Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Коучинг сабақ "Оқу үшін және оқыту үшін бағалау"

Коучинг сабақ "Оқу үшін және оқыту үшін бағалау"


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Коучинг сабақтың өткізілу жоспары

Дайындаған:

3-деңгейлік бағдарлама мұғалімі

Маукишева Роза Ораловна

Тақырыбы: Оқыту үшін және оқуды бағалау

Жалпы мақсаты :Бағалаудың түрлерін білудің маңыздылығы туралы пікірлесу, тиімді жолдарына бағыттау, дұрыс пайдалану жолдарын үйрету

Оқу нәтижелері: Бағалау туралы нақты түсінік алады, оны қолдану жолдарын үйренеді, сыни көзқарастары қалыптасады, өз ойларын ортаға салады, өзгенің пікірін тыңдайды

Түйінді идеялар: Бағалау түрлерін сабақтарында пайдалану жолдарын іздейді, тиімділігін түсінеді. Формативті бағалау, суммативті бағалау

Сілтеме: Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, интернет ресурстары 

Оқыту әдістері: Оқыту мен оқудағы жаңа әдістер АКТ СТО

Ресурстар: Маркер, флипчарт, слайд,  үлестірмелі материал


Кезеңдері

Коучтің  іс-әрекеті

әріптестердің іс-әрекеті

Психологиялық ахуал

(жағымды көңіл күй туғызу)

Шаттық шеңбері «Қаражорға»биі


Топқа бөлу: әр орындықтың астына геометриялық фигураларды жапсырып қоямын

Шеңберге тұрып жаттығуды орындайды.

Сол фигуралар бойынша топқа бөлінеді.

Сәлемдесу

Коучинг тақырыбы мен мақсатын сұрақ-жауап арқылы ашу.


Ой қозғау


Бағалау дегеніміз не? Бағалаудың қандай түрлерін білесіздер?Сіз сабақта нені бағалайсыз?«5», «4», «3», «2» деген бағаларды қалай қоясыздар? Бұл бағаларды қойғанда нені ескересіз?

жауаптары тындалады

Жеке тапсырма

Мысықтың суретін салу

(Мұғалімдерге кішкентай парақшалар үлестіріліп беріледі)

Қатар отырған мұғалімдерге салған суреттерін ауыстырып бағалау тапсырылады. Осы салынған суретке байланысты коуч бағалау критерийін ұсынады, критерий бойынша қайта бағалатады.


Топтың әр мүшесі парақшаға мысықтың суретін өз түсінгендері бойынша салады.

Бірін-бірі бағалайды.


Рефлексия

Сіз өз бағанызға қанағатсыз ба?

Өз тәжірибеңізде оқушылардың алған бағаларына разы еместігін көрсететін жағдайлар болып жатады,сол жағдайдан қалай шығасыз?Сіздің оқушыларыңыз бағаны сіз неге олай қойғаныңызды түсіне ме? Өз әріптесіңіздің қойған бағасына разысыз ба?

Сондықтан да бұндай қиын жағдайдан шығудың бірден бір жолы ол критериалды бағалау болып табылады.

пікірлері тындалады.

Критерий бойынша бағалау

Осы салынған суретке байланысты коуч бағалау критерийін ұсынады, критерий бойынша қайта бағалатады.

Бағалау критерийі:

Қағаз бетіне орналасуы

Толық қағаз бетіне – 3 ұпай

Жарты қағаз бетіне-2 ұпай

1\3 бөлігінде– 1 ұпай

Түстердің үйлесімділігі

4 түсті – 3 ұпай

2-3 түсті- 2 ұпай

1 түсті– 1 ұпай

Дене мүшелерінің саны

5 мүшесі болса – 3 ұпай

3-4 мүшесі болса – 2 ұпай

1-2 мүшесі болса- 1 ұпай


Критерий бойынша бағалау мен өз бағалағандарын салыстырады.







Критерий бойынша ұпайлардың санын қосады.

9 ұпай – «5»

8-6 ұпай – «4»

5-3 ұпай – «3»



Тапсырма бойынша рефлексия


Бұл бағалау түрі сіздерге түсінікті ме?

Бұл бағалауды қалай атауға болады?

Әріптесіңіз қойған бағамен қандай айырмашылығы бар?

Қай бағаны қойған сізге жеңілдірек болды?

Қойылған бағаның қайсысы сізге ұнады?

Пікірталас

Теориялық мәліметтер

«Оқыту үшін және оқуды бағалау »модулі туралы презентация арқылы мағлұмат беру

Таныстырылымды тыңдайды.

Топтық жұмыс кесте толтыру үлестірмелі материалмен жұмыс


Формативті бағалау (оқыту үшін бағалау)

Суммативті бағалау (оқуды бағалау)





1-топ: Оқыту үшін бағалау

2-топ: Оқуды бағалау

Кесте толтырады





(постер қорғау)

Сергіту сәті

«Қара өрік» биі

Билеп жаттығу жасайды

Шығармашылық тапсырма

Бес түрлі түсті қағазды қолдана отырып гүл жасауды ұсынады

Әр топ сол тапсырмаға бағалау критериін құрылулары керек.


Топтар бірлесе отырып бірінші критерилер құрып. Осы  критерилерге сүйене отырып , топтық бағалауды  жүзеге асырды. Сонымен қатар өзін өзі бағалау кестесінде ұпай жинай отырып, соңында жиналған ұпайларын санап  өзін өзі бағалады.

Рефлексия


Критерийлерді тексеру

Әр топ 2 жұлдызша, 1 тілек әдісі бойынша өзге  топтың жұмысына баға беру

Қосымша материал

Бағалау парақшаларының түрлерімен таныстыру

презентация

Кері байланыс


Формативті мен жиынтық бағалаудың айырмашылығы неде?

 

 

Ақ параққа өз қолдарын салып, әр саусаққа бүгінгі коучинг туралы ойларын жазады 

Бүгін мен не білдім?

 Не үйрендім?

Ұсыныстар
































Формативті бағалау (оқыту үшін бағалау)

Суммативті бағалау (оқуды бағалау)


















































Үлестірмелі материал:

ОҚЫТУ ҮШІН БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ОҚУДЫ БАҒАЛАУ

Бағалау – оқу сапасы туралы қорытынды қабылдау үшін оқу куәліктері жоспарлы және жүйелі жинақталған кез келген қызмет түрлеріне қатысты санат. Осы санат бағалаудың екі аспектісін көздейді: оқуды бағалау (жиынтық бағалау) және оқыту үшін бағалау (формативтік бағалау). Бағалаудың түрлі нысандары олардың оқуды жақсарту әлеуеті тұрғысынан сипатталған және бағаланған. Сондықтан да осы модуль оқыту үшін бағалау, сондай-ақ оқуды критериалды бағалауды зерделеуге бағытталған.

Модуль мұғалімдерге:

бағалаудың түрлі нысандарын түсінуге;

бағалау түрлерінің барабар мақсаттарын анықтауға және негіздеуге;

бағалаудың формалды және формалды емес жүйелерін анықтауға/бағалауға;

әрбір мұғалім оқыту мен оқу сапасын жақсарта алатынын/жақсарта алмайтынын түсіндіруге көмектеседі.

 Формативтік (қалыптастырушы) және жиынтық мақсат арасындағы айырмашылық 1960 жылдардан бастап белгіленген, бірақ, берілген екі терминнің мәні нақты анықталмаған. Бағалаудың екі нысаны да білім беру жүйесіне қажет-ақ. Іс жүзінде бұдан анығырақ айырмашылық жіктеу және есеп беру үшін өткізілетін оқуды бағалау және нақты мақсаты оқушылардың оқуына ықпал етуге арналған оқытудың бөлігі ретінде бағалауды қолдану болып табылатын оқыту үшін бағалау арасында жүргізіледі.

Егер бағалау мақсаты баға қою, сертификаттау немесе оқытудың алға жылжуын тіркеу үшін оқыту қорытындысын шығару болса, онда өзінің функциясы бойынша бағалау жиынтық болып табылады және кейде оны оқуды бағалау деп атайды. Жиынтық бағалау оқушының, мұғалімнің немесе мектептің мәртебесіне немесе болашағына ықпал етуі (яғни, анықтайтын мәнге ие) мүмкін болатын шешімді қабылдау үшін қолданылған жағдайда өлшемдердің сенімділігін қамтамасыз ету керек, бұл ақпараттың мазмұны мен оны қалыптастыру шартын бақылауды белгілейтін арнайы тестілерді қолдану кезінде мүмкін болады. Оқуды жақсарту мүмкіндіктерін, осы мүмкіндіктерді іске асыру әдістері мен түрлерін анықтауға бағытталған бағалау формативтік бағалау, басқаша айтқанда, оқыту үшін бағалау (ОүБ) болып табылады.

Бағалаудың мәні

«Бағалау» термині «жақын отыру» дегенді білдіретін латын сөзінен шыққандығы кездейсоқ емес, себебі бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін-өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылауы болып табылады. Бұл жорамал ресми тестілерден және емтихандардан бастап, мұғалімдер сыныптарда күніне жүз рет өткізетін бейресми бағалауға дейінгі бүкіл бағалау спектріне қатысты. Бұған қарамастан, бағалау түрлі нысанда болуы мүмкін: бір тестілер қолдағы қарындаш пен қағаздың көмегімен жүргізілсе, басқалары сыныптағы әдеттегі сөйлесу кезінде сұрақ қоюға негізделеді: бағалаудың барлық түрлеріне жалпы сипаттамалар тән.

Бағалау – одан арғы оқу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин.Оқытуды, әдістерді және осы мүмкіндіктерді іске асыру түрлерін жақсарту мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған бағалау формативті немесе оқыту үшін бағалау болып табылады. Егер бағалау мақсаты баға қою, сертификаттау немесе оқытудың алға жылжуын тіркеу үшін оқыту қорытындысын шығару болса, онда өзінің функциясы бойынша бағалау жиынтық болып табыладыжәне кейде оны оқуды бағалау деп атайды.

Оқыту үшін бағалау – бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар және олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі. Оқыту үшін бағалау балалар оқыту үдерісінің қандай кезеңінде екенін, әсіресе олардың мықты және әлсіз жақтарының сипаты мен себептері қандай екендігі туралы алынған мәліметтерге басты назар аудартады. Осылайша, оқыту үшін бағалау қорытындысы ары қарай дамыту үшін олардың не істеуі мүмкін екендігіне негізделген.

Оқуды бағалаудың мақсаты оқушы қазіргі уақытта не оқып білгенін жинақтау болып табылады. Негізінен, ол тікелей келешек оқытуға үлес қосуға бағытталмаған, бірақ маңызды мәні бар тестілеу оқыту үдерісіне кері әсерін тигізуі мүмкін. Оқуды бағалау кезінде бір оқушының жетістіктерінің белгіленген нормалармен немесе бірдей жастағы оқушылар тобының қол жеткізген деңгейімен арақатынасы салыстырылған соң қорытынды жасалады. Мұндай қорытындылар стандартқа немесе әдетте балл немесе деңгей түрінде келтірілген межелікке «сәйкес/сәйкес емес» деген нысанда жасалады. Бұл олар негізделген өлшемдер мен стандарттардың таңбалануы.













































Бағалау парақтарының үлгісі

1-кесте

Блок

Критерий

Қолданатын әдіс-тәсілдер .

А

Түсіну

Сұрақ-жауап, ой қозғау, мағынаны тану, қызығушылығын ояту

В

Талдау

Миға шабуыл, талдау, білу, тапсырмаларды орындау, салыстыру, Венн диаграммасы, Әлемді шарлау, ББҮ,

С

Стиль және тілді қолдану

Еркін жазу,өзіндік жұмыстар, ізденіс жұмыстар

Қортынды

Барлығы


2-кесте: Эссе жазуда

Тілді қолдану

0

Тапсырма бойынша берілген критерийлерді орындай алмады



1

5-6 орфографиялық қате, ұқыпсыз жазылған, каллиграфиясы нашар, түзетілген,пунктуациялық қателар бар.



2

3-5 орфографиялық, қате, ұқыпсыз жазылған, каллиграфиясы нашар, түзетілген, пунктуациялық қателар бар.



3

2 -орфографиялық қате , таза, сәл каллиграфиялық аутқу бар, пунктуациялық қателар бар.



4

1- орфографиялық қате, таза, сәл каллиграфиялық аутқу бар, пунктуациялық қателар жоқ.



5

Орфографиялық, қате жоқ, ұқыпты, түзету жоқ, каллиграфиялық талаптарға сай , пунктуациялық қателар жоқ.


3-кесте Мәтінге арналған бағалау критерийлері (сынып оқушыларымен бірге құрастырылған).

Түсіну

А

0

Мәтінді әңгімелегенде әңгіме желісін бұзбай, бұрмаламай баяндау.




1

Мәтінді нақты мазмұндау





2

Мәтінді немесе өлеңді анық, мәнерлеп оқу.




3

Қайталама сөздер айтпау





4

Мәтінді ұқыпты, зейін қойып түсініп оқу




5

Өзге тілден сөздер араластырмау




Мәтінмен жұмыс

0

Тапсырма бойынша берілген критерийлерді орындай алмады



1

Оқушының сөздік қоры мол болуы



2

Кілт сөздерді таба алу



3

Кейіпкерлерді сипаттай білу



4

Оқиғаның нақты қайда болғанын білу



5

Автордың жеке көзқарасын нақты түсіну



«Менің қабілетім» өзін-өзі бағалау бетшесі

Оқушының аты-жөні------------------------------------------------------------------------------


Критерийлер бойынша бағалау

Өте жақсы «5»

Жақсы

«4»

Қанағаттанар

лық «3»

1

Шапшаң оқыдым.




2

Мәтінді мазмұндай алдым.




3

Мәтінді мазмұндауда сөйлеу шапшаңдығым




4


Мәтіндегі кейіпкерлердің аттарын шатыстырмай айта алдым




5

Қайталама сөздер қосқам жоқ




6

Өзге тілден сөздер араластырмай мазмұндадым





Өзін-өзі бағалау бетшесі «Менің қабілетім»

Аты--------------------- Сыныбы


Критерий

Топтағы жұмысын бағалау ұпай саны

Мұғалімнің бағалауы

бағамен

1.

Топтағы талқылауға белсенді қатыстым



2.

Мәтінді шапшаң оқимын



3

Мәтінді түсіндім



4

Кілт сөздерін таба алдым



5

Эссе жаздым



6

Барлық ұпай саны





«Сиқырлы сызғыш»


hello_html_2d5a6985.jpg






Бағасыз бағалау шкаласы

Оқушының аты-жөні----------------------------------------------------------

Тапсырманы орында:

Сөзді тәуелдеп аяғын аяқтап жаз.

Тәуелдеудің нешінші жағы екенін көрсет. 1-жақ, 2-жақ,

2 жақтың сыпайы түрі, 3-жақ.

ТАПСЫРМА


Бірін-бірі бағалау

«Сиқырлы сызғыш» шкаласы

Тәуелдеудің жекеше түрі:

Менің мысығы---------------

Сенің мысығы---------------

Сіздің мысығы--------------

Оның мысығ-----------------

Тәуелдеудің көпше түрі:

Біздің мысығы-------------

Сендердің мысық----------

Сіздердің мысық-----------

Олардың мысық-----------


Мұғалім аты:-----------------қолы---------------------------------


«Менің қабілетім» өзін-өзі бағалау бетшесі

Оқушының аты-жөні------------------------------------------------------------------------------

Критерийлер бойынша бағалау

Өте жақсы «5»

Жақсы

«4»

Қанағаттанар

лық «3»


Авторы





Тақырыбы:





Әдеби жанры-





Шығарманың негізгі идеясы:





Шығарманың композициялық құрылысы:





Оқиғаның басталуы:





Оқиғаның дамуы





Оқиғаның байланысы





Оқиғаның шиеленісуі





Оқиғаның шарықтау шегі





Оқиғаның шешілуі





Шығармадағы кейіпкерлер бейнесі






Қазақ тілінен нәтиже көрсеткіш таблицасы

Дағдылары

1-кезең

2-кезең

1 жылдық көрсеткіші

Қатесіз көшіру тақтадан




Қатесіз көшіру оқулықтан




Сөз табын нақты , дұрыс таба алуы




Сөз құрамына талдауы




Сөйлем мүшелеріне талдауы




Септеуі




Тәуелдеуі








Математика пәнінен нәтиже көрсеткіш таблицасы.

Дағдылары

1-кезең

2-кезең

1 жылдық көрсеткіші

Сөзді есеп шартын жазуы




Есепті шығаруы




Жауабын дұрыс, толық жазуы




Қосудың таблицасы




Азайтудың таблицасы




Көбейтудің таблицасы




Теңдеу шешуі




Геометриялық фигуралар




Сандарды, өрнектерді салыстыруы





Апталық есеп

Бұл аптада мен не үйрендім?


Қандай сұрақтар маған түсініксіз болып қалды?




Сабақ соңында шолу :

1.Не оқыдық? Сабақтың тақырыбын атаңдар?

2. Қандай тапсырманы мұғалімнің, сыныптас достарыңның көмегінсіз орындай алдың?

3. Бұл сабақта ең маңыздысын анықта?

4. Не саған қиындық тудырды немесе саған түсініксіз болып қалды?

5. Тақырып бойынша қосымша не білгің келеді?

6. Қай тапсырманы өте жақсы орындай алдың?

7. Дамытуым қажет?-------------


Үй тапсырмасын орындауда өз-өзін бағалау парақшасы



ия

жоқ

1

Мен үй тапсырмасын орындадым



2

Мен тапсырманы қалай орындау қажеттігін бірден түсіндім



3

Тапсырманы орындау барысында , қиындықтар болған жоқ



4

Барлық грамматикалық тапсырмаларды орындадым



5

Мен жұмысымды тексердім, қатемді тауып түзеттім



6

Мен жұмысты ұқыпты орындадым



7

Жазуым каллиграфиялық талаптарға сай



8

Қатемен жұмыс орындадым





Топтағы жұмыста өзін бағалау парақшасы.



ия

жоқ

1

Мен топта белсенді болдым



2

Мен тапсырманы қалай орындау қажеттігін бірден түсіндім



3

Тапсырманы орындаудың бірнеше нұсқаларын ұсындым



4

Негізгі жұмыстан аутқығамын жоқ



5

Мен жұмысты сәтті аяқтауға тырыстым



6

Топ мүшелерінің ұсыныстарын мұқият тыңдадым



7

Тобымының жұмысты өте жақсы орындағанын қаладым









Тоқсан соңында бағалау парақшасын толтыру:


Ия

жоқ

1.Үнемі үй тапсырмасын орындап келдім.



2. Қажет болғанда мұғалімнен кеңес алдым



3.Білімімді толықтырдым, баға сапасын жақсарттым



Дәптерімде үнемі жазбалар жүргіздім



Әдеби анықтамалықтарды қолдана аламын



Тақырыпты көшіріп жаза аламын



Берілген тапсырма бойынша материалдар таба аламын



Ауызша хабарлама жасадым



Тақырып бойынша талқылауға белсенді қатыстым



Түсініксіз сөздер кездескенде сұрақ қойдым



Бүгін сабақта не үйренгенімді баяндай аламын



Мәтінді сауатты, шапшаң көшіре аламын





Оқушы рейтингі



деңгейі

А

Өздік жұмысы

15

В

Топтық жұмысы

15

С

Бақылау жұмысы

35

Д

Тест жұмысы

10

Е

Шығармашылық жұмысы

15

Ж

Қосымша жұмысы

10


Қорытынды

100























Формативное (формирующее) оценивание

Суммативное

(итоговое)

оценивание


Оценивание для обучения

Оценивание обучения


Непрерывный процесс

Определенный период времени


Корректировка деятельности

Констатирование уровня усвоенности


Предполагает обратную связь

Предоставление отчетности


Учитель - не единственный оценщик

Предусматривает выставление оценок


Направлено на улучшение обучения

Направлено на подведение итогов


Причины сильных и слабых сторон учеников

Основано на нормативных документах


Наблюдение

Соотношения достижений с установленными нормами






Автор
Дата добавления 07.12.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров948
Номер материала ДВ-238716
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх