Инфоурок Информатика ПрезентацииКоучинг. Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану. Презентация

Коучинг. Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану. Презентация

Скачать материал
Скачать материал "Коучинг. Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану. Презентация"

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по автотранспорту

Описание презентации по отдельным слайдам:

  • Тақырыбы: Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалан...

    1 слайд

    Тақырыбы: Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану.
    КОУЧИНГ

  • Тарихи шолуБекта (2003) сыныпта АКТ-ны жоғары деңгейде пайдалануға байланысты...

    2 слайд

    Тарихи шолу
    Бекта (2003) сыныпта АКТ-ны жоғары деңгейде пайдалануға байланысты оқудың бірталай
    жақсарғандығын байқаған. Соған қарамастан, зерттеу нәтижелері жалпы әсердің әртүрлі
    екендігін, әрі АКТ қандай жағдайда неғұрлым нақты ілгерілеуге әкелетіні түсініксіз екенін
    көрсетіп отыр. Оқуды қолдайтын ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың бірқатар
    сипаттамалары анықталды (Kennewell and et al., 2008), алайда сонымен бірге АКТ көп
    жағдайларда оқуға кедергі келтіретіні анықталды (Birnbaum, 1990). АКТ оқушыларды танымдық
    және метатанымдық тапсырмаларды орындауға қатыстыруға ынталандыра алатындығының
    дәлелдері жеткілікті (Сох, 1997). Дегенмен бұл ынталандыру барлық пәндер бойынша
    үлгерімді жақсартуға әкелмеуі де мүмкін. Кокс пен Уэбб (2004) атап өткендей, АКТ ықпалы
    мұғалімнің пәндік білімінің деңгейіне, педагогикалық ұстанымдарына, оқытудағы тәсілдеріне,
    сондай-ақ олардың өзіне сенімді болуы және ол құралдарды пайдалану құзырлылығына бай-
    ланысты. АКТ бүкіл әлемде көптеген мұғалімдердің күнделікті жұмысына еніп кетті, әсіресе
    проекторы мен интерактивті тақталары бар техникалық жасақталуы мықты мектептердің
    өзі неге тұрады (Kennewell and Beauchamp, 2007). Алайда техникалық құралдардың болу
    фактісі оқыту мен оқудың техникалық емес құралдарының көмегімен жетістікке жетуге бо-
    латын аспектілер бойынша оқуды жақсартуға және үлгерімді арттыруға кепілдік бере алмай-
    ды (Beauchamp, 2006). Сондықтан АКТ-ны пайдаланғаннан нәтиже болуы үшін мұғалімдер
    ақпараттық-коммуникациялық технологияларды есепке ала отырып, өздерінің педагогикалық
    білімдерін дамытуға тиісті (Mishra and Koehler, 2006) және мұғалімдердің осы технология-
    ны пайдаланудағы құзыреттілігі мен сенімділік деңгейімен үйлесуі керек (Kennewell and
    Beauchamp, 2007).

  • Мишра мен Келер (2006) егер де жаңа технологиялар оқыту мен оқуды жетілдіру ү...

    3 слайд

    Мишра мен Келер (2006) егер де жаңа технологиялар оқыту мен оқуды жетілдіру үдерісін
    түрлендіретін болса, онда сабақтарды жоспарлау үдерісінде пәндік білім мен оқыту техно-
    логиялары сабақтасып жатуы керек дейді. Бұдан басқа Мишра мен Келер мұғалім білімнің
    барлық үш саласын байланыстыруға қабілетті, олар шеберліктің жеткілікті жоғары дәрежесіне
    ие және кәсіби тәжірибелері мол деп бағалайды. Бұдан әрі зерттеушілер осындай мұғалімдер
    зертханада жұмыс істейтін практик ғалымдармен, бағдарламашы сияқты технологиялық са-
    рапшылармен немесе жаңа технологияларды қолдану саласындағы білімі кемшін түсіп жа-
    татын тәжірибелі мұғалімдермен салыстырғанда, оқыту мен оқуда АКТ-ны қолдануда асқан
    ептілік танытады деп қорытады.

  • Пәндік білімдер (ПБ)Пәндік білімдер дегеніміз – оқытылатын пәннің өзекті білі...

    4 слайд

    Пәндік білімдер (ПБ)
    Пәндік білімдер дегеніміз – оқытылатын пәннің өзекті білімдері. Айталық, химия пәнінің
    білікті мұғалімі қазіргі заманғы ғылыми идеялар мен тұжырымдамаларды жеткілікті түрде біліп, химия туралы практикалық түсінігі болады. Мысал үшін, Ұлыбританияда аталған
    сапалық белгілер бакалавриат дәрежесінде, сонымен қатар химия саласында дипломнан кейінгібілім беру деңгейіндегі оқу барысында жетілдіріледі. Орта мектептегі 11 жастан 18 жасқадейінгі оқушыларға арналған химия пәні бойынша білім беру бағдарламасының мазмұныоқушылардың нақты жас ерекшеліктеріне сәйкес түсінікте ұсынылып, ұғындырылады.

    Химияпәні мұғаліміне оқытылатын пәнді жақсы білу, химияда қолданылатын түйінді ұғымдарды, теориялар мен шараларды түсіну қажет. Оның үстіне жаратылыстану ғылымдарының мұғалімдері зерттеу жүргізудің ерекшелігін, теориясы мен әдістемесін түсінуі керек.

    Алайда пән мазмұнын жан-жақты білу мұғалімнің біліктілігіне және оқушылардың оқу нәтижелілігіне кепілдік бермейді. Осылайша, жаратылыстану ғылымдары мұғалімінің біліктілігі педагогикалық білімдерді дамыту қажеттігін көрсетеді.

  • Педагогикалық білімдер (ПедБ)Педагогикалық білімдер – білім берудің жалпы нег...

    5 слайд

    Педагогикалық білімдер (ПедБ)
    Педагогикалық білімдер – білім берудің жалпы негіздерін, оқыту мақсаты мен міндеттерінбілуге негізделетін оқу мен оқыту үдерістері, тәжірибесі мен әдістері туралы терең білімділік.
    Кез келген мұғалім үшін осы білімдер кешені қажетті болып табылады және оқушыны оқыту үдерісіне, сыныпты басқаруға, сабақты жоспарлау және өткізуге, оқушыларға баға қоюға қатысты мәселелерді қамтиды. Сонымен қатар ПедБ құрамына сабақта қолданылатын тәсілдер мен әдістерді білу, мақсатты аудитория сипаты, оқушылардың оқу материалын меңгеріп алуын бағалау стратегиясы кіреді. Білікті мұғалім оқушылардың білімдерді меңгеруінің және
    дағдыларды қалыптастыруының үдерістерін түсінуге көмектесетін терең педагогикалықбілімге ие, олардың ақыл-ой қасиеттерін, оқуға деген эмоциялық жағымды қатынасын дамытады. Шын мәнісінде, педагогикалық білімдер оқытудың саналы, әлеуметтік және дамытушы теорияларын, оларды сыныптағы оқушыларға қатысты қолдану әдістерін түсінуде біліктілікті қажет етеді.

    Оқу мен оқытудың түйінді тоғыз қағидаты Жаратылыстану ғылымдарын оқыту төменгі сынып оқушыларының ғылыми идеяларды қалыптастыруының ерекше тәсілін қажет ететіндігін айта кету керек, бұл білімдердің педагогикалық аспектісі болып табылады.

  • Оқытудың тоғыз қағидатыОқушыны бүкіл 
өміріне жеткілікті 
біліммен жабдықтайд...

    6 слайд

    Оқытудың тоғыз қағидаты
    Оқушыны бүкіл
    өміріне жеткілікті
    біліммен жабдықтайды
    Білімді арттырады
    Алдыңғы білім
    мен тәжірибеге
    негізделеді
    Мұғалім оқуға
    қолдау көрсетеді
    Оқу үшін бағалау
    мен оқуды бағалауды
    қолданады
    Мұғалім біліміне
    байланысты
    Бейрести
    (неформалды)
    оқу жүзеге асады
    Оқушының белсенді
    қатысуына ықпал
    етеді
    Әлеуметтік және
    жеке үдеріске
    ықпал етеді

  • Технологиялық білімдер (ТБ)Технологиялық білімдер – оқытудың қосалқы құралдар...

    7 слайд

    Технологиялық білімдер (ТБ)
    Технологиялық білімдер – оқытудың қосалқы құралдары (бейне, желілік материалдар,сандық бұқаралық ақпарат құралдары және т.б.) туралы білім.
    Бұл білімдер технологиялық құрылғылар саласындағы жеткілікті хабардарлықты да, оларды басқару үшін қажетті дағдыларға ие болуды да меңзейді.
    Сандық технологияларға қатысты алғанда осы білімдер
    операциялық жүйелер және компьютерлік аппараттық құралдарды білуді, сондай-ақ мәтіндерді теру мен түзетуге, электронды кестелер құруға мүмкіндік беретін бағдарламалық құралдардың
    стандартты жиынтығын, браузерлер мен электронды поштаны пайдалана алу қабілеті болып табылады.
    Оның үстіне, ТБ құрамына перифериялық құрылғыларды орнату және алып тастауды, бағдарламалық жабдықтау жүйелерін, құжаттарды құру және мұрағаттауды т.б. білу кіреді.

  • Білімнің педагогикалық аспектісі (БПА)Білімнің педагогикалық аспектісі мазмұн...

    8 слайд

    Білімнің педагогикалық аспектісі (БПА)
    Білімнің педагогикалық аспектісі мазмұнды педагогикалық ықпалды формаларға айнал-
    дыру мүмкіндігін беретін құрамдас бөліктердің: оқу мазмұны мен педагогикалық білімдердің
    біртұтастығы болып табылады (Shulman, 1986). Жаратылыстану ғылымдары саласындағы
    білім беру мәнмәтінінде аталған біртұтастық оқытылатын ғылыми тұжырымдамаларды
    білікті түсіну оқушылардың оларды түйсінуі мен түсінуіне көмектесу қабілетімен ажырамас
    байланыста болуын көздейді. Осылайша, жаратылыстану ғылымдарының білікті мұғалімі
    абстрактілі ғылыми идеялар мен үдерістерді оқушылардың белгілі бір тобына бұларды өз
    бетімен зерттеу үдерісін қамтамасыз ете отырып ұсынатындай етіп, құрамдас бөліктерге
    бөле алуы тиіс.
    БПА нәтижелілікті қамтамасыз ететін аналогия, суреттеу, мысалдар, түсіндіру және
    көрсету әдістерін қолдана отырып, оқытуда ғылыми идеяларды қолданудың тиімді, оңтайлы
    формалары болып табылады. Шын мәнінде, БПА оқушыларға ғылымды түсінікті жолмен
    көрсетудің әрі ұсынудың тәсілі болып табылады. Сонымен қатар білімдердің педагогикалық
    аспектісі мұғалімнің оқушылардың жекелеген тақырыптарды оңай не қиын меңгеруінің
    себептерін түсіндірумен қамтамасыз етеді. Бұл себептер кей жағдайларда оқушылардың
    ғылыми тұжырымдамаларды түсінбеуімен, ал кейде әртүрлі жастағы және білім деңгейі әртүрлі
    оқушылардың мектепке өз наным-сенімдерімен немесе теріс ұғымдарымен келетіндігімен
    түсіндіріледі.

  • Білімнің технологиялық аспектісі (БТА)Білімнің технологиялық аспектісі – техн...

    9 слайд

    Білімнің технологиялық аспектісі (БТА)
    Білімнің технологиялық аспектісі – технологиялық білімдер (ТБ) мен пәндік білімдердің(ПБ) өзара әрекеттесуінің тәсілін білу. АКТ қолдану заттар туралы толық түсініктің қалыптасуына ықпал етпегеннің өзінде, қазіргі заманғы инновациялық технологиялар заттар туралы жаңа, алуан түрлі түсінік қалыптастыруды және осы түсініктерді басқарудағы ауқымды
    икемділікті қамтамасыз ете алады. Мұғалім өзі сабақ беретін пәнді ғана емес, оқыту технологияларын қолдану арқылы осы пәнді жетілдіру тәсілдерін де білуі керек.

    Мысалы, жаратылыстану ғылымдары саласында желі арқылы қолжетімді көптеген модельдеулер (симуляциялар) бар. Модельдеу (симуляция) олардың әрекет етуі туралы мәлімет алу үшін жаратылыстану жүйелерін немесе адам жүйелерін ғылыми модельдеу үшін жиі қолданылады. Модельдеу баламалы шарттардың және іс-әрекет жоспарларының болжам ды шынайы әсерлерін көрсету үшін қолданылуы мүмкін.
    Сондай-ақ модельдеу нақты жүйе оған қол жеткізу мүмкін болмауына байланысты қолданыла алмаған жағдайда немесе оның қолданылуы қауіпті болса не рұқсат етілмесе, жүйе енді жасалып жатқанда немесе мүлде жоқ
    болғанда қолданылады.

  • Технологиялық, педагогикалық және мазмұндық білім (ТПМБ)Үш білім саласының қи...

    10 слайд

    Технологиялық, педагогикалық және мазмұндық білім (ТПМБ)
    Үш білім саласының қиылысу ортасында технологиялық, педагогикалық және мазмұндық білім (ТПМБ) орналасқан.

    Осы тәсілді алғаш рет 2006 жылы Мишра және Кёлер қарастырды, олардың айтуынша, егер жаңа технология оқуды жақсарту жағына өзгертуге қабілетті болуға тиіс болса, онда жоспарлау үдерісі пән бойынша арнайы білімдердің оқушылардың осы білімдерді қалай игеретінін түсінумен бірге жүруін көздеуі керек. Оның
    үстіне, Мишра мен Кёлердің пайымдауынша, барлық үш білім саласы арасында өзара байланысты іске асыруға қабілетті мұғалім жоғары деңгейдегі кәсіпқой болып табылады.
    Сонымен қатар зерттеушілердің айтуынша, осындай мұғалімдер зертханада жұмыс істейтін ғалымдармен, бағдарламашылар сияқты технологиялық сарапшылармен немесе жаңа технологияларды пайдалану жөнінде білімдері жеткіліксіз тәжірибелі мұғалімдермен салыстырғанда ауқымды кәсіби білімге ие болады.

  • Оқытудың бес аспектісі 1. Көрсетілім

АКТ-ны не үшін пайдалануға болады?

• о...

    11 слайд

    Оқытудың бес аспектісі
    1. Көрсетілім

    АКТ-ны не үшін пайдалануға болады?

    • оқушылардың түрлі амал-тәсілдерді көрсетуі (мысалы, нақты ғылымда заттарды қалай өлшеуге болады және т.б.);

    • идеяларды салыстыру (мәселен, өнер мен музыка саласында және т.б.)

    • зерделеу және талқылау мақсатында басқа оқушылармен жұмыстарын алмастыру (мәселен, көркем жазу және тарихта т.б.);

    • оқушылардың жұмысы мен түсініктемелерін салыстыру (мәселен, бейнеклиптер).

  • 2. Модельдеу

АКТ-ны не үшін пайдалануға болады?

• оқушыларға өмірдегі нақты...

    12 слайд

    2. Модельдеу

    АКТ-ны не үшін пайдалануға болады?

    • оқушыларға өмірдегі нақты проблемалар немесе оқиғалардың модельдерін ұсыну (мысалы, ғылымдағы сызба немесе географиядағы табиғи өзгерістердің көрінісі және т.б.);

    • оқушыларға мәтінді талдаудың және жазбаша нысанды пайдаланудың әдістерін көрсету (мәселен, көркем жазуда немесе тарихта т.б.);

    • тұжырымдаманы көрсететін бейнелерді беру (мысалы, түрлі эмоциялар мен сезімдерді модельдеу үшін дыбыс пен бейнені пайдалану, математикалық модельдер ретінде кестені пайдалану – «егер... болса, не болады...?).

  • 3. Бағалау мен талдау

АКТ-ны не үшін пайдалануға болады?

• оқушылардың түрл...

    13 слайд

    3. Бағалау мен талдау

    АКТ-ны не үшін пайдалануға болады?

    • оқушылардың түрлі нысандағы ақпараттарға қол жеткізуін қамтамасыз ету (мәселен,DVD-дискілер, аудиокассеталар, белгілер, символдар, басқа тілдер);

    • оқуда жаңалық жасауға ықпал ету (мәселен, веб-сайттан кез келген пән бойынша ақпарат іздеу);

    • оқушыларға мәтіндердің түрлерін көрсету (мәселен, көркем жазу бойынша ғылыми-танымал мәтіндер, эмоция мен сезімін білдіру үшін авторлардың сөздерді пайдалануын талдау және т.б.);

    • балама таныстырылымдар мен суреттер ұсыну (мәселен, жиналған деректер үшін неғұрлым жақсы келетін кесте туралы шешім қабылдау, әртүрлі суретшілердің жұмыстарын салыстыру, сызба немесе тізбек жасау, мәселен, музыкадағы дыбыс немесе математикадағы сандар және т.б.).

  • 4. Ұсыну, қайталай ұсыну және қарым-қатынас

АКТ-ны не үшін пайдалануға болад...

    14 слайд

    4. Ұсыну, қайталай ұсыну және қарым-қатынас

    АКТ-ны не үшін пайдалануға болады?

    • балалардың идеялары, жұмыстарымен алмасуы (мәселен, олардың дизайн мен технология саласында әзірлеген жобалары);

    • ақпарат алмасу (мысалы, PowerPoint таныстырылымы; мүгедек балаларға арналған байланыс құралдары);

    • балалар жұмысының сапасын жетілдіру және арттыру (мәселен, көркем жазу бойынша мәтінді редакциялау және т.б.);

    • пікірлер мен ақпаратты қорыту, жалпылау (мәселен, балалар электронды пошта арқылы басқа балаларға географиядан жергілікті экологиялық мәселе туралы хат жаза алады, математикадан есеп шығарудың кезеңдерін қадамдап жазу).

  • 5. Тестілеу және құптау

АКТ-ны не үшін пайдалануға болады?

• «Егер ... болс...

    15 слайд

    5. Тестілеу және құптау

    АКТ-ны не үшін пайдалануға болады?

    • «Егер ... болса?» сұрағын қою және болжамдарды тексеру, растау немесе теріске шығару үшін мәліметтерді жинау (бір факторды өзгертудің әсерін салыстыру үшін ғылыми деректерді тіркеуге арналған құрал –жабдықтарды пайдалану және т.б. )

    • дерекқорды зерделеу (мәселен, бірқатар АКТ-ресурстарын пайдалана отырып,географиядағы өзгерістердің қоршаған ортаға әсерін зерделеу, суреттердің көмегімен өзгерістердің әсерін қадағалау);

    • интерактивті оқу бағдарламасын пайдалану (мәселен, болашақта тексеруге болатын жалпы қорытынды шығаруға көмектесетін математика саласындағы сандарды, нысандар мен модельдерді жасау және т.б.).

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 763 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 18.02.2016 13041
    • PPTX 103.5 кбайт
    • 112 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сеитбаева Эльмира Зуфаровна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Сеитбаева Эльмира Зуфаровна
    Сеитбаева Эльмира Зуфаровна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 13929
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Математика и информатика: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель математики и информатики

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 687 человек из 79 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 799 человек

Курс профессиональной переподготовки

Создание и обеспечение электронного архива с использованием информационно-коммуникационных технологий

Специалист по формированию электронного архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 30 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 36 человек

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Математика и информатика")

Учитель математики и информатики

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 38 человек из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 33 человека

Мини-курс

Уникальный образ как педагога: основные принципы позиционирования

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 20 человек

Мини-курс

Развитие мотивации к обучению

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 155 человек из 47 регионов
  • Этот курс уже прошли 148 человек

Мини-курс

Введение в инвестиции и инвестиционный процесс

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 11 регионов