Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Коучинг на тему "Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер (Бірлескен оқудың оқыту мен оқудағы тиімділігі және ерекшелігі)"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Другое

Коучинг на тему "Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер (Бірлескен оқудың оқыту мен оқудағы тиімділігі және ерекшелігі)"

библиотека
материалов

Тараз қаласының №53 орта мектебінің екінші деңгей мұғалімі

Таттибекова Алия Мырзабековна.



Тақырыбы

Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер (Бірлескен оқудың оқыту мен оқудағы тиімділігі және ерекшелігі)

Ортақ мақсаттар


Қатысушыларға оқушыларды топтық жұмысқа дағдыландыру арқылы сабаққа ынтасын көтерудің жолдарын іздестіруге негіздеу

Оқу нәтижесі

Коучинг-сессия соңында мұғалімдер орындай алады:

- мұғалімдік тәжірибеде өзгерістер қажеттілігін түсінеді;

- қажеттіліктерінің коучинг мақсаттарына сәйкес екендігін ұғынады;

- оқушыларды топтық жұмысқа дағдыландыру арқылы сабаққа ынтасын көтерудің жолдарын ұғынады;

Түйінді ойлар

Топтық жұмыстың маңыздылығын біледі. Топ ережесін сақтау қажеттілігін түсінеді.

Дереккөздер

Ғаламтор желілері you tube

Материалдар мен жабдықтар

АКТ ресурстары, «О важности команды» бейнеролик, таныстырылым «Топтағы бірлескен жұмыс жүргізу себептері», маркерлер, стикерлер, постер;


Жаттығулар

уақыты


Мұғалім мен қатысушылардың әрекеттері

Кіріспе

2 мин

Бейнеролик «О важности команды». Топтың бірлесіп жасаған жұмысын көріп, топ ынтымақтастығының маңызын ұғынады

Топқа бөлу

5 минут

Бейнероликтегі жануарлардың суреттеріне қарай үш топқа бөлу: шаян, құмырсқа, пингвин.

Топтың алтын ережесін құру.

Топтық жұмыс

8 мин

Бейнероликтегі жануарлардың әрекетін түсіндіре отырып, постер құру және қорғау. Постерлерді вербалды емес бағалау (бармақтарын көрсету арқылы).

Таныстырылым

3 мин

«Топтағы бірлескен жұмыс жүргізу себептері» тақырыбында таныстырылым (слайд)

Мағынаны ашу

10 мин

Мағынаны ашу үшін түрткі сұрақтар қою:

Топтық жұмысты қалай ұйымдастыруға болады?

Топта бірлесіп жұмыс жасаса қандай мақсаттар жүзеге асырылады?

Сонымен қатар бала оқытуда шағын, жұптық, үлкен топтық жұмыстарды жасау қажет пе? Балалар үшін тиімділігі неде?

Сергіту

10 минут

«Мен кіммін?» тренинг (слайд)

Рефлексия

6 мин

БҮҮ кестесі





































Рефлексиялық есеп

«Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер» (Бірлескен оқудың оқыту мен оқудағы тиімділігі және ерекшелігі).

Бүгінгі таңда мұғалімдер алдында тұрған мәселе - мектеп қабырғасынан құзіретті, адамгершілігі мол, жан-жақты, алған білімін өмірде пайдалана алатын тұлға қалыптастыру болып отыр. Мұғалімдердің қажеттілігін ескере келе, нұсқаулықты басшылыққа ала отырып, бірлескен оқу – өзара іс-әрекет жасау философиясы, ал бірлескен жұмыс соңғы нәтижеге немесе мақсатқа жетуге ықпал етуге бағытталған өзара әрекеттестік құрылымы болып табылады [Нұсқаулық, 78 бет] деп көрсетілгені бойынша алғашқы коучингті «Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер» (Бірлескен оқудың оқыту мен оқудағы тиімділігі және ерекшелігі) тақырыбын таңдап алдым. Коучинг-сессияның мақсаты – қатысушыларға оқушыларды топтық жұмысқа дағдыландыру арқылы сабаққа ынтасын көтерудің жолдарын іздестіруге негіздеу. Коучингке он сегіз мұғалім қатысты. Қатысушы мұғалімдерге жеті модуль аясында толық мағлұмат бере отырып, коучинг сабағында әріптестеріме жағымды психологиялық ахуал туғыза отырып, тақырыпқа ену мақсатында «О важности команды» атты бейнеролик көрсеттім. Бейнеролик көрсетудегі мақсатым, топтың бірлесіп жасаған жұмысын көрсету және топ ынтымақтастығының маңызын ұғындыру еді. Бейнефильмнің мағынасын ашу үшін мұғалімдерді бейнероликтегі жануарлардың суреттеріне қарай үш топқа бөлдім. Топтық жұмыстың тиімді болуы үшін топ ережесінің маңызды екенін айтып, топтың алтын ережесін жасап алдық. Бейнероликтегі үш топтық жұмысты шаяндар, құмырсқалар, пингвиндер тобының іс-әрекетін қалай түсінгенін постерге түсірулерін өтіндім. Әріптестерім «Бәріміз біріміз үшін, біріміз бәріміз үшін», «Саусақ бірікпей, ине ілікпейді», «Досы көпті жау алмайды» деген мақалдармен ұштастыра отырып, өз жұмыстарын қорғады.

C:\Users\Фархат\Desktop\сурет\DSCN2013.JPG

Әріптестердің постер қорғау кезеңі

Топтар бір-бірінің жұмысын бағалау үшін вербалды емес түрін пайдаландым (бармақтарын нұсқау). Шаяндар мен пингвиндер тобы құмырсқалар тобын өте жақсы бағалады. Оны олардың өзгелерден ерекше дәлел іздеп, саусақ бірікпей, инені іліктіру мүмкін еместігін шығармашылық тұрғыдан түсіндірумен байланыстырды. C:\Users\Фархат\Desktop\сурет\DSCN2021.JPG











Топтардың бірін-бірі бағалау кезеңі

Бірін-бірі бағалап болғаннан кейін топтағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында «Австралиялық жауын» сергіту сәтін жүргіздім. Себебі, эмоционалдық көңіл-күйді көтерудің маңызы зор.

Топтық жұмыстың мағынасын ашу үшін мен әріптестеріме сұрақ қоюды жалғастыра түстім: «Топтық жұмысты қалай ұйымдастыруға болады?», «Топта бірлесіп жұмыс жасаса қандай мақсаттар жүзеге асырылады?», «Сонымен қатар бала оқытуда шағын, жұптық, үлкен топтық жұмыстарды жасау қажет пе?», «Балалар үшін тиімділігі неде?». Сұрақ қою барысында мұғалімдер арасында пікірталас туындады. Бастауыш пәні мұғалімі Тәжібекова Гүлдан: «Топтық жұмыс балалар арасында ынтымақтастық орнатуда және пәнге деген қызығушылығын арттыруда тапсырмас әдіс екенін түсіндім» десе, дене шынықтыру пәні мұғалімі Арапбаева Эльмира: «Топтық жұмыс дене шынықтыру пәні үшін тиімсіз. Өйткені, ол нәтиже көрсете алмайды. Тек теориялық тұрғыдан дәлелдей алады, физикалық жағынан көрсетуі қиын» деп қарама-қарсы пікір білдірді. Математика пәні мұғалімі Көбенбаева Зейнехан топтық жұмыстың тиімділігі балалар қиын тапсырмаларды орындауда уақытты үнемдей алады, ал үлгермеуші оқушылар мұғалімге байқатпай көшіріп отыру мүмкіндігі жоғары деп ой қозғады.

Одан кейін «Топтағы бірлескен жұмыс не үшін қажет?» деген тақырыпта эссе жаздырдым. Ағылшын пәні мұғалімі Садыкова Венераның эссесіне тоқталатын болсам: «Топтық жұмыс арқылы оқушылар арасында ынтымақтастық орнату үшін қажет деп ойлаймын. Себебі, балалар бірігіп жұмыс жасауға үйрену арқылы оқушылардың білім сапасы артуына сеп болады» деп жазған. Мұғалімдер эсселерін оқығаннан кейін, «Топтағы бірлескен жұмыс жүргізу себептері» тақырыбында таныстырылым (слайд) көрсеттім. Мұндағы мақсатым – қатысушылардың бірлескен жұмыс не үшін қажет екендігін жете түсіндіру. Таныстырылымнан кейін тапсырманы орындау, команда құру, жеке қажеттіліктер деген тақырыпта үш топқа кластер жасаттым. Мұғалімдердің қорғауынан олардың топтық жұмыстың қажеттілігін нақты түсінгендерін аңғардым.

C:\Users\Фархат\Desktop\сурет\DSCN2004.JPG

Әріптестердің эссе жазу сәті

Коучинг соңында қатысқан 18 әріптестерімнен сауалнама алдым. №1 коучингтен кейін алынған сауалнама қорытындысы бойынша, олардың көпшілігі коучинг сабағы кезінде қызығушылықтары артып, тәжірибелеріне өзгеріс енгізуге жігерлендіргенін, коучингте қолданылған тәсілдерді сабағында қолданатынын баса айтты.

Нәтижесін өзіміз көріп отырғандай, мұғалімдердің коучингке ризашылығы байқалады. Әріптестерімнің коучингке тағы да қатысқылары келетіндігі байқалды.

Әріптестеріме өткізген коучинг сабағы өз тәжірибемді жетілдіру жұмысына жақсы бастама деп санаймын. Олармен бірге жұмыс істей отырып, өзімді ортаға пайдалы сезіне бастадым. Іс - тәжірибемде кездескен кедергілерге жол бермеуге тырысамын. Кедергілердің көбі өз бойымнан табылды. Оларға тоқталатын болсам кейбір мұғалімдердің топтық жұмысты қажет етпеуі, өктемділік, шыдамсыздық, ал әріптестерімнің бойынан бағалау кезінде әділетсіздік байқалды.

Бағдарлама теориясын осы іс-тәжірибемде қолдану негізінде түсіндім. Бұл тәжірибеде мен білім жинақтаудың сыртқы ауқымы оқыту мен оқу туралы тәсілдерді жай ғана тарату емес, сонымен бірге ол осы идеяларды өңдеу мен оларды ары қарай дамыту екендігіне көз жеткіздім. Сонымен бірге, осы курста оқыған әдіс-тәсілдерді өз сабақтарымда және әріптестеріммен бірге оқытудың жаңа әдіс–тәсілдерін қолдануды мақсат етіп қойдым. Сол себепті, болашақта әріптестерімді қызықтырып, олармен бірлесе жұмыс жасауды жоспарлап отырмын.


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Краткое описание документа:

Тараз қаласының №53 орта мектебінің екінші деңгей мұғалімі

Таттибекова Алия Мырзабековна.

Тақырыбы Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер (Бірлескен оқудың оқыту мен оқудағы тиімділігі және ерекшелігі)

Ортақ мақсаттар

Қатысушыларға оқушыларды топтық жұмысқа дағдыландыру арқылы сабаққа ынтасын көтерудің жолдарын іздестіруге негіздеу

Оқу нәтижесі Коучинг-сессия соңында мұғалімдер орындай алады:

- мұғалімдік тәжірибеде өзгерістер қажеттілігін түсінеді;

- қажеттіліктерінің коучинг мақсаттарына сәйкес екендігін ұғынады;

- оқушыларды топтық жұмысқа дағдыландыру арқылы сабаққа ынтасын көтерудің жолдарын ұғынады;

Түйінді ойлар Топтық жұмыстың маңыздылығын біледі. Топ ережесін сақтау қажеттілігін түсінеді.

Дереккөздер Ғаламтор желілері you tube

Материалдар мен жабдықтар АКТ ресурстары, «О важности команды» бейнеролик, таныстырылым «Топтағы бірлескен жұмыс жүргізу себептері», маркерлер, стикерлер, постер;

Автор
Дата добавления 26.06.2015
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров1476
Номер материала 311981
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх