Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Конспекты / Коучинг "Іс әрекеттегі зерттеудегі сауалнамадағы сұрақтардың түрлері"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Другое

Коучинг "Іс әрекеттегі зерттеудегі сауалнамадағы сұрақтардың түрлері"

библиотека
материалов

Коуч

Аудитория

Педагогтарға арналған коучинг

Коуч тақырыбы

Іс әрекеттегі зерттеудегі сауалнамадағы сұрақтардың түрлері

Мақсаты

Сауалнамадағы сұрақтардың түрлерімен таныстыру, сауалнама нәтижесін кодталған жауаптармен шығаруға үйрету. Салыстырмалы деректер алуда қолдану тәсілдерін үйрету.

Уақыты

25 мин.

Қатысушылар

4 адам

Сілтеме

Сауалнама түрлері «Эйдос» қашықтан білім беру орталығы, Ресей eidos.ru project mark indes.htm

Тапсырманың түрлері

  1. Ой шақыру «Сауалнама» туралы ойларын тізбектеп жазып шығады.(3 мин)

жабық



сандық дерек



анонимдік



он-лайн





риторика

кодталған





Қызығушылығын анықтау



араласhello_html_1cd0ddf8.gifhello_html_m4c57c9e9.gifс





Ашық



Жеке қасиетті анықтау





кәсіптік





бақылау

сұхбат







объекті

сапалы нәтиже





жай жабық

құрылым







Теориямен танысу. (ресурстар таратылып беріледі) 5 мин.

Сауалнама - нақты адамдар тобына сұрақтар қою арқылы алғашқы ақпаратты жинау әдісі. Зерттеушінің респондентпен анкета арқылы жүзеге асырылатын байланысына негізделген эмпирикалық зерттеуін әлеуметтанулық өлшеу тәсілі. Сауалнама мақсаты - жеке және қоғамдық санадағы құбылыстар немесе қарапайым фактілер, оқиғалар туралы ақпа

Сауалнама мен сауалнама сұрақтары:

Сауалнаманың әртүрлі жолдары бар: қалыпқа түспеген (еркін сұхбат, т.б.) және қалыпты (алдын ала дайындалған сұрақтар көмегімен). Сауалнама өткізу жиілігіне байланысты бір рет және көп рет болып бөлінеді.

Жабық сұрақтар (амалсыздан таңдалған сұрақтар) – бұл сұрақтардың тұжырымы белгілі бір жауаптарды таңдауды талап етеді.Оларда жай және кодталған болады.

Жай жабық сұрақтар – абсолютті таңдау жасауды талап ететін сұрақтар, яғни «Иә» немесе «Жоқ».

Анкетаны дайындау үшін зерттеуші сауалнаманың мақсаты мен міндеттерін анықтап біліп алады, Содан соң логикалық жүйеде сұрақтар қарастырылып, оның жауаптарының түрлері көрсетіледі.

Анкетаның сұрақтары үш негізгі топқа :

1. Ашық түрдегі сұраулар, мұның жауаптары анкетада жазылмайды, оны жауапкерлер өз қолымен жазып қайтарады;

2. Жабық сұрақтар, мұның жауаптары мен варианттары анкетада жазылып тұрады. Жауап беруші жауаптардың астын сызып немесе дөңгелекшеге алып қайтарады;

3. Аралас сауалдар, бұл бірінші және екінші топтағы сұрақтардың элементтерінен құралып, белгілі мөлшерде жауаптары да жазылады, бұлармен қатар «Басқасы не екенін көрсетіңіз?» - деген сұрауларға жауап алу да белгіленеді.

Қиындықтар туындаған жағдайда мына үлгіні қарастырып шығуға қосымша уақыт беру

Анкеталық сұрақтардың түрлері түсінікті болу үшін мысалдар келтірейік:

1. Ашық сұрақ: «Қазақстандық газеттердің қайсысы халықаралық жағдайлар туралы сауатырақ жазады?». Мұнда алдын ала сұрақ – жауабының тізімі берілмеген, сондықтан жауап беруші жауапты өзі әзірлеуге міндетті болады;

2. Жабық сұрақ : «Сіздің болашақ мамандығыңызды таңдауға ықпал жасаған кім?» - ата – анам, мектептегі ұстаздарым, жолдастарым, болашақ мамандықты өзім таңдадым;

3. Аралас сұрақ : «Сіздің пікіріңізше нарықтық экономикаға көшу жастарға не береді?» - материалдық жағдайды жақсартады, материалдық жағдайды нашарлатады, жұмыссыздықты көбейтеді, жұмыс орнын кеңейтеді. «Сізді қазір қандай әлеуметтік проблемма қатты толғандырады?». Қалған жауаптарды өзінің жазыңыз.

Анкета (сауал хат) құрастыру мен дайындаудың ережесін әдістемесі...


- Сауалнама зерттеу мақсатына және міндеттеріне сәйкес сұрақтардан тұруы тиіс. Сұрақ дұрыс қойылмаса, респондент жауап беруден бас тартуы мүмкін.

Жауап түрін анықтау. Әрбір сұрақтың мазмұнын анықтаған соң, респондент өз еркімен жауап беруге тиіс пе, әлде оның екі не одан да көп нұсқаны (вариантты) қолдануы керек пе немесе белгілі бір шкаланы пайдалана ма, алдымен соны шешіп алу керек. Жауаптардың көп нұсқалы тәсілі ұсынылатын болса, респондент оның ішінен тек біреуін ғана таңдап көрсетуі қажет. Сондықтан мұндай сауалнамада жауаптар мәселені толық қамтуы және оған «білмеймін», «ойым жоқ», «ойым басқаша», деген жауаптар да кіруі керек. Дихотомшалық сұрақ қарапайым және ыңғайлы, оны кестеге енгізу оңай, өйткені ол «Иә» немесе «Жоқ» деген қысқа жауаптардан тұрады. Басқаша қойылатын сауал түрлері бар сауалнамада «ешқашан», «кейде», «жиі», «сирек», деген сөздерден тұратын шкала пайдаланылады.

Пікір сұрау өткізу мақсаты және оларды таңдау себептері түсіндіріледі.

Пікір сұрау анонимді және құпиялы сипатта жүргізілуі керек. Бірінші жағдайда респондент өзінің аты-жөні және басқа да деректемелері құпия болуын қалайды, екінші жағдайда ол өзі туралы тек зерттеушінің ғана білуін сұрайды.

Телефонмен және сұхбаттасушымен пікір сұрау жүргізгенде, ол – құпиялы сипатта болады.

Пікір сұрау жүргізгенде ақпарат мынадай жолдармен алынады: Сұхбат жүргізуші сұрақ қойып, жауапты сауалнамаға жазып отырады немесе респонденттер сауалнаманы өздері толтырады.

Кодталған жабық сұрақтарда тізбектік ескертпе ретінде сұрақтың тұжырымы қамтылатын жауаптардың бірнеше нұсқалары, жауаптар. Сізге сұрақты толығымен жауаптар нұсқаларымен бірге сұрақтарды оқу керек. Мұның өзінде сұрақтарды дәйекті ескертпелермен оқу барысында дауыс екпінінің фразалардың (сөз тіркестерінің) грамматикалық құрылымына сәйкес болуына баса назар аудару керек.

Пікіртерім жүргізуге дайындық кезінде Сіз әр сұрақ қандай мақсатпен, ол қандай ақпаратты ұсынатыны туралы, сұрақнамамен және оны толтыру тәртібі туралы нұсқаулықпен мұқият танысуыңыз керек.

Сұрақтың маңызын түсіну респонденттің жауабын дұрыс белгілеуге және сұраққа алынған жауаптың баламалығын бағалауға көмектеседі. Бұдан басқа, Сіз зерттеу оның нәтижесін әзірлеу кезінде қолданылған түсініктемелермен және анықтамалармен танысуыңыз керек.

Ашық алдын ала кодталған сұрақтарға және жабық сұрақтарға жауаптарды жазу барысында сізге тек қана таңдалған жауап санатының кодын дөңгелектеу қажет. Бірақ, респондентпен хабарланған ақпаратқа сәйкес келмейтін жауаптың кодын қателесіп, дөңгелектемеу үшін сақтықты сақтау қажет. Қате қоршалған код пікіртерімнің дұрыс жүрмеуіне алып келуі мүмкін.

Амалсыздан таңдалған жабық сұрақтар сияқты алдын ала кодталған ашық сұрақтардың көпшілігі бір ғана жауапты талап етеді. Сіз өте ұқыпты болып және бір ғана кодты дөңгелектеуіңіз керек. Егер, сіз екі кодты дөңгелектесеңіз жауап пайдасыз болып табылады, яғни сауалнаманы әзірлеу кезінде статистика органдарының қызметкерлері кодтардың қайсысы дұрыс екенін білмейтін болады.

«Жауаптың 3-тен көп емес нұсқасын көрсетіңіз» деген жазба бір кодтан артық көрсетуге болатындығын білдіреді және Сізге қосымша жауап алу үшін «Тағы айтарыңыз бар ма?» деген сұрақты қоюыңызға болады.

Сіз сауалнамада (сұрақнамада) көрсеткен барлық жазбалар нақты және жеңіл оқылатын болуы керек. Осыған байланысты қателерді өшірмей, оларды сызып көрсету қажет. Егер сіз жауаптың дұрыс емес кодын белгілесеңіз, қате дөңгелекті сызып, дұрыс жауапты белгілеу қажет.

Сауалнамамен жұмыс (15мин)

Ұжымның әлеуметтік-психологиялық климатын кереғар бағдарлар бойынша бағалау

Ұжымның әлеуметтік-психологиялық климатын кереғар бағдарлар бойынша бағалау

3  2  1  0 -1 -2 -3

1

Ашық-жарқын, көтеріңкі көңіл-күй басым 

 

Бұйығы, тұнжыраңқы көңіл-күй басым

2

Қарым-қатынаста тілектестік, өзара түсіністік сипаттары көрініс береді

 

Қарым-қатынаста қайшылықтар, антипатия сипаттары көрініс береді  

3

Ұжым ішіндегі топтар арасында өзара үйлесімді қарым-қатынас орнаған

 

Топтар өзара қайшылықта

4

Ұжым мүшелеріне уақытты бірге өткізу, бірлесіп әрекет ету ұнайды

 

Тығыз байланыс орнатуға немқұрайлы қарайды, бірлесіп әрекет ету ұнамайды

5

Әріптестердің табыстары мен сәтсіздіктеріне ұжым бірге сүйініп, бірге күйінеді

 

Әріптестер бір-бірінің табыстары мен сәтсіздіктеріне немқұрайлы қарайды, қызғанады немесе сыртынан табалайды

6

Бір-бірінің пікірін құрметтейді

 

Әркім өз пікірін жоғары санайды, жолдастарымен санаспайды

7

Ұжымның табыстары мен сәтсіздіктерін әркім өзінікіндей санайды

 

Ұжымның табыстары мен сәтсіздіктеріне оның мүшелері немқұрайлы қарайды

8

Ұжым үшін қиын сәттерде «бәріміз біріміз үшін, біріміз бәріміз үшін» деген эмоциональдық бірігу үдерісі жүреді

 

Ұжым үшін қиын сәттерде босаңсу, абыржу, дау-дамай, бірін-бірі кінәлау орын алады

9

Басшылық тарапынан көтермеленген кісі ұжым үшін мақтаныш сезімінде болады

 

Ұжымның мақтауы мен ынталандыруына мұнда немқұрайды қарайды

10

Ұжымның белсенділігі, еңбек қуаты жоғары

 

Ұжым қызметі инертті, енжар сипатта

11

Ұжымның жаңа мүшесіне қамқорлықпен қарайды, оның тезірек үйренісіп кетуіне көмектеседі

 

Жаңа келгендер өздерін бөтен сезінеді, оларға айналасындағылар көбіне жауқабақ танытады

12

Бірлескен әрекет жұрттың бәрін еліктіреді, ұжым болып жұмыс жүргізуге ынта-ықылас жоғары

 

Ұжымды бірлескен іске жұмылдыру мүмкін емес, әркім өз мүддесін ойлайды

13

Ұжымда әділеттілік орнаған, әрқашан әлсіздерді қорғап, қолдап отырады

 

Ұжымда басшылық жақындарымен жарасуға тырысушылық, әлсіздерді кемсітушілік байқалады

 Өз ұжымыңызда психологиялық климатқа тән аталмыш қасиеттердің қайсысы қалай көрініс тапқанына баға беріңіз. Алдымен сол жақтағы, сонан соң оң жақтағы сөйлемдерді оқып шығыңыз. Мұнан кейін тесттің ортаңғы бөлігіне «+» немесе «–» белгісімен өз пікіріңізше шындыққа сәйкес келеді деген бағаны қойыңыз. Бағаның қосымша «+» белгісі сол жақтағы, «–» белгісі оң жақтағы қасиеттерді білдіреді.

Бағалар: 3 – ұжымда әрқашанда-ақ көрініс беретін қасиет; 2 – көпшілік жағдайда көрініс беретін қасиет; 1 – бұл сирек кездесетін көрініс емес; 0 – сол жақтағы да, оң жақтағы да қасиеттер бірдей дәрежеде көрініс береді.

Алынған мәліметтерді өңдеу бірнеше кезеңде жүзеге асырылады.

I кезең: алдымен барлық абсолюттік шамаларды (+) қосу керек, содан кейін сұрақтың әрбір қатысушы берген жауапты (-). Содан кейін үлкен шамадан азын алып тастау керек. Ұжымның әрбір мүшесінің жауабын осылай өңдейді.

II кезең: әр педагогтың жауабын жеке-жеке қорыту арқылы алынған цифрлардың бәрін қосып, оны жауап берушілер санына бөлу керек. Шыққан сан әдістеме «кілтімен» салыстырылады:

+22 және одан жоғары – бұл әлеуметтік-психологиялық климаттың қолайлылық деңгейі жоғары екендігін көрсетеді;

8-ден 22-ге дейін – бұл көрсеткіштің орташа деңгейін білдіреді;

0-ден 8-ге дейін – қолайлылық деңгейінің төмендігін (елеусіздігін) байқатады;

0-ден (–8-ге дейін) – әлеуметтік-психологиялық климаттың бастапқы қолайсыздығы;

(–8-ден) (–10-ға дейін) орташа қолайсыздық;

кері бағытқа қарай (–10) және одан төмен – мүлдем қолайсыздық.

 Осындай есепті әрбір қасиет бойынша шығаруға болады:

    сауалнамаға қатысушы әрбір кісінің жекелеген қасиеттер бойынша қойған бағаларын жазып алып, олардың бәрін қосады;

шыққан санды қатысушылар санына бөледі. Әрбір қасиет бойынша индекстері есептеліп болған соң, бұл цифрлар кему бағытындағы деңгейіне қарай ретімен қойылады. Осылайша ұжымды біріктіретін (оңды) де, оны ыдырататын да (теріс) қасиеттер айқындалады.

Бұл әдістеме топтардың ұжым ретіндегі қалыптасу деңгейіне диагноз қояды және оның даму динамикасын (сауалнама парағында аталған қасиеттер бойынша) бақылап отыруға мүмкіндік береді.









Ата-аналармен сауалнама

1.Сіз мектеп қана бала тәрбиелеуге бірнші болып айналысады деп ойлайсыз ба?

Иә

Жоқ

Ата-аналармен ұстаздар



2. Біздің балалармыз лайықты ұрпақ жалғасы болу үшін не істеу керек?

Әңгімелесу, мәселені олармен бірге шешу

Олардың еркіне таңдау беру

Ұстаздармен бірге шешу



3. Сіз балаларыңыздың жетістігіне мұғалімдер қызығушылық танытады деп ойлайсыз ба?



Иә

Жоқ

Білмеймін



4 Ең үздік тәрбие сіздің ойыңызша...

Даралап үлгі ету

Мұғалімдердің берер өнегесі



5 Сіз өз балаларыңызға ұрысқан кезде екнші ата-ана...



Үндемейді

Баланың арасына түседі

Тағы басқа



6 Күн сайын балаңызға қанша уақыт бөлесіз?

2 сағат

3-5 сағат

Толық күн



7 Балаңыздың ісіне қаншалықты қызығушылық танытасыз?

Күн сайын

Күніне бірнеше рет

Бірнеше күнде бір рет



8 Балаңыздың физикалық жағдайы туралы сіздің ойыңыз (денсаулығы, спортпен айналысуы)

Қанағаттанарлық

Жақсы

Қанағаттанарлық емес



9.Балаңыздың психологиялық жағдайына сіздің пікіріңіз (есте сақтау, ойлау, назар аудару, сезімі)



10. Отбасыңызда үй жануарлары бар ма, оған кім қарайды?

Сіз

Сіздің балаңыз

Бірге

11.Сіздің балаңыздың үйде белгілі міндеттері бар ма?

_______________________________________________________________________________________________________________________________________



12 Отбасында белгілі жанұялық дәстүр бар ма, қандай?



Кері байланыс

Берілген суреттерге стикерлерін жапсыру



Коуч жүргізген:

Аембаева Аяжан

Автор
Дата добавления 14.12.2015
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров544
Номер материала ДВ-256904
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх