Инфоурок / Биология / Другие методич. материалы / Коучинг тақырыбы: "Оқушылардың сыни ойлауын дамыту".
Обращаем Ваше внимание, что в соответствии с Федеральным законом N 273-ФЗ «Об образовании в Российской Федерации» в организациях, осуществляющих образовательную деятельность, организовывается обучение и воспитание обучающихся с ОВЗ как совместно с другими обучающимися, так и в отдельных классах или группах.

Педагогическая деятельность в соответствии с новым ФГОС требует от учителя наличия системы специальных знаний в области анатомии, физиологии, специальной психологии, дефектологии и социальной работы.

Только сейчас Вы можете пройти дистанционное обучение прямо на сайте "Инфоурок" со скидкой 40% по курсу повышения квалификации "Организация работы с обучающимися с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ)" (72 часа). По окончании курса Вы получите печатное удостоверение о повышении квалификации установленного образца (доставка удостоверения бесплатна).

Автор курса: Логинова Наталья Геннадьевна, кандидат педагогических наук, учитель высшей категории. Начало обучения новой группы: 27 сентября.

Подать заявку на этот курс    Смотреть список всех 216 курсов со скидкой 40%

Коучинг тақырыбы: "Оқушылардың сыни ойлауын дамыту".

библиотека
материалов

Коучинг тақырыбы: "Оқушылардың сыни ойлауын дамыту".

Мақсаты:

- оқушылардың мұғаліммен еркін сөйлесіп, пікір алмастыруына;

-   бір-біріне құрметпен қарап,бір-бірінің пікірін тыңдауға, сыйлауға ынтымақты қарым-қатынастың негізі  қалануына;

- өзін жеке дара тұлға ретінде тануға жол ашуына;

-   өз ойын ашық, еркін айтуға, пікір алмастыруына;

-   өзін-өзі, бірін-бірі бағалауына;

-   достарының ойын тыңдап, мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты шешуге көмектесуіне;

- белсенді шығармашылықты ойлауына негіз қалау;

Көрнекілігі: Слайд, кестелер, суреттер, жұмбақ суреттер мен ребустар, диктофонға жазылған дауысты тапсырмалар.

Өту барысы:

І. Тренинг «Үш есім».

Мақсаты:

- өзіндік рефлексияны дамыту;

- өзін-өзі тану бағдарын қалыптастыру.

Әрбір қатысушыға үш үлестірме қағаз таратылады. Бұл қағаздарға ол өзінің есімінің үш нұсқасын жазуы керек (мысалы, сізді туысқандарыңыз, қызметтестеріңіз және жақын достарыңыз қалай атайды). Әрі қарай топтағы әр қатысушы осы есімді қолдана отырып, аталмыш есімге сай келетін немесе осы есімнің тууына себепші болған өз мінезіңіздегі ерекшелігін сипаттай отырып өзін-өзі таныстырады.


ІІ. Слайд сұрақ: «Сыни ойлау мен сыни тұрғыдан ойлау технологиясының айырмашылығы мен ерекшелігі».


ІІІ. «Бала тілімен» жұмбақ тапсырма.

Қатысушыларға диктофонға бала даусымен жазылған жұмбақ зат жасырылады.

«Бұл кішкентай болады. Кейде үлкендеу де болады. Бірақ бізге ұстауға ыңғайлы. Көбіне жұмсақ, майысқыш келеді. Біз оны тістеп кішкентай етіп тастаймыз, тістемесек те кішірейеді. Ол барлық кісіде бола бермейді. Менде, менің 8 оқитын ағамда бар. Ал анам мен әкемде жоқ. Өйткені, анам-аспазшы, әкем-күзетші. Біз үшін ол өте қажет. Ол болмаса, мен кейде жылаймын. Өйткені мен сөгіс естуім мүмкін. Ол көбіне ақ түсті болады. Басқа да түстері бар. Мен көбіне оны жоғалтып аламын. (кетіргіш)»


Осы тапсырма бойынша сұрақ: «Мұндай әдіс оқушының қай жағынан сыни ойлауын дамытады?»

Әр топқа қысқаша өз пәні бойынша осындай жұмбақ дайындауға тапсырма беріледі.


ІҮ. «Ақылдың 6 қалпағы»

«Ақылдың 6 қалпағы» әдісі бойынша экраннан шаштың суреті көрсетіледі де, міндеттері мен тапсырмалары жазылған 6 қалпақ үлестіріледі.

hello_html_d761e10.png

1. Ақ қалпақ. Әсерсіз, субьективті бағалаусыз тек сандардан, фактілерден, ойлардан тұрады. Тек фактілер !!! Біреудің субъективті көзқарасынан , бірақ әділетті цитата алуға болады . 
2. Сары қалпақ. Позитивті ойлау. Қарастырылып отырған құбылыстан позитивті жағын бөліп алып және неліктен позитивті екенін дәлелдеу керек. Нақты не нәрсе жақсы, пайдалы, тиімді, конструкторлық екенін айтып қана қоймай түсіндіру қажет. 
3. Қара қалпақ. Сары қалпаққа қарама-қайшы.Ненің қиын, түсініксіз, мәселе тудыратын, негативті екенін анықтап және себебін түсіндіреді. Үйлеспеушілікті бөліп қана қарамай, жетіспеушіліктің себебін қайта талдап мағынасын ашу. 
4. Қызыл қалпақ. Бұл сезімталдық қалпағы. Өзінің өзгеріс көңіл-күйін өткен немесе өзге құбылысты сәттермен байланыстырады. Осындай немесе өзге көңіл –күй қандай сәттермен байланысқан. Сіз осындай немесе өзге жағдайды (қайғы, қуаныш, қызығушылық,тітіркену, таң қалу т.б.) не себепті бастан өткізгендігіңізді түсіндіру қажет емес. 
5. Жасыл қалпақ. Бұл шығармашылық ойлау қалпағы. Жаңа тақырыпты өткен кезде келесі сұрақтар: «Жаңа жағдайда жаңа әдіс, факт немесе басқа әдіс-тәсілдерді қалай қолдануға болады?» «Өзгеше болу үшін не істеу керек?», «Осындай немесе басқа аспектіні, жаңалықты енгізу үшін не істеу керек?» қою арқылы жаңа жетістіктер тауып қолдануға мүмкіндік береді. 
6. Көк қалпақ. Бұл философиялық , пысықтау қалпағы. Көк арнадағылар өзге қалпақтардың айтқандарын талдап, пысықтап, қорытынды шығарады.Көк қалпақты таңдаған топ міндетті түрде барлық жұмыс уақыттарын әр түрлі екі бөлікке бөлулері керек: біріншіден- басқа топтарды аралап, олардың көзқарасын қабылдап , екішіден- өз топына қайта оралып , жинаған материалды пысықтайды, қорытады. Олар соңғы сөзді айтады. 


Ү. «Блум таксономиясы » бойынша тапсырма.

Экраннан сабынның суретін көрсетіп, «Блум таксономиясы» әдісімен сұрақтар беремін.

hello_html_531877f4.jpg

Блум таксономиясы – 1956 жылы америкалық психолог Бенджамин Блум ұсынған танымдық саладағы оқытудың педагогикалық мақсаттарының жіктелуі.
Оған ойлау дағдыларының алты деңгейі кіреді: білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау.


hello_html_414074c8.png

1. «Білім» сұрағы (Кім, не, атап бер , қайда, қашан, тізбекте).

«Сабын» дегеніміз не?

2. «Түсіну» сұрағы (Суретте, өз сөзімен баяндап бер, маңыздысын белгіле, түсіндір, талқыла, салыстыр).

Сілтіні, сақарды, майдың қосындысын қосса не пайда болады? Қазақ халқының ежелден сабын жасау әдісін қалай түсіндіре аласың?

3. «Қолдану» сұрағы (Пайдалан, көрсет, түсіндір, таңда, өзгерт).

Сабын арқылы судың кермектігін қалай анықтауға болады?

4. «Талдау» сұрағы (Неге,неліктен, талдаңыз,бөлшектеңіз, диаграмма жасаңыз, саул жасаңыз, салыстырыңыз).

«Бұқар жырау (1668-1791 жж) өлеңдерінде мынандай жолдар бар екен:
Қара қойдың терісін,
Сабындап жусаң ағармас…
Одан кейінірек Шал ақын Құлекеұлы (1748-1818 жж) былай депті:
Сабының сақар болды дені келін,
Көрмедің шыбын құрлы мені келін...» бұл мысалдардан нені байқауға болады?

5. «Жинақтау» сұрағы (Құрастырыңдар, жасаңдар, ойластырыңдар, қарастырып шығындар, сипаттап беріңдер, істеңдер, жоспарландар, жобалаңдар).

Сабынды жуғыш құралдан басқа тағы қалай пайдалануға болады?

6. «Бағалау» сұрағы (Бағалаңыз,салыстырыңыз, кім немесе не дұрыс,неліктен бұл маңызды).

Қай тапсырма саған ұнады? Неге?


ҮІ. «Рефлексия» бойынша тапсырма.

Әркім бүгінгі коучингтан «Не үйрендім?» деген сұраққа өз ойларын ақ парақ бетіне түсіреді.











































М-С.Бабажанов атындағы ЖОББМ














Коучинг

"Оқушылардың сыни ойлауын дамыту"


Шығармашылық топ отырысы












Өткізген: Тлепова Н.Б.- биология пәні мұғалімі















Сайқын ауылы



Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 27 сентября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-553024

Похожие материалы

2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации. Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии.

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

Конкурс "Законы экологии"