Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Доп. образование / Конспекты / Коучинг, Функционалды сауатты тұлға қалыптастыру
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Доп. образование

Коучинг, Функционалды сауатты тұлға қалыптастыру

библиотека
материалов

Садвакасова Шинар Тулеуовна

химия пәнінің мұғалімі

Мәди Бәпиұлы атындағы ЖОББ №44 мектебі

Коучинг сабақ жоспары


1.Оқушыларды мектепте алған білімдерін өмірде тиімді қолдануына қалыптастыратын дағдыларды мұғалімдер біле алады.

2.Оқушыны функционалдық сауатты тұлға ретінде қалыптастыру қиындығын мұғалімдер түсінеді.

3.Мұғалімдер өз іс-әрекетін бағалай алады.

Оқу нәтижесі

Функционалды сауатты тұлға қалыптастыру кезіндегі оң және теріс факторларды анықтай отырып, іс-әрекеттерін жоспарлай алады.

Негізгі идеялар

Жеке тұлға өміріне қатысты шынайы ортаны бейімдеуге, іріктеуге және құруға бағытталған ой әрекет жүргізе алады.

Материалдар мен құрал-жабдықтар

А2,А3,А4 форматты ақ қағаздар, стикерлер, маркерлер, түрлі түсті қағаздар, тақырып бойынша ресурс материалдар, слайдтар, таратпа материалдар

Өткізу барысы:

кезеңдер

тапсырма

уақыт

Коучтің іс-әрекеті

Мұғалімнің іс-әрекеті

1,Ұйымдастыру.

Топқа бөлу

Символдар бойынша бөліну

2мин

Амандасады, топқа бөледі

Амандасады, топтарға бөлінеді

2.»Сиқырлы фигуралар»

«Сиқырлы фигуралар»

тренингі

3мин

Таңдаған фигура бойынша адамға мінездеме береді.

Фигуралар таңдайды

3.Кіріспе

Коучтің тақырыпты негіздеу кіріспе сөзі

2 мин

Коучтің кіріспе сөзі

Мұғалімдер тыңдайды

4.Ой шақыру

Функционалды сауатты тұлғаға анықтама беру

5 мин

Тақырып бойынша ресурс материалдарын таратады

Мұғалімдер топта талдайды, кластер құрады, қорғайды.

5.Мағынаны ашу

Функционалды сауатты тұлға қалыптасуына көмектесетін жағдайлар мен кедергілер

(постер құру, қорғау)

10 мин

Топтардың жұмысын жұлдызша, жалауша, үшбұрыш бойынша бағалайды

Мұғалімдер топта талқылайды, постер құрады, қорғайды

6.Сергіту сәті

Логикалық сұрақтар беріледі

3 мин

Топтардың жауабын бағалайды

Мұғалімдер топта ақылдасып, жауап береді.

7.Бекіту:

Функционалдық сауаттылықты дамытуға бағытталған тапсырма

Шығармашылық тапсырма: Әр топ өзіне берілген суреттерді жіктеу керек және барынша жіктеудің көп түрін қолдану керек.

12 мин

Топтардың жұмысын жұлдызша, жалауша, үшбұрыш бойынша бағалайды

Топтар ақылдаса отырып, постер құрады, қорғайды, басқа топтардың жұмысын бағалайды.

8.Қорытынды

Функционалды сауатты тұлға қалыптастыру мүмкін бе? – сұрағы бойынша қорытынды жасау

5 мин

Мұғалімдердің пікірлерін тыңдайды, жалпы қорытынды жасайды.

Топтар алған мәліметтері, жасаған жұмыстарына сүйене отырып, сұраққа жауап береді.

9. Кері байланыс

Стикер арқылы коучингтегі әсерін «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы білдіру

3мин

Мұғалімдермен рефлексия өткізеді.

Мұғалімдер коучингтен алған әсерлерімен бөліседі.




Садвакасова Шинар Тулеуовна

химия пәнінің мұғалімі

Мәди Бәпиұлы атындағы №44 о/м


«Функционалды сауатты тұлға қалыптастыру мүмкін бе» тақырыбы бойынша өткізілген коучинг сабағына

рефлексия

«Білім беру» ұғымының  қaзіргі таңда бұрынғыға қарағанда мағынaсы да, қолданылу aясы да кеңіді. Себебі бұрын жоғары білім алған адамға бүкіл өмірінe  алған білімі азық болатын еді. Сондықтан да бұл оқу oрындары жетeтін білім беруге күш салатын. Бұл күнде қазір адамның бүкіл өміріне жeтeтін білімді қандай мықты оқу орны болсын бере алмaйды. Оның басты себебі – жоғары жылдaмдықпен қоғамның дaмуы болып отыр. Қоғамда болып жатқан елеулі өзгерістер, ғылым мен техникадағы жаңа инновациялық технологиялар. Сондықтан қазіргі білім беру жүйесінің басты мақсаты  -  өсіп келе жатқан ұрпақты жан-жақты дамыған, құзыретті азаматтар етіп тәрбиелеу. Осы мақсатқа жетуге функционалдық сауаттылық көмектеседі. Функционалдық сауаттылықтың мақсаты – оқушылардың білімдерін өмірде тиімді қолдануға үйрету. Қазіргі тез құбылмалы әлемде функционалдық сауаттылық адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсенді қатысуына, сондай-ақ өмір бойы білім алуына ықпал ететін базалық факторлардың біріне айналуда. Сондықтан білім белгілі бір сауаттылық деңгейін қамтамасыз ететін құрал және нақты іс-әрекеттердің нәтижесі ретінде қарастырылады. Ендеше, еліміздің болашағы – жас ұрпақты оқытуда білімнің түпкі нәтижесі деп саналатын құзіреттіліктердің біртұтас бірлігі ретіндегі функционалдық сауаттылықтың мәнін, рөлін айқындау, оны мектеп тәжірибесіне ендіру уақыт талабына сай келеді. 

Сондықтан, коучинг сабақтың тақырыбын «Функционалды сауатты тұлға қалыптастыру мүмкін бе» деп алдым. Коучингті мұғалімдерді символдар көмегімен топқа бөлуден бастадым. Мұғалімдердің көңіл-күйін көтеру үшін «Сиқырлы фигуралар» тренингін өткіздім. Квадрат, үшбұрыш, шеңбер фигураларын таңдауды ұсындым. Әр фигураға жеке-жеке мінездеме берілді.

Сонан соң, осы тақырыпты неге таңдағанымды түсіндіру мақсатында кішігірім кіріспе жасадым.

Ой шақыру мақсатында топтарға «Функционалды сауатты тұлғаға» анықтама беріп, кластер құру тапсырмасы берілді. Мұғалімдер, таратылған ресурс материалдарына, өз тәжірибелеріне сүйене отырып, функционалды сауатты тұлғаға анықтама берді. 2-ші топ мұғалімдері жалпылама түрде сұраққа жауап берді, ал 3 топ мұғалімдері тек мұғалім бойында ғана емес, сол сияқты оқушы бойында да Шульман «үш көмекші» деп атаған қасиеттер болса, онда функционалды сауатты тұлға қалыптасты деп айта аламыз деген ұйғарымға келді. 1-ші топ топ мұғалімдерінің пікірі бойынша, функционалды сауатты тұлға қалыптасу үшін бала туғаннан бастап ата-ана, балабақша, мектеп тарапынан бірлескен жұмыс жүргізілу керек. Бала бойында өмірге, білімге деген қызығушылық кішкентайынан қалыптастырылу керек, яғни баланың ойнайтын ойыншығы да, оқитын кітабы да, теледидардан көретін программасы да баланы дамытуға бағытталған болу керек.

Тақырыпты ашу мақсатында, функционалды сауатты тұлға қалыптасуына көмектесетін жағдайлар мен кедергілер тақырыбында постер құру, қорғау тапсырмасы берілді. 1,3-ші топ мұғалімдері постер құруда Исикава себеп-салдар диаграммасын қолданды. Ал, 2-ші топ мұғалімдері Полетта диаграммасын қолдана отырып, функционалды тұлға қалыптастыруға көмектесетін жағдайлар мен кедергілерді анықтады. 3 топтың шешімі бойынша, функционалды тұлғаның қалыптасуына көмектесетін жағдайлар: отбасы бірлігі, ата-ана тарапынан баланың қызығушылығына сұраныс, балаға жан-жақты қолдау, баланың денсаулығы, мұғалімнің функционалды сауаттылығы, т.б. Кедергілер: баланың жалқаулығы, оқуға деген қызығушылығының, отбасының қолайсыз жағдайы, баланың денсаулығына, қызығушылығына деген немқұрайлылық, мұғалімдердің кәсіби біліктілігінің төмендігі,т.б.

Келесі кезеңде, функционалдық сауаттылықты дамытуға бағытталған шығармашылық тапсырма берілді. Топтарға «Жан-жануарлар» , «Спорт түрлері» тақырыбында суреттер берілді. Топ мүшелері оларды әртүрлі белгілері бойынша жіктеу керек. Тапсырманың мақсаты – мұғалімдердің функционалды сауаттылыққа бағытталған тапсырманы қандай деңгейде орындайтынын талдау болды. Мұндай тапсырмаларды оқушылардың аналитикалық ойлау дағдыларын бағалау үшін қолдануға болады. Мұғалімдер суреттерді әртүрлі белгілері бойынша жіктеп қорғады.

Функционалды сауатты тұлға қалыптастыру мүмкін бе? – сұрағына жауап беру арқылы коучинг сабағым қорытындыланды. 1-ші және 3-ші топ мұғалімдерінің пікірі бойынша, функционалды сауатты, жан-жақты тұлға қалыптастыру мүмкін. 2-ші топ мұғалімдерінің пікірі бойынша, мүмкін емес. Олардың ойынша, бұл жерде шешуші рольді оқушының қабылдау деңгейі ойнайды және қоғамда өз орнын табу үшін білім емес, бейімделушілік қабілеті басым болу керек екен.

Коучинг барысында деңгейлік курстардан өтпеген мұғалімдер Исикава себеп-салдар және Полетта диаграммасына салып, талдау әдістерімен танысты. Дайындалған тапсырмалардың бәрі логикалық ойлау қабілетін дамытуға бағытталған, сондықтан мұғалімдерге қызықты болды. Әр мұғалімнің сөйлеу мәдениеті, сөздік қорының молдығы әртүрлі. Осы жағынан, мұғалімдердің бір-бірінен үйренері көп болды деп есептеймін.

Біздің облыстың сертификатталған мұғалімдеріне биылғы оқу жылында, іс-әрекетті зерттеу, Lesson-study әдісі бойынша жұмыс жүргізу және критериалды бағалауды барынша тәжірибеге енгізу жүктелген. Сондықтан, алда жоспарланып отырылған коучинг сабақтарым, Lesson-study әдісі бойынша жұмыс жүргізу және критериалды бағалауды барынша тәжірибеге енгізу тақырыптарына арналған.







Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 17.05.2016
Раздел Доп. образование
Подраздел Конспекты
Просмотров157
Номер материала ДБ-086412
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх