Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Коучинг "Диалог арұылы сын тұрғысынан ойлауды қалыптастыру"

Коучинг "Диалог арұылы сын тұрғысынан ойлауды қалыптастыру"



Осталось всего 2 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Павлодар облысы, Май ауданы, Малайсары ауылы

Бастауыш сынып мұғалімі Аушахманова Гульмира Ахметсапаровна


Коучинг сессиясының жоспары

Коуч: Аушахманова Г.А.

Сабақтың тақырыбы

Диалог арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту.

Жалпы мақсаты

Диалогті оқуды сыни тұрғыдан ойлауды қалыптастырудың тиімділігі, жүргізулі түрін, әдістемесін меңгеру барысында мұғалімдер өз тәжірибелерінде, сабақтарында қолдануға ықпал ету"

Сілтеме

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 103-107-бет

Видео ("Күріш туралы")

Оқу нәтижесі

Мұғалімдер топтық жұмыста белсенді іс-әрекет арқылы диалогтік оқытудың мәнін түсінеді. Сыни тұрғысынан ойлауы қалыптасады.

Мұғалімдер коучинг барысында топқа бөліну әдістемелерін біледі, топтағы жұмыстарды ұйымдасты-ру, белсенділіктерін арттыру жолдарын үйренеді және өз жұмысының жекелеген салаларын жетілдіре-ді, тереңдетіп дамытады.

Негізгі идеялар

Диалог арқылы мұғалімдер күнделікті сабақта оқушылардың дамуына, өз бетімен жұмыс жасауларына және түсінбеушілікті жеңе білулеріне көмектесе алады. Өз идеяларын дәлелдеуге көмектеседі.

Сабақта қолданы-латын материал-дар

Бейнежазба, үлестірмелі материалдар, стикер, интерактивтік тақта

Оқыту әдістері

СТО, миға шабуыл, «еркін жазу» әдісі, «қиындықты жеңу» әдісі

Дерек көздері

Видео, слайдтар

Тапсырмалар

Үлестірмелі материалдар "Балауыз шам", "Сандықшадағы сөздер"

Оқуға арналған тапсырма

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық


Уақыты

Сабақтың кезеңдері

Коучтың іс-әрекеті

Мұғалімдердің іс-әрекеті

Қолданыла-тын ресурстар

3-мин.

Бой сергіту.

Психологиялық жағымды ахуал қалыптас-тыру мақсатында мұғалімдерді ортаға ша-қырып, Өз есімін атап және сол әріптен басталатын өзіне қатысты сөз айту.

"Әсем -әдемі" тренингі.

Өз есімінің бірінші әрпінен басталатын сөзлі өз есімімен байланыстырып айту.

Мысалы, Әсем-әдемі, Алмас-адал, Айдын -ақжарқын, Ілияс -ілтипатты, Болат-болаттай, Қайрат- қажырлы, Гүлнар -гүлдей, Жарқын -жұлдыздай.

2 мин.

Топқа бөлу

Сандықшадан алған сөздерді топтастырып, топқа бөлу.

Сандықтан алған сөздерді топтастырып, топқа бөліну.

(қайсар, өжет, батыл, ержүрек, болаттай, мықты

Әдемі, көрікті, сұлу, әсем; ажарлы; айдай сұлу

Айдай, құндыздай, жұлдыздай, ботадай, күндей;

Сандықша

Синоним сөздер

5 мин.

Миға шабуыл


Қорапша ішінде 3 зат жасырылған. Сол зат-тарды реттік саны арқылы таңдауға ұсына-мын.

1.кітап

2.алқа

3.сағат

1-3- ке дейінгі сандарды таңдау арқылы затты алады. Ол заттарды не үшін қолдана алатын-дықтары жөнінде мүмкіндігінше көп сөз тірке-сін жазады.

кітап

алқа

сағат



10 мин.

Тапсырма 1

«Еркін жазу» әдісі

Топқа бөлінген зат бойынша шағын әңгіме жазу.

Әр мұғалім жеке жұмыс жасайды, өз тобына бө-лінген зат бойынша әңгіме құрайды


Ақ парақтар

10 мин.

Тапсырма 2

"Күріш тура-лы» видео көрсету ар-қылы, диалог материалын тарату.

«Күріш туралы» бейнеролигін көрсету


Өз ойларын сын тұрғысынан ойлап постер қорғайды.

- Неге көңіл бөлу керек?

- Диалогтың күрішке қандай қатысы бар?

Ватман

Маркерлер

Стикерлер

Мүғалімге арналған нұсқаулық.

Слайд

10 мин.

Қорытынды-лау.

"Балауыз шам"


Тапсырма. Балауыз шам жанғанан бастап өшкенге дейінгі ойыңыздан өткенді қағаз бе-тіне түсіріңіз.

/Музыка тыңдалып жазылады./ "Балауыз шам" алдарына таратылып, оны дұрыс бекі-тіп, тұтатып, бақылауларын сұрау.

Ал енді не байқағандарын бір ақ парақ бе-

тіне жазып берулерін сұрау.

"Медаль мен миссия" бағалау түрін қолда-ну.

Медаль: Тақырыптың өзектілігі мен маңыз-дылығын жақсы аша білдіңіз. Өмірден мы-сал келтірдіңіз.

Миссия: Теориялық біліміңізді толықтырса-ңыз.

Мұнда "Медаль" жұмыстың жақсы жағын айқындап, "Миссия" келешекте нені жақ-сартып, неге назар аудару керек екенін біл-діреді. Осы жерде Миссияның атқаратын рөлі зор. Себебі, осы "Миссия" арқылы оқу-шы алға қарай жылжиды.


«Сын тұрғысынан ойлау» деген сөз тірке-сінде қолданылатын «сын тұрғысынан» де-ген термин ойдың мәселені немесе пробле-маны шешу үдерісіне шоғырлануын білді-реді. Бұл тұрғыдан алғанда сыни сөзі «ма-құлдау» немесе «теріске шығару» дегенді білдірмейді. Сын тұрғысынан ойлау ой жү-гірту, тұжырым жасау немесе проблеманы шешу үдерісі жүрген барлық жағдайларда, яғни сенуге болады, не істеу керек және бұ-ны ойластырылған әрі рефлексивтік тәсіл-мен қалай істеуге болатындығын анықтау қажет болған жағдайлардың барлығы да орын алады.

Сын тұрғысынан ойлау «ойлау туралы ойла-ну» деп сипатталған. Қарапайым тілмен айт-сақ, әр сабағымызда әрбір оқушымыздың ойсыз қалмауын қадағалауымыз керек. Әр ой, әр пікір құнды.

Әріптестер балауыз шамға қарап, түрлі ойларын эссе, өлең жолдары арқылы жазып береді. Мысалы, өмірге от сияқты жарқырап келіп, со-ңында от сияқты өшіп дүниеден кетеді десе, бі-реулер керісінше құлаққа жағымды, әуезді әннің ырғағымен шамға зер салып қарап отырмын. Мен оны өзіме, әріптестеріме, яғни мұғалімге теңегім келеді. Ол да осы шам сияқты жарқы-рап, айналасына жылу беріп, күндей нұрын ша-шады. Өз білгенімізді айналамыздағы шәкіртте-рімізге үйретіп, оларды білім нәрімен сусында-тамыз. Айналасына жарық сәулесін шашып, жы-луын беріп тұрған шам сияқты мұғалімдер де оқушыларды өздерінің жылы құшағына алып, бойындағы бар ізгі қасиеттерді оларға бере білу керек! Бала жанған шырақтай, ... т.б.


Сыни тұрғыдан ойлау (диалогтің зерттеушілік әңгіме түрі) қолданылғандығы және дарынды оқушылармен жұмыс т.б. ойларын айтып дәлел-дейді.

Сын тұрғысынан ойлау әдісі туралы өз сұрақта-рын қояды, бір-бірімен пікір алмасады.

Балауыз шам

Ақ қағаз

5 мин.

Сыни реф-лексия.

"Екі жұлдыз. бір тілек"


Құрметті әріптестер, енді бүгінгі коучинг сессиядан алған әсерлеріңізді, ұсыныстары-ңызда жазып қалдырсаңыздар..

Коучингтен алған әсерін кері байланыс парақтарына жазып қалдырады.






57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 22.11.2015
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров279
Номер материала ДВ-179770
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх