Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Конспекты / Коучинг "ХХІ ғасырға оқушыларды қалай дайындауға болады?"

Коучинг "ХХІ ғасырға оқушыларды қалай дайындауға болады?"

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Коучинг-cессия тақырыбы: «ХХІ ғасырға оқушыларды қалай дайындау керек».Коучинг сабақ әріптестермен амандасудан басталды.
- Коучинг сабағымызды алдымен танысу тренингімен бастасақ.

1. «Гүл сыйлау» тренингі өткізіледі.  Қатысушылар бір-біріне гүл сыйлайды.

2. Жиналған ұстаздарды /бас, қол, жүрек/ мұғалім көмекшілері арқылы топқа бөлу. /алдарына А4 форматындағы суреттер таратылады/.
3. Ой қозғау . Берілген суреттері бойынша топ мүшелерінің ойларын білу. «Суретте не бейнеленген? Сурет бойынша өз ойыңызды айтыңыз. Бұл суреттердің бүгінгі біздің коучингімізге қатысы бар ма?» - деп қатысушыларға сұрақтар қоямын. Қазіргі әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістер әлемдік білім беру жүйесін қайта қарау қажет екендігін паш етті. Қарқынды өзгеріп жатқан әлемде білім саласындағы мұғалімдер үшін ең бастысы, маңызды мәселе болып отырғаны: «ХХІ ғасырда нені оқыту керек?» Мұғалімдер оқушыларды ХХІ ғасырға қалай дайындайды?» деген сауал болып отыр. Осы мақсатта Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің «сындарлы оқыту теориясына» бағытталған деңгейлік бағдарламасы бойынша біліктілігін арттыру курстарына мұғалімдерді оқытуда.
Табысты оқытудың маңызды факторы мұғалімнің оқушының тақырып мәнін өз бетінше меңгеруін түсінуі мен бағалай алуы болып табылады. Мұндай тәсіл бұл үдеріске оқушының өзінің де қатысуын талап етеді. Осылайша оқушы да өзінің оқуы үшін жауапты болады. Оқушы мұндай жауапкершілікті көбінесе сабақ беру барысында мұғалім қалыптастыратын ортада сезініп, қабылдайды. Сондықтан мұғалімде Шульман «үш көмекші» деп атаған қасиеттер болған жағдайда ғана оқыту табысты болып саналады. Шульман ілімі бойынша мұғалімнің көмекшілері:
Бас -кәсіби түсінік оқыту мен оқу, сондай ақ жеке тұлға ретінде оқушылар туралы тұғырлы теориялық базаға негізделген, жеткілікті білімнің болуын талап етеді. Сондай ақ тәжірибені түсіну, дамыту, жетілдіру үшін дәлелдер, зерттеулер нәтижелерін қалай қолдану керектігін білуді көздейді.
Қол - оқытудың тәжірибелік дағдылары бұл ілім көрсету, таныстыру, түзету және оқытуды бағалау сияқты әртүрлі тәсілдер арқылы идеяларды түсіндіре білудің техникалық, тәжірибелік дағдылары мен тәсілдерін білуді талап етеді. Сонымен қатар ынталандыру, көтермелеу, шектеу, сабақтар кезеңдерін жоспарлау және оқушыларды бағалау әдістемелерін меңгеру қажет.
Жүрек - кәсіби адамгершілік тұтастық. Мұғалімдер ұстаз мамандығының этикалық және моральдық құндылықтарын ұсынады. Демек, олар шыншыл, батыл, төзімді, оқушыларға сенімділік, құрмет көрсете білетін әділ адамдар. Мұғалімдер өз мамандығын сүйетін, оқуға қатысты тұжырымды пікірлері мен ұстанымдары қалыптасқан жандар, олардың бұл бағыттағы ойлары бір жерден шығып жатады.
Курстың мақсаты жалпы білім беретін мектептер де оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту, өзгермелі заманда оқушылардың сауаттылығы, мәдени-саяси, қоғамдық қызметтерге белсенді қатысуына, сондай-ақ өмірде өз орнын таба алуына бағыттайды.
Табысты оқыту мұғалім бейнесімен танылатын сан алуан элементтер арасындағы байланыс болып табылады, ол өзі белгеле бір деңгейде тәуелді жағдайлар жасалынған кезде жүзеге асады. Сапалы оқыту оқушылардың, қоршаған орта жағдайы және оқыту, білім алу мүмкіндіктерінің бірлігі ретінде қарастырылады.
4. Мұғалімдерге арнайы ұйымдастырылған коучингтің тақырыбын ашуда «Ыдыстағы күріш» видеоролигін көрсетуімен басталды. Коучингтің тақырыбымен таныстырамын.
5. Постер қорғау. Топпен жұмыс. «ХХІ ғасырға оқушыларды қалай дайындау керек».
Мұғалімдер топтық жұмыс арқылы өздері түйген ойларын салыстырмалы сараптау арқылы постерге салады. Постерлерін арнайы тақтаға іледі.Өздері құрастырған флипчарттары арқылы өз ойларын қорғайды.Топтың бір мүшесі қорғаса ,келесі топ мүшелері сұрақ қойып, ой алмасады. 

6. Видеролик көрсету. « Банка» , « Сын тұрғысынан ойлауды қалай сақтауға болады?»
7. Сергіту сәті.

«Көшбасшыны тап» ойыны. Бір қатысушыны сыртқа шығарып жиберіп қалғандардың ішінен біреуін көшбасшы қылып сайлап аламыз. Сырттағы адам кірген кезде музыка қосылады барлығы соның билегеніндей билеу керек. Бірақ бағанағы сыртқа шыққан адамға білдірмеу керек. Ол кімнің көшбасшы болып тұрғанын табу керек. Солай бірнеше рет қайталауға болады.

8.Рефлексия. «Мұғалім екеніміздің 13 белгісі» презентацияны көрсетіп рефлексия жаздыру.

9. Кері байланыс. 
Бүгінгі сабақта басыңыз арқылы нені меңгердіңіз?
Бүгінгі сабақта қолыңыз арқылы нені жасай алдыңыз?

Бүгінгі сабақта жүрегіңіз арқылы нені сезіндіңіз?




















Коучинг сессиясының жоспары



Мақсаты


Әдіс-тәсілі


Нәтижесі


Ресурс


Уа қыт


Рефлек

сия


Диалогтік оқыту модулі туралы түсінік береді, диалогтік оқытудағы әр түрлі стратегияларымен танысады, үйренеді, Диалогтік оқыту модулінің стратегиялары арқылы сөйлеу мәдениеті қалыптасады.



Ынтымақтас тық атмосфе расы,«Шашу» стратегиясы, топтық оқыту стра тегияларын қолдану, терең тында лым, сергіту сәті


Диалогтік оқыту модулімен танысады, сабақтарында «Тізбектелген суреттер», «Әліпби», «Төрт бұрышқа сурет салу» стратегияларын қолданады.


Қағаз, постер, маркерлер, қайшы, қағаз желімі,жіп, кір қысқыш, әртүрлі суреттер, әліпби...


45 мин.


2 жұлдыз

1 тілек арқылы рефлексия жазады.


Коучинг сабағының тақырыбы:


«Диалогтік оқыту арқылы сөйлеу мәдениетін қалыптастыру»


Сілтеме:  Мұғалімге арналған нұсқаулық, 98-104 бет 

Жалпы мақсаты: Диалогтік оқыту модулі туралы түсінік береді, осы бағыттағы әртүрлі стратегиялармен танысады, үйренеді. «Диалогтік оқыту» арқылы оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастырады.

Мұғалімдер үшін оқу нәтижелері: Диалогтік оқыту модулімен танысады, сабақтарында «Тізбектелген суреттер», «Әліпби», «Төртбұрышқа сурет салу» стратегияларын қолдануды үйренеді.


Барысы:

 І. Ынтымақтастық атмосферасы: Диалогтік оқытудың әдіс-тәсілдеріндегі жұптық қарым-қатынас арқылы «Екі адам бір-біріне өз бойларындағы жақсы қасиеттерді айтады», одан кейін оны басқа әріптестеріне айтып таныстырады. (1+3 минут)

ІІ. Топтық жұмыс «Шашу» стратегиясы арқылы топқа бөлу, алған конфеттерінің артында көрсетілген сандар бойынша топтарға бөлінеді. (2 минут)

ІІІ. Коучтың презентациясы «Диалогтік оқытуға байланысты» (5 минут)

IV. Топтарға «Диалогтік оқыту» модулі бойынша тапсырмалар бөліп беріліп, орындатады: (15 минут)

  • «Тізбектелген суреттер» стратегиясы (тізбектелген суреттер арқылы қызықты әңгіме құрастырады)

  • «Төртбұрышқа сурет салу» стратегиясы (флипчатқа төрт түрлі сурет салып сол арқылы бір әңгіме құрастырады)

  • «Әліпби» стратегиясы бойынша барлық әріптерді әліпби бойынша қатыстыра отырып қызықты әңгіме құрастырады.

V.Терең тындалым (мұғалімдер жасаған постерлерін қорғайды) ( 2+2+2=6 минут)

VI. Сергіту сәті «Орындарын ауыстыру» ойыны ойнатылады. (4 минут)

VІI. Видеоролик арқылы бөлмедегі 21 өзгерісті анықтайды, диалогтік қарым-қатынасқа түсудің жолдарымен танысады. (2+3+2=7 минут)

VІІI. «Екі жұлдыз бір тілек» арқылы рефлексия жазады. (2 минут)





Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 01.01.2016
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров441
Номер материала ДВ-300823
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх