Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Другое / Конспекты / Коучинг Дарынды және талантты
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Другое

Коучинг Дарынды және талантты

библиотека
материалов

Коучинг сабақ бойынша рефликсивтік есеп.

«Барлық мұғалімдер балаларға білім беруде барынша жоғары жетістіктерге қол жеткізу үшін қолайлы орта жасауға тырысады. Дарынды және талантты балаларға қатысты бұл – ойлауды,талқылауды және мұқият жоспарлауды талап ететін едәуір күрделі мәселе.Тәжірибеге жасалған талдау оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруда мектеп бүкіл оқушылар үшін мектеп стандартын күрделендіре отырып,бастауыш буын деңгейінде «жалпымектептік саясатты» және орта буын деңгейінде «кеңейтілген» мектеп тәсілін құрған жағдайда анағұрлым жоғары нәтижелерге қол жеткізе алатынын көрсетті»/(1.50бет).Әр баланың бойында өзіне тән қасиет болады , сол дарындылық пен талантты анықтау бастауыш сатысынан бастау алып жұмыс түрлері жүргізілу қажет. Сондықтан тақырып таңдаған кезде осы сияқты мәселелерді назарға алдым. Мектеп типі аралас мектеп интернат болғандықтан, коучингке орыс тілінде және қазақ тілінде сабақ беретін мұғалімдер қатысты. Мектепте өтізілеін олимпиада бойынша мұғалімдер арасында оқушыларды қатыстыру кезінде көптеген сұрақтар туындады, сондықтан осы тақырыпты өткізу маңызды деп ойладым. Осы мақсатта мен «Талантты және дарынды балаларды оқыту»тақырыбын өзекті санап коучинг жүргіздім.

Талантты және дарынды балаларды анықтау, мұғалімдерге бағыт-бағдар беру мақсатында коучинг ұйымдастыруды қажет деп ойладым. Коучинг жүргізу кезеңін шаттық шеңберінен бастадым. Әріптестерім «Жүректен жүрекке» жаттығуын жақсы көңіл күймен орындады. Көңілдері көтеріліп, коучингті бастадық. Келесі кезеңде мұғалімдерді конфеттер арқылы топқа бөлдім. Топқа бөлінген соң, топтың «алтын ережесін» құрып алдық. Бүгінгі коучингтің тақырыбын ашу үшін мұғалімдерге «Бала Жамбыл»атты бейне жазбасын назарларына ұсындым. Бұл көрсетілімдегі бала туралы не айтар едіңіз деген сауал қойдым. Осы сұраққа жауап ала отырып коучинг сабақтың тақырыбын ашып алдық. Барлық топқа «талант» пен «дарын» сөздерін қалай түсінесіздер?- деген сұрақтар қоя отырып Венн диаграммасына салуын тапсырдым. Берілген уақыт ішінде топ өз жұмыстарын қорғап шықты.Жақсы қорғап шыққан топ мүшелерін қол шапалақтау арқылы мадақтау жүргізілді. hello_html_6fd93f46.jpghello_html_5c16e5c2.jpghello_html_m71f674c3.jpg

Талантты және дарынды балаларды оқыту туралы презентациямен қысқаша баяндама берілді. Келесі кезеңде «Эмоции и дети» атты жопон ғалымы Эмотаның деректі фильмін көрсеттім. Бұл түсірілімнен не байқадыңыздар?- деген сұрақ қоя отырып топты дискуссияға шақырдым. Әріптестерім бұл тәжірибені көре отырып ойланып кетті. Шынымен балаға қатысты екендігін ашып айтты. Баланың жақсы немесе жаман болып өсуі оны қалай қабылдағанымызда, сондықтан мұғалімнің алдында үлкен міндет, әр баланы қабылдай білу. Сонымен қатар әр баланың бойындағы қасиеттерін көре білуіміз керек деген ойлар айтылды. Топтарға келесі кезекте постер қорғау тапсырылды. Әр топқа тақырыптар беріліп топтар өз тақырыптарын қорғап шықты. Топтарға зият қырларын анықтау бағытында интербелсенді тақта бойынша жұмыс істеу берілді. Яғни әр зияттың түріне дарынды адамдарды сәйкестендіру. Бұл жұмысты да әр топ қызығушылықпен орындап, өз ойларын білдіре , дәлелдер келтіре сәйкестендірді. Әдістемелік көмек ретінде «Дарынды және талантты оқушылармен жүргізілетін жұмыс үлгілері» таратылды. «Ойлаудың алты қалпағы» әдісі арқылы тақырыпқа байланысты рефлексия болды. Бұл әдісті әріптестерім қызығушылықпен орындап, сабақта қолдануға тиімді әдіс екенін ұғынып, белсенділік танытты. Тапсырмаға кіріспес бұрын бұл тақырыптың маңыздылығын дарындылық -жеке тұлғаның өте күрделі, көп аспектілі қыры екендігі жөнінде төмендегідей мәліметтер бердім : Ренцулли (1978)дарындылықты адами қасиеттердің үш негізгі тобының өзара әрекеттестігі негізінде нақты анықтады: қабілеті ортадан жоғары;тапсырмаға жоғары деңгейде беріліп орындау ;жоғары деңгейлік шығармашылық.( МАН, 50бет). Ой-өрістік қабілетімен ерте жастан көзге түскен оқушыларға мектептегі оқу кезіндегі қарқындылық тән болып келеді. Кейбіреулерінің ақыл-ойы табанды дамиды да өз қатарластарын басып озатыны белгілі.Олардың ақыл-ойының кемеңгерлігі сонша- оларды байқамау мүмкін емес. Бірақ, ескеретін жағдай бала дарындылығының байқалмайтын жақтары да кездеседі.Дарындылық табиғатының ғылыми тұжырымдамаларының ішіндегі ең маңыздысы динамикалық тұжырым болып табылады. Дарынды балаларды анықтау – арнайы бағдарлама мен білікті мамандардың қатысуын қажет ететін өте күрделі мәселе және дарынды балалармен жұмыс істеудегі қажетті кезең болып табылады. Әйтседе,Ү.Б. Жексенбаева өз еңбектерінде дарындылықтың бірнеше көрсеткіштерін берген. Олар – интеллектуалдық, академиялық, шығармашылық, психомоторлық және әлеуметтік. hello_html_13fe59c8.jpg hello_html_78d81cec.jpg Сондықтан әріптестерге өздері көрген бейне баяннан көрген «Бала Жамбылды» дарынды ма, әлде талантты ма деген сұрақ қойдым және осы көрсеткіштердің ішінде қайссысына жататынын анықтап көріңіздер деп тапсырдым. Қорыта келе, әріптестерім осы екі ұғымды біріктіре қарау керек деген ой түйіндеді және Жамбылды шығармашылық көрсеткішке тән деп анықтама берді. Нұсқаулыққа сүйене отырып «Талантты және дарынды балаларды анықтау» үшін мұғалімдерге қалай көмектесуге болады ? - деген сұрақ қоя отырып жауаптарын толықтырып өттім: Талантты оқушылардың әртүрлі қабілеттерінің өрісін белгілеу; мәдени және басқа наным-сенімдеріне қарамастан барлық оқушыларға бірдей мүмкіндік ұсыну;оқушылардың тек көрсетіп жүрген ғана емес, сонымен бірге көрсетуі мүмкін әлеуетті жеңістіктерін анықтау; ерекше қабілетті оқушыларды анықтау үшін бағалаудың түрлі жүйелерің пайдалану; уәждеуді оқушылардың жетістігі үшін ерекше маңызы бар қорғаушы күш деп бағалау.(МАН,54бет) Баланың дарындылығының негізгі белгілерін білген мұғалім оны оқыту үрдісінде тиімді пайдалануға болады. Әріптестеріме «Эмоции и дети» атты жапон ғалымының күрішпен жасаған экспериментін көрсете отырып ой қозғадым. Бұл фильмнен көп әріптестерім қатты әсер алды. Олардың арасында дискуссия туды, ойларын ортаға салды. Қорыта келе, әр баланың бойында жақсы қасиет, талант бар, соны дамыту біздің қолымызда дегендей пікірлер жиі айтылды. Коучинг барысында мұғалімдер өз ойларын қысылмай ортаға салып, туындаған сұрақтарын қойып отырды. Коуч ретінде мен ол сұрақты өздеріне бағыттап едім, шешім талқылауда өзі пайда болды. Әріптестерімнің постер қорғау барысында бірлесе жұмыс істегені, ережені сақтап,бір-бірінің ойларын тыңдап ортақ шешім қабылдағандарын байқадым. Әсіресе, биыл келген жас мамандардың көздерінен ұшқын отын көріп ,қызыға қатысып отырғандары байқалды.Тәжірибелі мұғалімдер де бір серпіліп қалдық қой деп өздерінің көңіл-күйлерін білдірді. Cонымен қатар коучинг барысында Гарднердің(2006) атап көрсеткен зияттың сегіз қырын жұмыс барысында қолдандым. Интербелсенді тақтаға қазақтың дарынды тұлғаларының суретін шығарып қойдым .Содан кейін әріптестеріме әр зият түріне топпен біріге отырып осы тұлғаларды орналастыруын сұрадым. Екі топ дәл тапты, екі топ кеңістік пен кинестетикалық түрін алмастырып алды. Аталған зият түрлерін зият саласы емес, ерекше қабілет саласы ретінде қарастыруға болатындығын МАН-ға сүйене отырып атап өттім. Сергіту сәті ретінде әріптестерімнен «Кімнің қандай екендігін тап» жаттығуын орындаттым. Топ мүшелерінің белсенділігі артты. Олар сауалнамаға жауап бере отырып әріптестерінің өздерін қаншалықты білетіндігін байқады. Соңында қорытындысын шығарып,әр мұғалімнің ерекшелігін атап өттім. hello_html_m53f96960.jpg hello_html_3b527ee.jpg

Коучингтің өткізілу уақыты сабақтан кейін болғандықтан мұғалімдер бас кезінде шаршап , тез өткізе салыңыз деген ұсыныстар айтқан болатын. Бірақ коучинг барысында бұл ұсыныстарын ұмытып та кетті. Коучингке белсене қатысып отырған әріптестерімді смайлик арқылы бағалап отырдым. Соңында көп смайлик жинаған әріптестерімді мадақтау арқылы атап өттім. Коучингтің қорытынды бөлімінде әріптестерімнен «Алты қалпақ» әдісі бойынша рефлексия жасаттым. Әр мұғалім өзіне берілген түске байланысты қорытынды жасады.



hello_html_476a39f4.jpghello_html_5982fba9.jpghello_html_37966762.jpghello_html_m3d3715b3.jpghello_html_m4d82b41b.jpghello_html_m783c8207.jpg

Мынадай пікірлер:

«Коучингтің басқа семинарлардан өзгешелігін байқадым, дарынды оқушылармен жұмыс жүргізуде көп жұмыс жасауым керек екен. Әріптестерімнің осындай пікірімен таныса отырып, коучинг барысының тиімді тұстарын байқадым. Коучинг жүргізген кезде сәтсіз тұстар да кездесті, әріптестерімнің бұрын топта жұмыс істеп үйренбегендіктен, уақытты үнемді пайдалан алмауы. Кейбір мұғалімдердің тақырыпты түсінбегендіктен мүлдем басқа сұрақтар қоя беруі, уақыт жағынан тығыздау болды, мектепте бос кабинеттің тапшылығы, кейбір мұғалімдердің сабақтарына алаңдап отыруынан, толық шешіліп ой қозғай алмады, бұл меніңде көңіл-күйіме әсер етті. Сәтті тұстары мұғалімдер арасында қызу пікірталас болды.Мұғалімдер коучинг туралы эмоцияларын білдіріп жатты.Қиындық туғызған мәселелерден өздері жол тауып шыға білді тың мәліметтер берілді, мұғалімдер өздерін оқушылар сияқты сезініп талқылауы, еркін пікір алысуы, әркімнің өз позициясын қорғауға ұмтылуы, мұғалімдер тарапынан түрлі ұсыныстардың түсуі. Сабақ соңында кері байланыс парағында көп мұғалімдер өз жұмысында өзгеріс жасағысы келеді, бірақ оны қалай жасауды, өзгерісті неден бастауды білмейді, сондықтан коучингтің осындай мұғалімдерге пайдасы мен ықпалы зор деп есептеймін, "Сабақ маған ұнады, көп ақпарат алдық, жақсы түсіндік, заман талабына сай, бағалаудағы қателіктерді ұғындырғаныңызға рахмет,ортақ пікір қалыптастыра алдың, болашақта қолдануға тырысамыз.Осы курсқа біздің де барғымыз келеді",- деген мазмұнда пікірлер жазыпты.Келесіде бағалау туралы мәліметтер берсеңіз екен, шығармашылық табыс тілеймін», деген мазмұнды пікірлер жазыпты. Бұл тілек, ұсыныстарды оқи отырып мен қатты қуандым.Өзіме деген сенімділігім артты, өзім үйреніп білгенімді әріптестеріме жеткізе алғаныма қуаныштымын. Үйрете отырып, өзімнің де ізденудің арқасында көп нәрсеге төселгенімді байқадым. Жұмыс істеуге деген құлшынысым артты.Әріптестерімнің көбі, бағалау туралы яғни бағалаудың түрлері туралы өткізсеңіз екен деген ұсыныстарын қабыл алып, сенім білдіргеннен кейін келесі өткізетін коучингтің тақырыбы да анықталғандай болды.


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 29.11.2016
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров353
Номер материала ДБ-400647
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх