Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Коучинг сабаққа рефлексивтік есеп
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Другое

Коучинг сабаққа рефлексивтік есеп

библиотека
материалов


Мукишева Дана Азанбаевнаның«Сыныптағы барлық оқушылар үшін оқу үдерісін қалай жақсартуға болады?» тақырыбында өткізген коучинг сабағы туралы рефлексивтік

есебі


І бөлім.Коучинг сабағының тақырыбын таңдауды негіздеу


Білім жетілдіру- aлға жылжудың, жеңіске жақын жүрудің нышаны.Ұстаз- шәкіртін үнемі қадағалаушы, cабаққа қатысуын,бос ұақытын өткізбеуін қадағалаумен қатар баланың жан дүниесіне үңіліп,ішкі cырын ойын өмірге көзқарасын бақылап бағдарлаушы.Ұстаз- ұйымдастырушы,ұстаз- көшбасшы.Aдaмгeршілікті жoғaры қoятын мұғaлімдeр өздeрінің жұмыстaры мeн oртaсынa әсeр eту үшін көшбасшылық қaсиeттeрін көрсeтіп, ойындa үнeмі тaлaпқa сaй oқыту тұруы керек. Сoл сeбeпті «Сыныптағы барлық оқушылар үшін оқу үдерісін қалай жақсартуға болады?» кoучингі сaбaғы біздің мeктeп үшін, мұғaлімдeр үшін мaңызды, өйткені оқушы қызығушылығын тудырып, үлгермеуші оқушыны болдырмасақ мeктeпкe ықпaлы aнaғұрлым тиімдірeк бoлмaқ дeп oйлaймын. Кoучингкe қaтысушы бастауыш, гуманитарлық жәнe жаратылыстану пән бірлeстігі мұғaлімдeрі болды. Барлығы 14 мұғалім қатысты.Коучингке дайындалу барысында бес ұстанымға сүйендім:

-мұғалімдердің дамуы мен жетілуіне көмек көрсетудің тиімді тәсілін таңдап алу;

-оқыту мен оқудағы тәжірибемнің сапасын арттыруға ықпал ету;

-кәсіби дамуымды жетілдіру;

-сыныптағы жағдайды өзгерту үшін оқыту мен оқу тәжірибеме өзгерістер енгізуге ықпал ету;

-коучингті іске асырудың әртүрлі жолдарын қарастыру;[МАН 82- бет]

Мұғaлім әркез oқыту мeн oқу тәжірибeлік жeтілдіру жұмысының көшбaсшысы бола білуі керек. Сол себепті сыныптағы оқушылардың оқуын жақсарту үшін мұғалімдерге нені оқыту керек және қалай оқыту керектігі туралы мәліметтер бере отырып, олардың кәсіби өсуіне,бүгінгі қоғамға қажет жаңа мұғалім моделін жасауға көмек көрсету менің парызым деп білемін.

Мақсaтым: Мұғалімнің кәсіби дамуына ықпал жасау,әдістемелік көмек көрсете отырып өзімнің теориялық және практикалық тәжірибеммен бөлісу

Күтілетін нәтижeсі: Өз сынныптарында оқу мен оқытуды жетілдіреді, оқушылардың дамуы мен қалыптасуына жағдай жасау үшін кәсіби құзіреттіліктерін арттыру қажеттілігін түсінеді.

Негізгі идея: Білгеніңді үйрету, білмегеніңді меңгеру .

Менің алдымда коуч ретінде үнемі «әріптестерімнің сабақ үдерісіне, өмірге,оқушыға деген көзқарастарын өзгерте аламын ба?» деген мәселе тұрады.

«Аталған мәселені шешу мақсатында ХХ1 ғасыр дағдылары жүйесі мұғалімдер арасындағы ынтымақтастық аясын кеңейтуді көздейді.Ол жағдайда мұғалімдер бірлесіп жұмыс істеп, инновациялық, тиімді идеялармен алмаса алады, сол арқылы күнделікті қызметте қолданылатын оқыту мен оқудағы тәсілдердің ықпалын күшейте түседі» [Мұғалімге арналған нұсқаулық 14 бет] .


ІІ бөлім.Коучинг сабағының тиімділігін талдау, бағалау

Мұғaлімдeрді үш тoпқa бөліп, oрнaлaстырдым.Коучингті үш топқа ойларын білу мақсатында « Оқу дегеніміз не? Оқыту дегеніміз не? Үлгермеуші оқушының нашар оқу себептері неде?» деген сауалдар қоюдан бастадым.Әріптестерімнің ойларын түйіндеп,постерге түсірулерін сұрадым. Әр топ ақылдаса отырып постер жасады, бір спикер шығып қорғады.Осы арада мұғалімдерге қосымша ақпараттар бердім. «Оқу- бұл жекелеген құбылыс емес немесе дағды емес, ол оқушылардың оқуға қабілетін жақсартуға мүмкіндік беретін педагогикалық тетіктердің біртұтас кешені, ал оқыту- мұғалімдердің оқушыларға жасаған сыйы емес, бұл құзыреттіліктер білім алу үшін оқушылардың өздері де оқу үдерісіне белсенді қатысуын талап етеді.Оқу үдерісіне толыққанды қатысуы үшін оқушылар қалай оқу керектігін білулері керек.» [ Мұғалімге арналған нұсқаулық. 69-бет]

Екінші тапсырма ретінде «Балалар эмоциясы» атты бейнеролик көрсетіп,ойландыра отырып мынандай сұраққа жауап іздеулерін сұрадым: «Менің пәнімнен үлгермеуші болмау үшін не істей аламын?» . Топ мүшелерінің әрқайсысы өз пікірлерін айта отырып, ортақ шешім қабылдады.Келесі кезекте мұғалімдерді сергітіп алу мақсатында «Өмірлік кеңестер» атты бейнеролик ұсындым. Өздеріне қажетті кеңестер тыңдап көңілдері көтеріліп,сергіп қалды.

«Менің оқығым келеді» деген бейнеролик көрсету арқылы, мұғалімдерге алдымыздағы ең нашар оқиды деген оқушымыздың бойынан да жылт еткен бір ұшқын табуға болатындығын айта келіп, «Оқушыны сабаққа қалай қызықтыруға болыды?» . Сұраққа жауапты рөлдік ойын арқылы көрсетулерін сұрадым, бірақ бұл ұсынысымды тек «Көк байрақ» тобы ғана дұрыс алып шықты, ал «Байлық», «Релакс» топтары пікір айтумен шектелді. Жұмысымызды қорытындылағаннан кейін, топтар өздерінің бүгінгі жұмыстарын «От шашу», «Басбармақ» әдістерімен бағалады. Рефлексияны «Бәрі менің қолымда» әдісі арқылы өткіздім.

Педагогикалық пікірталас ортада мәдениеттің қалыптасуы мен жаңаруына үлес қоса алды. Мұғалімдердің пікірлерін анықтау мақсатында «Осы коучингте сіздерге не ұнады, не ойларыңыздан шықпады ?» деген ашық сұрағыма әріптесім: « Бүгінгі коучинг тақырыбы өзекті, себебі бәрімізде бала бағбанымыз,баланы өмірге дайындау, қалай білім алу керектігін үйрету біздің парызымыз. Бейнероликтер,оларды талдау кезеңдері өз бойымыздағы мүмкіндіктерді ашуға көмектесті. Коучинг сабағына қызығушылығым жоғары деңгейде болды. Жаңа тәсілдерді күнделікті сабақтарда тиімді пайдалана білуге болады деген тұжырымға келдім», - деп жауап берсе,енді бірі «ІІ деңгей бағдарламасында оқу- оқушының шынайы өмірді түсінуге көмек беретін құбылыс ретінде қарастырылады деген сөзіңіз көп ой тастады, кітабыңызды оқып шығуыма бола ма?» дегенді айтты. Әріптестерімнің осы тәріздес жауаптарынан кейін менің еңбегімнің еш кетпегенін, мұғалімдердің бүгінгі коучингтен үйренгендерін өз тәжірибелерінде қолданатына сенімді болдым.

ІІІ бөлім. Болашақтағы коучинг сабағын жоспарлау бойынша ойлау

Сапалы даму жұмысына жаңа технологияларды сынақтан өткізу, бағалау, талқылау және шолудың рөлі зор. Осылайша ішкі, сондай-ақ сыртқы өсудің айғақтары көрінді. Яғни мектеп басқаша жұмыс істейді. Сол себепті мұғалімдерді коучинг сабағына қызықтырып, бірлесе жұмыс істеуге шақыра білдім. Менің мақсатым, оқыту мен оқу туралы идеяларды жай ғана тарату емес, сонымен бірге ол идеяларды өңдеу және оларды ары қарай дамыту.

Болашақтағы оқушылармен жұмысымдағы мақсатым:

- өз сабақтарыма жеті модуль элементтерін үнемі кіріктіру арқылы оқу үдерісіне оқушыларды қызықтыра білу;
-өз жұмысымды оқушылардың алған білімдерін болашақта қолдана алуына бағыттау;
-оқушылармен тиімді кері байланысты қамтамасыз ету;
-оқушылардың өз оқуын қалай жетілдіру керектігін түсіну үшін

өздерін- өздері бағалай алуын қамтамасыз ету және өзара бағалау бірге оқитын оқушылармен бірлесіп жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру;
-бағалау нәтижелерін ескере отырып,оқытуды түрлендіру;

Коуч ретіндегі мақсатым:

  • Коучингтің мұғалімдердің дамуы мен жетілуіне көмек тәсілі ретінде қарастыру;

  • Мұғалімдердің оқыту мен оқу тәжірибесіндегі болмашы қадамдары мен өзгерістері сыныптағы жағдайды түбегейлі өзгерте алады;

  • Мұғалімнің кәсіби өсуін жетілдіру үшін өзекті мәселелерді коучинг тақырыбы ретінде алу, көмек көрсету;

  • Ең бастысы, мұғалімге қуатты қозғаушы күш бола білу;
    Осы мақсаттарға жету жолында әріптестеріммен ынтымақтастық байланыс орната отырып, оқытудың тиімділігін қарастыру негізгі міндеттерімнің бірі деп білемін және өзімнің кәсіби тәжірибеме өзгерістерді үнемі енгізе отырып, дамуымды ары қарай
    жалғастыруды жоспарлаймын.










D:\Фото\Дана\коуч\IMG_0101.JPGD:\Фото\Дана\коуч\IMG_0102.JPG



D:\Фото\Дана\коуч\IMG_0109.JPGD:\Фото\Дана\коуч\IMG_0106.JPG

D:\Фото\Дана\коуч\IMG_0104.JPG


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 15.11.2015
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров1571
Номер материала ДВ-159088
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх