Коучинг-сессияның жоспары
Күн 30.03.2015ж
Сабақтың тақырыбы
Оқыту үшін бағалау
Сілтеме:
Мұғалімге арналған нұсқаулық, екінші деңгей, 104-109 б.
Мақсаты:
Оқытуды бағалау және оқыту үшін бағалау түсініктерінің мағынасын анықтау, оларды практикада қолдана білу және оларды жақсарту мұмкіншіліктерін қарастыру.
Міндеті:
Бағалаудың әр түрлі тәсілдерін анықтау және оларды бағалау процессінде қолдана білу.
Оқыту нәтижесі:
Бағалау тәсілдері арасындағы шекараны нақты біледі және түсінеді.
Бағалау дағдысын практикада қолдана біледі.
Психалогиялық жаттығу
(5 мин)
Шаттық шеңберіне тұрып оң жағындағы көршісіне таратылып берілген сөздерді қатыстырып тілек айту.
Өлең шумақтарын құрастыру арқылы топқа бөлу.Әр топ өз өлеңдерінің бір шумағын әнімен орындайды.
Кіріспе тапсырма:
(5 мин)
Оқу процессінде бағалау қажет пе? Сіз сабақта нені бағалайсыз? Қолайлылық орнату үшін сіз қандай бағаларды қолданасыз?
1-практикалық тапсырма (10 мин)
«Баға», «Бағалау» сөздері бойынша сөйлем құрастыру. Сөйлем санына байланысты бағаланады.
2-практикалық тапсырма (20 мин)
«Оюлы құрақ көрпе»құрастыру тапсырмасы. Мұғалімдерге үлестірме материалдар ретінде – түрлі түсті қағаздар, қайшы беріледі. Тапсырма біткеннен кейін қатысушыларға келесі тапсырмалар беріледі:
Топтар бір-бірін бағалайды.
Келтірілген критерийлер бойынша бағалау.
Дизайн
Эстетикалық талап
Көлемі
Фантазия
1-5
1-5
1-5
1-5
Сіздердің ойларыңызша, бағалаудың қай түрі тиімдірек? Сіздер бағалаудың қандай жаңа түрлерін ұсына аласыздар?
Сергіту сәті
«Биле-биле» ырғақпен қимыл жасау.
3-практикалық тапсырма (15 мин)
Өзіңізді бағалаңыз. 5 – мен әрдайым осылай жасаймын, 0 – мүлдем жасамаймын.
Сіз өзіңіздің барлық оқушыларыңыздың жақсырақ бола алатынына сенімдісіз бе?
Сіз қаншалықты:
а) сыныпта қажет оқу жағдайын қалыптастырасыз?
б) оқушыларыңызбен олардың жетістіктерін талқылайсыз?
в) оқушыларыңызды өзін-өзі бағалауға тартасыз?
Рефлексия (5 мин)
«2 жұлдыз, 1 тілек». Топтардың бір-бірінің жасаған жұмыстары бойынша 1 сөйлем