Инфоурок / Директору, завучу / Другие методич. материалы / Коучинг на тему «Өзара сабаққа қатысу-әдістемелік шыңдалудың бір тәсілі»

Коучинг на тему «Өзара сабаққа қатысу-әдістемелік шыңдалудың бір тәсілі»

Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>

библиотека
материалов

Коучинг сaбaғы туpaлы жaзбaлap


6 ақпан 2014 жыл

Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты,

Өскемен қаласы


Коучинг тaқыpыбы: «Өзара сабаққа қатысу-әдістемелік шыңдалудың бір тәсілі»


1-бөлiм: Тaқыpыпты негiздеу

Коучингтің тақырыбының өзара сабаққа қатысуға байланысты алынуының себебі мектебімізде өткізіліп жатқан қоғамдық-гуманитарлық пәндер бірлестігі апталығында өткізілген ашық сабақтарды талдау арқылы, сол өткізілген сабақтардың талдауларын коучингте пайдалана отырып өзара әдістемелік көмек алу болды.

Коучингтің мақсаты: Сабақты талдау арқылы ұтымды және тиімді жақтарына сараптама жасай білуге үйрету, әріптеске әдістемелік көмек ұсыну арқылы өзінің кәсіби шеберлігін арттыру жолдарын қарастыру.

Коучингке ұстаздар ұжымы толық қатысты, ал коучингтің жоспарланған кезеңдеріне тікелей қатысуға еңбек өтіліне байланысты етіп, 4 әріптестен тұратын 3 топ құрылды.

2-бөлiм: Коучинг сaбaғының сипaттaмaсы және оқытуды бaғaлaу

Коучинг сабағы сын тұрғысынан ойлау стратегиясының сабақ кезеңдерін басшылыққа ала отырып, жоспарланды. Сабақтың ұйымдастыру кезеңінде «коучинг» ұғымы туралы қайталау мәліметі беріліп, сабақтың тақырыбы, мақсаты түсіндірілді. Құрылған 3 топтың мүшелеріме топ ережелері нақыланып, ынтымақтастықтағы, бірлескен жұмыс жүргізу қажеттігі ескертілді.

Сабақтың «Қызығушылықты ояту» сатысына 3 топқа әр түрлі үш жағдаятты шешу тапсырылды:

  • 1-топқа: Мұғалім: Менің бүгінгі ашық сабағымның өтуі ойлағанымдай болмады?! Рөлдік ойын: Мұғалім, әріптестер

  • 2-топқа: Мұғалім: Менің өтілген сабағыма сын айтылды, мен әрекетім қандай болмақ? Рөлдік ойын: Мұғалім, әріптестер

  • 3-топқа: Әріптес: Әріптесімнің өткізген сабағына мен қалай ұсыныс айта аламын?

C:\Users\моно5\Downloads\16-02-2014_21-01-52\CAM01802[1].jpgC:\Users\моно5\Downloads\16-02-2014_21-01-52\CAM01798[1].jpg









Қатысушылар өздеріне берілген уақыт ішінде нақты мысалдар арқылы талдау жасады, яғни өздерінің сабақтарында кездескен кедергілерді шешу жолдарын жағдаяттарының жауабы ретінде келтіре білді. Әр топтың жауабы бағаланды.

«Мағынаны тани білу» сатысына әріптестерге тарих сабағынан өткізілген Жакупбаева Гулия Кажиевнаның сабағының кезеңдерін бейнекөріністе көрсету жоспарланды. Бейнекөріністі бастамас бұрын 3 топ - оқушы, сабақ беруші мұғалім және сабаққа қатысушы әріптес ретінде рольге бөлінді. Әр топқа өз ролі бойынша сабақты талдауға қатысатындығы ескертілді. Бейнекөріністі қарап шыққаннан соң, әр топтың талдау тыңдалды. Бейнекөрініс бойынша талдау барысында сабақтың нақты өткізілген уақытындағы талдаудан да терең жұмыс жасалынды, яғни бұған коучингтің алғашқы кезеңінің ықпалы болды деп есептеуге болады. Оқушы ретінде – кері байланыс жасалынып, мұғалімдер тобының – өзіндік талдауы мен әріптестердің өзара талдау тыңдалды. Коучингтің келесі кезеңі сергіту сәтін өткізу арқылы жалғасын тапты. Әріптестерге алдын-ала әзірленген қосымша таратпа материалдар берілді және әзірленген таныстырылым көрсетілді.

Коучингтің «ой толғаныс» сатысына таратылған қосымшаларды пайдаланып, өздерінің рефлексивті қорытындысын әріптестерге көмек ретінде ұсынуға постер әзірлеу тапсырмасы берілді.

C:\Users\моно5\Downloads\16-02-2014_21-01-52\CAM01801[1].jpg

C:\Users\моно5\Downloads\16-02-2014_21-01-52\CAM01803[1].jpgC:\Users\моно5\Downloads\16-02-2014_21-01-52\CAM01796[1].jpg

Коучинг қатысушылары өз идеяларын жан-жақты қарастыра отырып, әріптестерге сабаққа қатысуда алдын-ала мақсатты айқындап, қатысқан сабағын сол мақсаты негізінде талдауды; әріптестеріне көрсетуге жоспарланған сабағының әзірлемесін дайындаудың тиімді жолдарын; сабақты өзіндік талдау мен өзара талдаудың нұсқаларын ұсынды.

C:\Users\моно5\Downloads\16-02-2014_21-01-52\CAM01814[1].jpg C:\Users\моно5\Downloads\16-02-2014_21-01-52\CAM01809[1].jpgC:\Users\моно5\Downloads\16-02-2014_21-01-52\CAM01813[1].jpg


3-бөлiм: Бaғдapлaмaның идеялapынa қaтысты мұғaлiмдеpдi оқытуды бaғaлaу

Бұл коучинг бapысындa әpiптестеp топқa бөлiне ынтымaқтaстықтa жұмыс жaсaуды, топтық жұмысты бaғaлaудa өзapa бaғaлaу және өзiн-өзi бaғaлaуды қолдaнуды, сaбaқтa кеpi бaйлaныс болу кеpектiгiн, оқу үpдiсi кезiнде сеpгiту сәттеpiн қолдaну оқушылapдың оқуғa ынтaсын apттыpaтындығын бақылады. Әріптесінің сабағына қатысу және оны талдау барысында әдістемелік шыңдалуға болатындығы туралы ой қозғалды. Коучингтің жоспарланып, өткізілуі бойынша өз сабақтарына қажетті тиімді әдіс-тәсілдерді көре алды. Қорытындылай келгенде, коучингте әріптестер ынтымақтастықта бірлескен жұмыс жасады.



Коучинг

Күні: 6 ақпан 2014

Оразбаева Жанар Шайкеновна

Закарьянова Нургул Советовна

Абдрахманова Айнур Серикқызы

Коучинг сабақтың тақырыбы

«Өзара сабаққа қатысу - әдістемелік шыңдалудың бір тәсілі»

Сілтеме

Ресурс қағаздары.

Жалпы мақсаты

Сабақты талдау арқылы ұтымды және тиімді жақтарына сараптама жасай білуге үйрету, әріптеске әдістемелік көмек ұсыну арқылы өзінің кәсіби шеберлігін арттыру жолдарын қарастыру.

Оқыту нәтижелері

Құзырлы мұғалімдердің икемдіктері мен кәсіби шеберлігін арттыру

Материалдар және құралдар

Компьютер, интерактивті тақта, постер әзірлеу қағаздары, маркерлер

Өту барысы

Коучингтің кезеңдері

уақыт

Коучтың іс-әрекеті

Қатысушылардың іс-әрекеті

Амандасу.

Топқа бөлу.

2 мин

Мұғалімдерді 3 топқа бөледі. Еңбек өтілі бойынша топқа бөлу.

Топқа бөлінеді.

Топ ережесін құрады.


Қызығушылы ғын ояту.

3 мин +2мин=10мин

Рөлдік ойын.

Әр топқа берілген жағдаяттарды талдау арқылы рөлдік ойын көрсетіледі.

1-жағдаят:

Мұғалім: Менің бүгінгі ашық сабағымның өтуі ойлағанымдай болмады?

Рөлдік ойын: Мұғалім, әріптестер

2-жағдаят:

Мұғалім: Менің өтілген сабағыма сын айтылды, мен әрекетім қандай болмақ?

Рөлдік ойын: Мұғалім, әріптестер

3-жағдаят:

Әріптес: Әріптесімнің өткізген сабағына мен қалай ұсыныс айта аламын?


Мағынаны тану


Ашық сабақтың бейнефильмін көрсету.

Рөлдік ойын:

1 топ: Мұғалім

2 топ: Оқушылар

3 топ: Қатысушы

Топ бойынша көрсетілген бейнефильм бойынша сабақ талдайды. Оқушылар сабаққа пікір, ұсыныс айтады. Мұғалім сабағына өздік талдау жасайды, ал қатысушы талдау жасайды.




Сергіту сәті


1. Сергіту ойыны: Қатысушыларға шалбар, үй, бокал, фата, жылан салулары сұралады.

Егер үйдің есігін жауып салса, тұйық адам. Шалбар жоғары тұрса, отбасында күйеуі басқарады. Бокал бос болса, арақ ішкенді ұнатпайды. Жыланның тілі жоқ болса, ұрсысуды ұнатпайды.

Негізгі ой

3 мин

Таныстырылым. Слайд.

Сабақ талдау түрлері мен әдістемесі ұсынылады.

Ой толғаныс



Әріптеске сабақ талдау әдістемесін постерде ұсыныңыз.

Кері байланыс. Рефлексия

2 мин

Коучинг туралы стикерлерге екі жұлдыз, бір ұсыныс жазып қалдыру.

Қорытынды

лау

3 мин

Қорытындылай келгенде бүгінгі коучингімізде біз Сіздермен топқа бөлініп, топта сабақ талдау жайында ой бөлісіп, ынтымақтастықта жұмыс жасадық.

Нәтижесінде сабақ талдау барысында тек қана екі жұлдыз, бір тілек ретінде ұсыныс жасауға дағдыланамыз.


Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 22 ноября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Общая информация

Номер материала: ДВ-152341
Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>