Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Дошкольное образование / Конспекты / Коспект сценарий "Қош болғ алтын күз"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Дошкольное образование

Коспект сценарий "Қош болғ алтын күз"

библиотека
материалов

hello_html_23b1f5e.gif« Алтын күз!»атты

мерекелік кеш.

Мақсаты: Ата-аналарды мерекелік шараларға тарту. Балалардың күз мезгілінің ерекшелігі, күз молшыығы туралы түсініктерін кеңейту.


1.Жүргізуші: Уа, халайық, халайық

Мұнда назар салайық,

Алтын күзге арналған,

Кешімізді бастайық!


Балалардың бақшасында бүгін той,

Балалардың мерекесі біліп қой.

Тақпақ айтып кезектесіп бір-бірлеп,

Кел қосылып ән шырқайық би билеп!


Би: «Көңілді күн».

2.Жүргізуші: Армысыздар құрметті ата-аналар, ұстаздар, қонақтар! «Алтын күз» мерекесімен сіздерді «Балбөбек» тобы құттықтайды. Бүгінгі берекелі де ырысты алтын күз құрметіне арналған «Қош бол, Алтын күз!» атты ертеңгілігімізді бастаймыз.

Ендеше, «Балбөбек» тобының бүлдіршіндерін ортаға шақырайық. Біздің балаларымыз күз мезгілі туралы жаттаған тақпақтарын сіздерге сыйға тартады.


1.Шахзада: Жомарт көңіл, жарқын күз,

Сары алтынға малынған.

Жетті міне алтын күз,

Көптен күтіп сағынған.


2.АСұлтан: Құстар қайтты ән салып,

Бұлт торлады аспанды.

Қыс келеді жар салып,

Күзгі суық басталды.

3.Кәусәр: Жомарт көңіл, жарқын күз,

Берекесі халқымның.

Қош келіпсің алтын күз,

Құт қонағы төрімнің.


4. Арсен : Шөп сарғайып, өңі тайып,

Дала сұры қашады.

Бой жаза алмай, ойнай алмай,

Денең мұздап тоңады.


5.Айзере: Қандай өзі береген,

Алмасын-ай, алмасын.

Жемісі көп не деген,

Жеп тауыса алмайсың.


6.Дина: Күз айы тамаша,

Ән айттық жаңаша.

Би билеп бәріміз,

Қуанайық балаша.


7.Саянұр: Ой, алақай, тамаша,

Шашу шашты жапырақ.

Бақтың іші алаша,

Аунар ма едік жатып ап.


8.Гүлдана: Сары ала тон жамылған,

Күз атамыз секілді.

Қойны толы дәмді нан,

Тәттісі көп не түрлі.


9.Азамат: Жемісі мол теретін,

Күз дос екен бізбенен.

Бәрін тауып беретін,

Жомарт екен күз деген.

10.Айдана: Алтын, сары, қызыл, көк,

Түрлі түсті жапырақ.

Біздің бақта ұшады,

Көз тартады жарқырап.


11.Аяла: Ағаштардан жамырап,

Ұшты кенет жапырақ.

Ой, алақай, тамаша,

Шашу шашты жапырақ.


12.Алдияр: Күздің қазан айында,

Алма, алмұрт піседі.

Жапырақтар сарғайып,

Сыбдыр-сыбдыр етеді.


13. Әділжан: Аспанды сұрғылт бұлт,

Жан-жақты жабады.

Күн бірге суытып,

Жауын көп жэауады.


14.Дильназ: О, алақай, алақай,

Келді міне алтын күз.

Құтты болсын мереке,

Құтты болсын алтын күз.


Хор: «Балдырғандар» әні.


3. Көрініс: «Бұлт пен Күн».

Музыка ырғағымен залға бұлт кіреді. Билеп жүріп:

Бұлт: Мен- қара түнек бұлтпын. Бірде жаңбыр жауғызамын, бірде найзағай шашамын, бәрі менің қолымда, мен күштімін, хо-хо-хо. (Бұлт балаларды ұйықтатады).


Музыкамен күн кіріп билейді.

Күн: Мұнда неге, қаратүнек, не болып жатыр? Бүлдіршіндер неге ұйықтап жатыр?


Бұлт: Күн, сен маған кедергі жасап тұрсың, мен сенің бүлдіршіндеріңді ұйықтатып, ауа-райын бұзамын.


Күн: Жоқ, қане, бүлдіршіндерім, оянамыз.

(Күн балаларды оятады, балалар көзін ашады).

Жүргізуші: Бұлт пен Күн сендер неге айтысып жатырсыңдар? Айтыспаңдар, ақылға келіп балаларымыздың өнерлерін тамашалайық.


Би: «Бұлттар мен тамшылар».


4. Көрініс: « Дихан ата мен Күз».

Күз: -Мен өте көңілсізбін. Күн суытып, жапырақтарым сарғайып жерге түсіп, ағашымның ажары кетті.


(Осы сөзден кейін Дихан ата кіреді).

Дихан ата: -Күз, сен неге жабырқаусың? Неге күлмейсің?

Күз: - Менің уақытым бітті, енді қыс мезгіліне орнымды бермекпін. Соған мұңайып отырмын.

Дихан ата: - Мұңайма. Сен-мезгілдердің ішіндегі ең берекелі де мерекелі айсың. Мен осы еңбегімнің күз айындағы жемісін көрсетуге балалармен келдім.

Жүргізуші: -Қане, құрметті қонақтар, көкөністер мен жемістерді ортаға шақырайық.

1.Айару: -Мен алмұртпын, алмұртпын,

Күзде жинап алатын.

Балбыраған біреуін

Жесең тойып қалатын.

(Алмұртты қарсы алайық).

2.Мерей: -Көктемде ерте гүлдеймін,

Кешігуді білмеймін.

Уылжыған өрікпін.

(Өрікті қарсы алайық).

3.Алихан: -Іші толған шәрбәт,

Дәмі қандай әйбәт.

Үзесің бірден жүзін,

Оның аты-жүзім.

(Ортаға жүзімді шақырайық).

4.Нұрым: -Нарттай қызыл алмамын,

Мәз болады алғандар.

Жазда әдемі киінем,

Тілді балдай үйірем.

(Ортаға қызыл алманы шақырайық).

5.Ділдә: -Бір сабақта көп түйме,

Жей алмайсың көк күйде.

Санап қара қанша,

Оның аты-шие.

(Ортаға шиені шақырайық).

6.Айкөркем: -Қырыққабат келеді жайқалып- аяқ ұшымен жүру.

7.Мадияр: -Қияр келеді жеңіл жүгіріп.

8.Санжар: -Сәнденіп жетті сәбіз-қолды белге қойып, оңға, солға бұрылу.

9. Ақжарқын: -Қалың киім ұнататын,

Шешіндірсең жылататын,

Сарымсақ келеді жәй басып – жәй жүріс.



10.Эльдар: -Тал шыбықтай бұралып,

Бақшаларда қызарып.

Тұрған ол, мен-қызанақ,

Күнге қарап қызарып.

(Қызанақ келеді нық басып).

11.Едіге: -Картоп- біздің атымыз,

Бір тамырдан тараған.

Ағайынбыз бәріміз.

12. -Ақ түсім бар қант олар,

Қызыл түсім қанға нәр.

Зияным жоқ, біліп қой,

Қызылшамын пайдалы.

13. -Көрсең егер бақшада,

Доп екен деп қалмағын.

Шөл қандырар қарбызбын.

14. -Иісім жұпар аңқыған,

Бақшадағы шырынмын.

Жеп көргендер тамсанған,

Балдай тәтті қауынмын.

15. –Нан атасы бидаймын,

Елге астық сыйлаймын.

Дәнім толып піскенде,

Қауызыма сыймаймын.

-Енді осы жемістер мен көкөністердің жырын тыңдайық.

1.Мадияр -алмұрт: Мен алмұртпын, алмұртпын,

Аузындамын бар жұрттың.


2. -өрік: Мен өрікпін, өрікпін,

Табиғатқа көрікпін.


3.Алихан-жүзім: Мен жүзіммін, жүзіммін,

Моншақ болып тізілдім.


4.Нұрым-алма: Мен алмамын, алмамын,

Таңдай жұлар бар дәмім.


  1. Ділдә-шие: Мен шиемін, шиемін,

Күннің көзін сүйемін.

Қышқыл шырын менде бар,

Төмен басты иемін.


  1. Айкөркем -қырыққабат: Мақтанғаннан не пайда,

Менсіз дәмді щи қайда.

Мені қосса самсаға,

Бәрі жейді тамсана.


  1. -қияр: Дәмім тілді үйірген,

Мен тұздалған күйімде.

Жаңа піскен кезімде,

Жейді бәрі сүйсіне.


  1. Санжар-сәбіз: Өсіреді бойыңды,

Дамытады ойыңды.

Мені жеген адамдар,

Кем болмайды күшке де.


9.Ақжарқын -сарымсақ: Боламын мен дәмдеуіш,

Барлық-барлық тағамға.

Көкөністер ішінен,

Мен пайдалы адамға.


10-қызанақ: Піскен кезде қызанақ,

Көз тартар қызыл түсімен.

  1. .Едіге-картоп: Мен ұялшақ картоппын,

Мен емеспін мақтанар.

Мені жақсы көреді,

Үлкендер мен балалар.

12. -қызылша: Мен де бір сөз айтайын,

Мақтанайын сіздерге.

Менсіз борщ болмайды,

Винегрет те үстелде.


13.Амир -қарбыз: Қарбыз, қарбыз, қарбыздар,

Балдай тәтті қарбыз бар.


14.Еркежан -қауын: Білесіңдер ауылды,

Ауылда өскен қауынды.

Қауын деген сары алтын,

Еңбекпенен табылған.


15.Аңсар -бидай: Біздің дала-бай дала,

Алтын астық айнала.


Жүргізуші: Көркі әсем гүлдей жайнап,

Жарқырады Алтын күз.

Сайран салып күліп-ойнап,

Рақмет саған, Алтын күз!


Хор: «Күз келгенде» әні.

5.Сән үлгісі.

-Құрметті қонақтар, ханзада мен ханшайымсыз қандай алтын күз болмақ. Ендеше, біздің ханзадаларымыз бен ханшайымдарымыздың бүгінгі кешке арнап дайындаған күзгі сән үлгілерін тамашалаңыздар.

Бүгінгі кеш өтіп жатыр мәнімен,

Әрбір сұлу әсем болар жанымен.

Өз қолынан шығарған киім үлгісін,

Сіздерге көрсетеді сәнімен.


6.«Берекелі дастарқан».

-Балаларымыз ата-аналарымен дайындаған «Берекелі күз дастарқаны» атты көрмесіне кезек береміз.


Қорытынды: Көңілдің ақ тілегін көл етеміз.

Тілектермен нығайсын мерекеміз.

Баршаңызға жолдаймыз аппақ алғыс,

Осыменен аяқталды мерекеміз,- дей келе, бүгінгі мерекемізді кішкентай бүлдіршіндеріміздің орындауында «Болайықшы осындай» әнімен аяқтаймыз.






























«Бекітемін»

«Нұрай» жекеменшік ясли-балабақшасының

меңгерушісі: ____________Шөкенова М.С.







D:\Program Files\Microsoft Office\MEDIA\CAGCAT10\j0298897.wmf

Тәрбиеші: Садуакасова Е.О.

2015-2016 оқу жылы


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 24.03.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Конспекты
Просмотров168
Номер материала ДВ-551948
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх