Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / История / Другие методич. материалы / Коучинг тақырыбы: Критериалды бағалау – сапалы білім негізі.

Коучинг тақырыбы: Критериалды бағалау – сапалы білім негізі.


  • История

Поделитесь материалом с коллегами:

Коучинг тақырыбы: Критериалды бағалау – сапалы білім негізі.

Коучинг мақсаты: педагог қызметкерлердің критериалды бағалау туралы түсініктерін кеңейте отырып, тәжірибе арқылы білімдерін толықтыру.

Коучинг сессиясының міндеттері:

  • Білім жүйесінде критериалды бағалаудың алатын орнын әріптестерге түсіндіру.

  • Өзін-өзі және өзара бағалауда критерийлерді пайдаланудың маңыздылығын айқындау.

  • Критериалды бағалау арқылы оқытудың тиімділігін және оқу сапасын арттыруға болатынына көздерін жеткізу.

  • Оқу үдерісінде критериалды бағалауды қолдану жолдары мен түрлерін түсіндіріп, әріптестермен тәжірибе бөлісу.

Күтілетін нәтиже:

  1. Коучинг сессиясына қатысушы мұғалімдердің педагогикалық шеберліктері жоғарылайды;

  2. Өзін-өзі және өзара бағалау туралы түсініктері қалыптасады, критериалды бағалаудың стратегияларын біледі;

  3. Мұғалімдер оқу үдерісінде оқушылардың жетістіктерін жаңа жүйеде бағалайды.

Түйінді идеялар: «Бағалау» - (латын сөзінен шыққан «жақын отыру» дегенді білдіреді) мұғалімдер балалардың оқуға деген ынтасы мен қызығушылығын оята алатын пәрменді тетік. «Критериалды бағалау» – білім берудің мақсаты мен мазмұнына негізделген оқушының оқу-танымдық құзырлылығын қалыптастыруда алдын-ала белгіленген жетістіктермен салыстыру үрдісі. «Баға» – символ, оқу жетістігін не санмен таңбалау, не сөзбен жеткізу.

Қолданылатын модульдер мен әдіс-тәсілдер: оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер; сыни тұрғыдан ойлауға үйрету; оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау; оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану; оқытуды басқару және көшбасшылық; топтық жұмыс; диалогтық оқыту, постер қорғау

Коучинг барысы:

    І.  Психологиялық жағымды көңіл-күй орнату. Сергіту сәті. "қаңқалар"

биі       

  ІІ.Ұйымдастыру кезеңі. Қатысушылар пәндер арқылы топқа бөлініп отырады.

        Ой шақыру.

         Жеке жұмыс. Мұғалімдерге Ф.П. Решетниковтың «Тағы да екілік» суреті ұсынылады.

Жетекші сұрақтар:

1.Мына суретке мұқият қараңыздаршы, ондағы отбасы мүшелерінің әрқайсының көңіл-күйі қандай?

2.Мектептен үйіне тағы да «екілік» бағасын арқалап қайтқан оқушының түр-әлпетінен нені аңғаруға болады?

3.Ол өзін қалай сезініп тұр?

4.Сурет неліктен «ТАҒЫ ДА екілік» деп аталады?

 5.  Тағы да екілік! Кеше де, бүгін де, ертең де... Әріптестер, қалай ойлайсыздар, бұл баланың өз бағасын жақсартуға деген ынтасы бар ма? Жоқ болса, неге? Оған кім кінәлі, мұғалім бе, оқушы ма?

         Бүгінгі сабақта біз сіздермен қазіргі заманда білім саласындағы нағыз саясатқа айналған проблеманың бірі – бағалау мәселесіне тоқталамыз. Өйткені оқушының білімін бағалау – оның оқуға деген ынтасының мүлдем жоғалуына немесе қызығушылығының оянуына бірден-бір себеп. Мұғалімнің басты міндеті – оқушының өзіне деген, өз күшіне деген сенімінің жоғалуына жол бермеу.

Тапсырма№1

         Топтық жұмыс. Шығармашылық тапсырма. Үш топқа да көбелектің суретін салуды ұсынамын. Салынған суреттер бойынша топтар бірін-бірі бағалайды. Неге дәл осы бағаны қойғанын түсіндіреді. (Топтардың арасында өз тобына қойылған бағамен келіспеушілік тууы мүмкін – менің көздеген мақсатым да осы: баға мәселесіне байланысты топтар арасында қақтығыс тудыру). Айтыңыздаршы, мен осы жерде қандай қателік жібердім? (Бағалау критерийін ұсынбадым, сондықтан бағаға келіспеушілік туындады). Енді қатысушыларға көбелек суретіне байланысты бағалау критерийін ұсынамын. Бір-біріңіздің суреттеріңізді мына критерийлер бойынша тағы да бағалап көріңіздер:

  1. Көбелек 4 түрлі түспен боялған

  2. Көбелектің фигуралы 4 қанаты бар

  3. Көбелектің денесі, мұртшалары бар

  4. Көбелектің көздері, аяқтары бар

  5. Көбелек гүлге қонып отыр

Енді критерийлерді бергенге дейінгі және бергеннен кейінгі бағалауды салыстырыңыздар. Айырмашылық бар ма? (Біреулер көбелектің көздерін немесе мұртшаларын салуды ұмытуы мүмкін). Критерий бойынша қойылған бағамен келісесіз бе? Суретті салу барысындағы өз қателіктеріңізді көрдіңіз бе? Жоғарыдағыдай баға мәселесіне байланысты топтар арасында қақтығыс туды ма? Неліктен деп олайсыз?

         Бұл бір суретке пайдаланылған екі түрлі бағалаудан қандай қорытынды шығардыңыз? Нені түсіндіңіз? Егер мен мұғалім ретінде тапсырманы орындатпас бұрын сіздерге бағалау критерийін ұсынсам, жоғарыдағыдай қақтығыс туар ма еді? Осыны ҰМЫТПАҢЫЗ! Оқушыларға тапсырманы берердің алдында олараға бағалау критерийін ұсыныңыз, сонда оқушы алдын-ала өзінің не үшін бағаланатынын біледі де, тапсырманы дұрыс орындайды. Оқушыларға бірін-бірі бағалауға, өздерін өздері бағалауға мүмкіндік беріңіз. Сонда сіздің жоғарыдағы суреттегідей мектептен күнде екілік алып келетін оқушыларыңыз жойылады.


  • Критерий оқытудың міндеттерімен анықталады және жұмыс барысында

оқушылардың түрлі іс-әрекеттерінің тізімін көрсете отырып жұмыс нәтижесінде жетілдірілген түрде меңгерген болуы тиіс.

  • Дескрипторлар әр критерий бойынша оқушылардың жетістік деңгейлерін көрсетеді (анағұрлым жоғары жетістіктер бойынша барлық қадамдарды дәйекті түрде ретімен көрсетеді) және белгілі ұпай сандарымен бағаланады: неғұрлым жоғары жетістіктер – соғұрлым көп ұпайлармен бағаланады. Мысалы тарих пәні бойынша жасалған критерийлер көрсетіледі.


         Топтық жұмыс. Кластер жасау. Әр пән бойынша кез келген тақырыпқа табыс критерийлерін құрастыру


  • Топтар өз кластерлерін қорғайды. Топтар бірін бірі толықтырады, ой бөліседі.

Бас бармақпен бағалау.Олардың жауаптары төмендегідей болуы мүмкін немесе өзім толықтырамын:

         Қорытынды. Жоғарыдағы «Тағы да екілік» суретіне қайта оралу: Қалай ойлайсыздар, суреттегі баланың өз бағасын жақсартуға деген ынтасын ояту үшін не істеу керек?

          

         Кері байланыс Құрметті әріптестер, бүгінгі тақырып бойынша алған керекті ақпараттарыңызды чемоданға салыңыздар (жазыңыздар), бүгіні сабақтағы керек емес болған, артық дүниені қоқыс жәшігіне салыңыздар (жазыңыздар). Ал бүгіні ақпараттың ішінде әлі оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, еттартқышқа салыңыздар (жазыңыздар)

         Сөзімнің соңында айтарым, бүгінгі алған білімдеріңізбен басқа да әріптестеріңізбен бөлісіңіздер. «Бойыңда білімің бар екен, одан басқалар да өз шырақтарын жағып алардай жағдай туғызыңыз», - деген Томас Фуллердің сөзін ұмытпаңыз.

 




Автор
Дата добавления 05.04.2016
Раздел История
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров316
Номер материала ДБ-010631
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх