. Үйге тапсырма беру.

Сабақтың барысы:

1. Дауыс жаттығуын дирижерлау әдісімен жасау. 2. Музыка сауаты.

C:\Users\Азамат\Desktop\АСА ҚАЖЕТТІ сабаққа\ПОУРОЧНЫЕ ПЛАНЫ_2 Т\ІІІ- ТОҚСАН\5 СЫН\КОРЕЙ ТЕАТРЫ 1\Корей халықтарының музыкалық театры\Слайд2.JPGhello_html_m3ede25df.png

Мұғалім электронды пианиномен, оқушылар суретті клавиатурамен ойнап, саусақтарға жаттығу жасау.

Ақ, қара басқыштармен жұмыс жасап, айырмашылығын байқау.

Сұрақтар арқылы оқушылардың үй тапсырмасын пысықтау.

1. Рага музыкасын орындаушы кім? (Рави Шанкар)

2. Ол қандай аспапта ойнаған? (ситар)

3. Үнді халқының аспаптарын ата. (Вина, ситар, саранги, табла)

4. Раганың қанша түрі бар? (7 түрі бар)

5. Рага нені білдіреді? (күш - қуат, жігер)

6. Рага туралы қандай оқиғаны білесіңдер? (Тансенмен болған оқиға)

7. Табла аспабының ерекшелігі неде? (екі табла бірінен бірі ажырамайды)

8. Саранги қандай аспап? (ыспалы-ішекті аспап)

9. Үндінің қандай аспабы қазақтың домбыра аспабына ұқсас келеді?

10. Үнді биінің ерекшелігі неде? (олар би арқылы құдайлармен тілдескен)

11. Үнді билерінің түрлерін ата? (каткахали, бхарат-натьям, манипури)

12. Үнді биінің қанша жылдық тарихы бар? (2000 ж)

13. Күн шығыс халықтары деп қай халықты атаймыз? (жапон)

14. Гагаку дегеніміз не? (жапон императорының оркестрі)

15. Гагаку өнерінің қанша жылдық тарихы бар? (1300 ж)

16. Кабуки театрының қанша жылдық тарихы бар? (400 ж)

17. Кабуки театры жайлы айта аласыңба? (...)

18. Но театры қандай театр? (маскамен орындалады)

19. Ерекшеліктері неде? (атадан балаға мұра)

20. Осыншама ұзақ сақталуының қандай себебі бар? (атадан балаға мұра болғандықтан)

Республикалық Корей Музыкалық Комедия Театры Владивосток қаласында 1932 ж. «Корей өлкелік театры» деген атпен көркемөнерпаздар үйірмесі негізінде ұйымдасты. Ол сол кездегі әлемдегі бірінші корей театры еді. Ресми құжаттарда көрсетілген театрдың маңызды міндеті – корей пьесаларының негізінде спектакльдер қою. Театр сахнасында Ен Сен Неннің пьесасы бойынша корейлердің жапон милитаризміне қарсы күресі туралы «Дян Фен Дон Факелі», Тхай Дян Чун драматургінің шығармалары бойынша коллективизация туралы «Межа» және Кореядағы қарулы көтеріліс, Ли Ден Нимнің «Чун Хян қыз туралы аңыз», Цай Еннің «Сим Чен қыз туралы аңыз» спектакльдері қойылды.

Термин сөздерге уақытылы түсінік беріп отыру.

Қазақстанға 20 ғасырдың 30-жылдарының аяғында қоныс аударып, Корей музыкалық драма театры деген атпен жұмыс істей бастады. 1937 - 41 және 1959 - 68 ж. Қызылорда қаласында, 1942 - 59 ж. Алматы облысы, Үштөбе қаласында орналасып, 1968 ж. Алматы қаласына түпкілікті қоныс аударды. Театр репертуарынан корейдің ұлттық классикасынан бастап шет ел, орыс (Ли Ден Ним, Ен Сен Нен,Тен Дон Хек, Хан Дин; У. Шекспир, Ф. Шиллер, К. Гольдони, Ж. Б. Мольер, А. Н. Островский, Н. В. Гоголь, т.б.) және қазақ, қырғыз, өзбек драматургиясының туындылары да (М. Әуезовтің «Еңлік — Кебегі» (1962) мен «Қарагөзін» (1970); Ғ. Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш — Баян сұлуы» 1949, 1975; Қ. Байсейітов пен Қ. Шаңғытбаевтың «Беу, қыздар-айы» орын алды. Театр ұжымының шығармашылық жағынан қалыптасып өсу жолында актерлер Ким Дин, Н. П. Ли, Ли Хам Дек, Ли Гер Су, Пак Чун Себ, Цой Бон До, В. Е. Ким, И. Ким, режиссерлер мен суретшілері Ен Сен Нен, Мен Дон Ук, Те Ден Гу, Тхай Дян Чун, Цай Ен, Г. М. Кан, К. Е. Пак, т.б. мол үлес қосты. Театр ұжымы 1966 ж. республикалық театр дәрежесін алды, 1978 жылдан қазіргі атымен белгілі. Театр құрамында «Ариран» эстрада ансамблі (1967 жылдан) мен ұлттық бишілер тобы жұмыс істейді. 1982 ж. театр ұжымы «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды.

Театр ұжымы гастрольдік сапармен Ресейде (Сахалинде, Мәскеуде), Өзбекстанда және Қырғызстанда болып, өнер көрсетті.

1937 жыл, қыркүйек. Депортациядан кейін Қиыршығыс аймақтық корей театры труппасының бір бөлігі Қызылордаға, екіншісі – Ташкентке бөлінді. Қызылордада театр артистерінен «корей жұртшылығына қызмет көрсету үшін ауыспалы театрлық труппа» құрылып (егін себу және жинау кезінде колхозшылар алдында, мектеп оқушыларының демалыс кездерінде) артистер өз өнерлерін көрсетті. Қазақстандағы алғашқы жылдары театр сахнасында Тхай Дян Чуннің корей колхоздарының өмірі жайлы «Бақытты адамдар», Александр Корнейчуктің «Эскадраның құруы», Максим Горькийдің «Жаулар» пьесалары қойылды.

1940 - шы жылы труппа 3-ші дәрежелі Қызылорда облыстық корей музыкалық драма театры болып қайта құрылды.

1942 жыл 3 қаңтар. Казсовнаркомның «көрермендер базасын қамтамасыз ету және өндірістік жұмыс жағдайын жақсарту мақсатындағы» шешімімен театр Қызылордадан Талдықорған облысы Қаратал ауданының Үштөбе станциясына көшірілді. Театр Талдықорған облыстық корей музыкалық драма театры деп атала басталды.

1959 жыл 30 мамыр. ҚазКСР Министрлер Кеңесінің Қаулысымен Корей театры тағы да Қызылорда қаласына ауыстырылды.

1968 жыл. Алматыға көшу. Театр статусын өзгертіп, Республикалық музыкалық комедия театры болып аталды.

Корей музыкасы қиыр Шығыстың ежелгі музыкалық дәстүріне жатады. Корей музыкасының қайнар көзі біздің заманымыздан бұрынғы 1-мыңжылдықтан бастау алады. Әр алуан тарихи кездерде Орталық және Шығыс Азияның, Тынық мұхит аралдардың музыкалық мәдениетімен тығыз байланыста дамып қалыптасты.

Корей музыкасына пентатоникалық ырғақтағы сүйемелдеу тән. hello_html_7cdd95fc.png

Пентатоника – бес сатыдан құрылған дыбыс қатары, аралығы үлкен секунда мен кіші терция интервалынан құрылған.

https://www.youtube.com/watch?v=_Wvz06Lc44s

(видеоматериал көрсету арқылы түсіндіремін)

Часон мемлекетінде (б.з.б. V11-11 ғғ.) күнтізбелік циклдерге, күнге табынуға байланысты өтетін тұрмыс-салт мерекелерінде барабан, қоңырау, гогтың сүйемелдеуімен айылатын әндер, билер маңызды орын алады.

Шаруалар әндері мұнда әртүрлі діни формада ХVІІ-ХVІІІ ғғ. көп таралады.

Оңтүстік Кореяда ұлттық опералық труппа, жекеменшік опералық труппалар, «Пхода», «Тэхан» хор ұжымы т.б. астапты оркестрлер, Сеулде Седжан мәдени орталығы, классикалық музыкалық Ұлттық институтты, Ұлтты өнер академиясы, Корей музыканттар ассоциациясы жұмыс істейді.

C:\Users\Азамат\Desktop\АСА ҚАЖЕТТІ сабаққа\ПОУРОЧНЫЕ ПЛАНЫ_2 Т\ІІІ- ТОҚСАН\5 СЫН\КОРЕЙ ТЕАТРЫ 1\Корей халықтарының музыкалық театры\Слайд6.JPGC:\Users\Азамат\Desktop\АСА ҚАЖЕТТІ сабаққа\ПОУРОЧНЫЕ ПЛАНЫ_2 Т\ІІІ- ТОҚСАН\5 СЫН\КОРЕЙ ТЕАТРЫ 1\Корей халықтарының музыкалық театры\Слайд8.JPGC:\Users\Азамат\Desktop\АСА ҚАЖЕТТІ сабаққа\ПОУРОЧНЫЕ ПЛАНЫ_2 Т\ІІІ- ТОҚСАН\5 СЫН\КОРЕЙ ТЕАТРЫ 1\Корей халықтарының музыкалық театры\Слайд9.JPGC:\Users\Азамат\Desktop\АСА ҚАЖЕТТІ сабаққа\ПОУРОЧНЫЕ ПЛАНЫ_2 Т\ІІІ- ТОҚСАН\5 СЫН\КОРЕЙ ТЕАТРЫ 1\Корей халықтарының музыкалық театры\Слайд10.JPG

Музыка тыңдату (видеоматериалдар арқылы) 1. Корей халық әні «Торади».

https://www.youtube.com/watch?v=zRUzDWEcFZs

2. Корей халық әні «Ариран» https://www.youtube.com/watch?v=7dtkIooT9ck

https://www.youtube.com/watch?v=gkM_LXUCMeA

Сергіту сәті. К.х.ә. «Торади» әнінің әуенімен би қимылдарын жасау.

Ұлдар үйден жасап келген корей барабандарымен ырғаққа соғып тұрады. Қыздар қызғылт қағаздан гүл даярлап, би қимылдарын жасайды.

Корей халық әні «Торади»

Торади, торади, торади

Шим шим санчонэ пек торади.

Ханду пуриман кеёдо

Тэпагуниэ сырисальсаль та нонуна.

Припев: Эхеё тэхеё эхеё.

Эияра нанда чихвачаджа чотта

Нэга нэга нэ сырисальсаль та ногинда2.

Торади, торади, торади

Ё мопсыль номэ пек торади

Хадо нальтэга опсосо

Толь бави тымэка вэ наныня.

Припев.


Торади, торади, торади

Канвондо кымгансан пек торади.

Хан пури ту пури подыни

Сангоре соради пхуннеильсе.


Ән орындау/үйрену (қалаулары бойынша). 1. Корей халық әні «Торади».

2. Корей халық әні «Ариран» (ән тарихын баяндау).

Arirang

Арираан Арираан Арарииё

Арираан когерыль номоканда.


Нарыль пориго кащинын мнимын

Щимнидо моткасо пальпёнг нанда.


Арираан Арираан Арарииё

Арираан когероль номоканда.

Чон чон ханыре тян пёльдо манко

Эриде касыме химандо манта.


Арираан Арираан Арарииё

Арираан когерыль номоканда.


Чон чон ханыре тян пёльдо манко

Уриде касыме химандо манта.

Қорытындылау сұрақтары:

- Республикалық Корей Музыкалық Комедия Театрының іргетасы қай жылы қаланды?

- Қазақстанға қай ғасырдың нешінші жылдарында қоныс аударды?

- Корей музыкалық аспаптарын ата.

Бағалау: Үй тапсырмасы мен жаңа сабаққа белсене қатысушы оқушыларға баға қою.

Үйге тапсырма: Тақырыпты үйден оқып келу. Әннің бір шумағын жаттап алу.

- Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар!





Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Корей халықтарының музыкалық театры"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель образовательного подразделения

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 660 309 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 26.02.2016 2939
    • DOCX 308.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Баекеева Жанар Толыбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Баекеева Жанар Толыбаевна
    Баекеева Жанар Толыбаевна
    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 2
    • Всего просмотров: 11261
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 16 регионов

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы преподавания музыки в условиях реализации ФГОС

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 181 человек из 57 регионов
  • Этот курс уже прошли 906 человек

Курс повышения квалификации

Мировая музыкальная культура от Баха до Шнитке

36 ч. — 180 ч.

от 1580 руб. от 940 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 45 человек из 29 регионов
  • Этот курс уже прошли 80 человек

Курс повышения квалификации

Преподавание музыки в дополнительном образовании: методы и приемы обучения и воспитания детей

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 170 человек

Мини-курс

Планирование проектов

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Созависимые отношения и способы их преодоления

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 46 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 30 человек

Мини-курс

Современные тенденции в искусстве: от постмодернизма до поп-культуры

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 27 человек из 15 регионов
  • Этот курс уже прошли 13 человек