Инфоурок Иностранные языки СтатьиКоучинг сабақтар бойынша рефлексивті есеп

Коучинг сабақтар бойынша рефлексивті есеп

Скачать материал

Коучинг- сабақтар туралы рефлексивтік есеп

Қазіргі кезеңде білім беру саласына баса назар аударылып отыр. Бүгінгі таңда білім саласындағы өзгерістер түбегейлі өзгеруді, болашақ ұрпақтың сұранысына орай өзгеруді талап етеді.  Жаңашыл педагогтарды толғандыратын сұрақтардың бірі -  оқушының қызығушылығын тудыру үшін, оның сыни және шығармашылық ойлауын дамыту үшін, үлкен өмірге қадам басқанда қолдана алатын дағдыларды қалыптастыру үшін «біз сыныпта не істеу керекпіз?». Оқыту және білім беру үдерісін жетілдіру үшін туындаған қажеттіктен өзгертулер енгізілді.  Мұғалімнің кәсіби дамуына бағытталған жаңа енгізілімнің бірі сабақтарды бірлесе жоспарлау мен коучинг әдісін жүзеге асыру болып табылады.

Менің коуч ретіндегі тәжірибелік қызметім Екінші (негізгі) деңгей курсына қатысу мен соған сәйкес әдебиет, мысалы, «Коучинг пен менторингті жүзеге асыру үшін мұғалімдерге арналған нұсқаулық» кітабын оқығанымнан кейін басталды. Кез келген маман иесі өз жұмысын сол объектіні танудан бастайды. Тану дегеніміз – зерттеу, содан соң жоспарын құрып, сол бағытта жұмыс атқарады. Мен де әріптестеріммен бірге осы тақырыпты  зерттеп, жоспар құрып, құрылған жоспарым негізінде жұмыс жасап, нәтижеге жететініме көзім анық жетеді.

Коучингті өткізуге мұқият дайындалдым. Әріптестермен (қамқорлығымда үшеу) кездесуді өткізу тақырыбын анықтау үшін алдымен олардың сабақтарына қатыстым. Бақылау барысында оқушыларға білім беруде қолданылған «әдістер, құралдар» [4, с 250] қойылған мақсатқа қол жеткізуге ықпал етпейтініне назар аудардым. Мысалы, қазақ тілі мен әдебиеті сабағында мұғалім (И) сабақ тақырыбын таныстырды, содан кейін «Батыр Баян» фильмінен үзінді көрсетті. Бұл сабақта маған мұғалімнің бейнематериалды көргеннен кейін сұрақ қоймай, бірден тапсырмаға көшіп кетуі үлкен ой салды. Білім алушының қызығушылығы – білім алу процесінің алғышарты. Бейнефрагмент көрсетіліп жатқанда екі оқушы көңіл бөлмей отырды. Сол кезде, сабақта мен өзіме «бұл «құралды» пайдаланудың мақсаты не?» деген сұрақты жазып алдым. Сонымен қатар, «фильмнен алынған үзінді қаншалықты тиімді болды?» және «оқушылардың қызығушылығы тудыруға әсері қандай болды?» деген ойлар туындады.

Бейнематериалды пайландудың қажеті қандай? Сабақ 7- сыныпта өтті, ал мұғалімнің таңдап алған оқу түрі оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес пе? Себебі оқу мақсаты оқушылардың когнитивті дамуына бағытталған «әртүрлі жағдайлар» [4, с 250] туғызу керектігін қажет етеді.  Сондай-ақ, менің көзқарасым бойынша, АКТ-ны дұрыс қолдану арқылы танымдық тақырыптарды, әдеби және визуалды, жазушының көзқарасы фильмде қалай көрініс тапқанын талқылау үшін әртүрлі мәтіндерді талдауға болады.

Мишра мен Келердің: «ақпараттық технологиялар оқыту мен білім беруді жетілдіру үдерісінде жаңартып, түрлендіруші болуы керек...» [4, с 250] деген түйіндемесі менің көзқарасымның дәлелдемесі болып табылады. Өкінішке орай, бұл сабақта қолданылған бейнематериал оқушылардың ойлау және таным қызметін дамытуға бағытталмаған еді.

Бірақ нақты осы сабаққа қатысуым менің бірінші коучингімнің тақырыбын, яғни «Сабақта АКТ-ны қолдану»  анықтауыма өз әсерін тигізді. Б мен К  мұғалімдердің сабағына қатысу олардың сабақ барысында өз оқушыларын оқыту үшін техникалық құралдарды орынды қолданылатындықтарын көрсетті. Сондай-ақ, әңгімелесу барысында мен әріптестерімнің бірі (Б) интерактивті сабақ құруда интерактивті құрылғылар мен технологиялармен жұмыс істеу бойынша курсты бітіргенін білдім. Мен оған таныстырылымды дұрыс қолдану бойынша ақпарат дайындауды ұсындым және ол бұл тапсырманы қызығушылықпен орындады. 

Коучингке қатысқан мұғалім саны – үшеу.

Коучинг үш кезеңнен: ой шақыру, мағынаны тану рефлексиядан тұрды.

Ой шақыру кезеңінде мен рефлексивті диалог арқылы тақырыпты өз беттерімен анықтауға жағдай тудырдым. Жүргізуге арналған жұмыс түрі педагогтардың практикалық жұмыстар арқылы кездесудің тақырыбын анықтауға бағытталған болатын. Ең алдымен мен «Қандай темперамент түрлерін білесіңдер?» деген сұрақ қойдым. Әрине, әріптестер бұл сұраққа дұрыс жауап берді. Сондықтан мен ары қарай холериктер туралы түсіндірдім. Екі минуттық дәрістен кейін мені тыңдау қаншалықты қызық екенін анықтадым. Әрине, бұл олардың қызығушылығын тудырған жоқ еді. Сондықтан келесі сұрақ : «Осындай сабақ түрі оқушыларға, әсіресе 7- сыныпқа қызықты ма?» деген бағытта өрбіді. Әрине «жоқ» деген жауап алдым. Сонымен қатар дәріс сабағы тек 7-сыныптарға ғана емес, жоғары сынып оқушыларына да ауыр екені ескерілді. Қысқа диалогтан кейін мен оқылатын материалды оқушыға жеткізу жолын қалай жеңіл әрі қызықты ету керектігі туралы ойлануға жағдай туғыздым. Әріптестер әртүрлі жолдарды, тәсілдерді ұсынды, алайда барлығының пікірі  слайдтық презентация жасауды қолдану  деген бір пікірге тоқайласты. ( Қосымша №2)

Бұл кезең, менің ойымша, жақсы өтті: мұғалімдер кездесудің мақсатын анықтады, сабақта АТҚ қолданудың маңызын атай алды. Сонымен қатар, әріптестердің слайдтық презентацияны сабақ барысында, мысалы, жаңа сабақты түсіндіргенде жиі қолданатынына көз жеткіздім.

Бірақ, «Техникалық құралдарды қолдану сапалы білім беру үдерісіне үнемі оң әсерін тигізе ме?» деген сұраққа жауап оң болды. Мен әріптестерімнің өз сабақтарында АКТ-ны орынды қолданатын- қолданбайтындықтары туралы ойланбайтындықтарын түсіндім.

Сондықтан жүзеге асыру кезеңінде мен қатысушыларға слайдты талдауды ұсындым: слайдта берілген ақпарат қаншалықты оқушыларды қызықтырып, қарастырылатын тақырыпты түсінулерін жеңілдетеді:

Талқылау барысында талдап отырған слайдта берілген ақпаратты қабылдау тек оқушылар ғана емес, үлкендер үшін де қиын екені ескертілді. Макеттің дизайны, түсі, материалдың көлемі мен шрифтіні қайта қарау туралы ұсыныстар жасалды. Бірақ, ең бастысы, менің көзқарасым бойынша кездесу мақсатына жетті: мұғалімдер мәселенің өзектілігін түсінді және келесі қорытындыға келді:  АКТ  қолдану «<…> оқытуды жақсарту мен үлгерімді көтеруге кепілдік бермейді»[4,  250-б].

Талқылаудан кейін мен кестені толтыруды тапсырдым:

Презентацияда не болуы керек

Неден қашу керек

 

 

 

Бұл жұмыстың мақсаты – мұғалімдерге слайдтық презентацияларды дұрыс безендіруді талқылау үшін жағдай туғызу. Қатысушылар түсті, шрифты  таңдаудың, мәтін мен сызықтық материалдың арасында тепе- теңдікті сақтау қажет деген қорытынды жасады.Қосымша 2

Осы кезеңді бекіту кезеңінде мұғалім (М) слайдты презентацияларды дұрыс безендіру туралы ақпаратпен бөлісті және мен коуч ретінде қарастырылатын тақырып бойынша сілтемелер ұсындым.  Менің ойымша, көрсетілген ғаламтор көздеріндегі ақпараттар қатысушылардың техникалық құралдарды дұрыс қолдану бойынша білімдерін кеңейтеді.

Рефлексия кезеңінде мұғалімдерге жүргізілген коучинг бойынша бірнеше сұрақтарға жауап беру ұсынылған болатын Мұғалімдердің рефлексиясы талқыланып отырған         тақырыптың өзекті әрі қызықты екенін көрсетті. (Қосымша№3)

Кестені толтыруға көп уақыт кеткендіктен, осы кезең бойынша уақыттың жеткіліксіз болғанын айта кеткеніміз дұрыс болар. Соған байланысты  рефлексия жүргізу үшін алдын –ала дайындалған парақтарды «Бүгінгі кездесуден өздеріңізге не алдыңыздар?» деген сұрақтарға ауызша жауапқа алмастыруға тура келді. Мен уақытты ескеру керектіін түсіндім. Слайдық таныстырылым жаңа сабақтың бір бөлшегі болып саналатынын, бірақ оны дұрыс безендіру өкінішке орай бізде қиындық тудыратынын ұқтым.

Коучингтың қорытындысында мен мұғалімдердің өз сабақтарында қтехникалық құралдарды қолданулары бойынша өздік талдау жасауға тапсырма бердім. Сонымен қатар, «Оқыту мен білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану» тақырыбы бойынша таратпа материалдарды ұсындым.  [4, с 255 - 256]:

Менің ойымша, мұғалімдерге танысу үшін берілген ақпарат олардың тақырып бойынша білімдерін кеңейтеді: оқытудың бес аспектісі бойынша АКТ-ны тиімді қолдану туралы біледі және олардың өздік талдау жасауларына көмектеседі.

 

 

 

Әдебиеттер тізімі:

1.                      Вильямс П. Эволюция от терапии к личному коучингу // Электронды ресурс: www.coaching.ru.

2.                      Компьютерлік презентацияларды безендіру ережесі// Электронды ресурс: http://comp-science.narod.ru/pr_prez.htm

3.                      ҚР педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін көтеру бағдарламасы. Екінші (Негізгі) деңгей. 2015.

4.                      Мұғалімге арналған нұсқаулық. Екінші (негізгі) деңгей. 2015.

5.                      Коучинг пен менторингті жүзеге асыру үшін мұғалімдерге арналған нұсқаулық. 2014.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша №1

№ 1 КОУЧИНГ ЖОСПАРЫ    28.03.2016

 

Коучинг тақырыбы №1 сессия: оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай оқыту үдерісінде техникалық құралдарды тиімді қолдану.

Мәселелер. Талаптарға сай бірінші кездесуді жүзеге асыру барысында келесі сұрақтарды қарастыру жоспарланды:  

1.    Сабақтағы АКТ

2.    Жас ерекшеліктерінің есебі

 

Коучингке қатысушылар саны – үшеу.

Мұғалімдер:

1)    Ұйымдастырушы/коуч: Екінші (негізгі) деңгей курсының тыңдаушысы - Сейсенбаева Ж.Ш.

2)    Қатысушылар: мұғалімдер И, Б,С

 

Есептер:

1)    В 1.1 есебі. Коучинг – сабақ туралы рефлексивті есеп;

2)    Фотоматериалдар:

- коучингке өатысушылардың тапсырманы орындауы:

- таратпа материалдары;

- кездесулерді қорытындылау бойынша қатысушылардың рефлексиясы;

  - сабақ «фрагменті»: «Ақпараттық- коммуникативтік технологияларды оқыту мен білім беруде қолдану» теориялық материалымен жұмыс.

 

Коучинг кезеңдері: ой шақыру, мағынаны тану, рефлексия.

 

 


 коуч-сессия

Коучтың қызметі

Тура және кері байланыс

 

Қатысушы үшін нәтиже

 

Әдістер

Қорытындылар, есептер

 

Көрсеткіш негізі

1.           Ой шақыру кезеңі:

- рефлексивті диалогті ұйымдастыру;

- коучтың қысқаша лекция жүргізуі (2 мин)

Мақсат: қатысушылардың кездесудің тақырыбы мен мақсатын практикалық әрекет арқылы анықтауы.

Коуч қарастырылатын тақырыпты анықтау үшін сұрақтар дайындайды.

- Қандай темперамент түрлері бар?

- Мені тыңдау қызықты ма?

- Бұндай сабақ түрі 7- сыныпқа өткізуге қиын болмай ма?

Қатысушылардың қорытындысы:

- лекционная форма подачи материалдың лекция түрінде берілуі 7- сыныптар ғана емес, 11- сыныптар үшін де қиын;

- сабақта АКТ қолданудың маңызы.

АКТ жаңа заман сабағының ажырамас бір бөлігі екендігі туралы қорытынды жасалады.

Талқылау

Рефлексивті диалог

Коучингтің осы кезеңі бойынша рефлексия

 

- жүргізілген коучинг-сессия туралы қатысушылардың рефлексиясы

1. В1.1 есебі Коучинг сабақтар туралы рефлексивті есеп:

2.     Фотоматериалдар:

- коучингке қатысушылардың тапсырманы орындауы;

- таратпа материалы;

- кездесулердің соңындағы қатысушылардың рефлексиясы;  

- сабақтан фрагмент: «Ақпараттық- коммуникативтік технологияларды оқыту мен білім беруде қолдану» теориялық материалымен жұмыс. [4,  255 – 256 б.].

 

3.     Мағынаны тану кезеңі:

Әңгімелесу:

- Қатысушылардың сабақта АКТ-ны қолдану бойынша кері байланысын талдауға ашық сұрақтар.

- Техникалық құралдарды қолдану мұғалімдердің алдына қойған мақсатына қол жеткізуге көмектесе ме?

- өз тәжірибесіне сыни көзқарас

- оң жауап

 

- рефлексия;

- талқылау.

 

3.Слайдтағы ақпаратты талдау арқылы мәселені анықтау.

Слайдтағы ақпаратты талдау арқылы жеткізу мәселенің өзектілігін анықтауға таратпа материалдарын ұсыну.

- қорытынды: АКТ қолдану «<…> білім беру мен үлгерімді көтеруді жетілдіруге кепілдік береді» (екінші деңгей курсының теориялық материалдары, 250 б.);

- мәселені қалыптастыру.

1. таратпа материалы;

2. талқылау;

3. қорытынды

4. Шешу жолдарын біріге орындау арқылы слайдтық тапсырмаларды дұрыс безендірәлуіне және сабақта мұғалімнің мақсатына жетуіне қажеттілігі.

Таратпа материалдарын ұсыну– тапсырма: слайдтық тапсырмаларды безендіру туралы алдында алған білімдерін жүзеге асыру.

- ортақ талқылау мен кестені толтыру;

- сабақта қолданылатын материалдардың оқушылардың жас ерекшелігіне сай болуы туралы талқылау(екінші деңгей курсының теориялық материалдары);

- әдістемелік тәжірибемен алмасу.

1. кесте

2. талқылау

3. қорытынды

5. Теориялық материалды талқылауға қатысушылардың біреуін қатыстыру.

Тәжірибелі мұғалімге алдын- ала тапсырма беру. Слайдты дұрыс безендіру бойынша лекция жүргізуін сұрау.

- тәжірибе алмасу: талқыланған тақырып бойынша «тәжірибелі» мұғалімнің ой бөлісуі.

1.алдын- ала тапсырма беру

2.қатысушының дәрісі.

 

6.                  Бірінші жүргізілген коучинг сессияның қорытындысы бойынша   рефлексия

 

Рефлексия жүргізу үшін коучтың сұрағы бар қағаздарды алдын- ала дайындауы.

- Қатысушылардың рефлексиясы, оның қорытындысы:

слайдтық презентация, оны безендіру: қиындықтар мен теориялық материалдар. 

Қатысушылардың жазбаша рефлексиясы

7.     Үй тапсырмасы: талқыланатын сұрақты тереңірек қарастыру

-Коуч:

- «Ақпараттық- коммуникативтік технологияларды оқыту мен білім беруде қолдану» тақырыбы бойынша таратпа материалдарын ұсыну(255 -256 б.).

Қатысушылар:

- теориялық материалдармен танысу;

- техникалық құралдардың тиімді қолданылуы туралы өздік талдау жасау.

1. өздік талдау

(екі апта көлемінде)

 

8.     Бірінші жүргізілген коучинг сессиядан кейін рефлексия

Коуч:

- қатысушылардың рефлексиясының талдауы;

- өздік рефлексия: жағымды және жағымсыз сәттерді анықтау.  

 

Қатысушылардың рефлексиясы

В 1.1 есебі

 

 

 

 

 

2 КОУЧИНГ ЖОСПАРЫ

 

Коучинг тақырыбы – №2 сессия: практикум, қатысқан сабақтары мен бірін- бірі бағалау арқылы ақпараттық технологияларды тиімді қолдануларына талдау; оқыту үдерісін жетілдіру мақсатында жағымды сәттерді анықтау.

Мәселелер. Талаптарға сай екінші кездесуді жүзеге асыру барысында келесі сұрақтарды қарастыру жоспарланды:  

3.    Сабақтағы АКТ

4.    Жас ерекшеліктерінің есебі

 

Коучингке қатысушылар саны – үшеу.

Мұғалімдер:

3)    Ұйымдастырушы/коуч: Екінші (негізгі) деңгей курсының тыңдаушысы - Сейсенбаева Ж.Ш.

4)    Қатысушылар: мұғалімдер И, Б,С

 

Есептер:

3)    В 1.2 есебі. Коучинг – сабақ туралы рефлексивті есеп;

4)    Фотоматериалдар:

- коучингке өатысушылардың тапсырманы орындауы:

- таратпа материалдары;

- кездесулерді қорытындылау бойынша қатысушылардың рефлексиясы;

  - сабақ «фрагменті»: «Ақпараттық- коммуникативтік технологияларды оқыту мен білім беруде қолдану» теориялық материалымен жұмыс.

 

 

Коучинг кезеңдері: ой шақыру, мағынаны тану, рефлексия.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 коуч-сессия

Коучтың қызметі

Тура және кері байланыс

 

Қатысушы үшін нәтиже

 

Әдістер

Қорытындылар, есептер

 

Көрсеткіш негізі

4.     Ой шақыру кезеңі: «АКТ» тақырыбы бойынша кластер құру

 

Тапсырманың мақсаты – тақырып бойынша білімдерін жинақтау, үй тапсырмасын тексеру: «Мұғалім жұмысының құралы» теориялық материалын талқылау.

 

Коуч тарпынан таңдалған стратегиялар қатысушылардың «техникалық құралдар» түсінігі арқылы өз сабақтарында оны қалай қолданатындықтарын түсінуге көмектеседі.

Топ  мүшелері кезектесіп өздерінің ойларымен бөліседі.

- бірігіп кластер орындау;

- талқылау;

- қорытынды.

 

 

 

- мұғалімдердің тапсырманы орындауы.

5)    1. В 1.2  есебі

6)    Рефлексивный отчет о коучинг-занятий;

7)    2. Фотоматериалы:

- таратпа материалы– постер, таблица;

- коучингке қатысушылардың тапсырманы орындауы;

- қатысқан сабақтардың талдауы; сұғалімдердің сабақ жоспарлары; коучтың қорытынды жұмысы.

 

 

5.     Мағынаны тану кезеңі:

 

Мақсат: мұғалімдердің өз сабақтарында техникалық құралдарды өолдану бойынша  өздік талдау жүргізуі.

Жұмыс түрі – жеке тұлғалық, кестені толтыру.

Коучтің рөлі – направляющий:

Кестені толтыру арылы бағыттаушы сұрақтарға жауап беріледі, оқыту үдерісінде тезникалық құралдарды қолдану үшін сұрақтар.

Коучтың үлгі ретінде 9- сыныптың бейнематериалды қолданған қорытынды бақылау жұмысын ұсынуы.

- өз тәжірибесіне сыни талдау;

- АКТ-ны қолданудың бес аспектісі бойынша  талдау (екінші деңгей курсының теориялық материалдары, 255 б.);

- АКТ-ны өз сабақтарында қалай және қандай мақсатта қолданатындықтары туралы педагогтардың нақты түсініктері (екінші деңгей курсының теориялық материалдары).

- рефлексия;

- теориялық материалды талқылау оқу құралы);

- тәжірибе алмасу: АКТ қолданылған қорытынды жұмыстың үлгісі.

 

3.Мәселені анықтау: оқытудың техникалық құралдарын тиімді қолдануды талдауы (өздік талдау), кестені толтыру.

(екінші деңгей курсының теориялық материалдарымен байланыс).

Қатысушылардың сабақ жоспарлары – таратпа материалдарын ұсыну: пайдаланылатын техникалық құралдар үнемі сабақтың мақсатына жетуіне әсер ете бермейді.

- өздік талдау: техникалық құралдарды сабақта қолдану, бейнематериалдар, сабақ мақсатына  жетуге қызмет ету; аналитикалық және шығармашылық ойлауларын дамыту.

1. таратпа материалы;

2. өздік талдау;

3. толиырылған кесте.

 

4. Пікірталас ұйымдастыру арқылы шешімдерді іздеу.

Кестені толтырғаннан кейін сабақта АКТ-ны тиімді қолдануға мүмкіндік туғызатын стратегияларды анықтаудв твлқылау ұйымдастырылады.

- ортақ талқылау және кестені толтыру (Пажаретің тұжырымымен байланысты сұрақты қарастыру);

- оқушылардың жас ерекшелігі қарастырылатын талқылауға қатысу

- тәжірибе алмасу.

1. кесте

2. талқылау

3. қорытынды: АКТ орынды қолдану туралы мәселені қарастыру.

 

5. Екінші коучинг- сессияның қорытындысы бойынша рефлексия

Коучтың алдын- ала дайындаған рефлексия жүргізу үшін сұрақтары.

 

 

- қатысушылардың рефлексиясы:

- талқыланатын тақырыптың өзектілігі;

- АКТ-ны сабақта тиімді қолдану мұқият ойлануды қажет етеді.

әңгімелесу

 

 

Қосымша №2    Өткен сабақтардың жоспарлары

   

 

 

 

Қосымша №3        Коучингке қатысушылардың кері байланысы

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Коучинг сабақтар бойынша рефлексивті есеп"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Инструктор по гимнастике

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 654 752 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 06.08.2016 6987
    • DOCX 292.2 кбайт
    • 47 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сейсенбаева Жадыра Шарифхановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 7 месяцев
    • Подписчики: 7
    • Всего просмотров: 26367
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Методика обучения немецкому языку

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 27 человек

Курс повышения квалификации

Основы теории обучения испанскому языку

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Французский язык: теория и методика обучения иностранному языку в образовательной организации

Учитель французского языка

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 91 человек из 32 регионов
  • Этот курс уже прошли 161 человек

Мини-курс

Фитнес: вопросы здоровья и безопасности во время тренировок

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Методика поддержки физкультурно-спортивной деятельности для людей с ограниченными возможностями здоровья

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Финансовый риск-менеджмент

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе