Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Рабочие программы / Коспект по казах адебиети

Коспект по казах адебиети


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың тақырыбы:Нан- қасиетті тағам.

Сабақтың мақсаттары:

Нан-тіршілік көзі, қаситті ас екендігін ,маңдай тер, еңбектің жемісі екендігін ұғындыру .Түсінік ұғымдарын ,сөздік қорларын ,ой-пікірлерін дамыту .

Нанды баспауға ,қастерлеуге ,еңбекті бағалай білуге тәрбиелеу .

Көрнекіліктері:суреттер ,нақыл сөздер , буклеттер ,сөзжұмбақ .

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі

Сыныпты даярлау ,безендіру.

Негізгі бөлім

1-жүргізуші:Нанатасы –бидаймын ,

Елге астық сыйлаймын .

Дәнім толып піскенде,

Қауызыма сыймаймын .

2-жүргізуші:Жеуге оңай болса да дастарқанға нанның келу үшін көп еңбек жұмсауды қажет етеді .Ең алдымен құнарлы топырақ қажет.Оны мамандар даярлайды,анықтайды.Ол жерге қыста механизаторлар қар тоқтатады.Топырақта ылғалдың сақталуына мүмкіндік жасайды .

1-жүргізуші:Минералдың тыңайтқыштар шашып ,топырақты құнарландырады.

2-жүргізуші:Көктемде қызу еңбек басталады.Механизаторлар трактормен жер жыртып , тұқым себеді.

1-жүргізуші:Дихандар оны баптап күтеді.Топыраққа сіңген бидай дәні жер жылынысымен көктеп шығады .

Көрініс: «Егінші мен қасқыр»

1-оқушы:

Нан болмаса бағыңның кетері – бар,

Нанмен ғана өмірдің өтері бар.

Жерде жатса егер де бір үзім нан,

Армандамай-ақ сен оны көтеріп ал .

2-оқушы:

Ұлылық бар бұл нанда бас иетін ,

Жылылық бар бұл нанда болмас тегін .

Ашаршылық жылдары есіңе алсаң ,

Білер едің сен сонда қасиетін .

3-оқушы:

Нанның күші жүргенің кең керіліп,

Ел күлкіге малынып, көмкеріліп.

Бір күн кейде болмаса бір үзім нан,

Калды дей бер қазаның төңкеріліп.

4оқушы:

Кешір бізді, бір үзім нан, асылым,

Кешір бізді байқасаң бір асылық.

Кешір мынау, тоқ ұрпақ, мол буынды,

Аяқ алты жатсаң жерде басылып.

5-оқушы:

Нан барда ойнап, күлеміз,

Нан болса еркін жүреміз.

Тіршілік көзі нан ғана,

Нан қадірін білеміз.

Ән,, « Қазақ дастарханы»

Нан туралы мақал – мәтелдер.

Нан-атасы-бидай,

Нан болса ән де болады .

Ашы еңбектен- тәтті нан.

Дастарханда наны .жоқтың,

Тамағының сәні жоқ.

Түйір нан –тамшы тер.

6-оқушы :

Ағам диқан даңқты ,

Жердің нәрін жинаған .

Қуандырып халықты ,

Елге ырыс сыйлаған ,

Дала біткен жайдары

Құлпырыпты ,түлепті

Алдыңа әкеп төкті де

Жапан түзге кім екті ?

7-оқушы :

Диқан бабаң екті де,

Еңбектен еш қашпады.

Алдыңа әкеп төкті де,

Ақ нанды үйіп тастады .

8-оқушы:

Еңбегің қатты болса ,

Татқаның тәтті болады .

9-оқушы :

Нан ардақты асыл ас ,

Аттамас одан кәрі жас .

10-оқушы :

Нан қадірін ардақтай білші күнім ,

Нанға деген болсын тек құлшылығын.

Қорытынды

Хормен:

Нан қоқымын шашпаңдар ,

Жерде жатса баспаңдар.

Теріп алып қастерлеп,

Торғайларға тастаңдар.

Ән: «Ақ бидай».


Автор
Дата добавления 16.05.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Рабочие программы
Просмотров39
Номер материала ДБ-084084
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх