Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Коучинг "Кембридж тәсілімен оқытудың теориялық негіздері"

Коучинг "Кембридж тәсілімен оқытудың теориялық негіздері"

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

А.Құсайынов атындағы орта жалпы білім беретін мектеп-балабақшасы



КОУЧИНГ

Кhello_html_m4e3ed8b.jpgЕМБРИДЖ ТӘСІЛІМЕН ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ















Аменова Гулнур Аманжоловна,









ІІ деңгей бойынша сертификатталған, І санатты ағылшын тілі пәні мұғалімі

31 қаңтар 2015 жыл

Коучинг

Коуч: Аменова Гулнур Аманжоловна,

ІІ деңгей бойынша сертификатталған, І санатты ағылшын тілі пәні мұғалімі.

А.Құсайынов атындағы орта жалпы білім беретін мектеп-балабақшасы,

Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ордасы ауданы, Мұратсай ауылы.

Мерзімі:

31.01.2015

Тақырыбы:

Кембридж тәсілімен оқытудың теориялық негіздері

Мақсаты:

Білім беру жағдайындағы өзгерістер енгізу қажеттілігін түсіндіру; оқушылармен жұмыс жасау мәселесіне өзге қырынан қарауға жағдай жасау.

Нәтижесі:

Оқушыларды оқытуда өзге қырынан қараудың қажеттілігін түсінеді.


Дереккөздер:

Мұғалімге арналған нұсқаулық; ойындар; тренингтер; видеороликтер.

Ресурстар:

Стикерлер, маркерлер, постерлер, интербелсенді тақта.

Түйінді идеялар:

Оқушынының қызығушылығын қалай ояту керектігін біледі.

Барысы:

Топқа бөлу: 

Конфеттер арқылы

«Танысу» ойыны

Мақсаты:

Топта жұмыс жүргізу үшін жағымды ахуал орнату, қарым-қатынысатың белсенді стилін және кері байланыс немесе алу меңгеру.

Шарты:

Кезек-кезек әр қатысушы өз атын және өзінің нақты сүйікті ісін айтады. Екінші ойыншы өзі туралы айтпас бұрын алғашқы адамның сөзін қайталап айтуы керек. Содан кейін өзі туралы айтады. Ал үшінші адам бірінші, екінші адамның айтқанын қайталап, сонан соң өзі жайында хабарлайды. Ойын осылай жалғаса береді.

Талқылау: 

1. Қай ойыншының есімі, сүйікті ісі сенің есіңде жақсы сақталды?
2. Несімен жақсы сақталды деп ойлайсың?
3. Қай қатысушыны еске түсіру қиынға соқты?
4. Не үшін қиын болды деп ойлайсың?
5. Қатысушылардың сені есінде сақтай алмауы қалай әсер етті? және т.б

Әріптер сөйлейді”

Мақсаты:

Мұғалімдер кез-келген әріпті таңдап алып, қойылған сұраққа  қолдарындағы әріптен басталатын сөзбен жауап беруі тиіс.

Әріптер

Бүгінгі көңіл күйіңіз қандай?

Оқушының пәнге деген қызығушылығын қалай оятасыз?

Сабағыңызда қандай әдіс-тәсілдер қолданасыз?

Курстан өзіңізге керекті әдіс-тәсілдер ала аламын деп ойлайсыз ба?

Коучингке не мақсатпен келдіңіз?

Коучингте кездескен сұрақтарға қалай жауап беремін деп ойлайсыз?

Коучингке немен келдіңіз?

Маған айтар ұсынысыңыз…

Үш деңгейлік курсқа барғыңыз келе ме?

Кембридж бағдарламасы туралы:

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПЕДАГОГ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ КУРСТАРЫ.

Педагогикалық құрамның сапасын көтеру,

мектеп мұғалімдерінің біліктілігін арттыру

талаптарын күшейту қажет.

Елбасы Жолдауы, 2012 ж.

Бағдарламаның мақсаты: педагог қызметкерлердің білім мен дағдылардың қосымша көлемін алудағы білімдік қажеттіліктерін қанағаттандыру, қазақстандық мұғалімдердің қарқынды өзгеріп жатқан әлем жағдайында үздіксіз кәсіби дамуға дайын болуына көмектесу; білім берудегі әдістемелік жұмыстың тиімділігін қамтамасыз ететін инновациялық үдерістерді қолдау; өз әріптестерінің тәжірибесін жетілдіру мақсатында оларды оқыту мен тәлімгерлік етуде теориялық және практикалық кәсіби құзыреттіліктің мейлінше терең деңгейін меңгерген мұғалімдерді даярлау.

Бағдарламаның міндеті: жеті модуль мәнмәтінінде Бағдарламаның теориялық негіздерінің тұжырымдамалық түсінігін қалыптастыру; қазақстандық білім беру жағдайында Бағдарламаның тұжырымдамалық негіздерінің іс жүзінде ойдағыдай жүзеге асырылуын және мұғалімнің өз бойында төмендегідей дағдылардың қалыптасқандығын көрсетуін қамтамасыз ету (Бағдарламаның негізгі идеялары туралы рефлексивті ойлау; іс-әрекеттегі зерттеуді жоспарлау және жүргізу; мұғалімдер тобын оқытуды басқарудағы коучинг және тәлімгерлік; Бағдарламаның жеті модулі ықпалдастырылған тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлау және жүзеге асыру үдерісіндегі тәлімгерлік; өзінің педагогикалық тәжірибесі туралы ойлану; қазақстандық мұғалімдерді мектеп мұғалімдерінің кәсіби қоғамдастығын

ұйымдастыруға дайындау.

Бағдарламаның күтілетін нәтижесі: бұл оқудан күтілетін нәтижелердің ең бастысы оның соңында мұғалімнің төменде аталған білім мен дағдыларды игеруі болып табылады (әрбір оқушының (талантты және дарынды, жас ерекшеліктеріне сәйкес т.б.) жеке қажеттіліктерімен байланысты проблемалар және оларды шешу жөнінде басқа мұғалімдерге кеңес беру әдістемесі бойынша терең білім); кәсіби проблемаларды шешуде басқа, біліктілігі төмендеу әріптесіне көмек көрсетуге дайын болуын қамтамасыз ету мақсатында әлемдік білім беру практикасының көп аспектілі біліміне негізделген сыныптың жұмыс істеуі жөніндегі негізделген қорытынды жасау дағдылары; төменде аталған тәсілдердің көмегімен мектептегі білім беру үдерісіне қолдау көрсететін болады: оқыту, мектептегі Lesson Study-ге оларды тарту мәселелері бойынша мұғалімдер тобымен кәсіби әңгімеге қатысу; мектеп мұғалімдерінің кәсіби қоғамдастығының қарқынды жұмыс істеуіне ықпал ету; мектептің басқа оқушыларымен достық, кәсіби қарым-қатынас орнату; оқыту тәжірибесін жетілдіру мәселелерін жандандыру; өзінің практикасын және мектеп мұғалімдерінің практикасын дамыту мақсатында инновациялық оқу тәжірибелерін зерттеу және бағалау, сондай-ақ болашақта олардың нәтижелерін және басқа да сыртқы дереккөздердің нақты деректерін пайдалану.

Курс құрылымы: 1-ай – «бетпе-бет» (аптасына 5 күн бойы аудиториялық сабақтар, оған қоса ұсынылған тапсырмалар бойынша өздігінен дайындалуға 1 күн); 2-ай - онлайн-оқыту (қосымша – міндетті түрде сыныптағы тәжірибе, коучинг пен тәлімгерлік жүргізу); 3-ай – «бетпе-бет» (аптасына 5 күн бойы аудиториялық сабақтар, оған қоса ұсынылған тапсырмалар бойынша өздігінен дайындалуға 1 күн).

Кембридж бағдарламасы туралы фильм:

«Әлем өзгеруде».

«Күріш өсіру»

Шетелдің ғалымы  үш бірдей 2 литрлік банкіге бірдей көлемде су құйып, күріш салып, аузын жауып қояды. Күнделікті сол банкілерге барып бірінші банкіге «Сен қандай кереметсің, сұлусың, әдемісің, жақсысың, тамашасың», екінші банкіге «Сен жақсысың, жарайсың» деп, үшінші банкіге мүлде көңіл бөлмейді. Бір апта өткеннен кейн банкілерді тексереді. Сонда бірінші банкі құлпырып, жайқалып тұр, екінші банкі орташа қалыпта тұр, ал үшінші банкі мүлде өспей шіріп кеткен.

Жаттығу:

Мінсіз оқушының сипаты – 3 топ

Түрткі сауал: 

Постер қорғау (Кембридж тәсілімен оқытудың теориялық негіздері).

Сергіту сәті:

Кірпі – «Қара жорға» биі;

smiles;

supercalifrigalisticexpialodicious

Рефлексия

Мұғалім туралы....

Мені қызықтырған….

Біз бүгін мына мәселелерді талдадық....

Ұсыныстар....



































Рефлексия

Коучинг ------------------------------------------------------------------------------------------

Коуч: Аменова Г.А.

Мұғалім туралы

Мені қызықтырған….

Біз бүгін мына мәселелерді талдадық....

Ұсыныстар











































А.Құсайынов атындағы орта жалпы білім беретін мектеп-балабақшасы

КОУЧИНГ, 31 қаңтар 2015 жыл

Кhello_html_m6943c7e.jpgЕМБРИДЖ ТӘСІЛІМЕН ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ



Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 08.12.2015
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров201
Номер материала ДВ-242836
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх