Сабақтың
тақырыбы
|
Сабақта диалогтік
оқыту түрлерін пайдалану
|
Жалпы
мақсат:
|
Мұғалімдердің диалогтік
оқыту түрлерін пайдалану арқылы оқушылардың танымдық қызығушылықтарын арттыруына
бағыт беру
|
Сілтеме:
|
Мұғалімдерге
арналған нұсқаулық 98-103 бет
|
Түйінді идеялар:
|
Коучингтегі
мұғалімдердің бірлескен жұмысы. Диалогтық оқыту түрлерін ажырату. Топтық
жұмысқа ынталандыру.
|
Сабақта
қолданылатын материалдар:
|
плакат, стикер,
интербелсенді тақта, маркер, бейнероликтер, үлестірмелі материал
|
Оқыту әдістері:
|
Топтық жұмыс, диалогтік оқыту, формативтік
бағалау
|
Дерек көздері:
|
Бейнематериалдар (you tube)
|
Оқуға арналған
тапсырмалар:
|
конверт-сұрақ, он
сұрақ, сіз қалай ойлайсыз?, шеңбер бойымен әңгімелеу
|
Тапсырмалар
|
Коуч іс-әрекеті
|
Мұғалімдердің іс-әрекеті
|
Сергіту сәті
2 мин
|
«Жаңа жыл» сергіту
сәтін ұйымдастыру
|
Мұғалімдер шеңберге
тұрып, бейнежазбаны көріп, қимыл-қозғалысты жасайды.
|
«Әріптестерді
топқа бөлу»
2 мин
|
Топқа бөлу.
Математикалық
фигуралар бойынша топқа бөлу.
|
Мұғалімдер
математикалық фигураларды (ромб, дөңгелек, төртбұрыш) таңдау арқылы топқа
бөлінеді.
|
І тапсырма
5 мин
|
Интербелсенді
тақтадан «Кеш емес», «Қыздар арасында» және «Айтуға оңай» бағдарламаларынан
үзінді көрсету арқылы диалогтың қай түріне жататынын анықтау.
|
Ромб таңдаған
мұғалімдер «Қыздар арасында», төртбұрыш таңдағандар «Кеш емес», дөңгелек
таңдағандар «Айтуға оңай» бағдарламаларын көру арқылы диалогтың қандай түрі
екенін ажырата бастайды.
|
ІІ тапсырма
7 мин
|
Көрсетілген
бейнебағдарламалар диалогтың дәл қай түріне жататынын анықтау үшін
интербелсенді тақтадан «Диалогтың түрлері» презентациясын көрсету.
|
Диалогтің
әңгіме-дебат, кумулятивтік және зерттеушілік түрлерін талқылайды.
|
ІІІ тапсырма
Постермен жұмыс
20 мин
|
Әр топқа сабақта
қолданылатын ойын түрлерін ұсыну (конверт-сұрақ, он сұрақ,
крестиктер-нөлдіктер, шеңбер бойымен әңгімелеу) арқылы олардың қай диалогтың
түріне жататынын ажырату.
|
Мұғалімдер ойын
ережесін оқып, оны қолданып рөлге еніп, тапсырманы орындайды. Постермен жұмыс
жасайды. Өз сабақтарында пайдалана алады.
|
IV тапсырма
Эссе жазу
8 мин
|
1.
«Мұғалім оқушының не
үйреніп жатқанын қалай біледі?» тақырыбында балауызбен эссе жазу.
2.
«Өздігінен білім алу»
бейнеролигін көрсету.
|
Мұғалім не үшін
өзгеру керек екендігін түсінеді.
|
V Бағалау
3 мин
|
«Бағдаршам
сигналдары» арқылы өзін-өзі бағалау
|
Жасыл сигнал – мен
жақсы орындадым,
Сары – мен жартылай
орындадым,
Қызыл – маған көмек
керек.
|
VІ Рефлексия
2 мин
|
Әр қатысушы сабақ
барысындағы эмоциялық көңіл-күйін чемодан, еттартқыш, жәшік суреттерін таңдап,
неліктен таңдағанын жазу арқылы жеткізеді.
  
|
Мүғалімдер суреттің
кез-келгенін таңдап, сол сурет бойынша өз ойларын жазып, рефлексия жасайды.
|
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.