Инфоурок Математика ПрезентацииКоучинг на тему "Диалогтық оқыту арқылы қалай оқу керектігін үйрену"

Коучинг на тему "Диалогтық оқыту арқылы қалай оқу керектігін үйрену"

Скачать материал

Диалогтық оқыту. ЖАДА. Әңгімелесудің түрлері

26 ақпан 2014 - Админ

Коучинг тақырыбы:  Диалогтық оқыту. ЖАДА. Әңгімелесудің түрлері.

Коучинг мақсаты:  Сабақ үрдісіндегі диалогтық оқытудың маңызын ажырату. Оқушыны дамытатын дағды мен қабілеттерді анықтау. Әңгімелесу факторы бойынша мағлұмат беру БЖӘ. Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер туралы қысқаша жадынама тарату.

Коучингтен күтілетін нәтижелері:

1.Оқу үрдісінде диалогтық оқытуды қолданудың маңызын түсінеді;

2. ЖАДА ұғымын сабақ үрдісінде қолдануды біледі;

3. Сұрақты нақты қоюдың тиімділігін ұғынады, қолданады.

4. Жаңа әдіс-тәсілдерді сабақта қолдануды үйренеді.

 

Уақы

ты:

 

Іс-шараның түрі:

 

Мазмұны

 

Коучтің іс-әрекеті

 

Мұғалімдердің іс-әрекеті

 

ресурстар

2 мин

Топтық жұмыс

Топқа бөліну

           (жыл. мезг)

Топтық жұмыс туралы қысқаша нұсқау береді.

Екі топқа бөлінеді, топ мүшелері міндеттері бөліседі.

Жыл мезгілдерінің суреттері

10 мин

Ұжымдық жұмыс.

Диалогтық оқыту дегеніміз  не?

Диалогтық оқыту модулі бойынша бағыт беріп, бақылайды.

Өз түсініктері бойынша тұжырымдамалық карта жасайды, қорғайды.

Постер

 

7 мин

Пікір алмасу

Мерсер зерттеген әгіменің үш түрі:

<p

www.jospar.kz

Барлық пәннен күнделікті сабақ жоспарлар

орта және қысқа мерзімді сабақ жоспарлар

</p

  • әңгіме;
  • кумулятивтік;
  • зерттеушілік;

Бейне таспа арқылы диалогтық оқыту модулін таныстырады.

Бейне таспаны көреді, ой түйіндейді.

 

Презентация

 

5 мин

Сергіту сәті

Кім? Кіммен? Қашан?

Қалай? Қайда? Неліктен?

Не істеді? Мен көрдім де… – дедім.

Сергіту сәтінің мазмұнын түсіндіреді.

Сұраққа нақты жауап береді.

Екі топқа жазылған сұрақтар тізбесі, постер, маркер.

8 мин

Өздік жұмыс

Выготский  оқытудың негізгі құралы ЖАДА.

 

Бағыт береді.

Өздері оқу арқылы игереді. Бір-біріне сұрақтар дайындайды, сұраққа жауап береді.

«Жұмыс істеу»  қабырғасы

екі түрлі стикер

 

Нұсқаулықтан үзінді 96 бет

10 мин

Жұптық жұмыс

Сыныпта сұрақ қою үлгісі бойынша (БЖӘ) мағлұмат.

Харгривс және Гэлтонның оқушыларды тыңдай және оларға жауап беруі туралы мағлұмат.

 

Презентация арқылы таныстырылым

 Төмен (жабық), жоғары (ашық)  сұрақтар дайындайды.

Талдайды.

Презентация

 

Нұсқаулықтан үзінді.

ІІ-деңгей, 98-103 бб.

2 мин

Жаднама қағазы

Сабақ үрдісінде қолданылатын жаңаша әдіс-тәсілдер

Бағыт беріп, мағынасын қысқаша түсіндіреді.

Мұғалімдер оқып, танысады, сабақ үрдісінде қолданады.

Дайындалған кітапша  түріндегі жадынама.

5 мин

Кері байланыс

2 жұлдыз, 1 тілек

Стикер тарату

Мұғалімдер өз көзқарастарын стикерге жазады.

Стикер,

Ағаш суреті.

 

 

 

 

 

 

"Диалогтік оқыту дегеніміз не" коучинг

№1 коучинг - сессия
Тақырыбы: Оқытудағы жаңа тәсілдер. Диалогтік оқыту дегеніміз не?
Мақсаты: Диалогтің маңызын ашу, сабаққа оқыту нысаны ретінде әңгімелесуді енгізу. Барлық оқушылардың білім алу, мақсатқа жету мен сынып өміріне қатысу қабілеттерін арттыру үшін оны тұлға ретінде дамытуға ерекше назар аудару болып табылады.
Оқыту нәтижелері: Коучинг соңында мұғалімдер:
1. Оқыту мен оқудағы тілдің басты рөлін түсінеді.
2. Білім беруде оқушыға жеке көңіл бөлуді дамытуға ықпал ететін оқыту әдісі ретінде әңгімелесуді, мысалы: жауап алу мен шағын топта жұмыс істеу әдістерін қалайша тиімді қолдануға болатыны туралы өз түсінігін қалыптастыру.
3. Білім алу тәжірибесіне диалогті әдістер енгізіледі.
4. Сыныптағы диалогтік әдістер бағаланады.
5. Диалогтік әдістердің оқуға көмегін түсіндіруге дайын болады.
Негізгі түйінді идеялар:
Диалог – мұғалімдер балалардың оқуға деген ынтасын оята алатын пәрменді тетік.
Сұрау және топтық жұмыс диалогтік тәсілдің балаларды оқыту сапасын арттыру құралы.
Коучингтің барысы:
Қатысушылар кірген кезде қолдарына стикер беріледі. «Өзгергіңіз келе ме?» деген сұраққа жауап бере отырып, «иә», «жоқ» деген бөліктерге бөлінген қағазға жапсырады.
1. Психалогиялық ахуал қалыптастыру
«Өзгеру»
Коучингке қатысушыларға ұшу аппаратын жасауға тапсырма беріледі. Ұшу апаратын жасағаннан кейін әр қатысушы нысанаға тигізіп көреді. Қорытынды жасайды.
Біз өзгеру керек пе?
Нені өзгертер едіңіз?
Оқыту мен оқудағы әдістерді не үшін өзгерту керек?

2. Сіздердің назарларыңызға «Әлем өзгереді, мен өзгеремін» фильмін ұсынамын
Екінші деңгей бағдарламасының жалпы мазмұны өзара бірлескен 7 модуль шеңберінде ұсынылады
1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер
2. Сын тұрғысынан ойлауға үйрету
3. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
4. Оқыту мен оқуда АКТ пайдалану
5. Талантты және дарынды балаларды оқыту
6. Оқушыларды жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу
7. Оқытуды басқару және көшбасшылық

3. Коучинг тақырыбы: Оқытудағы жаңа тәсілдер
Коучинг дегеніміз не?
Сөзбе - сөз аударғанда – тәлім алу, дайындау, жаттықтыру
4. Топқа бөліну:

Жұмысымыз ары қарай жалғасу үшін топқа бөлінеміз
«Шашу шашу» Алған кәмпиттердің қағазына қарап топтарға бөліну
Әр топ өздерін таныстырады.

5. Топ ережесін қабылдау
6.. Топ мүшелері бейнефильмді көреді.
7. Бейнефильм мазмұны бойынша ой бөліседі.
Бағыттаушы сұрақтар:
- Бейнефильм мазмұнынан не байқадыңдар?
- Үш бейнежазбалардың айырмашылығы бар ма? Қандай?
- Қандай тақырыпта ой қозғаймыз деп ойлайсыздар?
8. Диалогті оқыту дегеніміз не?
9. Мерсер негіздемесі бойынша диалогтік оқытудың үш түрі бар
- Әңгіме - дебат
- Кумулятивті
- зерттеушілік
10. Алдарыңызға диалогті оқытудың үш түрін беремін. Оқып танысып шығыңыздар және осы сипаттама бойынша бейнежазбалардың қай әңгіменің түріне жататындығын анықтаңыздар. Топ ішінде талдаңыздар
Осы диалогтік оқытудың үш түрінің қайсысы ең маңыздысы(қосымша мәлімет)
11. Сергіту сәті
12. Диалогтік оқытуда сұрақ қою маңызды орын алады.
Сұрақтардың түрлері: Төмен деңгейдегі, жоғарғы деңгейдегі
Сұрақ қою техникасы: түрткі болу, сынақтан өту, қайта бағыттау
Түрткі болу: сұрақты қарапайым етіп қою, өткенді пысықтау...
Сынақтан өту: толық жауап беруге, ойын толық айтуға итермелейді."Сіз мысал келтіре аласыз ба? "деген сұрақтармен бағыттайды
Қайта бағыттау - сұрақты басқа оқушыларға бағыттайды."Көмектесе алатындарың бар ма?" деген сұрақ қойылады.
13. Топпен жұмыс
1. Диалогтік оқыту оқушыларға не береді?
2. Диалогтік оқытудың мұғалім үшін маңызы қандай?
3. Оқытуды диалогтік тәсілмен дамытудағы сұрақтардың маңызы.
14.»Екі жұлдыз, бір тілек» Топтар өзара бағалайды. Постерлерге жабыстырады.
15 Сауалнама жүргізу
16. Тілек ағашын толтыру. Алматыдан әкелген сыйлық
17. «Иә» тренингісімен аяқтау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ДИАЛОГТІК ОҚЫТУ. ӘҢГІМЕНІҢ ЖӘНЕ СҰРАҚТЫҢ ТҮРЛЕРІ.

·                   01Диалогтік  оқыту.  Әңгіменің және сұрақтың түрлері.Коучинг тақырыбы: Диалогтік оқыту. Әңгіменің және сұрақтың түрлері.
Мақсаты: Диалогтік оқыту, әңгіменің түрлері мен сұрақтың түрлері жайлы түсінік қалыптастыру. Сабақ үрдісіндегі диалогтік оқытудың маңызын түсіндіру. Жоғары дәрежелі сұрақтарды құрастыру дағдыларын жетілдіру. Мұғалімдерге сабақ барысында диалогті ұтымды пайдалануды үйрету.
Сілтеме: І.Мұғалімге арналған нұсқаулық 98-104 беттер
ІІ.Таныстырылым, бейнефильмдер
Оқу нәтижесі 1.Оқу үрдісінде диалогтік оқытуды қолданудың маңызын түсінеді;
2. Әңгіменің түрлері жайлы мәлімет алады;
3. Сұрақты нақты қоюдың тиімділігін ұғынады, қолданады;
4.Жаңа әдіс-тәсілдерді сабақта қолдануды үйренеді.
Түйінді идеялар: Диалогтің маңызын ашу, сабаққа оқыту нысаны ретінде әңгімелесуді енгізу. Барлық оқушылардың білім алу, мақсатқа жету мен сынып өміріне қатысу қабілеттерін арттыру үшін оны тұлға ретінде дамытуға ерекше назар аудару болып табылады.Диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосады.
Сабақта қолданатын материалдар
(ресурс) Үлестірмелі материалдар, постер, маркерлер, бейнероликтер, түрлі-түсті стикерлер
Оқыту әдістері Топпен, жұппен, жалпы ұжыммен жұмыс, көру және есту арқылы сын тұрғысынан ойлау әдістері, интербелсенді әдістер, рефлексия 
Тапсырмалар ой қозғау, сұрақ құрау, постер қорғау, ашық сұрақ құрастыру, бағалау, рефлексия
Сабақ бойынша коуч пен мұғалімдердің іс- әрекеті 
Оқуға арналған тапсырмалар Коучтың іс -әрекеті Мұғалімдердің іс -әрекеті
І. Мұғалімдерге психологиялық ахуал туғызу 
2 мин
Көңіл- күй
тудыру Сәлемдесу. Армысыздар, құрметті ұстаздар! Бүгінгі біздің коучингімізге қош келіпсіздер!
Қатысушы ұстаздардың психологиялық кедергілерін жеңу үшін «Күміс құмған-ай» сергіту сәтін би билеп, жүргіземін. 
Бүгінгі коучингтегі басты талап - бәріміз бір үйдің баласындай болып, белсенді қатысу. Қатысушы мұғалімдер бейнесюжет бойынша би билейді.

1 мин Топқа бөлу. 
Жүрек, қол, бас және әңгімелесіп отырған адамдардың, балалардың суреттері бейнеленген қиындылар арқылы топқа бөледі. 

Жүрек,қол, бас және әңгімелесіп отырған адамдардың, балалардың суреттерінің қиындысын құрастырып, 5 топқа бөлінеді.
7 мин

1.Тақырыпты анықтау. 
Құрастырған суреттері бойынша топ мүшелерінің ойларын білу. «Суретте не бейнеленген? Сурет бойынша өз ойыңызды айтыңыз. Бұл суреттердің бүгінгі біздің тақырыбымызға қатысы бар ма?» - деп қатысушыларға сұрақтар қоямын.
Бүгінгі коучингтің тақырыбын жариялаймын.
Шульман «үш көмекші» деп «бас, жүрек, қолды» атаған. Ол осы атаған қасиеттер болған жағдайда ғана оқыту табысты болып саналады деп есептейді. Мұндай пікірді біз ұлы ақынымыз Абай Құнанбаевтың қара сөздерінен де кездестіреміз. « Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» - деп ұлы Абай атамыз айтқандай, жаңа форматты мұғалім осы үш көмекшіні дұрыс пайдалана білуі керек.
2.Сабақтың мақсатын анықтау.
«Бүгінгі коучингтен не күтесіз?» - деп сұрақ қоямын.
Бүгін біз сіздермен осы коучинг барысында диалогтік оқыту туралы, әңгіменің және сұрақтың түрлері туралы мағлұмат алып, жоғары дәрежелі сұрақтарды құрастырып үйренетін боламыз.
3.Табыс критерийлерін жазу.
1)Диалогтік оқыту жайлы, оның маңыздылығы жайлы түсіндіріңіз.
2) Әңгіменің түрлері, өз сабағыңызда әңгіменің қай түрі сипат алатындығы жайлы баяндаңыз.
3)Сұрақтың қандай түрін сабақта қолданатындығыңыз туралы әңгімелеңіз.
4) Сабақта диалогтік оқытуды қолдану бойынша өз ұсынысыңызбен бөлісіңіз.
4.Миға шабуыл:
1)Диалог дегеніміз не?
2)Диалогтік оқыту дегенді қалай түсінесіздер?
3)Әңгіме дегеніміз не?
4)Сұрақты қалай қою керек?
5)Сұрақтың қандай түрлері бар?
Жауаптар:
1.Диалог –екі не бірнеше адамның кезектесіп сөйлесуі арқылы берілетін ауызекі тілдегі ерекше форма.
Диалогтік әңгіме – белгілі бір тақырыпқа бағытталған диалог жүргізуге негізделген вербалды- коммуникативтік әдіс. Диалог барысында идеялар екі бағытта жүріп,оқушының қарқынды білім алуына септігін тигізеді. Диалог барысында оқушылар (сондай-ақ олардың мұғалімдері) тең құқылы серіктестер болып табылады. Олар бар күштерін келісілген нәтиже алуға жұмсайды және Мерсер (2000) айтқандай, бірлескен білім алу немесе «пікір алмасу» үдерісіне тартылады.
2. Диалогтік оқыту - мұғалімнің оқуматериалын оқушыларға түсіндіріп, оқушылардың сол оқу материалын меңгеруі мақсатында оқу материалын дайындаудың және баяндаушы әңгіме жүргізудің
нақтылы реттеуші ережелерін ескере отырып құрылған оқыту мен оқу тәсілі. Оқушыларды мәселені (проблеманы) анықтап, оны шешуге итермелейді және олардың оқудағы іс-әрекеттерін белсенді етуді көздейді.
3. Әңгіме - оқушылардың ой әрекетін жандандыру мақсатында қолданылатын оқыту тәсілдерінің бірі; әңгімелесу үдерісінде оқушылар мұғалім қойған және құрдастарында пайда болған сұрақтарға жауап бере отырып, жаңа білім алады, бар білімдерін қайталап, бекітеді.
4.Сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады, себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда оқытудың тиімді құралына айналады және де оқушылардың оқуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта және кеңейте алады. Сондықтан сұрақ қою кезінде мұғалім оқушының жаттанды жауап бермей, ойланып, өз ойын қоса отырып, жауап беретіндей етіп қойғаны дұрыс.
5.Оқушылардың тақырыпты түсінуіне қол жеткізу үшін мұғалімдер сұрақтың екі түрін: төмен дәрежелі және жоғары дәрежелі сұрақтарды кеңінен қолданады.Оқушының білім алуын қолдау үшін сұрақ қоюдың түрткі болу, сынақтан өткізу және басқаға бағыттау сияқты әр түрлі тәсілдерін пайдалануға болады. Құрастырған суреттері бойынша топ мүшелері өз ойларын айтады.

Мұғалімдер өз ойын түрлі-түсті стикерге жазады.Әр топ өз жазбаларын оқиды.

Сұрақтарға мүмкіндігінше жауап береді.

І тапсырма
Постер жасау
15 мин Әр топқа постер жасауға тапсырма беру.
«Сиқырлы қобдишаның» ішінен тапсырманың нөмірін таңдату. 
№1. Диалогтік оқытудың тиімділігі
№2. Әңгіменің түрлері
№3. Сұрақтың түрлері
№4. Диалогтің бес үлгісі
№5. Сарапшы топ
Жоғарыда аталған 4 тапсырма бойынша тарапта материалдары қатысушыларға беріледі.
Бағалау критерийлері

топтар Тақырыптың ашылуы Ойдың жүйелілігі Постердің безендірі-луі Өзіндік жаңа идея қорытынды

1-5 балдық жүйемен бағаланады.
Диалогтік оқыту
Мерсер
көрсеткен әңгіменің 3 түрі:

Таңдалған тапсырма бойынша берілген тарапта материалмен ЖИГСО әдісі бойынша оқып, танысады. Топ ішінде талқылайды, ой қорытады. Бірігіп постер жасайды, оны қорғайды.
Сарапшы топ критерий бойынша бағалайды.

ІІ тапсырма 
Рөлдік ойын
10 мин Әр топқа бейнежазбадағы диалог беріледі. Топ мүшелері сол диалогтің сөздерін өздері орындауы керек.

№1.«Екі сәби арасындағы диалог»
№2.«Құстардың диалогі»
№3.«Басшы мен қызметкердің диалогі» Топ атынан бір мұғалімнен шығып орындайды.
«Басбармақ» арқылы бір-бірін бағалайды.
ІІІ тапсырма
«Ойлан, жұптас, талқыла» 
15 мин «Мақтаншақ қыз» мультфильмін тамашалау. 
Мультфильмді тамашалаған соң, «Ойлан, жұптас, талқыла» 
әдісі бойынша тапсырмаларды орындайды.
Талқылауға ұсынылатын тапсырмалар:
№1.Мақтаншақ қыз бен шешесін сипаттаңыз
№2.Мақтаншақ қыздың әрекеттеріне баға беріңіз
№3.Мақтаншақ қызды қалай өзгертуге болады?
№4.Ханның бейнесін сипаттап, әрекетін талдаңыз.
№5. Осы мультфильмді бүгінгі күнмен байланыстырыңыз.
Көрген мультфильм бойынша ой бөліседі. Әңгімелесу барысында әңгіменің қай түрі пайдаланылға-нын баяндайды.



ІҮ тапсырма
«Сұрақ қою шеберлері» 
5 мин Тәжірибе жүзінде ашық сұрақ құрастыруға тапсырма беру.

"Жіңішке” сұрақтар "Жуан” сұрақтар
Бір сөзбен жауап беруді қажет ететін сұрақтар.
Кім? 
Не?
Қашан?
... қалай аталады?
... болған ба? 
...мүмкін?
... болады?
... жасауы мүмкін бе?
... сіз келісесіз бе?
... дұрыс па? Ойлануды, қосымша білімді, талдау жасауды қажет ететін сұрақтар.
Үш түсіндірме беріңіз: ..., ..., ...
Не себепті ... екендігін түсіндіріңіз?
Сіз неге ... деп ойлайсыз?
Сіз неге ... деп есептейсіз?
... айырмашылығы неде?
Егер ... болса, не болатындығына болжау жасаңыз?

Осы көрген мультфильм бойынша бірнеше ашық сұрақ құрастырады.
Қорытындылау
5 мин Коучингті қорытындылау мақсатында сұрақтар қоямын: 
Сіздің сабағыңызда әңгіменің қай түрі орын алады?
Сіз сабақ сұрағанда сұрақтың қай түрін жиі қолданасыз?
Оқушыларыңыз ашық сұрақ құрастыра ала ма?
Диалогтік оқытудың маңыздылығы туралы не айтасыз?
Қатысушы мұғалімдер сұрақтарға жауап беріп, өз ойын айтады.
Рефлексия 
5 мин «Тау рефлексиясы». Бүгінгі коучинг бойынша мына суреттегі тауды «Диалогтік оқыту» деп алсақ, сіздер осы тақырып бойынша өзіңізді таудың қай жеріндемін деп есептейсіздер? Міне, осыған сәйкес, алдарыңызда жатқан стикерлерге коучинг бойынша не түсінгеніңізді, екі сәтті кезеңді, бір ұсынысыңызды жазып, таудың суретіне жабыстырыңыз. 
Қатысушы мұғалімдер коучинг бойынша түсінгенін стикерлерге жазады. Коучинг кезінде өздеріне ұнаған 2 сәтті кезеңді, 1 ұсыныс-тілегін жазып, таудың суретіне жабыстырады.

Суретте көрсетілгендей екі сөзді еңгізіңіз: *

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әріптестеріме өткізген коучинг – сессия Күні 21.11.2014
Тақырыбы: Оқытудағы жаңа тәсілдер. Диалогтік оқыту дегеніміз не?
Мақсаты: Диалогтің маңызын ашу, сабаққа оқыту нысаны ретінде әңгімелесуді енгізу. Барлық оқушылардың білім алу, мақсатқа жету мен сынып өміріне қатысу қабілеттерін арттыру үшін оны тұлға ретінде дамытуға ерекше назар аудару болып табылады.
Оқыту нәтижелері: Коучинг соңында мұғалімдер:
1. Оқыту мен оқудағы тілдің басты рөлін түсінеді.
2. Білім беруде оқушыға жеке көңіл бөлуді дамытуға ықпал ететін оқыту әдісі ретінде әңгімелесуді, мысалы: жауап алу мен шағын топта жұмыс істеу әдістерін қалайша тиімді қолдануға болатыны туралы өз түсінігін қалыптастыру.
3. Білім алу тәжірибесіне диалогті әдістер енгізіледі.
4. Сыныптағы диалогтік әдістер бағаланады.
5. Диалогтік әдістердің оқуға көмегін түсіндіруге дайын болады.
Негізгі түйінді идеялар:
Диалог – мұғалімдер балалардың оқуға деген ынтасын оята алатын пәрменді тетік.
Сұрау және топтық жұмыс диалогтік тәсілдің балаларды оқыту сапасын арттыру құралы.
Коучингтің барысы:
Қатысушылар кірген кезде қолдарына стикер беріледі. «Өзгергіңіз келе ме?» деген сұраққа жауап бере отырып, «иә», «жоқ» деген бөліктерге бөлінген қағазға жапсырады.
1. Психалогиялық ахуал қалыптастыру
«Өзгеру»
Коучингке қатысушыларға ұшу аппаратын жасауға тапсырма беріледі. Ұшу апаратын жасағаннан кейін әр қатысушы нысанаға тигізіп көреді. Қорытынды жасайды.
Біз өзгеру керек пе?
Нені өзгертер едіңіз?
Оқыту мен оқудағы әдістерді не үшін өзгерту керек?
2. Коучинг тақырыбы: Оқытудағы жаңа тәсілдер.Диалогтық оқыту
Коучинг дегеніміз не?
Сөзбе - сөз аударғанда – тәлім алу, дайындау, жаттықтыру
3. Топқа бөліну:Сұрақ-жауап жазылған парақшаларды құрастыру арқылы,Ән тарихы,ән авторы,сол әнді орындау
4. Топ ережесін қабылдау
5. Топ мүшелері бейнефильмді көреді.
6. Бейнефильм мазмұны бойынша ой бөліседі.
Бағыттаушы сұрақтар:
- Бейнефильм мазмұнынан не байқадыңдар?
- Үш бейнежазбалардың айырмашылығы бар ма? Қандай?
- Қандай тақырыпта ой қозғаймыз деп ойлайсыздар?
7. Диалогті оқыту дегеніміз не?
8. Мерсер негіздемесі бойынша диалогтік оқытудың үш түрі бар
- Әңгіме - дебат
- Кумулятивті
- зерттеушілік
9. Алдарыңызға диалогті оқытудың үш түрін беремін. Оқып танысып шығыңыздар және осы сипаттама бойынша бейнежазбалардың қай әңгіменің түріне жататындығын анықтаңыздар. Топ ішінде талдаңыздар
Осы диалогтік оқытудың үш түрінің қайсысы ең маңыздысы(қосымша мәлімет)
10. Сергіту сәті
11. Диалогтік оқытуда сұрақ қою маңызды орын алады.
Сұрақтардың түрлері: Төмен деңгейдегі, жоғарғы деңгейдегі
Сұрақ қою техникасы: түрткі болу, сынақтан өту, қайта бағыттау
Түрткі болу: сұрақты қарапайым етіп қою, өткенді пысықтау...
Сынақтан өту: толық жауап беруге, ойын толық айтуға итермелейді."Сіз мысал келтіре аласыз ба? "деген сұрақтармен бағыттайды
Қайта бағыттау - сұрақты басқа оқушыларға бағыттайды."Көмектесе алатындарың бар ма?" деген сұрақ қойылады.
12. Топпен жұмыс рольдік ойындар,әңгіменің 3 түрі бойынша,қай әңгіме түріне жататынын анықтап,сонда рольдерді орындап шығу

Тапсырма №1

Пед.кеңес.

Тақырып: « Ата-аналар жиналысын оқушылармен бірге өткізудің тиімді және тиімсіз жақтарын ашу»

Қойылым барысында байқалатын жайлар:

А) ой-пікірлерде үлкен алшақтық болады және әрқайсысы өз шешімдерінде қалады

Ә) қарым-қатынас көбіне «Иә, бұл солай», «Жоқ, олай емес» деген бағытта жүзеге асады

С) орта бірлесуден гөрі, көбіне бәсекелестікке бағытталған.

Тапсырма №2

Мектеп әкімшілігінің есебі

Тақырып: «Өткен оқу жылының қорытындысы»

Қойылым барысында байқалатын жайлар:

а) айтылған пікірлермен тыңдаушылардың әрқайсысы механикалық түрде келісе беруі

ә) қатысушылардың өзгелер ұсынған қандай да болсын идеяларды төзімділікпен тыңдауы

с) идея қайталанады және жасалынады, бірақ үнемі мұқият бағалана бермейді

Тапсырма №3

Сонымен солай дейік...................

Тақырып: «ҰБТ –білім сапасының басты көрсеткіші»

Қойылым барысында байқалатын жайлар:

А) әркім ақылға қонымды мәлімет ұсынады

ә) қатысушылар сұрақ қояды және айтқандарын дәлелдейді

б) әркімнің идеясы пайдалы ретінде бағаланғанмен, мұқият бағалау жүргізіледі

с) топтағы қатысушылар келісімге жетуге тырысады ( олар келісімге келмеуі де

мүмкін, ең бастысы – келісімге ұмтылу)


13.»Екі жұлдыз, бір тілек» Топтар өзара бағалайды. Постерлерге жабыстырады.



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Диалогтық оқыту

Коучинг тақырыбы: « Диалогтік оқыту» 
Мақсаты: мектептерде негізгі пәндер бойынша оқушылардың білім деңгейін көтеру және оқыту әдістемесін жетілдіру 
Күтілетін нәтиже: Мұғалімдер диалогтік оқыту туралы ақпарат алады, болашақта сабақта қолдануға бейімделеді. 
Негізгі дерек көздері: Мұлімдерге арналған нұсқаулық екінші (негізгі) деңгей,үлестірмелі материал, ІІ апта 
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, слайдтар, ватман, маркер, стикер, магниттік тақта 

Коучтың іс- әрекеті Мұғалімдердің іс- әрекеті 
. Жағымды ынтымақтастық ахуал тудыру 

«Өзгергіңіз келе ме?» деген сұраққа жауап бере отырып, «иә», «жоқ» деп жазылған қағаз бөліктеріне жапсырады. 
А)Топқа бөлу ,топ ережесін ойластыру,топ басшыларын сайлау 

Ә)Коучинг сөзіне түсінік беру Әр мұғалім түрлі түсті қағаз арқылы топқа бөлінеді,топ ережесін құрып , жазады.Топ басшыларын сайлайды. 
Коучинг туралы мағлұмат алады.ІІ деңгей бағдарламасының негізгі мазмұн идеяларымен таныс болады. 

Ой қозғау 
Диалогтік оқыту дегеніміз не? Мұғалімдер топта талқылап, өздерінің ойларын айтады 
Топтық жұмыс : 
І топ: Сұрақ қою әдістемесі,жауап алудың тиімді дағдылары парағын талдау 
ІІ топ: Белсенді, белсенді емес сынып салыстыру Үлестірмелі материалдан алынған тапсырмаларды оқып, топ болып талқылауға, қорғауға беріледі. 
Рөлдік ойын 
Топтар берілген суреттер бойынша диалогтік рөлдік ойын Әр топ өздеріне берілген суреттер бойынша диалогтер құрастырып,рөлге еніп ойнайды. 
Сергіту сәті 
Музыкамен билеу Сергіту сәтіне қойылған музыкамен билейді,бір сәтке көғәлдері көтеріледі. 

Коучтың ақпараты 
Диалогтік оқыту тақырыбы бойынша презентациямен таныстыру. Зейін қойып тыңдайды. Диалогтің түрлерімен, сұрақ қою әдістемесімен таныс болады.Пікір алмасады, сұрақтар қояды. 
Кері байланыс: 
«Екі жұлдыз,бір тілек» 

«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы екі ұсыныс ,бір тілектерін жазып рефлексия ағашына жапсырады.

загрузка...

 

 

 

Диалогты оқытудың тиімділігі

Сабақтың тақырыбы

 Диалогты оқытудың тиімділігі

Сілтеме

АҚТ-ны қолдану,электрондық оқулық. бейнесюжеттер

Сабақтың мақсаты:

Диалогты оқытудың әдіс-тәсілдерін үйренуге жетелейді.өзіне деген сенімділікті оятады, бір-бірімен ой бөлісуді үйренеді.

Күтілетін нәтиже

Диалогтық оқытудың маңыздылығын үйренеді,бір-бірінің ойын, пірін құрметтеуді біледі, тіл табысу қарым-қатынас жасау жолдарын үйренеді.

Пайдаланатын материалдар

Бейнефильмдер,қалам, маркер,интерактивті тақта.

Түйінді идеялар

Диалогтық оқыту арқылы әр адамның ойлау қабілетін дамытып,бір-біріне деген құрметі артады.

 

 

Коучтің әрекеті

Мұғалімнің әрекеті

Бағалау

Кіріспе: таныстыру, топқа бөлу. (психологиялық ахуалды орнату, коучингтің мақсатымен таныстыру. 5 минут)

Түрлі - түсті қағаздар арқылы топқа бөлу,бір-біріне сәттілік тілейді,сабақтың мақсатын хабарлайды.

Әр мұғалім өзіне ұнаған түстерді алады, содан кейін бір түсті алған мұғалімдер бір-бір топ болып бөлінеді.Сабақтың мақсатымен таныса отырып, өздеріне мақсат қ ояды.

Мұғалімдердің іс-әрекеттерін сырттай бағалау.

№1 тапсырма 

Миға шабуыл

(10 минут)

Сұрақ-жауап

Диалог туралы не білесіңдер? Диалогтық оқыту дегенді қалай түсінесіңдер?

Қандай диалог түрлерін білесіңдер?

!р топ мүшелері өз ойларын жеткізеді.

Ауызша, эмоциямен,ым арқылы бағалау.

№ 2тапсырма

Ой қозғау

Презентация  «Диалогтық оқыту»

(15 минут)

Интерактивті тақтаны пайдаланып,Диалогтық оқыту туралы мәліметпен таныстыру.

Берілген мәліметтер арқылы диалогтық оқытудың ара жігін ажыратады.

Марапаттау.

№3 тапсырма Бейне фильмдерді көрсету арқылы диалогтық оқытудың мазмұнын ашу.( 20 минут)

Сергіту жаттығуы.

Бейнефильмге назар аударады.

Топтық жұмыс жасайды. Лостер немесе рөлдік ойын арқылы өз ойларын қорғайды.

Әр топ экраннан көрген көріністің мағынасын ашу үшін постер және рөлдік ойындар құрастыру арқылы қорғайды.

Кері байланыс «Екі жұлдыз бір тілек»

Өзара бағалау,топтық бағалау.

Рефлекция (5 минут)

Мұғалімдерге арналған сауалнама

Өздерінің бүгінгі сабақтан алған әсерлері.

Жалпы бағалау.

 

 

 

 

Алматы облысы Жамбыл ауданы ДБАГ Қарғалы №2 арнаулы мектебінің қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Есенбекова алия Абдуллаевна

Коучинг  тақырыбы

Оқу үшін бағалаудың тиімділігі

Сілтеме

АҚТ-ны қолдану,нұсқаулықты қолдану.

Мақсаты:

Оқу үшін бағалаудың маңызын түсінеді.Оны қолданудың тиімділігін үйренеді.Осы әдіс-тәсілдерді өз тәжірибесінде қолданады.

Түйінді идеялар

Тек қана білім үшін бағалау емес, өзін-өзі тексеру, өзіне деген сенімділік,өз деңгейін білу.

Нәтиже

Өзін-өзі бақылайды, оқу үшін бағалаудың тиімді екеніне көз жеткізеді.

Оқыту әдістері

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.

Жұппен, топпен жұмыс.

 

 

Коучтің іс-әрекеті

Мұғалімнің іс-әрекеті

Бағалау

Кіріспе.Тақырыппен таныстыру, топқа бөлу.

( мақсатымен таныстыру  5 минут)

Абай Құнанбаевтың «Қыс» өлеңін құрастыру арқылы топқа бөліну.Тақырыптың мақсатын хабарлау.

Өлеңнің әр тармағын құрастыру барысында бір топ болып бөлінеді.

Сабақтың мақсатымен таныса отырып, өзіне мақсат қояды.

Қадағалау.

Миға шабуыл

№1- тапсырма

 

Сұрақ-жауап

1.Қызығушылығын арттыру үшін қалай бағалау керек деп ойлайсыздар?

Бағалаудың қандай түрлерін білесіздер?

Бағалаудың маңыздылығы неде деп ойлайсыздар?

Сұрақтарға жауап беру арқылы бағалаудың түрлерімен танысады.

Ауызша,жазбаша бағаланады.

Ой қозғау

2- тапсырма

«Қоян» суретін салу арқылы бағалау.

Интерактивті тақта арқылы «Оқу үшін бағалау» туралы мәлімет беру.Қоянның суретін әрқайсысы жеке салады.

Оқу үшін бағалаудың түрлерін анықтайды.

Салған суреттерін бір-біріне беріп талқылайды.

Өзін-өзі бағалау,өзара бағалау.

Кері байланыс

3-тапсырма

Оқу үшін бағалаудың тиімділігі

 

Оқу үшін бағалаудың тиімділігін анықтау үшін постер құрастырып, оны қорғайды.

Постер арқылы әр топ

оқу үшін бағалаудың тиімді жолдарын анықтап береді.

Ауызша,эмоциямен,мадақтау арқылы бағалау.

Рефлекция

Мұғалімдерден сауалнама алу

Мұғалімнің осы сабақтан

алған әсері

Марапаттау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Сындарлы оқуды іске асыруда мұғалімдерге кәсіби қолдау көрсету» коучинг

Коучинг тақырыбы «Сындарлы оқуды іске асыруда мұғалімдерге  кәсіби қолдау көрсету»

2015-2016 оқу жыл

  Коучинг тақырыбы:

«Сындарлы оқуды іске асыруда мұғалімдерге  кәсіби қолдау көрсету »

 

 

Жалпы мақсаты:

 

Тәжірибелі ұстаздардың іс-тәжірибесіне сүйене отырып, сындарлы оқыту арқылы оқушылардың жан-жақты дамуында әдіс-тәсілдерді тәжірибеде қолданудағы тиімділігі туралы бағыт-бағдар беру. Сындарлы оқыту мектеп жүйесін жетілдірудің негізгі мәселесі екендігін анықтау.

Әріптестер арасында тың идеялармен алмасуға жағдай тудыру. Мектепте оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдерді оқу-тәрбие үдерісіне енгізуді қолдау.

 

 

Оқу нәтижелері:

 

-Топтасып, ынтымақтастықта жұмыс жасай отырып, сапалы оқыту мен оқу үдерісі туралы пікір алмасады.

-Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, олардың айырмашылықтары мен қолдану әдістерін түсініп, тәжірибеде тиімді қолдана алу туралы түсініктері қалыптасады.

-Мұғалімдер коучингтен алған білімдерін өз тәжірибелерімен ұштастырады, білімдерін толықтырады.

 

 

Оқыту әдістері:

 

Топтық жұмыс. Диалогтық оқыту.

ОүБ және оқуды бағалау.

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.

 

 

Сабақта туындаған негізгі идеялар:

 

Жаңа заман мұғалімнен күнделікті оқушылармен қарым-қатынас барысында әрбір ситуация үстінде ерекше білім деңгейін көрсетуді және шығармашыл шешім қабылдай алуын талап отыр. Оны қанағаттандыру үшін қазіргі заманның мұғалімі жаңашыл, икемді, өзгерісті тез қабылдай алатын,, жан-жақты, жаңа педагогикалық инновациялық технологияларды меңгерген болуы керек..

 

 

 

Қажетті ресурстар

 

Интерактивті тақта, презентация «Сындарлы оқуды іске асыруда мұғалімдерге  кәсіби қолдау көрсету », маркер, стикер, постер,  «Қошқар мен теке» мультфильмінен үзінді, бағалау парағы,  «жұлдызша», «жүрек» пішінді стикерлар.

 

Тапсырмалар:

Коучтың іс-әрекеті

Мұғалімдердің іс- әрекеті

Кіріспе

1.Психологиялық ахуал туғызу

 (3 мин)

 Тренингтер.

2. Топқа бөлу

(5 мин)

Коучердің кіріспе сөзі: — Құрметті әріптестер, біз бәріміз де осынау өмір- өзен қайықтарының ішіндегі «ұстаздар» деген қайығында жүзіп келеміз. Дана халқымыз: «Кемедегінің жаны бір» деп текке айтпаса керек-ті. Осы даналықты салыстыру түрінде айтсақ, бізді көп нәрсе ортақтастырады. Яғни, шәкірт тәрбиелеу.

Әр адам өзі өмір сүріп отырған қоғамының жаршысы болу керек. Ал қазіргі заман біздерден, мұғалімдерден нені талап етеді? Бүгін осы мәселе жөнінде ой бөліспекпіз.

1. Қатысушыларды шаттық шеңберіне тұрғызып, коучинг тақырыбымен таныстырады.

«Менің жетістігім...» тренингі

(Коучингке қатысушылар дөңгеленіп тұрады. Барлығына жүрек пішініндегі стикер таратылып, «Менің жетістігім...» деген тірек сөзге «Оқушыға білім беру мен тәрбиелеудегі әдіс-тәсілдеріңізді пайызбен бағалаңыз» Әркім жазған пайыздары туралы пікірлерін айтады.)

Тренингтен кейінгі түйінді сөз:

Сұрактар:

Сіз неге осы пайызды көрсеттіңіз?

Осы жетістігіңізге қаншалықты қанағаттандыңыз?

2.  «Танысу» тренингін ұйымдастыру, гүл шоғын сыйлау.Гүл шоқтары бойынша топқа бөлу

 

Мұғалімдер өз жетістктері туралы ой бөліседі. Ортақ шешімге келуге , ой түюге бағытталады.

Практикалық жұмыс

(10 мин)

Әр топқа ақ қағаз беріледі. Бұл сіздің алдыңызға келген парақтай таза оқушы. Осы оқушының бойында қандай қасиеттер болғанын қалайсыз?

Әзірленуге – 7 минут; қорғауға – 3 минут

Әр топ постермен жұмыс жүргізеді.

ІІ. Негізгі бөлім

3. «Қошқар мен теке» мульфильмінен  үзінді.

 (15 мин)

 

Сұрақ: 1. Мультфильм желісі бойынша екі кейіпкерді бүгінгі оқыту жүйесімен байланыстыра отырып, кімдердің рөлін берер едіңіздер?

Топта ақылдаса отырып, талдау. Қай топтағы қатысушының ойы сізге ұнады сол адамды жұлдызша арқылы бағалайсыз

1.Қатысушылар мульфильм желісі бойынша өз ойларын білдіреді. Топпен талдайды.

2.Ұнаған қатысушыға жұлдызша береді.

V . Сергіту сәті

(2 минут)

Би жаттығулары

Қимыл жасау

Презентация

(15 мин)

«Жеті модуль- табысты оқытуға бағыт» презентацияланады.

Презентация қарайды.

4.Топтық жұмыс:

“Суреттер сөйлейді” әдісі

(15 мин)

Әр топқа суреттер беріледі. Мұғалімдер топта суреттерді сөйлетеді. (тапсырмалар эссе, мәтін, әңгіме, диалог,бес жолды өлең )

Тақырып бойынша  дайындалып, оны қорғайды.

5. Бағалау

 (3 мин)

Бағалау парағын ұсыну

Топтар бірін-бірі бағалайды

Мақсаты:

Коучинг барысында жасаған жұмысты қорыта білу

Міндеті:

Алған білімдерін тәжірибеде қолдана білуге жұмылдыру;Кері байланыс орната алу.

Әдісі:

Өлең шығару

(7 мин)

 «Кейін» бағанын толтыру

(5 мин)

 

«Өлең жолдары» стратегиясы

Ұстаздарға адасқан өлең жолдары беріледі, сол бойынша ұстаздар өлең жолдарын дұрыс құру тапсырылады

 

 

 

 

 

 

 

 

 «Дейін-кейін» стратегиясы

Коучинг сабақтың мұғалімдер үшін қаншалықты сәтті болғанын бақылау  үшін, тақырып бойынша не білгені туралы алдарындағы   «Дейін-кейін» бағанасын толтыруды сұраймын.

Мұғалімдер «кейін» бағанын толтыра отырып, кері байланыс жасайды

Кері байланыс

(5 мин)

«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісін беру

Өз пікірлері мен тілектерін смайликтерге жапсырады

Коучердің қорытынды сөзі:

(3 мин)

Мұғалімде Шульманның «мұғалімнің үш көмекшісі» деп аталған қасиеттер болғанда ғана оқыту жақсы болып саналады десе, хәкім Абай нағыз адам болу үшін нұрлы ақыл, ыстық қайрат, жылы жүрек қажет деген. Шульманның "үш көмекшісі" бір мұғалімнің бойынан табылғанда ғана,құзырлы мұғалім болып саналады десек қателеспеспіз. Табысты мұғалімнен білім алатын табысты оқушыларымыз көбейе берсін!!!

«Ұстаздың биігі ойлана қарасаң, биіктей береді, үңіле қарасаң, тереңдей береді, қол созсаң қарсы алдыңда, айналсаң артыңда тұрғандай», — дейді грек оқымыстысы Сократ. Осы биіктіктің шыңынан көрінейік! Оқушы бізді осындай қалыпта көрсін!

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Коучинг жоспар:"Диалогтық оқыту"

Коучинг жоспары

 

Тақырыбы «Диалогтық оқыту. «

Мақсаты Коучинг барысында диалогтық оқытудың модулін терең зерттеп меңгеру .

Әдіс-тәсілдер Баяндау, сұрақ-жауап, жұптық, топтық жұмыс, ойын элементтері

 

Ресурстар Нұсқаулық І деңгей, педагогика:оқу құралы, интербелсенді әдістеме:оқу құралы,Глоссарий

• «Алтын қарбыз» мультфильмhttp://www.ssyoutube.com/watch?v=wzhLz_lU2l8

http://www.ssyoutube.com/watch?v=wzhLz_lU2l8

«Бақыт пен сәттілік» мультфильмhttp://www.youtube.com/watch?v=cY0AuvZrShY

 

Коучинг барысы.:

Проблемалық сұрақтар

Интеллектуал-ды сұрақтар

Проблемалық сұрақтар

1.Психологиялық ахуал

Сергіту сәті. « Қара жорға» би

2. Топқа бөліну.Түстер арқылы екі топқа бөлінеді

Сары түс,жасыл түс.

Топтық ережені еске түсіреміз (бірлесіп жұмыс істейік)

3. Миға шабуыл .Екі адамның сөйлесіп отырған суреті (слайдтар көрсетіледі).Сұрақтар қойылады.Коучингтің бүгінгі тақырыбы ашылады.

Диалог. Әңгімелесіп отыру.

 

4. Негізгі бөлім.

№1 тапсырма

1. Джиксо әдісі арқылы топтар диалогты оқыту модулін оқып тану.

Глоссарий: Диалогтық оқыту-мұғалімнің оқу материалын оқушыларға түсіндіріп,оқушылардың сол оқу материалын меңгеруі мақсатында оқу материалын дайындаудың жеке баяндаушы әңгіме жүргізудің нақтылы реттеуші ережелерін ескере отырып құрылған оқыту мен оқу тәсілі.Оқушыларды мәселені анықтап,оны шешуге итермелейді және олардың іс-әрекеттерін белсенді етуді көздейді.

Мерсердің зерттеуіне сәйкес, әңгімелесу оқушылардың ажырамас бөлшегі болып табылады.

Ғалым әңгіменің үш түрін ажыратып,сипаттама берген:

1.Әңгіме-дебат.

2.Кумулятивтік әңгіме.

3.Зерттеушілік әңгіме.

№2 Тапсырма.

Топпен жаңа ақпаратпен алмасу.

3.Постер жасап қорғау.

1-топ өз постерлерін былай қорғады.

Әңгіме-дебаттың суретін бейнелеген,кумулятивтік әңгіменің көрінісін бейнелеген,Университеттің мұғалімі мен студенттің зерттеушілік әңгіме бейнесін салған.

Қорғаған кезде даиалогтық оқыту туралы дәлелдерді Александр (2008),Мерсер (2005),Александр(2004) оқытудағы әңгіме қарым-қатынас жасаудың бірсарынды үдерісі емес , керісінше, әңгіме барысында идеялар екіжақты бағытта жүріп,соның негізінде оқушының білім алу үдерісі алға жылжитын белсенді үдеріс деп тұжырымдайды.Диалог барысында оқушылар келісілген нәтижеге жету үшін күш –жігерін бірлесіп жұмсайды және Мерсер (2000) сипаттағандай,білімді бірлесіп алуда немесе «пікір алмасу» барысында олар тең құқылы серіктестер болып табылады.Пікір алмасу оқушылармен диалог арқылы құру арқылы іске асады,дегенмен оны оқушылар бірлескен зерттеу барысында да анықтай алады деп дәлелдер келтіріп постерді тамаша қорғап шықты.

Екінші топта өз постерлерін Диалогтық оқуды зерттеген ғалымдардың дәлелдеме сөздерін келтіре отырып постерлерін қорғап шықты олар мұғалім мен оқушының кумулятивті әңгімесін бейнелеген,әңгіме-дебатқа теле-шоу бағдарламасын бейнелеген,зерттеушілік әңгімеге ұстазбен шәкіртінің ғылыми зерттеу жұмыс барысын бейнелеген.Екі топ басшысына стикер беріп марапаттады коуч.

№3 тапсырма Бейнежазба (мультфильмнен үзінді

1-топ «Алтын қарбыз». 2- топ «Бақыт пен сәттілік»).Жұптасып пікірлесіңіздер, түйінді жауабын қағазға түсіріңіздер.Диалогтың қай түріне жатады?

А) Кумулятивті диалог түрі .

1-топ « Алтын қарбыз» үзінді мультфильмінде бұл кумулятивті әңгіме өйткені онда бір адам сөйлейді ,ал екінші кейіпкер тыңдайды.Алдар бүркітті үйіне қонақ

ретінде қабылдайды жараланған қанатын емдейді.Ол алғыс ретінде бір қарбызыдң дәнін береді.

2-топ « Бақыт пен сәттілік « деген мультфильм үзіндісінде

диалог түрі –кумулятивті әңгіме.Әлім деген жігіт сөйлейді

перілер тыңдайды.Әлім батырлығымен ханшайымды қорғап азаттық әпереді.

Диалогтық оқыту модулінің ерекшілігі неде? Эссе жазу.

Әр топ мүшесі эссе жазады (5 минут) Топ спикері топтап эссені оқиды жауаптары стикермен марапатталады.

Белсенді рефлексия Проблемаларды айқындауда қандай мәселелер

туындады ?..

Осылай ойлауға не әсер етті ?..

Қорытынды

Коучтың өзін-өзі дамытуы Кері байланыс

Бүгінгі коучинг туралы пікірлеріңіз (2 жұлдыз, 1 тілек)

Жеткен жетістігім

Сәтті жақтары Ұстаздардың қызығушылығы өте жоғары.Топқа бөлініп сынып ережесін құрастырды.Топ басшысын таңдады.Топпен жұмыс жасады.Джиксо әдісі арқылы өз беттерінше топпен бірлесе отырып диалогтық оқыту модулін оқып танысты.тез бірлесіп жүмыс атқара білді.Диалогтық оқытудың тиімділігі туралы ғалымдардың есімдерін біліп ,білімдерін арттырды,тамаша постер жасап екі топта қорғай білді.Проблемалық сұрақтардан да сүрінбей өтті.Мультфильм бейнесюжетінен диалогтық оқытудың түрін анықтап дәлелдемелер келтіре отырып топпен бірлесе ,пікірлесе отырып шешім қабылдағандары сәтті шықты.Осы модульдің ерекшілігін аша білді оны эссе арқылы жазып оқып шықты. Екі топта тапсырмаларды орындап шықты.Кері байланыста осындай коучинг-сессиясының үйретері көп екенін атап өтті.Топпен жұмыс жасағандары ұнағанын айтты. Акт-ны пайдаланғаны ұнады .Ол әр адамның сын тұрғсынан ойлау қабілетін арттырып,адамдармен диалог арқылы жақсы қарым-қатынаста болатыны ұстаздарға ұнады.Әр ұстаз (2 жұлдыз, 1 тілек) тілектерін жазып шықты.

Тілектері төмендегідей болды:

Қаражан Қарлығаш:»Коучинг ұнады,Көп жаңа-әдіс тәсілдерді үйрендім,осындай коучинг-сессиялары көп болса жақсы болар еді.Миға шабуыл кезеңі ұнады.

Джиенбаева Нулифар:» Диалогтық оқыту модулін жақсы түсіндім,жоспары ұнады.Мультфильм арқылы диалог түрін тапқанымыз ұнады.Осы модульде ауызша да жазбаша да жұмыс көп жасағанымыз ұнады.Рахмет апайымызға.»

Кедергілер

Сәтсіз жақтары Әлі де болса ұстаздар ойларын ашып айтпайды.

Уақыттың жетіспеуі.Топпен жұмыс барысында сурет салғанда кейбіреулері жай отырды.

Жаңа әдіс-тәсілдер қандай әсер берді Диалогтық оқыту модулі арқылы ұстаздар ойларын айтып ортаға салғаны, проблемалардың шешуін топпен бірлесіп жүмыс жасағаны,диалогтық оқытудың негізін қалаған ғалымдардың осы модуль арқылы постер жасап немесе рольдік ойындар арқылы ,эссе жазып адамдармен тығыз байланыста болуға кең көлемде жол ашатынына көз жеткізді.Диалог арқылы әр адамның жүрегіне жол ашатып бұл модуль әр ұстазға әр түрлі қырынан көрінді.Ой қозғады

жаңа-әдіс екеніне көздері жетті.

 

Ұстаздардың қатысуы

 

Сауалнама 1-топқа 6 ұстаз қатысты ,ал екінші топқа 5 ұстаз қатысты.Бастауыш сынып мұғалімдерінен алты мұғалім қатысты,жоғары сынып мұғалімдерінен бес мүғалім қатысты.

Сауалнамаға 11 мүғалім қатысты:

1.Сіз үшін өткізген коучинг маңыздылығы қандай болды?

1.А) Өте маңызды- 11 ұстаз В) Орташа

2.Өткізілген коучинг қаншалықты дәрежеде сіздің кәсіби дамуыңыздың сұраныстарына сәйкес келеді?

1.А) Ия -11 ұстаз 2.) Жоқ

3.Қатысушы ретінде коучтнг сізге жаңа серпін бере алды ма?

1.А) Ия -11 ұстаз 2.) Жоқ

4.Сіздің ойыңызша осы коучингтің сізге пайдасы болды ма?

1.А) Ия -11 ұстаз 2.) Жоқ

 

5. Жаңа оқу жылында осы модульді өз сабақтарыңызда пайдаланасыз ба?

1.А) Ия -11 ұстаз 2.) Жоқ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өткізген күні: 28.11.2014 ж.

Семинар тақырыбы: Білім берудегі жаңа тәсілдердің бірі: «Диалогтық оқыту»

Мақсаты: Семинар барысында диалогтық оқытудың модулін терең зерттеп меңгерту .
Әдіс-тәсілдер: Баяндау, сұрақ-жауап, топтық жұмыс,
Ресурстар: Нұсқаулық III деңгей,

Бейнебаян «Екі баланың диалогы», «Алтын қарбыз» мультфильмнен үзінді

Семинар барысы:
1.Психологиялық ахуал
2. Тренинг: От, Су, Күн, Ай. (2-слайд)

От. Қай кезде де, қандай жағдайда да от болып жанып, өз білімдерін насихаттай білетін жандар.

Су. Жандары жақсылықты сүйетін, көңілдері судай таза, жаңалықтарға жаны құмар жандар.

Күн. Жанындағыларға жылу сыйлап жарқырап жүретін сәуле шашып белсенділікпен жұмыс жасайтын жандар.

Ай. Ойшыл да арманшыл, қиындықтарға мойымайтын ержүрек,  батыл жандар. 

Топтық ережені еске түсіреміз (бірлесіп жұмыс істейік)
3. Миға шабуыл .Екі баланың сөйлесіп отырған  (бейнебаян көрсетіледі).Сұрақтар қойылады. Семинардың  бүгінгі тақырыбы ашылады.
4. Негізгі бөлім.  
(3-слайд)

Сабақта мұғалімнің өзінің не біліп, не істейтіні маңызды-ақ, бірақ оның ықпалымен шәкірттерінің не біліп, не істейтіні одан да маңыздырақ. Нағыз ұстаз, міне, осынысымен бағаланады. (Цицерон)

Мерсер мен Литлон(2007) өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын атап көрсетеді.

Мерсердің зерттеуіне сәйкес, әңгімелесу оқушылардың ажырамас бөлшегі болып табылады.

(3 слайд)
1.Әңгіме-дебат.
2.Кумулятивтік әңгіме.
3.Зерттеушілік әңгіме.
 

(5 слайд)

Топқа тапсырма: « Алтын қарбыз» үзінді мультфильмнен. Бұл әңгіменің қай түрі.

(6 слайд)

Сұрақ қою «Бастама-жауап-кейінгі әрекетпен» ғана шектеліп қалды:

Бастама:Мұғалім: Әріпті өрнек деп қандай өрнекті айтады?

Жауап: Гүлдана: Құрамында әріптері  бар өрнекті

Кейінгі әрекет:Мұғалім: Жақсы!

Осының нәтижесінде сабақта диалог өз дәрежесінде көрініс таба қойған жоқ.

        Сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады, себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда сабақ берудің тиімді құралына айналады және де оқушылардың білім алуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта және кеңейте алады.

        Оқушылардың тақырыпты түсінуіне қол жеткізуі үшін мұғалімдер қолданатын сұрақтардың екі түрі: төмен дәрежелі және жоғары дәрежелі сұрақтар кең қолданылады деген пікір бар. Кей кездері төмен дәрежелі сұрақтарды «жабық» немесе «дұрыс емес» сұрақтар деп те атайды. Олар жаттап алуға бағытталған және де оған берілген жауап («дұрыс» немесе «дұрыс емес» деп) бағаланады. Ал жоғары дәрежелі сұрақтар қойылғанда, оқушылар ақпаратты белгілі бір жолдармен қолдануға, қайта құруға, кеңейтуге, бағалауға және талдауға тиіс болады.

(7–слайд)

Тапсырма: Мұғалім мен оқушы арасында болған диалог құрастыру.

Топқа тапсырма: « Алтын қарбыз» үзінді мультфильмнен. Бұл әңгіменің қай түрі.

« Алтын қарбыз» үзінді мультфильмінде бұл кумулятивті әңгіме өйткені онда бір адам сөйлейді ,ал екінші кейіпкер тыңдайды. Алдар бүркітті үйіне қонақ
ретінде қабылдайды жараланған қанатын емдейді.Ол алғыс ретінде бір қарбызыдың дәнін береді.
(11-слайд)

Белсенді рефлексия. Семинардың  өзін-өзі дамытуы .Кері байланыс .
Бүгінгі  семинар туралы пікірлеріңіз (2 жұлдыз, 1 тілек)

Семинар соңында мұғалімдерден сауалнама алу. Барлығы 5-сұрақ.

1.Сіз үшін өткізген  семинардың  маңыздылығы қандай болды?
А) Өте маңызды                      В) Орташа
2.Өткізілген  семинардың  қаншалықты дәрежеде сіздің кәсіби дамуыңыздың сұраныстарына сәйкес келеді?
А) Ия                                   В) Жоқ
3.Қатысушы ретінде семинар сізге жаңа серпін бере алды ма?
А) Ия                                 В) Жоқ
4.Сіздің ойыңызша осы  семинардың сізге пайдасы болды ма?
А) Ия                               В) Жоқ
5. Жаңа оқу жылында осы модульді өз сабақтарыңызда пайдаланасыз ба?
А) Ия                               В) Жоқ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Коучинг сессияның  тақырыбы: « Диалогтік  оқыту  арқылы  оқушылардың сөйлеу мәдениетін арттыру»

Коучинг мақсаты:    Ұстаздарға  диалогтік оқыту туралы , маңызы жайлы түсінік қалыптастыру.

Коучинг сессиядан  күтілетін нәтижелер:

1.Оқу үрдісінде диалогтік оқытудың  маңызын түсінеді;Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас арқылы диалогтың қалыптасуы.

2. Диалогтік оқыту жайлы әдіс-тәсілдерді сабақта қолдануды үйренеді.

Түйінді идеялар:  Диалогтік оқыту білім сапасын арттырудың негізі.Мұғалімдердің сөйлеу мәдениетін қалыптастыру талаптарын еске түсіру

Ресурстар: Мұғалімге арналған нұсқаулық,үлестірме материалдар, бейнежазба, слайд... маркер,стикер, ақ парақ, күлегештер, интерактивті тақта,проектор.

Коучинг барысы:

 

Уақыты:

 

Іс-шараның түрі:

 

Мазмұны

 

Коучтің

 іс-әрекеті

 

Ұстаздар  

іс-әрекеті

 

Ресурс

тар

2 мин

Видеосюжет(психологиялық ахуал) Тренинг

 

 

 

Шағын   топқа бөліну

(түрлі-түсті парақша арқылы)

 

Тренинг туралы қысқаша нұсқау береді.

Түрлі-түсті парақшалар арқылы топтарға бөлінеді,топқа бөлу мүшелері өз міндеттерімен бөліседі..

 

 

 

Түрлі-түсті парақшалар

10 мин

Ұжымдық жұмыс.

Диалогтық оқыту арқылы оқушылардың және ұстаздардың сөйлеу мәдениетін дамыту

Ортақ проблемалық сұрақ қою: «Мұғалімнің іс-әрекеті туралы не айтар едіңіз?»

Видеосюжетті көреді, ой түйіндейді

видеосюжет

15мин

Жұптасып ойлану- түйінді ой айту.

видеоролик

Коуч бақылау жүргізеді

Видеороликті талдап Видеосюжеттегі мұғалімнің іс-әрекеті туралы пікір қалыптастырып   постер сызады

флипчарт

5 мин

Сергіту сәті «Қара жорға»

 «Қара жорға» би

Мазмұнын түсіндіреді

Мұғалімдер сергіту сәтін қайталайды

Интерактив

ті тақта

 

5 мин

Диалог

Жұптарға:

 «оқушы мен мұғалім»,

«әйелі мен күйеуі»,

«телефон арқылы сөйлесу»,

«Ата-ана мен мұғалім»

«Атасы мен немересі»

 «Даяршы мен қонақ»

Бағыт беріп,

мағынасын қысқаша түсіндіреді.

Тақырыптар бойынша диалог құрады,көрсетеді

 парақ

шалар

 

 

 

 

 

Рефлексия

«Сөйлеу мәдениеті туралы оқушылардың пікірі»

Оқушылардың сұхбатын тыңдап, ойбөлісу

Видеосұхбатты тыңдау

Өзара пікір алмасады

Интерактив

ті тақта

 

3 мин

Кері байланыс

  Тақырып туралы өз ойларын жазып, «Идеялар ағашына» жапсырады

 Парақшалар таратады

 Толтырады

Стикерлер

 



Рефлексия:

Бүгінгі өткізілген коучинг тақырыбы: «Диалогтық оқыту арқылы оқушы мен мұғалім арасындағы сөйлеу мәдениетінің қалыптасуы».

”.

Коучингке қатысқан мұғалімдердің көңіл-күйлерінің көтеріңкі болуы біз үшін маңызды, ол үшін әріптесім Татьяна Ивановна екеуміз  әдеттегідей жағымды психологиялық ахуал орнатудан бастадық «Естігенімді –ұмытпаймын, көргенімді есте сақтаймын, өз істегенімді- меңгеремін.» деп айтқан Конфуцийдің сөзін еске ала отырып «Әлемнің жеті кереметі»атты видеосюжетті тамашаладық,бұдан сюжеттегі оқушының көзқарасының мұғалімдерге әсер қалдырғандығы байқалды.Осыдан соң мұғалімдерді «ақылдылар», «күштілер», «көңілділер», «ұялшақтар» деп түрлі-түсті қағаздардың көмегімен топтарға бөліп отырғызып, видеосюжет көрсеттік.Бұл сюжетті көрсету мақсатымыз ортақ проблемалық ой тастау «Мұғалімнің іс-әрекеті туралы не айтар едіңіз?» деген сұрақ төңірегінде ой,пікірлерін флипчарт бетіне түсіріп, әр топтың көшбасшылары қорғайды.Мұғалімдер арасында қызу талқылау басталып кетті,бүрынғы дәстүрлі оқыту барысындағы оқушы мен мұғалім арасындағы сөйлеу мәнері мен қазіргі талап ерекшелігіндегі қарама қайшылық талқыланып өз ойларын ортаға салды.Топтар арасында сұрақ-жауап тартысы орын алды.Одан әрі жүргізуші коучтар ортақ ойды тұжырымдап қортындылап,коучунгтың келесі кезеңіне ауысты.

Келесі кезеңде әр топқа жеке тапсырма берілді, яғни диалог құрып көрініс көрсету:   «оқушы мен мұғалім», «әйелі мен күйеуі», «телефон арқылы сөйлесу»,«Ата-ана мен мұғалім»,«Даяршы мен қонақ»,  «Атасы мен немересі» Осы тұста менің байқағаным коучингке қатысқан әріптестердің ішінде Шыңғысқан, Ләззат, Гүлмира,Татьяна Генадиевна,Жанкелді және жас мамандар Айзат, Валентина   есімді әріптестеріміз өздерінің ұшқыр ойымен құнды пікірлерімен белсенділік танытып, өздерінің жан-жақты тәжірибелі мұғалім екендігін таныта алды.

Коучингтің соңғы кезеңінде мектебіміздің оқушыларының пікірлерін видеороликке түсіріп, «сөйлеу мәдениеті»туралы ойын тыңдап,тамашаладық.. мұғалімдер бұл каучунгтен алған әсерлерін, тұжырымдарын «Идея ағашына» стикерлерге жазып іліп,рахметтерін жеткізді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Коучинг на тему "Диалогтық оқыту арқылы қалай оқу керектігін үйрену""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Садовод

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 693 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 24.03.2016 12135
    • DOCX 81.6 кбайт
    • 107 скачиваний
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Әбдірахым Райлан Әбдімүсілімқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 21453
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Математика: теория и методика преподавания в сфере начального общего образования

Учитель математики в начальной школе

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 125 человек из 44 регионов

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету "Математика" в условиях реализации ФГОС ООО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 208 человек из 53 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Математика: теория и методика преподавания с применением дистанционных технологий

Учитель математики

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 19 регионов

Мини-курс

Искусство в контексте современности

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Финансовые аспекты и ценности: концепции ответственного инвестирования

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Организация и контроль занятий со студентами специальных медицинских групп

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе