Инфоурок / Иностранные языки / Статьи / Коучинг бойынша мұғалім-коучтың әдістемесі бойынша есебі

Коучинг бойынша мұғалім-коучтың әдістемесі бойынша есебі

Напоминаем, что в соответствии с профстандартом педагога (утверждён Приказом Минтруда России), если у Вас нет соответствующего преподаваемому предмету образования, то Вам необходимо пройти профессиональную переподготовку по профилю педагогической деятельности. Сделать это Вы можете дистанционно на сайте проекта "Инфоурок" и получить диплом с присвоением квалификации уже через 2 месяца!

Только сейчас действует СКИДКА 50% для всех педагогов на все 111 курсов профессиональной переподготовки! Доступна рассрочка с первым взносом всего 10%, при этом цена курса не увеличивается из-за использования рассрочки!

ВЫБРАТЬ КУРС И ПОДАТЬ ЗАЯВКУ
библиотека
материалов

Коучинг тәжірибесі шеңберіндегі мұғалім- коучтың оқыту бойынша рефлексиялық есебі


Екінші (негізгі) деңгейдің тыңдаушысы болып қатыса бастағаннан бері мен мұғалімнің бүгінгі қоғамдағы рөлі туралы түсінігім кеңейді.

Мен жұмыс істейтін мектепте жүргізілетін оқушыларға білім беру бағдарламаның талабына сай мұғалімдердің бірігіп жоспарлауына: «<…> жалпы мектепшілік көлемде оқу бағдарламасын жасады» [2, с 45], сабақтарға қатысу мен кәсіби біліктілікті арттыру арқылы педагогикалық шеберлікті жетілдіруге баса назар аударылады. Тек әкімшілікке ғана емес, мұғалімдерге де үлкен рөл артылады.

Өз есебімнің басында менің өз әріптестеріме бірнеше әдістемелік семинарлар өткізгенімді айтып өт жөн көріп отырмын.Алайда екінші деңгей курсы менің әріптестерімнің кәсіби шеберліктерін арттыру мақсатында коучинг- сессияны қалай дұрыс ұйымдастыру және өткізу керектігін түсінуіме көмектесті. Менің көзқарасым бойынша, коуч және мұғалім ретінде кәсіби білімді тереңдетудің бір уақытта жүргізілуі ең бастылардың бірі болып табылады. Әріптестік және тиімділік: бақылай білу, мұқият тыңдау, «Оқуды қалай жақсартуға болады?» деген сұрақты талқылау және бір шешімге келу дағдыларын жетілдіруге де назар аудар. Алайда, коучке қойылатын басты талап - «өз жеке тәжірибеңізді қолданбау» [5, с10] үнемі есімде сақтадым.

Бірінші кездесудің тақырыбын анықтау үшін әріптестердің сабақтарына қатыстым. Б кезеңінде оқушылардың талдау қызметіне баса назар аударылды. Оқушыларды бақылау - бұл критерийді мен курс тренерімен тығыз әріптестік жұмыстан кейін ал ескерте көруді жөн көріп отырмын. Cабақтағы мұғалімнің рөлі өте маңызды, бірақ оқушылардың жұмысы арқылы таңдап алынған әдістер мен құралдар қаншалықты табысты болғаны туралы қорытынды жасай аламыз. Менің ойымша, бұл негіз болатын аспект болып табылады.

Оқушылардың нақты сабақтағы шығармашылығы бақылау арқылы мен таныстырылым мен аудио- бейнематериалдар үнемі оқушылардың оқылатын тақырыпқа қызығушылығын тудырмайды, олардың танымдық қызметін, шығармашылық пен сыни тұрғыдан ойлауларын жандандыруға мүмкіндік бермейді.

Кейде ақпараттық технологияларды қолдану «оқу үлгерімінің жақсаруына кепілдік бермейді<…>»[4, с 255].

Ал АКТ –ның мақсаты жаңашыл оқу үрдісінде маңызды ғой: ең алдымен оқыту мен білім беру үдерісін жетілдіруге бағытталған.

Бірінші коучинг- сессияны ұйымдастырмас бұрын « Оқыту мен білім берудегі ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану» теориялық материалымен мұқият танысып шықтым. Мақсатым – проблема бойынша өз білімімізді тереңдету.

Қатысушылар саны/ коучинг- сессияда жауапкершілігімдегі – үшеу.

Коучинг –сессиялар ( сессия) үш кезеңнен тұрады: ой шақыру, мағынаны тану, рефлексия.

Бірінші кездесуде мен рефлексивті диалогты ұйымдастыру арқылы өз бетімен тақырыпты анықтау үшін жағдай туғыздым. Бұл жұмыс қатысушылардың шығармашылық қызмет арқылы қарастырылатын тақырыптың қаншалықты өзекті екенін түсінулеріне бағытталған болатын. Менің көзқарасым бойынша бұл кезең өте жақсы өтті: мұғалімдер мен таңдаған жұмыс түрі арқылы кездесудің түрін анықтады және сабақта АКТ-ны қолданудың маңызын белгіледі. Бірінші сессияны жүргізу кезінде әріптестерімнің өз сабақтарында слайдтық материалды, мысалы, жаңа сабақты түсіндіруде өте көп қолданатындықтарына көз жеткізгенімді айта кеткен орынды деп ойлаймын. Сондай-ақ, олар ғаламтор ресурстарының маңызын да ескерді: ақын- жазушылардың шығармашылығы бойынша виртуалды экскурсия жүргізу үшін сабақта тіл мұғалімдерімен бірге сабақта бейне- аудио материалдарды мүмкіндіктері. Осылайша жалпы қорытынды жасалған болатын: ақпараттық технологияларды қолдану оқыту мен білім беру үдерісін жетілдіру мен оқушылардың танымдық әрекеттерін белсендіруге бағытталады. Алайда, «АКТ оқытуға кедергі келтіруі мүмкін бе?» сұраққа мен «жоқ» деген жауап алдым. Бұл жағдай менің мұғалімдердің сабақта АКТ қолданған кезде оқушылардың ойлау әрекетіне әсері бар ма, оқу сапасын көтеруге және қойылған мақсатқа қол жеткізуге ете ме деген сұрақтар төңірегінде ойланбайтындықтарын түсінуіме себеп болды. Сондықтан мен алдын ала дайындалған материал арқылы қатысушылардың сабақта қолданылатын таныстырылымды безендіруінің маңыздылығы туралы өз беттерімен қорытынды жасай алуларына жағдай жасадым. Бірінші коучинты өткізуге дайындық кезеңінде бір әріптесімнің интерактивті сабақ құруда интерактивті құрылғылар мен технологияларда жұмыс істеу бойынша курсты бітіргенін білдім.



Бұл ақпарат менің тілші мұғалімдердің арасында тығулы жатқан потенциалдарын «ашуыма» мүмкіндік берді. Мен оған: таныстырылымды дұрыс құру мен безендіру бойынша ақпаратпен бөлісуге тапсырма бердім. Жауапкершілігімдегі әріптесім бұған түсіністік білдіріп, менің бұл өтінішімді қызығушылықпен орындады:


Менің көзқарасым бойынша, бірінші коучинг- сессия өте жемісті өтті. Және ең маңызды сәт- мен үшін, бірігіп жұмыс істеген әріптесім үшін слайдтық таныстырылымды дұрыс безендірудің маңыздылығын түсіну. Сонымен қатар, біз, педагогтар алдымызда отырған оқушыларымыздың жас ерекшелігі туралы және мұғалімдердің жұмысы арқылы олар таныстырылымдарын дұрыс безендіруге, оны қорғауға үйренетінін есте сақтауымыз керек. Нақты мұғалім оқушы үшін үлгі бола алады.

Екінші коучинг-сессия бірінші кездесу өткізілгеннен кейін ұйымдастырылған болатын.

Мақсат – мұғалімдердің өзін- өзі бағалау мен қатысқан сабақтарына талдау жасауы арқылы өз сабақтарында қолданған ақпараттық технологияларға талдау жасау үшін жағдай тудыру; жетістіктері ме кем тартып жатқан тұстарын анықтап, түзету жолдарын қарастыру.

Бұл сессияның жүру барысында мұғалімдер педагогикалық практикада оқу құралы ретінде АКТ –ны қолданудың жақсы түсінетіндіктерін көрсетті, бірақ қатысушылардың ешқайсысы үйге тапсырма ретінде берілген сабақта АКТ-ны «оқытудың бес аспектісі» [4, с 255] бойынша қолдану туралы сөз қозғаған жоқ. Осыған байланысты менің тарапымнан тапсырма түріне өзгерістер енгізілді. Бұндағы мақсат педагогтардың сабақта АКТ-ны қандай мақсатта және қалай қолдана алатындықтарын анық түсінулері керек болатын. Алайда екінші коучингтегі ең маңызды кезеңдердің бірі болып табылатын қатысушылардың сабақта АКТ- ны қолдануларын анықтауды мақсат ететін қатысқан сабақтарды талдау білім беру үдерісінің сапасын көтеруге өз әсерін тигізе ала ма? Әрине, бұл сұраққа нақты жауап беру қиын, бірақ бір сабақтың жетістіктері мен кемшін тартып жатқан тұстарын талдау арқылы келесі жқұмысымызға сын көзбен қарауға өз әсерін тигізеді деп ойлаймын. Әрі бұл жұмыс түрі екі сабақ жоспарына талдау жасау арқылы жүзеге асырылған болатын. Талқылау барысында пікірталас туды және қатысушылар тарапынан сабақта оқушылардың сыни ойлау және әртүрлі өнер түрлеріне қатысты туындыларды салыстыра білу дағдыларын қалыптастыруға әсер ететін бейне материалды қолдануды жетілдіру бойынша ұсыныстар берілді. Бірақ, ең маңыздысы, олардың мұғлім АКТ-ны дұрыс қолдануды үйрену керек деген шешімге келуі болды.

Қорытынды жасай отырып, коучинг сабақтарын жоспарлау мен жүргізу барысында «Мұғалімге арналған нұсқаулықты» (Екінші деңгей) мұқият оқып шықтым, әріптестерімнің сабақтарына қатыстым, алған білімімді олармен бөлістім. Ал, менің ойымша, коучингтегі ең негізгі сәттің бірі, оқыту үдерісінде ортақ шешімге келгеніміз болып табылады.

Менің тарапымнан өткізілген екі коучинг сессиялардың қорытындысын жасай отырып, әлі де жұмыс жүргізуді қажет ететін бірнеше сәттерді анықтадым: ол- уақытты меңгеру. Рефлексия кезеңіне өте аз уақыт бөлінді, себебі уақыттың көп бөлігі пікірталаспен өтіп кетті. Егер, коучигті болашақта қайта жүргізетін болсам;

Біріншіден, жүргізілетін жұмыстарымды тағы да бір жүйелер едім;

Екіншіден, уақытты үнемдеу үшін нақты сұрақтарды әзірлейтін едім;

Үшіншіден, тек мектепшілік емес, басқа мектептермен коучинг өткізудің тиімді әдістері жайлы тәжірибе алмасу орнатар едім;

Төртіншіден, коуч пен коучинг туралы материалдарды қарастырып, ең ұтымды тәсілдерді енгізер едім.









Әдебиеттер тізімі


  1. Вильямс П. Терапиядан жеке коучингке дейінгі эволюция // Электронды ресурс: www.coaching.ru.

  2. MYP: Принциптен тәжірибеге дейін. 2014.

  3. ҚР педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курсының бағдарламасы.

Екінші (негізгі) деңгей. 2015.

4. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Екінші (негізгі) деңгей. 2015.

5. Коучинг пен менторингті жүзеге асыру бойынша мұғалімге арналған нұсқаулық. 2014.





4

Общая информация

Номер материала: ДБ-152094

Похожие материалы