Инфоурок Другое КонспектыКоучинг: "Критериалды бағалау – сапалы білім негізі"

Коучинг: "Критериалды бағалау – сапалы білім негізі"

Скачать материал

  Коучинг тақырыбы: Критериалды бағалау – сапалы білім негізі (жиынтық бағалау)

 

                                     «Мен еш уақытта өз оқушыларыма еш нәрс    үйретпеймін –

тек қана олардың оқуы үшін жағдай жасаймын»
Альберт Эйнштейн

 

Мақсаты: Оқушылардың жетістіктерін жаңа заман талаптарына сай бағалау.

Коучинг міндеттері:

    Білім жүйесінде критериалды бағалаудың алатын орнын әріптестерге түсіндіру.

Өзін-өзі және өзара бағалауда критерийлерді пайдаланудың маңыздылығын айқындау.

    Критериалды бағалау арқылы оқытудың тиімділігін және оқу сапасын арттыруға болатынына көздерін жеткізу.

    Оқу үдерісінде критериалды бағалауды(жиынтык бағалауды) қолдану жолдары мен түрлерін түсіндіріп, әріптестермен тәжірибе бөлісу.

Күтілетін нәтиже:

1.     Коучингке қатысушы мұғалімдердің педагогикалық шеберліктері жоғарылайды;

2.     Өзін-өзі және өзара бағалау туралы түсініктері қалыптасады, критериалды бағалаудың стратегияларын біледі;

3.     Мұғалімдер оқу үдерісінде оқушылардың жетістіктерін жаңа жүйелі түрінде бағалайды.

Қолданылатын модульдер мен әдіс-тәсілдер: оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер; сыни тұрғыдан ойлауға үйрету; оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау; оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану; топтық жұмыс.

  Коучинг барысы:

Психологиялық жағымды көңіл-күй орнату.

Картинки по запросу картинки наурыз мейрамы

 

 Құрметті әріптестер! Баршыңызды өткен наурыз мерекесімен құттықтаймыз.

- Біз  сіздерге  шын жүректен бақыт пен құт-береке, бейбіт өмір тілейміз.

- Барлық игілікті істер табыспен аяқталып, жемісті еңбек тек қана қуаныш әкелсін. 

- Далада алғашқы көктем гүлдері бәйшешек пен қызғалдақтар шығады. Бұл гүлдер – көктемнің белгісі.

- Ал енді  бір-бімізге жылы лебізімізді көрсетейік. Шаттық шеңбер құрайық. (Мұғалімдер шеңберге тұрып Наурыз мейрамымен бір-бірін бір-екі сөзбен қысқаша құттықтайды.)

Ой шақыру. Құрметті әріптестер берілген суретке қарап мына сұрақтарға топпен жауап беріңдер.

https://im0-tub-kz.yandex.net/i?id=9b3195697d4ab75b87251dbf96a97e54-l&n=13      

Мұғалімдерге Ф.П. Решетниковтың«Тағы да екілік» суреті ұсынылады.

1 топ: Мына суреттегі отбасы мүшелерінің әрқайсының көңіл-күйі қандай екенін айтып беріңдер. Сурет неліктен «ТАҒЫ ДА екілік» деп аталады

2 топ:  Мектептен үйіне тағы да «екілік» бағасын арқалап қайтқан оқушының түрінен нені аңғаруға болады екенін түсіндіріп беріңдер. Ол өзін қалай сезініп тұр? 

3 топ:   Әріптестер, қалай ойлайсыздар, бұл баланың өз бағасын жақсартуға деген ынтасы бар ма? Жоқ болса, неге? Оған кім кінәлі, мұғалім бе, оқушы ма?

4 топ:  Оқушы мұндай күйде болмау үшін не істеу керек? Топтар өз жауаптарын қорғайды.

  Топтық жұмыс.

Шығармашылық тапсырма. Үйдің суретін салу.

Сіздер 5 минуттың ішінде  үйдің суретін салуды ұсынамыз. (Тек бір топқа ғана критерийлер қойылады. Басқа топтарға критерийлер берілмейді және олар бұл жайылы білмейді ).Салынған суреттер бойынша сіздер бір-бірінді бағалайсыңдар. Неге дәл осы бағаны қойғанын түсіндіресіңдер.

(Топтардың арасында өз тобына қойылған бағамен келіспеушілік тууы мүмкін.)

- Бағаларың әділ қойылды ма? Себебі неліктен деп ойлайсыңдар?

- Қай топтың суреті жақсы болды? Неге?

Критерийлер: 1. Сурет А 3парақтың бетіне толық орналасуы;

                          2. Үйдің фундаменті, есігі, үш терезесі болуы міндетті;

                          3. Суретте төрт түсті пайдалану қажет;

                          4. Терезелердің жақтаулары әшекейлі болсын.

- Оқушыларға тапсырманы берер алдында оларға бағалау критерийін ұсыныңыз, сонда оқушы алдын-ала өзінің не үшін бағаланатынын біледі де, тапсырманы дұрыс орындайды.

- Оқушыларға бірін-бірі бағалауға, өздерін өздері бағалауға мүмкіндік беріңіз. Сонда сіздің жоғарыдағы суреттегідей мектептен күнде екілік алып келетін оқушыларыңыз жойылады.

-  Сондықтан, тапсырма орындау алдында критерийлер қойылу өте маңызды. Қазіргі жаңа білім беру жүйесінде ең өзекті болып тұрған мәселе – ол бағалау. Өйткені оқушының білімін бағалау – оның оқуға деген ынтасының мүлдем жоғалуына немесе қызығушылығының оянуына бірден-бір себеп. Мұғалімнің басты міндеті – оқушының өзіне деген, өз күшіне деген сенімінің жоғалуына жол бермеу.

 

Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау оқу бағдарламасына, оқу жоспарына сәйкес бөлім немесе ортақ тақырыптарды аяқтаған кезде өткізіледі .Аталған жиынтық бағалаудың нәтижесі бойынша білім алушыларға тоқсандық баға қою кезінде есепке алынатын балдар қойылады Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың рәсімдер саны жиынтық бағалауға қатысты әдістемелік ұсыныста берілген: тілдік пәндер – сөйлеу әрекетінің түрлері бойынша: тыңдалым мен айтылым, оқылым мен жазылым бойынша анықталады.  слайд

Жиынтық бағалау өткізу үшін біз жоспар құрастырамыз. Бұл жоспар екінші тоқсанда жасалады, мектеп әкімшілігімен бекітіледі.  Ата-аналарға арнайы жиналыс өткізіледі, бұл жиналыста жиынтық бағалау туралы, оның жоспарымен, өтілетін уақытымен  таныстырып өтеді .слайд

 Бірініші, екінші тоқсандарда қалыптастырушы бағалау болса, ал үшінші тоқсанда жиынтық бағалау басталды. Үшінші тоқсанда екі  бөлім /ортақ тақырыптар өттік. Бұл «Саяхат» пен «Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті» .  слайд

Рубрика бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың әр рәсімі үшін құрастырылады, ол әр критерий аясындағы оқу жетістігі деңгейін көрсетеді

Слайд

Тоқсандық жиынтық бағалау тоқсан соңында өткізіледі, онда тоқсандық баға қою кезінде есепке алынатын балдар қойылады. Тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы мазмұнын, құрылымын анықтайтын келесі ақпараттардан тұрады:

·        тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты;

·        тоқсандық жиынтық бағалауға шолу:

·        жиынтық жұмыстардың ұзақтығы;

·        бағалау құрылымы;

·        тапсырмалар саны; 

·        тапсырмалар бойынша балдарды бөлу:

·        тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу бойынша нұсқау; 

         • тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының үлгілері;

       • тапсырмалардың балл қою кестелері

Слаид

 

·        Тоқсандық жиынтық бағалау бір параллельде бірдей жағдайда өткізіледі.

·        Тоқсандық жиынтық бағалауды қайта орындауға (көшіруге) рұқсат етілмейді  .

·        Тоқсандық жиынтық бағалау уақытында белгілі себептерге байланысты (ауруына, жақын туыстарының қазасына, конференция, олимпиада, ғылыми, спорттық жарыстарға және т.б. қатысуына байланысты) білім алушылар келмеген жағдайда оларға мектепке келген соң екі апта ішінде тапсыруға рұқсат етіледі, ол үшін жиынтық бағалаудың қосымша нұсқалары қолданылады.

 Мысалы 3-токсанға арналған жиынтык бағалау Слайд

БАҒА ҚОЮ МЕХАНИЗМІ Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау, тоқсандық жиынтық бағалау нәтижелері электрондық нәтижелерді тіркеу журналында тіркеледі. Барлық балдар, бағалардың есебі электрондық журналда автоматты түрде жүзеге асырылады. 

 

Балдың пайыздық  мазмұны

 

Баға көрсеткіші

Баға

0

Бағаланбады

«1»

1%-20%

Қанағаттанғысыз

«2»

21%-50%

Қанағаттанарлық

«3»

51%-80%

Жақсы

«4»

81%-100%

Өте жақсы

«5»

Тоқсандық бағаны қою үшін бөлім/ортақ тақырыптар, тоқсандық жиынтық бағалау қорытындысының  белгілі пайыздық ара қатынасы пайдаланылады:  

 – тоқсандық бағаның 50% бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау қорытындысы арқылы қалыптасады;

 -тоқсандық бағаның 50% тоқсандық жиынтық бағалаудың қорытындысы бойынша қалыптасады.

Жиынтық бағалау (ЖБ

Үлес салмағы

Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша ЖБ

50%

Тоқсандық ЖБ

50%

Тоқсандық баға

 

100%

 Электрон журналды көрсету

Рефлексия

Білемін

Білдім

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Коучинг: "Критериалды бағалау – сапалы білім негізі""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Маркетолог

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 269 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 21.04.2017 2847
    • DOCX 681.9 кбайт
    • 46 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Какбаева Орынкуль Зарлыковна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Какбаева Орынкуль Зарлыковна
    Какбаева Орынкуль Зарлыковна
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 35605
    • Всего материалов: 15

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой