Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Коучинг «Оқыту үшін бағалаудың маңыздылығы».
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Другое

Коучинг «Оқыту үшін бағалаудың маңыздылығы».

Выберите документ из архива для просмотра:

Выбранный для просмотра документ Коучинг жоспары.docx

библиотека
материалов

Коучинг «Оқыту үшін бағалаудың маңыздылығы».

Өткізген: Курмангалиева Зулфия Кадылбековна – жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, ІІ деңгейлі коуч.

Мақсаты: Әріптестерімізді педагогикалық тәжірибесін жетілдіру  мақсатында инновациялық идеялармен таныстыру, шығармашылық қабілетін ұштау, жаңа формациядағы бағалау түрлерін тәжірибеге енгізуге ықпалдасу.

Оқу нәтижесі: Мұғалімдер формативті және жиынтық бaғалаудың айырмашылығын біледі, критериалды бағалауды сабақтарында қолдана алады.

Түйінді идеялар: Формативті бағалау – оқыту үшін, ынталандырушы бағалау. Бағалау бұрынғы тәжірибеміздегі сияқты оқыту мен оқудан кейінгі болатын үдеріс емес, оның ажырамас бөлігі екендігін меңгерту.

Коучинг барысы:

  1. Жағымды психологиялық көңіл-күй орнату.

  2. Қатысушыларды топқа бөлу.

  3. Практикалық бөлім.

«Алты қалпақ» стратегиясы.

Ақылдың алты қалпағы

Ақылдың алты қалпағы – Эдвард де Боно әзірлеген әдістеме, ол әртүрлі шешімдердің ішінен ойды бір мәселе төңірегінде шоғырландыруға мүмкіндік беретін қатарласып ойлау үдерісі болып табылады.

Ақ қалпақ – бізге белгілі немесе қажетті ақпаратқа назар аудару үшін пайдаланылады.

Сары қалпақ – айқындылық пен өмірге сеніммен қарауды бейнелейді. Бұл қалпақты киіп сіз идеяның жағымды жақтарын зерделейсіз және өз назарыңызды, күш-жігеріңізді оның жетісітктері мен жақсылықтарын іздеуге жұмсайсыз.

Қара қалпақ - бұл «әзәзілдің қорғаушысы» немесе неліктен кейбір тетіктер дұрыс істемейтінін бағалау.

Қызыл қалпақ – сезімді, болжамды және ішкі түйсікті білдіреді.

Жасыл қалпақ – креативтілікке, мүмкіндіктерге, баламаға және жаңа идеяларға бағытталады.

Көк қалпақ – ойлау үдерісін басқару үшін қолданылады. Бұл бақылаушы тетік, ол барлық алты қалпақтың талаптары дұрыс орындалып жатқандығына кепілдік береді.

Топтық жұмыс

«Ақылдың алты қалпағы» бойынша мәтінге сипаттама беру тапсырылады.


1 топ ақ түс -мәтін туралы мәлімет береді.

2 топ сары түс-мәтіннің жақсы (тиімді) жағын ашып береді.

3 топ қара түс-мәтіндегі кейбір ойларды жағымсыз (тиімсіз) жағынан көрсете отырып айтып береді.

4 топ қызыл түс-мәтінді әсерлеп (эмоциямен )жеткізеді.

5 топ жасыл түс- мәтінге жаңа идеялар, балама мүмкіндіктер қосады.

6 топ көк түс- топтардың жасаған жұмысын бағалайды.

Мәтін.

Бағалау - оқыту нәтижесін анықтау үшін қолданылатын тәсіл, оқушының берілген тақырыпты меңгерудегі кемшіліктерін жоюда, оның үлгерімінің нәтижелі болуына ықпал ететін фактор. Бағалау, көбінесе, баға қоюдың синтездік түрі (1-ден 5-ке дейінгі ранг) арқылы жүзеге асады. Сондай-ақ, мектеп тәжірибесіндегі бағалау баға қоюмен ғана шектелетін тәсіл емес, ол материалды меңгеру, меңгермеу фактісімен қатар оның себептерін анықтауға мүмкіндік беретін оқытудың маңызды құрамды бөлігі болып табылады. (Қазақ Энциклопедиясы, 1 том).

«Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» модулі білім беру, оқыту үдерісіндегі әдіс-тәсілдердің барлық түрлерімен байланыста болады. Оқушылардың алға қарай даму мақсатында жұмыс нәтижелерін, өз-өздерін бағалай білуі керек. Оқуды бағалаудың мақсаты — оқушылардың оқып білгенін жинақтау. Бірақ, маңызды мәні бар тест жүйесі арқылы оқушылардың білімін бағалау оқыту үдерісіне кері әсерін тигізуі мүмкін (Assesstment Reform Group, 2002 b.).

Мұғалімнің іс-әрекеттеріне қарай, шеберлігіне қарай оқушыларды бағалауда бірнеше әдістерін қолдана алады: жеке, жұптық, топтық, жиынтық, қателер талдауын, салыстырмалы түрде, өздерін-өздері, кері байланыс, т.б. Оқушының мұғалімге деген сенімі артады, көзқарасы өзгереді.

Сондай мұғалімдерден білім алған әр-бір жеткіншектен қоғам құрылады. Ал, біздің қоғамымыз шыншылдықты, әділдікті, парасаттылықты, білімді басты мақсат етіп ұстанса Тәуелсіз Еліміздің дамыған елдердің қатарынан көрінетініне, биік шыңдарды бағындыратынына сенімдіміз.

  1. Сергіту сәті.

  2. Жаңа формациядағы бағалау түрлерімен таныстыру. Оқуды жақсартудың 5 түйінді факторы. (Слайдтар арқылы).

  3. Қорытынды.

У. Уорд «Жай мұғалім-хабарлайды, жақсы мұғалім-түсіндіреді, керемет мұғалім-көресетеді, ұлы мұғалім-шабыттандырады» дегендей оқушыларымыздың оқуға деген ынтасын көтеріп, шабыттандыруға шақырамын!





Автор
Дата добавления 29.11.2015
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров228
Номер материала ДВ-209252
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх