Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / "Коучинг пен тәлімгерлік" тақырыбындағы баяндама

"Коучинг пен тәлімгерлік" тақырыбындағы баяндама

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_4e56a402.jpg

Отеулиева Орынгул Жолдиевна.

Тарих және құқық пәні мұғалімі

«Бейнеу ауданы Ы.Алтынсарин

атындағы орта мектебі» ММ

Маңғыстау облысы, Бейнеу селосы.



Коучинг және тәлімгерлік

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, 
Тауып айтқан сөзге шын жетпейді.
Өзің білмесең, білгендерден үйрен,
Үйренгеннен ештеңең кетпейді.
Төле би 

Қазақтың ұлы билерінің бірі Төле би айтқандай білгендерден үйрену үшін мен бірінші деңгей бағдарламасын игерген мұғаліммін. Мектептегі дамыту бағдарламасын әзірлеу арқылы оқыту мен оқуға жаңа әдіс пен тәсілдерді енгізуге жұмыстанудамын.

Коучинг-әріптестердің арасындағы әрекеттестіктен дамудың белгілі бір бағыттарына қол жеткізу болса, тәлімгерлік арқылы тәлім алушы өзіне қолжетімсіз болып келген тәжірибелерді үйреніп, кәсіби дағдыларын дамытады. Мектептегі іс-тәжірибемдегі негізгі бағытым: Критериалды бағалау арқылы жоғарғы буынның сабаққа қызығушылығын арттыру болып табылады. Сондықтан да менің өткізген коучингтерім мен тәлімгерлік жұмыстарымда бағалауға аса көп мән берілді. Бағалау-7 модульдың бірі. Себебі қалған 6 модульдың жетістігіде осы бағалаудан көрінеді ғой. Ең алғашқы коучингімді «Критериалды бағалау» тақырыбында өткізгенім есімде. «Ойлаудың бес гүлі»стратегиясы бойынша коучингке қатысушы мұғалімдер гүл түрлері бойынша кері байланыстарын, әсерлерін жазды. Жазбалардан: Оқушының қызығушылығын оятады, жан-жақты ойлауды үйретеді; Топқа бөлу,ойлауды, есте сақтау кабілетін дамытады; Бағалаудың критериалды шкала немесе ұпай арқылы бағалауды өзім сабақтарымда пайдаланатын боламын; Оқушыларда өзін-өзі бағалап, өз жұмыстарына баға бере алады және басқа баланың да жетістіктерін бағалай алады; Коучинг барысында шкала бойынша бағалауды үйрендім; Үрдісті басқаруда жаңа әдіс, жаңа идея қалыптасты; Неге біздің мектепте критериалды бағалау (Шкалалық көрсеткіш) бағалау жүргізбеске. Оқушыңа алдын-ала деңгейлері көрсетілсе,жақсы оқуға тырысады.....

.. hello_html_3b2f6135.jpghello_html_m243b0e2d.jpghello_html_391cfeab.jpg

Мектеп мұғалімдері коучингте. Коучингке қатысушылардың шынайы ойларынан кейін мен мектептегі әріптестерімнің практикалық тәжірибені өмірде қолдана алатындықтарына сендім. Коучингтер әріптестер үшін өте маңызды, даму баспалдақтары деп білдім. Одан кейін бірнеше коучингтер өткіздім. Коучинг –кәсіби әлеуетті арттыратын, тәжірибе алмасатын, оқу мен оқытуда үздік жетістіктерге жету аренасы деп ойлаймын.

Ментор тәлім алушының кәсіби дамуы мен жетілуіне. оқу мен оқытудағы сапасын арттыруға көмектесуші тұлға. Ол Иганның «Тәжірибелі көмекшінің моделін» басшылыққа алып отырғаны дұрыс. Тәлім алушы мен біріге отырып, жоғарғы сынып оқушыларының бағаға риза болмайтындығына, сапа көрсеткіштері төмен екендіктеріне көз жеткіздікте бағалау тәсілдерін түрлендірдік. Өзін-өзі бағалау, өзара бағалау, критериалды бағалау. Критериалды бағалау оқушыларға ұнады. Критериалды бағалауды оқушы білу керек, себебі ҰБТ қорытындысыда критериалды бағаланады. Критериалды бағалау көрсеткіші мен бағалау бетшесі алдын-ала таратылады.

1. 10-30 ұпай - «Қанағаттанарлық»

2. 31-45 ұпай - «Жақсы»

3. 46- жоғары - «Өте жоғары»

Бағалау бетшесі.



Оқушының ат-жөні

іс-әрекеттер

ұпайы

баға

Қай-талау

.«Ассо-циа-ция» әдісі

«Джи-гсо» әдісі

Тест.

«Ыстық орын-дық» әдісі

1

Мөлдір

10

5

5

15

4

39

4




















«Оқушылар өзінің білім алу үшін өзіне жауапкершілік алуға тиіс, басқа ешкімде олар үшін оны істемейді. Яғни, оқушылар оқытуды бағалау үдерісіне тартылуы қажет. Бұл тұрғыдан алғанда, үздіксіз дамуға ықпал ету,оқыту үдерісін сезіну және оқушылардың оларды басқару қабілеттілігі ерекше маңызға ие болады» (бағалауды Реформалау тобы, 1999) көрсетілгендей оқушы үшін бағалаудың орны ерекше. Сыныптастардың бір-бірін бағалауы олардың білімге деген ынтасын артырды. Тәлім алушы мен оқушы арасында сенім орнады. Тәлімгер тәлім алушымен тәжірибесін бөлісе отырып, кәсіби дамуына көмектеседі.

hello_html_m49b655a4.jpghello_html_me7e3161.jpg

hello_html_766cae76.jpg

Оқушылар сабақ үстінде.

Тәлім алушы құнды нәтижелерге қол жеткізу үшін сыни тұрғыдан ойлау білуді меңгере отырып, жеті модульді сабақтары барысында қолдана отырып, бала жүргегіне жол таба білсе, алдына мақсат қойып, әрекеттерді талдай білсе, тиісті стратегияны дұрыс таңдаса, іс-әректті дұрыс жоспарласа, тәжірибесі мол әріптесімен кеңесінде, оқушылармен жұмыс барысында да тыңдай білсе,туынлай қалған мәселерді біліктілігімен шеше білсе кәсіби өсері сөзсіз екендігіне қызмет барысында көз жеткіздік.

Коучинг пен тәлімгерлік егіз ұғым. Бірақ өзіндік орны бар. Әлем жаңғыруында болашақ ұрпақты қоғамдық өмірге қабілетті, дарынды, талантты болуға баулуда коучинг пен тәлімгерліктің орны ерекше.

Пайдаланылған әдебиет:

МАН бірінші (ілгері) деңгей. Екінші басылым. 2014ж.





































Автор
Дата добавления 23.01.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров208
Номер материала ДВ-369720
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх