Инфоурок Иностранные языки Другие методич. материалыКоучинг «Оқу үрдісінде cын тұрғысынан oйлау әдісін қолдану тиімділігі»

Коучинг «Оқу үрдісінде cын тұрғысынан oйлау әдісін қолдану тиімділігі»

Скачать материал

Мерзімі:

24.12.2014жыл.

 

Сілтеме:

МАН 41-49 беттер.

 

Коучинг тақырыбы:

«Оқу үрдісінде cын тұрғысынан oйлау әдісін қолдану тиімділігі»      

 

Мақсаты:

 

Мұғалімдерді сын тұрғысынан ойлауға үйрету модулінің мақсаттары, негізгі ұғымдары, әдіс-тәсілдерімен таныстырып, іс-тәжірибесінде пайдалануға бағыттау.

 

Оқыту нәтижесі:

Сын тұрғысынан ойлаудың  әртүрлі әдіс-тәсілдерін біліп және оларды оқу үрдісінде тиімді пайдаланады.

 

Негізгі идеялар:

Cыни тұрғыдaн oйлaуғa үйрeту жoлдaры aрқылы тaбыcты oқытуғa қoл жeткiзу.

 

Сабақта қолданылатын

материалдар:

Үлестірмелі материалдар, А 3,4 қағаздары, стикерлер, АКТ, түрлі-түсті магниттер, маркерлер.

Коучинг сабақтың өту барысы:

 

Тапсырманың сипаты.

Берілген тапсырманы орындаудағы  қолданылған тәсілдер.

Ой шақыру

 

а) Әріптестерді «Жазушы», «Ақын», «Суретші» арқылы топтарға бөлу.

1)Бейнежазба  «7 чудес»

2) Презентация,ойландыру суреттері

 

 

Жекелей жұмыс, АКТ, Мұғалімдер өз ойын білдіреді

Мағынаны түсіну

 

 

1.Білу.

1.Сын тұрғысынан ойлау туралы не білесіз?

2.СТО-ның қандай әдіс-тәсілдерімен таныссыз?

3.Сабақтарыңызда қолданасыз ба?

 

2.Түсіну.

Теориялық көрсетілім.

1.Оқытудағы Кембридж тәсілінің теориялық негіздері туралы мағлұмат алады.

2.Жеті модуль бойынша бағдарлама мазмұнымен танысады.

3.Оқу бағдарламасы арқылы оқу қызметіне сыни тұрғыдан ойлауды ықпалдастырады.

 

3. Қолдану.

1.«Ақ орамал»  ассоциация жасау

2. «Ақ орамал» бейнежазбасын көрсетіп, «Болжау» әдісін қолдану арқылы түрткі сұрақтармен ойландыру. Әрі қарай не болады деп ойлайсыз?

 

4. Талдау.

1-топ: Ақ орамалды ана мен әже: кеше...

2-топ: Ақ орамалды ана мен әже: бүгін...

3-топ: рөлдік ойын

Тренинг: «СЕРГІТУ»

 

 

5. Жинақтау.

Сыни тұрғыдан ойлау туралы алманың бес қағидасы.

 

6. Бағалау.

Ойлаудың 6 қалпағы.

Топпен жұмыс, АКТ, Ой қозғау сұрақтары

АКТ.

 

 

 

 

 

 

АКТ, ассоциация

«Болжау» стратегиясы, топпен жұмыс, критерий арқылы бағалау.

 

Өз ойларын білдіру

 

 

Топпен жұмыс, постер қорғайды.

Топтар бірін-бірі бас бармақ арқылы бағалай

 

 

 

Рефлексия

«Жұлдызша»әдісі.                                                                       1.Не ұнады? 2.Неліктен?

3.Не ұнамады? 4.Неліктен?

5.Қандай ұсынысыңыз бар?

 

Әріптестер өз пікірлерін жазады.

 

 

Қорытынды-анықтама

              Бүгін, ағылшын тілі пәнінен қалалық семинар өткіздік. Осы семинарда "Оқу үрдісінде cын тұрғысынан oйлау әдісін қолдану тиімділігі" деген тақырыбында коучинг өткіздім. Бұл коучингті жүргізу  мақсатым мұғалімдерді сын тұрғысынан ойлауға үйрету модулінің мақсаттары, негізгі ұғымдары, әдіс-тәсілдерімен таныстырып, іс-тәжірибесінде пайдалануға бағыттау болатын.  Ондағы күтілетін нәтиже сын тұрғысынан ойлаудың  әртүрлі әдіс-тәсілдерін біліп және оларды оқу үрдісінде тиімді пайдалану және негізгі идея сыни тұрғыдaн oйлaуғa үйрeту жoлдaры aрқылы тaбыcты oқытуғa қoл жeткiзу.

            Коучингке қатысқан адам саны: 27. Мұғалімдер үш топқа төрт адамнан бөлініп отырғызылды, ал қалғандары «Алты қалпақ» әдісі бойынша бөлінді, яғни тапсырмаларды орындауда семинарға қатысушылардың барлығы тартылды. Берілген тапсырманы орындаудағы  қолданылған тәсілдер топпен жұмыс жасауда әрбір тапсырманы бар ынталарымен орындауға жетеледі. Сонымен қатар мұғалімдер өз ой-пікірлерін ортаға салып жатты, әсіресе таңқалдырғаны жағдаятты тапсырма орындауда тез іс-әрекет жасап көрсеткендері. Кейбір мұғалімдер  сыни тұрғыдан ойлау деңгейлерінің жоғары екендігін, олардың өз пікірлерін жеткізе алғандықтарынан байқауға болады, яғни олар өз ой өрістерін жан-жақты жетілдіретіндігі көрінді. Коучинг соңында «Алты қалпақ» әдісі арқылы бағалауда олар бір-біріне деген шынайы ойларын қалпақтың түсіне сәйкес бағалай білді. Кері байланыс беруде «Жұлдызша» әдісі бойынша коучинг барысындағы іс-әрекеттерді бағалады, бізге деген ойларын жазыпты. Соңынан мәселелерді талқылап, қорытындыладық. Бұл коучинг мұғалімдердің бір-біріне көзқарастарының сәл де болса өзгеруіне әсер етті, мектеп арасындағы қарым-қатынастың нығая түсуіне тағы бір қадам болды.

          Менің өзіме түйгенім ағылшын тілі пәнін жүргізуде бұл өткізген коучингтің пайдасы зор өйткені топтық жұмыс барысында оқушылардың сөйлеу дағдысын дамытуға, өзін ізденуге жетелейді, ойлауға үйретеді, түрлі іс-әрекетке бағыттайды.                                                                                                                                                                                                    Кері байланыс алу арқылы мұғалімдердің: «Бүгінгі коучингтен алғаным көп, коучингтің  мақсаты, ұйымдастырылуы өте жақсы,өтілу барысы қызықты әрі тартымды, СТО модулі туралы нақты ақпараттар берілді. Осындай коучингтер семинар барысында жиі болса, кембридж әдіс-тәсілдері туралы брошюра дайындалса» деген ұсыныстары да болды. Менің жоспарлаған жұмысым өз деңгейіне жетті деп ойлаймын өйткені кері байланыс арқылы өзіме көп нақты ой түйіндедім.

 

АҚ ОРАМАЛ

     Автобус аялдамасы жанынан өтетiн жол жиегiнде отырған адам жолдағы тастарға тесiле қарап қалған. Оның қырынбаған бет-аузы, салбырап кеткен иықтары мен жыртық бəтiңкесi аялдамада топталып тұрған адамдардың назарын өзiне аударды, бiрақ əлгi адамның өзiне қадалған жанарлармен еш шаруасы жоқ. Ештеңені елеместен ол өзi жəне өзiнiң өмiрi туралы қалың ойға батып кеткен едi. Темiржол көпiрiнiң астына түнеуге жайғасқан осынау үстi алба-жұлба, ашыққан кезбе өзiн қайтадан көршi көшедегi қызыл кiрпiштен салынған үйде тұрған кiшкентай ұл қалпында сезiндi. Содан берi аттай жиырма жыл өтiптi! Мүмкiн, үйдi баяғыда бұзып тастаған шығар... Əлi күнге үкi көз (гүл) өсiп тұрма екен? Мұның үкi көзі (гүл) мен əкесi бұған құрастырып берген əткеншегі, велосипедiмен оны тебуге үйренген жолы сол кездегiдей айқын есiне түскенi ғажап-ақ... Бұған велосипед алып беру үшiн, ата-анасы ақшаны бiрнеше ай бойы жинаған-ды. Кезбе тағатсыздана иығын қомдап, бүкіл денесі дiр еттi: естелiктiң айқындығы сондай, олар мұның жан-дүниесiн ауыртып, осыдан он жыл бұрынғы кезін бастан кешкендей сезімде болды. Ол кезде бұл ескi велосипедiн мотоциклге ауыстырып, үйiнде аз бола бастаған. Өйткені жұмысымен көптеген достары баредi. Əкесi мен шешесi бұған кəрi жəне мезi қыларлықтай көрiндi, ал сыраханада сондай көңiлдi-тiн. Бiрақ, ашығын айтқанда, ол сол жылдарды əсiресе жиылып қалған қарыздар мұны ата-анасының үйiне қайтып оралуға мəжбүр еткен күндi есiне түсiрiгiсi келмедi. Ол ата-анасынан ақша сұрамақшы болатын. Бiрақотбасымендастарханбасынашəйғаотырғанда, өзiнiңкелгенмақсатытуралы əңгiменi бастаудан қалай қашты десеңшi! Бұдан шығудың оп-оңай қарапайым жолы табылды: бұл əкесiнiң ақшаны қайда сақтайтынын жақсы бiлетiн, ата-аналарының баққа шыққан сəтiн пайдаланып, ол əкесiнiң жинаған ақшаларын қолына түсiрдi. Осы ата-анасын ең соңғы рет көруi едi: өзi iстеген əрекеттен кейiн, ол үйiне келе алмайтын болды жəне олай еткiсiде келмедi. Көп кешiкпей,басқа қалаға кеттi. Ата-анасы оның ұзақ сергелдеңге түсiп сандалғандығымен түрмеде өткiзген жылдары жөнiнде ештеңе бiлмедi. Бiрақ бұл түнде камерада жатқанда, олар жайында көп ойлады. Кейде ол нардың үстiнде түнi бойы аунақшып, көз iле алмайтын, қабырғада ай сəулесi жылжып, жүрегiн қайғы-мұң басатын... Егер əке-шешесi əлi тiрi болса жəне мұны көргiлерi келсе, бостандыққа шыға салысымен олармен қайта кездесудi қандай қалады десеңшi! Жазасын өтеп, бостандыққа шыққаннан кейін жұмысқа орналасты. Сонда да оның жан-дүниесi тыныштық таппады, бiр күшөктемдiкпен үйiне шақырып, тартып тұрғандай сезінді. Əсiресе сейiлдеуге шығып, жол бойындағы гүлзарларды, əткеншектегi немесе велосипед тепкен баланы, қызыл кiрпiштен салынған үйлердi көргенде мазасы кетті. Ол үйiне бiр тиынсыз бос қалтамен оралғысы келмедi, сондықтан жолдың көп бөлiгiн жаяу жүрiп өттi. Оның ертерек жетуiде мүмкiн едi, бiрақ туған қалашығына жиырма шақырымдай арақашықтық қалғанда, мұның бойын кенет бір күмəн жайлап алды. Ата-анасына осылайша, оқыстан, жетiп баруға мұның қандай қақысы бар? Олар бірақ осы бiр алба-жұлба кезбеден бiр кездерi өздерi сүйген, бұлардың үмiттерiн қатiгездiкпен алдаған балаларын тани қояр ма екен? Ол өзi бiраз тамақс атып алып, күнi бойы дерлiк ағаш саясында отырды. Кешкiсiн өзiне қанша ауыр тиседе, ата-анасына қысқа ғана хат жолдады. Хатта: “Менi көргiлерiң келетiнiне ешқандай үмiтiм жоқ екенiн бiлемiн... Шешiм сiздерде. Мен бейсембi күнi көшенiң аяғында таңертең ерте күтемiн. Егер үйге келуiмдi қаласаңыздар, менiң жататын бөлмемнiң терезесiне ақ орамал iлiп қойыңыздар. Оны сол жерден көрсем, үйге келемiн, көрмесем – ескi үйге “қошбол” деймiн де, өз жолыммен кетемiн”, - деген сөздермен аяқталған-ды.

Мiне, бейсенбi күнi де жеттi. Адасқан ұл белгiленген жерге келдi. Өзінің ескi көшесi! Не күтіп тұрғанын анықтағанша тағаты таусылып, төзiмi жетпей барады. Ол жол бойына отырып, жолдағы тастарға көз тiкті. Бұл iстi кейiнге ысыра беруге болмайды, тəуекел ету керек. Түптеп келгенде, олардың көшiп кетуiде мүмкiн ғой... Егер терезеден ақ орамалды көрмесе, қаланы тастап шыққанша мағлұмат жинайды... Ал ата-анасы əлi бұрынғыдай осында болып, əншейiн мұны көргiсi келмейтiндей жағдайда, өзiне не болатыны туралы ойлауға бата алмай, өзiн-өзi жұбатуда. Орнынан əзер көтерілді: көпiр астында өткiзген түннен кейiн, денесiнiң бəрi қақсап ауыра бастады. Көшенi торлаған таңғы алакеуiм əлi сейiле қоймаған. Суықтан дiрiлдеген кезбе баяу басып, ескi шынар ағашқа бет түзедi, сол жерден үй алақандағыдай айқын көрiнетiн. Ол ағашқа жеткенше үй жаққа қарамаймын деп шештi. Шынар ағашының қасына таяғанда көзiн тарс жұмды. Ақырында терең демалып, көзiн ашқанда, оның жанары құмарта алға тiгiлдi. Қызыл кiрпiштi үйдiң шатырына күн түсiп тұр екен. Бiрақ мынау не? Оның қабырғалары  ақ фестондармен қапталған тəрiздi. Əрбiр терезеге сейсептер, жастықтың тысы, сүлгi, дастархан, қол орамал жəне асхана салфеткалары iлiнген. Шымылдық терезе желдеткiшiнен бүкiл шатырға созылған. Таңғы күн сəулесiнде жарқыраған қар тəрiздi. Оқыс қателiкке жол бермес үшiн, ата-анасы қолдарынан келгенiнiң бəрiн iстептi! Ақшақардай аппақ болып жарқыраған өз үйiн көрген ұлдың еңсесiнен ауырлық түсiп, бойы жеңiлдеп, кеудесiн қуаныш кернеді. Орнынан тұра жүгiрген ол таныс көшемен үйiне, оның айқара ашылған есiгiне қарай құстай ұшып келедi...

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Коучинг «Оқу үрдісінде cын тұрғысынан oйлау әдісін қолдану тиімділігі»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Ландшафтный архитектор

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 304 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 07.12.2015 1020
    • DOCX 796.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кулдыбаева Клара Сейдагуловна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Кулдыбаева Клара Сейдагуловна
    Кулдыбаева Клара Сейдагуловна
    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 5261
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Английский для специальных целей (ESP)

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 119 человек из 49 регионов
  • Этот курс уже прошли 457 человек

Курс профессиональной переподготовки

Немецкий язык: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель немецкого языка

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 13 человек

Курс профессиональной переподготовки

Английский язык: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель английского языка

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1547 человек из 85 регионов
  • Этот курс уже прошли 4 462 человека

Мини-курс

Национальная система учительского роста: путь к эффективности

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы нарративного подхода: теория и методы

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология и профессиональное развитие

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 15 регионов