Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Статьи / Коучинг «Ұстаз беделі деген не?»
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Коучинг «Ұстаз беделі деген не?»

библиотека
материалов


Жубангарина Алма Болатовна

бастауыш класс мұғалімі

Ақтөбе қаласы №57 орта мектебі





«Ұстаз беделі деген не?»тақырыбы бойынша өткізілген коучинг сабағына рефлексия

"Ақыл,қайрат,жүректі бірдей ұста,

сонда толық боласың елден бөлек" 

Абай

Әлемде болып жатқан өзгерістер білім беру жүйесін қайта құру қажет екенін паш етті. Педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курсының екінші деңгей бағдарламасы мақсаты – мектептегі еңбек тәжірибесі әр түрлі мұғалімдерді қатыстыра отырып жан-жақты дамыту үшін қажетті білімдері мен дағдыларды беру болып табылады. Бұл мақсат күрделі болумен қатар еңбек етуді талап етіп дұрыс тәсілдер қолданған жағдайда бүкіл мектептер шеңберінде өзгеріс жүргізуіне ықпал ете алады. 
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев қазіргі мұғалімнің қоғамдағы орнын бағалай отырып: «Сіздер мен біздер тек болашақ буынды ғана емес, жалпы азаматтық қадір-қасиеттердің мән-маңызын түсінетін, жаны да, тәні де таза, білімді патриот азаматтар буынын тәрбиелеуге міндеттіміз» деген еді. Ол үшін бүгінгі оқу үрдісіне сай педагогикалық шеберлік қажет. «Педогогтік шеберлік – дарынды талант емес, үйрену, ізденудің нәтижесі. Мұғалім шеберлігі жайлы жазылған дайын қағида жоқ, болуы да мүмкін емес. Адамның өзіне-өзі өмір бойы қоятын және оған әрдайым жауап іздейтін санаулы сұрақтары болады екен. Мен үшін сол мәңгі сұрақтың бірі де біре-гейі - Мұғалім деген кім? Алдымен осы сұрақтың жауабын тағы да бір айқындап бағайық.Мұғалімге тән ең бірінші қасиет – баланы құрметтеу. Оның адамшылық ар-ожданын, намысын, тұлғасын жасына қарамай сыйлау, құрмет тұту. Бұл мұғалімнің терең дүниетанымы мен үлкен жүрегінен келіп шығады. 
Ал, ХХІ ғасырдың нағыз ұстазы қандай болмақ керек? Әрине, ол өз кәсібінің майталманы, осы мақсатқа рухани күш-жігерін, парасат-қуатын салу керектігін айтпаса да түсінікті. 
Ұстаздың кəсіби шеберлігінің негізі, біріншіден, мұғалімнің өмірге көзқарасы, оның идеялық нанымы. Екіншіден, пəнді жетік білуі, ойын оқушыларға жеткізу үшін жан жақты, терең дайындықпен баруы, оқушылар бойына əдеп, əдет, дағды сияқты жақсы қасиеттерді сіңіруі, моральдық нормаларды білуі. Үшіншіден, оқыту мен тəрбиелеудің əдіс тəсілдерін міндетті түрде меңгеру. Білім берудің моделіне көшкен қазіргі мектепке ойшыл, зерттеуші, практикалық қызметте педагогикалық үйлестіруді шебер меңгерген психолог педагогтік диагностика қоя білетін іскер мұғалім қажет. Күнделікті іс тəжірибеде мұғалімнің кəсіптік білімін көтеруіне мектеп ішінде де жағдай жасау керек. Ол үшін мектепте ғылыми əдістемелік кеңес пен бірлестіктердің жəне зертханалардың жұмыс істеуі тиіс. Бүгінгі өмір талабына сай ұстаздардың біліктілігі мен білімділігін шыңдап отыратын жоғарыда атап өткен мəселелермен қатар,əр мектепте интернет жүйесі барлық сыныптарға қосылып жұмыс істеуі жөн шығар. 
ХХІ ғасыр - білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты дамыған, парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн. 

Ұстаз беделі деген не?Неліктен коучинг тақырыбын осылай алдым?Мектепте бір отырыста тәрбие ісінің меңгерушісі жас мұғалімдердің өзін-өзі ұстау мәдениеті төмендегенін, оқушы мен мұғалім арасында шекара жоқ екендігін сөз етті.Мұғалім мен оқушы құшақтасып, сүйісіп амандасады,тіпті «қалайсың»деп мұғалімнің арқасынан қағады. Ал кей мұғалімдерге «ой, қойшы ауызыңызды жабыңызшы» дейді. Жас мұғалімдер балаға айқайлай жөнеледі екен.Бұл дұрыс па? Мұғалімнің мәдениеті қай дәрежеде?Оқушы кімнен үлгі алады ? деген ой туды.Әлде оқушы еркіндігі осы ма? hello_html_m3208beed.jpg

Сұрақтарыма жауап табу үшін жас мұғалімдерді, тәжірибелі мұғалімдерді, әкімшілікті шақырдым.Тақырыпты өздері анықтау үшін топқа дәптер, жинақ папкасы,кітап арқылы бөлдім.Әкімшілік-кітап,мұғалімдік мамандықпен қатар ұжымдағы мамандарға үлгі болып жүрген педагогтар.Тәжірибелі мұғалімдер-жинақ папкасы, білім беру саласында жинағы бар педагогтер.Таза дәптер-жас мамандар, еңбек жолдары енді басталған,үйренерлері алда педагогтар. Неліктен сіздердің тобыңызға осы бұйым берілді деген сұраққа олар мен болжағандай ойлар айтты.Бұл әріптестерімнің сын тұрғысынан ойлау дағдылары қалыптасқаны деп ойлаймын. «Аяқталмаған сөйлем» әдісі де адамдардың өз ойын ұтқыр жауаптармен білдіруге пайдасы зор.Қазақ тілі өте бай десек те ,кейде мұғалімдердің өзі оз ойларын көркем жеткізіе алмай жатады. Пікірсайыс арқылы жас мұғалімдер оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынас туралы пікірлерін білдіріп, әкімшілік пен тәжірибелі мұғалімдердің ойларын тыңдасын деген ой болды.Пікірсайыс барысында байқағаным сабақты жаңа әдіс-тәсілдермен қызықты етіп өткізіп, мектепішілік шараларды да дәстүрлі емес түрде өткізіп, түрлі сайыстарға белсене қатысып жүрген жас мамандарымыз бар. Оқушылар оларға құрметпен қарайды, олардың пікірлерімен санасады, ақылдасады. Ал қанша тәжірибелі болса да, дәстүрлі әдістен аса алмай керуенмен көшіп жүрген мұғалімдеріміз бар. Оқушылардың қызығушылықтарын туғыза алмайды,сондықтан олардың сөздеріне оқушылар назар аудармайды.Мұғалімдерде де, әкімшілік тарапынан да бұл тақырыпқа қызығушылық танытып,қызу пікірталас туды. «Дебат» әдісі тақырыбымды ашуда тиімді болды Ұстаз беделі төмен деген пікір бар . Ал оның себебі неде?Осы мәселені шешу жолы бар ма? «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні» не? екенін білу үшін , «Балық қаңқасы»әдісін қолдандым. Жас мамандар бір қабырғасына себептерді жазды.

hello_html_m3c0356eb.jpg

Олардың ойынша мамандардың сауатсыздығы,әлеуметтік жағдайдың төмендігі, ата-аналардың балаларын жақтап, сөздің байыбына бармайтыңдығы, жоғарғы органдар да мұғалімді қорғамайтындығы екен.Тәжірибелі мұғалімдер мәселелені шешу жолдары деп, мұғалім жан-жақты ізденіп,оқушының қай сұрағына да тапқырлықпен жауап беруге тиіс екендігін,ата-аналармен де, оқушымен де тіл табу үшін жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану шеберлігін арттыру керек екендігін,ең бастысы мұғалім өз пәнін сүюі,мамандығын сүюі, сауатты болуы керек екенін алға тартты.

Коучинг соңында «Мұғалімнің 13 белгісі»атты таныстырылым көрсеттім. Осы белгілер бойыңызда болса ,сіз нағыз мұғалімсіз.... Әсіресе жас мұғалімдерде осы қиын да, қызықты мамандықты қателеспей таңдадым деген ой туғызғым келді.Коучинг туралы ойларын білу үшін «мұғалім бейнесін»бердім . hello_html_41eca880.jpg

Өз еңбек жолымда  Абай Құнанбаевтың "Ақыл,қайрат,жүректі бірдей ұста, сонда толық боласың елден бөлек" деген сөзін әрдайым өзіме ұстаным етіп келемін. Абай атамыздың осындай ой түйіні қазіргі әлемдік білім беру жүйесінде маңызды орынға ие . Осыған сәйкес Шульман :мұғалімде «үш көмекші» (Shulman, 2007)  «бас,қол,жүрек» деп атаған қасиеттер болған жағдайда ғана оқыту жақсы болып саналады деген.



Осы түйінді айта келе, басына ұсыныстарын, жүрек тұсына ұнаған түстарын,қолына тағы да не істеуге болатынын жазуды ұсындым.

Бұл коучингтен мен не ой түйдім?

Ұстаз беделі деген не?

Ұстаз беделі деген не? Бұл сұрақ бәрімізді де ойландырады. Қазіргі мұғалім теледидардан,кинодан, интернеттен біраз информация алып, азды-көпті көкейіне сақтаған шәкіртпен, оқыған,сауатты, мәдениеті жоғары ата-аналармен істес болады.Бұл оның жеке басына, зиялылығына биік талаптар қояды.

Мектепке алғаш келген бүлдіршіндер өздерін бірінші рет оқытатын мұғаліміне жаутаңдап қарай береді. Тіпті,көпшілік ішінен іздеп тауып алады. Сол күннен бастап алдыңдағы бір топ жас бүлдіршіндерге өзің де,көзің де тоймай қарайсың, мейірленесің.Бәрі сүйкімді,бәрі ақылды. Салауатты ұстаз болу сол күннен басталады.Ал, ата-аналар өз баласының алғашқы ұстазын өзіне жақын тартып, баласын жетектеп әкеліп,оның қылығын түсіндіріп,әбігер болып жатады. Ұстазға олардың баласына деген жүрек жылуы ерекше аңғарылады.Бұдан былай осы бүлдіршінді,терең де жүйелі білім беріп, азамат етіп тәрбиелеу-ұстаздың қолында.

Иә, адам тәрбиелеу-ең ардақты,ең қиын жұмыс. Сондықтан да мұғалімнен шәкіртіне деген мейірімі мол,ниеті адал қамқоршы болуды талап етеді. Оларды қорқытып тәрбиелей алмайсың,әрбір  ұстаздың бойында төзімділік,сыпайылық, тазалық, адамгершілік, еңбек сүйгіштік сияқты қасиеттермен қоса, өзінің күнделікті өтетін сабағына дайындығы қалай деген мәселе үнемі көкейінде  тұру керек. Егер  мұғалім әрі әнші, әрі суретші, әрі мүсінші болса, онда оның тәрбиелік ықпалы зор. Сондай ұстаздардың іс-әрекетіне жас бүлдіршіндер еліктегіш келеді. Күнделікті жасаған көрнекіліктің өзін көз тартарлықтай әдемі,анық, ашық бояумен жазып,салған дұрыс. Сабақ үстінде тәрбиелік мәні бар мақал-мәтелдерді де айтып отырса,баланың ойы дами түседі.

Бедел дегеніміз,меніңше, мұғалім еңбегінің айнасы. Мұғалім беделді болу үшін ең алдымен баланың  ата-анасымен қарым-қатынасын дұрыс жолға қойып,олардың  тұрмыс- тіршілігімен таныс болғаны жөн. Ата-аналардың да ұқыпты болуы, жоғары мәдениеті үлкен роль атқарады. Ата-ана өз баласының бас ұстазы  екенін бір сәт те ұмытпауы тиіс. Мұғалімнің бала тәрбиесінде атқарған ұлан-ғайыр жұмысымен ата-ана жете таныса келе,оның өткізген туған күн, апталығы,  класс сағаты, ашық сабағы мен кештер,бала тәрбиесі жөнінде жасаған баяндамасы, еңбектен жасаған бұйымдары, жазған жазулары, шығарған есебі, ақыр-аяғы жаңа жылда киетін киімдері туралы мұғаліммен пікірлесіп,қолынан келген көмегін берсе, онда өз парызын дұрыс атқарғаны деп білеміз. Бұл да, айналып келгенде, ұстаздың өрісіне,ерінбей еңбек еткен еңбегіне, сол арқылы ие болған абыройына байланысты. Оның көп ізденгіштігі,ата –анамен бірігіп жұмыс істеуі, тіл табысуы,терең білім бере білуі шәкірттеріне де әсер етіп,ыстық сүйіспеншілігін оятады.

Ұстазға қояр талап өте биік. Ол барлық жерде де жұртқа ұстазға лайық өнегелі ісімен ықпал жасауға тиіс. Той-думанда, клубта,кітапханада,почтада, дүкенде, шаруашылықта,қысқасы, қайда болса да ұстаздың ұстаз екені көрініп тұруы керек. Мысалы, жүрген жүрісінде,сөйлеген сөзінде,киген киімінде, тіпті, үй  тұрмысының тазалығында осындай ерекше қасиеті білінуі өзгелерге ой салады. Өкінішке орай, кейде көпшілік арасында  асығып сөйлеп, «үйдегі қалпыммен шыға салып едім» деп,өзін айтпай танытатын ұстазды да кездестіреміз. Кейбіреулері азық-түлік алып жатып, мектептегі бала жағдайын сөз етеді. Мұндай жағдайда ата-ананың ыңғайсыз күйде қалғанын елей бермейді. Енді біреулері мектепке ашық гүлді көйлек киіп, он саусағының үш-төртеуінде алтын сақинаны жарқыратып, құлағына да, мойнына да қымбат бағалы  тастар тағып келеді. Ұстаз, біздің ойымызша, қашанда қарапайым, айтқан сөзіңде тұратын,әдепті, салмақты,дауыс көтеріп, айқайлауды сүймейтін жан. Парасатты жан өз жолдастарына қатты реніш білдірмейді. Шәкірті ренжісе- ренжиді, қуанса- қуанады.Бос сөзден аулақ болады. Тек ата анамен байыпты сөйлесіп, өз шәкірті жайында  педагогтік инабатпен әңгімелесіп, пікір алысады.

Ең бастысы-әрбір мұғалім өзін-өзі тәрбиелеп, мінез- құлқындағы кемшіліктерді түзетуге тырысып,жақсы қасиеттерін жетілдіріп отыруға міндетті. Соны іс жүзіне асыра білсе, ол,сөз жоқ  үлкен беделге ие болады.















Жубангарина Алма Болатовна

бастауыш класс мұғалімі

Ақтөбе қаласы №57 орта мектебі

Өздеріңізде мамандыққа байланысты стресстік жағдайда жиі болатындығы белгілі. Сондықтан біз қазір бірнеше жаттығулар жасайық. Денеңізді бос ұстап отырыңыз

Денеңізді мұрыныңызбен ішке тартып, демді сыртқа шығарар кезде қатты бар даусыңызбен 
«А» дауысын айтыңыз- ол сіздің бүкіл денеңіздің сауығуына көмегін тигізеді.
«Е» қалқанша без жұмыстарына әсер етеді.
«И» миыңызға, көзіңізгеғ,құлағыңызға әсер етеді.
«О» жүрегіңізбен, өкпеңізге әсер етеді
«У» қарныңыздың маңындағы дене мүшелеріңізге
«Х» денеңіздің тазаруына
«Ха» көңіл-күйіңіздің көтерілуіне әсер етеді


Айтылған нұсқауды қимылмен орындайды.

Білу

«Сөйлемді аяқта»

Жас мұғалімдерге дәптер,тәжірибелі мұғалімдерге қалам, әкімшілікке кітап таратылады.


«Жарнама»әдісі

5 мин

«Мен мамандығымды мақтан етем...»


Неліктен сіздің тобыңызға бұл бұйым берілді?

Неліктен мұғалімдік мамандығын таңдағандығын айтып, сөйлемді аяқтайды.

Бұйымдарына қарай топқа бөлініп отырады.

Жемісті жарнамалау арқылы осы жемістің берілу себебін болжайды.

Түсіну

«Дебат» әдісі

15 мин

Мұғалімдер пікірлерін мұқият тыңдап, бақылаймын.

Жас мұғалімдер: «Мұғалімнің беделі төмен»

Тәжірибелі мұғалімдер: «Мұғалім беделді»

Әкімшілік: «Кімдікі дұрыс»

Қолдану

«Балық қаңқасы» әдісі

10 мин

Постер беріледі

Жас мұғалімдер: «Ұстаз беделінің төмен болу себептері»

Тәжірибелі мұғалімдер: «Мұғалім өзін қалай ұстау керек?» шешу жолы

Әкімшілік: «Мұғалім беделі-мектеп абыройы»қорытынды

талдау

«Біздің ойымызша....»

15 мин

Топ жұмыстарын тыңдаймын.

Әр топ өз жұмыстарын қорғайды

жинақтау

Мұғалімнің 13 белгісі таныстырылым

10 мин

Осы белгілер біздің бойымызда бар ма?

Белгілеп отырады да, қорытындылайды.

бағалау

Бағалау парақшасы

5 мин

Бағалау парақшасын таратамын

Бағалау парақшасына топ мүшелерін бағалайды.

рефлекция

Бүгінгі коучингтен алған әсерім

5 мин

Үш көмекшім.....

Бас-ұсыныстар

Жүрек-ұнаған тұстары

Қол-жетілдіру керек

дереккөздер

ІІ деңгей нұсқаулығы,ғаламтор деректері,Республикалық ғылыми-әдістемелік педагогикалық журнал «Білім және ғылым»





























Автор
Дата добавления 02.06.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Статьи
Просмотров349
Номер материала ДБ-108012
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх