Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Коучинг тақырыбы: Эдвард де Боно “Ақылдың алты қалпағы”
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

Коучинг тақырыбы: Эдвард де Боно “Ақылдың алты қалпағы”

библиотека
материалов


Эдвард де Боно “Ақылдың алты қалпағы”

Жалпы мақсат:

Жан-жақты ойлауды қажет ететін проблемалар, ситуациялар төңірегінде ой қорыту,

талдай алу қабілетін дамыту, берілген ақпаратты сыни тұрғыдан бағалауға үйрету.

Сілтеме:

МАН, интернет көздері

Оқушылар үшін оқу нәтижелері:

жан  жақты  ойлауды,  дұрыс  шешім  қабылдауды  үйренеді


Қолданылатын материалдар:

«Алты қалпақ», постерлер, маркерлер, түрлі - түсті стикерлер, слайд.

Оқыту әдістері:

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету

Тапсырмалар

Жоспармен жұмыс жасау, талдау, сұрақ-жауап.

Психологиялық ахуал туғызу

 «Сені көргеніме қуаныштымын...»
Мақсаты: Қатысушылардың жағымды жақтарын анықтау.
Жаттығу барысы:
Әрбір қатысушы өз көршісіне келесі сөздерді айтады: «Мен сені көргеніме қуаныштымын, себебі ...». Бұл сөйлемді адамның сыртқы келбетіне байланысты сөзбен емес, мінез ерекшеліне байланысты сөзбен аяқтау керек.


Тапсырма 1

Кіріспе
















Тапсырма 2

Теориялық білім беру
























Тапсырма 3

Тәжірибе

Эдвард де Боно кім?

Эдвард де Боно – әлемде креативтілік және ойлау дағдыларын оқыту саласындағы танымал сарапшы, бизнес-тәжірибеде, шығармашылық жұмыста және оқытуда қолданылатын «Ойлаудың алты қалпағы», т.б. әйгілі әдістемелердің авторы, британдық психолог, жазушы. 1980 жылдардың басында, дәрігер Эдвард де Боно «Ақылдың алты қалпағын » ойлап тапты.

Алты қалпақ ойлаудың алты әдісін (немесе бағытын), алты әр түрлі және бірін-бірі толықтыратын көзқарастарды білдіреді.

Ойлаудың алты қалпақтары

Ақ (ақ бұлттар) - фактілер, цифрлар және мәліметтерді таза күйінде беру

Қызыл (от) – ішкі сезім, эмоция, сезінулер және интуицияны білдіру

Қара (тұман) – негативті ойлау, мысалы: “бұл орындалмайды, себебі....”

Сары (күн) - оптимизмді, ашықтықты, позитивті және конструктивті ойлар, ұсыныстар, мысалы: «неге, бұл міндетті түрде орындалады!»

Жасыл (дала) – жаңа идеялар ағымын тудыратын шығармашылық ойлар

Көк (аспан) – жоғары деңгейдегі жалпы көзқарастарды, білдіреді, қорытындылайды.


1.Ақ қалпақ - эмоциясыз, таза ойлау, дұрыс ойлау. Ақ қалпақ бізге белгілі немесе қажетті ақпаратқа назар аудару үшін пайдаланылады. Әсерсіз, субъективті бағалаусыз тек сандардан, деректерден, ойлардан тұрады. Айтылған пікірді растайтын, жоққа шығаратын дәлелдер мен деректер, ақпараттар келтіреді.


2.Сары қалпақ - айқындылық пен өмірге сеніммен қарауды бейнелейді. Позитивті ойлау. Болашаққа деген үмітті көзқарас. Қарастырылып отырған құбылыстан позитивті жағын бөліп алып және неліктен позитивті екенін дәлелдеу керек. Нақты не нәрсе жақсы, пайдалы, тиімді екенін айтып қана қоймай, түсіндіру қажет.

3.Қара қалпақ - сары қалпаққа қарама - қайшы. Ненің қиын, түсініксіз, мәселе тудыратын, негативті екенін анықтап және себебін түсіндіреді.

4.Қызыл қалпақ - сезімді, болжамды және ішкі түйсікті білдіреді. Бұл сезімталдық қалпағы. Өзінің өзгеріс көңіл - күйін өткен немесе өзге құбылысты сәттермен байланыстырады.

5.Жасыл қалпақ - бұл шығармашылық ойлау қалпағы. Жаңа әдіс, факт немесе басқа әдіс - тәсілдерді қалай қолдану керек? Өзгеше болу үшін не істеу керек? Жаңалықты енгізу үшін не істеу керек? деген сұрақтар қою арқылы жаңа идеяларды ойлап табады.

Көк қалпақ - ойлау үдерісін басқару үшін қолданылады.
Бұл философиялық, пысықтау қалпағы. Көк қалпақты таңдаған топ басқа топтарды аралап, олардың көзқарасын қабылдап, өз тобына қайта оралып, жинаған материалды пысықтайды, қорытады. Олар соңғы сөзді айтады.


ҰБТ-ның жаңа форматыоқушыларға тиімді ме?

Тапсырмалар берілгеннен кейін, топтасып дайындалуға 10 минут уақыт берілді. Әр топ өзіне берілген тапсырмаға орай өзара ақылдасып, топтық жұмыс жасайды.
То
птар дайындалып болғасын, өз жұмыстарын қорғайды.


V. Рефлексия

Назар аударуға арналған Эдвард де Бононың «ҚАҚ» ойлау құралы

Плюс

Минус

Қызықты

Ұнаған ақпараттар және жұмыс түрлері

(Жағымды әсер)


Не ұнамады,

түсініксіз болды немесе қажетсіз деп есептеймін.

(Жағымсыз әсер)


Бүгін үйрендім және көбірек білуді қалаймын.

(Мұғалімге сұрақ)







































. Қатысушылар































"Ойлаудың алты қалпағы" әдісі мынадай болады:
• Ақ (ақ бұлттар) - фактілер, цифрлар және мәліметтерді таза күйінде беру
• Қызыл (от) – ішкі сезім, эмоция, сезінулер және интуицияны білдіру
• Қара (тұман) – негативті ойлау, мысалы: “бұл орындалмайды, себебі....”
• Сары (күн) - оптимизмді, ашықтықты, позитивті және конструктивті ойлар, ұсыныстар, мысалы: «неге, бұл міндетті түрде орындалады!»
• Жасыл (дала) – жаңа идеялар ағымын тудыратын шығармашылық ойлар
Көк (аспан) – жоғары деңгейдегі жалпы көзқарастарды, білдіреді, қорытындылайды
Оқушыларға тапсырмалар берілгеннен, топтасып дайындалуға 10 - 12мин уақыт берілді. Әр топ өзіне берілген тапсырмаға орай өзара ақылдасып, топтық жұмыс жасайды.
Топтық қорғау.
Топтар дайындалып болғасын, топтар өз жұмыстарын қорғауға көшті.
"Ақ қалпақ" тобы қазақтың салт - дәстүрлері мен әдет - ғұрыптары туралы толық мәліметтер келтірді. Қонақжайлылық әдет - ғұрыптары, әдептілік пен сыпайылылық, отбасы мен некеге байланысты қазақтың салт - дәстүрлерін жан - жақты ашып берді. Өздері білетін өмірден мысалдар келтірді.
"Қызыл қалпақ" тобы қазақтың салт - дәстүрлерін айта отыра, мысалы жұртшылық дәстүріне және асар дәстүрлеріне тоқталып, өмірде қиын жағдайға ұшыраған адамдарға ауыл болып көмектесуі, ауылдастары бірлесіп баспанасын салып беруге үлкен таңдану, құрметтеу сезімдерін жасыра алмады. Сонымен қатар қонақжайлылығына да қазақтар ғана емес, басқа халықтардың да таңдана жазғанын айтып кетті.
"Қара қалпақ" тобының міндеті қазақ дәстүрлерінің келеңсіздіктерін, кемшіліктерін атап өту болғандықтан, оларда өз міндеттерін толығымен орындап шықты. Әсіресе, "Белқұда", "бесік құда" дәстүрлерінің қазіргі заманға сай еместігін алға тартты. "Қыз алып қашу" дәстүрінің адам құқығына қарсы бағытталған дәстүр ретінде атап өтті. Сонымен қатар "әменгерлік","туысқанның баласын бауырына басу" дәстүрлеріне қарсы өзіндік ой - пікірлерін білдірді.
"Сары қалпақ" тобы қазақтардың дәстүрлерінің ішінен "жұртшылық", "ерулік беру" "үлкендерді құрметтеу", "бата беру" дәстүрлерін атап өтті. Олардың тәрбиелік маңызын атап өтті. Қазірге дейін осы дәстүрлеріміздің сақталмауының маңыздылығын атап өтті.
"Жасыл қалпақ" тобының міндеті: шығармашылық ойлау, жаңа идеялар айту болғандықтан, бұрынғы салт - дәстүрлерін дамыта отырып, жаңа дәстүрлер ұсынады. Қазіргі заманға сай жаңа дәстүрлерді ұсынды.
"Көк қалпақ" тобы барлық топтардың ой - пікірлерін толығымен тыңдап, жан - жақты талдауға кірісті. Әр топқа жеке - жеке тоқталып, жетістіктері мен кемшіліктерін талдап берді.
Сабақ соңында мұғалім қорытындылап, топтардың жұмысына толық баға берді.
Үйге "Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар" деген тақырыпта эссе жазу тапсырылды.




Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 18 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДБ-378341

Похожие материалы