Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Директору, завучу / Другие методич. материалы / Коррекциялық-дамыта оқыту сыныптарында оқу-тәрбие үрдісі негізінде оқушыларды әлеуметтендіру
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Директору, завучу

Коррекциялық-дамыта оқыту сыныптарында оқу-тәрбие үрдісі негізінде оқушыларды әлеуметтендіру

библиотека
материалов

Коррекциялық-дамыта оқыту сыныптарында оқу-тәрбие үрдісі негізінде оқушыларды әлеуметтендіру

Жалпы қоғам өміріндегі қазіргі әлеуметтік жағдайда баланың дамуы кәсіби сауатты педагогикалық қолдау көрсетуге мұқтаж.Бұл бала тұлғасының даму болашағын ғылыми түйсінуді,болжауды талап етеді, ал ол оған жауапты адамдардың, білім мекемелері педагогтарының,кәсіби тәрбиешілердің, ата-аналардың,әлеуметтік педагогтардың, балалар психологтары,дәрігерлердің бірлескен жұмыс, күш жұмылдыруы нәтижесінде ғана мүмкін болады

Оқушыларды әлеуметтендірудің жалпы білім беретін мектептерде де, ерекше білімділік қажеттіліктері бар балаларға арналған мекемелерде де тұлғалық негізі ортақ.

«Әлеуметтендіру» ұғымы тәрбиеде маңызды роль атқарады. Әлеуметтендіру деп әдетте индивидке мәдениетті\құндылықтарды,бағдарды,әлеуметтік нормаларды және т.б,\ меңгертудің көмегімен оны қоғамға кіріктіру арқылы әлеуметтік субъектіге айналдыру процесін айтады.Әлеуметтендіру процесі бірнеше кезеңнен өтеді.

Адамның есеюі оның қоғамдық нормаларды меңгеруін және тиісті қызмет ету формалары мен құралдарын игеруін білдіретін

бейімделуфазасынан басталады.Бейімделуде қол жеткізген нәтижесі мен өзінің жеке ерекшеліктерінің неғұрлым табысты жүзеге асыру қажеттілігі арасында пайда болатын қайшылытардың арқасында даралау фазасы өтеді.Ал үшінші фаза тұлғаның осы қажеттілігі мен топтын оның жеке ерекшеліктерінің тек бір бөлігін ғана қабылдауға ұмтылысы арасындағы қайшылықтар негізінде пайда болады да ,әлеуметтендіру табысты жургізілген жағдайда жеке тұлғамен топты кіріктіру түрінде өз шешімін табады.Осы фазамен бір жас кезеңі аякталып,келесі кезеңге өту барысы басталады.Баланың өзін-өзі әлеуметтік жүзеге асыруына даярлауы мақсатында оның ауыспалы өмірде өзін тұлға ретінде дамытуы тұлғалық-әрекеттік тәсіл қолдану және кәсіби педагогикалық қолдау негізінде шешіледі.





Р.А.Литвак көмек көрсетудің формалары:

Табиғи- мәдени көмек көрсету –ол адамның денсаулығына,оның экология,денсаулық мәдениеті нормаларын қабылдауына,жыныстық мінез-құлықты меңгеруіне,әдепті,салт-дәстүрді,рәміздерді,игеруіне байланысты міндеттерді шешуге бағытталған.

-Әлеуметтік-мәдени көмек көрсету баланың өз қабілеттерін,міндеттерін,құндылықтарын түйсініп,дамытумен,адамдармен өзара қарым-қатынас жасауды меңгеруімен,өз отбасының жақын адамының,тобының,ортасының,проблемаларынын жүрегіне жақын қабылдай алуымен байланысты.

-Әлеуметтік психологиялық көмек көрсету қажеттілігі адамда оның өзін-өзі тануына,тұлғалық өзгерістерге,өзінің жағымсыз қылықтарын жоюына және тұлғанын өзін-өзі лайықты, өзінің «мен» деген бейнесі мен әлемдік бейнесіне сай бағалауына байланысты проблемалардын пайда болуы салдарынан туындайды

Ал бүгінгі педкеңесте айтылыпотырған психикалық дамуында тежелуі бар оқушыларға бүгінгі таңда бұл өмірге әлеуметтік бейімделу басқаларға қарағанда едәір қиынға соғады.

Соңғы жылдары мемлекетімізде коррекциялық мектептердің,сыныптардың қызметтерін айқындайтын бірқатар заңдар қабылданды.



«Мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік және дәрігерлік-педагогикалық қолдау туралы»ҚР заңы 2002 жылы қабылданып, қолданысқа 2003 жылдан бастап енгізілді- мемлекет пен қоғам мүмкіндіктері шектеулі балалардың проблемаларымен белсене айналысты. Биылғыоқу жылында ашылып отырған коррекциялық сыныптарда осы Заң аясына статусы бойынша кіретін 22 оқушы бар,соның ішінде психикалық дамуы тежелген-18, ақыл-ойы кем-3 , тіл кемістігімен 1-бала бар.

ҚР-ның баланы қорғаумен, білім берумен байланысты Заңдары бойынша қандай да болмасын бала ата-анасымен білім беру мекемесін таңдауға ерікті,біздің сыныптардада балалар өз еркімен оқып жатыр. Мектеп әкімшілігі, осы балалармен жұмыс жасайтынпедагог ,психологтардың басты міндеті, ата-аналарға дұрыс бағдар беріп, арнайы оқытудың тиімді екенін көрсету.

Қыркүйек айында осы сыныптарда сабақ беретін педагог мамандармен семинар кеңес өткізіп, бұл категорияға жататын балаларға клиникалық-психологиялық-педагогикалық мінездеме берілген, сондықтан қазір қайталап қажеті жоқ.

Әлемнің барлық елдерінде арнайы білімнің түйіндік мақсаты ретінде-әлеуметтік интеграция болып табылады.Әлеуметтік интеграция әр баланы өздігімен өмір сүруге уйрету.Соңғы кезде қоғамда жоғарғы, арнайы орта білім беру мекемелері бітірушілерін жұмысқа орналастыру қиынға соқса, ал коррекциялық мектеп бітіргендер қайтпек? Тіпті лицей бітіріп, жұмысқа орналасып, бірақ жұмыс істей алмай кететіндер қаншама. Себебі еңбек процесіне адекватты түрде ене алмайды, тәртіп сақтай алмайды, еңбек ұжымында өз орнын таба алмайды. Дәл осындай проблемалар 9-сынып бітіріп лицей я басқа оқу орнына барып, 2-3 айдан кейін қайта келген қаншама оқушыны білеміз.

Сондықтан бұл оқушыларды өзі туралы, әлемдегі өз орны туралы біліммен қайтіп, қалай қамтамасыз етеміз? Сонымен қатар эмоциялық-ерік аймағындағы кемшіліктерді реттеу және де мінез-құлықтың бейімділік формаларын игеру қажет.

Бұл сыныптардағы балалардың дені аз қамтамасыз етілген, көп балалы,қайсы бірі жайсыз отбасылардан екені құпия емес, әлеуметтендіру ситуациясы мектептің , балалардың алдында тұрған өзекті проблема.

Бейімделуі қиын,дезадаптивтік мінез-құлық белгілері-ұсынған жағдайда өзін-өзі ұстай алмауы, мінезінің тез өзгеруі, ата-анасымен, мұғалімдермен шиеленіске түсе беруі,тұйықтық, айтылған сынға демонстративті түрде жауап беру, айналасындағылармен қасастықта болу,өтірік сөйлеу, ұрлық жасау. 4 айда осының бәрі болды, әлі де болады, әріптестер. Бірден айығып кете алмайды. Бұның тамырында, баланың басқа құрбыларына қарағанда дамуы, шамасы қалып тұрғанын біліп,жауап ретінде бұл жағдаймен келіспейтіндігін, ол осылай білдіреді. Біздің мақсатымыз балаға қиын кезінде қолдау көрсету, табиғи компенсаторлық мүмкіндіктерін табу, дамыту, біртіндеп үйрету.

Бейімделу мен әлеуметтендіру процестерін максималды түрде жеңілдету ретіндеҚР Білім және ғылым министірлігіэкспериментті түрде «Әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау» бағдарламасын ұсынды. Біз осы бағдарламамен 5-6 сыныптарда оқу жоспары бойынша жұмыс жасаудамыз. Бұл бағдарламаның негізгі бағыты-адам өміріне, оның іс-әрекетіне байланысты практикалық, білім,білік,дағдыларды қалыптастыру.

Жоғары квалификациялық мамандар арасының өзінде, бәсекелестік бар қазіргі қоғамда мүмкіншілігі шектеулі балаларға өз орнын табуып кету шансы өте аз.

Сол себепті бұл бағдарлама төмендегідей дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.

  • Адамдармен әңгімелесе білу, көңіл-күйін түсіну;

  • Ситуацияға байланысты адекватты түрдегі мінез-қүлықты меңгеру;

  • Қажетті жағдайда көмек іздеп табу, басқаға көмек етуге әзір болу;

  • Мінез-қүлқын заң аясында реттеу, одан аспау;

  • Қоғамда қабылданған әлеуметтік формаларға сай өзінің достық, сүйіспеншілік сезімін білдіре білу;

Біздің балалар ауқымды әлеуметтік ортада тәрбиеленіп, өмірлік процестерге тез араласуда, сол себепті әлеуметтендіру белсенді түрде позитивті де негативті түрде де болуы мүмкін.

Оқушылардың позитивті әлеуметтенуі тиімді өту үшін төмендегідей жағдайлар қажет:

  • Мақсатты және жүйелі педагогикалық жұмыс ;

  • Баланы өмірдің жағдайларына әзір етіп дайындаудың нәтижелігі;

  • Әр баламен жекелей жұмыс жасау;

  • Оқу үрдісінің көрнекілігі;

  • Оқушылардың оқу материалын қабылдауда, меңгеруде, ақпаратты ой елегінен өткізудегі белсенділігі;

  • Әрбір үйренген әрекетке оң\позитивті\ қатынас қалыптастыру;

  • Ынталандыру;

  • Ойын әдіс-тәсілдерін кеңінен қолдану;

  • Танымдық аймақтың коррекциясы мен дамуы ;

  • Еңбек дағдыларын дамыту;

Бұл жұмыстар нәтижелі өту үшін алдын ала психологиялық диагностика өткізілді.

Психодиагностика анализы оқушылардың коррекциялық сыныпқа түсу себептерін көрсетеді. Ол себептер әр балада әр түрлі. Біреуіне қажетті коммуникативтік қатынас болса, екіншісіне танымдық процестер дамыту, тағы басқасына эмоциялық ерік аймағын түзету керек. Психологиялық диагностикаға сүйеніп жұмыс жасау баланы оқытудағы формализмге бой алдырмауға көмек етеді. Диагностика негізінде әр оқушыға арналған жеке коррекциялық жұмыс жоспары құрылды.

Коррекциялық дамыта оқыту сыныптарындағы оқу-тәрбие үрдісі біртұтас жүйе болғандықтанжеке пәндерден сабақ беретін педагог мамандар білімділік дағдылар қалыптастыруда әр баламен жекелей жұмыс жасауда, тәрбиелік мәндегі өмір сұранысына сай әлеуметтендірумен айналысып жүр.

3-4 ай ішінде жоғары көрсеткішке жету мүмкін емес, алайда, мүғалімдер , ата-аналар бірлесе отырып оң аяқ басуда.

Мектеп әкімшілігі коррекциялық сыныптарға арнап 5 кабинет ұсынды.1 кабинет коррекциялық қолдау кабинеті етіп жабдықталды. Оқушылармен график бойынша жекелей , топпен түзету жұмыстары жүргізіледі.

3-4 қазақ сыныбында 12 оқушы, 3 сыныпта -4, 8 оқушы 4-і сыныпта.

Оқу жылының басында 5 оқушы әріптерді толық меңгермеген, сол себепті оқи алмайтын. Қазір барлық оқушы сауат ашу кезеңінен өтті, 3-і буындап,2-і әріптеп оқитын дәрежеге жетті

Нәтиже тек психикалық дамуы тежелген оқушылар ғана емес олигофрения диагнозы бар С. деген оқушы әріптерді танып буындап оқи алатын болды.

Математика сабағында нәтиже бірқалыпты емес, 2 оқушы математикалық белгілерді танымайды, шатастырады десек,4 сынып оқушылары Хумарбек, Ержан теңдеу шығарады.

4 орыс сыныбында 1 оқушы, өмірге бейімділігі өте төмен оқушы,мұғалімінің тактикасының арқасында жазуы түзелді, оқып мазмұндауға талпынады, және жалпы оқу мотиві позитивті бағыт алды.

5 қазақ сыныбында 4 оқушы.Оның біреуі нің диагнозы өте ауыр.Өткен оқу жылы мүлде мектепке келмеген. Оқу жылының басында 1-2 ай мектепке келіп жүрді, ал соңғы 1,5 ай мүлде келмейді. Себеп: ол баланың анасы 2 ай Монголияда жүрді,дәрігерге көрсетіп ем қабылдау керектігін айтып дәрігер де , психолог та апта сайын, сынып жетекшісі күн сайын барады. Алайда , жоғарыда айтылғандай отбасының әлеуметтік бейімделуі,ата-анасының сауаты өте төмен.Еш нәтиже шығара алмай келеміз. Қалған 3 оқушы түрлі деңгейде, балалар , әріптерді толық білмеген,қазір буындап оқиды, дыбыстарды ажыратады.Математика сабақтарында ОІМ болды, нәтижеге ақырын-ақырын келеді.

5-6 орыс сыныбында 5 оқушы, оның 1-і интеллектісі бұзылған. Барлығы дерлік әлеуметтік бейімделуі төмен отбасында тәрбиеленеді, барлығы аз қамтамасыз етілген, осындай жағдайда мұғалімдер олармен жұмыс жасап нәтижеге ақырындап аяқ басуда.

Бұл сыныптарға оқушылардың барлығы кеш келіп тұр, оқу бағдарламасынан мүлде қалып қойған.

Осылай бола тұрса да коррекциялық сыныптарда еңбек ететін мұғалімдер барлығы тырысып, әр сабағына тиянақты әзірленіп, жекелей жұмыс жасайды.

Сонымен қатар,оқушылар сабақтан тыс уақытында түрлі шараларға белсене қатысып, мектеп сахнасына шығып ән салып, би билеп, театрланған көрініс жасауда. Бұрынғы сыныптарында олар, әрине ондай белсенділік таныта алмады. «Алтын күз», Тәуелсіздіктің 20 жылдығы, Жаңа жылдық шырша ертеңгілігі сияқты шараларға 22 оқушының бәрі бірі қалмай өз деңгейлері шамасында түрлі өнер көрсетті.

Мектептегі бокс спорттық секциясына 2 оқушы қатысып жүр, тіпті жарыстарға қатысып жүлделі орын алуда.

Адам табиғаты дамуда кем қалған мүмкіндікті міндетті түрде басқа жағынан толықтыруы заңды құбылыс. Ғылымда компенсация деп аталады.Біздің міндетіміз мүмкіншілігі шектеулі әр баланың табиғи толымды мүмкіндігін тауып,оны толық игеруге қолдау көрсету.

Оқушымен жұмыс жүргізу-ол яғни ата-анамен байланыс үзбеу.Қараша айында коррекциялық сыныптар ата-аналарының жиналысы өткізілді. Жиналыста әлеуметтік педагог «Бала қүқығы және ата-ана міндеті» деген атпен дәріс оқыды, мектеп медбибісі оқушылардың тазалығы туралы кеңес беріп ,тәрбие ісінің меңгерушісі отбасындағы тәрбиеге байланысты әңгіме өткізді. Бұл сыныптарда еш жағдайды назардан тыс қалдырмаймыз, әсіресе алаңдататын мәселелерді мектеп әкімшілігі, ата-аналармен бірлесе отырып еш кейінге қалдырмай шешіледі.

Қорыта айтсақ, коррекциялық дамыта оқыту сыныптарындағы оқу-тәрбие үрдісі негізінде оқушылардың әлеуметтенуіне Парамоновка орта мектебінде жағдай жасалып, педагогикалық қолдау, жетелеу ғылыми негізде,жүйелі түрде өтілуде деп нық айта аламыз.

Краткое описание документа:

Коррекциялық-дамыта оқыту сыныптарында оқу-тәрбие үрдісі негізінде оқушыларды әлеуметтендіру

Жалпы қоғам  өміріндегі қазіргі әлеуметтік жағдайда баланың дамуы кәсіби сауатты педагогикалық қолдау көрсетуге мұқтаж.Бұл бала тұлғасының даму болашағын ғылыми түйсінуді,болжауды талап етеді, ал ол оған жауапты адамдардың, білім мекемелері педагогтарының,кәсіби тәрбиешілердің, ата-аналардың,әлеуметтік педагогтардың, балалар психологтары,дәрігерлердің бірлескен жұмыс, күш жұмылдыруы нәтижесінде ғана мүмкін болады

Оқушыларды әлеуметтендірудің жалпы білім беретін мектептерде де, ерекше білімділік қажеттіліктері бар балаларға  арналған мекемелерде де тұлғалық негізі ортақ.

«Әлеуметтендіру» ұғымы тәрбиеде маңызды роль атқарады. Әлеуметтендіру деп әдетте индивидке мәдениетті\құндылықтарды,бағдарды,әлеуметтік нормаларды және т.б,\ меңгертудің көмегімен оны қоғамға кіріктіру арқылы әлеуметтік субъектіге айналдыру процесін айтады.Әлеуметтендіру процесі  бірнеше кезеңнен өтеді.

Адамның есеюі оның қоғамдық нормаларды меңгеруін және тиісті қызмет ету формалары мен құралдарын игеруін білдіретін

бейімделуфазасынан басталады.Бейімделуде қол жеткізген нәтижесі мен өзінің жеке ерекшеліктерінің неғұрлым табысты жүзеге асыру қажеттілігі арасында пайда болатын қайшылытардың арқасында даралау фазасы өтеді.Ал үшінші фаза тұлғаның осы қажеттілігі мен топтын оның жеке ерекшеліктерінің тек бір бөлігін ғана қабылдауға ұмтылысы арасындағы қайшылықтар негізінде пайда болады да ,әлеуметтендіру табысты жургізілген жағдайда жеке тұлғамен топты кіріктіру түрінде өз шешімін табады.Осы фазамен бір жас кезеңі аякталып,келесі кезеңге өту барысы басталады.Баланың өзін-өзі әлеуметтік жүзеге асыруына даярлауы мақсатында оның ауыспалы өмірде өзін тұлға ретінде дамытуытұлғалық-әрекеттік тәсіл қолдану және кәсіби педагогикалық қолдау негізіндешешіледі.

 

 

Р.А.Литвак көмек көрсетудің формалары:

Табиғи- мәдени көмек көрсету –ол адамның денсаулығына,оның экология,денсаулық мәдениеті нормаларын қабылдауына,жыныстық мінез-құлықты меңгеруіне,әдепті,салт-дәстүрді,рәміздерді,игеруіне байланысты міндеттерді шешуге бағытталған.

-Әлеуметтік-мәдени көмек көрсету баланың өз қабілеттерін,міндеттерін,құндылықтарын түйсініп,дамытумен,адамдармен өзара қарым-қатынас жасауды меңгеруімен,өз отбасының жақын адамының,тобының,ортасының,проблемаларынын жүрегіне жақын қабылдай алуымен байланысты.

-Әлеуметтік психологиялық көмек көрсету қажеттілігі адамда оның өзін-өзі тануына,тұлғалық өзгерістерге,өзінің жағымсыз қылықтарын жоюына және тұлғанын өзін-өзі лайықты, өзінің  «мен» деген бейнесі мен әлемдік бейнесіне сай бағалауына байланысты проблемалардын пайда болуы салдарынан туындайды

Ал бүгінгі педкеңесте айтылыпотырған психикалық дамуында тежелуі бар оқушыларға бүгінгі таңда бұл өмірге әлеуметтік бейімделу басқаларға қарағанда едәір қиынға соғады.

Соңғы жылдары  мемлекетімізде коррекциялық мектептердің,сыныптардың қызметтерін айқындайтын бірқатар заңдар қабылданды.

 

«Мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік және дәрігерлік-педагогикалық қолдау туралы»ҚР заңы 2002 жылы қабылданып, қолданысқа 2003 жылдан бастап  енгізілді- мемлекет пен қоғам  мүмкіндіктері шектеулі балалардың проблемаларымен белсене айналысты. Биылғыоқу жылында ашылып отырған коррекциялық сыныптарда осы Заң аясына  статусы бойынша кіретін  22 оқушы бар,соның ішінде психикалық дамуы тежелген-18, ақыл-ойы кем-3 , тіл кемістігімен 1-бала бар.

ҚР-ның баланы қорғаумен, білім берумен байланысты Заңдары бойынша қандай да болмасын бала ата-анасымен білім беру мекемесін таңдауға ерікті,біздің сыныптардада балалар өз еркімен оқып жатыр. Мектеп әкімшілігі, осы балалармен жұмыс жасайтынпедагог ,психологтардың басты міндеті, ата-аналарға дұрыс бағдар беріп, арнайы оқытудың тиімді екенін көрсету.

  Қыркүйек айында осы сыныптарда сабақ беретін педагог мамандармен семинар кеңес өткізіп, бұл категорияға жататын балаларға клиникалық-психологиялық-педагогикалық мінездеме берілген, сондықтан қазір қайталап қажеті жоқ.

Әлемнің барлық елдерінде арнайы білімнің түйіндік мақсаты ретінде-әлеуметтік интеграция болып табылады.Әлеуметтік интеграция әр баланы өздігімен өмір сүруге  уйрету.Соңғы кезде қоғамда жоғарғы, арнайы орта білім беру мекемелері бітірушілерін жұмысқа орналастыру қиынға соқса, ал коррекциялық мектеп бітіргендер қайтпек? Тіпті лицей бітіріп, жұмысқа орналасып, бірақ жұмыс істей алмай кететіндер қаншама. Себебі еңбек процесіне адекватты түрде ене алмайды, тәртіп сақтай алмайды, еңбек ұжымында өз орнын таба алмайды. Дәл осындай проблемалар 9-сынып бітіріп лицей я басқа оқу орнына барып, 2-3 айдан кейін қайта келген қаншама оқушыны білеміз.

Сондықтан бұл оқушыларды өзі туралы, әлемдегі өз орны туралы біліммен қайтіп, қалай қамтамасыз етеміз? Сонымен қатар эмоциялық-ерік  аймағындағы кемшіліктерді реттеу және де мінез-құлықтың бейімділік формаларын игеру қажет.

Бұл сыныптардағы балалардың дені аз қамтамасыз етілген, көп балалы,қайсы бірі жайсыз отбасылардан екені құпия емес, әлеуметтендіру ситуациясы мектептің , балалардың алдында тұрған өзекті проблема.

Бейімделуі қиын,дезадаптивтік мінез-құлық белгілері-ұсынған жағдайда өзін-өзі ұстай алмауы, мінезінің тез өзгеруі, ата-анасымен, мұғалімдермен шиеленіске түсе беруі,тұйықтық, айтылған сынға демонстративті түрде жауап беру, айналасындағылармен қасастықта болу,өтірік сөйлеу, ұрлық жасау. 4 айда осының бәрі болды, әлі де болады, әріптестер. Бірден айығып кете алмайды. Бұның тамырында, баланың басқа құрбыларына қарағанда дамуы, шамасы қалып тұрғанын біліп,жауап ретінде бұл жағдаймен келіспейтіндігін, ол осылай білдіреді. Біздің мақсатымыз балаға қиын кезінде қолдау көрсету, табиғи компенсаторлық мүмкіндіктерін табу, дамыту, біртіндеп үйрету.

 Бейімделу мен әлеуметтендіру процестерін максималды түрде жеңілдету ретіндеҚР Білім және ғылым министірлігіэкспериментті түрде «Әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау» бағдарламасын ұсынды. Біз осы бағдарламамен 5-6 сыныптарда оқу жоспары бойынша жұмыс жасаудамыз. Бұл бағдарламаның негізгі бағыты-адам өміріне, оның іс-әрекетіне байланысты практикалық, білім,білік,дағдыларды қалыптастыру.

Жоғары квалификациялық мамандар арасының өзінде, бәсекелестік бар  қазіргі қоғамда мүмкіншілігі шектеулі балаларға  өз орнын табуып кету шансы өте аз.

Сол себепті бұл бағдарлама төмендегідей   дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.

·       Адамдармен әңгімелесе білу, көңіл-күйін түсіну;

·       Ситуацияға байланысты адекватты түрдегі мінез-қүлықты меңгеру;

·       Қажетті жағдайда көмек іздеп табу, басқаға көмек етуге әзір болу;

·       Мінез-қүлқын заң аясында реттеу, одан аспау;

·       Қоғамда қабылданған әлеуметтік формаларға сай өзінің достық, сүйіспеншілік сезімін білдіре білу;

Біздің балалар ауқымды әлеуметтік ортада тәрбиеленіп, өмірлік процестерге тез араласуда, сол себепті әлеуметтендіру белсенді түрде позитивті де негативті түрде де  болуы мүмкін.

Оқушылардың  позитивті әлеуметтенуі тиімді өту үшін төмендегідей жағдайлар қажет:

·       Мақсатты және жүйелі педагогикалық жұмыс ;

·       Баланы өмірдің жағдайларына  әзір етіп дайындаудың нәтижелігі;

·       Әр баламен жекелей жұмыс жасау;

·       Оқу үрдісінің көрнекілігі;

·       Оқушылардың оқу материалын қабылдауда, меңгеруде, ақпаратты ой елегінен өткізудегі белсенділігі;

·       Әрбір үйренген әрекетке оң\позитивті\ қатынас қалыптастыру;

·       Ынталандыру;

·       Ойын әдіс-тәсілдерін кеңінен қолдану;

·       Танымдық аймақтың коррекциясы мен дамуы ;

·       Еңбек дағдыларын дамыту;

Бұл жұмыстар нәтижелі өту үшін алдын ала психологиялық диагностика өткізілді.

Психодиагностика анализы оқушылардың коррекциялық сыныпқа түсу себептерін көрсетеді. Ол себептер әр балада әр түрлі.  Біреуіне қажетті коммуникативтік қатынас болса, екіншісіне танымдық процестер дамыту, тағы басқасына эмоциялық ерік аймағын түзету керек. Психологиялық диагностикаға сүйеніп жұмыс жасау баланы оқытудағы формализмге бой алдырмауға көмек етеді. Диагностика негізінде әр оқушыға арналған  жеке коррекциялық  жұмыс жоспары құрылды.

Коррекциялық  дамыта оқыту сыныптарындағы оқу-тәрбие үрдісі біртұтас жүйе болғандықтанжеке пәндерден сабақ беретін педагог мамандар білімділік дағдылар қалыптастыруда әр баламен жекелей жұмыс жасауда, тәрбиелік мәндегі өмір сұранысына сай әлеуметтендірумен айналысып жүр.

3-4 ай ішінде жоғары көрсеткішке жету мүмкін емес, алайда, мүғалімдер , ата-аналар бірлесе отырып оң аяқ басуда.

Мектеп әкімшілігі коррекциялық сыныптарға арнап 5 кабинет ұсынды.1 кабинет коррекциялық қолдау кабинеті етіп жабдықталды. Оқушылармен график бойынша жекелей , топпен түзету жұмыстары жүргізіледі.

3-4 қазақ сыныбында 12 оқушы, 3 сыныпта -4, 8 оқушы 4-і сыныпта.

Оқу жылының басында 5 оқушы әріптерді толық меңгермеген, сол себепті оқи алмайтын. Қазір барлық оқушы сауат ашу кезеңінен өтті, 3-і буындап,2-і әріптеп оқитын дәрежеге жетті

Нәтиже тек психикалық дамуы тежелген оқушылар ғана емес олигофрения диагнозы бар С. деген оқушы әріптерді танып буындап оқи алатын болды.

Математика сабағында нәтиже бірқалыпты емес, 2 оқушы математикалық белгілерді танымайды, шатастырады десек,4 сынып оқушылары Хумарбек, Ержан теңдеу шығарады.

4 орыс сыныбында 1 оқушы, өмірге бейімділігі өте төмен оқушы,мұғалімінің тактикасының арқасында жазуы түзелді, оқып мазмұндауға талпынады, және жалпы оқу мотиві позитивті бағыт алды.

5 қазақ сыныбында 4 оқушы.Оның біреуі нің диагнозы өте ауыр.Өткен оқу жылы мүлде мектепке келмеген. Оқу жылының басында 1-2 ай мектепке келіп жүрді, ал соңғы 1,5 ай мүлде келмейді. Себеп: ол баланың анасы 2 ай Монголияда жүрді,дәрігерге көрсетіп ем қабылдау керектігін айтып дәрігер де , психолог та  апта сайын, сынып жетекшісі күн сайын барады. Алайда , жоғарыда айтылғандай отбасының әлеуметтік бейімделуі,ата-анасының сауаты өте төмен.Еш нәтиже шығара алмай келеміз. Қалған 3 оқушы түрлі деңгейде, балалар , әріптерді толық білмеген,қазір буындап оқиды, дыбыстарды ажыратады.Математика сабақтарында ОІМ болды, нәтижеге ақырын-ақырын келеді.

5-6 орыс сыныбында 5 оқушы,  оның 1-і интеллектісі бұзылған. Барлығы дерлік әлеуметтік бейімделуі төмен отбасында тәрбиеленеді, барлығы аз қамтамасыз етілген, осындай жағдайда мұғалімдер олармен жұмыс жасап нәтижеге ақырындап аяқ басуда.

Бұл сыныптарға оқушылардың барлығы кеш келіп тұр, оқу бағдарламасынан мүлде қалып қойған.

Осылай бола тұрса да коррекциялық сыныптарда еңбек ететін мұғалімдер барлығы тырысып, әр сабағына тиянақты әзірленіп, жекелей жұмыс жасайды.

Сонымен қатар,оқушылар сабақтан тыс уақытында түрлі шараларға белсене қатысып, мектеп сахнасына шығып ән салып, би билеп, театрланған  көрініс жасауда. Бұрынғы сыныптарында олар, әрине ондай белсенділік таныта алмады. «Алтын күз», Тәуелсіздіктің 20 жылдығы, Жаңа жылдық шырша ертеңгілігі сияқты шараларға 22 оқушының бәрі бірі қалмай өз деңгейлері шамасында түрлі өнер көрсетті.

Мектептегі бокс спорттық секциясына 2 оқушы қатысып жүр, тіпті жарыстарға қатысып жүлделі орын алуда.

Адам табиғаты дамуда кем қалған мүмкіндікті міндетті түрде басқа жағынан толықтыруы заңды құбылыс. Ғылымда компенсация деп аталады.Біздің міндетіміз мүмкіншілігі шектеулі әр баланың  табиғи толымды мүмкіндігін тауып,оны толық игеруге қолдау көрсету.

Оқушымен жұмыс жүргізу-ол яғни ата-анамен байланыс үзбеу.Қараша айында коррекциялық сыныптар ата-аналарының жиналысы өткізілді. Жиналыста әлеуметтік педагог «Бала қүқығы және ата-ана міндеті» деген атпен дәріс оқыды, мектеп медбибісі оқушылардың тазалығы туралы кеңес беріп ,тәрбие ісінің меңгерушісі отбасындағы тәрбиеге байланысты әңгіме өткізді. Бұл сыныптарда еш жағдайды назардан тыс қалдырмаймыз, әсіресе алаңдататын мәселелерді мектеп әкімшілігі, ата-аналармен бірлесе отырып еш кейінге қалдырмай шешіледі.

 

Қорыта айтсақ, коррекциялық дамыта оқыту сыныптарындағы оқу-тәрбие үрдісі негізінде оқушылардың әлеуметтенуіне Парамоновка орта мектебінде жағдай жасалып,  педагогикалық қолдау, жетелеу ғылыми негізде,жүйелі түрде өтілуде деп нық айта аламыз.

Автор
Дата добавления 05.02.2015
Раздел Директору, завучу
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров1696
Номер материала 365512
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх