Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Коучинг сабақ « Оқытудың белсенді әдіс- тәсілдері»

Коучинг сабақ « Оқытудың белсенді әдіс- тәсілдері»


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Мұғалімнің ТАӘ және жұмыс орны

Имансеитова Зауре ,Маямирова Зинаш

Алматы олысы,Ұйғыр ауданы, «Сүмбе орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Сабақтың тақырыбы:

« Оқытудың белсенді әдіс- тәсілдері»

Жалпы мақсаттар:

Оқытудың белсенді әдіс- тәсілдерін тиімді пайдалану жолдарын және сыни тұрғыдан ойлау жобасының стратегияларын көрсету,оларды қолдануды үйрету

Қатысушыларды ұжымдық сыйластық, бір біріне сенім арту, бірлесіп жұмыс жасауға баулу

Күтілетін нәтиже:

-шеберлік сыныпта пайдаланылған белсенді әдістерді өз тәжірибелеріне тиімді енгізе алады;

-сынып тәжірибесінде сыни тұрғыдан ойлау жобасының білім алудағы маңыздылығын жақсы түсінеді.

-қатысушылар ұжымдық сыйластық, бір-біріне сенім артып, бірлесіп жұмыс жасайды.

Түйінді идеялар:

Өмір талабына сай білімге ұмтылу, шығармашылықпен жұмыс жасауға тарту, өзін-өзі дамыту

Әдіс тәсілдер:

диалогтық оқыту,топтық жұмыс, сын тұрғысынан ойлау, /тұжырымдамалық постерлер жасау/

Ресурстар:


маркерлер, жіп, плакаттар, тақырып бойынша қажетті мәтіндер,жеке сөздер,қазақ әліпбиі, бейнежазба, слайд,үлестірмелі қағаздар

Уақыт

кезең

Мұғалімнің іс-әрекеті

Тыңдаушылардың іс-әрекеті

5 минут

Ұйымдастыру


  • Қатысушылармен амандасу

  • Тренинг «Мені таны»



  • Топқа бөлу(геометриялық фигуралар бойынша)


  • Бой сергіту «Түйсік және ереже» (Коуч топтағы адам санына байланысты сандар айтып тұрады)


Шеңберге тұрып,өз есімін айтады оған қоса есімі қай әріптен басталса соған сәйкес сөз айтады. Әсем әдемі

Гүл суретінің екінші жағындағы фигуралар арқылы үш топқа бөлінеді

Ережеге сәйкес іс қимылдар

жасайды (біреуі кешігіп немесе асығып кетпеу керек,бәрі бір сәтте орындайды)





15 минут

Қызығушылықты ояту сатысы.

Ой шақыру

  • «Біз бірге күштіміз» (бейнекөрсетілім)

  • «Идеялар себеті» стратегиясы

«Өрнектер» туралы не білетіндіктеріңіз туралы ойланыңыздар, «Өрнектер» дегенде ойларыңызға не келеді? Бәрін қағазға тізіп жазыңыздар?


Бейнекөрсетілімнің негізгі

мәнін айтады


Қатысушылар жеке, жұппен, топпен жұмыс жасайды

Әр топ ортақ ойларын білдіреді.


15 минут

Мағынаны тану сатысы.

3 топқа жеке тапсырмалар беріледі


1– топ «Түйінді сөздер» стратегиясы ұсынылады. Берілген сөздер мен сөз тіркестерінен әңгіме құрастыру.









2-топ «Әліпби-әңгіме» стратегиясы .Қазақ тілінің әліпбиі ұсынылады, тыңдаушылар әр әріптен басталатын сөздерден әңгіме құрастырады


3-топ «Тізбектелген суреттер» стратегиясы.

Берілген суреттерді кір жайғыш жіпке тізіп, тізбегі бойынша әңгіме құрастыру

Топтық қорғау жасайды


Тыңдаушылар берілген сөздер мен сөз тіркестерінен әңгіме құрастырады.Аңыз әңгімеден алынған сөздерден топ өзінің әңгімесін ұсынады. Аңыз әңгіменің түпнұсқасы оқылып, топтың әңгімесімен салыстырылады.

Әліпбидегі әр әріптен тұратын сөздерден әңгіме құрастырып , топ атынан әңгіме ұсынады.


Қатысушылар берілген суреттер топтамасымен танысып, жіпке іле отырып, тізбек бойынша әңгіме құрастырады

5 минут

Бойсергіту

Аю отыр партада

Екі қолы қалтада

Апай сабақ сұраса

Ұйықтап қапты масқара

өлеңін үш түрлі әуенге салып орындау


1-топ халық әуені

2-топ опера

3-топ эстрадалық әуен

(барлықтары қатысады:оркестр,ансамбль құрады)

5 минут

Ой толғаныс сатысы

«Ізденген жетер мұратқа »

видеокөрсетілім


«Соңғы сөзді мен айтайын... »


Негізгі ойы туралы айтады



Қатысушылар өздерін қалай сезінгендерін және сабақ жөнінде өз ойларын айтады.

Оқушы ретінде – ойлау қызметінің қандай түрлерін пайдаландыңыз, не жаттағанын;

-  мұғалім ретіндекоучтың іс-әрекеттері қандай болды, пайдаланылған стратегиялар бойынша, оларды пайдалануда қандай сұрақтар туындады,























РЕФЛЕКСИЯ:«Диалогтық оқыту арқылы оқушылардың әңгіме құру қабілеттерін дамыту» тақырыбында 4.02.2015жылы Талдықорған қаласы Педагогикалық шеберлік орталығы филиалының 1деңгей тыңдармандарына мастер-класс өткізілді. Тыңдаушылар теориялық білім алған, диалогтық оқыту модулін қарастырған. Менің мақсатым -диалогтық оқыту жаңа тәсілі арқылы оқушылардың сөйлеу қабілетін дамыту, сратегияларды жүзеге асыру барысында ынтымақтастықта жұмыс істеуге, шығармашылық жұмысқа баулуға үйрету үшін тыңдаушыларғаөз тәжірибемде қолданып жүрген стартегияларды ұсыну.Себебі, мұғалімдер өз тәжірибелеріне жаңа әдісті ықпалдастырудың түрлі жолдарын қарастыру керек.Мен ұсынған бірнеше стратегиялар тиімді, оқуышылар үшін қолжетімді және қызықты деп есептеймін. Себебі өз мектебімде нысаналы сыныптарда ұсынылған әдіс-тәсілдер айтарлықтай нәтиже бергенін дәлелдеме ретінде айтқым келеді. Бірлесіп атқарған жұмыстарда оқушылар арасынан тек жақсы сөйлейтін, ойын еркін жеткізетін оқушылар ғана емес,жақсы суретші, суырып-салма ақындығы бар оқушылар анықтала бастады.Стратегияларды орындау барысында түрлі көрнекіліктер қолданылады, шектеулі уақыты бар және мұғалімнің шеберлігіне қарай түрлі тақырыптарды қамтуға мүмкіншілік береді. Жаратылыстану бағытындағы әріптестерімнің пікірлерінше «Тізбектелген суреттер» стратегиясынан математикалық формулалар құрастыру, есептердің шығару жолын тізбектеп көрсетуге болатынын айтқан. Демек, диалогтық оқыту тек филология бағытындағы пәндерді ғана емес, жаратылыстану-математикалық бағытындағы пәндерге де тиімді.Өткізген іс-шарамның мақсатынан тыңдаушылар диалогтық оқытудың тағы бір жаңа тәсілдерді үйреніп, қажеттісін өз тәжірбиесіне егізеді деп күтемін.Нәтижесіде тыңдауышылар сабақтағы әңгімені дамыту үшін бірқатар стартегиялармен танысты. Тыңдаушылар үшін жаңа топқа бөлу «Шашу» әдісі көпшіліктің көңілінен шықты.Топ арасында әңгіменің түрлерін қайталап, сипаттама бере отырып ой-ашар жүргіздік. Бірінші топқа ұсынған «Тізбектелген суреттер» стратегиясында мұғалімдер берілген суреттерден тізбек құрды. Бұл тапсырманы оқушылардың логикалық ойлау, сөйлемдегі сөздердің орнын дұрыс сақтау, сөйлеу мәнері, мен интонация сияқты қаситтерді дамытуға бағытталған.

  1. hello_html_m57165959.jpg



«Тізбектелген суреттер» стартегиясын орындау сәті

hello_html_1f4c6630.jpg

«Әліпби-әңгіме» стратегиясын орындау сәті

«Әліпби-әңгіме» стратегиясын орындау барысында мұғалімдердің ойлау және сөйлеу мәнерін ұштастырып мазмұнды әңгімені ұсынды. Бұл тапсырма түрі оқушылар үшін өте қызықты. Логикалық ойлауы ұшқыр оқушылар әдетте түрлі тақырыптарда әңгімелер құрастырады.

«Коллаж әңгіме» стартегиясы қоғамдық-гумманитарлық бағыттағы пәндерге өте қолайлы екенін тыңдаушылар өз рефлексияларында атап өткен. Постерді дайындау барысында алғырлық, эстетикалық талғам мен қиялдау қабілеттерін үйлестірген ұстаздар бұл стратегияны да ойдағыдай орындады.

hello_html_m12f66642.jpg

«Коллаж әңгіме» стартегиясын орындау сәті

Мұғалімдеге ұсынған «Төрт бұрыштағы суреттер» атты стратегия нағыз шығармашылық жұмысқа бағытталған, себебі мұнда тек әңгіме құрастыру ғана емес, әңгіме барысын иллюстрациялау мақсат. Яғни, сурет салу керек. Мұғалімдер аса жауапкершілікпен тапсырманы орындап,өз постерлерін ортаға ұсынды.Сыныпта бұл тапсырманы орындау барысында талғамы бар, сурет салуға бейім тұлғаларанықталады.

hello_html_44e3de4b.jpg

«Төрт бұрыштағы суреттер» стратегиясын презентациялау

«Түйінді сөздер» тапсырмасында ұстаздарға сөздер мен сөз тіркестері ғана беріледі. Тыңдаушылар берілген сөздерден әңгіме құрастыру шарт, әңгіме идеясы нақты түйінді сөздер алынған аңыз-әңгіме идеясымен салыстырылады. Тыңдаушылар белсенділік танытып, стратегияны қызыға орындады.

hello_html_1a2ca58b.jpg

«Түйінді сөздер » стретиясын орындау барысы

Мастер-класс барысында стретегиялардың барлығы уақытылы, талапқа сай, жоспарға сәкес орындалды. Мұғалімдер тапсырмаларға үлкен жауапкершілікпен қарап, шығармашылықтарын үйлестіре білді. Мұғалімдердің ой –пікірлерін және мастер-класстың өту деңгейін анықтау мақсатында жазбаша түрде «Екі жұлдыз, бір тілек» кері байланыс түрін таңдап, арнайы парақша тараттым. Әріптестер өз рефлексияларында көптеген ізгі ниеттерін жұлдыз түрінде сыйласа, бірнеше ұсыныстарын тілек түрінде жазып өтті. Бірінші тілек-тапсырмалар нақты тақырыпта болса екен деген ұсыныс жазды. Өте орынды ұсыныс деп ойлаймын, себебі топ ішінде постерді орындау үшін тақырыпты таңдауға уақыт қажет етуі мүмкін. Келешекте арнайы тақырыптарға сай материалдарды дайндаймын деп жоспарлаудамын. Екінші тілек- топтарға жақындап, бақылап, ой қоссаңыз деген тілекпен бір әріптесім жазған екен. Топқа берілген тапсырмалар бірден түсініксіз болған шығар, тапсырма бере отырып, мысалдар келтіруім керек екенін түсіндім. Үшінші ұсыныс- ағылышын тілі пәніне байланысты болса деп тілек жазған екен. Түрлі пәндер оқытылатын деңгейлік курс тыңдаушылары болғандықтан, өз пәнімді қамтымағаным рас. Келешекте тыңдарман аудиториясын пәндер бойынша бөліп, бағыт бойынша әдіс-тәсілдерді көрсетуім керек деген ой түйдім. Бұл мастер-класс әріптестерім үшін де, өзім үшінде үлкен сабақ болды. Алдағы жұмыстарды жоспарлауда тиянақты қарастыратын жақтары бар деп ойлаймын.

Пайдаланылған әдебиеттер мен интернет -ресурстары:

  1. Мұғалімге арналған Нұсқаулық.

  2. http://bilimdiler.kz/ сайты

  3. http://ustaz.kz сайты

  4. http://sabaq.kz

  5. Жаңа жоба –жаңашылдық бастауы- Алматы 2012 жыл

  6. Ел-назар – Республикалық журнал № 05(08) мамыр 2012 жыл 21 –бет























Қосымшалар

hello_html_7c64d355.jpghello_html_m2e6e14c9.jpg

hello_html_m3d8045a2.jpghello_html_13784bf5.jpg

hello_html_1a2ca58b.jpghello_html_medc9c6b.jpg

hello_html_m4fbf2148.jpghello_html_27a58af0.jpg

hello_html_12535b86.jpghello_html_3af0760f.jpg

hello_html_12535b86.jpghello_html_m3d15b301.jpg

hello_html_24b99ef7.jpghello_html_140ad25e.jpg

hello_html_2e7db082.jpghello_html_60e36aba.jpg

hello_html_m69cb5524.jpghello_html_620a3393.jpg

hello_html_175e59d7.jpghello_html_44e3de4b.jpg






















Краткое описание документа:

коучинг сабақ « Оқытудың белсенді әдіс- тәсілдері» Жаңа әдістермен таныстыру мақсатында өтілді.сыни тұрғыдан оқытудың тәсілдері арқылы жүргізілді.

Оқытудың белсенді әдіс- тәсілдерін тиімді пайдаланужолдарынжәне сыни тұрғыдан ойлау жобасының стратегияларын көрсету,оларды қолдануды үйрету Қатысушыларды ұжымдық сыйластық, бір біріне сенім арту, бірлесіп жұмыс жасауға баулу

  • Ø Қатысушылармен амандасу
  • Ø Тренинг «Мені таны»
  • Ø Топқа бөлу(геометриялық фигуралар бойынша)
  • Ø Бой сергіту «Түйсік және ереже» (Коуч топтағы адам санына байланысты сандар айтыптұрады)
  • Ø «Біз бірге күштіміз» (бейнекөрсетілім)
  • Ø «Идеялар себеті» стратегиясы

«Өрнектер» туралы не білетіндіктеріңіз туралы ойланыңыздар, «Өрнектер» дегенде ойларыңызға не келеді? Бәрін қағазға тізіп жазыңыздар?

Автор
Дата добавления 03.05.2015
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров3485
Номер материала 262515
Получить свидетельство о публикации

Комментарии:

3 месяца назад

ок


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх