Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / КОУЧИНГ ЖӘНЕ ТӘЛІМГЕРЛІК – МҰҒАЛІМДЕРДІҢ КӘСІБИ БІЛІМДЕРІН АРТТЫРУ ТӘСІЛІ.

КОУЧИНГ ЖӘНЕ ТӘЛІМГЕРЛІК – МҰҒАЛІМДЕРДІҢ КӘСІБИ БІЛІМДЕРІН АРТТЫРУ ТӘСІЛІ.

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:




КОУЧИНГ ЖӘНЕ ТӘЛІМГЕРЛІКМҰҒАЛІМДЕРДІҢ КӘСІБИ БІЛІМДЕРІН АРТТЫРУ ТӘСІЛІ

Бүгінгі таңдағы оқыту үрдісі жаңа әдіс-тәсілдерді, жаңаша идеяларды қолдануды талап етеді. Кез келген мектептің мұғалімі өз іс-тәжірибесінде көптеген қиындықтар мен кедергілерді кездестіреді және оларды жеңуге ынталанады. Ол заман көшіне ілесу үшін өз білімін жетілдіріп отыру қажет. Болашақ еліміздің тұтқасы жас ұрпаққа білім беруде әр ұстаздың, әрбір мектептің ең қасиетті міндеті. Осы міндеттерді орындау мақсатында білім беру саласындада елеулі, әрі ауқымды өзгерістер болып жатыр. Мемлекет тарапынан көптеген қаражаттар бөлініп, еліміздің көптеген жерлерінде мұғалімдердің біліктілігін көтеру курстары өткізілуде. Мемлекетіміз білім беру жүйесін әлемдік үздік жүйеге сәйкес деңгейге көтеруді көздеп отыр. 
Біздің мектепте оқыту саласында жетістіктерге жетуде, жаңаша оқыту үлгісін қалыптастыруды оқу, білу, үйрену мақсатында Алматы, Шымкент қаласындағы «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ, Педагогикалық Шеберлік Орталығы Кембридж Университетінің Білім Беру фаультетімен бірлесіп әзірлеген бірінші,екінші, үшінші деңгейлік бағдарламалар аясында Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру курстарынан 32 мұғалім өтіп, сертификатқа ие болды. Барлық сертификатталған мұғалімдерді: «ХХІ ғасырда нені оқыту керек? Мұғалімдер оқушыларды ХХІ ғасырға қалай дайындайды?» деген сауал бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналғаны рас. Ол – сағат сайын қарыштап дамып баражатқан әлемнің талаптарына сай өмір сүрумен өзге елдермен терезесі тең болу туралы ойлану дегенді білдіреді. Осы Кембридж бағдарламасының жеті модульге қарастырылған идеялар, жеке стратегиялар мен әдіс-тәсілдер бойынша берілген теориялық білімді іс-тәжірибеде қолдану арқылы білім беру үдерісіне енгізе отырып, сабақтарды жаңа тұрғыдан түрлендіріп өткізу үшін коучингпен тәлімгерлік тәжірибесін қалыптастыру міндеттемесін мойнымызға алдық. 

Біздің коллективте 93 жоғары білімді мұғалім жұмыс істейді, олардың 1 деңгей курсынан өткен мектеп директор,өзімен бірге – 6 мұғалім, 2 деңгейлік курсынан – 5 мұғалім, 3 деңгейлік курсынан – 22 мұғалім, өтіп сертификатталған. «Оқыту саласының көшбасшылары» атты қоғамдастық құрылған.
Бұл курстан күтілетін нәтиже курстың соңында мұғалімнің әрбір оқушының жеке қажеттіліктерімен байланысты проблемалар және оларды шешу жөнінде басқа мұғалімдерге кеңес беру, кәсіби проблемаларды шешуде біліктілігі төмендеу әріптесіне көмек көрсетуге дайын болуын қамтамасыз ету болып табылады. Деңгейлік курс бағдарламасы екі басым бағытта әзірленген: біріншісі – мұғалімдердің оқыту мен оқудың табыстылығы туралы замануи түсініктерге сай келетін білімді игеруі, ал екіншісі – мұғалімнің құзіреттілігін жетілдіру және өз әріптестерінің кәсіби дамуына ықпал етуі үшін оның коучинг және тәлімгерлік тәжірибесін қалыптастыру сияқты өзара байланысты үдерістерге көңіл бөлу. 
Мұғалімнің кәсіби дамуы үшін тәжірибелік дағдылардың қалыптасуына ерекше көңіл бөлу керек. Кез-келген мұғалім өзінің үздік нәтижесін өз бетімен үнемі ұстап тұра алмайды, осы ретте мұғалімдерге әріптестерімен бірге коучингпен тәлімгерлік арқылы жаңа тәсілдерді пәнге енгізу үшін жұмыс істеулері керек. Тәлімгерліктегі басты ұстаным қызмет емес, қарым-қатынас болып табылады, оның барысында тәлімгер обьективті тыңдаушы және бағыттаушы болады. Осыны негізге ала отырып, екінші деңгей бағдарламасы мұғалімдерге әріптестерімен бірге коучинг және тәлімгерлік арқылы жаңа тәсілдерді пәнге енгізу үшін мүмкіндік беретін дағдыларды ұсынған. 
Коучинг – (ағылш.coaching) сөзбе-сөз аудармасы – тәлімету, дайындау, жаттықтыру деген мағынаны білдіреді. Бұл – әріптестердің құпия, белсенді және жасампаз өзара әрекеттестік үдерісі. Оның барысында қолданыстағы оқыту тәжірибиелерін бірлесіп ойластыру, идеялармен алмасу, оның тарапынан рефлексивтік диалогқа тарту негізінде екінші мұғалім өз жұмысының жекелеген салдарын жетілдіру, оларды тереңірек дамытып, анағұрлым жоғары сапалық деңгейге көтеру және іске асыру жөнінде шешім қабылдау мақсатында кәсіби білімін, игерген дағдыларымен тәжірибесін жетілдіреді. 
Тәлімгерлік - (mentoring) ұзақ уақытқа созылатын, тәлімгер (тәжірибелі, озықпедагог) мен тәлімалушы (тәжірибеазпедагог) арасында сенімді, жеке тұлғаға бағытталған қарым – қатынас құру үдерісі. Ол әріптесінің педагог ретінде қалыптасуы мақсатынды өзінің білімін, ойлауын, тәжірибелік іс-амалдарының тиімділігін жетілдіруде айтарлықтай қарқыналуына көмектеседі. Үдеріс барысында, әріптес өзінің білімімен, тәжірибесімен бөліседі, ал екінші әріптес еңбек жолында айтулы жетістіктерге жету мақсатында өзінің кәсіби дағдыларын дамытып, проблемаларды шешу жолдарын іздейді. 

Бір нәрсеге қол жеткізу үшін, бізге қорек, қолдау және жарық ауадай қажет, бірақ зор жаратылысқа айналуға қабілетіміз біздің болымысымызда қалыптасқан.



Әр дайым біздің мектептің мұғалімдері «менің сыныбыммен жұмыс істеу өте қиын болып бара жатыр» деген шағымдар кездеседі. Ол сыныптармен жұмыс жүргіземіз, сабақтарына енеміз, оқушылармен әнгімелер жүргіземіз. Одан нәтиже шықпаса, онда мұғалімнің өзімен жұмыс жасаймыз.Міне осындай ситуацияларда коучингтің көмегіне жүгінеміз.

Коучтер – бұл белгілі бір мақсатқа немесе дәрежеге жеткен және ары қарай дамып, өзіне және өзгелерге жаңалық ашуға дайын адамдар. Олар өзінің белгілі бір қасиетін өзгерткісі келетін адамдар, мысалы өз жұмысын әлдеқайда тез және жеңіл атқаруға немесе өзінің өмірін өзгертіп, өзіне пайдалы және ұнамды істер жасауға көбірек бос уақыт бөлгісі келетіндер. Яғни, негізінен өз өмірін жақсы жаққа қарай бұру! Өз қызметінде жетістікке жету үшін тәлімгерге үдерісті білу және түсіну қажет, сонымен қатар коучинг өтетін мәнмәтінге сәйкескелетін әр түрлі стильдер, дағдылар мен техникаларды жақсы меңгеруге тиіс. 

Әр аптаның сенбі күні коучинг күні деп белгіленген. Бір коучинг сабағының үлгісін баяндап берейін: -«Оқыту жүйесінде жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану» Бул коучингтің негізгі мақсаты мұғалімдерге жаңа әдіс-тәсілдерді сабақтарда қолдана білуі және тиімділігі мен оларды қалай қолдану керектігін көрсету. Сабақ психологиялық ахуал қалыптастырудан басталды, қатысушыларды бір шеңбердің бойына тұрғызып «Мен үшін мектеп қаншалықты маңызды?» деген сұраққа жауап берді.Келесі кезең топқа бөлу, қатысушылар өздерін жұлдыз сезініп топтарға бөлінді.Сосын 7 модульдің тиімділігі мен оны қалай оқыту жүйесінде қолдануды презентация арқылы түсіндірілді. Түсіндірме жұмыстан кейін «21ғасырдың оқушылары» атты видеобейне көрсетілді. Топпен жұмыс: 1,2- топтарға «Оқушыны оқуға жетелейтін ең маңызды қасиеттиері», 2, 3-топтарға «Оқушылардың білім сапасын арттыратын іс-әрекеттер». Барлық қатысушылар үлкен жауапкершілікпен тапсырмаларды орындады. Музыкалық сергіту сәтінен кейін «21 ғасыр мұғалімі қандай болу керек» видеобейне көрсетілді, мынадай сұрақтар қойылды: осы видеобейнеден кейін қандай ойдасыздар?, Балалардың көзқарасымен келісесіздерме?, Сіздердің ойларыңыз бойынша мұғалім қандай болуы керек? Әр мұғалім өз ойын білдірді, бұл тақырып кәзіргі таңда актуалды екеніне барлығы көз жеткізді.Келесі тапсырма: «Заманауи мұғалімнің моделі» атты постер жасау берілді. Топта талқылап заманауи мұғалімнің қасиеттерін анықтап , постерді қорғап, ауыстырып жұмыстарын «Екі жұлдыз бір тілек» әдісімен бағалады. Бүгінгі коучингті қорытындылай келе бітіруші түлектер жеке тұлға болып қалыптасу үшін сабақтағы сабақ құрылымындағы әдіс-тәсілдердің қажеттілігі маңызды, мұғалімнің қанешалықты заманауи технологияларды меңгергені,оқушылардың болашағына қажетті екендігі. Коучинг мақсатына жетті. Сондықтан оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер балаларға «құрал», өзіне-өзі білім алу үшін қаждет болып табылады.

«Әлемнің өзгеруін қаласаң, сол өзгерудің алғашқысы өзің бол» деп тұжырымдама жасаған Махатма Ганди айтқандай деңгей бағдарламасын оқып сертификатталып келгеннен бері менің өзімде де, қызметімде де өзгерістер бола бастады, бұрынғыдай басшы ғана емес сонымен қатар өзімнің басқа адамдарға да қажет екенімді түсіндім. Адам болмысын үнемі кәсіби жаңарту арқылы өзгертуге болатынын жоспар бойынша жүргізіліп жүрген іс-шараларымнан байқадым. Деңгейлі оқу курсы қандай мұғалімнің болсын белсенділігін оятады екен. Қазіргі таңда мектепте курстан кейін өз ұжымымда әріптестеріме қолдау көрсету мақсатында бес оқу тобы ұйымдастырған. Олар мұғалімдерге 3-/базалық/ деңгейлердің бағдарламасын оқытып жатыр. Топтың жұмыс кабинетімен жұмыс бұрыштары бар. Жұмыс жоспары бойынша жұмыстар жүргізіп отырамыз. Оқу тобындағы мұғалімдерммен апта сайын кездесіп жүргізілген жұмыстарға талдау жасап, келесі жұмыстарға шолу жасаймыз. «Үйрену мен үйрету тек өзара белсенді әрекеттерге негізделген қарым-қатынас арқылы жүзеге асырылады» және «Тек әрекеттесу арқылы ғана үйренуге және үйретуге болады». Коучингке қатысқан мұғалімдерге коучинг үдерісі туралы «Коучтер – тәжірибелі мұғалімдерге ойлау және шығармашылық үдерістерінің көмегімен мектепте жақсы тәлімгер болуға көмектесу үшін өздеріне куратор рөлін қабылдаған адамдар. Соның нәтижесінде оның әріптестері өзінің кәсіби әлеуетін арттыруға арналған идеялар мен және тәсілдермен қамтамасыз етіледі. Коучтер мұғалімдерге өздерінің оқыту тәжірибесін жақсартуға көмектесетін болады» (МАН,81-бет) деген ақпаратпен таныстырып өттік. «Коуч» сөзінеде слайд арқылы түсіндірме жүргізілді. Әңгіме сұхбаттың қызу талқылауға түскені сонша мұғалімдердің көздерінен «тағыда біле түссек» деген ойды оқуға болатыны сөзсіз еді. Мұны бірлесе отырып пікірлескенде олардың қойған сұрақтарынанда анық аңғаруға болады, осы себептен өзімнің курстан алған білімімді айта түссем деген әсерде болдым. Ал мұғалімдермен өткізген коучингтерімізде іс-әрекет мүлде басқаша.Әріптестеріңе курстан алған жаңалықтармен таныстыру, олардың тәжірибесіне өзгерістер енгізу кәсіби шеберлікті қажет етеді. Өйткені, барлығы жоғары білімді, өз саласының мамандары. Олармен жұмыс жасағанда теориялық және әдістемелік жағынан өзіңе сендіре білуің керек. Сол үшін 2 –ші курс деңгейін бітіріп келген мұғалімдерге коучингті өткізуді, бағдарлама идеясын түсіндіруді жүктедік. 
Коучинг сабақтарында оқу топтарымыздағы мұғалімдер орындаған тапсырмалар «мені неге үйретті», «мен оны қай жерде қолдана аламын», «менің кәсіби деңгейімнің өсуіне қандай үлес қосты» деген сұрақтарға жауап бере отырып, өздерінің алған білімдеріне баға бере алуды үйренді. Коучинг сессияларынан кейін кері байланыс ұйымдастырылып, жеті модульды ықпалдастыру аясында құрылған сабақтар өткіздік. Меніңше, бұл оқушы жетістіктері, даму қарқыны және оның қалыптасуымен дамуына септігін тигізетін даму бағыттары бойынша сындарлы кері байланыс болып табылады. Осындай сабақтар топтамасынан кейін мектеп мұғалімдерінің практикасын дамыту мақсатында инновациялық оқу тәжірибелерін зерттеу және бағалау үшін кәсіби әңгіме жүргізіледі. Бұл қызмет бүкіл мектептің мұғалімдерін кәсіби дамытуға, соның негізінде оқушылардың үлгерімін жақсартуға үлкен ықпал етуде. 

Осы өткізген коучинг сабақтан кейін мен бұл сабақтардың мұғалімдерге жағымды әсер туғызатынын байқадым. Олар өздерінің оқуға қатысты проблемалары туралы, сабақтағы сәттіліктерімен қиындықтары туралы ойларымен бөлісіп, бір-бірімен пікірталасқа беріле түсті. Бұл жағдайлар мағанда әртүрлі ой туғызды. Мұғалімдерге өз тәжірибелері туралы ой-пікірлерін бөлісетін, тығырыққа тірелген сәттерінде көмек сұрайтын, жол көрсететін, кәсіби тұрғыдан жетілуіне ықпал ететін орта керек екен деп ойладым. Бұл жердегі әңгіме шағын топтар туралы екенін айтқым келеді. Бұл істі әбден жан-жақты ойланып, асығыстық жасаудың қажеті шамалы екенін ұғамын. Коучинг сабақтардан мұғалімдерге ұнағаны топтық жұмысты ұйымдастыру болды. 
Келесі сабағымда «Ақпараттық- коммуникациялық технологияны / АКТ/ пайдалану арқылы білім сапасын арттыру» тақырыбында өткізген себебім, қазіргі мектептің даму болашағы қоғамның даму үрдісімен үнемі өсіп отыратын ақпарат көлемінің әр түрлі тегімен анықталады. Сондықтан оқушыларға білім беруде жаңа оқыту технологияларын қолдану, инновациялық бағытта жұмыс жасау заман талабына сай талап етілуде. Оқушылардың білім алу деңгейлерін сапалы ету мақсатында қазіргі уақытта ақпараттық технологияны әрбір сабақта қолдану мұғалімдер үшін қажеттілік болып отыр. Коучинг сабағына қатысқан мұғалімдердің барлығы өз сабақтарында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды белгілі бір деңгейде пайдаланып жүрген ұстаздар, өз сабақтарында проекторды, электрондық оқулықтарды, компьютерлік тестті пайдаланып жүр, бірақ мұғалімдердің көпшілігі АКТ-ны пайдаланғанда басқа компьютерді білетін мұғалімдердің көмегіне жүгінеді. Сондықтан маған бұл тақырыпты алу маңызды болып саналды. Тәлімгерлік үдерісін жоспарға сәйкес жүзеге асырылып отырады. Бұл жұмыс мазмұндарын іске асыру өзімнің кәсіби өсуіме және пән мұғалімі ретінде көзқарасымның өзгеруіне үлкен септігін тигізді.

Мұғалімдерге оқып үйренгенімді жеткізе отырып, менде есіме білгенімді қайта түсіремін, жаңашылдыққа ізденіс үстінде жүріп, менде үйренемін. Біліктілігін арттырып, мектепте коучтер бірігіп жұмыс жасап, артына тәлімалушы алып жетекші болса, білім беру саласында үлкен өзгеріс болатындығы сөссіз. Және де сындарлы оқыту жобасын қолдану барысында келешек ұрпақ балалары сыни пікір – көзқарастары жүйелі дамыған, терең ойлай білетін, шығармашылық қабілеттері дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы ретінде қалыптасады деп сенемін. 




Автор
Дата добавления 11.02.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров678
Номер материала ДВ-441384
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх